Дақылдың биологиялық ерекшелігі
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Халық шаруашылығындағы маңызы
2.2. Дақылдың биологиялық ерекшелігі
2.3. Дақылдың өсіру технологиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Ноқат (Cicer arietinum)- бұршақ тұқымдастардың біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдігі. Құнды дәнді бұршақ тұқымдас дақылы ноқатты болып табылады, себебі бұл дақылға ел ішінде де, дүние жүзі нарығында да үлкен сұраныс бар. Жалпы дала аймақтарында ноқаттың тұрақты жоғары өнімділі агроценоздарын құрудың нақты мүмкіндігі бар. Ноқат дақылын көлемдерін ұлғайту бұл дақылды өсіру технологиясы туралы ақпараттың жеткіліксіздігімен тежелуде. Жалпы құрғақшыл жағайларына бейімделген ноқат өсіру технологиясы бойынша ұсынылып отырған ұсынымдар осы дақылдың егістіктерін ұлғайтуға, тұрақтандыруға және шаруашылықтардың экономикалық ауқаттылығын нығайтуға ықпалдасады деп үміттенеміз. Ноқаттың аралас егістерінде гүлдеу кезеңінен жеміс салу басталғанға ноқат газа егістерден қалыс қалған. Астық тұқымдастар туралы айтар болсақ, аралас егістердегі оның өсімі қарқынды екені байқалған астық тұқымдастармен және басқа қоспасында оның өсімдіктері төменгі қабаттарда орналасатыны байқалған, өсімдіктердің бұлайша орналасуы агрофитоценоздардың күн сәулесін жақсы пайдалануға септігін тигізеді. Ноқаттың маңызы ол тағамдық және техникалық дақыл ретінде.
Халық шаруашылығындағы маңызы.Ноғатықты азық-түліктік, мал азықтық және техникалық дақыл ретінде өсіреді. Ол асбұршаққа қарағанда ақуызға (белок) бай, бірақ оған пісірілуі мен дәмдік сапасынан аздап жол береді. Ноғатықтың тұқымдары жоғары қоректілігімен бағаланады: белоктық заттар - 23-34 %, көмірсулары - 24-45%, май - 0,5-0,7%, күл - 2,5-3%,және клетчатка - 4,0-4,5%; олардан жарма, консерві, ұн, крахмал дайындалады. Ноғатық жоғары ақуызды мал азықтық дақыл: одан құрама жемазық, жасыл балауса, сүрлем, пішен, пішендеме дайындалады. Мал азықтық мақсатқа сұлы, асбұршақ, күнбағыс және басқа дақылдармен қоспа түрінде өсіріледі; оның пішенінде 10-11% қорытылатын протеин (ақуыз) болады. Ноғатық тұқымынан өсімдік казеині (желімдік материал) өндіріледі, ал ол өз кезегінде фанера, пластмасса, мата өндірісінде қолданылады. Оның үстіне ноғатық бал әкелетін өсімдік және көптеген дақылдарға жақсы жақсы алғы дақыл. Оны сидерат ретінде де өсіруге болады. Ноғатық дақылы аурулар мен зиянкестерден аз зардап шегетіндіктен оның шаруашылық құндылығы арта түседі. Ноғатықтың тағы бір ерекшелігі- ол астық жемірлерімен мүлде жарақаттанбайды десе де болады- улы химикаттармен егістік өңделмейді, оның үстіне астығын газациялаудың қажеті жоқ, өйткені онда зиянкестер болмайды.
Ноғатықтың шыққан жері - Оңтүстік Батыс Азия, ал ірі тұқымдылары - Жерорта теңізі орталығы.
Масақты дақылдардың дәнінен ноқаттың дәнінің айырмашылығы оның құрамында адам және жануарларға қажетті аминқышқылдардың бәрі бар және де бұршақ тұқымдастар дәнінде олардың тағамдық, әрі азықтық қасиетін арттыратын түрлі A, B B., С т. б. Витаминдері бар.
Оны тамаққа, малға жем есебінде пайдалануға болады. Сондай-ақ, көк бұршақ консервісі шығарылады, басқалай да жолмен тамақ өнеркәсібінде көп қолданылады. Ноқат ұны күнделікті тамаққа пісіріліп те, қуырылып та пайлаланылады. Ноқатты өсіретін аймақтарда оны азық-түлікке және мал азығына кеңінен пайдаланады, сонымен бірге консерві, макарон және кондитер өнімдерін өндіруде шикізат ретінде де колданады. Нан пісіруде, кондитер және макарон өнімдерін дайындағанда бидай ұнына ноқат ұнын араластырғанда (10-20%) аталған өнімдердің қоректілігі мен дәмдік қасиеттерін арттырады. Диета сақтау, балалалар тағамы және халуа жасау үшін тағамның түр-түріне қосып пайдалануға әбден болады. Ноқат ұны медицинада асқазан ауруларына көп жәрдемдеседі. Ал мал шаруашылығында ноқат жоғары ақуызды қоспа түрінде қолданылады. Сауын сиырының сүтін, сүттің майлылығын көбейтуге,жас төлдің, бордақыға қойылған малдың салмағын арттыруға, қойдың жүні мен салмағын өсіруге бірден-бір керекті мал азығы. Ноқаттың ашық түсті сорттары азық-түлікке, ал қоңыр тұқымдары- мал азығына пайдаланылады. Ноқаттың көк балаусасын мал (қойдан басқасы) онша жемейді, өйткені оның өсімдіктерінің құрамында қымыздық және алма қышқылдары болады. Ноқаттың 100 кг дәнінде 115,3 а.ө. және 16,5 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде- 57,2 а.ө. және 9,8 кг қорытылатын протеин болады. Ноқатта адамға және мал организіміне өте қажетті амин қышқылдары мөлшері (тиразин, триптофан, лизин т.б.) жөнінен басқа бұршақ дақылдарынан кем түспейді.
Биологиялық ерекшеліктері. Ноқат асбұршаққа қарағанда жылуға жоғары талап кояды, әсіресе гүлдену және пісу кезеңдерінде, бозқырауға төзімді.
Ноқаттың тұқымдары 3-4°С температурада өне бастайды, оңтайлы температура 16-18°С, мұндай температурада оның егін көгі 9-10-тәулікте пайда болады, орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді температура жиынтығы 1500-1700°С. Ноқаттың егін көгі 9-11°С бозқырауды көтеруге қабілетті, ал ересек өсімдіктері күзгі 7-8°С аязды көтере алады. Бұл дақылды Өзбекстан мен Тәжікстанда күзге салым себеді, өсімдіктері - 25°С-ға дейінгі аязды көтере алады.
Ноқат тұқымдарының бөртуі мен өнуіне өз массасының әртүрлі мөлшеріндегі суды (110-120%) қажет етеді, ал бұл олардың мөлшері мен химиялық құрамына байланысты. Басқа дәнді бұршақ дақылдарымен салыстырғанда ноқат қуаңшылыққа жоғары деңгейде төзімділігімен ерекшеленеді. Оның қуаңшылыққа жоғары төзімділігі өсімдік тканіндегі көп мөлшерде байланысқан судың болуымен және жасуша шырынының жоғары осмостық қысымымен түсіндіріледі. Қуаңшылық кезеңде ноқат өсуін тоқтатады, қолайлы жағдайлар қалыптасқанда оны жалғастырады. Ылғалмен салыстырғандағы киын-қыстау кезеңі-бүрлену және гүлдену кезеңдері, басқаша айтқанда пәрменді өсу кезеңінде.
Ноқат топыраққа жоғары талап қоймайды, мұның өзі оны Қазақстанның барлык топырақ аймақтарында өсіруге мүмкіндік береді. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі болғаны жөн. Ноқатқа жарамдылығы шамалы топырақтарға ауырсаздақты, қышқыл батпақтанған топырақтар жатады. Ноқат астығының сапасын арттыратын негізгі фактор - қоректену элементтері азот, фосфор, калий. Оларды өсімдіктер көп мөлшерде сіңіреді. Қоректену элементтерімен салыстырғандағы ноқаттың қиын-қыстау кезеңі - бұтақтану және бүрлену.
Сорттары: Юбилейный- Рессейдің Краснокут селекциялық стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімді, шашылмайды, жапырылмайды. 1000 тұқымның массасы 260-315 г. Ақмола, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Краснокутсий 123. Ресейдің Краснокут селекциялық стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 256-330 г. Солтүстік Қазақстан. Шығыс Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Камила 1255. В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Өзбекстанның астық ҒЗИ бірігіп шығарған. Вегетация кезеңінің ұзақтығы тәлімі жерлерде 100 тәулік, суармалыда - 120 тәулік, жапырылмайды. Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген.
Красноградский 4. Ресейдің Красноград тәжірибе стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, кұрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 260-270 г. Қарағанды облысында өсіріледі.
Өсіру технологиясы.Ноқатты Қазақстанда негізінен суарылмайтын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz