ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ

ЖӘНЕ ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСІ


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік желі - бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт қана емес, сонымен қатар жастардың сөз мәдениетін дамытатын құрал. Қазіргі кез келген ұялы телефонда бір емес, бірнеше әлеуметтік желінің түрлері бар. Әлеуметтік желі тақырыбы түрлі ғылым салаларын ойландырып келе жатыр. Әлеуметтік желі және ондағы қауіпсіздік түрлі ғылым салаларын ойландыруда. Дәрігер мамандарын көзге әсері жайы алаңдатса, психологтар өз саласының маңайынан қарастыруда. Отбасыға әсерін өзіндік көзқарас тұрғысынан әлеуметтанушылар қарастырса, дінтанушылар дін жағынан зерттеп жатыр. Олардың пайдалы, пайдасыз жақтарын ажыратып, әрбір зерттеуші жақ мәселенің шешілу бағыттарын ұсынады. Мен де болашақ тіл маманы ретінде осы мәселені қарап, шешімін табуға тырыстым.

Қазіргі таңда оқушылар көркем шығарманы өте аз деңгейде оқитынын жақсы білеміз. Барлығы дерлік ауызекі тілде қолданылатын сөздермен сөйлейді. Әдеби тілді білмейді, сөздердің айтылу ережесін сақтамайды, бір-біріне әлеуметтік желіде хат жазғанда жазылу емлесін мүлде қолданбайды. Жастар мен жасөспірімдердің сөздік қорында түсініксіз сөздер мен сөйлемдер өте көп. Олардың әлеуметтік желідегі амандық-саулық сұрасқанын оқыған кезде, төбе шашың тік тұрады. Мысалыға алар болсақ, сөздердің әріптерін тастап кету немесе жөнді-жөнсіз қысқарту, латын әріптерін қолдану, төл дыбыстарды пайдаланбау, орыс тілінің сөздерін араластыру, тірі сөздердің орнына смайликтерді жіберу әдетке айналып кеткен.

Мұндай олқылықтар туған тіліміздің дамуына, көркеюіне, өз бойындағы табиғатын сақтап қалуына зияны орасан зор болмақ. Ал филолог мамандардың негізгі міндеті әрі тілегі жаргондарды жою және тіл мәдениетін сақтап қалуға ат салысу.

Бала қазақ тілін, тіл мәдениетін, сөз мәдениетін он бір жыл бойы мектепте оқиды. ЖОО-на келіп, тағы да қайталап оқытылады. Жан-жақтан оқытылады. Бірақ тіл мәдениеті бұзылады. Неге? Бұрын осындай бұзылған нәрселер ауызекі тілде ғана қолданылатын еді. Мысалы: бара жатырмын-баратрм, келе жатырмын-кежатрым, сол жаққа-сояққа, әке-батя, әже-бабуля т. б. Жазбаға түскенде өз нормасы сақталынып отырып жазылатын. Ал әлеуметтік желі айтылған сөзді дәл солай жазуды нормаға түсіріп жатыр. Қалай айтылса, солай жазылып жатыр. Осы қаншалықты дұрыс, қаншалықты дұрыс емес? Оған әсер етіп отырған фактор не? Бұзылуды зерттеп жатқан ғалымдар кімдер? Ютуб арнасы, кинолар, өзге тілдің әсері бар ма? Бұзылуға септігін тигізіп жатқан жастар тілі болса, жастар қанша? Осы сұрақтардың жауабы осы дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Диплом жұмысының нысаны. Қазіргі қазақтілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениеті, проблемалары, қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты -- қазақтілді әлеуметтік желі оның түрлері жөнінде түсінік бере отырып, ондағы қазақ тілін қолданыс аясына талдау, зерттеу жүргізу және оны оқытудың жолдарын қарастыру.

Диплом жұмысының міндеттері. Диплом жұмысында көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендігі міндеттерді орындау көзделді:

- қазіргі қазақтілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениетіне талдау жасау;

- қазіргі әлеуметтік желінің түрлері, ондағы ұғым-түсініктерге шолулар жасау, анықтамаларды жинақтау, саралау;

- қазіргі қазақтілді әлеуметтік желілер, ондағы тілдік қолданыстарға талдаулар жүргізу;

- әлеуметтік желілердегі қате және қайшы қолданыстар, сөз мәдениетіндегі проблемаларды анықтау;

- қазақ тілін оқытудағы бүгінгі жаңа көзқарастар мен идеяларға байланысты ұсыныс-пікірлерге шолулар жасау, саралау;

- дипломдық жұмыс тақырыбына байланысты тілді оқытудың заманауи әдістері, оның ішінде қазақ тілін оқытудағы интербелсенді әдісі, оның тиімді жақтарын қарастыру және соған қатысты үлгі сабақ жоспарларын ұсыну.

Диплом жұмысының дереккөздері. Қазақтілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениеті мен тілді оқыту мәселелері туралы дипломдық зерттеу жұмысымызда отандық және шетелдік ғалымдардың, тілді оқытудың өзекті мәселелері бойынша әдіскер ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің, жалпы қазақ тілінің дамуы мен қолданылуына алаңдаушылық тудыратын әлеуметтік желі қолданушылардың пікірлері мен көзқарастары пайдаланылды. Осылардың ішінде әсіресе А. Алдаш, М. Балақаев, Н. Уәли, Р. Сыздық, Б. Қапалбек, А. Абасилов т. б. еңбектері басшылыққа алынып, теориялық негіз ретінде қолданылды.

Жұмыстың теориялық, практикалық құндылығы.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыс барысында сипаттау, баяндау, талдау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ

  1. Қазіргі әлеуметтік желі: түрлері, ондағы ұғым-түсініктер

Қазіргі әлеуметтік желі дегеніміз не? Алдымен оның өзіндік анықтамасы мен түсінігіне тоқталып, ажыратып алайық. Мен дипломдық жұмысымда бұл сұрақтың жауабын алдымен уикипедия материалынан қарадым. Уикипедия әлеуметтік желі дегенге мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін» [1] .

«Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды . . . » [2, 34], - деп Ыбырай атамыз өлеңдеріне қосқандай, бүгінде әлеуметтік желі бізге жылдам хабар алуға көмегін беріп жатырЯғни, бұрындары хат жолдап, оның жауабын алу үшін апталап-айлап күтетін еді. Ал қазір әлеуметтік желі арқылы көзді ашып-жұмғанша сауалымызды жолдап, жауап алып отырмыз. Миллиондаған адам күнделікті өмірде әлеуметтік желілерді пайдалану үстінде. Біреуі ақпарат іздеу үшін қолданса, енді біреуі уақыт өткізу үшін, адамдармен тілдесу үшін пайдалануда. Әрине, әлеуметтік желілер бәріне бірдей әсер бермейді. Бастысы адам оны өз керегіне, дұрыс жолда пайдалануы қажет.

Жалпы, адамдардың әлеуметтік желіні қолдану мақсаттарын үшке бөліп қарауға болады.

Бірінші - байланыс . Олар маркетингтік, сараптамалық, зерттеулік немесе жай ғана дос-таныстармен хат-хабар алмасу үшін қолданады. Өзі әлеуметтік желінің басты функцияларының бірі де осы.

Екінші - ақпарат. Ақпаратты алу, бөлісу, тарату, жарнама жасау, құлақтандыру, хабарландыру, қоғамдық пікір қалыптастыру, пікірталас жүргізу тұрғысын көздейтіндер бар. Әлеуметтік желіні қолданушылар саны көбейген сайын мұның да маңызы артып келе жатыр. Өйткені, желілер түрлі мақсаттағы ақпараттарды қоғамға тез жеткізудің тиімді жолы. Бұған пайдалы да, арандату мақсатындағы ақпарат та кіреді. Басты бақылауға алынуы тиіс тұсы осы. Яғни, қадағаланбаса әлеуметтік желілер түрлі мақсаттарда үлкен қару болғалы тұр, болып жатыр да.

Үшінші - психология. Бұл адамның ішкі қажеттілігін, яғни эгоны қанағаттандырудың ең қолайлы әдісі. Қоғамда өз орнын таба алмай, ойларын ашық жеткізуге шамасы жетпей, тұйық күйінде қалыптасқан жандар үшін керемет құрал. Осы желілерді пайдалану арқылы олар өздерін басқаша сезіне бастайды. Лайк жинау, пікір жазу, селфи жасау немесе құнды деп санайтын ойларын бөлісу арқылы ішкі эголарын қанағаттандырады. Оффлайн өмірде жасай алмағанын онлайнда жүзеге асырғысы келеді. Бірақ тым асыра пайдалану - психологиялық дертке соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ, желіге тәуелділік арқылы қоғамнан одан сайын алшақтатуы да ықтимал. Қалай дегенде де интернет және әлеуметтік желілер қазіргі қоғам тіршілігінің ажырамас бөлшегі. Тек қолдану барысында дұрыс пайдалануды және шектен шықпауды қадағалаған жөн.

Таңертен ұйқыдан тұра сала смартфоннан бүкіл әлемдегі жаңалықтарды көре аламыз. Кімнен хат келді, достарым қандай суреттер салды, әріптестерім қай жерде демалып жүр? Көршім қандай тағам жасағаны туралы ақпаратты бірнеше секундтар ішінде біліп отырамыз. Өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған әлеуметтік желі туралы не білеміз, оның қандай түрлері бар, қалай пайда болды деген сұрақтарға жауап іздеп, ақ-қарасын ажыратып алайық. Мен дипломдық жұмысымда бұл сұрақтың жауабын Youtube арнасының бейнематериалдарынан қарадым [3] .

Адамдардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құратын ең алғашқы электронды хабарландыру тақталары 1970-ші жылдардың соңында пайда бола бастады. Қазіргі күндегідей аса қолайлы болмасада, адамдарды ғаламторда біріктірудің ең алғашқы қадамдары еді. Содан кейінгі кезең алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді.

1990 жылдардың ортасында «ICQ» құрылды, ол жеке компьюерлерге арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. «ICQ»-дің негізін «Mirabilis» компаниясы қалады. Бүгінгі таңда ICQ - «Mail. Ru Group»-тың құрамына кіреді. Әлеуметтік желілердің пайда болуының басты себебі, ол әрине, адамдардың бір-бірімен әңгімелесуді қалауы. Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосылып танысады. Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды. Әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуына не түрткі болды? Әрине тез дамып келе жатқан интернет.

1995 жылы АҚШ азаматы Рэнди Конрад classmates. com сайтын жасайды. Бұл сайтқа кез-келген адам тіркеліп, өзінің таныс-туыстарын тауып алуға мүмкіндік алады. Алғашында сайт көп сұранысқа ие бола алмады. Уақыт өте келе тіркелушілердің саны арта түсті. Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Сайттың мақсаты, сыныптастарды және мектептегі достарды табуға мүмкіндік жасау. Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелерінің және сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. «Classmates» әлеуметтік желілердің пайда болуына түрткі болды. Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.

Бәріміз білетін, керекті ақпараттарды дер кезінде тауып беретін, сайт Goggle 1996 жылдың қаңтар айында Калифорниядағы Стенфорд универсистетінде оқитын Ларри Пейдж және Сергей Бринның ғылыми-зерттеу проектісі ретінде ашылған. [4] "Гугл" сөзі "Интернет" терминімен бірге қалыптасып кеткен. Өйткені, әйгілі Гугл торабын қолданбайтын Интернет қолданушысы кемде-кем. Ал бұл жобаның авторлары қарапайым студенттер екенін бірі білсе, бірі білмейді. Әйгілі Гугл жобасының авторлары: Стенфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Брин. Google сөзі - онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді. Артынан бұл сөздің "googol" деп жазылатыны анықталды. Дегенмен, Google сөзі қолданысқа еніп кеткеннен кейін, әйгілі компания "Google" атымен аталып кетті.

1999 жылы Live Journal сайты пайда болды. Ерекшелігі мұнда адамдар өздерінің жеке блоктарымен күнделіктерін жүргізуге мүмкіндік алды. Оны ойлап табушы - американдық Брэд Фицпатрик болды. Бұл сайтта адамдар қауымдастықтар құрып, оған басқа да адамдарды шақыра алды. Ол ТМД елдерінде кең танымал болды. «Livejournal» бірінші болып топтарды құрып, хат алмасу мүмкіндігін еңгізді. Осыны біз бүгін барлық әлеуметтік желілерден байқай аламыз.

2003 жылы интернет кеңістігінде тағы бір әлеуметтік желі пайда болды. Ол шыға салысымен әлемді жаулауға тырысты. Ол - My space. com . Бұл жерде адамдар жаңа достарды қабылдап, қауымдастықтар жасауға ие болды. Ең бастысы сыртқы ресурстардағы ақпараттармен бөлісетін мүмкіндік туды. Адамдар бейнеролик, суреттермен бөлісе алды. Бұл әлеуметтік желі жалпы әлемдік жұлдыздарға қатты ұнады. Олар өзінің жаңалықтарын жазып жүктеп отырды. Бірақ бұл сайттың алдыңғы шепте жүруі ұзаққа созылмады.

Осы жылы Mail. Ru agent программасы ойлап табылды. Бұл программа интернетте хаттарды жылдам алмасу үшін колданылды. Майл ру агент бүкіл әлемде ерекше қолданыс тапты. Орыс ғалымдарының айтуы бойынша агент Қазақстанда ерекше қолданылған. 2013-жылға дейін агент жастар арасында өте жоғарғы деңгейде пайдаланылды. Жеке хабарламалар жазып, «Мой мир»-ге арнайы фотолар жүктейтін. Жеке хабарламалар, блог арқылы көпшілікке жаза алатын, статус арқылы өз көңіл күйін білдіре алды. Ұялы телефонмен агентке өз суретін қою өте қиын еді. Ол үшін арнайы компьютермен Майл руга кіріп, ол ұзақ уақытты алатын. Қазіргі кезде жастар ол әлеуметтік желіні қолданбайды. Тек қана почта арқылы жұмыстарын мұғалімдерге жіберіп отырады. Және үлкен мекемеде жұмыс істейтін адамдар іс-қағаздарды почта арқылы жіберіп, байланыс жасайды.

2004 жылы Гарвард университетінің студенты Марк Цукерберг Facebook әлеуметтік желісін құрастырды. Алғашында бұл сайтта өз университетінің студенттерін тіркеп, өзара хат алмасуға, бос уақытын қызықты өткізу үшін жасады. Екі жылдан соң facebook әлемге есігін айқара ашып, оған адамдар ағыла бастады. Бастапқыда желінің аты The facebook болған еді. Қазіргі таңда бұл әлеуметтік желіге 2, 4 млрд адам тіркелген. Бір күн ішінде адамдар 6 млрд бейнематериал көреді. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google» - дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.

2006 жылы американдық програмист Джек Дорси дәл қазір не істеп жатқандығы туралы қысқаша хабарлама бөлісуге арналған Twitter -ді ойлап тапты. Адамдар бұл жерде 140 символдан тұратын хабарлама жаза алады. Сондықтан бұл желі жазатын ойды жинақтап, қысқаша жазуды үйретеді десек те қате болмайды.

Facebook өз қарқынымен әлемді жаулап жатқан кезде, Вконтакте, Однокласники әлеуметтік желілері халық арасына кеңінен тарады. Жастармен қоса ересек адамдар да пайдаланып, бір-бірімен хат алмасып, сурет пен бейнежазбаларды көре алды. Қазақстанда Майл рудан соң Вконтакте желісі кеңінен қолданылды. Майл рудағы қиындық тудыратын жағдаяттардың барлығы Вконтакте желісінде оңай түрде қарастырылды. Еркін түрде бір емес, бірнеше суреттер қоюға мүмкіндік туды. Жаңалық қарауға, түрлі группалар ашуға, көп мүмкіндіктерге жол ашылды. Однокласники әлеуметтік желісі әсіресе Қырғыз елінде қатты дамыған десек те болады.

2010 жылы Сан Францискодағы екі дос әлеуметтік желілер әлемінде төңкеріс жасады. Олар адамдар хат алмасуға қарағанда, суреттерді жақсырақ қабылдайды дейтін шешімге келіп, Instagram -ды ойлап тапты. Бұл әлеуметтік желінің бірқатар ұтымды жақтарын көрген Facebook оны 2016 жылы 1 млрд долларға сатып алады. Instagramm - жастардың әлеуметтік желісі. Оның ерекшелігі күнделікті не істеп жүргеніңді фото-видео арқылы достарыңа көрсетесің. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар.

Британдық ғалымдар Instagram-ды денсаулыққа ең қауіпті әлеуметтік желі деп атады. Біріншіден уақытыңды білдіртпей жеп қояды, екіншіден адам психологиясына тигізер кері әсері көп. Бірақ бұл әлеуметтік желі Қазақстанда күннен күнге дамып, табыс көзіне айналуда. Ең әдемі пост, контент иелері блог бастап, жарнама жасап ақша табудың бір жолын үйренді. Түрлі бизнес өкілдері осы әлеуметтік желі арқылы өз кәсіптерін дөңгелетіп жатыр. Осы әлеуметтік желі арқылы түрлі жаңадан мамандықтар пайда болуда. Ол туралы келесі тараушада айта кететін боламын.

Бүкіл әлем бұлардан артық әлеуметтік желі шығуы мүмкін емес деп ойлап жатқанда, Қытайда Доуинь пайда болды. Басты ерекшелігі 15 секундтық қысқа бейнелерді түсіруге арналған қосымша. Бұл жастар арасында қатты қызығушылық тудырып, тіркелушілер саны 100 млн-нан асты. Оны ойлап тапқан компания керемет көрсеткіштерді көрген соң, сыртқы әлемге шыға бастады. Оның атауы Tiktok деп ауыстырылды. Қазіргі таңда пайдаланушылар саны 800 млн-нан асты. Қазіргі таңда бұл әлеуметтік желіні қазақтың жасы да кәрісі де қарап қолдануда. Үйде отырған үлкен адамдар пайдалы ақпараттарды, лайфкахтарды көріп пайдаға жаратса, балабақшаға баратын баладан, ЖОО оқитын студент жастарға дейін билеп видео түсіріп, қаралым жинап жатыр. Пайдалы да пайдасыз да ақпаратқа толы әлеуметтік желінің бірі десек қателеспейміз.

Барлығымыз жақсы көріп пайдаланатын WhatsApp қосымшасы Ян Кум, Брайан Эктон есімдерімен байланысты. Бұл екі американдық азамат 2009 жылы алғаш рет аталған messanger-ді іске қосып, бүкіл елдердегі байланыс операторларын sms пен mms қызметтеріне бәсекелестік танытып, артынша оларды мүлдем ығыстырып шығарды. Компанияның басты үш қағидасы бар. Жарнама, ойын, айлалы әрекеттер болмау керек. Бұл желіге 1, 6 млрд-тан астам адам тіркелген. Әрине, әдеттегідей бұл желіні 2014 жылы Facebook 19 млрд долларға сатып алды.

Ендігі кезекте Youtube желісіне келейік. 2005 жылы АҚШ-та Стив Чен, Джавед Карим, Чад Хёрли жеке компания құрды. Алғашында Youtube танысуға арналған сайт ретінде жасалып, кейін кез-келген бейнематериалды жүктеуге арналды. Youtube-тың сәтті жоба болуының себебі бейнероликтердің флэшвидео форматында онлайн режимде көру мүмкіндігінде. Бұл технология өз уақытында революцияға арналды. Себебі бейнероликты көру үшін, компьютерге арнайы бағдарламаны орнатуды қажет етпеді. Бар болғаны сайтқа кіріп, іздеуді ғана талап етті. Бұл әлеуметтік желіге ай сайын 2 млрд адам кіріп, әр минут сайын 500 сағаттық бейнематериал жүктеледі. Қазіргі таңда бұл әлеуметтік желіге тіркеліп, өзіндік арналарын ашып, түрлі контент, влог, видео жүктеп, ол видеолар миллионнан аса қаралым жинаса Youtube өзі ақша төлейді. Табыс көзі де десек те артық етпейді. Қазір көбіміз теледидарды ютубқа алмастырдық. Түрлі бағдарламаларды уақытылы теледидардан көре алмасақ, ютубтан қосып қалаған бөлімімізге дейін көре алатын деңгейге жеттік. Қазір барлық теледидарда ютуб каналы қосылған. Теледидарсыз-ақ ютубқа қаншама түсірілген кинолар, влогтар, бағдарламалар, сұхбаттар салынып, көптеген қаралым жинауда. Былайша айтқанда теледидардың орнын басқан әлеуметтік желі десек те болады.

Viber -кең қолданылып келе жатқан әлеуметтік желі. Бірақ бұл қосымшаның орнын WhatsApp әлеуметтік желісі басып кетті.

Другвокруг -хат алмасуға арналған желі. Былайша айтқанда керек емес әлеуметтік желі. Зияны өте көп.

Imo, Skype - екеуі бірдей міндетті атқарады. Бірақ, Skype бұрыннан келе жатыр. Және шетелдегі халықпен байланыс жасай аласың. Хат алмасуға да болады. Ал, Imo енді еңген жүйе. Ол дәл Skype сияқты. Skype-ты WhatsApp жоқ кезде жақсы пайдаланған едік. Арнайы компьютерімізге программасын жазып алып, басқа қалада тұратын достарымызбен, туыстарымызбен видеоқоңырау арқылы сөйлесетінбіз. Бірі білсе, бірі білмейтін қосымшалардың бірі. Қазір бұл қосымшаның орнын WhatsApp, Instagram басып кетті. Аталған екі әлеуметтік желінің екеуінде де видеоқоңырау батырмасы бар. Бұрыңғыдай компьютерге қосылмай-ақ ұялы телефонмен басқа өңірдегі дос-туыспен еш қиындықсыз сөйлесе бересің.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениетін проблемалары қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері
Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті
IP желілерде нақты уақыт режимінде ICQ хабарлар алмасу жүйесінде ақпараттық сервистерін іске асыру
Интернет журналистиканың ақпараттық және коммуникациялық маңызы
Компьютерлік желі түсінігі
Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері
ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
Өнер және бейнелеу өнерінің танымдық тарихы
Интернет журналистиканың жанрлары
БАҚ-тағы ұлттық және діни алауыздықтың жазылу ерекшеліктерін зерттеу арқылы қоғамдағы дінаралық, ұлтаралық өшпенділіктің алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz