Белсенді оқыту әдіс - тәсілдерін физика сабақтарында қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚорқытАта атындағыҚызылорда университеті
Жаратылыстану институты
Физика - математика кафедрасы

ТІЛЕУЛЕСОВА КҮНСАЯ БАҚБЕРГЕНҚЫЗЫ

Ғылыми жетекшісі:
Физика және математика
ғылымдарының кандидаты
, қауымдастырылған профессор
Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызы


Қызылорда, 2022ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚорқытАта атындағыҚызылорда университеті
Жаратылыстану институты
Физика - математика кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі__________
_____________2022 жыл

Магистрлік диссертация
ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛДАРЫ

Білім беру бағдарламасы: 7М011512 Физика
(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Магистрант ___________________
(қолы) (инициалдары, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
техника ғылымдарының
докторы ___________________
(қолы) (инициалдары, тегі)
Институт директоры ___________________
(қолы) (инициалдары, тегі)

Кызылорда, 20__ ж
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.
Орта мектепте оқыту сапасын арттырудың теориялық негіздері...
7
1.1
Білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттыру туралы түсінік ... ... ... ...
7
1.2
Білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттырудың қажеттілігі ... ... ... ...
10
1.3
Орта мектепте оқыту сапасын арттыруда физика пәнінің маңызы ... ... .
13
2
Физика пәнін оқыту сапасын арттырудағы заманауи құралдар
19
2.1
Физика пәні сабағында қолданылатын белсенді оқыту әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

19
2.2
Физика пәнін оқытуда АКТ-ны пайдалану және оның тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

38
2.3
Оқыту сапасын арттыруда модельдеу әдісінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

47
2.4
Физика пәнін оқыту сапасын арттыруда халықаралық зерттеулердің (TIMSS, PISA) алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

52
3
3.Орта мектепте физика пәнін оқытуда жүргізілген зерттеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

56
3.1
Белсенді оқыту әдіс - тәсілдерін физика сабақтарында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

56
3.2
TIMSS, PISA халықаралық зерттеулерінің Физикалық ғылымдар бөлімі бойынша тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

61
3.3
Физика сабақтарында физика - техникалық модельдерді жасаудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

68
3.4
Заманауи құралдарды пайдалана отырып сабақ үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

72

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
83

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
84

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл процесс орта мектепте оқыту сапасын арттырумен және білім беру барысында заманауи құралдарды пайдаланумен қатар жүреді. Білім беру жүйесінде заманауи құралдарды пайдалану көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Орта мектептерде физика пәні бойынша білім беру қызметінде оқыту сапасын және оқушылардың шығармашылығын арттыратын әдістемелік нұсқаулық жасап шығару.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
+ Білім беру жүйесіндегі білім сапасын арттырудың теориялық негізін айқындау;
+ Мектепте физиканы оқытудың сапасын арттырудың әртүрлі заманауи құралдарын ұсыну;
+ Физика пәні бойынша оқыту сапасын арттыратын әдістемелік нұсқаулық жасап шығару;

Практикалық маңызы: Орта мектепте физика пәнін оқыту сапасын арттырудың замануи құралдары жинақталған әдістемелек нұсқаулық ұсынылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:
Теориялық:
+ Оқыту сапасын арттыру туралы түсінік қалыптастыру;
+ Оқыту сапасын арттырудың қажеттілігін саралау;
+ Оқыту сапасын арттыруда физика пәнінің маңызын айқындау;

Әдістемелік:
+ Физика сабақтарында қолданылатын белсенді оқыту әдіс - тәсілдерін ұсыну;
+ Физика пәнін оқытуда АКТ-ны пайдалану тиімділігін анықтау;
+ Оқыту сапасын арттыруда физикалық модельдеудің маңызын саралау;
+ Физика пәнін оқыту сапасын арттыруда халықаралық зерттеулердің алатын орнын зерделеу;
+
Зерттеу әдістері:
+ Заманауи құралдарды пайдалана отырып сабақ үлгілерін жасау;
+ TIMSS, PISA халықаралық зерттеулерінің тапсырмаларын ұсыну;
+ Физикалық модельдерді жасаудың әдістемесін талдау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттырудың замануи құралдары жинақталады және орта мектептерде физика сабағы бойынша білім беру қызметінде оқу сапасын және оқушылардың шығармашылығын арттыратын әдістемелік нұсқаулық ұсынылады.
Күтілетін негізгі нәтижелері: Орта мектептерде физика пәнін оқыту сапасын оқу үдерісінде заманауи оқу құралдары пайдаланылса жақсартуға болады.
Диссертация құрылымы: Магистрлік диссертация 87 беттен тұрады, олар: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 61 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
XX- ғасырдың соңындағы қоғамда болған өзгеріс жалпы білім беру жүйесінде де күрделі серпілістер әкелді. Мемлекетіміздің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне шығуы, Қазақстанда осы кезеңге дейінгі қалыптасқан тарихи жағдайларға, жинақталған құндылықтарға және қоғамның түбірімен өзгеруіне байланысты қазіргі уақытта мектепте физикадан білім жүйесінің маңызы артуда.
Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты жаңаша көзқарас алды. Мектеп еліміздің интелектуальды потенциалын арттырып қана қоймай, сонымен қатар ол әрбір оқушыдан еркін, шығармашылықпен ойлайтын, бейімділігін дамытып, келешекте өмірден өз орнынын таба алатын жеке тұлға дайындай алуы қажет болып отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары педагогика саласындағы зерттеулер білім беру мазмұнын гуманизациялауда, оқытудың тәрбиелік ролін көтеруде, оқуға қызығушылығын , шығармашылық қабілетін арттыруда дәлелдемелерге негіздеуге бағытталған. Қазіргі қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам баласына тек білім ғана емес, оны күнделікті өмірде, практикада шығармашылықпен қолдана білуі қажет.
Жаңа білім .үлгісін қалыптастыруда қоғамның дамуының екі мақсатын ескеру қажет: а) өмір сүруге қажетті дүниежүзілік және жалпы ұлттық проблемаларды шешу; б) жоғары технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық жобасын құру. Білім мен оның ғылым секторындағы нәтижесін білім беруде жүйелі қолдануға әкеледі.Осы проблемалардан шығу үшін әр кезеңде ғылыми-техникалық прогрестің негізі болып табылатын физиканың алатын орны ерекше болып табылады. Физика ғылымының жеткен жетістіктері өндірісті механизациялауда, энергетикада, автоматизацияда және жаңа материалдарды жасауда пайдаланылуда. Өндірістің техникалық жағынан қарулануы - кешенді механизацялау мен автоматизациялау, есептеу техникасының енуі жұмысшыдан физика ғылымының негізін біліп, оны политехникалық сипатта қолдануда дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды талап етуде.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде физиканың маңызды орын алуы тек қана ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруына байланысты ғана емес, табиғаттағы басқа да ғылымдардың дамуында алатын орнына да байланысты болып отыр. Осының барлығы жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыларды физика курсы бойынша дайындауда ерекше орын алады.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсәз түсінікті. Сондықтан ғылыми - техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижені пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Оқытудың заманауи құралдары оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы - оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.

1. Орта мектепте білім сапасын арттырудың теориялық негіздері
1.1Білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттыру туралы түсінік

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде білім беру үрдісіне не де әсерін тигізуде. Сондықтан білім үрдісінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, оны жан - жақты зерттеу және әлемдік деңгейге көтеру - басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңгі білім үрдісі - білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты білім беру үрдісінің халықаралық стандартын енгізу - аса маңызды өзекті мәселе. Білім беру үрдісінің негізгі мақсаты - біздің отандық білім беру үрдісінің әлемдік талаптарына сай және бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы дәстүрлі білім беру үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал осы заманғы білім беру үрдісінде оқушы белсенділігіне басымдық берілуі тиіс, яғни мұғалім оқытпайды, оқушының өздігінен білім алуын ұйымдастырады, оқушы өздігінен оқуы керек, яғни оқушысубъектіге айналуы тиіс.
Елбасымыз Н.Назарбаев Бәсеке басы - білім деген. Ендеше ұстаздар қауымы ел болашағы жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасының үкілі үмітін ақтауға барлық күш - қуатын жұмсаған жөн. Болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы - орта мектепте оқыту сапасын арттыру.
Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Осыған орай қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажеттігін көрсетті. Қазіргі таңда алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім жүйесіндегі негізгі ұстанымы сындарлы оқытуға бағытталғаны белгілі. Зерттеулерге қарағанда әр елдің білім беру жүйесін жетілдірудің түрлі жолдары бар екендігі анықталды.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз - мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз - ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.
Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет - ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. [1]
Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман,- деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі, болашағы-білімді, өз бетінше ізденуге қабілетті, алған білімін өмірде қолдана алатын іскер тұлға. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды білімарқылы тәрбиелемесек олардан толыққанды тұлға қалыптаспайды. Сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім, білік дағдыларын меңгерген тұлға қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізін шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Қоғам дамуындағы қолға алынған жұмыстар халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартуға бағытталатыны заңды құбылыс. Әлемдік қоғамдастық қаржы дағдарысын басынан өткізіп жатқан бүгінгі күні де Қазақстан өзінің әлеуметтік басымдықтарға адалдығын таныта білді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылданған әлеуметтік бағдарламалардың орындалатынына кепілдік беріп қана қоймай, дағдарысты еңсеретінімізді, тіпті одан әлдеқайда күшті мемлекет болып шығатынымызды айтуы ертеңгі күнімізге деген сенімді нығайта түсті.
ХХІ ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттыру жолындағы мақсат: пән бойынша ғылыми - әдістемелік зерттеулер жүргізу, оның нәтижесін талдау, ғылыми методикалық жұмыстарды дамытуды оқытудың тиімді әдістерін табу, дамыта оқыту: анализ, синтез, болжау әдістерін сабақ беруде жиі қолдану.
Орта мектепте оқыту сапасын арттырудың басты шарты олар: оқыту теориясының дамытылуы мен практикада орынды қолданылуы, оқыту программасы мен оқулықтардың, оқу құралдарының сапасын қамтамасыз ету, мектептің оқу-материалдық базасын жақсарту, мектептерді қажетті көрнекі және техникалық оқу құралдарымен толық жабдықтау, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, мектеп басшыларының мектепішілік ісін дұрыс ұйымдастыра білуі, ата-аналардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі.
Орта мектептерде оқыту сапасын арттыру бағдарламасының міндеттері болуы тиіс:
басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;
білім сапасын диагностикалау;
оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту;
білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу;
білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру;
білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар қолдану;
ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;[2]
Оқыту сапасын арттыру деген не? Ол үшін не істеу керек? Жалпы алғанда, оқыту сапасын арттыру - бір тұтас жүйе.
Біріншіден, Осы жүйенің әрбір кезеңінде арнайы мақсаты бар нақты істер атқарылуы тиіс;
Екіншіден, алға қойған мақсат пен міндеттерді орындауда кездесетін қиындықтардың алдын-алу үшін арнайы курстардан уақытымен өтіп, мұғалім өзін-өзі дамытып отыруы керек
Үшіншіден, педагог мамандардың кәсіби шеберлігін ұштау мақсатында мектеп ұжымындаға мұғалімнің әрқайсысына дербестік беріліп, жеке бастамаларының дамуына жағдай жасалғаны жөн;
Төртіншіден, сыртқы бақылау (мектеп әкімшілігі, аудандық, облыстық, республикалық әкімшілік тарапынан) және ішкі бақылау (мұғалімдердің, оқушылардың өздеріне сын көзбен қарауы, өзін-өзі бағалауы,өзін-өзі бақылауы) үрдісінің жүйелілігін, бірізділігін жүзеге асырған абзал.
Бесіншіден, сабақтан тыс уақытта өтетін үйірме, айлықтар мен апталықтардың жұмыс жосапрларының сапалы құрылғаны дұрыс;
Алтыншыдан, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмастыру, озық іс-тәжірибенің таратылуы керек.
Осындай бағытта жұмыс жасағанда ғана білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттыруға болады. Неге десеңіз, оқыту сапасының артуы - мұғалімнің және педагогикалық ұжымның идеяларының, оның жұмыс тәсілі мен әдісінің сапалы нәтиже беретін тиімді тәжірибе іспеттес оқу-тәрбие үрдісінде өтетін шығармашылық жұмысының жемісі.
Білім беру жүйесінде орта мектептердң о қыту сапасын арттыруда назар аударатын ең негізгі мәселелеріміз мыналар:
1. Оқушылардың алдына бүгінгі тақырып бойынша меңгеретін негізгі мәселені мақсат етіп қою. Алдағы уақытта не істеу, қалай жасау қажеттігі жөнінде жалпылама бағыт беру.
2. Оқушылар белгіленген бағыт бойынша материалдармен жұмыс істейді. Яғни олар таблицамен, схемамен, графиктік сызбалармен айналысады.
3. Мұғалімнің сұрақтарына сүйене, схема, таблица және тағы басқа материалдар көмегімен өздері бақылап, байқап, жұмыс істеп көргендерінің ішінен ізделінді қасиетті бөліп шығаруға тырысады. Шығарылған есептің шығарылу жолын, оған нақты қандай дайын формулаларды пайдаланды, сол формуланың көмегімен қандай нәтижеге жеткенін пайымдайды.
4. Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындаған жұмыстарын тағы бір рет тексеруден өткізеді: анықтаған қасиеттердің дұрыстығына көз жеткізеді.[3]
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Еліміз егемендік алғалы қоғамдық өмірдің барлық салаларында соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашты. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субьектісі - мұғалім. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі - мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі дайын білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар - тек педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.

1.2 Білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттырудың қажеттілігі

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін көп деңгейлі реформалаудың қазіргі кезеңі білім сапасын көтеруді және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, тиімді қызмет ететін білім беру жүйесінің ұлттық моделін құруға бағытталған. Бүгінгі таңда білім берудің жаңа принциптерінің қалыптасуы мен бекітілу процесі қарқынды жүруде.
Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу процесі жүріп жатыр. Оқушыларға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты - фукнциональды ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады. Оқыту сапасыадамныңәртүрлііс-әрекеттерінд ебілімдіқолданужәнекөпқырлыталдауды меңгерунәтижесіндекөрінеді. [4]
Оқушылардың жалпы және жеке ойлау ерекшеліктерін қалыптастыру мен дамыту арқылы ғана қазіргі дүниенің ғылыми бояуын олардың бойына сіңіруге болады. Ал, ойлау үрдісі ғылыми ұғымдар жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты және керісінше , ұғым дегеніміз-ой.
Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық деңгейде игере алады, яғни шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл үшін оның шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен білім алуға үйрету қажет . Қоршаған ортамен тығыз байланыстағы кез-келген табиғат құбылыстары шығармашылық жұмыстың бастауы бола алады. Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының , шығармашылығының дамуына жағдай жасай білуіміз қажет.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп , олармен бірге үйірме жұмыстарын жиі жүргізіп, оны қызықты етіп өткізу әрбір саналы ұстаздың міндеті.
Сабақ- шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орны болғандықтан , шешуші міндетті жүзеге асыру - ұстаздың шеберлігіне тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін ойлана, жан-жақты даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік те терең білім беруге мүмкіндік береді.Оқушыларға оқу материалын түсінікті әрі қызықты етіп беру үшін сыныпты көз алдыңызға елестетіп, әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндігіне , қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрылымына талдау жасай отырып, алдыңызға мақсат қоясыз. Оқу материалын баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар орындатып, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды жүйелі пайдалану арқылы әсер алуға жетелейсіз.
Оқушыларға сапалы білім беруді жүзеге асыру үшін алдыма төмендегідей шарттарды орындауды қажет.
1. Жалпы мәдениеттік мәні бар ұлттық, аймақтық , жергілікті материалдарды өз сабақтарымда кеңінен пайдалану.
2. Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
3. Оқушылардың физика сабақтарындағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.
4. Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастырып, дамытып отыру.
5. Пәнаралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.
6. Деңгейлік және саралап оқыту жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру. [5]
Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинский Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді-, деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды..
Қазіргі жаңалықтардың көбі - біздің қазақстандық білім беру жүйесі үшін тың дүниелер. Білім берудің мақсатты бағдарларының өзгеруіне орай білім беру жүйесінің басшы және әдістемелік қызмет мамандарына деген талаптар да өзгеруде. Білім берудің жаңа жүйеге көшуі педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаты, мазмұны мен технологиясы мәселелерін қайта қарауды қажет етеді. Әдіскерлердің, педагогтардың жаңа ұғымдағы білім сапасын жобалау және қамтамасыз ету қабілетін анықтайтын кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Құзыретті мұғалімдерді қалыптастыру үшін алдымен басшылар мен әдіскерлердің өздері де белгілі бір құзырлылықтарды меңгеруге ұмтылғаны жөн. Олар қоршаған ортаның талабына сай өздерінің көзқарасын өзгертуі тиіс. Білім мазмұнын жаңартудағы басты мақсат та осыны көздейді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз жолдауларында білім беру жүйесінің алдына оқу процесіндегі сан салалы мәселерді шешу ісіне әр педагогтың тікелей қатынасуы және олардың жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаларды қалыптастыруға дайын болу міндеттерін қойып отыр. Қазақстан Республикасының дамуы және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен жаһандануының кепілі - оқыту сапасын арттыру болып табылады.
Мағжан Жұмабаевтың: Бала еш уақытта іссіз отыра алмайды, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді деген сөзін басты қағида санаймын. Сол себепті әрдайым оқушының ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға тырысамын. Оқушының ізденімпаздық қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденісі артады. Оқушы шығармашылық ізденісін ұйымдастыруды 4-кезеңге бөліп қарауға болады.
Бірінші кезең: Негізгі мақсатын айқындап, ажырата білуі тиіс. Мақсаты: сабақта алған білімін тереңдету; қөзқарасын қалыптастыру
Екінші кезең: Таңдаған тақырыбы, мақсатына сай әдебиеттер жинайды, олардан сұрыптап алуды үйренеді.
Үшінші кезең: Бұл кезеңде оқушылар өз қалауы бойынша реферат, баяндама, буклет т.б жасауды үйренеді. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
Төртінші кезең: Оқушы өзінің шығармашылық жұмысын қорғауға дайындалады.
Оқушыға білімді меңгерту танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық әрекетке құрылғанда ғана талай-талай жетістікке қол жеткізуге болады деп ойлаймын. [6]
Мұғалім оқу мен тәрбие егіз екенін еш уақытта естен шығармағаны жөн, тәрбиенің нәтижесінде ғана сапалы білімге қол жеткізуге болады. Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, - дейді ұлы ғұлама Әл-Фараби. Оқу мен тәрбиені қатар алып жүретін әр мұғалімнің құзіреттілігі біліміне, практикалық іс-тәжірибесіне, жеке басының қасиетіне, оқу-тәрбие үрдісі мен шығармашылықтағы ізгі іс-әрекеттеріне байланысты.
Қазіргі заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып келеді. Түрлі зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар мектеп тәжірибесіне де енгізілген.
Педагогикалық технология бойынша оқушының білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әр түрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек.
Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болатындығын білдім.
Оқыту технологияларын сабақта тиімді қолданған күнде ғана оқыту сапасы артады және оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағынасына, ерекшеліктеріне қарай таңдап, қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. Әрбір оқытушы - жаңалық жаршысы. Ол барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, жастарға білім берумен қатар, оларды халықтың ұлттық дәстүрі үрдісінде адамгершілікке баулу, білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетуіне күш салуды өзінің басты міндеті екенін естен шығармау керек. Сонда оның оқытуы нәтижеге бағытталып, жеке тұлға тәрбиеленеді.[8]
Оқыту сапасы, ең алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл - жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын жаңашыл тұлға болуы керек. Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Осыған орай қазіргі білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында іздену үстінде. Білім беру жүйесіндегі шешуші жолдардың бірі- оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінемін.

1.3 Орта мектепте оқыту сапасын арттыруда физика пәнінің маңызы

Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт- мұғалімде.
Ел боламын десең бесігіңді түзе деп ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов айтқан. Бұл сөзде мәні терең мағына жатыр. Еліңнің ертеңі - жас ұрпақты жақсылап өсір деген сөз. Сондықтан, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті.
Қазіргі таңда білімге, ғылымға деген қызығуы жоғары, интеллектуалды жастар сомдау өзекті мәселе. Оны шешуге орта мектепте пәнді оқытуда ең алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру керек және де білім беруде сабақты күнделікті өмірмен байланыстыра өту тиімді.
Сапалы білім беруде мұғалім міндеті - білім технологиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. Бағдарлама бойынша дифференциалдап оқыту, сабақ барысына прблемалы әдісті қолдана білу, сабақтың әр бойында барлық оқушылардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайталау жұмыстарын шебер ұйымдастыра білу, сабақ барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отыру, олардың белсенді әрекеттерін, әсіресе, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштік қасиетін әрі қарай дамыту - әрбір мұғалімнің биік міндеті.
Оқушылардың білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушылардың жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге баулып, оқушы білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттырады.[5]
Сондықтан біз өз тәжірибемізде оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімділік дағдыларын қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелілік ұстанымын басшылыққа аламыз, білім тексерудің сан алуан түрлерін қолданамыз. Үлкен бір тарау өткенде білімді жүйеге келтіру, есепке алу өрісін жетілдіру - басты мақсатымыз.
Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін төмендегі негізгі ұстанымдарды еске сақтау қажет.
* Оқу тәрбие жұмысын педагогикалық диагностикалық нәтижелеріне байланысты ұйымдастыру әр баланың іс-қабілетін анықтау, сұранысын білу;
* Басты мақсат - балалардың бойындағы дарындылықты дамыту, шеберлігін арттыру, жеке шығармашылығын қалыптастыру;
* Оқытудың мазмұны мен жетістігіне ғылыми талдау жасау.
* Педагогикалық ізденіс барысында баланың ойлау жүйесінің дамуына болжау жасау, білім берудің өзгеше әдіс-тәсілдерін енгізу.
* Оқушылардың жеке шығармашылығын дамыту үшін ұстаз өз шығармашылығын көтеру, іздену керек.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі- жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсарту болып табылады.
Физика сабағында оқыту сапасын пәнаралық байланыс арқылы және қоршаған ортада жиі кездесетін құбылыстар арқылы жүзеге асыру - оқыту технологиясындағы қажетті тәсілдердің бірі. Мысалы, Дыбыс толқындары тақырыбын өткенде музыкаға әуес оқушыларға мынадай құбылыстарды түсініп барып , осы тақырып бойынша есептер шығару өте қызықты болатындығы анық. Физикада дыбыс тонының биіктігі тербеліс жиілігімен сипатталады. Секундына 1000-1200 тербелістерді қобыз, скрипка, орган, жетіген, рояль шығара алады. Әйел дауыстары одан да биік. Бұндай дауысқа халық әншісі Бибігүл Төлегенова апамыздың дауысы жатады. Дыбыс секундына -2018 тербеліс жасайды.Осындай мағлұматты бергеннен кейін оқушыларға есепті шығартқан дұрыс болады. Мәселен, рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын табыңдар.
Есептерді шығару барысында үлгерімі төмен оқушыға есептің мазмұны жақсы түсінікті есептерді беру арқылы оның ынтасын арттыруға болады. Мәселен , Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі тақырыбын түсіндіру барысында Тас құдық түбіне 4с-те құлап түсті. Құдықтың тереңдігі қандай екен ? -деген сияқты сұраққа жауап іздеу арқылы есепті шығаруға болады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта , үйірме сабақтарында немесе үйге тапсырма ретінде оларға физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыру олардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсетіні анық. Бұл оқушылардың сөздік қорын молайтуға , өз бетімен дербес жұмыс істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді.
Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың білімін Шығайбай ертегісін , осы ертегіге байланысты суреттерді пайдалана отырып толықтыруға болады. Алдаркөсе қандай айла-тәсілмен байдың тонын алып қалды? - деген сұрақты қоя отырып , оның физикалық тұрғыдан түсіндіре кету керек. Алдаркөсенің ішкі энергия есебінен терлеп-тепшіп тұрғандығын , неліктен байдың тонын киіп алды?-деген сұрақ қою арқылы әр түрлі заттардың жылу өткізгіштігі тақырыбы бойынша , түлкі ішік , түлкі тымақ жүндерінің арасында ауа болатындығын , ал ауаның жылуды нашар өткізетіндігі айтылады.
Физика сабағын оқушының қызығушылығын арттырып , түрлендіре жүргізсе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ең басты мақсат- оқушының сабақта үндемей отырмауын қадағалап, сабақты баяу қабылдайтын, түсінбейтін балалардан жиі сұрап, көбірек қозғап отыру керек.
Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану- тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып , ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап , қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.
Оқушылардың физика сабағында пәнге ынтасын арттыруда, белсенділіктерін дамытуда пайдаланып жүрген ойын түрлерін келтіре кетсек.
Қазақтың Қыз қуу ойыны салт-дәстүріміздің бір түрі. Осы ойын шартын оқушыларға айта кетіп, сабағымызда оны қандай түрде орындайтынымызды түсіндіреміз. Тақтаға бір ұл, бір қыз шығып , тарау бойынша формулаларды тездетіп жазып шығады. Егер ұл бала формулаларды бұрын жазып бітсе , қызды қуып жеткен болып есептеледі , ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.
Арқан тарту ойынында бір топтың ғана жеңіске жететіндігін Ньютонның үшінші заңына байланысты деп түсіндіре кетуге болады.
Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген балаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының барлығы жақсы таныс. Осы ойын түрін білген оқушы мына бір есептің мазмұнын жақсы түсініп , есеп шығару барысында қиыншылық көрмейтіні анық.Массасы 20 г асық 0,5 мс жылдамдықпен қозғала отырып, массасы 9г тыныш тұрған асыққа соқтығысады. Соқтығысқаннан кейін бірінші асықтың жылдамдығы 0,2 мс - қа өзгереді. Екінші асық қандай жылдамдықпен қозғалысқа келеді? [8]
Көрнекті неміс педагогі Адольф Дистервег 19-ғасырдың өзінде - ақ: Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы. Ол нашар мұғалім шындықты (білімді) өзі айтып, хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім шәкірттерді оны табуға үйретеді деп есептеді. Сондықтан мұғалім бүкіл сабақ барысында, оның әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыра, белсендіре отырып, олардың көпшілігінің енжар қалмауын талап етіп, -ұстаз оқыту мазмұнының нәтижесі болуын-шәкіттердің білім сапасының жоғары болуын-олардың өз іс- әрекетерінің сипатына (енжар немесе белсенді) тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа алуында. Оқушылар белсенділігін арттыру немесе олардың сапалы білім алуын ұйымдастыру үшін сабақ негізгі мынындай кезеңдерден тұрады:
1. Мақсат қою кезеңі (нақты міндеттерді айқын сезіну)
2. Іс-әрекетті жүзеге асыруды жоспарлау, ең тиімді әдіс тәсілдерді таңдап алу.
3. Іс-әрекетті жүзеге асыру, оны орындау кезеңі. Бұл кезең әрекетті бақылау және қажет болған жағдайда оны қайта дұрыс құру арқылы жүзеге асырады.
4. Нәтижені тексеру, орын алған қателерді түзету, алынған нәтижені жоспарланған іс-әрекет моделімен салыстыру, жұмыс нәтижесін қорытындылау, баға беру кезеңі. Оқушының оқып үйренуі, олардың сабақ үстіндегі танымдық іс-әрекеті нәтижелі болу үшін:олардың сабаққа ынта - ықыласын аударып, сабақтың мазмұнына қызығатындай етіп ұйымдастыра білуі керек.
Оқыту үрдісінде балаларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекетінің мақсатқа жеткізетіндей әдіс-тәсілдерімен қаруландыру қажет. Оқушылар танымдық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерін меңгергенде ғана құбылыстың мәнін анықтау жолында, өздігінен білім сапасын арттыру мақсатында белсенді де, батыл әрекет ете алады.
Ойлау әрекетін осы ретпен қалыптастыру барысында материалды игеруге оқушылардың мақсаты, қабылдауы, елестетуі, ұғынуы, есте сақтауы барлық психикалық әрекеттері түгел қатысады. Сондықтан сабақты меңгеру нәтижесі білім беріктігін қамтамасыз етеді.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда тағы бір ескеретін жайт оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Ол үшін әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндіктерін, қабілеттері мен білімдеріне сүйене отырып, сабақтың өту құрылымына талдау жасап, білімнің тиянақты түрде оқушыға түсінікті болуын, нақты дәрежеде игерілуін қадағалау қажет. Өтілген материалды үнемі жиі қайталап отыру, деңгейлік сұрақтарды қою игерілген білімнің терең және тиянақты болу мүмкіндігін ұлғайтады. Пәнге деген қызығушылықты дамыту үшін дидактикалық ойындарды пайдаланып оқушының логикалық ойлауын, өз бетімен жұмыс істеуін жандандыру қажеттігі шығады. [9]
Оқушының біліміндегі олқылықты анықтау үшін тестік бақылау жұмысының орны ерекше. Ол біріншіден оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттерін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық белсенділігін арттырады, егер мұғалім дұрыс бағыт бере білсе. Сабақта тек материалды игеріп қана қоймай, игерілетін материал төңіреңінде төңірегінде проблемалар туғызып, оқушының тереңірек ойлануына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу керек.
Есептерді шешуді үйрету үшін олардың түрлерін, қалай құрылғанын, қандай құрамдас бөліктерден тұратынын анықтаған жөн. Қандай да болмасын есепті шешуге кіріскенде оны мұқият талдап, талаптарын шарттарын анықтау қажет, яғни анализ жасау керек. Бірақ қайсібір оқушылар есепті шешуге біршама машықтанып қалады да, сол жолмен шешуге дағдыланады, яғни басқа жолмен шешуге талаптанбайды. Оларды есептерді шешу жолы басқаша да құруға болатынын проблемалық сұрақтар қою арқылы жетелеп, ой салдырып, өз беттерімен ізденіп, шешу жолдарына зер салып, оларды шешудің тәсілдерімен әдісі ерекшеліктерін түсінуге бағыттау керек. Осы бағытта жұмыс істеу үшін оқушының бойына алдымен оның ынтасын, шыдамдылығын, қажырлығын және білімділігін қалыптастыру керек. Содан кейін есептерді шешудің негізгі кезеңдерін ұқтыру керек.
1. Есепті талдау, яғни оның түрін, шартын анықтау.
2. Схемалық жазылуы, яғни өрнектеу, сызбасын даярлау, шартын құру.
3. Шешудің тәсілдерін іздестіру, теңдеу құру, талдау.
4. Шешуді орындау.
5. Шешімнің дұрыстығын тексеру (жазбаша, ауызша).
6. Неше шешім болатынын, қандай шарттың орындалатынын, шешімі болмайтынын зерттеу.
7. Жауабын дәл әрі дұрыс тұжырымдау.
8. Есептің шешімін талдап, басқа да тиімді жолдарын қарастыру. [12]
Қазіргі дамыған ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық қатынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, кооператив пен шағын кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлік пен жеке меншіктің түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттілігі болашақ кадрлар жаңалыққа жылдам бақылаушылық ептілігі мен стандартты емес ойлау бейімділігі жетілген тапқырлық пен сезімталдықты, шеберлік пен іскерлік қасиеттерді талап етеді. Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор іс ті мектептен бастап, бәсекеге сай қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін, жастарға конструкторлық және өнертапқыштық, шығармашылық негіздерін үйретуіміз керек. Осындай нәтижеге қол жеткізуіміз үшін, физика сабақтарының мол мүмкіндіктерін пайдалануымыз керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда оларға эксперименттік есептер, шығармашылық тапсырмалар, зерттеушілік зертханалық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызықты үй тапсырмаларын орындаттыру керек.
Физика ғылымы табиғатта болатын құбылыстарды, олардың заңдылығын зерттеумен айналысады. Физика -- техника негізі. Физика -- эксперименталды ғылым. Адамзаттың осы заңдылықтарды ашудағы ғылыми жетістіктері адам баласы үшін күнделікті тұрмыс тіршілігіне қажетті қарапайым еңбек құралдарынан бастап түрлі деңгейдегі техникалық құралдар мен қондырғылар жасауы адамның құдіреттілігін көрсетеді. Бүгінгі таңдағы жан -- жақты саладағы жаңа заманауи техникалардың атап айтсақ ауыл шаруашылық машиналары, су асты мен үсті, әуе техникалары, нанотехнология т, б білім мен ғылымның дамуының айқын себептері. Осындай құралдар мен есептеулердің нәтижесінде адам баласы бізді қоршаған орта - табиғат туралы біршама жаңалықтарды ашты, әлі де табиғаттың ашылмаған қыр -- сырларын ашуда

2. Физика пәнін оқыту сапасын арттырудағы заманауи құралдар
2.1 Физика пәні сабағында қолданылатын белсенді оқыту әдіс - тәсілдері

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - белсенді оқыту әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Оқушылар қандайда болмасын оқу тапсырасын (ойлану, іздену, оқу, жазу, сызу. Сұрақ қою, жауап беру, талқылау, пікірлесі т.б.) орындағанда, олардың әрекеттерін белсенді оқыту әдіс тәсілдерін қолдану арқылы ұйымдастырған жөн. Егер де оқушыларға тыңдаңыздар! деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Молекулалык физика пәні
Оқу процсеінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Оқыту әдістерінің классификациясы
Физика сабағын оқытудағы интербелсенді әдістер
Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Пәндер