Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары»
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 5
АНЫҚТАМАЛАР . . . 6
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР . . . 7
КІРІСПЕ . . . 8
1МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕККЕ
БЕЙІМДЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 12
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекетінің
педагогикалық мәні . . . 12
1. 2 Қазақ халқының еңбекке баулу дәстүрінің тарихи маңызы . . . 24
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН
БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 33
2. 1«Шығармашылық» білім беру саласы негізінде еңбекке баулу мүмкіндіктері . . . 33
2. 2 Еңбекке баулуда жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 66
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Егеменді Қазақ Республикасының өркениетті ел болуға бағытталып, нарықтық қатынасқа көшу кезеңіндегі экономикасының жедел дамуы, оны жоғары еңбек ресурстарымен қамтамасыз етпей, олардың бойында жастарынан дүниетанымдылық, құзырлылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік және азаматтық сияқты құнды қасиеттерді қалыптастырмай және бүгінгі әлеуметтік өзгермелі нарықтық өмір талабына сай еңбек қабілеттерді дамытпай жүзеге асыруы мүмкін емес. Бұл маңызды міндеттерді негізгі іске асырушы факторлар-мектеп және әлеуметтік орта болуға тиіс.
Балаларды міндетті мектепалды даярлау тұжырымдамасында бүкіл тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерін қайта қарастырып, оны түбегейлі қайта жақсартуды талап етуде. Өркениеттік демократиялық қоғамның обьективтік қажеттілігінен туындайтын қазіргі өндірістің, ғылыми-техникалық прогрестің одан әрі дамуы, нарықтық экономика жағдайында жеке адамның еңбек үрдісіндегі орны, еңбек тәрбиесін жетілдіруде маңызды мәселелердің біріне айналдырып отыр. Бұл мектепке дейінгі балаларды еңбекке дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру қажеттігін туындатты.
Өзекті мәселелері: өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүру бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қазіргі кезеңде біздің елімізде еңбек тек ересек адамдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткені белгілі. Бұл баланың санасында еңбекке деген немқұрайлылық көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін байқатуда. Дегенмен, мектепке дейінгі бала еңбектене алама деген сұрақ кез-келген ата-ананы, тәрбиешіні мазалайды. Мұның себебі бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың өзекті мәселелері баспа беттерінде өте сирек кездесетіндігінен де болар. Бірақ аталған тенденция тек зерттелуді қажет етумен қатар, дер кезінде мән бермеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына қауіп төндіреді.
Еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін жасаған, өзекті мәселелерін зерттеген А. С. Макаренко, Е. И. Тихеева, А. П. Усова т. б. еңбектерінде балаларды ерте жастан шамасы келетін еңбектің ең қарапайым - түрлеріне баулудың қажеттілігі, еңбектің тәрбие құралы ретіндегі маңызы жоғары бағаланып талданған. Ойшылдардың тұжырымды ой-пікірлері біздің зерттеуіміздің негізі бола алады, мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу мәселесін зерттеген ғалымдардың ішінде Р. С. Буре, Т. А. Маркова, В. Г. Нечаева және т. б. ғылыми еңбектерін атап өтуге болады. Олардың балаларды еңбекке баулуда ұсынған әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру жолдары туралы таңдаған пікірлері, ой-толғамдары зерттеулерге өзек болады.
Балалардың әр түрлі еңбек үрдісінде іскерліктерін дамытып, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне көп мән берген жаңашыл ұстаздар мен ғалымдар - И. П. Волков, Е. П. Герасимчук, Г. Кубраков, Петровская, В. Ф. Шаталов, сонымен қатар біздің республикамызда - Г. А. Усманов, Г. Т. Хайруллин, К. Бозжанова, К. М. Жүкібаев, Ж. И. Намазбаева, Е. Сағындықов, т. б. жатады.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан үйлесімді дамуына еңбек шешуші роль атқарады. Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбек дағдыларына тәрбиелеу көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптерімен ұштасып жатыр.
Еңбек дағдыларын қалыптастыру тәрбиесінің мақсаты балаларды қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастыру. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
Балалардың еңбек дағдыларын психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау- бұл қоғам үшін балалардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, еркімен ынталанып орындауға үйрету;
Ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыруда балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашылады. Еңбекте достық, жолдастық, өзара көмек және жауапершілік нығаяды.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарытудың негізгі көрсеткішітері: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Балалардың ынтасын, қабілетін дамытуға халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді электрониканы қолданудағы сауаттылық жатады.
Еңбектің тәрбиелік құндылығы баланың шығармашылық ой-өрісінің, ынтасының, қабілетінің дамуына мүмкіндік жасаумен анықталады.
Адамның жан-жақты үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Жеке адам еңбексіз дамымайды, ол біртіндеп кері кетеді, азаяды.
Еңбек арқылы адамның дене, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі. Қоғамдық еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне жариялылық, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек үрдісін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.
Мектепке дейінгі балалардың еңбектегі мүмкіндіктерін, мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формалары туралы ғалымдар Е. И. Радина, И. Лаунер, Г. Н. Година, Д. В. Сергеева, Р. С. Буре, А. Д. Дзинтере зерттеген болса, елімізде Ы. Алтынсарин, А. К. Меңжанова, Р. С. Аралбаева, Г. Меңлібекова, Ф. Н. Жұмабекова, С. Н. Жиенбаеваның еңбектері жариялануда. Аталған зерттеушілердің ой-пікірлерін басшылыққа ала отырып, 5-6 жастағы балалардың еңбегінің айырмашылығы тұжырымдалды. Бірінші айырмашылығы баланың еңбегінің қоғамдық материалдық құндылығы болмайды. Бұл балалардың еңбек нәтижесі ешкімге керек емес деген сөз емес, өзге адамдар үшін қоғамдық мәні бар. Еңбек баланы тәрбиелеу құралы, еңбекке қажеттілігін қанағаттандырып, өзінің мүмкіндігін таниды, ересекпен араласа бастайды.
Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі кезең болғандықтан, бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістермен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың міндеті - сәби шақтан бастап еңбекке қажеттіліктің алғы шарттарын қалыптастыру қажет.
Көптеген психологиялық зерттеулерде А. Н. Леонтьев, Р. Н. Дзаров және басқалар мектепке дейінгі кезеңде еңбектің біртұтас әрекет ретінде көріне алатындығын дәлелдейді. Ол компоненттер: мақсат қоя білу, еңбек мотивтері (түрткі), материалдар, құрал-жабдықтарды таңдай білу, еңбек әрекетінің орындалу тәртібін анықтау, еңбек нәтижесі. Бірақ ересектер басшылық жасамаса, тіпті мектепке барар алдында да бұл әрекетті толық меңгермейді
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің мүмкіндігі, тиімділігін қамтамасыз ететін шарттар мен әдіс-тәсілдерді айқындау, бұл мәселенің педагогикалық теориясы мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қарама-қайшылықтар туындайды.
Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары» деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: мектепке жасына дейінгі балаға еңбек тәрбиесін берудің теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды еңбекке тәрбиелеудің теориялық негіздерін айқындау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекетінің педагогикалық мәні
- қазақ халқының еңбек баулу дәстүрінің тарихи маңызы
- "шығармашылық"білім беру саласы негізінде еңбекке баулу
- мүмкіндіктері
- балаларды еңбекке баулуда жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар
Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу үрдісі.
Теориялық және әдіснамалық негіздері: мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделуі балалардың жалпы адамзаттық, еңбек дағдыларын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастыруға байланысты мемлекеттік құжаттарды зерделеу, зерттеу бағыты бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми еңбектерді талдау, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жинақтау, арнайы сауалнамалар, сұхбат жүргізу.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы: мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды еңбекке тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп құрылса, педагогикалық жүйесі құрылып, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі қалыптасады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үрдістің жүйелілігі мен тұтастығы, тиімділігі қамтамасыз етіледі, зерттеу материалдарын мектепке дейінгі ұйымдарда пайдалануға болады.
Зерттеу міндеттерін қою мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды.
Зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді, зерттеу нәтижесі талданды.
Зерттеудің апробациясы:
Дипломдық жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының ғылыми құрылымына қысқаша сипаттама берілген. «Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттарының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу мәселесіне әрбір тарихи кезеңдеріне талдау жасалынады.
«Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін беру әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде балаларды еңбекке баулуда әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылады.
Біздер арнайы ғылыми философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бала болашағында қажет етіп отырған қазіргі жағдайда тұлғалық қалыптасуындағы тәрбие еңбек тәрбиесі өзекті мәселе деп есептейміз
1МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕККЕ
БЕЙІМДЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекетінің
педагогикалық мәні
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңының 7-бабында «Еңбек -міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға - қауіпсіздік және санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға міндетті» және «өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар» делінген. Олай болса, баланың қарапайым еңбектегі міндеттері мен құқығын, еңбек ережесін біліп өсуі еңбекке баулу мазмұнына тікелей байланысты. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезенде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек», деп атап көрсеткен [1, 22б. ]
Елбасының бұл бағытынан мектептен бастап, бала бойыңда жаңа өндірістік және нарықтық экономикалық қатынастарды игеруге әзірлік, бәсекелестік пен кәсіптік икемділік, өзгерген жағдайларға тез бейімделе алатын, шығармашылық қабілеттілік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің алғышарттары көрініс табуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беруді ақпараттандыру» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл аса зор міндеттерді орындау барлық білім беру саласында жұмыс атқарып жатқан мамандарға жүктеледі.
Демек, мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу оқу-тәрбие жұмыстарында оқыту тәсілдерінің ең тиімдісін қолдана отырып, қазіргі таңдағы нарықтық қатынасқа байланысты балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу міндеттері көзделеді. Осы міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулуда білім беру мен тәрбие негіздерін қалыптастырудың мазмұнын жаңарту, білім саласын жоғарғы дәрежеге көтеру тәрбиешілерге үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Еңбек - адамгершiлiк тәрбие берудiң қайнар бұлағы. Еңбек - өмiр кiлтi, адамның бақыты. Еңбек ету тек күн көрiс құралы болудан қалып, нағыз творчествоға, қуаныштың қайнар көзiне айналуға тиiс. Мектепке дейінгі балаларды еңбектiң негiзгi түрлерiмен таныстыра отырып оларды қоғам пайдасы үшiн еңбек ете бiлуге тәрбиелейдi.
Еңбек пен адам бірінен-бірі бөлінбейді. Еңбек аламды хайуанаттар әлемінен жоғары дәрежеге көтеріп, оның дене және рухани дамуына мүмкіндік туғызды. Жас буынды қалыптастыруда еңбекке тәрбиелеудің орасан зор ролін педагогикада әрқашан атап көрсеткен еді. К. Д. Ушинский былай деп жазды «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір еңбегіне даярлап тәрбиелеу тиіс».
Еңбек әрекеті әрбір адамнан белгілі бір тапсырманы орындауды іске мақсат көздей, ойланып кірісуді мақсат етеді. Сондықтан да еңбек адамның ақыл-ойы дамуының маңызды факторы болып табылалы. Балаларға әсіресе еңбек дағдысы әсер етеді, оларға заттар мен материалдардың жаңа қасиеттерін біртіндеп аша отырып, олардың нақтылы дүние туралы түсініктерін байыта түседі.
Еңбек адам игілігінің қайнар көзі екенін, әрбір адам еңбек етуге, еңбек сүюге тиіс екенін алуан түрлі жолдармен көрсету қажет. Балалардың еңбек ету іскерлігі және дағдысы болғанда еңбектің қандайы болса да қолдарынан келеді. Сондықтан еңбек етуге тәрбиелеу міндеті - осындай іскерлік пен дағдыны бекіту. Еңбекке машықтау, еңбекте шынығу сияқты сапалардың маңызы зор. Біздің қоғамымызда еңбек әрқайсымыздың терең білімді және оны ұйымдастырудың жоғарғы мәдениетін талап етеді.
Еңбекке баулу өз мүддесі және болашақ қоғам үшін еңбектене білетін, ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, дамыған адам даярлау мақсатына бағытталалы, баланы еңбекке баулудың қаншалықты құндылығын түсіну киын емес.
Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қазіргі кезеңде, біздің елімізде еңбек тек ересек аламдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткен мәселесі туындайды.
Ежелден-ақ қазақ халқы балаларды еңбекке баулуды күн көріп, өмір сурудің басты шарты ретінде қарағаны белгілі. Кейінгі кездерде бұл мәселе зерттеліп, жүйеленіп, аса маңызды тұстары оқу-тәрбие үрдісінде орын алуда. Бұл ретте қазақ халқының тәлім-тәрбие тәжірибесі туралы ғылыми зерттеулерде (М. Балтабаев, К. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Қожахметова, Қ. Сейсембаев, С. Ұзақбаева т. б. айтуға болады.
Жалпы білім беретін мектепке дейінгі баланы еңбекке баулу жүйелі білім берудің, тәрбиелеудің, дамытудың, дағдыландырудың негізгі бір бөлігі болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулуда еңбек дағдыларын қалыптастыру арқылы баланың жеке басының қасиеттерін дамытып, тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру көп міндеттерді есте ұстауды талап етеді. Атап айтсақ, балалардың ақыл, ой-өрісін дамытып, ізгілекке, имандылыққа баулу, эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру және еңбек дағдыларын қалыптастыру арқылы еңбекке қызығуын ояту, мінез-құлқын тәрбиелеу.
Сонымен қатар мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу әр түрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен үлгілеудегі тәжірибелік дағдысын қалыптастыру, техникалық ойлау қабілетін дамыту, қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге және шығармашылыққа баулу, табиғи материалдармен жұмыс жасауға, оны үнемдеуге үйрету.
Еңбек дағдыларын қалыптастыру үрдісінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды.
Творчестволық еңбек үрдісінде жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты таласқа түседі. Дұрыс жолға қойылған еңбек дағдыларына тәрбиелеу мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулуда тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және интеллектуалдық жағынан қалыптастырудың шығармашылық дамытудың таптырмас құралы.
Еліміздегі жалпы білім беру ісіне жаңа көзқарас үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мақсатын жаңаша пайымдауды талап етеді.
Адам өмірінің, тіршілігінің, сана-сезімінің, айналасына деген қарым-қатынасының негізгі арқауы еңбек екені белгілі. Ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ, адам тек еңбекқорлығымен, саналы іс-әрекетінің арқасында ғана өмірдегі өз қажеттілігін өтеуге мүмкіндік алады.
Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші факторлардың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып, білуінің бірден-бір сенімді құралы. Бүкіл қоғамдағы адамның жеке өміріндегі барлық материалдық игіліктер мен рухани құндылықтар еңбек арқылы ғана меңгерілетіні белгілі. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген қарапайым еңбек түрлері, олардың алғашқы білім-түсініктерімен қатар интеллектуалдық деңгейлерінің негізін қалауға көмектеседі.
Еңбек тәрбиесі тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қарастыру педагогика ғылымында арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі деп есептейміз.
Бүгінгі нарық экономикасының талабына орай, өркениетті қоғамның бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, жаңаша ойлау қабілеті жоғары, нарық еңбегіне бейім, бәсекелестік қабілеті бар, өз елінің болашағын жалғастыратын жеке тұлғаны тәрбиелеу - басты міндеттердің бірі.
«Балалардың міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасында» 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығының мазмұны белгіленіп, еңбек тәрбиесінде еңбексүйгіштікті қалыптастырып, балалардың еңбекке қызығушылығын туғызу үшін практикалық дағды, әдеттерді нығайтуды мақсат етіледі [2, 77б. ] .
Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу мәселесіне әрбір тарихи кезеңдерде әр түрлі мән берілген. Бүгінге дейін қалыптасқан педагогикадағы еңбек тәрбиесінің міндеттеріне назар аударар болсақ олар: еңбек сүйгіштік, еңбекті құрметтеу, еңбек мәдениетіне үйрету және еңбек ету дағдысы мен шеберліктерін қалыптастыру т. б. көзделген.
Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі қоғам мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатына бағытталады. Күнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қисыңды бірлікте жүргізе отырып, тәрбиенің өзге салаларын да іске асыру міндеті қойылады.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы-еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі - жас ұрпақтың бойына еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
Мектепке дейінгі жас - негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы жазғандарының ішінде - Ы. Алтынсарин еңбек тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлер ұсынды. Себебі, Ыбырай басқа педагогтарға қарағанда еңбек тәрбиесіне жете мән берді. Оның мектебінің жанында бау-бақша болды, шеберхана жұмыс істеді. Қыздар үшін де шеберханалар болды. Ол өзінің көп теген педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында еңбек тәрбиесін уағыздады, еңбек пен өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деген тұжырым жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz