Селекциялық ауыспалы егістер


Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Сорт сынау әдістері мен техникасы
2. 2. Мемлекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір- бірінен айырмашылығын білу маңызды.
Өсімдіктерді жүйелеуде форма және сорт бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады. Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды атайды. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған.
Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми - зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық - биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді. Өздігінен және айқас тозаңданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитті (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Сорттың өнімділік сапасы егістікті тек қана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байқалады. Егістік материалдың құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады.
Сорт сынау әдістері мен техникасы
Егер селекциялық-тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі мен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекеттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Кейінгі жыл - дары өзіндігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының (өлкесінің) селекциялық-тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілері мен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады: өнімнің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті (озық) технология бой - ынша егіп-өсіруге жарамдылығы.
Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми-зерттеу (оригинатор) мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен бір-екі жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша мемлекеттік сорт сынауға береді. Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде белгіленген үлгі бойынша оған сипаттама (бейнелеу) ұсынылады, онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі.
Тұқым шаруашылығы ауылшаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттар мен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасыз етумен қатар, тұқымдық дәннің сорттық билогиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылыгы өндірісінің негізгі бір саласы. Тұқым шаруашылығы бір бірімен тығыз байланысты екі міндетті атқарады.
1. Біріншісі, белгілі бір аймаққа енгізілген жаңа сорттың жоғары сапалы тұқымын қажетті мөлшерге дейін көбейту. Бірақ жалпылама көбейтудің нәтижесінде және сортты ұзақ пайдаланудың әсерінен, олардың өнімділігі азаяды.
2. Екінші міндеті - аудандастырылған өндірістегі сорттық тұқымның сапасын сақтау. Сондықтан тұқым шаруашьшыгында сорт алмастыру және сорт жаңарту қызметтері жүргізіледі.
Сорталмастыру - мемлекеттік сынақтың қорытындысы бойынша өндірістегі ескі сортты өнімділігі мен сапасы жоғары жаңа сортпен алмастыру.
Сортжаңарту - сорттық биологиялық касиеттері төмендеген тұқымдарды сол сорттың жаңа тұқымдарымен алмастыру.
Сорт шығару процесінде сорт сынаудың үш түрін қолданады: конкурстық, өндірістік және арнайы.
1. Конкурстық сорт сынау. Тексеру питомнигінде сыналатын нөмірлердің жиынтығындағы ең жақсылары ғана сорт сынау конкурсына түседі. Мұнда оларға шаруашылық-биологиялық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы бойынша негізгі баға беріледі, оларды өзара және селекциялық тәжірибе мекемелерінің басқа да ең жақсы сорттарымен салыстырады. Конкурстық сыннан өткен, бақылаушы сорттармен және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің ең жақсы сорттарымен салыстырғанда даусыз енімділік басымдылығын көрсеткен аталған аймақ үшін құнды болып есептелетін нөмірлер сорттар атауын алады және мемлекеттік сорт сынауға беріледі.
Конкурстық сорт сынауда әдетте 10-20 сортты егеді. Селекция және генетика институты мен Краснодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында күздік бядайдың 40-50 және одан да көп сорттарын сынайды. Бірсыпыра селекция орталықтары перспективалық нөмірлер көп болған кезде конкурстық сорт сынаудың екі түрін жүргізеді: бірінші және екінші. Тұқым себуді аспалы СН-16П және ССФК-7М трактор тұқым сепкіштерімен, сондай-ақ өндірісте қабылданған, себу нормасы бар 13 қатарлы «Саксония» тұқым сепкішімен жүргізеді. Қағида бойынша қайталану алты дүркін, кейде төрт дүркін, дәнді дақылдар үшін мөлдек көлемі 25-50, кейде 10, отамалы дақылдар үшін 150-200 шаршы метр. Бақылаушы сортты 5-10 сорттан кейін себеді. Өнімді бастыруға шағын габаритті комбайндарды пайдаланады.
Конкурстық сорт сынау нәтижелері міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізіледі. Онда дисперсиялық талдау әдісі жиі қолданылады. Тәжірибе дәлдігі мен сорттар арасындағы өнімділік жөніндегі жеке айырмашылықтар мәнінің сипаттамасы үшін мыналарды есептейді: орташа қорытылған қатені - SХ ; орташа салыстырмалы қатені (тәжірибе дәлдігі) - SХ %; айырым қатесін - Sd. және ең кіші маңызды айырмашылық дәрежесінің 5%-і үшін - НСР05.
Ең кіші маңызды айырмашылық НСР мөлшері бойынша барлық сыналатын сорттарды үш топқа бөледі. Бірінші топқа стандартты өнімділігі бойынша ең кіші НСР маңызды айырмашылық мөлшерінен артықтау сорттар кіреді, екінші топқа өнімділігі стаңдарттан ең кіші маңызды айырмашылықтың ± шегінде ауытқитын НСР сорттар, ал үшінші топқа онымен салыстырғанда тым төмен өнім беретін сорттар енеді.
Өндірістік сорт сынауды мемлекеттік сорт сынауға беруге белгіленген ең жақсы перспективалық сорттарды шаруашылық жағынан бағалау мақсатымен жүргізеді. Қағида бойынша перспективалы және ең жақсы аудандастырылған екі сортты салыстырады. Оларды осы аймақтың өндірістік егісіне ұқсайтын бірлық жағдайларды сақтай отырып, екі қайталаумен көлемі 1-2 гектардан мөлдектерге себеді.
2. Арнайы сорт сынау. Сорттарды әдеттегі жағдайларда сынау кезінде толық мәнінде көрінбейтін белгілері бойынша бағалау қажет болатын жағдайлар жиі болып тұрады немесе өсірудің ерекше жағдайларының сорттарға әсері жөнінде сипаттама беру талап етіледі. Ондайда арнайы сорт сынауды ұйымдастырады. Олардың негізгі түрлері: 1) әр түрлі агрофондарда сорт сынау; 2) динамикалық сорт сынау; 3) экологиялық (аймақтық) сорт сынау,
3. Әр түрлі агрофондарда сорт сынау. Сорттарға суланды рудың әсерін анықтау және осындай жағдайларда егіп-өсіру үшін олардың ең жақсыларын бөлу мақсатында арнайы іріктелген сорттардың жиынтығын суару кезінде және суарусыз (тәлімі жер жағдайларында) кезінде салыстырады. Әр түрлі сорттар тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолдануды бірдей сезінбейді. Мысалы, Краснодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтындағы тәжірибелердің бірінде Новоукраинка 83 күздік бидай сортының өнімділігі тыңайтқышсыз 1 гектардан 2, 94 тонна болды, ал минералдың тыңайтқышты толық енгізген кезде (азот, фосфор, калий 45 кг-нан) 1 гектардан 3, 87 тонна өнім алынды, яғни 1 га жерден 0, 93 тонна қосымша өнім алынды. Осындай жағдайларда Безостая 1 сортының өнімділігі 3, 2-ге сәйкес және 1 гектардан алынған өнім 5, 42 тоннаға теңеседі, демек 1 гектардан 2, 22 тонна қосымша өнім алынады. Безостая 1 сортының жоғары өнімділігі тек қана арнайы сорт сынау жағдайларында - тыңайтқыштардың жоғары нормаларын енгізген кезде айқындалуы мүмкін екендігі анық. Таза және екпе пар бойынша күздік бидай сорттары сепкен кезде оның өнімділігін анықтау жиі талап етіледі, ал Сібір мен Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидай сортының өнімділігі пар және сүдігер бойынша егіп-өсірген кезде анықталады. Онда әр түрлі алғы дақылдар бойынша арнайы сорт сынау жүргізіледі. Сонымен сорттар айырмашылықтарын өнімділігіне, тат ауруына тезімділігі мен дәнде белок жинау қабілеттілігіне және тағы басқаларына қарап анықтайды. Дон ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының селекция орталығында Зерноградка 2 және Роставчанка бидайларының сорттарын таза парға егіп, оларға 3 жыл бойына қыс кезінде сынау жүргізілді. Зерноградка 2 сортының өнімділігі 2 жыл ішінде орта есеппен 8, 35 болды, ал Роставчанка сортының өнімділігі 1 гектардан 6, 84 тонна, яғни 1 гектардан 1, 51 тоннаға кем болды. Интенсивті Зерноградка 2 түрінің 2 сорты таза парға егіп-өсіруге ұсынылған. Осы институттың тәжірибелерінде жүгеріден кейін күздік бидайдың жартылай интенсивті Донская деп аталатын жартылай аласа түрін сепкен кезде, ол анағұрлым жоғары өнім берді. Ол парсыз алғы дақылдар егісіне сәйкес себуге ұсынылған. Осы мәліметтердің негізінде тиісті аймақтарда перспективалы және аудандастырылған сорттардың барлық мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ететін тәсілдерді жасайды.
4. Динамикалық сорт сынау. Кейбір дақылдардың (картоп, сұрлемдік жүгері, азықтық тамыржемістер және шөптер), тек қана жалпы өнімді емес, сонымен бірге өсіп-өну кезеңі ішінде оның қорлану барысын да анықтау қажет болады. Сөйтіп, картоптың ерте пісетін сорттарының арасында өнім жинаудың ең ерте мерзімі кезінде ең жоғары өнім беретін сорттар айрықша құндылық керсетеді. Орталық және солтүстік аудандар үшін жүгерінің селекциясы кезінде өсіп-өну кезеңі бойынша әр түрлі будандардық құрғақ заттарының қорлану динамикасын білу өте маңызды. Бұл үшін динамикалық сорт сынауды қолданады, онда сорттар мен будандардың өнімділігін егін жинаудың әр түрлі мерзімдерінде анықтайды. Оны белгіленген күннен немесе кезеңнен бастайды және белгіленген күндердің бірінде бірнеше мерзімде жүргізеді. Осыған байланысты динамикалық сорт сынау мөлдегінің көлемін әдеттегімен салыстырғанда 1, 5-2 есеге ұлғайтады.
5. Экологиялық сорт сынау. Экологиялық жағдайларда ерекшеленетін ең қүнды жаңа сорттарды жан-жақты және теа бағалау үшін, оларды алмастыру тәртібімен басқа ғылыми-зерттеу мекемелеріне жібереді. Әдетте мүндай сорттарды конкурстық сорт сынауда себеді жәке онымен салыстыру үшін, осы аймақтағы жаңа сорттар мен аудандастырылған сорттарды қатарластыра себеді. Аймақтық сорт сынау нәтижелерін мемлекеттік сорт сынау жоспарын жасауға және әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі селекциялық жұмыстардың жай-күйін бағалауға пайдаланады. Сорт сынаудың бұл түрі үлкен ареалдарды иемденуге қабілетті экологиялық жағынан бір қалыпты сорттарды шығару үшін қажет.
Селекциялық ауыспалы егістер. Селекциялық танаптарда ауыспалы егістер белгіленген дақылдар алмасуын сақтайды. Селекциялық ауыспалы егісте барлық сорттар үшін өздерінің тұқым қуалаушылық мүмкіндіктерін толық көрсете алатындай қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Осы уақытта негізгі звенолардағы селекциялық ауыспалы егіс аталған аймақта қабылданған дақылдар алмасуына едәуір ұқсас болуы тиіс. Мысалы, егер күздік бидайды өндірістік жағдайларда көбіне қара пар бойынша сепсе, онда сорт сынау да осындай жағдайларда жүргізілуге тиіс. Бұл дақылды екпе пар бойынша егіп-өсіретін аудандардағы селекциялық ауыспалы егісте оның сортын сынауда осыған ұқсас алғы дақыл арқылы жүргізу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz