ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ Ғ. МҰСТАФИННІҢ «ДАУЫЛДАН КЕЙІН» РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ОНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 5

АНЫҚТАМАЛАР . . . 6

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР . . . 7

КІРІСПЕ . . . 8

1 ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҒЫ . . . 10

1. 1 Ғ. Мұстафиннің алғашқы шығармалары және жазушы шығармашылық даралығы . . . 10

1. 2 Ғ. Мұстафиннің 1940 жылдан кейінгі шығармалары және жазушы шығармашылық даралығы . . . 18

2 ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК . . . 31

2. 1 Ғ. Мұстафин прозасы және көркемдік . . . 31

2. 2 Ғ. Мұстафин «Дауылдан кейін» романындағы көркемдік . . . 38

3 Ғ. МҰСТАФИННІҢ «ДАУЫЛДАН КЕЙІН» РОМАНЫН ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі . Қазақ әдебиеті дамуындағы, тарихындағы 1920-1980 жылдар аралығы ерекшелікті кезең екені белгілі. Олардың туындылары - әдебиетке жаңашылдық әкелген, көркем бейнелері уақыт өткен сайын көркемдік құнын жоғалтпай, биіктей береді. Біз айтып отырған әдебиет дамуы, жаңашылдық, ізденіс, мазмұн, бейнелеу құралдары деген мәселелердің барлығы да бұған тікелей қатысты болады. Иә, ол ізденістер әдебиеттің барлық жан-жүйесін түгел қамтитыны да шындық, тіпті бар ғой, кейіпкерлер жасауда да, жалпы көркем шындықты жеткізуде де соны ізденістер жасалып, жаңа бейнелеу құралдары не бейнелеудегі жаңа тәсілдер өмірге келуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда әдебиеттегі жаңашылдық -деп жүргеніміздің өзі бос далбаса болып шығары анық. Бұдан шығатын қорытынды - жоғарыда аталған жәйттер толық жүзеге асқан жағдайда ғана дәстүрдің жаңа арнада дамуын, жаңашылдықтың өмірге келуін күтуге болады. Біздің бұл ойымызға әдебиет зерттеушісі С. Ш. Айтуғанова мақаласында [1] айтылар пікірлер толық дәйек бола алады.

Ғабиден Мұстафин шығармашылығын бүгінгі заман талабына сай етіп оның суреткерлігін, творчествалық ізденістерін көркемдік әдіс-тәсілдерін таныту, оның жазушы ретінде тұлғалануын ашу, оның шығармаларының әдебиетіміздегі 1960-80 жылдардағы әдеби серпіліске қосқан үлесі тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Ғ. Мұстафин шығармашылығы туралы біраз зерттеулер мен пікірлер

бары белгілі. Олардың қатарында С. Мұқанов [16], А. Нұрқатов [10], М. Қараев[7], С. Қирабаев[13], М. Сармурзина және т. б. еңбектері мен пікірлерін атаймыз. М. Сармурзина 1956 жылы «Мұстафиннің творчествалық жолы» тақырыбында ғылыми диссертация қорғады[2] . Ғ. Мұстафин шығармашылығына қатысты қазіргі кезеңде де пікірлер айтылуда, мәселен, М. Атымов [19], Қ. Алпысбаев [27], және т. б. ой-пікірлері біздің сөзімізге дәйек бола алады. Бұл жәйт Ғ. Мұстафин шығармашылығы әлі де талай зерттеулерге нысан болатынын аңғартады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Ғ. Мұстафин прозасындағы көркемдік мәселесін қарастыруда мынадай мақсаттар мен міндеттер қойдық:

- Жазушы шығармашылық даралығының қалыптасуы;

- Жазушы прозасындағы заман шындығы көрінісі, оның ролін анықтау;

- қаламгер шығармашылығындағы көркемдік мәселесін анықтау;

-Ғ. Мұстафиннің суреткерлік шеберлігін таныту, оныңшығармаларындағы типтік бейнелерді сомдау тәсілдеріне, тіл, стиль өрнектеріне көңіл аудару;

- Ғ. Мұстафин шығармашылығының зерттелуіне тоқталу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Зерттеу нәтижесінде мынадай мәселелер ғылыми шешімін тапты:

- Ғ. Мұстафиннің прозасының ерекшелігі арқылы 1920-80 жылдардағы қазақ прозасының даму жолы туралы ой тұжырымдалады;

- жоғарыда аталған кезеңде прозадағы тақырыптардың жаңашылдығы, актуальдылығы қарастырылды;

- Ғ. Мұстафиннің суреткерлік шеберлігі, оның шығармаларындағы типтік бейнелерді сомдау тәсілдері тіл, стиль өрнектері анықталады;

- жазушы шығармашылық даралығы мәселесі жазушы шеберлігі мәселесімен байланыста зерттелді.

Зерттеу нысанасы . Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романы болмақ.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі . Зерттеуде ұлттық және әлемдік деңгейдегі әдебиеттанушылардың, сыншылардың еңбектерінде айтылған ой-пікірлер басшылыққа алынады. С. Мұқанов, А. Нұрқатов т. б. , теориялық ой - тұжырымдарына, пікірлеріне, сондай-ақ, алыс-жақын шетел ғалымдары В. Белинский, А. А. Потебня, Г. Н. Поспелов, Л. И. Тимофеев, К. Юнг, В. Виноградов, А. К. Дремов, К. Федин, М. Храпченко еңбектері жұмыстың теориялық және методологиялық негізі болды.

Зерттеу жұмысының әдістері . Диплом жұмысын орындауда талдау, салыстыра талдау, салыстыру әдістері - зерттеу әдістері ретінде пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҒЫ

1. 1 Ғ. Мұстафиннің алғашқы шығармалары және жазушы шығармашылық даралығы

Қай кезде де көркемөнер мәселелерінің түпкі қазығы - көркемдік мәселесі болатынын ақиқат. Осыған орай кез-келген көркем шығарма туралы айтылған пікір, ой, тұжырымның тірек нүктесі де көркемдік мәселелері болатыны шындық. Көркемдік пен шеберлік жалпы көркемөнердің ажырамас бөлігі екені де дау тудырмайды. Бұл туралы әңгіме қозғадық екен, онда шығармашылық даралық мәселесіне де амалсыз баруға тура келеді, оның себебі - бұлар бірінсіз екіншісі болмайтын ұғымдар.

Шеберлік деген, оның ішінде жазушы шеберлігі деген қыры мен сыры мол, тылсым құпиялы, шетсіз, шексіз әлем екендігі көркем әдебиеттен хабары бар көзі ашық оқырманға белгілі жәйт. «Ал, шеберлік шексіз, оның ұшы - қиырын табу қиын, өйткені, әр суреткер бар ғұмырын шеберлік жолына сарп етеді» - дейді орыстың белгілі жазушысы К. Федин. [3, 359] . Енді осы мәселелер жөніндегі ой-пікірлерді бір қорытып алған жөн тәрізді.

«Қаламгер шығармашылық даралығы, қаламгер шеберлігі, шығармадағы көркемдік, көркемдік ізденістері деген мәселелер аса күрделі және өте ауқымды мәселелер екені, сонымен қатар әдебиеттануда бұл жәйттің үнемі күн тәртібінде тұрары белгілі. Жалпы көркемөнердегі, оның ішінде кез келген көркем шығармадағы негізгі мәселе -өмір шындығын, уақыт шындығын көркем бейнелеу екені анық десек, бұл мәселені көркем әдебиет жағдайында жан-жақты ашу үшін біздің қалай болғанда да жазушы шеберлігі, жазушы стилі деген мәселелерге баратынымыз анық, бұл жәйттердің қай кезде де әдебиеттану ғылымының өзекті де көкейтесті, маңызды да теориялық мәні өте зор мәселе болғандығы белгілі» [4, 17-21] . Әр кезеңнің, әр қоғамның көркем құндылықтарға өз бағасын беретіні де жасырын емес. Бұл мәселе ілгері жылжыған заманмен, уақытпен бірге келесі дәуірлерге көше береді.

Көркем әдебиетте көркемдік, ақын-жазушы шеберлігі, стилі мәселесі деп отырғанымыздың өзі түптеп келгенде ақын не жазушы қаламынан туған шығармалардың көркемдік қуатына келіп тоғысады және бұл мәселелерге қатысты көптеген зерттеулер жасалып, көптеген тұжырым, пікірлер айтылған. Алайда, өмір ілгері жылжиды, оған ілесе әдебиет те ілгерілейді, бүгінгі шешімін тапқан мәселе өмірге енді бір проблеманы әкеледі. Бұл көркем әдебиеттің үздіксіз даму үстінде болатын, үнемі жаңарып, толығып отыратын өнер түрі екенін көрсетеді. Әр қоғамның өскелең саяси-әлеуметтік рухани дәрежесіне сай, сыр-сипатына сәйкес, сана-сезімі жетік саңлақ тұлғалары болатыны аян және әдебиеттің де өсіп-өркендеуіне, қанат жаюына барша талант иесі, барлық жанр ат салысатыны белгілі. Міне, осы тұрғыдан қарай отырып, солардың еңбегіне баға беру, әдеби дамуға олардың қосқан үлесін анықтау бүгінгі күннің негізгі міндеті десек артық айтқандық болмас деген ойдамыз. Осы тұрғыдан келсек, жазушы шеберлігі, стиль, көркемдік мәселелері, көркем шығармадағы уақыт, мезгіл шындығы мәселелері күн тәртібінен түспек емес. Ал мұның жазушы шығармашылық даралығы мәселесімен байланыссыз толық ашылмасы да анық.

«Жазушы шығармашылық даралығы мәселесіне тоқтала өтсек, әлем әдебиеттануының тарихында осы бір күрделі де, маңызды мәселе жөнінде түрліше көзқарастар бар екені белгілі. Мәселен, К. Юнг суреткер мен адам ерекшілігін бір-біріне қарама-қарсы қойса, Хейдеггер шығармашылық даралықтың рөлін жоққа шығарады. Көркем әдебиеттегі реалистік бағытты жақтаушылар бұл пікірлердің, тұжырымдар мен пайымдардың қате екендігін көрсетіп, көркем шығармашылық бар жерде шығармашылық даралық болатынынын сан мәрте дәлелдеді»[4, 18] . Орыс ғалымы М. В. Храпченко бұл мәселеге жан-жақты зерттеу жасай келіп:

« Развитие искусства, в особенности реалистического, неотделимо от яркого проявления творческих индивидуальностей. Пристальное изучение жизни и неустанные поиски действенных путей творчества, движение вперед ихудожественные просчеты, мучительные раздумье и вызывающие радость завоевания - все это составляет неотъемлемую особенность вдохновенного труда художника - реалиста, который не просто фиксирует все проходящее перед его умственном взори, а пытливо анализирует, отбирает, синтизирует» [5, 62], -деп жазды.

«Жазушы өмірді зерттеп, болашақ шығармасына қажетті материал жинауда, өмір шындығын талдап, қорытуда ауыр бейнетті бастан кешіреді. Бұл процесте оның дүниетанымы да маңызды роль ойнайтыны ақиқат. Көркемөнердегі, оны жасаудағы өмірлік шындық суреткердің өзіндік ойлауынан, танып - білуінен, көріп-сезуінен, оның шығармашылық мәнерінен тыс нәрсе емес. Егер бір оқиғаны, яғни өмір шындығының бір ғана көрінісін бірнеше жазушы жазса да, әрқайсысы өзінше жазып, бір-біріне ұқсамайтын шығармалар өмірге келер еді деп ойлаймыз» [4, 19] . Суреткер сипатын ашатын ерекшеліктерге: нәзік сезімталдық, жіті бақылағыштық, творчестволық қиял, интуиция, азаматтық өмірбаян, сара парасат, шеберлік, шабыт сияқты талант табиғатының қырларына ғылыми түсініктеме бере келіп, З. Қабдолов: «Суреткер бітімін, талант табиғатын байыптағанда жоғарыдағы секілді өнерліге тән жекелеген ерекшеліктерге назар аудара тұра, сайып келгенде, оның рухани жан дүниесін, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескінін, дүниетанымы мен қоғамдық қызметін, білімі мен мәдиениетін ескермеуге тіпті болмайды» [6, 15] - деп түйін жасайды.

Міне, бұл жәйт жазушы шығармашылық даралығы мен шеберлігі, көркемдік пен стиль мәселелерінің өте күрделі, сан қырлы, көп сырлы, құпиясы мол, ұшы-қиыры жоқ екенін аңғартады. Мұның өзі осы тарауға негізгі желі болып отырған мәселенің қаншалықты маңызды екендігін де көрсетеді.

«Творчестволық ерекшеліктің қальштасуында, Гетенің айтуына қарағанда, үш кезең бар: 1) өзінен бұрынғы үлгіге жалаң еліктеумен жүрген шақ; 2) өзгеден бөлегірек азын-шоғын мәнер, машық тапқан тұс;

3) өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгілеген кез» [6, 17] . Әдебиетпен әуестенгеннің бәрі бірдей үшінші кезеңге жете бермейді, дара қолтаңбаға, стильге ие бола бермейді, тіпті кейбірі сол жалаң еліктеу кезеңінде, енді бірі өзіндік мәнер, машық таба бастаған тұста қала беруі де мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде Ғабиден Мұстафин өзіндік қолтаңбаға, стильге ие болған, шығармашылық даралығы қалыптасқан қаламгер деп айтуымызға толық негіз бар. Иә, қазақ сөз өнерінің, қазақ әдебиетінің өзге елдер әдебиеттерімен терезесі тең болуы үшін тер өлшеусіз төгіп, оның бұрылыс-бұлаңы мол, қиын да күрделі өсу жолында өшпес із қалдырған қаламгерлеріміздің бірі - Ғ. Мұстафин. Оның шығармашылық өсу жолын жоғарыда біз айтып өткен мәселелермен байланыста қарап көрелік.

Ғ. Мұстафиннің алғашқы туындылары - прозаның кіші түрлері очерк, әңгіме жазудан басталады. Біздің байқауымызша, Ғ. Мұстафиннің жазушылық жолы екі басқышқа бөлінеді.

Бірінші басқыш - Ғ. Мұстафиннің өзіндік стилі, қалам таңбасы айқындала қоймаған, іздену, үйрену, шеберлік сырларына қанығу сатысындағы шығармалары. Бұған біз қаламгердің 1926-1940 жылдар аралығындағы шығармаларын жатқызамыз.

Екінші басқыш - жасы, тәжірибесі өмірден оқыған білімі әбден толысып, жазушылық мәдениетті игерген, нағыз шебер прозаик дәрежесіне көтерілген жылдары. Бұл басқышқа біздер қаламгердің 1940 жылдан бергі кезеңдегі шығармаларын жатқызамыз.

Ғабиден Мұстафиннің алғашқы туындылары сөз болғанда, «оның колхоздастыру, бесжылдықтар дәуірінің ең өзекті екі тақырыбы төңірегінде, бір ғана проза жанрында қалам тербеткені байқалады. Ол тақырыптардың бірі - революциядан кейінгі қазақ ауылындағы тап тартысы болса, екіншісі - совет елін индустрияландыру» [7, 21] .

Алғашқы туындыларға қатысты тұтастай алар болсақ, негізінен осы тақырыптың шеңберінде жазылған Ғ. Мұстафин әңгімелері қазақ даласының тіршілігінде түбірлі өзгерістерді әр қырынан суреттейді. Атап айтқанда, ауыл кедейлерінің таптық сана-сезімінің оянуы, байларға қарсы күрес және т. б., сол сияқты өзі көзбен көрген таныс тақырыптарға арналады.

Жазушы қаламынан 1927-1940 жылдар арасында туған ұзынды-қысқалы прозалық шығармалардың бәрінде де революция жылдарынан кейінгі тап тартысы, қазақ кедейінің сана-сезімінің ояну, жетілу процесі, байтақ елімізде болып жатқан тамаша еңбек қарқыны мен өндіріс, техника дамуы әр әңгімеде әр дәрежеде қамтылып, терең суреттеледі. Мұның бұлай болуы - сол тұстағы қоғам, өмір шындығы тұрғысынан келсек заңдылық, әдеби даму арнасында қарасақ - сол тұстағы қазақ қаламгерлерінің барлығына тән сипат.

Жазушы белгілі бір тақырыпқа бірнеше әңгімелерінде қайталап соғып отырады. Бірақ тақырыбы ұқсас, идеясыүндес бірнеше әңгіме бірін-бірі қайталамай, кейінгісі алдыңғыларын толықтыра, кейіпкердің екінші бір жаңа сапасын аша, жетілдіре түседі.

Ғ. Мұстафиннің алғашқы әңгімелерінің бір тобы өткен ғасырдағы қазан төңкерісінен кейінгі ауыл кедейлері сана-сезімінің оянуын, байларға қарсы күрес тақырыбын суреттеуге арналады. Осы топқа: «Сәрсен мен Боқаш», (1927), «Қан» (1927) және «Ер Шойын және басқа әңгімелер» деген атпен

1929 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шыққан бес әңгімесін жатқызуға болады («Ер Шойын», «Шағатайдың шатағы», «Еңбек бірлігі», «Кек», «Қашқын») .

Ғ. Мұстафиннің «Ер Шойын» әңгімесінде байдың жылқышысы Шойынның таптық сана-сезімінің оянуы, оның таптық күреске шығып, кедей-кепшікті аяусыз қанап келген Күржік сияқты байдан кек алып, есесін қайтаруы, ауыл кедейлерінің қосшы ұйымының көмегімен коллективтік еңбекке ұйымдасуы суреттеледі. Автордың суреттеуінде Шойының таптық сана-сезімінің оянуы бірден бола қалмайды, ол әлеуметтік күрес пен тап тартысына бірден тартылмайды. Бай есігінде ұзақ уақыт қаналған, бірақ сол қанауға іштей наразы болса да, ашық күреске шығудың жолын білмеген қалың жалшылардың бірі есебінде суреттелетін Шойынның саяси санасының оянып, тап күресіне араласуына, біріншіден, оның інісі, комсомол мүшесі Болаттың үгіті әсер ететін болса, екіншіден, ауыл өмірінде болып жатқан күрделі оқиғалар мен өзгерістер де ерекше ықпал жасайды. Таптық сана-сезімі ерте оянып, комсомол қатарына өткен Болатқа Қартілеу сияқты байлардың жақтаушысы, арам ниет тергеуші жалған айып тағып, оны біраз уақыт түрмеге қамап қояды. Сонда да шаруаға тән ежелгі көнбестікке салынып, Шойын бай есігінде жалшылықпен күнелте береді. Болат түрмеде жатып, ағасының таптық сезіміне әсер етерліктей мазмұнда хат жазады. Сөйтіп, Болат ағасы Шойынды байларға қарсы таптық күреске шақырады. «Әңгіменің алға тартқан басты идеялық қазығы - бұға берсең, жаныша береді, онан да белді бекем буып, күреске түс деп, кедейлерді таптық мүдде үшін, болашақ үшін күреске ұмтылдыру» [8, 71] .

«Жазушының «Ер Шойын» бейнесінің негізінде Бейімбет кітаптарының бетінен шығып, халық арасына сіңісіп кеткен Мырқымбайдың, Сәбит поэзиясында көп кездесетін және жалшы-жақыбайлардың ой-өрісі мен сана-сезімін айқын аңғартатын Шоқпыттың жинақы әсерлері бар екені күні бүгінге ескерілмей келгенін айтпасқа болмайды» [7, 55] .

Ғ. Мұстафин 1927 жылы жарық көрген«Қан» атты әңгімесінде Шойынның Төкіш мырза мен Бәлкен байдың арасындағы жер дауынан туған барымта-сырымтада байдың сойылын соғам деп, соққыға жығылып қанға боялып, жіліншігі сынғанын суреттейді. Автор уақиғаның мән-жайын: Шоқша сақал, шапатерлеу келген қара кісі, жасы қырық бестер шамасында болар, қасындағылар, «Жәке» дейді. Оқиға сол Жәкенің айтуы бойынша баяндалады. «Екі жігіттің судай аққан қаны көзіме елестеп, кім үшін төгілді? Не үшін төгілді? деген ой есімнен кетпеді. Байлардың малы үшін қырқысқан екі жалшыны аяп та, қарғап та жаттым», - деп аяқтайды автор әңгімесін. Бұл әңгімеден Шойынның кейіпкер қатарына ең алғаш қосылғанын көру қиын емес. Өйткені, мұнда барымтадан өзіне, өзі сияқтыларға келер пайданың жоқтығын, біреу үшін бостан-босқа қанға боялып жатқанын Шойынның әлі түсінерлік санадан төмен екені көрінеді. «Еңбек бірлігі» (1927) атты әңгімеде жазушы ұйымдасқан, ірге құрап, егін егіп, тіршілік етудің артықшылығын баяндайды. « . . . Қара жердің қыртысы бырт-бырт сөгіліп, шымыр қолмен жатқызғандай жығылып жатты. Анда-санда «Айт, борозда» деген Медеу, Әділбектердің даусы еңбекке күй беріп, құлаққа келіп тұрды» [9, 45], -деп автор теңдік алған кедейлердің коллективтік күн көрінісінің алғашқы бет алысын көрсетеді.

«Қашқын» атты әңгімеде Қуат деген жылқышы (Шойынның мұңдастарының бірі) әкесі Шабан екеуі Малқамбай байдың есігінде жалшылықта жүреді. Бай қойының соңында жүргенде өгіз сәйгелдеп алып қашып, бір жардың түбіне жығып, Шабанның аяғын сындырады. «Шал байғұс содан төрт ай жатып, тәуір болып, Малқамбайға қайта жалданады. Сынған аяғы солтақ болып біткен. Солтақтығынан бұрын сол аяғы суыққа тез тонады екен. Бір күні атынан түсіп, жылынам деп жүргенде төрт-бес қойды қасқыр қырып кетеді». Соған ренжіген бай шал сорлыны қамшының астына алып, көзін шығарады. Манадан бері булығып отырған Қуат Малқамбайдың қамшысын тартып алып, тепкілеп сабайды. Осындай шиеленістің нәтижесінде Қуат жер аударылатын болады. Жолда ол урядникпен поштабайды ұрып жығып, елден қашықтау жаққа шығып кетеді, ауыл арасында «Қуат қашқын, ұры, бұзық» атанып жүріп, тек Октябрь революциясының арқасында қудалаудан құтылады. «Шағатайдың шатағы» атты (1928) әңгімеде ескіліктің шырмауынан шықпаған, жеке бастың құлқынын ойлайтын Шағатай теңдік алған кедейлердің атын жамылып, өзінің қараниет пиғылынан «Қосшының азғыны» атанады. Ел ішінде жалған белсенділікке салынып, пара алып, момын адамдарға жала жабады. Нәтижесінде, өмірін күрес жолына арнағысы келмейтін арам пиғыл, Шағатай қосшы ұйымынан қуылады.

Сөйтіп, «-талданған әңгімелердің мазмұны мен сюжеттік ерекшеліктеріне қарағанда «Ер Шойын» бейнесін басында автордың үлкен жоспарда алғаны байқалады. Бірақ ол Бейімбет Майлиннің Мырқымбайы мен Сәбит Мұқановтың Шоқпытындай толық суреттелген бейне емес» [10, 77] .

Осы тұста тағы бір айта өтетін нәрсе, тағы бір ескерерлік жәйт, Ғабиден Мұстафиннің «Ер Шойын» әңгімесі Шойынның сана сезіміндегі эволюцияны, түбірлі өзгерісті түйіндейді, өйткені байларды конфискелеу күресінің алдыңғы легінде Шойын жүреді, оның табандылығы, еңбекқорлығы, көпке ұйытқы, басшы болуы - Шойын бейнесін ірілендіре түседі. «Екі оқушыға жауабым?» деген мақаласында Бейімбет Майлин кейіпкер бейнесінің эволюциясының ашылуына сол сияқты ұқсас кейіпкерлердің де қатысы болатындығын былай түсіндіреді: «Мырқымбай колхозшы көпшіліктің ішінен шыққан үлгі іскердің пішіні. Олай болса, мен Досанды, Әпенді, Жарболды тағы басқаларды жазсам Мырқымбайды ұмытқан, бүркеген болмаймын, созып келе жатқан болам» [11, 75] . Шойын туралы әңгімені сөз етушілер Қ. Бекхожин, А. Нұрқатов, С. Қирабаев және т. б. сол әңгімелердің циклдік өзгешелігіне мән беріңкіремейді, «бірсыпыра кемшіліктері бар» екеніне көбірек назар аударады. «Ер Шойын» жинағының алғы сөзіндегі « арқасын бит тескен, көкірегін дерт кескен » жалшы кедейлерден бастап, (сол тізімде Жәнәбіл деген де бар) Қуат, Мысықбек, Медеу, Әділбек, Бодаубек, Толбайлар, Сатен қарт пен Сәметтер («Шыныдан туған қозы»), Оңғар, Өмірзақ («Күлмеген адам») т. б. Ғабиден Мұстафин өзі көзімен көріп, ісімен әрекетті тіршілігімен араласып жүргендіктен де, оның әңгімелеріндегі қаһармандар - осылар болды.

Шойынға байланысты әңгімелерінде автордың бірсыпыра кемшіліктер мен қалыптасқан дайын схемаларға ұрынуының бір басты себебі, « жазушылық кәсібінің маңызына түсінбегендіктен, көрген, сезгенін сол күйінде жаза салушылықтан » туса керек. Ал Шойынның өсу эволюциясының Мырқымбай мен Шоқпытқа ұқсаңқырап келуін дәлелдеу үшін «Малта», «Малай», дегендерді еліктеп, очерк, фельетондар жазуға, С. Мұқановтың «Ақбөпесіне» еліктеп әңгіме жазуға кірістің” деген жазушының өз сөзін келтірсек те жеткілікті.

Ғ. Мұстафиннің алғашқы дәуірдегі әңгіме, очерктерін келесі бір тобы 1930 жылдары жазғандары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
Ғабиден Мұстафиннің өмірі
Ғ.Мұстафиннің сыншылық табиғаты
Лирикалық проза
КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ғабиден Мұстафин - кемеңгер жазушы
Семиотикалық сын туралы түсінік
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
ДҮЛДҮЛІ ДАРХАН ДАЛАНЫҢ (Ғ. Мұстафиннің Дауылдан кейін романы Б. Шалабаев талдауында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz