Пиджак жағаларын дайындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢМ.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІКОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Көркем еңбек және дизайн ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Астарлы бұйым бөлшектері мен түйіндерін өңдеу әдістері

0104000 - Кәсіптік білім беру
(мамандығы)
0104023 - Өндірістік оқыту шебері, техник технологы
(біліктілігі)

КБ-Б-19 топ студенті: ... ... ... ... ... ... ... .. Ж.Молдашова
(қолы)
Пән оқытушысы: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Г..Тойман
(қолы)

Қызылорда, 2021-2022 жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Астарлы бұйым бөлшектері мен түйіндерін өңдеу және оның міндеті мен реттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3. Техникалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
II. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Алдыңғы бой мен артқы бойды бастапқы өңдеу және қалыптау ... ... ... ... 7
2.2. Алдыңғы бой мен артқы бойды біріктіру және бұйым етегін өңдеу ... ... ..8
2.3. Жаға, жең, қондырма жеңді өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.4. Қалта, қиық, бүкпе, өңірлерді өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.5. Астарды, жылулық ішікті және оларды бұйыммен біріктіру және соңғы әрлеуден өткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
ІҮ.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

КІРІСПЕ
Тігін өнідірісі халықты сәнді әрі ұнамды киіммен қамтамасыз етуі керек.Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі - әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады.
Киімнің жоғары сапасы бәрінен бұрын қолданылатын материалдардың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына, модельдің көркемдік бейнесін және конструкциясын, дайындау технологиясын жетілдіруіне байланысты болады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардан басқа, халықтың жеке тапсырыстары бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар киім дайындаумен айналысады. Жаппай өндірісте киім шығаратын кәсіпорындарда техника мен технологияның, өндіріс ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып келеді. Сондықтан осы кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандарға жоғары талаптар қойылады. Тігін өндірісінің технологиясы жаңартылып, жаңғыруда, оның тиімділігі арнайы машиналар мен ылғалды-жылумен өңдеуге арналған жабдықтарды қолдануына байланысты.
Киім ассортименті өте кең болса да оларды әзірлеу үрдістерінде көптеген ұқсастықтар байқалады. Сондықтан киім әзірлеу үрдісін бөлшектер мен түйіндерді өңдеу және оларды жинақтау тұрғысынан қарастырған дұрыс.
Әр киімнің өңделуі жеке бөлшектер мен түйіндердің өңделуінен және олардың жинақталуынан тұрады.Ол материалдардың тиімді қолданылуын және киім пішімін адам денесіне қонымды болуын көздейді. Сондықтан киім бөлшектерінің бірігіп өңделуі және сапалы болуы киім әзірлеу барысында ең жауапты жұмыстардың бірі болып табылады. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралында киімді түйіндік өңдеудің кеңінен қолданылатын және жаңа түрлерінің сипаттамалары беріледі.
Нарық еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік және теориялық білімді, іске шығармашылықпен қарауды талап етеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Астарлы бұйым бөлшектері мен түйіндерін өңдеу және оның міндеті мен реттілігі
Пальто, плащ, куртка, пиджак, жакет және жилет сияқты киім түрлерінің, әдеттегідей, астары бар. Бұл бұйымдарда, сонымен қатар, пішіні мен өлшемдері бойынша әртүрлі, әртүрлі материалдардан жасалатын және бұйымның беткі жағына бекітілетін іштіктер қолданылады. Іштіктер бөлшектер мен бұйымның пішінін жасау және бекіту үшін, бірқатар жағдайларда киімнің жылу сақтағыш қасиеттерін жақсарту үшін қызмет етеді. Астар бұйымның ішкі жағын жаба отырып, бұйымның осы жағында орналасқан барлық бөлшектерді де жауып тұрады. Шалбарлар, белдемшелер мен көйлектер астармен жасалуы мүмкін. Бұл бұйымдарда астар киімді созылып кетуден, мыжылуда сақтайды, сондай-ақ негізгі материалдың артық ашықтығын азайтуға мүмкіндік береді. Астарлы бұйымдарды дайындау кезінде қасиеттері бойынша әртүрлі материалдардың бірнеше түрін пайдаланады: негізгі, астарлы, іштік, жылулық. Бұл ретте пішім бөлшектерінің саны көбейеді. Бұйымның беткі жағында орналаспайтын кейбір бөлшектерді (мысалы, астыңғы жаға, қалта астары, қалпақша астары және т.б.) көбінесе негізгі емес материалдан пішеді. Бірқатар бөлшектерді қатырмалайды, ылғалды жылумен өңдеу үшін арнайы жабдықта қалыптаудан өткізеді. Астарлы бұйым бөлшектерінің қиықтарын, әдеттегідей, жиектеп торламайды. Бұл қатарға тез сетінегіш матадан жасалған, сондай-ақ етегі бойынша ашық астарлы бұйымдар жатпайды. Астар мен жылулық іштік бөлшектерін қосымша өңдеу, оларды кейіннен бұйыммен біріктіру киім жасауға жұмсалатын уақыт шығындарын ұлғайтады, бұйым дайындауды қиындатып, қымбаттатады. Жалпы астарлы бұйымды өңдеу мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:
■ бөлшектерді қатырмалау;
■ ұсақ бөлшектерді өңдеу;
■ алдыңғы бой мен артқы бойды бастапқы өңдеу;
■ қалталарды өңдеу;
■ түймеліктерді өңдеу;
■ алдыңғы бой мен артқы бойды бүйір, иық қиықтары бойынша біріктіру;
■ бұйым етегін өңдеу;
■ жағаны өңдеу және оны бұйыммен біріктіру;
■ жеңдерді өңдеу және оны бұйыммен біріктіру;
■ астарды, жылулық іштікті өңдеу және оларды бұйыммен біріктіру;
■ бұйымды соңғы өңдеу. Модель мен бұйым түріне байланысты бөлшектер мен түйіндерді өңдеу реттілігі өзгеруі мүмкін.

1.2. Қауіпсіздік ережелері
Қол инесімен жұмыс:1.Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек.2.Инені киімге қыстыруға болмайды.3.Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.4.Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.5.Инені тістеп отыруға болмайды.6.Инемен ойнап отыруға болмайды7.Инені пердеге көйлекке қыстырып кетуге болмайды.Қайшымен жұмыс:1.Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.2.Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.3.Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды5.Қайшының ұшын жоғары көтерме6.Қайшылар өткір болуы керек және жабық сақталғаны жөн.Үтікпен жұмыс:1. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген желінген жерлерін тексеру керек2.Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек3.Үтікті тек тұтқасынан ұстаған дұрыс.4.Үтікті арнайы тіреуішке тіреу керек5.Үтікті тек мұғалімдердің рұқсатымен токқа қосуға болады6. Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды.Тігін машинасы:1. Машинаның айналатын бөлшектеріне шам ілініп кетпеуі үшін шашыңды жинақы ұстау немесе басты орамалмен байлап алу керек2. Тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды ине сынып кетуі мүмкін3. Жұмыс кезінде машина табанының астында бөгде заттар қайшы, оймақ және т. б. болмауы керек4. Тігін машинасында жұмыс істеу кезінде қозғалыстағы бөлшектерге жақын еңкеюге болмайды5. Тігу барысында жарық алдыңнан немесе сол жағыңнан түсуі керек6. Тігін тігушімен машинаның арақашықтығы 10 - 15 см болуы керек7. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек8. Тетікті орнатқан кезде аяқты табанға басып тұруға болмайды9. Машинаның инесіне жіпті өткізгенде аяғыңды табаннан алып тастау керек10. Машина табанының астына матаны бекітпей оны оралған жібімен жүріске жіберуге болмайды
1.3. Техникалық талаптар
Технологиялық процестерге қойылатын негізгі қауіпсіздік талаптары: дайын өнімдерімен, өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеушілердің тікелей байланыста болуын жою; қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болуымен қатысты технологиялық процестер мен операцияларды ауыстыру; процестерді қашықтан басқаруды қолдану; құрал-жабдықтарды герметикаландыру; жұмыс істеушілердің ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.Өнімге қойылатын талаптардың осы кешенін қанағаттандыру, ең алдымен, ол жасалған материалдардың қасиеттерімен қамтамасыз етіледі. Өнімнің эстетикалық қасиеттері қолданылатын материалдардың түс схемасына, сипаты мен құрамына, өнімнің элементтерінің түсі, пішіні мен құрамына байланысты. Өнімнің мақсатына сәйкес Материалды дұрыс пайдалану өте маңызды, пальтодың негізгі материалы көркемдік және колористикалық дизайнға, құрылымы мен безендірілуіне сәйкес - заманауи сән бағытына сәйкес келуі керек. Бұйымның конструкциясы оның адам фигурасына дұрыс қонуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, өндірістің дәлдігі мен мұқияттылығы және әдемі көріністі қамтамасыз ететін әрлеу сапасы маңызды. Өнім үйлесімді болуы керек, оның сыртқы түрі иесінің әйелдігіне сәйкес келуі керек, оған және айналасындағы адамдарға ұнайды.Киімге қойылатын технологиялық талаптар дегеніміз-бөлшектердің, түйіндердің және тұтастай алғанда бұйымдардың конструктивті шешімі, бұл дизайн және технологиялық дайындықтың минималды шығындарымен өндіріс ағындарын ұйымдастырудың ұтымды формаларында өндірістің ең прогрессивті әдістерін қолдануға мүмкіндік береді және нәтижесінде өнімнің жоғары өнімділігі мен минималды өзіндік құнын қамтамасыз етеді.өнімге қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

II. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Алдыңғы бой мен артқы бойды бастапқы өңдеу және қалыптау
Бөлшектерге көлемді пішін беру үшін оларды ЫЖӨ-ден өткізеді, бұл процесте бөлшектердің жекелеген қиықтары мен бөліктерін жия үтіктейді немесе созады. Қалыптауды көлемді жастықшалары бар баспақта немесе үтіктің және арнайы қалыптардың көмегімен жүзеге асырады. Жұқа материалдардан жасалған бұйымдарда симметриялық бөлшектерді беткі жақтарын ішке қаратып қойып, бір мезетте өңдейді. Қалың материалдардан жасалған бөлшектерді жеке-жеке қалыптайды. Созу мен жия үтіктеуді жүргізу қажет бөлшек бөліктері мен қиықтарды, сондай-ақ созу мен жия үтіктеу дәрежесін бұйым конструкциясы анықтайды. Жұмсақ көлемді пішінді бұйымдарда бөлшектерді қалыптауды мейлінше қысқартады. Қынама силуэтті бұйымдарда бөлшектерді айтарлықтай көп дәрежеде жия үтіктейді және созады. Жалпы алдыңғы бойда бүкпе ұштарындағы босаң жерді, әйелдер киімінде кеуденің ең шығыңқы нүктелерінің деңгейіндегі бүйір бөлігін, ерлер киімінде іштің ең шығыңқы нүктесінің деңгейіндегі бүйір бөлігін, мойын ойындысының қиығын, қолтық ойындысының астыңғы бөлігін жия үтіктейді. Алдыңғы бойда бүйір қиық, бедерлі қиық және бел деңгейіндегі бүкпе бөліктерін толық тегістегенге дейін созады (3.3-сурет, а - в). Артқы бойда бүкпе ұштарындағы босаң жерді, иық қиығын, қолтық ойындысының астыңғы бөлігін, жауырынның ең шығыңқы нүктелерінің деңгейіндегі ортаңғы қиық

бөлігін, жауырын астында бел тұсындағы босаң жерді жия үтіктейді. Артқы бойда бүйір қиық, бедерлі қиық, бел деңгейіндегі ортаңғы қиық бөліктерін толық тегістегенге дейін созады (3.3-сурет, г, д).

2.2. Алдыңғы бой мен артқы бойды біріктіру және бұйым етегін өңдеу
Алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір қиықтарын қолтық
ойындысының қиықтарынан бастап артқы бой жақтан сырып тігеді. Ол үшін сырып тігілетін материалдардың бірін қондыруды реттеуге мүмкіндік беретін арнайы машинаны пайдаланады. Бұл артқы бойды қолтық ойындысының астында ұзындығы 80...10 мм бөлікте 5...7 мм-ге қондыруды және алдыңғы бойды бүйір қалталары тұсында 3...5 мм-ге қондыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы жабдық болмаған жағдайда бүйір қиықтарды алдын ала көктейді. Сырып тіккеннен кейін тігістерді айыра үтіктейді. Пальто мен
костюм дайындау кезінде бүйір тігістер мен артқы бойдың ортаңғы тігісін қатар айыра үтіктеу ең технологиялық жол болып табылады. Бұл операцияны арнайы жастықшалары бар баспақта және тігіс қосымшаларын алдын ала жаю үшін қажетті үтіктермен орындауға кеңес беріледі. Қынама силуэтті бұйымдарда бүйір тігістерді екі рет айыра үтіктейді: әуелі қолтық ойындысынан бастап белге дейін, одан кейін етектен белге дейін. Бел тұсындағы тігіс қосымшасы айыра үтіктеу кезінде керілген болмауы тиіс.
Бүйір қиықтарды біріктіріп, өңдегеннен кейін дәлдейді және бұйым етегінің сызығын кеседі. Ол үшін бұйымды артқы бойдың ортасына ішкі жағын ішке қаратып қояды және үстелге астыңғы қиығын жұмысшыға қаратып жаяды. Бүйір тігістерді, иық қиықтарын, қолтық пен мойын ойындысының қиықтарын және бүйір шеттерін сәйкестендіреді. Етек сызығы мен тілік сызығынкөмекші лекалоны пайдалана отырып бормен жүргізеді. Белгіленген
сызық бойынша үстелге айналдырылып жайылған бұйым етегін кеседі.
Астыңғы жастықшасында ернеуі бар, ал үстіңгі жастықшасында ойығы бар арнайы баспақ болған жағдайда, бүгілу сызығын қыспақтау арқылы белгілейді. Астарлы бұйымдарда бұйым етегін көбінесе бүктеме - ашық,
жиектік не шеттік қиықты тігістердің бірімен өңдейді. Етектің бүгілу қосымшасы бүгіп тігілуі, тік тігіс қосымшаларында қосарлы екі тігіммен бекітілуі немесе арнайы машинада не қолмен жасырын инешаншыммен тігілуі мүмкін. Қайырма тігімді етектің бүгілу қосымшасының қиығын бойлай немесе одан 10...15 мм-де орналастырады. Бұйым етегін бүгіп тіккен кезде тігім әрлегіш тігімнің рөлін атқарады және оны бұйымның беткі жағынан салады. Пальтода, пиджакта, плащта бұйым етегінің бүгілу қосымшасын желімдік таспа, желімдік өрмек, желімдік жіп арқылы желімдік
тігіммен бекітуге болады, оларды етектің бүгілу қосымшасы мен бұйымның арасына салады, одан кейін бұйым етегінің бүгілу қосымшасын бұйымның ішкі жағынан баса үтіктейді. Тез сетінегіш маталардан жасалған бұйымдардың етегі, егер машинада жіптердің бірін желімдік жіппен алмастырса немесе желімдік өрмектің не желімлік тордың кесіндісін етектің бүгілу қосымшасының астына салса, жиектеп торлануы мүмкін. Одан
кейін етектің бүгілу қосымшасын бір инелі тізбекті инешаншымдық
арнайы машинада бүгіп көктейді және баспақта баса үтіктейді.
Бүгіп көктеу жіптерін алып тастайды. Аз сетінегіш маталардан жасалған бұйымдарда желімдік өрмекті
не желімдік торды етектің бүгілу қосымшасына қиықтан 2...5 мм арақашықтықта салады. Желімдік материалдарды сырып тігу машинасында қосып тігеді. Етек қиығын арнайы машинада етектің бүгілу қосымшасы
бойынша қиықтан 3...5 мм арақашықтықта салынған желімдік таспа
арқылы да желімдеуге болады. Сиретілген құрылымды маталардан жасалған бұйымдарда, сондай-ақ алдыңғы бой мен артқы бойлары қиғаш пішілетін
бұйымдарда желімдік іштікті орнықтылық үшін және кию процесінде пішін өзгертуден сақтау үшін бұйым етегі бүгілісінің бүкіл ені бойынша қояды. Қосып тігілген астарлы бұйымдарда бұйымның бүгіп көктелген және баса үтіктелген етегін соңғы бекітуді астарды қосып тіккеннен кейін орындайды. Бұйым етегі астарды қосып тіккенге дейін салынған әрлегіш тігіммен де
бекітілуі мүмкін.Егер модельмен қарастырылса, куртка сияқты бұйымдарда
бұйым етегін астарды бұйыммен біріктіргеннен кейін қосып тігілген белбеумен өңдейді. Белбеу мен белбеу астарын астар астымен біріктірілген бұйым етегіне қосып тігеді. Ол үшін белбеу мен белбеу астарының қиықтарын ішке қарай бүгуге арналған құрылғысы бар сырып тігу машинасын пайдаланады. Иық қиықтарын артқы бой жақтан көктейді. Бұл ретте мойын ойындысының қиығынан 15...20 мм тұста және қолтық ойындысының қиығынан 30...40 мм тұста бөлшектерді көктеуді қондырмасыз жүргізеді, ал қалған тұста артқы бойды қондырады. Қондырманы жия үтіктейді. Одан кейін иық қиықтарын алдыңғы бой жақтан сырып тігеді. Көктеген тігімді алып тастағаннан кейін иық қиықтарын арнайы жастықшалары бар баспақта айыра үтіктейді.
Иық қиықтарын алдын ала көктеместен сырып тігу үшін сырып тігілетін материал қабаттарының бірін қажетті қондыруды қамтамасыз ететін арнайы машинаны пайдаланады. Пиджактарда иық қиықтарын артқы бой жақтан ені 20 мм арқаужіпке 45° бұрышпен пішілген іштік мата кесіндісін сала отырып сырып тігеді. Кесінді ұштарын мойын мен қолтық ойындысының қиықтарына дейін 20...30 мм жеткізбейді.

2.3. Жаға, жең, қондырма жеңді өңдеу
Жағаларды өңдей отырып, астарлы бұйымдарды дайындаған кезде көбінесе мынадай реттілік сақталады: астыңғы жағаны өңдеу, үстіңгі жағаны өңдеу, үстіңгі жағаны астыңғы жағамен біріктіру. Одан кейін дайын жағаны бұйымның мойын ойындысымен біріктіреді. Бұйымның моделіне, түріне, пайдаланылатын материалдардың қасиеттеріне байланысты көрсетілген реттілік өзгеруі мүмкін. Астыңғы жағаны өңдеу кезінде оның қатырмаланған құрамды бөлшектерін - астыңғы жағаның қиылатын тіктемесі мен астыңғы
жағаны сырып тігеді. Сырып тігу тігісін бір инелі не екі инелі машинада айыра тігеді. Айыра тігу тігімдерінің арасындағы арақашықтық 4...8 мм. Айыра үтіктелген сырып тігу тігісінің ортасына екі параллель тігімнің орнына бір ирек тігім салады. Егер астыңғы жағаны тігіспен ортасынан пішсе, онда қалыңдығын кішірейту үшін әуелі астыңғы жағаның бөліктерін сырып тігіп,
сырып тігу тігісін айыра үтіктеген дұрыс, одан кейін барып астыңғыжағаны желімдік іштік материалмен қатырмалаған дұрыс. Қажет болған жағдайда астыңғы жағаны көлемді жастықшалары бар баспақта немесе үтікпен қалыптайды. Соңғы жағдайда әуелі тіктеме қиығын ортасынан бастап шеттеріне дейін, одан соң жаға қырының қиығын ортасынан бастап шеттеріне дейін созады. Тіктеменің бүгілу сызығы баса үтіктелуі мүмкін. Қалыптаудан кейін астыңғы жағаның контуры мен өлшемдерін дәлдейді, материалдың артық жерлерін кесіп тастайды. Үстіңгі жағаны келесідей дайындайды. Оны құрамды бөліктерден айыра үтіктеп, қайым тігіспен біріктіреді. Үстіңгі жағаның қиылатын тіктемесін қосып тігу тігісінің қосымшаларын тіктеме жаққа бағыттай отырып, айыра тігеді не бүгіп тігеді.
Жағаны қажет болған жағдайда тіктеме мен қыры бойынша созу арқылы қалыптайды. Дайындалған үстіңгі және астыңғы жағаларды ұштары мен
қыры бойынша, үстіңгі жағаның материалын бұрыштарда қондыра
отырып, жөрмеу тігісімен біріктіреді. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын бұрыштарда қияды, жағаны беткі жағына айналдырып, бұрыштарын түзейді. Үстіңгі жағаның матасынан қыры мен ойықтары бойынша жиектеме жасап, дайын жағаны баса үтіктейді. Егер модельмен қарастырылса, жағаның ұштары мен қырын арнайы ызбамен шеттіктейді. Әуелі үстіңгі және астыңғы
жағаларды теріс жақтарын ішке қаратып қояды да, олардың
қиықтарын ені 4...5 мм тігіспен сырып тігеді, одан кейін арнайы
құрылғысы бар машинада шеттіктейді. Өңделген жағаның тең шеттері, конструкцияда қарастырылған пішіні мен өлшемдері, симметриялы ұштары болуы тиіс, ал суреті бар маталарда суреттің симметриялығы сақталуы тиіс.
Өңірлермен тұтас пішілген жағаларды өңдеу кезінде әуелі астыңғы жағаны бұйымның мойын ойындысымен біріктіреді, одан кейін бүйір мен астыңғы жағаны үстіңгі жағамен тұтас пішілген өңірастылармен бір мезетте жөрмейді. Пиджак жағаларын дайындау. Астыңғы жағаны негізгі материалдан не фильцтен (инетесімді тоқылмаған материал) пішеді. Астыңғы жағаны негізгі материалдан ортаңғы тігіспен екі бөліктен пішеді, себебі астыңғы жағаның арқаужіптері раскеп қиығымен сәйкес келуі тиіс. Астыңғы жағаны фильцтен ортаңғы тігіссіз пішеді. Астыңғы жағаның негізгі материалдан пішілген бөліктерін ортаңғы тігіс бойынша сырып тігеді. Тігісті айыра үтіктейді. Одан кейін астыңғы жағаны мата негізіндегі желімдік материалмен қатырмалайды. Қатырмалағаннан кейін астыңғы жағаның пішіні мен өлшемдерін дәлдейді, материалдың артық жерлерін қиыптастайды. Астыңғы жағаны көлемді жастықшалары бар баспақта не
үтікпен қалыптайды. Қатырмаланған үстіңгі жағаның және үстіңгі жаға тіктемесінің өлшемдері мен пішінін дәлдейді, бормен жүргізілген сызық
бойынша қияды, қыр мен тіктеме қиықтарының бойымен бақылау белгілерін салады. Үстіңгі жаға тіктемесін үстіңгі жағаға ені 5...6 мм тігіспен қосып тігеді (3.10-сурет, а, 1-тігім). Қосып тігу тігістерінің қосымшаларын тігімдер арасы 2...4 мм болатын арақашықтықта айыра тігеді (2-тігім) немесе тіктемеге оның бүктелген шетінен 1...2 мм арақашықтықта бастырып тігеді (3.10-
сурет, б). Үстіңгі жағаны тіктемемен ішкі жағына бүктелген қиықтары бар, ені 7...10 мм түйіскен тігіспен де біріктіруге болады. Тігісті ені 2...4 мм ирек тігіммен орындайды (3.10-сурет, в). Біріктіру тігісін баса үтіктейді. Бұл ретте астыңғы жағада біріктіру тігісі бойынша тіктемені кейін бекіту үшін желімдік өрмек салуға болады. Ені 15 мм өрмекті тіктеменің астыңғы қиығынан 20 мм арақашықтықта салады. Үстіңгі жағаны өңдеуді оның контурын раскеп сызықтары бойынша дәлдеумен аяқтайды. Қажет болған
жағдайда материалдың артық жерлерін қиып тастайды. Үстіңгі жағаны қыры бойынша ішкі жағын астыңғы жағаның беткі жағына қаратып, жаға қырларының қиықтарының арасындағы арақашықтық 10 мм болатындай етіп, жапсырады. Кертпелерді сәйкестендіріп, үстіңгі жағаны қыр қиығы бойынша ені 2...4 мм ирек тігіммен бастырып тігеді (3.10-сурет, г, 3-тігім). Үстіңгі жағамен астыңғы жаға қырының қиығын бүктейді. Үстіңгі жағаның
ұштарын астыңғы жағаға қарай қайырады, оның ұштарының қиықтарын бүгеді және астыңғы жағада ирек тігіммен бекітеді (3.10-сурет, д, 4-тігім). Дайын жағаны баса үтіктейді. Үстіңгі жағаның ұштары астыңғы жағаңа қосып тігілуі мүмкін (3.10-сурет, е, 4-тігім), артынша тіктеменің астыңғы қиығын бойлай астыңғы жағаға бастырып тігілуі мүмкін (5-тігім). Үстіңгі жағақыры мен ұштары бойынша астыңғы жағамен жөрмелуі мүмкін.
Тері жағаларды өңдеу көбінесе негізгі материалдан жасалған жағаларды өңдеуді қайталайды. Айырмашылығы келесідей. Өңделген астыңғы жағаға теріге үлкен сәнділік беру үшін ватиннен жасалған іштік қояды. Іштік қиықтарын жағаның ішінде оның қиықтарынан 5...10 мм арақашықтықта орналастырады. Іштікті екі параллель жасырын инешаншымдық тігіммен бекітеді, олардың бірі қыр шетінен 30...40 мм, ал екіншісі одан 80...100 мм арақашықтықта орналасады. Кейде іштікті астыңғы жағаны қатырмаламас бұрын желімдік іштіктің желімсіз жағына бастырып тігеді. Тігімді ирек
бойымен ирек бұрыштарының арасында 35...40 мм арақашықтық-

пен салады. Ватиннің орнына синтепонды пайдалануға болады
Ұзын түкті және қатқыл былғары маталы тері жағаларға
арналған астыңғы жағаны астарсыз жасайды.
Тез сетінегіш материалдардан жасалған астыңғы жағаның қиықтарын жиектеп торлайды немесе шеттіктейді. Түкті жамылғысының ұзындығы әртүрлі және былғары матасының тығыздығы әртүрлі табиғи теріден жасалған үстіңгі жағаларды осы факторларды ескере отырып өңдейді. Әлсіз былғарыматалы жағаларды бөзден не коленкордан жасалған іштікпен
қатайтады, оны былғары матамен жасырын инешаншымдық машинада жаға тіктемесінің не қырының қиығына параллель, арақашықтығы 30...40 мм болатын бірнеше тігіммен біріктіреді. Қатайтқыш іштік ретінде төмен балқу температурасына ие, желімдік жабыны бар арнайы тоқылмаған материал пайдаланылуы мүмкін. Мұндай іштікті тері жағаның ішкі жағына үтікпен үтіктегіш беттің 80...90°С температурасы жағадйында бекітеді. Берік жіңішке былғары маталы жағаларда тіктемеге іштіктің орнына ені 15 мм коленкор кесіндісін, жиек немесе ызба қосып тігеді. Оның қиығын сәл тартып, жағаның мойын ойындысы қиығынан 3 мм арақашықтықта орналастырады.
Қой терісінен жасалған, берік былғары матасы бар жағаларда іштіктерді де, жиектерді де қолданбайды. Тері жағаларға пішінді бүкпелермен береді, оларды тілінетін етіп жасайды және іштікпен бірге біржіптік тізбекті инешаншымдық үлбір тігу машинасында не қолмен сырып тігеді. Үстіңгі тері жағаны астыңғымен біріктіруді, негізгі материалдан жасалған үстіңгі жағаны өңдеген кездегі сияқты, сырып тігу машинасында ұштары мен қырын жөрмеу арқылы орындайды. Жөрмеу кезінде үстіңгі жағаны бұрыштарда қондырады. Жөрмеу тігісінің ені 5...7 мм. Жөрмеу тігісті жиектемені бекіту үшін жөрмеу
тігісінің қосымшаларын астыңғы жағаға бастырып тігеді. Жағаны
беткі жағына айналдырып, жиектемені түзейді, жаға шетін айналдыра көктейді. Тері жағаны жөрмеуді біржіптік тізбекті инешаншымдық үлбір
тігу машинасында орындауға болады. Жағаны ұштары мен қыры
бойынша ені 3...4 мм тігіспен өңдейді, одан кейін беткі жағына айналдырады және жағаның шетін бөлшектердің қиықтары жағаның қыры мен ұшына қарай бағытталатындай етіп түзейді. Бұл ретте үстіңгі жағаның материалы астыңғы жағаның қиықтарын бүгеді. Жаға шетін айналдыра көктейді.
Жаға шетінің орнықтылығы үшін үстіңгі жағаны астыңғы жағаның іштігіне жаға қырының сызығын бойлай жасырын
тігіммен бекітеді. Үстіңгі жағаны астыңғы жағаға қыры бойынша ирек тігіммен бастырып тігуге, одан кейін жаға ұштарыг сырып тігу машинасында
жөрмеуге болады. Жөрмеу тігісінің ені 5...6 мм. Жағаны астарлы бұйыммен біріктіру. Әуелі үстіңгі жағаны раскеп сызығы бойынша өңірастымен біріктіреді. Біріктіруді қайым тігіспен айыра үтіктеп орындайды. Одан кейін қайым не жапсырма тігісті пайдалана отырып, астыңғы жағаны бұйымның мойын ойындысына қондырып тігеді.Қондырып тігер алдында жағаны бұйымның мойын ойындысына көктеп тігеді. Әуелі үстіңгі жағаны раскеп
сызықтарының бойымен өңірастыларға қосып көктейді, одан кейін
астыңғы жағаны бұйымның мойын ойындысына екі рет көктеп тігеді, әр жол жағаның ортасынан бастап оның ұштарына дейін орындайды және бақылау белгілерін сәйкестендіреді. Бұл ретте астыңғы жағаны иық тігістерінің үстінде ұзындығы 20...30 мм бөліктерде алдыңғы бой мен артқы бойдың мойын ойындысын қондырады, ал алдыңғы бойдың мойын ойындысын лацканның бүгілу сызығына дейін ұзындығы 30...40 мм бөлікте қондырады.
Қондыру дәрежесі бұйымның конструкциясы мен пайдаланылатын материалдардың қасиеттеріне байланысты. Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында жағаны көктеу операциясын орындамауға болады. Қайым тігісті пайдаланған кезде раскептерді біріктіруді (3.11- сурет, а, 5-тігім) және астыңғы жағаны қондырып тігуді (5а тігімі) сол жақ бүйірден бастап оң жақ бүйірде аяқтай отырып, бір тігіммен орындайды. Тігімді жаға жақтан салады. Тігіс ені 7...10 мм. Раскептерді сырып тігу тігістері мен астыңғы жағаны қондырып
тігу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді. Қондырып тігу тігісінің қосымшаларын жаға ұштарында кертеді. Қондырып тігу
тігісінің тігіміне дейін 1...2 мм қалдыра отырып, қондырып тігу тігісінің қосымшасынан астыңғы және үстіңгі жаға іштігінің артық жерлерін қиып тастайды. Раскеп тігістерінің айыра үтіктелген қосымшаларын астыңғы жағаны қондырып тігу тігісінің айыра үтіктелген қосымшаларымен сырып тігу машинасында (6-тігім), қол инешаншымдарымен немесе желімдік өрмекті пайдалану арқылы біріктіреді. Одан кейін үстіңгі жағаны тіктеменің бүгілу сызығы бойынша астыңғы жағаға көктеп тігеді, қосымшаны үстіңгі жаға тіктемесінің бүгілген жеріне бекітеді. Көктеуді қолмен не арнайы
машинада жүзеге асырады және бұйымды соңғы әрлегенге дейін қалдырады. Астыңғы жағаны мойын ойындысына қондырып тігу үшін жапсырма тігісті пайдаланған кезде әуелі раскеп сызықтары бойынша үстіңгі жағаны өңірастыларға қосып тігеді және, тігімдерді тоқтатпастан, астыңғы жағаны раскеп сызықтары бойынша бұйымның мойын ойындысына қондырып тігеді (3.11- сурет, б, 5-тігім). Бұйымның мойын ойындысын астыңғы жағаны
қондырып тігу тігімінің ұштарында кертеді. Тігіс қосымшаларын айыра үтіктейді. Одан кейін астыңғы жағаны бор сызығы бойынша мойын ойындысының қиығын 7...10 мм-ге жабыңқырап, бұйым мойын ойындысының шетіне жапсырады. Артқы бойдың ішкі жағынан астарлы мата кесіндісін салып, астыңғы жағаны көктейді. Бұл кесінді оған соңынан астарды үстіңгі жағаға қосып тігу тігісінің

қосымшаларын бекіту үшін қажет. Сонымен қатар, ол астыңғы жағаны қондырып тігу тігісінің беріктігін арттырады. Астыңғы жағаны көктегеннен кейін ені 2...4 мм ирек тігіммен қондырып тігеді (6-тігім). Өңірлерінің, жағасының және мойын ойындысы тұстарының шеттіктелген қиықтары бар бұйымдарда раскептерді сырып тігіп, айыра үтіктейді (3.11-сурет, в, 5-тігім). Астыңғы жағаны мойын ойындысының шеттіктелмеген бөлігіне ирек 6-тігіммен бастырып тігеді. Мойын ойындысының шеттіктелген бөлігін астыңғы жағаға түзу 7-тігімен бастырып тігеді, шеттік ызбаның ұшын астыңғы жағаның тілігі арқылы астыңғы және үстіңгі жағалардың
арасындағы кеңістікке салады. Соңғы бастырып тігу тігісінің ені
2...3 мм. Тері жағаларды бұйыммен келесідей біріктіреді. Әйелдер бұйымдарында астыңғы жағаны мойын ойындысына қайым тігіспен айыра үтіктеп қондырып тігеді. Раскеп сызығы бойынша үстіңгі жағаны өңірастыларға ирек тігіммен бастырып тігеді, кейде сырып тігу машинасында қосып тігеді. Теріден жасалған шәлі жағалардың немесе тері лацкандардың ішкі қиықтарын ирек тігіммен бастырып тігеді. Тері жағалы ерлер бұйымдарында астыңғы жағаны ирек тігіммен бастырып тігеді, ал соңынан, бұйымды астармен біріктіргеннен кейін, үстіңгі жағамен бұйымның мойын ойындысы мен астарының қиықтарын жауып және бұл қиықтарды тігіммен бекіте отырып, үстіңгі жағаны бастырып тігеді. Кез келген тері жағаны бұйыммен біріктіруді үстіңгі жағаны астыңғы жағамен үш тігіммен - жағаның ортаңғы сызығы бойынша бір тігіммен және оған параллель, бірінші тігімнен 100...120 ммарақашықтықта салынатын екі тігіммен қосымша бекіту арқылы аяқтайды. Тігімдерді астыңғы жаға жақтан қолмен жасырын
инешаншымдармен орындайды. Шәлі жағаларда бекітуді лацкандарда жүзеге асырады. Астарлы бұйымдарда жеңдерді өңдеу жең бөліктерін қатырмалаудан, бүкпелерді, тілікшелерді сырып тігуден, жең бөлшектерін қалыптаудан, жең бөліктерін біріктіруден, астыңғы қиық пен жеңтүп қиығын өңдеуден тұрады. Операцияларды орындау реттілігі мен олардың маңызы жең пішімі мен моделіне, сондай-ақ пайдаланылатын материалдардың
қасиеттеріне байланысты болады. Қондырма жеңдерді өңдеуді жең бөліктерін қатырмалаудан бастайды (3.1-сурет, е, ж, к, л), ол 3.2-бөлімшеде сипатталған. Пиджактың жеңін мынадай бөліктерде желімдік іштіктермен
қатайтады: жең аузының бүгілу қосымшасы, екітігісті жеңнің үстіңгі бөлігіндегі шлица қосымшасы, шынтақ аударылымы тұсындағы жеңтүп бөлігі. Басқа түрдегі бұйым жеңдерінде аталған бөліктердің барлығы бірдей желімдік іштіктермен қатайтылмауы мүмкін. Бүкпелерді, тілікшелерді, әрлегіш тігімдерді жеңдерде, басқа негізгі бөлшектер сияқты, орындайды.
Екітігісті жеңнің үстіңгі бөлігін алдыңғы қиықты шынтақ деңгейінде созу арқылы қалыптайды. Оң жең мен сол жең қалыптаудан қатар өтеді және оны ирек жастықшалары бар баспақта немесе үтікпен жүзеге асырады. Екітігісті жеңдердегі сияқты біртігісті жеңдерде алдыңғы қиықты қалыптайды. Егер
конструкциямен қарастырылса, екітігісті жеңнің үстіңгі бөлігінің шынтақ қиығын және біртігісті жеңнің артқы қиығын шынтақ деңгейінде шынтақ аударылымының сызығына дейін жия үтіктейді. Қалыптаудан кейін екітігісті жеңнің үстіңгі және астыңғы бөлігін біріктіреді. Жеке тіккен кезде жеңнің бөліктерін алдын ала көктеп алады. Өңдеу технологиясының ерекшеліктеріне
және қолданыстағы жабдыққа байланысты жең бөліктерінің алдыңғы не шынтақ қиықтарын қайым тігіспен айыра үтіктеп біріктіреді. Егер модель бойынша талап етілсе, шынтақ қиықтары бастырма тігіспен біріктірілуі мүмкін. Сырып тігутігімін жеңтүп қиықтарынан бастап салады. Алдыңғы
қиықтарды жеңнің үстіңгі бөлігі жақтан, шынтақ қиықтарды астыңғы бөлігі жақтан сырып тігеді. Қажет болған жағдайда қиықтардың арасында белдікшелер, паталар салады. Жеңтүптің желімдік іштігі шынтақ тігісін сырып тігіп, айыра үтіктегеннен кейін шынтақ аударылымы бөлігінде қойылуы мүмкін. Жеңнің астыңғы қиығын өңдеуді модельге байланысты тұйық не тұйықталмаған жеңде жүргізеді. Жең аузые шеттік тігіспен немесе манжетамен өңдейді. Жең астарын жеңге жең пішімі мен моделіне қарай жеңді бұйыммен біріктіргенге дейін не одан кейін қосып тігеді. Қондырма жеңнің аузын бүктеме тігіспен өңдеген кезде көбінесе жеңді астармен қолтық ойындысына қондырып тіккенге дейін біріктіреді. Бұл жағдайда жең аузын өңдер алдында жең астарын дайындап алу қажет. Жең астарында алдыңғы не шынтақ қиықтарын, жеңдегі сияқты, сырып тігеді. Тігімді астыңғы қиықтардан бастап салады. Алдыңғы қиықтарды жеңнің үстіңгі бөлігінің астары бойынша, шынтақ қиықтарын астыңғы бөлігінің астары бойынша сырып тігеді. Пиджак, ерлер пальтосы сияқты бұйымдарда жең астарының
алдыңғы қиықтарын біріктірген кезде шынтақ деңгейіндегі ұзындығы 200...250 мм бөлікті сырып тігілмеген күйде қалдырады. Бұл тесіктер арқылы артынан қолтық ойындысы бойынша жең астарын бұйым астарымен біріктіреді. Жең астарының бөліктерін сырып тігу тігістерінің қосымшаларын үстіңгі бөлік жаққа жатқыза үтіктейді. Жеңнің астыңғы қиығын астармен жең аузының бүгілу қосымшасына ені 10 мм тігіспен қосып тіге отырып өңдейді. Бұл ретте қосып тігу тігімінің астына жең жақтан желімдік өрмек не желімдік тор салуға болады. Бұл желімдік материалдар кейінгі ЫЖӨ кезінде жең аузының бүгілу қосымшасын бекіте отырып,
қайырма тігімді алмастырады. Жең аузының бүгілген жерін жатқыза үтіктейді. Одан кейін жеңтүп қиықтарынан бастап, жең мен жең астарының шынтақ немесе алдыңғы қиықтарын бір мезетте сырып тігеді. Сырып тігу тігісінің қосымшаларын жеңдерде айыра үтіктейді, астарда жатқыза үтіктейді. Егер жең аузының бүгілу қосымшасы бойынша желімдік тор не желімдік өрмек салынбаса, онда жең аузының бүгілу қосымшасын алдыңғы
және шынтақ тігістерінің қосымшаларында машина не қол тігімімен бекітеді. Одан соң астардың шынтақ тігістерінің қосымшаларын жеңнің шынтақ тігістерінің қосымшаларына жең аузынан 50...100 мм қаш ықтықта ұзындығы 60...10 мм бөлікте

қосып тігеді. Машина тігімін қол тігімімен алмастыруға болады.
Жеңді беткі жағына айналдырады, жең аузын баса үтіктейді. Жең астында көбінесе шынтақ тігісінде орналасатын шлица жасайды. Конструкциясына байланысты шлицалар бүкпелі, бір шеті бекітілген және ашық болады.Бүкпелі шлица қиықтарын өңдеу. Оларды шынтақ қиықтарын сырып тігумен қатар өңдейді (3.12-сурет, а). Әуелі тігімді шынтақ қиықтарының бойымен салады, одан кейін шлица қиықтарын сырып тігеді және соңында жең аузының бүгілу қосымшасының қиықтарын біріктіреді (3.12-сурет, б). Шлицаның астыңғы шетінің бөлігінде тігімді жең аузының бүгілу сызығынан материалдың қалыңдығы байланысты болатын мөлшерде жоғары салады. Сырып тігу тігісінің қосымшаларын жеңнің астыңғы бөлігінде шлицаның
бұрыштарында кертеді. Шынтақ тігісінің және жең аузының бүгілу қосымшасын сырып тігу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді, шлицаны жеңнің үстіңгі бөлігіне қарай жатқыза үтіктейді (3.12- сурет, в). Шлицаның астыңғы шетінің тұсындағы қосымшалардың артық жерлерін алдын ала қиып тастайды да, жең аузының бүгілу қосымшасын ішкі жағына бүгіп, жатқыза үтіктейді. Одан кейін жең аузына астарды қосып тігеді және жең мен жең астарының алдыңғы қиықтарын сырып тігеді. Одан әрі өңдеу жоғары сипатталған өңдеуге сәйкес келеді. Бір шеті бекітілмеген шлицаны өңдеу. Ол екі жолмен өңделеді (3.13-сурет, а). Әуелі бір шеті бекітілмеген шлицаның бұрышын жөрмейді (3.13-сурет, б, 1-тігім). Тігімді жең аузының бүгілу
сызығының бойымен салады. Жөрмеу тігісінің қосымшасын орындалған тігімнің ұшында кертеді. Шлица бұрышын беткі жағына айналдырып, түзейді және баса үтіктейді (3.13-сурет, в). Одан кейін, жеңтүп қиықтарынан бастап, жеңнің шынтақ тігісін

сырып тігеді. Шлица қиықтарын ойық бойынша және бойлық бағытта біріктіреді. Тігімді жең аузының бүгілу қосымшасының қиықтарын сырып тіге отырып аяқтайды (3.13-сурет, г, 2-тігім). Жеңнің астыңғы бөлігінің қосымшасын шлица бұрышында және жең аузының бүгілу сызығы бойынша кертеді. Шлицадан жоғары және жең аузының бүгілу бөлігінде шынтақ тігісін айыра үтіктейді, шлицаны жеңнің үстіңгі бөлігіне қарай жатқыза үтіктейді. Одан әрі өңдеу бүкпелі шлицасы сияқты жүргізіледі. Ашық шлицаны өңдеу. Оны өңдеу кезінде шлицаның үсіңгі және астыңғы жақтарының бұрыштарын кезекпен жөрмейді (3.13- сурет, а). Әуелі жеңнің үстіңгі бөлігінде орналасқан үстіңгі жақ бұрышын өңдейді. Тігімді шлица қиықтарына және жең аузы сызығына бұрыш астында салады (3.14-сурет, б, 1-тігім). Одан кейін шлицаның астыңғы жағының бұрышын жөрмейді, жөрмеу тігімін шлица қиықтарына параллель орналастырады (3.14-сурет, в, 2- тігім). Шлица бұрыштарын жөрмеу тігімдері жең аузының бүгілу қосымшасының қиығына дейін 7...10 мм жетпеуі тиіс. Шлица қосымшасын 2-тігімнің ұшына қарай кертеді. Бұрыштарды беткі жағына айналдырады, түзейді және баса үтіктейді. Сонымен бірге,жең аузының бүгілу қосымшасын жатқыза үтіктейді. Жеңтүп қиықтарынан бастап, жеңнің шынтақ қиықтарын сырып тігеді және тігімдерді тоқтатпастан, шлица қиықтарын біріктіреді (3.14-сурет, г, 3-тігім). Жеңнің астыңғы бөлігінің қосымшасын шлица ойығының бұрышында кертіп, шынтақ тігісін айыра үтіктейді. Шлицаны
жеңнің үстіңгі бөлігіне қарай жатқыза үтіктейді. Одан кейін жең аузын астармен өңдейді және жең мен астардың алдыңғы қиықтарын біріктіреді. Астарлы бұйымдарда жең аузының манжетасы болуы мүмкін. Манжеталардың конструкциясы астарсыз бұйымдардағы сияқты әртүрлі болады. Манжетаның конструкциясына және материал түріне байланысты оны өңдеу және жеңмен біріктіру реттілігі өзгеруі мүмкін, алайда жұмыстың жалпы реті сақталады: кезек- кезекпен жеңді, жең астарын, манжетаны өңдейді, одан кейін жеңді манжетамен, ал манжетаны жең астарымен біріктіреді. Қосып тігілген манжеталар. Жеңнің қосып тігілген манжеталарын қатырмалайды. Одан кейін астармен тұтас пішілген манжетаны бүйір жақтары бойынша жөрмейді. Егер манжетаныңь қиылатын астары болса, онда жөрмеуді үш жақтан бөлшектердің бұрыштарында біраз қондыра отырып жүргізеді. Жөрмеу тігісі қосымшаларының артық жерлерін бұрыштарда 2...3 мм қалдырып

қиып тастайды, манжетаны беткі жағына айналдырады, шаблонның көмегімен түзейді де, баспақтайды. Одан соң манжетаның шеті бойынша әрлегіш тігімді салады, ілгектерді айналдыра көктеп, баса үтіктейді. Қосып тігілген манжеталарға созылмалы ызба салынуы мүмкін. Жалпақ ызбаны соза отырып, манжетаның бүйір жақтарын біріктірер алдында бүкіл ұзындығы бойынша қосып тігеді. Жіңішке ызбаны өткермелерге салады да, манжетаның бүйір жақтарының бойымен орындалатын тігіммен бекітеді.
Қосып тігілген манжетаны жеңге манжета астарымен және жең астарымен бірге ені 10 мм тігіспен қосып тігеді (3.15-сурет, а). Айтарлықтай қалың материалдарды пайдаланған кезде манжетаны жеңге (3.15-сурет, б, 1-тігім), ал манжета астарын жең астарына қосып тігеді (2-тігім). Одан кейін манжета мен манжета астарын қосып тігу тігістерінің қосымшаларын біріктіреді (3-тігім).Қайырмалы манжеталар. Қажет болған жағдайда оларды қатырмалайды. Манжета қиықтарын астарлы материалдан жасалған
манжета астарымен жөрмейді (3.15-сурет, в, 1-тігім). Манжетаны беткі жағына айналдырып, түзейді және айналдыра көктейді. Егер модель бойынша талап етілсе, манжетаның шеті бойынша әрлегіш2-тігімді салады. Манжетаны баса үтіктейді. Манжетада астыңғы шетінің бүгілу сызығын белгілеп, оның кедір-бұдыр жерлерін қиып тастайды. Манжета астарын астар қиығы манжетада белгіленген бүгілу сызығының деңгейінде орналасатындай етіп тіледі. Манжетаны жеңмен біріктіру процесінде әуелі манжета астарын
жең аузына ені 7...10 мм тігіспен қосып тігеді (3-тігім). Одан кейін манжета кию кезінде бүгілу үшін, манжета астарын жеңде екі-үш жерде манжета шетінен 30...40 мм арақашықтықта ұзындығы 40...50 мм бойлық тігімдермен бекітеді (4-тігім). Жең мен астардың сырып тігілген қиықтарын манжетаның астыңғы шеттеріне қайырып, оны бүгіп көктейді. Жең аузын аса үтіктейді. Манжетаның астыңғы шетінің бүгілу қосымшасының қиығына жең астарын қосып тігеді(5-тігім). Манжетаны қосып тігу тігісін жеңнің шынтақ және
алдыңғы тігістерінің қосымшаларында сырып тігу машинасының не
қолдың тігімімен бекітеді. Қайырмалы тері манжеталар. Оларды негізгі материалдан не астарлы матадан жасалған астармен ені 5...7 мм тігіспен жөрмейді (3.15-сурет, г, 1-тігім). Қажет болған жағдайда манжета астарын
қатырмалайды. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын манжета астарына жөрмеу тігімінен 2 мм арақашықтықта бастырып тігеді (2-тігім). Манжета мен манжета астарының бүйір жақтарын манжета жақтан ені 5 мм және манжета астары жақтан 7...10 мм тігіспен сырып тігеді. Манжетаны беткі жағына айналдырғаннан кейін түзеп, оған жасырын инешаншымдық машинада манжета астарын бекітеді (3-тігім). Дайын манжетаны жең аузының бүгілу қосымшасына бүгілу сызығының бойымен ені 5 мм тігіспен қосып тігеді (4-тігім). Қосып тігілген манжетаны жеңнің беткі жағына бүгеді және манжетаның үстіңгі шетін жеңде үш-төрт жерде қол инешаншымдарымен
бекітеді (5-тігім), оларды манжетаның үстіңгі шетінен 10...15 мм арақашықтықта орналастырады. Жең аузының бүгілу қосымшасына астарды қосып тігеді (6-тігім). Жеңнің астыңғы қиығын өңдегеннен кейін желімсіз тоқылмаған іштік материалдан жасалған жең мен жеңтүп қондырмасының
алдыңғы бөлігін қатайтқышты қосып тіге отырып, сонымен бірге жеңтүпті қондыруды орындайды. Жеңтүптің алдыңғы бөлігін қатайтқышты жеңнің ішкі жағына 3.16, а суретінде көрсетілгендей етіп орналастырады. Ол жеңде жеңтүп қондырмасын қосып тіккенге дейін бекітілуі мүмкін. Жеңтүп қондырмасын жеңнің ішкі жағына желімдік не желімсіз іштіктің үстінен жапсырады. Оның орны 3.16, б суретінде көрсетілген. Қатайтқыш пен жеңтүп қондырмасын қосып тігу тігімін жеңтүп қиығынан 5 мм арақашықтықта арнайы машинада материалдың сырып тігілетін қабаттарының бірінің бөліктері бойынша қондыру дәрежесін реттей отырып салады.

Жеңтүпті қондыруды және оны жия үтіктеуді жеңді бұйымның қолтық ойындысына қондырып тігер алдында орындауға болады. Бұл жағдайда жеңтүптің алдыңғы бөлігін қатайтқышты жеңнің ішкі жағына қосып тігеді, ал жеңтүп қондырмасын соңынан жеңдіқондырып тігу тігісінің қосымшаларына бекітеді. Пиджактың жеңін осы тәсілмен өңдейді. Басқа бұйым түрлерінде жеңтүпті өңдеген кезде жеңтүптің алдыңғы бөлігін қатайтқыш пен жеңтүп қондырмасын пайдаланбауға болады.
Қондырма жеңдерді бұйыммен біріктіру Қондырма жеңдерді бұйыммен біріктіру бұйымның сапасын көп жағынан айқындайтын күрделі әрі маңызды операциялардың бірі болып табылады. Жеңді қолтық ойындысына қондырып тігу кезінде бұйымның қолтық ойындысы мен жеңтүптің бақылау кертпелерін сәйкестендіру қажет. Кертпелердің орналасатын жерлерін бұйымды конструкциялау кезінде белгілейді. Жеке тіккен кезде кертпелердің
орнын шақтап көру кездерінде дәлдейді. Бақылау кертпелерін міндетті түрде сәйкестендіру жеңтүп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желімдік материалдар
Үлбір және жасанды материалдар
Жағаны астарлы бұйыммен біріктіру
Бұйымды дайындау процесінің технологиялық құжаты
Зерттеу тақырыбы - орта жастағы әйелдерге арналған іскерлік киім
Спорттық форма маталарының сипаттамасы
Тұрмыстық киімдердің жіктелуі
Киімнің жылу сақтағыш қасиеттеріне қандай факторлар әсер етеді
Менің таңдап отырған бұйымым классикалық үлгідегі пальто
Ерлер пиджагын тігу технологиясы
Пәндер