Мақаренконың педагогикалық жүйесінің кілті - баланың жеке басын ұжым арқылы оқыту идеясы
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛIГI
ОҢТҮCТIК ҚAЗAҚCТAН МEМЛEКEТТIК ПEДAГОГИКAЛЫҚ УНИВEPCИТEТI
Әлмахан Гүлмира Арыстанқызы
А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫC
5В010200 - БACтAуыштA оқыту пEдAгогикACы мEн әдICтEмECI мAмAндығы
Шымкeнт 2020

ПEДAГОГИКA-ГУМAНИТAPЛЫҚ ФAКУЛЬТEТI
БACтAуыштA оқыту әдICтEмECI КAфEдPACы
Қоpғaуғa жiбepiлдi
Кaфeдpa мeңгepушici
п.ғ.к., aғa оқытушы
Г.Б.Тaутaeвa ________
(қолы)
___ ______ 20___ж.
д и п л о м Д Ы Қ Ж Ұ М Ы C

5В010200 - Бacтaуыштa оқыту пeдaгогикacы мeн әдicтeмeci мaмaндығы бойыншa
Оpындaғaн Г.А.Әлмахан
Ғылыми жeтeкшici
п.ғ.д., профессор О.А.Аяшев
Норма орындаушы К.С.Алиева
Шымкeнт 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ кафедрасы
5В010200- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
Диплом жұмысын орындау үшін
Т А П С Ы Р М А
Студент: Әлмахан Гүлмира Арыстанқызы
Дипломдық жұмыс тақырыбы: А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
Жоғары оқу орны бойынша ____ 20__ жыл № ____бұйрықпен бекітілген.
Дипломдық жұмысқа қажет мәліметтер: Бастауыш білім педагогикасы және А.С.Макаренко еңбектері. педагогикалық-әдістемелік әдебиеттер
Диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
Кіріспе. Жұмыстың өзектілігі, зерттеу жұмысының нысаны, зерттеу әдіс-тәсілдері, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, зерттеу жұмысының практикалық құндылығы, зерттеу нәтижелерін қабылдау және енгізу, қолданылған әдебиеттер мен зерттеу жұмысының құрылымы көрсетіледі.
1 - тарауда А.С.Макаренконың еңбектерінің ролі, ұжым және отбасы тәрбиесі туралы ғалымның көзқарастары қарастырылуы тиіс.
2 - тарауда А.С.Макаренко тағылымдарын бала тәрбиесінде пайдалану әдістемесі, яғни оқыту, білім және тәрбие бірлігінің негізі, баланы дұрыс тәрбиелеу, оқыту жолдары жайлы мәселелер талдануы тиіс. Атап айтқанда, тұтас педагогикалық процесс -- оқыту, білім және тәрбие бірлігінің негізі, жас ұрпақты еңбекке даярлау әдiстемесiн жасаушы-А.С.Макаренко еңбектері қарастырылуы тиіс.
Қорытындыда зерттеу тақырыбы бойынша пікірлер тұжырымдалып А.С.Макаренконың ұжым және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық талдау жасау нәтижелері жүйеленіп, нақты қорытындылар берілуі тиіс.
Графикалық материалдар тізімі: (міндетті сызбалармен кестелердің дәл көрсетілуімен) Кесте 1 Топтық жұмысты ұйымдастырудың проблемалары, Кесте 2 Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде оқу кеңістігін бөлу, Кесте 3 Табыс критерийі.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
1. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 2003 жыл
2. Макаренко А.С. Соч. В 7 -- ми томах. Москва, 2000г.
3.
Ф 7.02-14
Макаренко А.С. избран. Пед.соч. в 2 -- х томах. Москва1998.
4. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы-2002г
5. Гордин Л.Ю. О педагогических взглядах А.С.Макаренко. Москва, 2012год
6. Опыт творческого использования педагогической системы А.С.Макаренко в профтехучилищах. С. Статей. Москва, 1999 год
7. Организация воспитательного процесса в пратике А.С.Макаренко учебн. Пособие, -- Горький, 2000г.
Жұмыстың әр бөліміне қатысты кеңесшілері
Бөлім
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
О.А.Аяшев
Желтоқсан
2019 жыл
І тарау
О.А.Аяшев
Желтоқсан
2019 жыл
ІІ тарау
О.А.Аяшев
Наурыз
2020 жыл
Қорытынды
О.А.Аяшев
Наурыз
2020 жыл
Диплом жұмысы дайындығының графигі
№
Бөлімнің аталуы, қарастырған сұрақтар тізімі
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі
Ескерту
1
Кіріспе
Желтоқсан 2019ж.
2
І А.С.Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Желтоқсан 2019ж.
3
ІІ Тәрбие және жеке шығармашылық қабілетті іске асыруда А.С.Макаренконың еңбектерінің ролі
Қаңтар 2020ж.
4
А.С.Макаренко тағылымдарын бала тәрбиесінде пайдалану әдістемесі
Наурыз 2020ж.
5
А.С.Макаренко еңбектеріндегі ұжым туралы
Ақпан 2020ж.
6
Қорытынды
Наурыз 2020ж.
Тапсырманың берілген уақыты 05.11.19.
Кафедра меңгерушісі____________________ Г.Б. Таутаева
Дипломдық жұмыс жетекшісі_____________ О.А.Аяшев
Тапсырманы алған студент _______________ Г.А.Әлмахан
Ф 7.02-14
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 А.С.МАКАРЕНКО ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тәрбие және жеке шығармашылық қабілетті іске асыруда А.С.Макаренконың еңбектерінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 А.С.Макаренконың ұжым және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2 А.С.МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Тұтас педагогикалық процесс -- оқыту, білім және тәрбие бірлігінің негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33 2.2 А.С.Макаренко -- жас ұрпақты еңбекке даярлау әдiстемесiн жасаушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. XXI ғасырдың басты міндеті - бүкіл тәрбие, білім беру, оқу ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады.
Қазір біздің алдымызда қоғамды жақсартудың ең басты төрешісі - тарихи көзқарасты жан-жақты дамыту міндеті тұр. Жаңа жағдай жаңа ұғымдарды, жаңаша ойлауды туғызатындықтан, жұртшылықты жаңаша ойлау тұрғысынан тәрбиелеу үрдісі жалпы мәдениетті қалыптастыруды қажет етеді. Ал жалпы мәдениетті қалыптастыру процесі оған тән гуманизмді, оның адамгершілік қасиетін одан әрі дамытып, адамға тән сүйіспеншілікті білім беру мен тәрбие жүйесіне енгізумен айқындалады. Адамгершілік идеясының өте ертеден келе жатқан ұзақ тарихы бар екендігі бәрімізге белгілі. Тәрбиенің адами негізін ертедегі Шығыстың ойшылдары әл-Фараби, әл-Беруни, ибн-Сина, Ж.Баласағұн, М.Қашғари т.б. еңбектерінен кеңінен орын алған. Олардың идеялары педагогиканың қалыптасып, одан әрі дамуына негіз болды. Оның негізін қалаушылар алыс және жақын шетел ғалымдары (Я.А.Коменский, Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская және т.б.), қазақ ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Әуезов және т.б.) болды.
Ал, психологтар арасында Н.Айғабылов, Н.Асылбеков, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, К.Намазбаева, К.Нұрахметов, Қ.Қойбағаров және т.б. адамгершілік қасиеттердің адам мінез-кұлқы мен жүріс-тұрысындағы көрінісін зерттеп келді.
Бүгінде тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері педагогикалық процестің әр қырынан қарастырылып, зерттелінуде. Қазақстан Республикасында оқыту процесін пән аралық байланыс негізінде ұйымдастыру арқылы тұлғаны қалыптастыру мәселесін А.А.Бейсенбаева мектебі, мұғалімдердің оқу процесіндегі дидактикалық дайындығын қалыптастыру мәселелерін Т.С.Сабыров, халықтық педагогика негізінде адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелерін С.А.Ұзақбаева мектебі, құндылық бағдар негізінде оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесін Г.К.Нұрғалиева мектебі, адамгершіліктің эстетикалық бағытын Ә.И.Шыныбекова мектебі, тұтас педагогикалық процесс негізінде болашақ ұстаздарды кәсібилікке тәрбиелеу мәселелерін Н.Д.Хмель мектебі, қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелерін Г.А.Уманов мектебі, тікелей отбасыңдағы гумандылық мәселелерін, ондағы ата-аналар ролін Г.К.Байдельдинова, В.И.Лысенко, Б.Р.Айтмамбетова, К.Бозжанова және т.б. зерттеп келеді.
Жоғарыдағы аталған авторлар еңбектері адами қасиеттерді қалыптастырудың бастау алар негізі отбасы екендігін айқындап, тұжырым жасайды.
Шындығында да тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді гуманистік бағытта ұйымдастырудан басталмақ.
Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Оның үстіне отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелері әлемдік деңгейде қарастырылып келеді. Онда: „Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейіріммен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай- ақ, бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе құқықтық қамқорлыққа мұқтаж", -делінген.
Әрбір ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екенін айта келіп, ол білімдер мына бағытта жүзеге асырылуы тиіс деп көрсетілген:
а) баланың жеке басын, талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту;
ә) адам құқығын құрметтеу;
б) баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен құндылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу;
в) баланы еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлтаралық қарым- қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау;
г) қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сонымен қатар отбасы - сүйіспеншіліктің мектебі болғандықган, онда әрбір адам әйелі мен ері, әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бола жүріп, сүйіспеншіліктің әртүрлі өлшемдерін танып білетіні, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түсетіні, адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұракты сүйіспешпіліктің дәстүрлері тек салауатты отбасында қалыптасатыны баяндалған. Жоғарыда айтылған отбасы, адамгершілік, тұлғаны қалыптастыру мәселелері А.С.Макаренконың еңбектерінде терең жазылған. Жоғарыдағы айтылған педагогикалық ой -- пiкiрлері өзiнiң өзектілігін бүгiнге дейiн жойған жоқ. Халқымызды жақсының хаты жойылмайды дегендей, А.С. Макаренконың хаты емес оның есiмi де тек бiздiң елiмiзде ғана емес, бүкiл дүние жүзiнде зор беделге айналуда.
Отбасы тәрбиесінің мәселелері Қазақстан Республикасында да мемлекеттік тұрғыдан қамқорлыққа алынып, қаралуда. Оған дәлел Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Президент жанындағы отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі арнайы кеңестің құрылуы. Ол консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Онда әлеуметтік-экономикалық жағдай, демографиялық ахуал, білім беру, әйелдер -халық шаруашылығында, еңбекпен қамту, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және медициналық әл-ауқат дәрежесі, отбасы және оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау, мүгедектер мен зейнеткерлер, әйелдердің тәртіп бұзушылығы сияқты мәселелер қамтылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің „Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" деген мақаласында қоғамда болған бес дағдарыс: экономикалық, саяси, ұлттық, экологиялық, имандылық дағдарыстарды атап өткен болатын. Осы дағдарыстардың әсері ұрпақ тәрбиесіне өз ықпалын тигізбей қоймады. Нәтижеде жастар арасында рухани азғындаушылық, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағаламаушылық кеңінен орын ала бастады. Әсіресе, қоғамның бүгінгі дағдарысы отбасына ерекше әсер етіп, жас ұрпақтың жан-жақты жетілуіне қиыншылықтар туғызуда. Себебі, қазіргі кезеңінде отбасының әлеуметтік тұрғыдан нашарлауы және балабақшалардың жабылуы, халықтың материалдық жағдайының төмендеуі, медициналык қамқорлықтың болмауы, экономиканың кері әсері және т.б. бала тәрбиесіне қамқорлықтың төмендеуіне әкелді.
Осы тұста тағы да Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" деген Қазақстан Халқына жасаған жолдауында бүгінде "Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз", - деді.
Ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігін жете сезінуі мен оларды тарбиелеу барысында арнайы педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыру олардың балалары оқитын мектеппен, ондағы тәрбиешілермен ынтымақтастықты нығайтуды қажет етеді.
Адамның ең негізгі қасиеттерінің бірі оның адамгершілігі, еңбекқорлығы, қарым-қатынас жасай білуі. Оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мектеп, ұстаз, отбасы тағы басқалардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі сынып жетекшісінің міндетіне жүктелген үлкен жауапкершілік болып отыр.
„Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру саласындағы саясатының", „Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-этникалық мінез-құлқын қалыптастыру" және т.б. тұжырымдамаларында жас ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан тәрбие-білім беру бағыты негізге алынған. Онда тәрбиенің мазмұны мен жүзеге асырылатын әдіс-тәсілдердің негізі адамгершілік қасиеттінің болуы, сонымен бірге, отбасы жұмысындағы тәрбие жұмысын нығайту, тәрбие сабақтастығын қамтамасыз ету ерекше атап көрсетілген.
Қазіргі заманның талабына сай мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының жүйесін зерттеуде олардың білімі мен дайындығының төмендігі байқалып отыр.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп мынадай ой түйіндедік: педагогикалық әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарына талдау жасау барысында қазіргі әлеуметтік жағдайдағы тәрбие саласында мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының аз зерттелгендігі, соның ішінде классик педагогтардың еңбектерін пайдалану мәселесінің аз қамтылғандығы анықталды. Сөйтіп, мемлекетіміздің қазіргі жағдайындағы мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұктаждықтың арасындағы қайшылық айқын көрініс тапты. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын "А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі " деп алуға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларды тәрбиелеуде А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
1 Тәрбие және жеке шығармашылық қабілетті іске асыруда А.С.Макаренконың еңбектерінің ролін анықтау;
2 А.С.Макаренконың ұжым және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық талдау жасау;
3 Тұтас педагогикалық процесс -- оқыту, білім және тәрбие бірлігін нақтылау;
4 А.С.Макаренконың еңбекке даярлау әдiстемесiне талдау жасау.
Зерттеу нысaны: кіші мектеп оқушыларының тәрбие процесі
Зерттеу әдістері. Философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, мектеп құжаттарымен (ресми ма-териаддар, жоспарлар, есеп және т.б.) танысу; сынып жетекшілерінің озық тәжірибелерін талдау, отбасы дәстүрлерін зерттеу, педагогикалық бақылау.
Зерттеудің прaктикaлық құндылығы: бaстaуыштa білім беру және тәрбиелеу үрдісінде, студенттердің оқу - іс тәжірибесінде, прaктикaлық және зертхaнaлық сaбaқтaрдa қолдaнуғa болaды.
Зepттeу нәтижeлepiн қaбылдaу жәнe eнгiзу: A.С. Мaкaренко тaғылымдaрын бaстaуыш мектеп педaгогикaсындa пaйдaлaну мәселелері тaқыpыбындa мaқaлa ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ -ЖАС ҒАЛЫМДАР КӨЗІМЕН атты студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция Еңбектер ЖИНАҒЫ III-БӨЛIМ 2020 жылы мамыр айының 12-ші жұлдызында жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тaрaудaн, қорытындыдaн және пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімнен тұрaды.

1.1 Тәрбие және жеке шығармашылық қабілетті іске асыруда А.С.Макаренконың еңбектерінің ролі
Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау ежелден мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ.
Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау-баршамыздың парызымыз.
Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты-өркениетті елдердің қатарынан көріну, ел мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие, - депті Әл-Фараби бабамыз.
Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Бала тәрбиесіне көңіл бөліп тереңінен ойлаған қазақ халқы бесіктегі нәресте тәрбиесіне де жете көңіл бөле білген. Баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөл атқарғандықтан, ұлы М.Әуезов те отбасы тәрбиесін ерекше бағалап: Ел болам десең, бесігіңді түзе, - деген. Кез келген білім ошағы ұлттық тәрбие бағдарламасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп білім берер болса, ұрпағымызды өз ұлтын мақтаныш тұтар азамат болары хақ.
Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Халық даналығында: Баланы әуелі мейір шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы - дейді. Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгісі - ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген - ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз.
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына тәрбиенің әсері К.Д.Ушинский, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, Н.К.Крупская және т.б. еңбектерінде қарастырылса, жеке тұлғаны дамыту мәселелері П.П.Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, Л.В.Занковтың, Д.Б.Элкониннің және т.б. еңбектерінде негіз болды[1].
Педагогика негiзiн салушылардың бiрi А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында 1888 жылы дүниеге келді.
С.Макаренко (1888-1939) ең алғашында педагогика ғылымына тәжірибелі педагог ретінде келді. Ол 1917-1918 ж.ж. мектеп ісін меңгеруші, 1920 жылы Полтава түбіндегі балалар колониясын (кейіннен М.Горький атындағы колония) басқарды. 1925-1935 ж.ж. Харьковтегі Дзержинский атындағы колонияда қызмет атқарды. Осы кезеңдерде оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған Ұстаздық дастан", Мұнара үстіндегі тулар", Ата-аналарға арналған кітап" атты еңбектері жарық көрді.
Қалай десек те, А.С.Макаренконың "Ұстаздық дастаны" тек ғана маман мұғалімдер оқитын материал емес, ол жұрт болып жаппай оқуға лайықты, сұранысқа ие, заман көшінің алдыңғы орнын бермеуге тиіс ұлы шығарма деп ойлаймын. Себебі ол - шындыққа негізделген болмысты, мәңгілік тақырып адамды қалай тәрбиелеп шығуға болатындығын және ол үшін жаттанды білім мен теория соғудың, немесе қырғын кәсіптің құлағын ұстаудың еш қажеттігі жоқтығын түсіндіргендей. Ақ ниетпен келген ағартушы әр баланы жалғызындай жүрекпен жақсы көреді, қайғысына жүрекпен жылай біледі.
Педагогикалық құзіреттілігі басым А.С.Макаренконың шығармасынан сол кездегі дүрілдеп тұрған Қызыл империяның идеологиясын алып тастасаңыз да, кітап өз мазмұнынан айырылмайды. Себебі ол кезеңдік, өтпелі идеологияларға емес, мәңгілік қағидаға - гуманизмге құрылған туынды.
Азамат соғысынан кейінгі тұрақсыздық, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ел еңсесін езіп тұрған кезде А.С.Макаренко губерниялық халық ағарту бөлімінен ерекше тапсырма алады. Ол тапсырма бойынша Александр Макаренко ата-анасынан айырылған, көше кезіп, қалтаға түсетін ұры-қарылардың, қала ішін шулатып тәртіпсіздік жасайтын панасыз сотқарлардың, жетім-жәутіктердің күрт көбейіп кетуіне орай, оларды тезге салатын арнайы колония ашуға тиіс болатын. Шын жүйрік қамшы салдырмас, оқиғаның одан ары қарай өрбуіне түрткі болған бұл тапсырма Макаренконы өзінің тәрбиеленушілерімен бірге алдағы өмірдің асау толқындарына аяусыз лақтырады, бірде тереңге тастайды, бірде қайта көтереді, бірақ білікті маманның білімі қашанда қиналған жерде қорғайтын қалқанына, қажет кезде қаруына да айналды. Жалпы қызығы мен шыжығы мол сол жылдардағы колонияның жыры "Ұстаздық дастанды" кез-келген оқырман бір деммен оқып шығады. 1955 жылдың 26 желтоқсанында Макаренконың еңбегі негізінде жаңа фильм халық назарына ұсынылды[2].
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж. Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргендігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды. А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: "Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды", -- деп жазды. 1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады[3].
1920 жылдан бастап арнайы тапсырмамен Полтавадан алты километр жерде заң бұзышылар мен жетiм балаларға арнап арнайы коллония ұйымдастырылып, осы коллонияны А.С.Макаренко сегiз жыл бойы үздiксiз нәтижелi басқарады.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж. Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
А.С.Макаренко тәрбие үдерісі ең алғашында педагогикалық жобалаудан басталуы керектігін айтты. Ол жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп қарастырды. Бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар және екінші, оқушының жеке даралық сапасын қалыптастыру үшін оның қабілеттері мен бейімділіктерін ескеру керектігін көрсетті[4].
Белгілі педагог еңбектің зор пайдасы адамның психикалық, рухани дамуына әсер етуінде деп түсінді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзімнің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық өнімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиені іске асырудың негізгі жолы балалардың өзін тікелей еңбекке араластыру деп санады.
А.С.Макаренконың отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. Ол Ата-аналар кітабы", Балаларды тәрбиелеу лекциялары" атты еңбектерінде ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға ерекше тоқталады, отбасында балалар өмірін дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне назар аударады
А.С.Макаренко тәрбиенің басты мақсаты - белсенді, өмірлік ұстанымдарды жүзеге асыру деп санады. Оқушыдан өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершілігін, өз абыройын сақтай білуін, жолдастарының пікірімен санасуды, өз пікірін дәлелдей білуін, өмірдің қойған талаптарына сай сыпайы, қатал, қарапайым болуын талап етті. Сонымен бірге, оқушы белсенді ұйымдастырушылық қасиетке ие болып, қойған мақсатына жетуі, өзін ортада ұстай білуі және өзгелерге ықпал ете білу қасиеттерін меңгеруі тиіс. Оқушының көңіл-күйі көтеріңкі, сергек, күреске әзір тұратын, сүйе білетін және бақытты болуға ұмтылуы керек деп түйіндеді[5].
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады.
А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: "Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды", - деп жазды.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатынды.
Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.
Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды[6].
1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: "Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әруақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше".
А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: "Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру", -деп жазды.
А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды.
Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды.
Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономикалық мәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды.
Коммунаның тәрбиеленушілері өндірісте күніне 4 сағаттан жұмыс істеді, коммунада жұмыс істейтін орта мектепте оқыды.
1935 жылы А.С.Макаренко коммунадағы жұмысын тастап, Украинаның еңбек колониялары оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол адам кейін Москваға келіп, А.М.Горькийдің кеңесімен әдеби қызметпен, А.М.Горький атындағы колонияның және Джержинский атындағы коммунаның қызметін педагогикалық жинақтаумен айналысты.
1933-35 жылдарда "Педагогикалық дастан" жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін "Ата-аналар кітабы" жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды.
1938 ж.ең ірі "Мұнара үстінде тулар" атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді.
А.С.Макаренконың "Ата-аналар кітабы" және "Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар" атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А.С.Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.
Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында - ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогиксының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап - ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез - құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет - бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С.Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі.
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе "бұзылған" бала "сәтсіз педагогтардың" ойлап тапқандары, барлық "бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес".
Макаренко бүгінгі "бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады",-деп есептеді. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.
А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан "еркін тәрбие" анархистік теориясына негізделді[7].
Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген педагогтар "еркін тәрбие" теориясының рухында тәрбиеленген болатынды. Ұсақ буржуазиялық "еркін тәрбие" теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.
Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.
Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді жүйесі қолданылмады. Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа "Дальтон-жоспарға", "жобалау әдісіне" қарсы болды.
Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған "Еңбек - бүкіл мектеп жұмысының орталығы" деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.
Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.
Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қрапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді.
Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу.
Коммуна жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.
А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері құнды дүниелер. А.С.Макаренко тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері[8].
Макаренко "Балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларында" былай деп жазды: "Біз әрбір азаматтан өмірінің әрбір минуты сайын ешқандай да ескерту мен бұйрықты күтпестен өзінің борышын орындауға дайын болуын талап етеміз, ол ынталықты және шығармашылық ерікті меңгеру тиіс". Әрбір ұжымның мүшесі ұжым алдындағы ұжымнан бастап, социалистік Отанымен аяқтап, сезіне білуге міндетті. Әрбір ұжымның мүшесі намыс сезімін меңгере білуі қажет, әруақытта да өз ұжымымен, өз Отанымен мақтана білуі керек.
А.С.Макаренко Горький атындағы колония, Дзержинский атындағы коммуна ұжымдарында намыс, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруды әрбір ұжымның мүшесі жақсы түсіне білді. Коммунарлар өз ұжымының намысы үшін, ары үшін аянбай еңбек етті. Олар әруақытта да өз ұжымын мақтан етіп отырды.
Макаренконың түсінігінде тәртіп - бұл тек ғана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу, белсенділік, жауапкершілік тәртібі.
Макаренко тәртіп туралы мәселені ерік - қайратты, ерлікті, берік мінез-құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырды. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. Макаренко былай деді. "Тәртіп - бұл ұжымның бет-әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі".
А.С.Макаренко баланың жандүниесінің, әрбір жекеленген адамның психологиясын білу бұл әдіс әрбір нақты жағдайда ыңғайлы пайдалануға көмектеседі[9].
Макаренко тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, Макаренко "тәртіп" және "режим" ұғымдарының құралы болып табылады деген болатынды. Макаренко баланың айқайына, ашуланшақтығына, өрескел қылықтарына қарсы болды. Педагогтар жиі айтатын: "Бала қатты айқаулауға тиіс, осыдан оның табиғаты аңғарылады деді". Макаренко оған қарсы болды, балалар өзін-өзі ұстай білу керек, режим ойластырылған, тұрақты болуы керек, бәрі қатаң сақтауға тиіс.
Макаренко "еркін тәрбие" теориясының ықпалдығы педагогтардың балаларды жазалау мәселесінде айтқан "жазалау құлды тәрбиелейді" деген қағидасын қатты сынай отырып, Макаренко жазалауды қолдана отырып, құлды да немесе қорқақты да, еркін, адамгершілік қасиеті күшті тұлғаны да тәрбиелеуге болады. Барлық істің мәні, қандай жазалау және қалай қолданылды. Ол дене жағынан жазалауға болмайды деп жазды, ал дене жазалауынан басқа жазалаудың түрлері Макаренконың талап етуі бойынша ойластырылған болуы керек, асығыстық, жүйесіздік болмау керек, әр шәкіртке дара сипатта қолданылуы қажет, жаза жасаған қылығына сай болуы және жиі берілмеуі қажет, өзінің жасаған қылығын түсінетіндей, соған сезінуі керек, ұжым қолданылған жазаның әділдігін мойындауы қажет.
А.С.Макаренко жанұя тәрбиесінің мәселелеріне ерекше мән берді. Ол ең бірінші болып, кеңес педагогтерінің ішінен бұл өте маңызды мәселені талдаумен айналысты[10].
Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары мен бақылаулар көрсеткендей, тәрбиенің басты негізі 5 жасқа дейін қаланады - бұл барлық тәрбие үрдісінің 90%, ал содан әрі адам тәрбиесі жалғасады, адамды өңдеу жалғасады, сіз жалпы алғанда жемісін бастайсыз, ал сіз бағып отырған гүлдер 5 жасқа дейін болған, - деген Макаренконың қорытындыларын дәлелдейді.
Көптеген жанұяларының өзінің тәрбие қызметін жеткіліксіз орындайтындығын ескере келіп, ол "Ата-аналар кітабы" атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.
Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. "Ата-аналар кітабы" және "Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары" балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.
Жанұядағы тәрбие мәселелері - педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.
Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан "Ата-аналар кітабы" атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәрбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды[11].

Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан "Ата-аналар кітабын" жұртшылық қызыға, зор қуаныш сезімімен қабылдады.
Автор өзінің жаңа еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзіне-өзі: "Мүмкін, бұл кітап тым асыра сілтеушілік болар?" - деп сұрақ қойып, өз міндетінің мейлінше қиын екендігін түсінді. "Жанұя - өте үлкен әне аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді", - деді А.С.Макаренко[12].
"Ата-аналар кітабында" екі ата-ананы салыстыра отырып, "жалғыз бала", "көп балалы" жанұя проблемаларын көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды.
Бірінші кейіпкері Петр Александрович Кетов - ол күшті, ақылды, адам психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды тәрбиелейді. "Жалғыз бала" дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп соқтырады.
Ол кейіпкерге қарама-қарсы Степан Денисович Веткиннің көп балалы, бақытты жанұясы мүлде қарама-қарсы. Ол жанұя мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалар кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл мысалдардан екі жанұяның екі түрлі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады. Жыныстық тәрбие мәселелері де Макаренконың назарынан тыс қалған жоқ.
Аса көрнекті кеңес педагогикасының көрнекті өкілі жаңашыл-педагог, тамаша жазушы А.С.Макаренконың педагогикалық мұрасының мәні бүгін де өзекті, бүгін де өміршең екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Несімен ерекше көптеген адамдар мен біздің шетелдегі достарымыздың жүрегін А.С.Макаренко баурап алды?
Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми және революциялық мазмұнгмен толыққан. Оның жүйесінде көптеген педагогикалық мәселелер жаңаша ашып көрсетілді: бірыңғай балалар ұжымы - тәрбие субъектісі, тәртіп - адамгершілік категориясы, жазалау - адамды құрметтеудің ерекше көрінісі, қаталдық - ең үлкен, ізгілік және т.б.
Жаңашыл - педагог, көркем сөздің шебері Макаренко жаңа адамдық қатынастардың сұлулығын, талап қою мен қатаң тәртіптің сұлулығын, ұжымның ұлы қуатын түсіне білуге көмектеседі. Сондықтанда А.С.Макаренконың жүйесінің байлығы өміршеңдігі және сарқылмайтындығы, сондықтан да ол өзекті болып табылады[13].
"Біздің өміріміз жаппай жаңалық - деп жазды Антон Семенович, - Бұл өмірдк балаға да: бірлік, құрылыс, күрес, жеңістер, - барлығы жаңаша бай, жаңаша көңілді және жаңаша қиын".
Макаренконың педагогикалық жүйесі қазіргі мектептеріміз бен арнаулы мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
Кезінде А.М.Горький 1933 жылы хатында А.С.Макаренконың ұжым туралы іліміне жоғары баға берген болатын-ды:
"Маңызы орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан Сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің, меніңше, дүниежүзілік маңызы бар". Кеңестік педагогиканың көрнекті өкілі А.С.Макаренко ұжым теориясын талдады. Оның қаламынан көптеген педагогикалық және көркем шығармалар туған болатын-ды, онда ұжымдық тәрбиенің әдістемесі жан-жақты талданылды.
А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімінде ұжымды кезең-кезеңмен қалыптастырудың жан-жақты технологиясы жасалды. Ол ұжымның өмір заңын айқындады, ұжымның даму қағидаларын анықтады, ұжымның даму кезеңдерін бөліп көрсетті.
Қазір Украинада А.С.Макаренко атындағы медаль тағайындалып, 1965 жылдан бері ең озат мұғалімдер марапатталады.
А.С.Макаренконың педагогикалық және әдеби мұрасынан бұрынғы кеңестер одағында 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды, көптеген монографиялық еңбектер жазылды. Әсіресе, оның педагогикалық мұрасын жан-жақты зерттеуде шәкірттері ерекше роль атқарды. Атап айтқанда, Н.Э.Фере, В.Н.Терский, С.А.Калабалин, В.И.Клюшник, Ройтенберг және т.б. Қазіргі мектептерде, мектеп-интернаттарда және басқа да оқу-тәрбие мекемелерінде оның идеяларын басшылыққа алып отырады[14].
Педагогикалық поэма еңбегі мазмұнды, сонымен қатар толыққанды қоғамның азаматын тәрбиелеудің практикалық құралы және жарқын әдеби еңбегі - кеңестік әдебиеттің алыңғы қатарлы еңбектерінің бірі. Романда сипатталған оқиғалар автобиографиялық сипатта, кейіпкерлердің нақты атаулары, соның ішінде автор өзі бар. Мақаренконың педагогикалық жүйесінің кілті - баланың жеке басын ұжым арқылы оқыту идеясы. Бұл идеяны бекіту Макаренконың Педагогикалық поэмасына арналған. Романның өзіндік сөзі 3 бөліктен және 15 бөлімнен тұрады (эпилогты қоса). Сонымен қатар, поэма іс жүзінде колония өмірінің үдерісінде тікелей ыстық іздеумен құрылды.
Шет елдерде жарық көрген педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко, оның ішінде балалар коллективіне бағытталған көзқарастар кең өріс алды.
Заман ағысына сай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz