Мемлекет функциясының белгілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

  1. МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІМемлекет функцияларының ұғымы мен маңызыМемлекет функциясының белгілері

2. МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕЛУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

2. 1 Мемлекеттің ішкі функциялары

  1. Мемлекеттің сыртқы функциялары
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІМемлекет функцияларын жүзеге асырудағы нысандарыҚазақстан Республикасында мемлекет функцияларын жүзеге асыру шаралары мен әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің әрбір даму кезеңінде оның қызметі туралы мәселелер мемлекеттің жалпы теориясында ең бір маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.

Біздің мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңінде ел халқының игілігі үшін өзінің ішкі функцияларын толық көлемде іске асыруға тырысады және әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі бола отырып, халықаралық ынтымақтастыққа негізделе отырып, сыртқы функцияларды іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмсайды.

Ол осы қызметтердің нәтижесінде мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайыны көрінетіндігін айқындайды. Яғни, мемлекеттің қызметінің құрылымы белгілі бір қоғамдық қатынастар жүйесіне мемлекеттің қажетті ықпалын тудыратындығымен анықталады. Соның барысында мемлекеттің қызметінің өзгеруі оның құрылымының өзгеруіне әкеп соғады. Сондықтанда мемлекет теориясында функционалдық әдіс бастапқы әдістердің бірі болып табылады.

Функцияның мәні тек мемлекетке ғана емес, сонымен бірге қоғамға да әсері зор болып табылады. Әрбір заң әдебиеттері мемлекеттің функциясын мемлекеттің мәні мен әлеуметтік сипатынан көрініс табатын, оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыты қоғамды басқарудағы мемлекеттің мақсат− міндеттерін айтады. Мемлекеттің функциясы бір жерде тұрмайды, олар әрқашанда жылжымалы сипатта болады, әрі олар үнемі қозғалыста болып өзгеріп отырады.

Теориялық-әдіснамалық база даму жолымен қозғалу, мемлекеттік шешімдер қабылдауды сауатты талдау, саяси қызметтер нарығының жергілікті, өңірлік деңгейлерінің зерттеулері жеткілікті әзірленбеуіне байланысты мемлекеттің қоғамдағы рөлі, мемлекеттік реттеу, мемлекет механизмі мен оның басқару құралдарындағы мәселелерін нақты талқылау қажет.

Қоғамда болатын нақты тарихи жағдайларға байланысты мемлекетте әртүрлі функциялар орын алады. Айталық, ежелгі кезеңдегі шығыс азияттық мемлекеттердің басты функциясы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып отырды.

Көшпенді мемлекеттердің басты функциясы мемлекетті сыртқы жаудан, соғыстардан қорғау болады. Күні бүгінде дамыған демократиялық мемлекеттердің басты функциясы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

Аталғандай мемлекеттің функциясы тікелей жалпы адамзаттық мәнін көрсетеді. Оның мазмұны қоғам мүшелерінің топтық, ұлттық және жеке мүдделерін ескереді: мемлекеттің функциясында оның белсенді қызметтегі мәні мен рөлі ашылып жүзеге асырылады, мемлекеттің қызметі тарихи пайда болып дамиды. Мемлекет өзінің әлеуметтік мәнін, тағайынын орындау барысында сәйкес қызметті жүзеге асырады. Мемлекеттердің функциялары әртүрлі тарихи типтерде қалыптасуына қарамастан өзіне тән ерекшеліктерімен, заңдылықтарымен дамиды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті мемлекеттің функциялары мемлекеттің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді шешу жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары.

Нақты мемлекеттің мәні, оның табиғаты мен әлеуметтік мақсаты дәл осы функцияларда көрініс табады. Функциялардың мазмұны осы мемлекетті не істеп жатқанын, оның органдары немен айналысатынын және олар көбінесе қандай мәселелерді шешетінін көрсетеді.

Мемлекет қызметінің негізгі бағыттары ретінде олар қызметтің өзінен немесе осы қызметтің жекелеген элементтерімен теңестірілмеуі тиіс.

Функциялары мемлекеттің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін жүзеге асыруы тиіс қызметін көрсетуге арналғанфункцияның негізгі белгілерін терең зерттеу, сондай-ақ мемлекеттің даму бағытын түзетуге мүмкіндік беретін мемлекеттік институттар жүзеге асыратын функцияларға назар аудару болып табылады:

- мемлекеттік функция - заң жобаларын, мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған құқықтық базамен заңды түрде бекітілген мемлекеттік жүйе органдарының заңды - бағынышты қызметі.

- мемлекеттік функция -мемлекет қызметінің негізгі бағыты, соның арқасында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты қамтамасыз етіледі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуына, мемлекет пен қоғамды тұрақты тиімді басқаруға кепілдік беріледі.

- мемлекеттік функция - заң шығарушылыққа қатысты қайталама болып табылатын және экономиканы, қоғамның рухани-мәдени өмірін, әлеуметтік-саяси аренаны реттеу арқылы тікелей жүзеге асырылатын атқарушылық қызмет.

Белгіленген проблемаларды шешу және қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қызмет етеді:

- Қазақстан Республикасында мемлекет функциясы мәнін және оның ерекшеліктерін қарастыру;

- мемлекеттік аппарат пен мемлекет механизмінің өзара байланысын зерттеу;

- Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы және атқарушы биліктің механизмі, мақсаттары мен функцияларын талдау;

- атқарушы билік пен мемлекеттік басқарудың арақатынасын зерделеу;

- Тарихи мысалда мемлекеттің қалыптасуын анықтау

- Мемлекет функциясыны тиімділігін арттырудың негізгі проблемалары мен перспективаларын көрсету.

Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі саясаты мен мемлекеттің алдына қойған бағыттарында кездескен элементтердің бірі болып саналатын функиясының жіктелу критериилеріне негізделген тақырыптары мен мәселелері жазылған.

Конституциялық жай заңдар, заңға тәуелді актілер қабылданғанда, сондай-ақ бүкіл құқық қолдану практикасы қалыптастырылғанда негіз етіп алынатын конституция еліміздің конституциялық саясатын білдірудің негізгі нысаны болып табылады деп айтуға болады.

Зерттеу пәні. Мемлекеттің функциялары - бұл мемлекеттік органдардың барлық жүйесінің қоғамның үйлесімді экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына, басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кезінде бағытталған тұтас, өзара байланысты қызметі.

Заң әдебиетінде мемлекеттің функциялары әр түрлі мағынада және бірнеше түрлерге бөлініп беріледі. Кеңес дәуірі кезінде басылып шыққан әдебиеттерде социалистік мемлекеттің ішкі функцияларын негізінде төрт түрге бөліп қарады: шаруашылық ұйымдастыру, еңбек пен тұтыну өлшемін есепке және бақылауға алу, мәдени−тәрбиелік және құқық қорғау Социалистік мемлекеттің аталмыш функциялары негізінде бір орталықтан басқарылатын тоталитарлық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етіп, іс жүзінде асырды, экономика саласында мемлекеттік монополия үстемдік етті.

Функция заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыда мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дуниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана сезімі, мәдениеті, глобалдық меселелері әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.

Тақырыптың ғылыми тәжірибелік құндылығына келетін болсақ: Осы жұмысты жазуға көптеген әдебиеттерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының конституциясын басшылыққа алдым.

Осы жұмысты зерттеу объектісі - Мемлекеттік функцияның барлық ұйымдық құрылымының жүйе құраушы элементтері ретінде қаралатын мемлекеттік органдар болып табылады.

Жұмыстың құрылымы: Негізгі үш тараудан тұрады. Оның құрылымы мен тараулары мемлекеттік органдарының жұмыстарының ұйымдастырылуының өзекті мәселелері, мемлекеттік басқарудың функциялары сипаттамасы, қызметі жүйесі негізделіп жазылған. Соның нәтижесінде өзімнің ой пікірімді әрбір тараудың, сұрақтардың мазмұнынан өз шешімімді таптым.

1 МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

1. 1 Мемлекет функцияларының ұғымы мен маңызы

Мемлекеттің мазмұны әртүрлі көптеген функцияларды орындауына байланысты олардың ғылыми жіктелуі қажет. Мемлекеттің табиғаты және оның саяси жүйедегі жағдайы оны басқа саяси институттардан ерекшеленетін бірқатар ерекше функциялардың болуын болжайды. Мемлекеттің функциялары мемлекеттік биліктің егемендігіне байланысты оның қызметінің негізгі бағыттары деп аталады. Қандай да бір үкімет сайлайтын саяси стратегияның негізгі бағыттарын, оны іске асыру құралдарын көрсететін мемлекеттің мақсаттары мен міндеттері функциялардан ерекшеленеді.

Мемлекеттің функциялары қоғамдық қатынастарда кездесетін салалары бойынша ішкі және сыртқы болып, әрекет ұзақтығы бойынша кезесетін тұрақты, мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылатын және уақытша, мемлекет дамуының белгілі бір кезеңін көрсететін болып, мәні бойынша кездесетін негізгі және негізгі емес болып, сомен қатар қоғамға әсері бойынша кездесетін қорғау және реттеу болып жіктеле алады.

Қоғамдық өмірдің қай саласында да ішкі немесе сыртқы жіктелуі, мемлекеттің қандай да бір функциялары жүзеге асырылатынына, олардың ішкі саяси немесе сыртқы саяси міндеттерді шешуге байланысты жіктелуінен көруге болады. [1]

Негізгі функциялар-белгілі бір тарихи кезеңде оның алдында тұрған түбегейлі стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру жөніндегі мемлекет қызметінің аса ортақ, маңызды бағыттары болады. Мемлекеттің негізгі функцияларына бірқатар жалпы белгілер тән.

Біріншіден, оларда мемлекеттің санаты және жалпы адамзаттық мәні, оның әлеуметтік мақсаты неғұрлым маңызды. Әрине, оның барлық функцияларында басқаша көрінеді. Алайда, мемлекеттің әртүрлі функцияларында оның мәні мен әлеуметтік мақсаты бірдей емес.

Негізгі функцияларда олар бірінші орында сияқты, тікелей және барлық айқын көрінеді. Басқаларында осындай тікелей көрініске ие емес және негізгі функцияның мазмұнына байланысты оларды қарау арқылы ғана анықталуы мүмкін. Мысалы, бір жағынан, байланыс құралдарын жолға қою, жолдарды жөндеу, көлік жұмысын қамтамасыз ету, өсімдіктерді аурулардан қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияларға қатысу, індеттермен күрес сияқтылар, екінші жағынан, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншіктің барлық нысандарын, құқықтық тәртіпті, ел қорғанысын және тағы басқа қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік қызметі. Екіншіден, әдетте бұл үшін арнайы органдар жүзеге асыратын көптеген мемлекеттік функцияларға қарағанда (мысалы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жоғары білім беру, қаржы қызметі, дипломатия, сыртқы сауда және басқалары) негізгі функциялар мемлекеттік аппараттың барлық немесе көптеген буындары әртүрлі шамада болса да, жалпы мемлекеттің қызметіне жатады.

Үшіншіден, өзінің мазмұны мен құрылымы тұрғысынан негізгі функция кешенді, ұжымдық сипатқа ие және әрдайым жүйелі талдауды талап етеді. Ол мемлекеттің күш-жігерін оның ішкі немесе сыртқы қызметінің шешуші, басты бағыттарының біріне шоғырландыруды жүзеге асырады. Оның объектісі әлеуметтік өмірдің белгілі бір үлкен саласында белгілі қоғамдық қатынастардың ұқсастығына ие кең ауқымды болып табылады (мысалы, экономика, салық салу, әлеуметтік қатынастар, экология, бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті қолдау және басқа салаларындағы қатынастар) .

Осыған орай мемлекеттің негізгі функциялары қоғамдық қатынастарға мемлекеттік ықпал етудің неғұрлым маңызды бағыттары бойынша негізгі емес функциялар деп аталатын оның көптеген басқа да функцияларын қамтиды, топтастырады. Соңғылары, негізгі функциялардың құрамдас құрылымдық бөліктері бола отырып, мемлекет қызметінің нақты, және осы мағынада неғұрлым тар, қоғамдық өмір саласындағы міндеттерін орындау бағыттарын белгілейді.

Мемлекеттің негізгі және негізгі емес функцияларынан мемлекет органдарының функцияларын, яғни жекелеген органдардың құзыретін, құқықтары мен міндеттерін олардың мемлекеттік тетігі мен қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен мақсатына сәйкес іске асыруды шектеу қажет.

Мемлекеттің негізгі функцияларын жүзеге асыру өзінің мазмұны бойынша көптеген негізгі емес мемлекеттік функциялар мен жекелеген мемлекеттік органдардың функцияларын іске асырудың үздіксіз процесі болып табылады. [2]

Мемлекеттік функциялардың аталған түрлерінің арасындағы арақатынас мемлекет қызметіндегі жалпы, ерекше және бірлі-жарым диалектикасын көрсетеді. Сондай-ақ мемлекеттің функцияларын оны қалыптастыру мен қызметінің қағидаларымен араластырған жөн.

Мемлекеттің функцияларын ішнара заңнамалық, басқару, құқық қорғау, соның ішінде сот және ақпараттық болып бөлугеде болады.

Бұл жіктеменің ерекшелігі, ол мемлекеттік билікті іске асыру процесін бейнелейді, бұл заң шығарушы атқарушы, сот билігі тармақтарының жиынтығына байланысты, бірақ ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда жиі пайдаланылатын таза формальды жіктеме бола алады. Мысалы, ақпараттық функция төртінші биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін сипаттайды. Оның мазмұны, тәсілдері мен құрылымы, қамтамасыз етілуі заңдылық.

Бұл функцияның ерекшелігі оның қоғамға әсер ету тәсілінде, халықты мақсатты түрде хабардар ету, қоғамдық санамен санасу, ақпаратты қоғамға берудің басқа да тәсілдері биліктің басқа тармақтарының, бүкіл мемлекеттің жүзеге асырылуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасалуында. Мемлекеттің функциялары мемлекеттік аппаратты тұтастай, кешенде, жүйеде қамтамасыз етеді, бұл ретте әрбір органның қоғамды басқару бойынша еңбек бөлінуін білдіретін өз функциялары бар.

Функцияларды орындауды қамтамасыз ету үшін кез келген мемлекетте мемлекеттік аппарат деп аталатын арнайы құрылымдық ұйым құрылады. Мемлекет аппараты - бұл жалпы қағидалармен, түпкі мақсаттың бірлігімен және билік өкілеттігі берілген, сондай-ақ өз функцияларын жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық мүмкіндіктері бар мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік органдар мемлекеттік аппараттың құрылымдық буындары болып табылады.

Мемлекеттік органды құру үшін құқықтық негіз, яғни арнайы нормативтік-құқықтық актіні шығару қажет. Мемлекеттік органдар жүйесі Конституциямен белгіленеді. Заңдар қабылдайтын өкілді, заңнамалық органдар Парламент, Үкімет, атқарушы билік органдары, Министрліктер және басқалары бар.

Бұл органдарға қабылданған заңдардың іске асырылуын ұйымдастыру міндеті жүктеледі. Ақыр соңында, заңдардың орындалуын бақылайтын әр-түрлі мүліктік және өзге де дауларды шешетін сот органдары.

Мемлекеттік органдар күшті және тиімді мемлекеттік билікті жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ол авторитарлық диктаторлық болуы міндетті емес. Заңға негізделген заңды, күшті билік болуы мүмкін. Осылайша, мемлекет органы - бұл функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құзырет берілген мемлекеттік аппараттың құрамдас бөлігі бола алады.

Құқықтық әдебиетте мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары деп: біріншіден, мемлекет тетігінің негізгі буындарының қызметі, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметіне қарағанда мемлекеттік қызметтің ерекше түрлері, екіншіден, өзінің сыртқы белгілері бойынша біртекті мемлекет органдарының оның функциялары іске асырылатын қызметі түсініледі. [3]

Бірінші өлшемге сәйкес мемлекет функцияларын жүзеге асырудың негізгі нысандарына: заңнамалық, басқарушылық (атқарушылық), соттық, бақылау-қадағалауды жатқызуға болады.

Заң шығару қызметі өкілді және заң шығарушы органдардың барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті заңдар шығаруы болып табылады.

Басқару немесе атқару қызметі заңдарға негізделген экономика мен мәдениетті дамыту, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау, көлік және байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің қорғанысы және басқа салаларында мемлекеттің функцияларын атқарушы билік мемлекеттік басқару органдарының жедел, күнделікті іске асыруын білдіреді.

Сот қызметі еліміздің сот жүйесінің барлық буындарының сот төрелігін жүзеге асыру жолымен мемлекеттің функцияларын іске асыруды қамтиды. Бақылау - қадағалау қызметі - мемлекеттік қадағалау мен заңдылықты бақылаудың барлық түрлерінің іс-қимылы арқылы мемлекеттің функцияларын орындау. Бұл қаражат жүйесінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдардың дәл және біркелкі орындалуына прокурорлық қадағалау ерекше орын алады.

Аталған нысандардың әрқайсысы өзіне тән тәсілдер мен құралдарды ескере отырып, мемлекеттің функцияларын іске асыру мақсаттарына қызмет етеді.

Бұл мақалада мемлекеттің функциялары мен жіктелуі, мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандарын қарастыра алдық.

Мемлекет ұғымы оның мәнінің, яғни осы құбылыстағы басты, анықтайтын, тұрақты, заңды мәнінің сипаттамасын қамтиды. Мемлекеттің мәніне қатысты теориялар арасында келесілерді бөліп көрсетуге болады. Қазіргі жағдайда жалпы адамзаттық құндылықтарға басымдық беріледі. Осылайша, мемлекет демократияның даму деңгейіне сәйкес келеді және идеологиялық плюрализм, жариялылық, заңның үстемдігі, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тәуелсіз соттың және басқа дамуымен сипатталады.

Мемлекет пен құқықты түсіну мәселелері, олардың мәні мен даму заңдылықтары оны күрделі және тарихи дамып келе жатқан қоғамдық-саяси құбылыс ретінде анықтауға, мемлекетті түсіну мен анықтаудағы плюрализмнің болуын растауға, мемлекет пен құқық дамуының белгілерін, мәнін, негіздері мен заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.

Бұл саладағы функциялардың эволюциясы өзге сапалық деңгейге ие болады, міндеттіліктің өзге дәрежесін, экономикалық, әкімшілік, құқықтық құралдармен және әдістермен қамтамасыз етілуін талап етеді.

Мемлекет функцияларының жаңа эволюциясына қоғамның дамып келе жатқан ақпараттандырылуын, деректер базасын, бүкіл жоспарлы ақпараттық жүйелерді құруды, жалпы жоспарлы ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға итермелейді.

Бірақ, әрине, мемлекет функцияларының эволюциясына ең қуатты әсер ядролық және басқа да жаппай қырып-жою қаруын пайдалану мүмкіндігін алып тастауға, ядролық, химиялық және өзге де технологияларды бақылаусыз пайдалану қаупін жоюға объективті қажеттілік болып табылады.

Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде асыру үшін мемлекетте арнайы функциялар қажет.

Функция арқылы мемлекет статикалық формалары, аппараттары, органдар құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.

Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республиксы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл−ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және тағы басқа мемлекеттің алдында тұрған міндеттер. [4]

Мемлекеттің функциялары дегеніміз оның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін іс жүзінде асырудың негізгі бағыттары. Мемлекет және құқық теориясында мемлекеттің функциялары бірнеше түрге бөлінеді. Заң әдебиетінде де мемлекеттің функциялары әр түрлі мағынада және бірнеше түрлерге бөлініп беріледі.

Кеңес дәуірі кезінде басылып шыққан әдебиеттерде социалистік мемлекеттің ішкі функцияларын негізінде төрт түрге бөліп қарады: шаруашылық ұйымдастыру, еңбек пен тұтыну өлшемін есепке және бақылауға алу, мәдени−тәрбиелік және құқық қорғау.

Социалистік мемлекеттің аталмыш функциялары негізінде бір орталықтан басқарылатын тоталитарлық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етіп, іс жүзінде асырылды, экономика саласында мемлекеттік монополия үстемдік етті.

Атап айтқанда Кеңестік әміршілдік экономика дәуірінде мемлекет бастан−аяқ бәрін басқаруға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет буындары көп ебедейсіз құрымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес мемлекеті бақылауына алуға әрекеттенген міндеттердің 80%−і мемлекеттердің функциясына жатпайды.

Функция заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыда мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырды. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дуниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана сезімі, мәдениеті, глобалдық меселелері әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.

Кеңестік дәуірде де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мәнін терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның мемлекеттің тарихи процесін зерттеп, дұрыс тусінуге коп үлес қосуы.

Функция мемлекетпен қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал демократиялық мемлекетті орнату. «Мемлекет функциясы» деген атау, мемлекет жұмыстарындағы мақсаттардың негізі, өте маңызды мақсаттардың негізі, өте маңызды бағыттарын айқындауға пайдаланылады. Себебі, сол арқылы оның әлеуметтік ролі корінеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот органдарының қызметтеріндегі мақсаттарына қоғам оірінің бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымы
Мемлекет функциясы туралы
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының түрлері, орындалу нысаны
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Мемлекет функциялары
Мемлекет функциялары туралы
Мемлекет функциясының түсінігі түрлері жүзеге асырудың нысандары
Мемлекет функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz