Машина инешаншым тігімдері
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Көркем еңбек және дизайн ПЦК-сы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Машина инешаншымдары мен тігімдері
0104000 - Кәсіптік білім беру
(мамандығы)
0104023 - Өндірістік оқыту шебері, техник технологы
(біліктілігі)
КБ-Б-19 топ студенті: ... ... ... ... ... ... ... .. А.Т.Сарқытбаева
(қолы)
Пән оқытушысы: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Г.Тойман
(қолы)
Қызылорда, 2021-2022 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I-БӨЛІМ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Машина инешаншымдары мен тігімдері туралы түсінік ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3.Машина тігістерін орындаудың техникалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... 6
II-БӨЛІМ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1.Машина инешаншымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2.Машина инешаншым тігімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
III.ТЕРМИНОЛОГИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
IV.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Тігін өнеркәсібі - жеңіл өнеркәсіптің ірі салаларының бірі.
Тігін өнеркәсібінің негізгі міндеті - адамдардың жоғары сапалы киімге және әртүрлі ассортиментке деген сұранысын қанағаттандыру. Бұл мәселені шешу өндіріс тиімділігін арттыру, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс сапасын барынша жақсарту, еңбек пен өндірісті жақсарту негізінде жүзеге асырылады.
Тігін бұйымдарын жаппай өндіруде шешуші рөлді тігін бұйымдарының бөлшектері мен тораптарын өңдеу және құрастыру бойынша технологиялық операциялардың экономикалық тиімді жиынтығы болып табылатын технологиялық процесс алады.
Тігін бұйымдарын дайындау кезінде технологиялық жабдықтардың негізгі түрі тігін машиналары болып табылады. Оларды жалпы мақсаттағы машиналар (сырып тігу), арнайы машиналар (орындалатын жұмыс пен тігім түріне қарай мамандандырылған) және жартылай автоматтар деп бөлуге болады.
Машиналарды, әсіресе арнайы машиналар мен жартылай автоматтарды пайдаланған кезде операцияны орындауға жұмсалатын уақыт шығындары бірнеше есеге қысқарып, өңделетін бөлшектің сапасы арта түседі.
Сырып тігу машиналарында бөлшектерді біріктіру екі жіпті: ине жібін және қайық жібін өрудің арқасында жүзеге асады. Жіптерді өру тәсілі бойынша машина инешаншымдары қайықты және тізбекті болып бөлінеді. Мата бөлшектерін біріктіру кезінде көбінесе қайықты инешаншымы бар машиналар, ал трикотаж жайма мен басқа созылғыш материал бөлшектерін біріктіру кезінде тізбекті инешаншымы бар машиналар қолданылады.
Киім бөлшектерін біріктірудің жіптік тәсілі дегеніміз - екі немесе бірнеше қабат материалдардың бір, екі немесе одан көп жіптерден құралатын инешаншымдар арқылы бекітілуі.
-Инешаншым (стежок) - материалдың ине мен екі шаншымы арасындағы құрылым элемент.
-Тігім (строчка) инешаншымдардың бірізділік қатарынан құралса, ал тігіс (шов) тігіндер арқылы екі немесе бірнеше қабаттарының біріктірілуі барысында пайда болады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты :тігін машинасымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесімен , машина тігістерін орындаудың техникалық шарттарын, машина инешаншымдары, тігіс түрлері, машина тігістерінің қолданылуы және терминдерімен танысу.
I.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Машина инешаншымдары мен тігімдері туралы түсінік
Тігін машинасы қол жетегінде, аяқ жетегінде және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. Заманауи тұрмыстық машинасы негізінен электр тоғының күшімен жүргізіледі. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі - тігін машинасы. Ал сен үйде қол және аяқ жетегіндегі немесе қазіргі заманғы бағдарламамен басқарылатын машинаны қолдана аласың ба ? Мұндай машиналар компьютер көмегімен көптеген тігін операцияларын ( кестелеу, ілмек жасау, түйме қадау және т. б.) орындай алады. Ең дұрысы, тіке тігісті орындайтын қарапайым машинамен тігуді үйрене бастау керек. Тігін бұйымдарын дайындау көбіне тігін машинасында жұмыс істеуді игеруге байланысты. Тігін машинасы қол жетегіндегі, аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі машина болып бөлінеді. Жетек - бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы. Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындай аласың. Тігін машинасының құрылысы. Көңіл аударсақ бірінші бөлшегі - жең деп аталады. Оның ішінде машинаның құйып жасалған басты вал бөлшегі орналасқан.Жеңнің оң жағында өзара жалғасқан бірнеше бөлшектен тұратын аяқты беріліс орналасқан. Бұл - түйін деп аталады. Машинаның әрбір түйіні қандай да бір жұмысты атқарады. Аяқты беріліс - бұл машинаны қозғалысқа келтіретін түйін.
Аяқты берілістің педалін аяқпен тербелтеді. Бұл тербеліс шатунның және қисықшиптің көмегімен айналмалы қозғалысқа ауысады да жібергіш дөңгелекке беріледі. Жібергіш дөңгелетің науасына тұйық белдік кигізілген. Белдік жібергіш дөңгелекті.машинаның басты валына қондырылған маховик дөңгелекке жалғайды.Әрі қарай машинаны босжүріске қойып жаттығу орындалады.Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады. Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.
1-шөрнек құрылғысы; 2-басу табаны; 3-мата жылжытқыш; 4-жіптартқыш; 5- жіп бағыттағыш; 6- жеңқап; 7- жіп орағышқа арналған өзек ; 8-жіп орағыш; 9- айналма дөңгелек; 10-тігіс ұзындығын көрсеткіш; 11- кері жүргіш тетігі; 12-тегіс адымын реттегіш тұтқа;13-жеңқап тіреуі; 14-тұғыр; 15-жіп бағыттағыш; 16-ысырмалы пластина.
Ине - тігін машинасының ең маңызды жұмыс органы. Ине конструкциясын Америкада XIX ғасырдың 30 - жылдарында ойлап тапқан.
Тігін машинасының инесінің құрылысы:
1 - колба
2 - қысқа жәнге ұзын сызық ойық сызықшалары
3 - алмас
4 - көзі
5 - ұшы
1.2.Қауіпсіздік ережелері
Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі.
Машинада дұрыс отыру тәсілі:
- жұмыс орнына жырық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек;
- отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10 - 15см болу керек;
- құрал - жабдықтар арнайы қорапта тұру қажет, үстелдің бетінде тек қана тігілетін бұйым жатуы тиіс;
- тігіс машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Тігін машинасымен жұмыс істеуден бұрын оны әзірлейді.
Үстіңгі астыңғы жіптерді өткізіп, тігістің ұзындығын реттейді, жүрісін функциялық винт арқылы түзейді. Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса, ол жұмыс істеуге әзір болғаны. Бос жүрісте маховикті дөңгелек қана айналып, име қозғалмайды.
Жіпті өткізгенде арнайы ереже сақталмаса, машина дұрыс жүрмейді. Астыңғы жіпті шөріпке кигізеді, жіптің тартылысын біріңғай реттеп отыру үшін шөріптің қабын қолданады. Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл еңкейіп отыр.
Тігін машинасымен жұмыс істегенде мынандай тәртіпті сақтау керек:
1. Тігін машинасын жұмысқа даярлау: Қозғалтқыш рычагты қосып,
машинаны жұмыс жүрісіне қою. Үстіңгі, астыңғы жіптерді өткізіп, тігістің қажетті ұзындығын реттеп, инені жоғары көтеру.
2. Жұмысты бастау: тігілетін матаны табанның астына қыстырып, инемен шаншу; жұмысты жалғастыру.
3. Жұмысты орындау: қозғалтқыш тұтқаны айналдырып, матаны белгіленген орны бойынша бағыттап отыру.
4. Жұмысты аяқтау: инені, машинаның табанын көтеру, сол қолмен матаны шығарып, жіптерін қою; машинаны бос жүріске қою.
Тігін машинасымен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздігі:
1. Іске шашты жинап, жеңді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.
2. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелердің дұрыс заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелердің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.
3. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.
4. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау.
5. Жұмыс үстінде тігіп отырған оқушыларды алаңдатуға, олар арқылы заттарды беруге болмайды.
6. Аяқ машинасымен жұмыс істеген кезде жетек қайшысын қолмен ұстауға болмайды.
1.3.Машина тігістерін орындаудың техникалық шарттары
Машина тігістеріне жоғары тұтынушылық және өнеркәсіптік талаптар қойылады. Тұтынушылық талаптарға тігістің сыртқы безендірілуі, тігімнің тегістігі, тігістің ені, инешаншымдар жиілігінің біркелкілігі, оларды байлау беріктігі, тігімнің тұтастығы, тігіс сызықтары бойынша материалдың босаң жерінің немесе созылған жерінің болмауы, беріктік және т.б. жатады. Тігістерге қойылатын өнеркәсіптік талаптар тігіске жұмсалатын материал шығынын (тігіс қосымшасын) және бүкпені, орындаудың еңбек сыйымдылығын анықтайды. Тігістердің жоғары сапасы операцияларды орындаудың техникалық шарттарын сақтаумен қамтамасыз етіледі: тігіс ені, тігім саны және олардың арасындағы арақашықтық, инешаншым жиілігі, олардың тігімдегі байлану дәрежесі, жіп нөмірлері және т.б. Тігіс ені оның конструкциясымен байланысты. Тігісті орындауға қойылатын техникалық талаптар модельдің техникалық сипаттамасында немесе басқа нормативтік-техникалық құжаттамада беріледі. Әрбір жұмыс орнында операцияларды орындау сапасын технологиялық нұсқамалық карталар бойынша тексеруге болады. Ерлер, әйелдер мен балалар киімдерін дайындау бойынша машина жұмыстарын орындау кезінде келесідей техникалық шарттарды сақтау қажет.
1. Барлық ішкі тігімдерді сырт материалдың түсіне сәйкес орындау қажет.
2. Жіп, машина инелерінің нөмірлері және тігім инешаншымдарының жиілігі мата қалыңдығына және стандарт бойынша орындалатын операцияның сипаттамасына сәйкес келуі тиіс. Жіпті тігістерден басқа ультрадыбыспен және жоғары жиілікті токпен орындалатын дәнекерлеу тігістері қолданылады. Бұл тігістердің сапасы техникалық құжаттамада көрсетілетін нақты операцияларды орындауға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
3. Жүн және жібек маталардан бұйым дайындау кезінде барлық сыртқы ашық тігімдер, сондай-ақ ілгектер мен бекітпелер жібек не синтетикалық жіптермен орындалады. Лавсанды зығыр матадан бұйым тіккен кезде № 50 мақта-мата жіптерін қолданады. Жекелеген тігімдердегі жіп түсі модельде қарастырылады.
4. Жекелеген тігімдердің үстіңгі жіп ұштарын ішке қарай шығарады да түйіншектейді не 3...4 қол инешаншымдарымен түйеді.
5. Сырып тігу машинасында орындалатын барлық ішкі тігімдердің (бүйір, иық қиықтарын, жең бөлшектерін сырып тіккен кезде) ұзындығы 0,7...1 см кері қосарлы тігіммен бекітеді; арнайы машиналарда жұмыс жасаған кезде кері тігімнің ұзындығы 1,5...2 см болады.
6. Тігімдерді тұйық сызықтар бойымен салу (мысалы, жеңдерді қондырып тігу, бұйым етегін бүгіп тігу) кезінде тігіс шеттеріндегі тігімдер бір-біріне кем дегенде 1,5...2 см кіріп тұруы тиіс.
7. Тігіс параметрлері мен олардың қолданылуы тігістерге қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
8. Бөлшектерді сырып тігу, тігістерді жапсыра тігу, әрлегіш тігімдерді салу бағыттаушы сызғыштар арқылы орындалады. Пішінді әрлегіш тігімдерге арналған сызықтарды лекало бойымен белгілейді.
9. Бірі түзу қиықтан, ал екіншісі қиғаш қиықтан тұратын екі бөлшекті біріктірген кезде, қиғаш қиықты бөлшек астынан, түзу қиықты бөлшек үстінен қойылады.
10. Әртүрлі қалыңдықтағы маталардан екі бөлшекті біріктірген кезде астына қалың мата бөлшегін қою қажет.
11. Бірінің қондырмасы бар екі бөлшекті біріктірген кезде, қондырылуы тиіс бөлшекті астына қою қажет.
12. Ашық тігістердің барлық қиықтары өңделуі тиіс.
Ашық тігістті бөлшектердің қиықтарын мақта-мата, синтетикалық жіптермен не иірімжіптермен жиектейді; оларды бүктемелі не қосарлы тігіспен өңдейді.
Химиялық талшықты материал бұйымдарында тігіс қиықтары мен денеге жанаспайтын бөлшектерді қиықтарды балқытуға арналған машинада өңдейді. Сетінемейтін материал бұйымдарында қиықтар арнайы құрылғыда ирек пішінді ойықтармен өңделуі мүмкін. Аз тарқайтын ілмекөрімді трикотаж мата бұйымдарында ілгекті бағаншаны бойлай немесе одан 45° аспайтын бұрыш астында ауытқи орналасқан тігіс қиықтары жиектелуі мүмкін. Тігіс қиықтарын жиектеуге арналған жіптер түсі жағынан матаның түсіне жақын болуы тиіс. түрлі түсті матадан және суретте ақ түсі бар баспалы мақта-матадан жасалған бұйымдарда қиықтар ақ түсті жіптермен не иірімжіптермен өңделуі мүмкін.
2-БӨЛІМ. Технологиялық бөлім
2.1.Машина инешаншымдары
Тігін бұйымдарын дайындау кезінде тігімдерді орындауға арналған инешаншымдар МЕМСТ 12807 - 88 Тігін бұйымдары. Инешаншымдар, тігімдер және тігістер стандартында көрсетілген кластардан тұрады (1.1-кесте).
МЕМСТ 12807 - 88 тігін бұйымдарын дайындау кезінде қолданылатын инешаншымдардың, тігімдердің және тігістердің шартты және графикалық суреттерін, кодты белгілерін белгілейді. Бұл белгілер АЖЖ жүйесінде технологиялық процестерді инженерлік қамсыздандыру карталарын әзірлеу кезінде пайдаланылады.
Инешаншым сыныптамасы мынадай кластарды қамтиды:
100 -- бір немесе бірнеше үстіңгі жіппен жасалатын тізбекті инешаншымдар;
200 -- бір сырт жіппен жасалатын қол (машина) инешаншымдары;
300 -- екі не одан көп үстіңгі және астыңғы жіппен жасалған қайықты сырып тігу инешаншымдары;
400 -- екі не одан көп үстіңгі және астыңғы жіппен жасалған тізбекті сырып тігу инешаншымдары;
500 -- бір не одан көп үстіңгі және астыңғы жіппен жасалған тізбекті жиектеу және сырып тігу-жиектеу инешаншымдары;
600 -- екі не одан көп үстіңгі және астыңғы жіпппен жасалған жазық тізбекті инешаншымдар;
700 -- дәнекерлеу инешаншымдары.

Сырып тігу машиналарында бөлшектерді біріктіру екі жіпті: ине жібін және қайық жібін өрудің арқасында жүзеге асады. Жіптерді өру тәсілі бойынша машина инешаншымдары қайықты және тізбекті болып бөлінеді (1.42-сурет). Мата бөлшектерін біріктіру кезінде көбінесе қайықты инешаншымы бар машиналар, ал трикотаж жайма мен басқа созылғыш материал бөлшектерін біріктіру кезінде тізбекті инешаншымы бар машиналар қолданылады.
Машина инешаншымдары мынадай тігімдерді жасайды: сырып тігу, жиектеу, аралас (қиықтарды бір мезетте жиектеу арқылы сырып тігетін), қайырма, сәндік.
Қайықты инешаншым жасау кезінде машинаның негізгі жұмыс органы қайық болып табылады: бір жіп жоғарыдан (инеден), бір жіп төменнен (қайық шарығынан). Жіптерді өру сырып тігілетін бөлшектердің ішінде жүзеге асады. Жіптердің белгілі бір керілісі болады, ал бөлшектер инешаншым қатары орындалғаннан кейін берік біріккен болады.
Екі жіпті қайықты инешаншымдар кең қолданысқа ие. Оны жасау кезінде инемен матаны тесіп, оны бойлай шарғыдан тоғысатын ине жібінің ілгегін өткізеді. Мата астында қайық осы ілгекті кеңейтеді және оны қайық жібі оралған шарықтан айнала орайды. Ілгек шарықтың айналасын толық айналып шыққаннан кейін ине жібін қайық жібімен өру жүзеге асады. Одан кейін жіпжетек, ине бідін жоғары қарай тарта отырып, мата ішіне қайықты өру түйіні сырып тігілетін матаның ортасына орналасқанға дейін тартады. Одан кейін мата инешаншымның ұзындығына қарай ауысады да, процесс қайталанады. Нәтижесінде тігім жасалады.
Тігім сызығына келетін болсақ, қайықты инешаншым сызықтық негізде немесе ирек болып орналасуы тиіс.
1.47-суретте қайықты сызықтық инешаншымның жасалу схемасы көрсетілген. Қайықты инешаншымдар, одан кейін оларжасайтын тігімдер екі жіппен (екі жіпті тігім (1.48-сурет), үш жіппен (үш жіпті тігім), төрт жіппен (төрт жіпті тігім), бес жіппен (бес жіпті тігім) және т.б. орындалуы мүмкін.
Қайықтық тігімдер бір сызықты және көп сызықты болуы мүмкін. Ирек тігім (1.49-сурет) ине тігімге көлденең ауытқыған кезде немесе материал тігімге көлденең жылжытқан кезде не бекітпелер мен ілгектерді дайындаған кезде жасалады. Инешаншым ұзындығы 1,5-тен 10 мм дейін. Мұндай тігім бөлшектерді түйіскен тігіспен біріктіру үшін және бөлшек қиықтарының сетінеп кетуіне жол бермеу үшін қолданылады.
Тізбекті инешаншымдар өтпелі, жасырын және жиектемелі болады.
Тізбекті инешаншымдарды жасауға жіптердің әртүрлі мөлшері қатысуы мүмкін. Тізбекті инешаншымдар бір, екі, үш, төрт жіпті болуы мүмкін. Тізбекті инешаншымдарды жасау кезінде қайықтық орнына ілмектегіш қолданылады. Бұл жіп шығынын біраз ұлғайтады, бірақ икемді әрі берік инешаншым алуға мүмкіндік береді.
Өтпелі тізбекті инешаншым бір жіпті және екі жіпті, сызықтық және ирек болуы мүмкін. Бір жіпті тізбекті ілмекөрім тігімі үстіңгі бөлшек жағынан қайықты ілмекөрім тігіміне ұқсайды, ал астыңғы бөлшек жағынан оның түрі жазық тізбек болып көрінеді (1.50-сурет). Бұл тігімді бөлшектерді уақытша біріктіру және бекіту үшін қолданады (көктеу, бүгіп көктеу, айналдыра көктеу кезінде).
Тізбекті ілмекөрімнің жазық тізбегі материалдың беткі жағынан да орналасуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол кестелеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бір жіпті тізбектік ілмекөрімнің и р е к т і г і м і (1.51-сурет) құрылымы жағынан бір жіпті сызықтық тігімнен инешаншымдардың иректеліп орналасуы бойынша өзгешеленеді. Оны әйелдер көйлектерінде, ерлер іш көйлектерінде, шалбарларда және т.б. түзу ілгектерді жиектеп торлау үшін қолданады.
Тізбекті ілмекөрімнің сызықтық екі жіпті өтпелі тігімі(1.52-сурет) екі жіппен - үстіңгі және астыңғы жіппен жасалады. Материалдың үстіңгі жағынан бұл тігім қайықты ілмекөрім тігіміне ұқсайды, ал астыңғы жағынан дөңес тізбекке ұқсайды. Ол іш киім мен трикотаж бұйымдарының, шалбарлардың және т.б. бөлшектерін біріктіру үшін қолданылады.
Тізбекті ілмек өрімнің ирек екі жіпті тігімі (1.53-сурет) екі жіпті сызықтық тігімге ұқсайды, бірақ инешаншымдары иректеліп орналасқан. Оны пальтода, костюмдерде, курткаларда және т.б. көзді ілгектерді жиектеп орау үшін қолданады.
Бір жіпті тізбекті ілмекөрімнің жасырын қайырма тігімі (1.54-сурет) үстіңгі жіппен ғана жасалады. Тізбекті бір діпті жасырын инешаншым жасау процесіне (1.55-сурет) майысқан ине 1 және материалды 3 ине тілімі 2 арқылы нығыздайтын және сол арқылы материалдың үстіңгі қабатын толық және астыңғы қабатын жартылай тессе отырып, жасырын инешаншым жасап, инемен тесуді қамтамасыз ететін нығыздағыш 4 қатысады. Тізбекті бір жіпті жасырын инешаншымдарды қайырма және қырма тігім алу үшін пайдаланады. Қайырма тігімдерді жүн, жібек және басқа да материалдардан бұйым етегін тігу кезінде қолданады. Сырма тігімді тігім бұйымдарының бөлшектеріне берік икемді пішін беру үшін қолданады (лацкан сыру).
Жиектемелі инешаншым бір жіпті (1.56-сурет), екі жіпті (1.57- сурет) және үш жіпті (1.58-сурет) болуы мүмкін.
Б і р ж і п т і инешаншым үстіңгі инемен жасалады және жіпті және ілмектегіш инемен орындалады. Е к і ж і п т і инешаншым жіпті және жіп беретін ілмектегіш және кеңейткіш инемен орындалады. Ү ш ж і п т і инешаншым жіпті инемен, сондай-ақ сол және оң жіпті ілмектегішпен жасалады.
Жиектемелі инешаншымдар жиектемелі тігімдерді орындау үшін қызмет етеді. Олар бір мезетте жиектей отырып, сыру функциясын да орындауы мүмкін. Бір жіпті тізбекті ілмекөрімнің жиектемелі тігімін көбінесе терілерді біріктіру үшін қолданады. Екі жіпті және үш жіпті ілмекөрімнің жиектемелі тігімін бұйымның барлық түрлерінің бөлшек қиықтарын жиектеу, сондай-ақ трикотаж жайма бұйым бөлшектерінің қиықтарын бір мезетте жиектей отырып, сыру үшін қолданады.
Құрама тігімдер ілмекөрім жағынан бірдей не әртүрлі инешаншымдармен жасалады және екі инелі машиналарда орындалады.
Ілмекөрімі жағынан бірдей тігімдерде ілмекөрім параллель және бір-бірінен белгілі бір арақашықтықта орналасады (1.59-сурет), бұл ретте тігімдер арасындағы арақашықтық бұйым түрі мен модельге қарай өзгеруі мүмкін. Тізбекті екі жіпті ілмекөрімнің құрама екі жіпті тігімін (1.60-сурет) шалбарлардың ортаңғы қиықтарын сырма тігіспен біріктіру кезінде қолданады.
Ілмекөрімі жағынан әртүрлі екі сызықтық тігімдерде құрама тігімдер бір мезетте өтпелі тізбекті екі жіпті және екі не үш жіпті жиектемелі инешаншымдармен жасалады, осыған байланысты олар сырмалы-жиектемелі атауына ие. Құрама тігімдер бөлшектердің қиықтарын бір мезетте жиектей отырып, оларды біріктіру үшін қызмет етеді . Мұндай тігімдерді көйлектегі, іш көйлектегі, іш киімдегі бөлшектерді біріктіру үшін қолданады.
Екі үстіңгі жіппен және бір астыңғы жіппен бастырмаларды дайындау үшін және әрлегіш тігімдер ретінде қолданылатын үш жіпті тізбекті тігім жасау арқылы орындалатын тігім құрама тігімдердің бір түрі болып табылады.
2.2.Машиналық жіпті тігістер
Тігін бұйымдарының бөлшектерін біріктірудің негізгі тәсілі машиналық жіпті тігістер болып табылады. Машина тігістеріне жоғары тұтынушылық және өнеркәсіптік талаптар қойылады.
Тұтынушылық талаптарға тігістің сыртқы безендірілуі, тігімнің тегістігі, тігістің ені, инешаншымдар жиілігінің біркелкілігі, оларды байлау беріктігі, тігімнің тұтастығы, тігіс сызықтары бойынша материалдың босаң жерінің немесе созылған жерінің болмауы, беріктік және т.б. жатады.
Тігістерге қойылатын өнеркәсіптік талаптар тігіске жұмсалатын материал шығынын (тігіс қосымшасын) және бүкпені, орындаудың еңбек сыйымдылығын анықтайды.
Тігістердің жоғары сапасы операцияларды орындаудың техникалық шарттарын сақтаумен қамтамасыз етіледі: тігіс ені, тігім саны және олардың арасындағы арақашықтық, инешаншым
жиілігі, олардың тігімдегі байлану дәрежесі, жіп нөмірлері және т.б. Тігіс ені оның конструкциясымен байланысты. Тігісті орындауға қойылатын техникалық талаптар модельдің техникалық сипаттамасында немесе басқа нормативтік-техникалық құжаттамада беріледі. Әрбір жұмыс орнында операцияларды орындау сапасын
технологиялық нұсқамалық карталар бойынша тексеруге болады. Тігістің міндеті мен оған қатысты бөлшектердің орналасуына қарай тігістер біріктіру, жиек және әрлегіш тігістері болып бөлінеді. Біріктіру тігістерінде (мысалы, алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір қиықтарын, иық қиықтарын, жең қиықтарын және т.б.
Біріктіру тігістерінде бөлшектер тігістің екі жағында да жатады. Жиек тігістер бөлшек жиектерін не қиықтарын өңдеу үшін қолданылады. Бөлшектер тігістің бір жағында орналасады (мысалы, бұйым етегі мен жең ұшын өңдеу тігістері, өңірді, жағаны өңдеу
тігістері).
Әрлегіш тігістер бөлшекті және барлық бұйымды әрлеуге
арналған. Бұл тігістер белгілі бір силуэтті құру үшін қолданылады (алдыңғы бойдағы, артқы бойдағы белдемше ендеріндегі, бедерлі сызықтар, әртүрлі қатпарлар және т.б.).
Тігіс конструкциясына (яғни, тігісте бөлшектер мен тігімдердің орналасуына), материал тігімі мен бекітілетін қабаттарының санына, тігіс қосымшаларының шамасы мен қалпына қарай оларды түрлер (біріктіру, жиек және сәндік) мен түршелер бойынша топтастырады.
Біріктіру тігістері
Біріктіру тігістеріне қайым, бастырма, жапсырма, түйіскен, бүктемелі, қосарлы, бекітпе тігістер жатады (1.63-сурет).
Қайым тігістерді бөлшектердің бүйір, иық және басқа да қиықтарын біріктіру үшін қолданады. Екі бөлшекті беткі жақтарын ішке қаратып қояды, қиықтарды теңестіреді және тігістің қолданылуына тәуелді жиек қашықтығында кертпелерді қиыстыра отырып, арнайы сызғышы немесе бағыттауыш табаны бар машинада тігіммен біріктіреді (1.64-сурет). Сырып тігуді бөлшектің ойыс қиықтары, қима бұрыштары, бүрмелері және т.б. бар жағынан орындайды.
Әйелдер мен балалар киімдерінің негізгі бөлшектерін қайып тігу кезінде тігіс ені сетінемейтін матадан жасалған бұйымдар үшін 1 см-ден және тез сетінегіш матадан жасалған бұйымдар үшін 1,5 см- ден кем болмауы тиіс. Сетінемейтін матадан жасалған бұйым бөлшектеріне жалғамаларды қосып тіккен кезде тігіс ені 0,7 см, ал сетінегіш матадан жасалған бұйым бөлшектеріне жалғамаларды қосып тіккен кезде тігіс ені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz