Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ф 7.02-14
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика ғылымында өзіндік жұмыстарды пайдалану мәселесінің зерттелу жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Дүниетану сабағын жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1 Дүниетану сабағындағы өзіндік жұмыстар дербестік таным әрекетін ұйымдастыру формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Дүниетану сабағындағы шығармашылық тапсырмалар - өзбетінше жұмыс орындауға тәрбиелеу негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еңгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парсатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білім мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.
Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімнің, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап,беру мен берік белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттауға, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың, үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға кішкентай жаңалық ашқанмен бірдей.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың, шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: Сабақ жас өспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасмөспірімдер үшін рухани өмірдің тілегін ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады - деп айтқан екен.
Олай болса, қызықты сабақтар-мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты.
Ұстаз көкейіндегі шәкірттерді өзіне баулып алу үшін Не істей аламын, Не істеу керек-деген сұрақ - сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына, ал нәтижелер жобасы- практикаға еңгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі-білім сапасы болмақ.
Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы; жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек.
Оқушылардың оқудағы танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:
танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;
іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер еңгізу;
оқытуға әдістемелік білімдер еңгізу;
оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту.
Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінінің формаларының бірі - өзіндік жұмыс.
Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстрды жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды игеру, бекіту, қайталап- пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдына қойылған мақсат та айқын болса, онда орындалған өздік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.
Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс.
Сол себепті зерттеу жұмысымыздың тақырыбы Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері деп таңдалды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану арқылы білім беру әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.
Зерттеудің міндеттері:
1. Сабақтарда өзіндік жұмыстарды пайдаланудың теориялық және әдістемелік негізіне шолу;
2. Дүниетану сабақтарында шығармашылық тапсырмалар арқылы өзіндік жұмыстарды жүзеге асыру жолдарын анықтау;
3. Дүниетану сабақтарында өз бетінше орындайтын тапсырмалар қолдана отырып сабақ жоспарының үлгілерін жасау.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектепте оқыту үдерісі
Зерттеу әдістері: шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, талдау жасау, педагогикалық-психологиялық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру анализдеу, синтездеу.
Зерттеудің практикалық құндылығы: бастауышта білім беру және тәрбиелеу үрдісінде, студенттердің оқу - іс тәжірибесінде, практикалық және зертханалық сабақтарда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика ғылымында өзіндік жұмыстарды пайдалану мәселесінің зерттелу жағдайы
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еңгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парсатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білім мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.
Н. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін баса айтқан болатын. Бұл орайда оқушылардың да танымдық белсенділігін дамытуда оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына көңіл бөлген жөн [1].

А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімнің, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап,беру мен бетік белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.
Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттауға, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың, үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға кішкентай жаңалық ашқанмен бірдей. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп,онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың, шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Олай болса, қызықты сабақтар-мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. Ұстаз көкейіндегі шәкірттерді өзіне баулып алу үшін Не істей аламын, Не істеу керек-деген сұрақ - сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына, ал нәтижелер жобасы- практикаға еңгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі-білім сапасы болмақ.
Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше жұмыс түрлерін жан-жақты қарастырады.
Дидактикалық мақсатта өз бетінше жұмыс жаңа сабақты меңгеруге дайындық, жаттығулық, қайталап пысықтау және бақылау болып бөлінеді.
Дайындық өз бетінше жұмысы жаңа сабақты сапалы түрде меңгеру, жаңа дағдыны қалыптастыру, өткен материалдарды қайталау мақсатында қолданылады. Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, оқу құралдарын таңдап алу жатады.
Жаңа білімді меңгеру үшін жоғарғы сыныптарда өзбетінше жұмыс кең көлемде қолданылады. Өз бетінше жұмысты қолдану, білім, дағды, іскерлікті бекіту және қалыптастыруда орын алады.
Қайтадан пысықтап қайталау өзбетінше жұмыстың тақырыпты оқудың немесе бағдарлама бөлімін пысықтауды қажет етеді. Ол жазбаша жұмыс түрлерімен және бақылау жұмысымен ерекшеленеді.
Өз бетінше жұмыста тапсырма жалпы және жеке түрде беріледі.Жеке тапсырмаларды барлық оқушы өз бетінше жұмыс орындайды. Көбінесе шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмыстың жеке түрлері қолданылады, сонымен бірге өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың коллективтік түрі де болады. Мысалы: лабораториялық жұмыстың кейбір түрлері, жергілікті жерде өлшеу жұмыстары және т.б[2].
Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық, тиімділігі мұғалімнің басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын анықтап оқушыларды ой-еңбегін қабылдауға үйретіп, сыныптың өзбетінше жұмысының барысын бақылап, оқушылардың қате жібермеуіне көмектеседі. Сөйтіп, қорытынды жасап, әрбір жұмыстың нәтижесін бағалайды. Дүниетану сабағында өзбетінше жұмыс орындауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі тиіс .
Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану бағдарламасының Түсінік хатында дүниетануды оқыту өзара байланысты төрт түрлі мақсатты көздейтіндігі айтылған, яғни:
Білімділік - бағдарламаға сәйкес дүниетанымдық білім, икемділік және машықтандырудың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
Тәрбиелік - шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, ізгі игіліктерді, еңбекке бейімділік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру; ,
3.Дамытушылық -- логикалық құрылымдар мен ойлаудың
математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық меңгерген білімдерін нақтылы жағдайларды практикада қолдана білуімен байланысты икемділікті қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуін білім мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты үйлестірілген, ойластырылған жүйесін құруға, оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын ұйымдастыру формаларын іріктеп алуы, өзбетінше жұмыс түрлерін пәндердің ерекшелігіне қарай құруға байланысты.
Өздік жұмысты ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен (фронтальный) болады.
Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тексеру, бақылау, жұмыстары, рефераттар мен баяндамалар жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.
Өздік жұмыс теориясының дамуының ерекшелігі болып, әрекетті белсендіруге ықпал етуші оқыту әдістерін сипаттаудағы әртүрлілік. Нәтижесінде көптеген ұстанымдар туындайды, олардың негізінде өзіндік жұмыстың сұрыпталуы құрылады: а) оқушының объектіні тану барысында ойлау операциялары; б) дидактикалық мақсат, в) ақпарат көзі және оларға тапсырмалардың турі, г) оқушылардың оқу әрекетінің мінез-құлқы, д) оқушының танымдық әрекетінің құрылымы.
Сұрыпталу принциптерін тереңірек қарастырса, ол өзіндік жұмысты жан -жақты зерттеуге көмектеседі, онсыз осы теорияның дамуы мүмкін емес. Өзіндік жұмыстардың логикалық сұрыпталуы В.А.Добромыслова, В.В.Голубкова, Е.Я.Голант есімдерімен байланысты. Осы тұрғыдан өзіндік жұмыстар былай бөлінеді:
- деректерді бақылау және түсінік белгілерін айыру;
- құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарымен айырмашылықтарын құру;
- түсініктерді анықтауға және оқығанды жалпылау;
- құбылыстар қатарында әдеттегіні белгілеу;
- деректердің арасындағы байланысты орнату және т.б.
Бірақ, берілген сұрыптаулар мұғалім мен әдіскерді қанағаттандыра алмайды. Себебі, оқушылардың оқу әрекетінің мінез-құлқы ескерілмейді және тақырыптан тақырыпқа көшу жолы көрсетілмейді.
Нәтижесінде сұрыпталудың тағы бір түрі пайда болады. Бұнда сұрыпталу оқушылардың оқудағы әрекетінің мінез-құлқы бойынша құрастырылған.
Ал ғалымдардың көпшілігі өзіндік жұмыстардың негізі үш түрін белгілейді - репродуктивтік, таңдамалы-қайта өндіргіш, шығармашылық[3].
Репродуктивтік өзіндік жұмыстар ертеде алған білімдерін қайта өндіруді және қолдана алуды ұсынады.
Таңдамалы-қайта өндіру өзіндік жұмыстары алған білімдердің көкейтестігімен және оларды жартылай шығармашылық тұрпатта қайта қараумен байланысты ( оқу-танымдық міндеттерді шешудің жаңа жолындағы ізденістері және т.б.)
П.И.Пидкасистыйдың ойынша қайта өндіру мен шығармашылық әрекеттер бірлікте болса, субъект объектіні танудағы құбылыс ретінде көрінеді,оқылып жатқан материалдың құрылымын ұғынуда, қасиеттердің жүйесін түрлендіруде өзгерген жағдайда объектінің белгілерінде, жаңа міндеттерді шешуде білімдердің тасымалдануы және көкейтестігінде. Мұғалімнің тапсырмалары оқушылардың танымдық әрекетінің динамикасын ескеру керек. Нәтижесінде мынадай өзіндік жұмыстар белгіленеді:
- үлгі бойынша орындалатын;
- реконструктивтік - вариативтік;
- жаңалық ашатын;
- шығармашылық.
Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар, теоремалар арқылы орындайды.
Реконструктивті - вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімі тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді.
Мысалы: Бір килограмм мақта ауыр ма, бір килограмм тұз ауыр ма?, Әтеш бір аяқпен тұрса 2,5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?.
Шығармашылық өзіндік жұмыстар оқушылардың математика пәніне деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, математикалық ой-өрісін дамытады.
- есепті шығару, теоремаларды дәлелдеу әдеттен тыс, жаңа тәсілмен орындау;
- есепті бірнеше жолмен шығару;
- оқушылардың өз бетінше есеп, мысалдар құрауы;
- баяндамалар және басқа жұмыс түрлері.
Мысалы: анықтаманы оқу, сұрақтарға жауап, текст бойынша жоспар құру, материалдарды негіздей отыра таблица, схема, графиктер жасау. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында да әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін, өз бетімен жұмыс жасаудың маңызы зор екені атап көрсетілген [4].
Ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезіндегі осы мақсат, өздігінен оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты. Осыдан келіп, оқушылардың өздігінен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесін оқу іс-әрекетінде арнайы ұйымдастыру - оқу процесін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесіне тек педагогикалық және философиялық идеиялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның бірі өзіндік зерттеу жұмыстарды ұйымдасытруды мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор [5].
Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық - сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік - зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.
Өзіндік жұмыс өз бетінше іс-әрекет арқылы іске асады. Өзіндік оқу іс-әрекеті дегеніміз - бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үдеріске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның кіріктірілген білімі.
Оқушылардың өзіндік жұмыс процесі кезінде мұғалімнен бала дамуының дербестік шығармашылық әрекеті, логикалық ойлауы сияқты негізгі белгілерін біліп, оқушылармен жеке-дара жұмыстар жүргізуді қажет етеді.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлеледеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады. Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятып, олармен ақылдаса отырып, оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады. Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор.
Ол барлық оқу пәндерінде кеңінен қолданылады. Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында үйымдастырылады.
Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі.
Үшіншісі - қорытынды экскурсия. Ол күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді. ХVШ ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге байланысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді, белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады. Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар. Пәндік үйірме жүмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдай туғызып отырады. Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді. Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және кеңес беру сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жүмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат -бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру. Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді. Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақьлау және топтық, практикалық - зертханалық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кейде оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады. Оқушының үйдегі оку жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл- ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады[6].
Келешекте оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін ендіруді және ақпараттық технологиялармен өздігінен орындалатын жұмыстарды ұйымдастыруды және т.б. мәселелер дербес зерттеуді қажет етеді.
1.2 Дүниетану сабағын жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың ерекшеліктері
Дүниетану оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сəйкес Адам жəне қоғам білім беру саласының жоспарланған білім нəтижесіне қол жеткізуге бағытталып дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді.
Дүниетану оқу пəні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-гуманитарлық пəндерді игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат жəне қоғам, олардың өзара байланысы мен тəуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пəн. Оқу пəнінің нысаны - адам, табиғат жəне қоғам, оның ішінде отбасы, мəдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта жəне т.б.
Дүниетану пəнін оқыту:
оқушыларда өзіндік, қоғамдық жəне ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;
оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
Қазақстанның жəне бүкіл əлемнің өткен жəне бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
əлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін əсері туралы түсінуін тереңдетеді;
оқушылардың бойында өз халқының жəне өзге халықтардың мəдениеті, дəстүрін сыйлай білу, ұлттық жəне жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,
оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;
қоғамдық əдеп нормаларын ұстану қажеттілігін жəне əлеуметтік ортада қауіпсіздік тəртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;
Дүниетану пəні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Дүниетану оқу пəнінің мақсаты - ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи жəне əлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тəуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру[7].
Пəннің міндеттері:
- оқушыларда қоғам жəне табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тəуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру; оқушыларда табиғи, əлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау жəне өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;
оқушылардың бойында табиғи жəне əлеуметтік шынайылықты тану əдістерін: бақылау, эксперимент, сауал жəне т.б. тəжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
оқушылардың танымдық əректеін дамытуды қамтамасыз ету;
оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тəн ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
оқу пəні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи жəне мəдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.
Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық əдіс-тəсілдер
Құндылықтарға бағытталған ұстаным
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным - ол оқу əрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру жəне жүзеге асыру, нəтижелерге қол жеткізу жəне пайдаланудың тəсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу - ол тұлғаның өз əрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), жəне оларды өзінің əлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну жəне қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу жəне күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мəні қоғамда сəтті əрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады.
Құндылықтар - қоғам қолдайтын жəне адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың жəне құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық жəне əлеуметтік-мəдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-əрекеттерді бағдарлайды. Мəңгілік ел ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық жəне өмір бойы оқып-үйрену -орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.
Тұлғаға бағытталған ұстаным
Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық жəне физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уəждерін, əлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру жəне жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.
Іс-əрекеттік ұстаным
Іс-əрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны - оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу əрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді жəне қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену жəне кең ауқымды дағдылардың белсенді əрі сəтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу əрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: біледі, түсінеді, талдайды, бағалайды, синтездейді.
Саралап оқыту ұстаны
Саралап оқыту ұстанымы - оқу үдерісін оқушылардың əртүрлі топтарынамамандандырылуын,оқушылард ың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында əртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту ұстанымы əртүрлі оқушылар тобының оқу əрекетін ұйымдастыру үшінарнайы оқыту əдістерін жəне іс-əрекеттерді саралау тəсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-əрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.
Коммуникативтік ұстаным
Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік жəне дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын əрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның нəтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік жəне сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана жəне қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас əрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу жəне алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті ұстанымға сəйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды жəне шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық жəне топтық жұмыстарды) кіріктіру керек[8].
Ортақ тақырыптар арқылы оқыту
Дүниетану оқу пəнінің ортақ тақырыптарының мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-əрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.
Ойын іс-əрекеттері арқылы оқыту
Оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу əдісі ретінде ойын іс-əрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері - ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нəтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу əрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-əрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын əдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, əртүрлі өнімді іс-əрекет негізінде соңғы нəтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-əрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.
Жобалық ұстаным
Оқу жобасы - оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нəтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық əрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген əдістер мен іс-əрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тəсіл бойынша рəсімделген нəтижелермен сипатталынады. Бұл əдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешуде өзбетіндік іс-əрекетін танытуымен сипатталады. Бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сəйкес жобалау əдісі толығымен жүзеге асырылмайды. Бірақ, жобалау іс-əрекетінің алгоритімі (жоба - мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-əрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдықтоптық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады[9].
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында жəне коммуникацияда сенімді жəне шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.
Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пəндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мəліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе жəне алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды жəне жетілдіреді.
Бұл Дүниетану пəні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:
БАҚ жəне мультимедиялық құралдарды пайдалану;
дерекқордан жəне интернеттен ақпаратты іздеу;
сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу жəне оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
сандық, мəтіндік жəне визуалдық ақпаратпен жəне дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық жəне басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мəліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын жəне қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды жəне мəтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда жəне нəтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен жəне мұғалімдермен əртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау жəне ақпарат алмасу;
интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде жəне өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.
Оқу жетістіктерін бағалау тəсілдері
Дүниетану пəнін меңгеру нəтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу жəне бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нəтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау жəне ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы жəне жиынтық бағалаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері
байланысты қамтамасыз етеді жəне оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі,
оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пəн бойынша тоқсандық жəне жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
Дүниетану пəнінің мазмұнын ұйымдастыру
Кесте 1. Əр сыныпқа арналған оқу жүктемесі:
Сынып
Апталық жүктеме
Жылыдық сағат саны
1
1 сағат
33 сағат
2
1 сағат
34 сағат
3
1 сағат
34 сағат
4
1 сағат
34 сағат
Сабақ барысында əртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы əрі жеңіл болуы қажет.
Дүниетану пəнінен сабақ беруге арналған кабинет Дүниетану пəнін оқыту үшін қажетті арнайы жабдықтар, ресурстар мен материалдар:
Демонстрациялық құрал-жабдықтар (мысалы, стендтер); интернет желісінің қосылуы: компьютерлерпланшеттер; проектор, проекциялық экран жəне аудиоколонкалар; бейне жəне аудиоресурстар: тақырыптар бойынша бейнематериалдар жиынтығы; баспа материалдары (кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар); оқу көрнекі құралдар: қағаз жəне интерактивті карталар, тарихи тұлғалардың портреттері, коллаждар, тақырыптық графиктер мен кестелер, слайдты альбомдар, тарихи жəдігерлер мен заттар немесе олардың көшірмелері.
Пəнді оқуға жəне зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан ресурстар:
кітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар);
электрондық жəне мультимедиаресурстар; желілік файлдар, интернет (тарих, география, əлеуметтік ғылымдар бойынша негізгі анықтамалық сайттар каталогі) [10].
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орта білім мазмұнын жаңартуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды бастады. Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру - жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. 2015-2016 оқу жылынан бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде жаңартылған білім мазмұнын апробациялау, ал 2016-2017 оқу жылынан бастап елдің жалпы білім беретін мектептеріне енгізілу басталды.
Оқу пəнінің мазмұны
Пəн бойынша білім мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері əрі қарай жинақталған білім, түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары əр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға жəне оларға оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін код енгізілді. Код бойынша бірінші сан сыныпты, екінші жəне үшінші сандар - бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан - оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 1.2.1.4 кодировкасында: 1 - сынып, 2.1. - бөлім мен бөлімше, 4 - оқу мақсатының реттік саны.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ - ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қажет етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткізуге болады.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Кесте 2.
Бөлім
Тақырып
№
1
1.1 Мен жəне менің отбасым
1
Мен жəне қоғам
1.2 Мектеп жəне мектеп қоғамдастығы
1.3 Менің атамекенім
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
1.5 Құқық жəне міндет
1
1.6 Мерекелер
1.7 Жергілікті жерде бағдарлану
2
Елімнің табиғаты
2.2 Климат жəне ауа-райы
2.3 Табиғат жағдайлары жəне олардың əсері
2.4 Туризм
3.1 Ежелгі мəдениеттер мен өркениеттер
3.2 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz