Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Гуманитарлық-педагогикалық институты

Тарих кафедрасы

Көшербай Бүркіт Мырзасбайұлы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары»

6В01619 - Тарих білім беру бағдарламасы

Қызылорда, 2022 жыл

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Гуманитарлық-педагогикалық институты

Тарих кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Оразбақов А. Ж.

«» 2022 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары»

6В01619 - Тарих білім беру бағдарламасы

Орындаған
Көшербай Бүркіт Мырзасбайұлы
қолы
Орындаған:
Көшербай Бүркіт Мырзасбайұлы:
қолы:
Орындаған: Ғылыми жетекшісі
Көшербай Бүркіт Мырзасбайұлы: Омаров Дәулет Кәрібайұлы
қолы: қолы

Қызылорда, 2022 жыл

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Гуманитарлық-педагогикалық институты

Тарих кафедрасы

6В01619 - Тарих білім беру бағдарламасы

«Бекітемін»

Кафедрасы меңгерушісі

Оразбақов А. Ж.

«» 2021 ж.

Дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Студент: Көшербай Бүркіт Мырзасбайұлы

1. Жұмыс тақырыбы: «Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары»

Жоғары оқу орны бұйрығымен бекітілді. №1735-с «22» қараша 2021 ж.

2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі:

3. Жұмыстың бастапқы мәліметтері: Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша орыс және отандық зерттеушілердің еңбектері

4. Дипломдық жұмыста әзірленетін сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:

А) ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың зерттелуі

Ә) Қазақстандағы ашаршылықтың кезеңдері

Б) ХХ ғ. Сыр өңіріндегі ашаршылықтың себептері

В) Сыр өңіріндегі ашаршылықтың демографиялық зардаптары

Г) Тақырыпты мектепте оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

5. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1. Ашаршылық. Голод. Документальная хроника. Сборник документов. 1928-1934. I-IV том. Алматы. Атамұра. 2021.

2. Жүсіп С. Ашаршылық ақиқаты. Алматы. 2015.

3. Әбжанов Х. М. ХХ ғасырдың 30-жылдарының басындағы Қазақстандағы ашаршылық: қылмыс пен жаза. // «Қазақстандағы ашаршылық халық қасіреті және тарих тағылымы» халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының жинағы. Астана. 2012.

4. Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің 21-қор деректері.

Дипломдық жұмысты дайындау

КЕСТЕСІ

Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі
Ескертулер
№: 1
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Диплом тақырыбының таңдалуы, ұсынылуы, тақырыпқа сай материалдар жинау, зерттеу жұмысына тапсырма беру
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: Қыркүйек-қазан 2021 жыл
Ескертулер:
№: 2
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Диплом жұмысының жоспарын жетекшімен бірлесіп құру
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: Қазан 2021 жыл
Ескертулер:
№: 3
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Диплом жұмысының бірінші тарауын жазу, тексеруге ұсыну
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: Қараша-желтоқсан, 2021 жыл
Ескертулер:
№: 4
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Диплом жұмысының екінші тарауын жазу, тексеруге ұсыну
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: Қаңтар-ақпан 2022 жыл
Ескертулер:
№: 5
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Дипломалды іс-тәжірибе жұмыс орнында жинақталған практикалық материалдарды талдау, жүйелеу
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: ақпан-наурыз 2022 жыл
Ескертулер:
№: 6
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Қорытынды бөлімі мен қосымшаны ғылыми жетекшіге ұсыну
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: Сәуір 2022 жыл
Ескертулер:
№: 7
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Диплом жұмысын кафедра талқылауына ұсыну және алдын-ала қорғаудан өткізу
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: Наурыз, сәуір, мамыр 2022 жыл
Ескертулер:
№: 8
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Диплом жұмысын сын-пікір берушіге ұсыну. Дипломдық жұмысты антиплагиат базасында тексеру
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: Мамыр 2022 жыл
Ескертулер:
№: 9
Өңделген сұрақтар тізімі, бөлімдер атауы: Қорғауға шығарылатын материалдарды сипаттайтын слайдтар жасау, баяндама тезистерін жасау
Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі: Маусым 2022 жыл
Ескертулер:

Жұмыстың берілген күні

Кафедра меңгерушісі Оразбақов А. Ж.

(қолы)

Жұмыс жетекшісі Омаров Д. К.

(қолы)

Жұмысты орындауға тапсырма алған

студент

Көшербай Б. М.

(қолы)

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 5

АНЫҚТАМАЛАР . . . 6

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР . . . 7

КІРІСПЕ . . . 8

1 XX ғ. 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ: ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 10

1. 1 ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың зерттелуі . . . 10

1. 2 Қазақстандағы ашаршылықтың кезеңдері . . . 15

2 СЫР ӨҢІРІНДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ: СЕБЕПТЕРІ МЕН ЗАРДАПТАРЫ . . . 21

2. 1 ХХ ғ. Сыр өңіріндегі ашаршылықтың себептері . . . 21

2. 2 Сыр өңіріндегі ашаршылықтың демографиялық зардаптары . . . 37

3 «СЫР ӨҢІРІНДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. «Білім туралы» Қазақстан республиксының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319- III Заңы (03. 05. 2022 ж. өзгертулер мен толықтырулармен) ;

2. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI ҚР Заңы (03. 05. 2022 ж. өзгертулер мен толықтырулармен) ;

3. «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы No 636 Жарлығына өзгерістер еңгізу туралы (26. 02. 2021ж. өзгертулер мен толықтырулармен) ;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы No 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы;

5. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы23 шілдедегі № 362 бұйрығы;

6. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»;

7. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен 29. 08. 2016 жылғы №2 хаттамамен бекітілген Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық саясаты (өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 5 хаттама, 2021 жылғы 29 қазандағы № 5 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама, 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 8 өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттама) .

АНЫҚТАМАЛАР

Азамат соғысы - мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы

Ашаршылық - саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат

Революция - (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер

Репрессия - (лат. repressio - басып-жаншу) - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді) . Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары

Тәркілеу, конфискация (лат. confіscatіo - мүлікті қазынаға тәркілеу) - сотталушының меншігіндегі мүлікті мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алу

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

БК(б) П - Бүкілодақтық коммунистік (большевиктік) партиясы

КГБ - Комитет Государственной безопасности

КОКП - Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

Қаз АКСР - Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақстан КП ОК - Қазақстан коммунистік Партиясы Орталық Комитеті

лат. - латынша

НКВД - Народный комиссариат внутренних дел

ОГПУ - Біріккен мемлекеттік саяси басқарма

ҰҚК - Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ашаршылық - қазақ тарихындағы қасіретті беттердің бірі. Ашаршылық халықтың табиғи өсіміне орасан зор зиянын тигізеді. Қазақ даласында қатты жұтқа ұшыраған жылдарда ғана ашаршылық болған. Онда да оның ауқымы дәл XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақты от-жалындай шарпып өткен ашаршылық секілді сұмдық болмаған сияқты. Кеңес өкіметі қазақ даласын қынадай қырып, қырғынын ала келді. Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдардан бастап халықтың хал-ахуалы нашарлай бастаған еді. Ашаршылықтың алғашқы сипаты оңтүстік өңірде 1917 жылдың соңына қарай сезіле бастаған.

Отандық тарихшылар қазіргі күні XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі ашаршылықты үш кезеңге бөліп қарастыра бастады. Алғашқы 1917-1919 жылдарда ашаршылық, әсіресе, Қазақстанның оңтүстік аймағында белең алды. 1918 жылы Түркістан халқының 30 пайызы ашаршылықтан опат болды. Ал 1921-1922 жылдары құрғақшылық салдарынан мал қырылып, егін шықпай қазақтар жиі қоныстанған облыстар тағы аштыққа ұрынады. Бұл кезеңде қазақ халқы миллионнан аса адамынан айрылды, демографиялық тұрғыдан ауыр соққы болды. 1932-1933 жылдардаға орын алған ашаршылыққа 1928 жылдары жүргізілген күштеп ұжымдастыру мен кәмпескелеуге жалғасқан «Кіші қазан» төңкерісі себеп болды. Аштық қолдан жасалды. Салықты көбейту, халықтың қолындағы малын тартып алу сынды зорлық-зомбылықтың соңы халықтан көрер көзге ашаршылыққа ұшырап қырылуына, күнкөріс үшін ел асып шет мемлекеттерге үдере көшуіне себеп болды.

Ашаршылықтың ажалды араны Сыр өңірін де айналып өтпеді. Халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңір үшін ашаршылықтың зардабы тіпті мол болды. Бірақ, бұл тақырып осы күнге дейін терең зерттелмей келеді. Оған себеп, әрине, архивтегі көптеген қорлардың жабық болуы.

Ашаршылықтың себептері, салдары мен зардаптары жайлы зерттеу, оның қазақ тарихындағы ақтаңдақ беттерін ашу, солақай саясаттың құрбандары жайлы білу - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Себебі, өткенді білмей, болашаққа болжам жасау мүмкін емес. Ұлттың тарихы терең зерттелмейінше, оның тағылымды тұстары қазіргі жастарға, болашақ ұрпаққа сабақ болмайынша еліміздің қол жеткізген тәуелсізідіген тұғырында ұстап тұру да қиын болмақ. Сондықтан ел тарихындағы қасіретті жылдардың тарихын білу, зерттеу өте өзекті тақырып болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты келесі міндеттерді анықтады:

1. Қазақстандағы XX ғасырдың 1920-30 жылдарындағы ашаршылық мәселесінің зерттелуіне шолу жасау;

2. Қазақстандағы XX ғасырдың 1920-30 жылдарындағы ашаршылық кезеңдерін білу және ашаршылықтың себептерін, оның демографиялық, әлеуметтік зардаптарын ашу;

3. Қазақстандағы ашаршылық тақырыбын Сыр өңірі мысалында көрсету;

4. Сыр бойындағы ашаршылықтың себептері мен салдарын архивтік деректер негізінде сараптау.

Зерттеу объектісі - XX ғасырдың 1920-30 жылдарындағы ашаршылық мәселесі.

Зерттеу пәні - Сыр өңіріндегі 1920-30 жылдарындағы ашаршылықтың себептері мен зардаптары.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы : «Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеулер Сыр өңірінің тұрғындары үшін олардың ашаршылық кезінде құрбан болған ата-бабалары жайлы аз да болса ақпарат алуы үшін қызықты, сондай-ақ, өңір тарихын зерттеуші өлкетанушы-ғалымдар үшін маңызды дерек көзі болып табылады. Зерттеу жұмысында көрсетілген тұлғаларды, ашаршылықтың себептері мен зардаптары туралы тақырыптарды қала және аудан мектептерінде, колледждерде ғылыми жобалармен айналысатын оқушыларға, университет студенттеріне әрі қарай тереңдете зерттеу үшін жеке-жеке тақырып ретінде ұсынуға болады.

Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмысты орындау барысында тарихилық принципі басшылыққа алынды. Бұл зерттелетін тақырыпты Сыр өңірінің тарихын жалпы Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі ретінде біртұтас контексте қарастырып зерттеуге мүмкіндік берді. Ашаршылықтың себептері мен зардаптарын талдау барысында тарихи-салыстырмалық әдістер қолданылды. Жұмысты жазу кезінде жалпығылыми әдістер (сараптама, сипаттау, тұжырым т. б. ) пайдаланылды. Ашаршылықтың себептері мен салдарын, зардаптарын жүйелі қарастыру үшін хронологиялық принцип қолданылды. Сыр өңіріндегі ашаршылық тақырыбы кезеңдерге бөліп қарастыру бойынша зерттелді. «Сыр өңіріндегі ашаршылықтың себептері мен салдары» тақырыбын зерттеуде негізгі дерек көзі ретінде Қызылорда облыстық архивінің, Арал аудандық архивінің қорларындағы материалдар және ашаршылықты көзімен көрген жандардың естеліктері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

1. Қазақстандағы ашаршылық тақырыбы бойынша зерттеулердің жүйелі қарастырылуы;

2. Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде және аудандық архивтерде сақталған Сыр өңіріндегі ашаршылыққа байланысты құжаттардың бірінші рет ғылыми айналымға енгізілуі.

Зерттеудің апробациясы. Дипломдық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих» кафедрасында дайындалды, алдын-ала талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан тұрады және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды. Сондай-ақ, жұмыстың 2-бөлімінде «Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның зардаптары» тақырыбын оқытудың әдістемесі ұсынылады.

1 XX ғ. 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ: ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ

1. 1 ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың зерттелуі

Ашаршылықтың себептері мен зардаптары туралы мәселе Қазақстан үшін ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған, бүгінде тәуелсіздігін алған елдер үшін де өте маңызды болып табылады. Ашаршылық тек Қазақстанда ғана болған жоқ және 1920-30 жылдары ғана болған жоқ. Кеңес Одағы кезінде ашаршылық тақырыбын қозғауға тыйым салынды. 1990-шы жылдары ғана отандық тарихшылар - академик Манаш Қозыбаев пен Қайдар Алдажұманов, демограф Мақаш Тәтімов 1928-1932 жылдар аралығындағы Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының зардаптары мен ашаршылық туралы, оның салдары туралы зерттеулер жариялаған.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін отандық тарих ғылымы аясында аранйы зерттеулер жүргізіліп, ғылыми еңбекте жарық көрді, ұжымдастыру мен ашаршылықтың себеп-салдарлары туралы ашылып айтылды. Бұл тақырыпқа қалам тартып, зерттеу жүргізген отандық тарихшы-ғалымдар қатарында Х. М. Әбжанов, Т. О. Омарбеков, М. Қ. Қойгелдиев, А. И. Құдайбергенова, С. О. Смағұлова, С. К. Рүстемов секілді зерттеушілерді айтуға болады.

Ғалым Х. М. Әбжанов Қазақстандағы 1931-1932 жылдардағы ашаршылық «гуманитарлық апат» қана емес, ол одан шеңбері ауқымды мәселе, ол «адамзатқа жасалған қылмыс және ғаламдық қасірет» деп баға берді. Х. М. Әбжанов ашаршылық аз ғана билеушілердің аса зорлықшыл идеологиясынан, өркениет эволюциясына жат табиғатынан, мемлекетті басқару, экономиканы ұйымдастыру, əлеумет мүддесін қорғау заңдылықтарын өрескел бұрмалауынан туындады деп санайды [15] .

1920-1930 жылдардағы ұжымдастыру мен ашаршылық туралы алғашқы еңбектер Кеңес Одағында емес, шетелдiк басылымдарда жарық көрді. 1986 жылы британдық тарихшы Роберт Конквестiң «Жатва скорби: советская коллективизация и террор голодом» (ағылш. Robert Conquest. The Harvest of Sorrow: Soviet Collectivisation and the Terror-Famine) еңбегi жарыққа шықты. Р. Конквест «Қазақстандағы ашаршылық қолдан жасалды, басқаша айтқанда 1921 жылғы тәсілмен қайталанған, таза идеологиялық қысыммен, ойластырылмай жүргізілген ұжымдастыру саясатының нәтижесінде туындаған. Бірақ, Қазақстандағы ашаршылық Украинамен салыстырғанда әдейі ұйымдастырылды деуге болмайды. Өйткені, Кеңес өкіметінің қоғамның барлық саласындағы әрекеті, өзара байланысты: кулактарды тәркілеу, ұжымдастыру және ауылдағы жасанды ашаршылық» деген тұжырым жасайды. Роберт Конквест (Robert Conquest) ұжымдастыру науқаны туралы тақырыпты 1968 жылдан бастап зерттеген. Р. Конквест батыстық тарихнамада алғаш рет байлар шаруашылығын тәркілеу және Кеңес өкіметінің басқа да құйтырғы солақай саясаты салдарынан ашаршылықтан қырылған қазақтардың санын анықтауға тырысты [27, 48 б. ] .

Батыстық тарихнамада кеңестік ұжымдастыру тақырыбын қаузаған авторлардың ішінде У. Х. Чамберлен, Аманда Эвальд, Далримпл Дана сынды зерттеушілерді айтуға болады. 1934 жылы У. Х. Чамберленнің (Chamberlin, William Henry), 1936 жылы Аманда Эвальдтің (Ammende, Ewald), 1964 жылы Далримпл Дананың (Dalrymple, Dana) Кеңес Одағындағы күштеп ұжымдастыру мен оның салдарлары туралы мақалалары жарияланды.

Ашаршылық және оның себептері туралы мәселе батыстық ғалымдарды өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап қызықтыра бастады. Оған дәл осы кезеңде Кеңес Одағында қолға алынған қайта құру саясатының ықпалы болса керек. Сол уақытта жарияланған еңбектерде КСРО-дағы саяси «қуғын-сүргін» мен «жасанды ашаршылық» геноцид ретінде бағаланады. Кейбір батыстық зерттеушілер «сталиндік құйтырқы саясат қазақ, украин сында халықтарды этнос, тап ретінде жою үшін әдейі жасалған» деген тұжырым жасады.

Марко Кариннык, Ю. Любомир мен Лючик және Богдан С. Кордан (Marco Carynnyk, Lubomyr Y. Luciuk; Bohdan S. Kordan) жариялаған «Министерство иностранных дел и Голод» атты еңбекте Ресей, Батыс Сібір, Қазақстан және Еділ жағалауы бойында етек жайған ашаршылық туралы Ұлыбритания Сыртқы Істер министрлігі (СІМ) мұрағатынан алынған құжаттардың көлемді тізбесін жасады.

1932 жылдың көктемі мен жазында Империя жөніндегі Маркетингтік Кеңестің өкілі, ауылшаруашылығы бойынша канадалық сарапшы, әрі бақылаушы Эндрю Кэрнс (E. Carns) КСРО-ның Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ жағалауы, Украина, Қырым және Солтүстік Кавказ сияқты егіншілікпен айналысатын өңірлерін аралап, біраз деректерге куә болды. Ол ашаршылықтың туындағына ауа райының кейбір қолайсыздығы емес, «кеңестік аграрлық саясаттың салдары әсер еткенін» ашып айтты.

Америкадық зерттеуші Марта Брилл Олкотт (Martha Brill Olcott) «Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны» атты еңбегінде 1930-жылдардағы оқиғаларды түсіну және дұрыс түсіндіру арқылы кеңестік саясаттың мәніне көз жеткізуге болады деп атап көрсетті. Қазақ халқы да ашаршылық салдарын украиндықтар сияқты Сталиннің аграрлық саясатын геноцид ретінде қарастыруына болады, өйткені 1920-30 жылдардағы ұжымдастыру саясатының басты мақсаты украиндықтар мен қазақтарды ата-қонысынан ажырату арқылы орыстарды қоныстандыру, мал шаруашылығының орнына егіншіліктің жаңа, ұжымдық түрін әкелу болды» деп жазады [27, 47 б. ] .

1997 жылы «Черная книга коммунизма: преступления, террор, репрессии» атты алғашқы іргелі анықтамалық еңбек жарыққа шықты көрді. Оның авторлары С. Куртуа, Н. Верт, Ж-Л Панне, А. Пачковский, К. Бартошек, Ж-Л Марголен сияқты халықаралық тарихшы ғалымдар еді. Олар 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен салдарларын анық түсіну үшін, мемлекет пен шаруалар арасындағы «экономикалық қатынастарға» талдау жасады. Зерттеу нәтижесі мал басының екі-ақ жылда республика бойынша 80 пайызға құлдырағаны, күнкөрісінен айрылған 2 млн қазақтың ашаршылықтан зардап шегіп, елден ауып шет жерлерге босып кеткені, миллионға жуығы Орталық Азияға, мыңдаған адамдар Қытайға қашып кеткені туралы баяндалады.

Чикаго университетінің профессоры, әлеуметтік тарихшы, кеңестанушы, Шейла Фицпатрик (Sheila Fitzpatrick) «Повседневный сталинизм. Социальная история Советской России в 30-е годы: город» атты зерттеуінде ашаршылықтың қолдан жасалған құбылыс екендігін атап көрсетті. Марксті идеяны қолдаушылар социализмнің байлыққа апаратына көзсіз сенді. Алайда, кеңестік жүйеде социализм мен тапшылық бір-бірінен ажырамайтын ұғым болды деп жазды.

Николас Верт (Nicolas Werth) «Раскулачивание как массовое насилие» атты мақаласында шаруашылықтың күйреуі, халықтың көп бөлігін құрайтын қарапайым шаруалардың саясаттан шеттетілуі кеңестік биліктің ең әлсіз жері болды деп тұжырымдады.

«Годы голода: Советское сельское хозяйство 1931-1933гг. » атты кітаптың авторлары Р. У. Дэвис и С. Г. Уиткрофт (R. W. Davies and Stephen G. Wheatcroft) 1930 жылдардағы саяси оқиғаларды құжаттық деректер мен естеліктер негізінде КСРО-ның аграрлық саясатының топтамасын - егін егуден бастап 1931 жылғы жоспарлау кезеңіне дейін көрсетуге тырысады.

Батыстық ғалымдардың көпшілігі И. Сталиннің жүргізген « күштеп ұжымдастыру саясаты украиндықтар мен басқа да ұлттық топтарға қарсы әдейі жасалған саясат деп бағалайды. Ашаршылық мәселесіне АҚШ Конгресінің шешімімен Украинадағы ашаршылық фактілерін зерттеу ісі жөніндегі арнайы комиссия құрылғаннан кейін жаңа пікір қалыптаса бастады. Аталмыш комиссияның атқарушы директоры Джеймс Мейс бастаған топтың тұжырымдауы бойынша ашаршылық оқиғасы «қолдан ұйымдастырылған жасанды ашаршылық» және «1932-1933 жылдары Сталин мен оның жанындағылардың украиндықтарға қарсы ұйымдастырған геноцид саясаты» болып табылады.

Австралиядағы Мельбурн университетінің профессоры С. Уиткрофт (Stephen G. Wheatcroft) «Советский голод 1931-33: политически намеренная или экономическая катастрофа?» атты зерттеуінде Еуропалық және еуразиялық зерттеулер орталығының қолдауымен ашаршылық қасіретіне қатысты кеңестік ауылдардағы хал-ахуал жайлы мағлұматтар ұсынады. Автор дүниежүзілік тәжірибедегі қазіргі ашаршылықтың себептермен салыстыра отырып, ашаршылықтың экологиялық себептері де болады, дегенмен ашаршылықтың көбі азық-түліктің жетіспеушілігінен емес, нарықтық саладағы тепе-теңдіктің бұзылуынан туындайтын мәселелермен тікелей байланысты, ал кеңестік ашаршылық бұл критерийлердің ешқайсысына келмейді деп жазады.

С. Уиткрофттің «Советская статистика о продовольствии и смертности в период голода 1917-1922 и 1931-1933гг. » атты еңбегінде кеңес мемлекетін статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық жоспарды іске асыру мақсатында құрылған, мемлекеттік статистикалық жүйенің ерекшелігі қарастырылады. Алайда, жоспарлау процесі саясаткерлердің шамадан тыс іс-әрекеттерінен қирады, бірақ бұл жоспарлаушылар мен санақшылардың біліксіздігі немесе жасампаздығының көрінісі болған жоқ. Мұрағат мәліметтеріне сәйкес, санақшылар кеңес мемлекетінің саяси жетекшілерін бірнеше рет шындыққа шақыруға тырысқан дей келіп, автор «1922 жылға қарағанда, ауылдық жерлердегі кейбір тамақтану көрсеткіштері, 1933 жылы төмен болған» деген қорытынды жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ бейіті жас молаға толы
Отырардың заттық мәдениеті
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі
Археологиялық Тарихи Сәулет өнері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ БАРЫСЫ
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Ашаршылықтың демографиялық салдары
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресу мен балаларға көмегі
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресі және балаларға көмегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz