Жаңартылған білім беру бағдарламасының молекулалық физика бойынша жаңа әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6-9

I. Орта және арнаулы оқу орындарында физиканы жаңартылған білім беру

бағдарламасымен оқытудың теориялық негіздері

1. 1 Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны . . . 10-15
1. 1 Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны . . . 10-15: 1. 2 Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқыту туралы түсінік. . 16-22
1. 1 Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны . . . 10-15: 1. 3 Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқыту ерекшеліктері . . . 23-27

II. Молекулалық физика курсын жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқыту ерекшеліктері

2. 1 Орта мектептегі физика курсындағы «молекулалық физика» бөлімінің мәні мен алатын орны . . . 28-30

2. 2 Жалпы білім беретін орта мектепте молекулалық физика курсын оқыту

әдістемесі . . . 31-38

2. 3 Арнаулы оқу орындарындағы молекулалық физика курсының әдістемесі . . . 39-62

III. Жаңартылған білім беру бағдарламасының молекулалық физика бойынша жаңа әдістемесі

3. 1 Молекулалық физиканың жаңартылған бағдарламаға сай білім алушылардың таным деңгейіне бағытталған әдістемелік нұсқаулықтар дайындау . . . 63-75

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ . . . 77-79

ҚОСЫМША . . .

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:

- ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.

- ҚР «Қазақстан-2050» стратегиясы.

- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың

2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

- Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050:

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17. 01. 2014 ж.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылады

Дескриптор - оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындалған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.

Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі

Қалыптастырушы бағалау - оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады

Жиынтық бағалау - бұл оқу процесінің нәтижелері аяқталғаннан кейін зерттелетін процесс.

Индуктивті әдіс - тұжырым жасау үшін неғұрлым нақтыдан басталып, кең жалпылау мен теорияларға баратын ойлау формасы.

Дедуктивті әдіс - бұл белгілі бір қорытындыға келу үшін жалпылардан басталатын ойлау түрі.

Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.

Демонстрация - бір нәрсені көпшілік алдында жариялы түрде көрсету

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АКТ - ақпаратты компьютерлік технология

ҰМЖ - бір жылға ұсынған тақырыптық жоспар

ОМЖ - белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау (әр тоқсанға жазылған оқу жоспары, оқу мақсаттары, іс-әрекеттер)

ҚМЖ - мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы ( сабақ жоспары)

МКТ - молекулалық - кинетикалық теория

ҚР - Қазақсатан Республикасы

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістігіне жетуде жаңартылған бағдарламаның орны ерекше. Молекулалық физиканы жаңартылған бағдарламаға сай жүргізу оң нәтижеге қол жеткізеді. Білім алушылардың қабылдау деңгейіне сай әдістемелік нұсқаулықтар жасалынады.

Молекулалық физиканы жаңартылған бағдарламаға негіздеп оқыту орта және арнаулы оқу орындарында оқушылар мен студенттердің қызығушылығын, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын, топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай білуін,

тұлға аралық қарым-қатынасты арттырады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Орта және арнаулы оқу орындарында молекулалық физика курсын оқытуда білім мазмұнының жаңартылған бағдарламаларын қолданумен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі нұсқаулықтарды қолданудың тиімділігін арттыру

Негізгі міндеттері:

  • Білім беру жүйесінде молекулалық физика курсы ерекшеліктерінің мазмұнын талдау;
  • Орта және арнаулы оқу орны білім алушыларының таным деңгейіне бағытталған әдістемелік нұсқаулықтар дайындау;
  • Молекулалық физика курсын оқытуда жаңартылған білім беру мазмұнына сай әдіс-тәсілдер мен әртүрлі нұсқаулықтарды ұсыну;

Практикалық маңызы: Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмысты молекулалық физика курсында жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдану

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Теориялық:

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасының теориялық негіздері туралы түсінік қалыптастыру;
  • Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнын саралау;
  • Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқыту ерекшеліктерінің маңызын айқындау;

Әдістемелік:

  • Орта және арнаулы оқу орындарындағы молекулалық физика курсының әдістемесінің негізін ұсыну;
  • Орта және арнаулы оқу орындарындағы молекулалық физика курсының әдістемесін жасау;
  • Білім беру саласында молекулалық физика курсының жаңартылған білім беру бағдарламасына сай әдістемесін талдау;

Зерттеу әдістері:

  • Теориялық:әдеби материалдарға, нормативтік актілерге, оқулықтар мен әдістемелік құралдарға салыстырмалы талдау жасау.
  • Эмпирикалық:педагогикалық бақылау, анықтау, іздеу, оқыту эксперименті, жеке оқыту.
  • Әлеуметтік:Ұстаздармен, оқушылармен сұхбаттасу, анкета алу және олардың статистикалық нәтижелерін саралау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жаңартылған білім бағдарламасына сай орта және арнаулы оқу орындары білім алушыларының таным деңгейіне бағытталған әдістемелік нұсқаулықтар дайындалады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға енгізу:

Зерттеу нәтижелері магистранттың 3 еңбегінде көрініс тапты:

Мақала тақырыптары :

- Республика аймағында өткен халықаралық дәрежедегі ғылыми-практикалық конференциялар

1) Өтілген орны мен конференция тақырыбы: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Тұрақты даму үшін үздіксіз экологиялық білім беру білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды бағыты ретінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

16-17 қазан, Нұрсұлтан 2020г.

Мақала тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұны мектептегі экологиялық мониторингті дамыту құралы ретінде»

Баяндама жасаушы: Т. М. Қарабала

2) Өтілген орны мен конференция тақырыбы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Жаңартылған білім беру бағларламасына негізделіп мектеп пен жоғары оқу орындарында математика және физика пәнін оқытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы. Алматы, 25-26 қараша 2021ж.

Мақала тақырыбы: « Жаңартылған орта білім беру мазмұны жағдайында физиканы оқытудың маңызы»

Баяндама жасаушы: Т. М. Қарабала

- Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал:

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының (КДИ) тоқсан сайын жарық көретін республикалық ғылыми - әдістемелік журналы.

1) Тақырыбы: «Жаңартылған орта білім беру мазмұны жағдайында физиканы оқытудың заманауи әдістерін қолдану» Қызылорда, 2022

Зерттеу базасы:

Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдан тұрады.

XXI ғасырдағы алдыңғы қатардағы, дамыған ел дегенiмiз - білімді, белсенді, денсаулығы мықты азаматтар. Дамыған елдердің барлығында бірегей, сапалы білім беру жүйесі бар. Біздің елімізде ұлттық білім берудің барлық сатысының сапасын жақсарту жолында оқу әдістемелерінің заманауи бағдарламаларын ұсыну өте маңызды.

Республикамыздың «Білім» беру заңына сәйкес, «Әр баланың жеке қабілетіне қарай дамуы, баланың қабілетін, дарындылығын дамыту» сияқты маңызды мәселелер енгізіліп отыр. Өйткені өндірісті, техниканы және ғылымды әлемдік деңгейде дамыту үшін жоғары білімді мамандар қажет. Қазіргі кезде, көптеген елдердегі саралап оқыту қағидасының негізінде, балалардың қабілеттерін жоғары деңгейде бағалап білім беру жалғасуда. Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қоюда. Осы сұраныстарға сай оқытудың әртүрлі технологиялары өңделіп, мектептің оқу үрдісіне енгізілуде. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды кәсіби шыңдауға және қалыптастыруға арналған тиісті жағдайларды жасау, білім беруді ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».

Бүгінгі күні барлық елдер сапалы білім жүйесімен жұмыс жасауда. Өйткені елдің бәсекеге қабілеттілігі сол елдің халқының парасаттылығымен көрінеді. Сондықтан Қазақстан заман талабына сай дамуы қажет. Мысалы, М. М. Жанпейісованың оқытудың модульді технологясы, В. К. Долгенконың ұжымдық оқыту әдісі, академик В. И. Монасовтың технологиясы оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін түгелдей жаңаландырып, өздігінен ізденулеріне, жаңаша білім алуларына, дарындылық пен талапқа жол ашты десек те болады. Осылайша, оқытушы озық технологияларды педагогикалық ізденіспен қолдана білуі керек. Әрбір сабақты жүргізу кезінде, оны шынайы өмірмен салыстыра өткізу, болашақта таңдаған мамандықтарының дұрыстығына және функционалдық сауаттылықтарына әсер етеді. Бұл диссертациялық жұмысымда заман талабына сай білім алушыларға ақпаратты сапалы, тиянақты, түсінікті жеткізуде қолданылатын ерекше әдіс-тәсілдер мен молекулалық физика тарауын оқытуда осы әдіс-тәсілдерді пайдаланып нәтиже жету негізгі мақсат болып саналады.

I. Орта және арнаулы оқу орындарында жаңартылған білім беру бағдарламасының теориялық негіздері
I. Орта және арнаулы оқу орындарында жаңартылған білім беру бағдарламасының теориялық негіздері: 1. 1 Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны
:

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Білім беру мазмұны жаңартылды, жаңа көзқарас пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдердің алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оларды тиімді пайдалана білу міндеті тұр. Еліміздің оқу-тәрбие үрдісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақ сұранысына сай жаңа бағдарлама. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Расында, ұстазға шәкірт тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әрбір оқушыға білім мен тәрбиеге байланысты мәселелерді өз бетінше шығармашылықпен шеше алатын жаңашыл мұғалім қажет.

Оқушылардың тек мектепте ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның біліктілігіне байланысты екенін терең түсінеміз. Мұғалім оқушыларға кез келген пәнді оқытатын тұлға ғана емес, сонымен қатар олардың жұмысын қызықты, тиімді ұйымдастыра білетін, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Қазіргі заман мұғалімдерден әрбір жағдайда бірегей білім деңгейін көрсетуді және оқушылармен күнделікті қарым-қатынаста шығармашылық шешім қабылдауды талап етеді. Оған сәйкес болу үшін заманауи мұғалім жаңашыл, икемді, тез өзгеретін, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгеруі қажет. Соңғы жылдары педагогикалық теория мен оқу-тәрбие процесінде елеулі өзгерістер болды. Білім берудегі модернизация мен инновациялық үдерістердің жалғасуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі - мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Дегенмен, «кәсіби шебер» ұғымы тек пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психологиялық-педагогикалық білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің жеке потенциалы мен кәсіби құндылықтарын қамтиды. Білім мазмұнының өзекті болуы мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеттегі кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», -деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспары мына 3 түрде жүзеге асады:

  1. Ұзақ мерзімді (ҰМЖ)
  2. Орта мерзімді (ОМЖ)
  3. Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)

Ұзақ мерзімді жоспар - бір жылға ұсынған тақырыптық жоспар. Орта мерзімді жоспар - белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау (әр тоқсанға жазылған оқу жоспары, оқу мақсаттары, іс-әрекеттер) . Қысқа мерзімді жоспар - мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы ( сабақ жоспары) .

Дескрипторлар мен бағалау критерийлерін құру

Тапсырмалар құрастыру үшін мұғалімге:

  • оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқыту

мақсаттарына талдау жасау;

  • оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау

критерийлерін құрастыру;

  • тапсырма құрастыру кезінде бағалау критерийлерін ойлау

дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

  • бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес

тапсырмалар кұрастыру;

  • тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайын

дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Сурет 1

Қалыптастырушы бағалау - оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оку үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

Қалыптастырушы бағалаудың (ҚБ) ерекшеліктері:

  • қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды;
  • ҚБ тоқсандық бағаға әсер етпейді;
  • оқушылардың мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
  • әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)

  • БЖБ саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады
  • БЖБ өткізу ұзақтығы 15-20 минуттан артық болмағаны ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу - шартты болып келеді, бұл - сабақтын бір бөлігін қамтитын, шағын тапсырмалардан тұратын бағалау жұмыстарын қолдану қажет екендігін көрсетеді.
  • БЖБ-ды қандай түрде (бақылау, практикалық, шыгармашылық жұмыс, проект, ауызша сұрау, эссе және т. б. ) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды
  • БЖБ тапсырмаларын кұрастыру кезінде тек өтілген материалдарды гана қамту керек
  • БЖБ үшін тапсырмалар дескрипторларды мұгалім өз кұрастырады (әдістемелік нүсқаулықта тапсырмаларды қолдануга рүқсат етіледі)
  • БЖБ-да максималды балды дескрипторларды ескере мұғалімнің өзі анықтайды
  • БЖБ өткізу тоқсан аяқталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын жоспарланады
  • Мұғалімге кез келген қолжетімді және оңтайлы формада (электрондық күнделік аркылы ақпараттандыру қарастырылуда) БЖБ нәтижелері туралы оқушыны, ата-ананы ақпараттандыру қажет.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ)

  • Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады
  • Тоқсандық жнынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т. б. )
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
  • Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды
  • Егер оқушы тоқсандық жнынтық бағалауга белгілі себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және баска да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), бойынша орындай алмаған тоқсандық жнынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс, жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады. Тоқсандық жнынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

  • тоқсандық жиынтық бағалаудын мақсаты;
  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;
  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;
  • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарга болу;
  • тоқсандық жнынтық багалауды өткізу ережесі;
  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;
  • тоқсандық жиынтық бағалау сипаттамасы;
  • тоқсандық жиынтық бағалау үлгілері;
  • тапсырмалардың балл қою кестелері

Әрбір мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жнынтық бағалау тапсырмаларын кұрастыру спецификацияга сәйкес бір параллельдегі барлық сынынтарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.

Мысалы, 8 сынып оқушысының II тоқсандық бағасын есептеу үлгісі:

Жалпы БЖБ саны - 3. «Молекулалық-кинетикалық теория негіздері» бөлімі бойынша

Бөлім бойынша ЖБ

Бөлім бойынша

ЖБ

Бөлім бойынша

ЖБ

Бөлім бойынша ЖБ: 15%
Бөлім бойыншаЖБ: 15%
Бөлім бойыншаЖБ: 20%
Бөлім бойынша ЖБ:

50%

Кесте 1

1- бөлім бойынша ЖБ
2 - бөлім бойынша ЖБ
3 - бөлім бойынша ЖБ

Тоқсандық

ЖБ

1- бөлім бойынша ЖБ: Балл
2 - бөлім бойынша ЖБ:

Макс.

балл

3 - бөлім бойынша ЖБ: Балл
ТоқсандықЖБ:

Макс.

Балл

Балл

Макс.

балл

Балл

Макс.

Балл

1- бөлім бойынша ЖБ:

11

2 - бөлім бойынша ЖБ:

14

3 - бөлім бойынша ЖБ:

15

ТоқсандықЖБ:

19

10

16

21

30

1- бөлім бойынша ЖБ: 15%
2 - бөлім бойынша ЖБ: 15%
3 - бөлім бойынша ЖБ: 20%
ТоқсандықЖБ: 50%

Кесте 2

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс -тәсілдермен оқытып,

ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.

Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, жаңа тақырыпты өздігімен ізденуіне, шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталады. Білім алушы өзінің оқу ордасынан алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Термодинамика тарауын оқыту әдістемесі
Атмосфералық қысымды өлшеу
Физика пәні бойынша оқытуды жоспарлаудың мүмкіндіктері
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7 сыныпта физика пәнін оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, әдістeмесін әзірлеу
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Азот және Фосфор элементтерін және олардың қосылыстарын жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі
Нанотехнология негіздері факультативті курсын әзірлеу
Химияны оқытуда стехиометриялық есептеулерді шығару дағдыларын қалыптастыру әдістемесі және оның тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz