Қарағанды облысы бойынша әдебиеттерді зерттеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағаныды Университеті

Биологоия-География факультеті

География кафедрасы

Өдірістік практиканың есебі.

Орындаған: Гн-21 тобының студенті

Орынбасар Ж. Б

Қабылдаған: Георафия кафедрасы

Жетекші: Муксинов Е. Б

Қарағанды, 2022 ж

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

  1. Қарағанды облысы бойынша әдебиеттерді зерттеу.

Атап айтқанда:

-геология

-эгзогендік процестер

-эндогендік процестер

-пайдалы қазбалар

  1. Қарағанды облысы бойынша картографиялық материалдарды зерттеу.

  1. Пайдалы қазбалар мен орындарын талдау, оларды топографиялық картаға түсіру.

  1. Эгзогендік процестердің жер бедеріне әсерін талдау.
  2. Қарағанды обылысының ірі өзендерін геоморфологиясын сипаттап беру. (Нұра өзенінің мысалында)

III. Қорытынды.

Кіріспе.

Қарағанды обылысы еліміздің орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Облыс өз құрылымын 1932 жылы 10 наурызда құраған. Облыстың жалпы жер көлемі 428 млн км² болған. 2022 жылдың мамыр айындағы ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтің елге жолдауымен бірнеше обылыстардың, ел аумағында құралатындығын мәлімдеді. Оның ішінде еліміздің ең ауқымды облысы Қарағандыны ерекше атап өткен болатын. « Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру - экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім.

Кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше. Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен. Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда, біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз »-деп Президентіміз Сарыарқаның асқақтығын одан әрі қарай арттыра түскендей.

Қазіргі таңда обылысты екі аумаққа;

  • Қарағанды обылысы (Орталығы Қарағанды қаласы)
  • Ұлытау обылысы (Орталығы Жезқазған қаласы) - бөлініп қарастырылмақ.

Республиканың саяси картасына өзгеріс енгізіліп жатыр. Жергілікті мамандар обылыстардың шекаралар бөліндісін нақтылап жүргізіп жатыр. Жақын күндері обыстардың әкімшілік-аумақтық бөліндісін ресми бекіту туралы жаңалығын асыға күтудеміз.

Практиканың өтілу барысына келер болсақ негізгі мақсат Қарағанды обылысын зеттеудегі, өткен тарихы мен қазіргі өзгерістер жайлы толықтай ақпаратпен танысу, сонымен қатар ғылыми жазбалармен, Сарыарқаның өзіндік қазба байлықтарының зерттелу барысымен танысу болған тұғын. Есеп жүргізу барасында обылыстың әуелден ақ елдің өткен тарихына ғана емес, балашағынада үлкен үлесін тигізіп отырғанын ұғындым.

Қарағанды облысы бойынша әдебиеттерді зерттеу.

Қарағанды облысы - Қазақстанның орталық бөлігіндегі облыс, Солтүстік Мұзды және Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарынан тең бөлінген, Еуразия континенті орталығында орналасқан. Облыс аумағы жаңа шекарада 428 мың шаршы метрді (Қазақстан аумағындағы жалпы аумағы 15, 7) алып жатыр.

Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Алғашқыда облыс орталығы Петропавлда болған. 1936 жылғы 3 тамыздан бастап облыс орталығы Қарағанды қаласы болды.

Қазір кезде облыс шекарасы 1997 жылы қайта құрылып, Жезқазған облысы- мен қосылды.

Қарағанды облысы - минералдармен шикізатқа бай, аумағы мен өнеркәсіптік әлеуеті бойынша бұл ең ірі облыс болып табылады. Бұл ірі индустриалды орталық. Өзінің экономикалық, мәдени, ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымының дамуы бойынша облыс Қазақстандағы жетекші орындардың бірінен орын алады.

Сарыарқаның кең даласында Қарағанды облысы қанатын жайып орналасқан. Облыс аумағы Қазақстанның ұсақ шоқылардан тұратын орталық бөлігін қамтиды. Шығыстағы Қарқаралы тауларынан батыстағы Теңіз өзеніне дейін, солтүстіктегі Есіл өзенінен, оңтүстіктегі Шерубай Нұра су қоймасына дейінгі кең даланы алып жатыр.

Облыста екі жүздей үлкен және шағын көлдер бар. Облыстың басты су артериясы болып Нұра өзені саналады. Нұра өзені шығыстан батысқа ағып Орталық Қазақстанның ірі өзені Теңізге ағады. Шығыста Қазақстандағы ең ірі көл-Балқаш көлі бар. Оның кереметтігі судың шығыс жағы тұзды болса, батыс жағы- тұщы.

Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А. А. Гапеев, Н. Г. Кассин, Н. И. Наковник, М. П. Русаков, Қ. И. Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді. Бертін келе зерттеулердің ізін жалғаушылар арта түсті. Бертін келе Обылыс жайлы ғылыми энциклапедиялар, тарихи отеркттер, табиғи қазбалар туралы еңбектер кеңінен жарық көре бастады. Солардың

Орталық Қазақстан - оңтүстікте Бетпақдала үстірті және Балқаш көлімен, солтүстігінде Батыс Сібір ойпатына дейін созылып жатқан ұлан-байтақ өңір. Ол батысында Орал алды үстіртінен Торғай ойысы арқылы бөлініп жатыр. Шығыс шекарасы Балқаштың солтүстік-шығыс жағалауымен, Тарбағатай жотасының батыс бөктері және Зайсан депрессиясы шеті арқылы Ертіс өзенімен жалғасып кетеді. Территорияның жер бедері әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда жазықтық жерлер, үстірттің жұрнақтары, ұсақ шоқылы жер бедері, аласа және орташа таулар дамыған. Геосинклиналды жағдай тектогенездің герцин дәуірінен кейін өз дамуын тоқтатқан. Герциннен кейінгі уақытта территория өз дамуының платформалық кезеңіне қайта енді. Сондықтан герциндік құрылымдар субстраттың өзгешелігін анықтайды. Орталық Қазақстанның жер бедеріндегі басым денудациялық формалардың барлығы осы субстратта қалыптасқан. Қазақтың ұсақ шоқысында жер бедерінің таулы түрі шағын аумақты алып жатыр. Ол көтеріңкі суайрық аудандарда ұшырасады. Бұл жерде абсолют биіктік 1200-1600 м, салыстырмалы - 250-500 м. Эрозиялық тармақтың жиілігіне байланысты осы шағын биіктіктердің беткейлері жартасты және тік құламалы. Тау шыңдарының беті өзінің морфологиясы жағынан өте әркелкі. Олар - тар жартасты адырлар (қырқа) және дөңгелектенген күмбез тәрізді көтіріңкі жерлер. Кейде өзен аңғарлары аралығындағы биік бөліктерінде тегістелген жер бедері кездесіп отырады. Тау шыңдарының тегістігі Қарқаралы тауларында айқын байқалады: таудың биік бөліктері эрозиямен тілімделген үстірттер тәрізді [1] .

Ең үлкен көтерілу облысы Балқаш көлінің солтүстік жағалауынан 150-200 ш қашықтықта орналасқан. Субендік бағытта бұл көтерілулердің ені 120-180 ш-ға, өзі 500 шақырымға созылып жатыр. Осьтік бөлікте көтерілулер биіктігі 1200 м-ден биік. Олар жеке тау массивтері және топтары - Қызыларай (1559 м), Қызылтас (1284 м), Қарқаралы таулары (1358 м) және т. б. ұштасқан. Бұл көтерілулердің үлкен кеңістіктерінде аласа таулы жер бедері басым келеді. Оларға салыстырмалы көтерілуі 250 м-ге дейінгі, 600-900 м биіктіктер, өзендердің кең аңғарлары, көптеген тұйық көл қазаншұңқырлары сипатты. Шың беттерінің морфологиясы да айқын білінеді. Терісаққан өзенінің жоғары бастауында, Ұлытаудағы Желадыр массивінде аз тілімденген жазықтар ең жоғарғы биіктіктерде кездеседі. Сонымен, аласа тауларда дөңгелектенген, кейде үшкір пішінді қырқалар тізбегі басым болып келеді.

Тау көтерілімдері шыңдарда және беткейлерде кездесетін тегіс денудациялық жазықтардың орнында пайда болған. Борпылдақ жыныстардан тұратын ойпауыттар, тау жұрнақтары бір қалыпты жер бедерін бұзып тұрады. Үгілудің каолиндік қабатының көп бөлігі шайылған, және беті қиыршық тас және кесекпен жабылған. Ірі жаңа құрылымдар - жер бедерінде өзен аңғарлары пайдаланылатын ойыс (шұңқыр) түрінде байқалатын үйілген жас құрылымдармен күрделенген. Дифференциялық қозғалыстар ең біріншіден жер бедерінің ірі формаларының пластикасын, биіктіктің бөлінуін, сонымен қатар шағын көлемдегі жер бедерінің кейбір түрлерін: қазаншұңқырлар, кемерлерді анықтаған.

Өзен аңғарлары тектоникалық ұсақталған (бөлшектенген) зоналарға дәл келсе, ал сай және шұңқырлар жарықтардың басым бағытын көрсетеді. Тау жыныстарының литологиясы шыңдардың морфологиясына әсерін тигізеді. Эффузий, тақта тас және тұрақсыз құмдақтардың бір қалыпты қалыңдығын күмбез тәрізді шыңдармен байланыстырады. Жартасты шыңдар және қырқалар кварцит, гранит және әктастардан жиналған.

Қазақтың ұсақ шоқысы территориясының көп бөлігі таулы жер бедеріне ие емес. Өзен аңғарларына, көл және сортаңды қазаншұңқырларға кең көлбеу (жайпақ) жер беті - денудациялық жазықтар жалғасады. Оның үстінде шоқы және қыраттар, шағын үстірттер көтерілген. Бұл жерде абсолют биіктік 400-600 м. Тау көтерілімдерден қашықтаған сайын тегістелген кеңістіктер басым болады. Жалпы биіктік орта есеппен 350-500 м дейін төмендейді. Денудациялық жазықтардағы аласа шоқылардың жиналуынан пайда болған, ойлы-қырлы жер бедері ірі өзен аңғарларына ұштасқан және ол өзен маңы ұсақ шоқылары деп аталады. Денудациялық жазықтықтар тегіс және шоқылы жерлеріне байланысты 2 түрге бөлінген:

- жекелеген тау жұрнақтары, жал, қырқалары бар жазықтарға;

- тегіс денудациялық жазықтар аралығындағы шоқылы-қырқалы территориялар.

Жер бедерінің бірінші түрі жаңа тектоникалық қозғалыстың аз қарқындылығымен сипатталады. Эрозия базисінің көтерілу кезеңіндегі шағын абсолют биіктіктер үгілудің ежелгі қабығының сақталып қалуына мүмкіндік туғызған. Жер бедерінің екінші түрі неотектоникалық қозғалыстардың белсенділігін көрсететін үлкен абсолютті биіктіктермен ерекшеленеді. Бұл облыс денудацияның тұрақты аренасы болып келеді, сондықтан аккумулятивтік түзілістер тек ежелгі аңғардың эрозиялық - тектоникалық ойпауыттарында ғана болады.

Қазақтың ұсақ шоқысының шет аймақтарында эрозиялық үрдістермен қатты тілімденген шағын (250-350 м) үстірттер алқабы орналасқан. Үстірттер мезозой және палеоген жыныстарынан құрылған. Бұл жерде екі үлкен депрессия - Нұра-Теңіз және Сарысу орналасқан. Жер бедері жөнінен - бұл көл және сорларға толы көптеген тұйық қазаншұңқырлар орналасқан, эрозиямен нашар тілімденген кең тегіс жазықтар. Мұнда өзен аңғарлары бетіне қарай сәл тереңдетілген. Жазықтың біркелкілігі шағын биіктіктегі (300-400 м) аралдық таулармен бұзылған. Жалпы алғанда, жел эрозиясы және шөлейттің уақытша ағын сулары әрекетімен аз өзгерген депрессияның жер бедері - аккумулятивті болып табылады [2] .

Зерттеуші-ғалымдардың біразы жер бедерінің төменгі аңғар маңы жікқабатының тегіс бетін педемент ретінде қарастырады. Өзен аңғары, жайылма және жайылма үсті террасалары және көлдік-сор қазаншұңқырлар табандарынан жазық бірақ еңіс жер беттері көтеріледі. Олардың ені әдетте 2-5 ш, кейде 1-10 ш-ға дейін болады. Төменгі, жайпақтау бөлігінде негізгі жыныстар қаттылығы (күштілігі) 2-7 м дейін болатын сынықты материалдар тысымен жамылған. Беткейдің жоғары жағында еңіс үлкейеді де тегіс жер беті арасынан төбелер және жартасты шоқылар көтеріле бастайды. Кейде оқшауланған шоқылар беткейдің төменгі бөлігінен де көрінеді. Бұл тегістелген беткейлік беттің шығу тегін үстіңгі беттің тегістігі жағынан шектейтін ойыс бүгілген жерлердің біртіндеп жылжуынан және уақытша ағын сулардың әрекетімен байланыстырады. Уақыт өте келе су айрық маңындағы көтеріңкі жерлер денудациялық үрдістермен жойылған.

С. С. Воскресенскийдың пікірінше, беткей денудациясы базисі деңгейінің өзгеруі нәтижесінде беткейдің беті біресе ысырылу облысы, біресе жиналу облысы болған. Нәтижесінде, беткейдің төменгі бөлігі, яғни көлбеу еңісті жазық жерлер - педименттер - тегіс жерлерге айналған [3] . Шөгінділердің құрамында беткейдің тек жоғары бөлігінің материалдары ғана емес, сонымен бірге, өзен аңғарларын бойлай тасымалданып келген материалдар да кездеседі. Осы себептерге байланысты бір-біріне жақын орналасқан жердегі беткейдің ойыс, бүгілген жерлерінің бірдей биіктікте жатуы, беткейдің регрессиялық шегінуімен түсіндірілмейтіні анық. Өзен маңы ұсақ шоқыларының шығу тегі, олардың түбі деңгейінің ауытқуымен байланысты. Аңғарлардың ең үлкен тереңдіккке енуі плиоценнің соңында жүрді. Осы кезде аңғар маңы территориялары қатты тілімденді. Төрттік кезеңнің екінші жартысында ежелгі жер бедерінің борпылдақ шөгінділерден босануы, ал одан кейін өзен маңы ұсақ шоқысының біртіндеп тегістелуі жүреді. Нақты мәліметтердің жиналуына байланысты, ұсақ шоқының шығу тегі туралы көзқарастар анықтала бастады. Қазақтың ұсақ шоқысы- жер бедері тегістелуінің ең соңғы кезеңі емес, ол ежелгі пенепленнің бөлінуі және деформациялар, соңғы тектоникалық көтерілулердің нәтижесі болып табылады.

Орталық Қазақстанның қазіргі территориясы герциндік қатпарлық нәтижесінде таулы өлкеге айналды. Триас, юра, бор және палеоген кезеңдерінде ел тек қарапайым тектоникалық бұзылуларды бастан кешірді. 200 млн жыл ішінде палеозой таулары жойылды, тегістелген жерлерде үгілу қыртысы қалыптасты. Кайназойдың басындағы бұл қозғалыс мезозой пенеплендерін деформациялады. Осыдан барып үгілу қыртысы зақымданды, нәтижесінде, депрессиялардағы палеоген шөгінділері астында қыртыс қуаты аз. Палеогенде тектоникалық режим тыныш болған, тегіс емес жерлерде үгілу қыртысы қалыптасады. Палеогеннің соңы және миоценде территорияда жалпы тербелістік қозғалыстар болып, ол ойпауыттарда тегістелген аккумулятивтік жер бедерінің қалыптасуына әкеп соқтырды. Жоғарғы миоценде қозғалыс кенеттен күшейіп, жер бедерінің дифференциясы пайда болды. Бір мезетте эрозия және денудация үрдістері қатар жүрді. Миоцен және төменгі плиоцен кезеңдері аңғарлардағы сулардың азаюымен, тіпті плиоценнің басында мүлдем жоғалып кетуімен сипатталады. Осы уақытта саздағы сынық материалдардың шығу тегі делювиалдық болып табылады. Көтеріңкі жерлердің су жырған облыстары кей жерлерде аңғарлы-ложкалы торлы ұсақ шоқыларға айналды. Жоғарғы плиоценнің бас кезінде Орталық Қазақстанда қазіргі кездегі жер бедеріне қарағанда, биік, көтеріңкі әрі жақсы өңделген эрозиялы жер бедері болды. Жоғарғы плиоцен және төменгі плейстоценде аңғарлар өзен аралық қыраттардың кесінділерімен тоықтырылды. Ойыстар мен үстірттерде аса биік емес контрасты локальды тегістелген жер беті түзілді. Жекелеген улескелерде бұл бір уақытта аккумулятивті және денудациялық жазықтар болып табылады, себебі, тегістелу өзен аралығындағы материалдар кесіндісі есебінен және де эрозиялық жүйенің жақын жатқан шыңды тармақтарында тұнбалардың шөгуінен де жүрген.

Төрттік кезеңде ежелгі эрозиялық жер бедері бөліктерінің қайта қалпына келуі, эрозиялық жүйенің енуі қайта жүрді. Ксеротермиялық кезең өз бейнесін жер бедерінен де, және тұнбалардан да тапты. Онымен бірге құмды аллювийдің желмен қарқынды түрде желпілуі байланысты. Төбелі құмдардың елеулі түрде дамуы байқалады. Барлық борпылдақ жыныстарға тән тұнбалардың гипсті және карбонатты болуының эпигенетикалық тегі болуы мүмкін, себебі, олар ылғалды климат мен су тасқындары жағдайында ыдыраған материалдарда да таралған. З. А. Сваричевская (1965) пікірі бойынша, гипстену мұздық аралық ксеротермиялық дәуірмен байланысты [4] . Жоғарғы төрттік кезеңнің тұнбаларында карбонаттың аз болуы және гипстің мүлдем болмауы байқалады. Осы уақытта сорлық-дефляциялық ойыстар қалыптасты. Ойыстар ылғалды жоғарғы төрттік дәуірде көлдерге толған кезде, олар тереңдетілуін тоқтатты. Жоғары төрттік өзендік террасалардың құрылысына қатысқан құмды, құмды-малта тасты және малта тасты материалдардың кездесуі, жоғарғы төрттік уақытында территорияны түгелімен су басып жатып, оның голоценде біртіндеп құрғағанын көрсетеді. Торғай ойыcы жоғарғы бор және палеогендік теңіздік трансгрессия кезеңінде Батыс Сібір және Тұран теңіздерін қосып тұратын кең ойыс болған. Ойыстың шөгінділерге толған уақыты оны қоршаған аудандардың пенепленденуіне дәл келді. Жер бедерін түзуші үрдістердің жандануы жоғарғы олигоценде Торғай ойысының шет бөліктеріне де әсерін тигізіп өтті. Неогеннің бірінші жартысында ойысты түгелімен кең байтақ ұсақ көлдер бассейні басып жатты. Көлдік режим төменгі плиоцен кезеңінде де сақталып келді. ортаңғы төрттік уақытта қайта тереңдетілген аңғарларды толтырған шөгінділер шығарылған уақытта өзен торларының қарқынды енуі басталды. Обаған және Торғай өзендерінің жоғарғы ағыстарының қосылуы жоғарғы төрттік кезеңде жүрді.

Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Аймақтың индустриялық даму қарқынын жеделдетуге ерекше көңіл бөле отырып, КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1929 жылғы 28 қарашада "Республиканың "Қазақ көмір құрылысы" тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару туралы" ережені бекітті. Трест басқарушысы болып еліміздің көмір өнеркәсібі саласынын ірі мамандарының бірі К. О. Горбачев тағайындалды.

1931 жылғы қаңтарда "Қарағандыкөмір" тресі құрылды. Ол осы өңірге шахта салу мен оларды пайдалану ісін жеделдете түсті.

Қарағанды көмір бассейнін ашу ісін одан әрі жандандыра түсу мақсатында Халық комиссарлары Кеңесінің жанындағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1931 жылғы 21 қаңтарда "Қарағанды тас көмір кен орнын дамыту жоспары туралы" қаулы қабылдады. Сол 1931 жылы Карағанды аумағында жаңадан 16 шахта салу көзделді.

Деректер Карағанды өңіріңің аз ғана уақыт ішінде адам нанғысыз қарқынмен дамығандығын көрсетеді. Айталық, 1931 жылды´ басында Қарағанды кенішінде 5600 жұмысшы мен қызметші болса, 1935 жылдың қаңтарында олардың саны 22 мыңнан асқан. Шамалы уақыт ішінде жұмысшы поселкесінің орнына 70 мыңға жуық адамы бар қала орнады. Атап айтқанда, 1934 жылы ақпанда кеншілердің жұмысшы поселкесі Қарағанды қала дәрежесін алды. Қазіргі Қарағандының Жаңа қала деп аталып жүрген орталығын салу сол кезде қолға алынған.

1932 жылғы 10 наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Президиумының Орталық және Солтүстігіндегі бірнеше облыстың басын біріктіріп, орталығы Петропавл қаласы болып жалғыз облыс құрылған. Ол болашағы зор ірі өндіріс орнының құрметіне Қарағанды облысы деп аталған.

1936 жылғы 29 шілдедегі БОАҚ Президиумының қаулысы бойынша жалғыз облыс Карағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына бөлінді. Қарағанды қаласы-Қарағанды облысының орталығы болды.

Өндіріс ошақтары онсыз да дамудың даңғыл жолына түссе, қала атанғанына небары екі жылдан сәл асқан Қарағандының облыс орталығы мәртебесін иеленуі халық ағарту, денсаулық сақтау салалары тәрізді, өңірдің мәдени өміріне де осылайша тың серпіліс келді. Қарағанды қаласы шын мәнісінде іргелі өнер ошағына айнала бастады. Бір кездегі шағын көлемде қалалық газетретінде жарық көрген басылымдар облыстық газеттерге айналды. Бір сөзбен айтқанда Қарағанды қаласының жаңадан құрылған Қарағанды облысының орталығы болуы оның ендігі күнде бір бағытта ғана емес, жан-жақты, түрлі салада дамып, одан ері өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.

Осылайша бүгінгі Қарағанды облысының тарихы әріден басталса да оның қарыштай дамып, өркендеуінің, қалыптасуының бастау көзі 1936 жылы өз алдына жеке облыс атанып, отау тігуінен кейін болды. Қарағандымен қатар Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалалары бой түзеген.

Облыстың шаруашылық кешендерінің салалық бөлінісі мынадай: Қарағанды-Теміртау өнеркәсіпті аймағына (Абай, Саран, Шахтинск қалаларын қосқанда) көмір, қара металлургия, химия және мұнай химиясы өнеркәсібі, металл өңдеу және машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, көлік, байланыс, тамақ және ұқсату өнеркәсіптері, электр энергиясы, ағаш өңдеу және құрылыс материалдары өнеркәсібі, қызмет көрсету саласының кәсіпорындары шоғырланған.

Жезқазған аймағында тау-кен өнеркәсібі, түсті металлургия басымдау дамыған. Мұнда темір, марганец, алтын, күміс, мырыш, басқа да сирек металдар өндіріледі.

Облыс экономикасын дамытудағы жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі - инвестициялық бағдарлама жасап, инвесторлар іздестіру. Бүгінде біздің аймақта 67 бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыс экономикасына "Испат-Кармет", "Қазақмыс", "Қарағанды-Пауэр", "Накоста" сияқты кәсіпорындар елеулі үлес қосты.

Облыстың негізінен индустриялды сипатына қарамастан барлық меншік түріндегі 6 мыңнан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы құрылымдары. Қарағанды облысы өзін-өзі ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен толықтай қамтамасыз етеді.

Облыста сүт өндейтін 16, ет өндейтін 50-ге тарта кәсіпорын және 200 миницех жұмыс істейді.

Қарағандыда экономиканың нақты секторы дамып келеді. Облыстың 137 өнеркәсіп кәсіпорны "Миттал Стил Теміртау" АҚ-мен және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-мен импортты алмастырушы өнімдерді жеткізіп берудің 17 миллиард теңгелік келісім-шарттарын жасасты.

Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Топырақ үлгілерін өлшеу
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорларының зерттеулеріне шолу жасай отырып, оның технологиялық мүмкіндіктері мен зерттеу бағдарламаларын кішігірім кітапханаларда пайдалану жағдайларының қажеттілігі мен пайдалылығы
Республиканың мәдени өміріндегі өзгерістер
Инвестициялық тартымдылық
Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешуді оқыту
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Қазақстан кітап сауда жүйесі
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz