Қауіпсіздік нұсқаулары


КМҚК «Арқалық политехникалық колледжі»
ЕСЕП
Мамамандық:1501000
«Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
Орындаған:Олжабаев Ы. Ғ.
Тексерген:Жунусов С. Г.
Баға:
Аркалық 2019 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1) Кәсіпорынмен танысу . . . 3
2) Қауіпсіздік нұсқаулары . . . 4
3) Өндірістік іс - тәжірибеде атқарылған іс шаралар . . . 6
4) Қорытынды . . . 9
Кіріспе
Мен Олжабаев Ыбырай Ғалымханұлы өзімнің өндірістік іс - тәжірибемсді «АЖЭК» мекемесінде өткіздім. АЖЭК қаламызды жылумен қамтып отырған басты мекелердің бірі. Өндірістік іс тәжірибе барысында компанияның цех басшысы ең бірінші мекеменің техника қауіпсіздігімен таныстырды. Сондай-ақ Өндірістік іс тәжірибе барысында мекеменің арнайы көлік түрлерімен, жұмыс тәртібіменде толық танысты. Арнайы көлік түрлері ішінен ЗИЛ 130, трактор МТЗ 80 және сол сияқты автокрандар мен жүк көлік түрлерін көрсетті. Өндірістік орынды бірінші күні Серік ағай қауіпсіздік ережесімен және жұмыс орнымен таныстырды. Онда автокөліктерді және де өндірістік орындармен таныстырды. Моторный цех, Токорный цех, Аккумилятрный цех осы цехтердін әрқайсымен жеке-жеке таныстырды.
«АЖЭК» мекемесі қаламызды жылумен қамтамасыз етіп отырған мекемелердің бірі. Атқаратын қызметіне қарай жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстары кезінде жылу трубаларын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы аталған жұмыстарды орындау үшін мекеме арнайы көлік түрлерімен қамтамасыз етілген. Экскаватор, МТЗ 80, 82, тракторлары, КАМАЗ, ПАЗ - 32053 адам таситын көліктермен қамтамасыз етілген. Осы аталған көліктерге техникалық көмек көрсететін арнай жөндеу алаңы АЖЭК мекемесінде орналасқан. Ол жерде қозғалтқыш жөндеу бөлімінде Серік ағайдың қарамағында болып КАМАЗ көлігінің қозғалтқышын жинау жұмысына көмектестік. Және осы жұмыс алаңында токар цехінде тежеу жүйесінің калоткаларын салу монтаждау жұмыстарын атқардық.
Кәсіпорынмен танысу
«Арқалық жылу энергетикалық компаниясы»
«Алюминқұрлыс» шаруа қожалығы 2001 жылы құрылған. Сол уақыттан бері ауылшаруашылығы саласында ісін дөңгелетіп келеді.
Бұл қожалықта 300 бас ірі қара және егінді жері бар. Мал бордақылап, оған қажетті жем-шөпті де өзі дайындайды. Сол үшін 100 гектарға дейін бидай егеді. Биыл «Ұлтан» шаруақожалығы техникалармен жабдықталған. МТЗ 82, К - 700, Нива комбайыны, ЗИЛ - 130 және жер жыртқыш соқалар мен тырмауыш техникалармен қамтамасыз етілген.
Жоғарыда аталған техникалардың барлығы жұмысқа жарамды. Мал суару және егін шаруашылығында қолданылатын техникалардың барлығы жұмыс атқарады. Осы техникаларда жұмыс атқаратын қызметкерлерде бар. Іс тәжірибеде МТЗ 82 және К - 700, ЗИЛ - 130 көліктеріне техникалық күтім жасау жұмыстарымен таныстырылды.
Шаруа қожалықтарына мемлекеттен көрсетілетін көмек көлемі де ауқымды. Өткен жылы арнайы қаржы алып, шет елден 16 бас ангус тұқымды сиырлар әкелген. Биыл олардың қатары тағы артуда.
2 Кауіпсіздік нұсқаулары
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты - зауыттың өндірістік нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік- өндірістік бақылауды қамтамасыз етумен атқарылады.
Өндірістік қауіпсіздікті бақылау - өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің бір бөлігі. Ол зауыттың қауіпті өндірістік нысандарының қызметін қауіпсіздендіру,
олардағы апаттық жағдайлардың алдын алу, апатты жағдайлар бола қалған жағдайда, келген зардабын жоюдың кешенді шараларын жүзеге асырады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті - зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал ететін, қауіпсіздік талаптарының бұзылу себебтерін анықтау болып табылады.
Өндірістік бақылауды жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешіледі:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуына әкелетін себептерді анықтау:
- зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына сараптау жүргізу;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуы мен үшінші тұлғалардың жасаған залалын жою, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын жасау;
- зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы технологиялық тоқтап қалуды, апаттық жағдайдың алдын алу, хабарлау, жұмысын үйлестіру сонымен қатар болған апатты жағдайлардың залалын жою;
- қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық және техникалық құрылғылардың сынағын өткізу, бақылау және өлшем құрылғыларының жөнделі мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету;
- технологиялық тәртіптердің тұрақты бақылауын орнату;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату және өндірістік қауіпті факторларды анықтау;
- зауыт еңбеккерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі бойынша дайындығын ұйымдастыру, тексеру, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруі;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзылулардың себебі мен салдарларын табу;
- зауыттың өндірістік қауіпті нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының анализі;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілетін зияндарды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу;
- зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында авариялар, қақтығыстар, технологиялық іркілістерді алдын ала ескертуге және оларды оқшаулау мен жоюға бағытталған жұмыстардың координациясы;
- зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында қолданылатын тәжірибелер өткізуге, техникалық қондырғылар, энергетикалық жабдықтар, жөндеу және өлшеу бақылау заттарына уақытылы бақылау;
- технологиялық тәртіпті сақтауды үнемі бақылауду ұстау;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерулер өткізу және өндірістік зиянды факторларды анықтау;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында зауыт жұмысшыларын аттаестациялау және оны ұйымдастыру және бақылау.
3) Өндірістік іс - тәжірибеде атқарылған іс шаралар
Автомобильдерде қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады:кривошипті - шатунды және газ тарату механизмдері, қоректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын қондырғы.
Иінді - шатунды механизм. Иінді - шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа бөлуге болады. Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады. Сонымен двигательдердің иінді - шатунды механизм механизмдері мынандай бөлшектер тобынан құралады: цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы.
Осы көрсетілген бөлшектер тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады. Цилиндрлер тобы - поршеньнің әрі - бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның ішінде процестер жүру үшін қажетті көлем жасап тұрады. Поршень тобының бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды неғұрлым берәк бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ қысымын қабылдау қызметтерін атқарады. Шатун тобының бөлшектері поршень мен иінді білікті жалғастырып, поршеньде пайда болған газ қысымының күшін иінді білікке жеткізеді, ал керек болғанда иінді біліктегі күшті поршеньге жеткізеді.
Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы 1 - суретте көрсетілген.
1. сурет. Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы.
Оларды мынандай бөлшектер тобына бөлуге болады: поршень, шатун тобы және иінді - білік тобы. Олар бір - бірімен арнаулы бөлшектер арқылы жалғасады.
Газ тарату механизмі. Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады. Сору процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топтан тұрады. Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы.
2-сурет. Газ тарату механизмінің схемасы.
Майлау жүйесі. Двигательдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мұқият тегіс етіп өңдегенде қарамастан, оларды микробедерлер сақталып қалады. Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір - бірімен айқасын, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді. Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір - біріне айқасу құбылысын болдырмайды.
3-сурет. Майлау жүйесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz