Педагогикалық шеберлік элементтері


Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік маңызы, мәні және мазмұны
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 6
1. 1 Педагогикалық шеберлік және оның тәрбиедегі мәні, маңызы . . . 6
1. 2 Педагогикалық техника-педагог шеберлігінің элементі ретінде . . . 16
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Мұғалімнің педагогикалық әдебі және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі . . . 27
2. 2 Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 61
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек[1] . Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
«Тәуелсіз елге - білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар - педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы - дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Қай заманның тарихын, кезінде қателескен, бұрмалаған тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.
- Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
- Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.
- Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
- Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттермен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.
Ұстаздың педагогикалық білімінің мәні қоғамдық құбылыстың бір бөлігі ретінде тәлім-тәрбие ғылымының маңызынан келіп шығады. Өмір құбылыстарын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан адам тұлғасына қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайды:
а) зерде, өй- санасы;
ә) эмоция және ырық;
б) тәжірибелік іс-әрекет.
Ұстаздың міндеті - осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру. Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан оқушылар мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастара білуі тиіс. Осыған орай, оқушылардың интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық шеберліктің ерекшеліктерімен танысып, оның маңызын түсіну.
Зерттеудің міндеттері:
-педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығын көрсету;
-педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттерін анықтау;
-педагогикалық шеберлікті қалыптастыру, жетілдіру;
-мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы бойынша әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: Мұғалім іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен шеберлік мазмұны мен міндетін жүзеге асыру жүйесі.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Зерттеудің практикалық құндылығы :
-қазіргі қоғамдағы мұғалім шеберлігінің маңызы айқындалды;
-болашақ мұғалімдерге педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыруға ұсыныстар жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Педагогикалық шеберлік және оның тәрбиедегі мәні, маңызы
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының жаңа білім арналарын қалыптастыра бастаған игі қадамы күннен күнге өрістеп келеді. Оқытуды жаңа жүйеге көшірудің өмірлік қажеттілігі мен талаптарын ғылыми деңгейде танып, қоғамымыздың сан салалы деңгейінен үйлесімді орнын қалау үшін білім беруді ұйымдастырушы басты тұлға - мұғалімнің кәсіби шеберлігін алдыңғы орынға қою қажеттілігі туындап отыр[2] .
Педагогикалық істегі шеберлік әрдайым кең мәдени ой-өріспен жалпы эрудицияға байланысты болмақ, әрі іждағатты мұғалім әрбір оқушыдан өзінің түр-тұрпатын, тілек -талаптары бар жеке адамды көреді.
Педагогикада кәсіби қызметінің сапасын анықтайтын бір тұтас әрі жүйелі түсінік «педогогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік» белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ себебі, педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әкімшілік пен тәрбиелікті обьективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни бір адамның педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педогогикалық шеберлік мәселесі туралы И. Л. Подласыйдің пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім дейді»[3] .
Қ. Жарықбаев бұл түсінікке нақты анықтама бермейді. Дегенмен ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: идеалдар мен қағидалардың, көзқарас пен талғамның, симпатия мен антипатияның, моральдық - әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гормональды тұтастығы міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады[4] .
З. Әбілова педогогикалық шеберлік - мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты -өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді[5] .
С. Қалиев тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педогогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі. Сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немес ұжымға жаппай эмоциональды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады[6] .
Кезінде педагог-ғалымдар С. Әбенбаевтің бастамасымен “Мұғалім” бағдарламасы жасалған болатын. Онда үш негізгі аспектіге назар аударылған - мазмұндық, даралық және процессуалдық . Кәсіби даярлаудың бұл үрдісінде маман өз міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды шеше білуі тиіс. Сондай-ақ, алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданып, дара тұлғалық қасиеттерін танытуы, білім мен біліктерінің түпкі нәтижесін көруі тиіс. Кәсіби даярлықтың осы үш аспектісін өзара байланыстыра бірлікке жеткен мұғалімнің білік-дағдысы өте жоғары болады. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, әзірге ондай мұғалім жоққа тән. Осыған байланысты, ғалымдар мұғалімдер даярлау мәселесіне айрықша назар аударып отыр[7] . Бұған дәлел - ондаған ғылыми жұмыстардың (диссертациялар мен монографиялар) кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттердің модельдерін жасауға арналуы. Қолдағы деректерге сүйенсек, мұғалімге 200-ден астам жұмыс түрлерін орындауға тура келеді екен. Олар мектеп өміріндегі сан алуан шараларға қатыса отырып, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түседі және сонымен бірге көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарға тап болады. Ол жағдаяттар әр қилы болуы мүмкін: стандартты, типті, жанжалды және күтпеген. Міне, шеберліктің құдіреті - осындай тұтасқан үйлесімде.
И. Н. Баженова қалың оқырман қауымына арналған публистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарыс-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен[8] . Педагогикалық шеберлік - бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу-тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал педагогикалық шеберліктің ішкі мәні - бұл педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері.
Педагогикалық шеберліктің мәні «Педагогикалық энциклопедияда» былайша түсіндіріледі: « . . . бұл балаларды жақсы көретін және өз жұмысына бейімділігі бар педагогтардың қолы жетерлік әрдайым жетілдіруді қажет ететін жоғары дәржелі өнері. Өз ісінің шебері бола алатын педагог - бұл өз пәнін терең меңгерген, ғылымның нақты салаларынан және өнерден хабары бар, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін толық деңгейде білетін, жалпы және, әсіресе, балалар психологиясын түсінетін жоғары дәрежелі маман. Осы анықтаманың мағынасына үңілетін болсақ, мынаны көруге болады:
- «педагогикалық шеберлік» ұғымының мазмұнына мыналар енеді:
-жалпы жоғары деңгейлі мәдениет, эрудиция;
-өз пәні бойынша кең ауқымды және терең білім;
-педагогикадан, жалпы, жас және педагогикалық психологиядан білімінің болуы;
-оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану білу іскерлігі;
-оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін толық меңгеруі.
- педагогикалық шеберлікті педагогтың бойында тәрбиелеуге болады, шеберлікке педагог боламын деген әрбір адамның қолы жетеді.
В. А. Сластенин педагогикалық шеберлікті тұлғаның кәсіптік бағытталуының жоғары формасы деп белгілейді. Ал кез-келген іс-әрекетте, оның пікірінше, шеберліктің көрсеткіші - бұл іс-әрекетте қажет болатын арнайы іскерліктер мен дағдыны меңгеру[9] .
Педагогикалық шеберліктің құрылымында өзара байланысқан элементтерді көрсетуге болады: гуманистік бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Аталған элементтер педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өз бетімен даму тән. Педагогикалық шеберліктің өз бетімен дамуының негізі - білім мен тұлғаның бағытталуы; оның нәтижелілігінің маңызды шарты - қабілеттер; тұтастықты қамтамасыз ететін құрал - педагогикалық техника аясындағы іскерліктер.
Кәсіптік білім - бұл педагогикалық шеберліктің негізгі іргетасы. Кәсіптік білімнің мазмұнына пән бойынша ғылыми және практикалық білім, оның әдістемесі, педагогикалық және психологиялық білім енеді.
Педагогтың жас, педагогикалық, жалпы психология және педагогикадан жинақтаған білімі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудің теориялық және практикалық сипаттағы күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді, педагогты мектепте білім, іскерлік, дағдыны меңгерту үрдісінің заңдылықтарымен қаруландырады, оқу-тәрбие үрдісін әрі қарай жетілдіру үшін қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық эрудиция әрекетті, фактіні немесе құбылысты дәл психологиялық талдау негізінде ықпал жасаудың дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық қабілеттер - арнайы қабілеттер, педагогикалық шеберліктің меңгерілуі қабілеттерге бағынышты. Психологиялық-педагогикалық әдебиетте педагогикалық қабілеттердің мына түрлері белгіленген:
- дидактикалық - бұл оқушыларға материалды қол жетерлік деңгейде, қызықты, айқын және нақты түрде ұсыну іскерлігі. Дидактикалық қабілеттерге ие педагог оқушылардың ой белсенділігін арттырады, оқу-тәрбие үрдісіне тек ақлды ғана емес, сонымен қатар сезімге де әсер ететін жаңа, соны нәрселерді енгізуге дайын;
- ұйымдастырушылық қабілеттер оқушылардың түрлі іс-әрекетін ұйымдастыруға, ұжымды қалыптастыруға бағытталған. сонымен қатар, олар педагогтың өзінің әрекетін дұрыс ұйымдастыруды да қамтамасыз етеді. Ол педагогтың дәлдік, ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік сынды 22 қасиеттерімен қамтамасыз етіледі;
- коммуникативті - бұлар оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қабілеттер;
- перцептивті - бұл баланың ішкі дүниесіне ену іскерлігі. Баланың психикалық күйін анықтауға бағытталған;
- суггестивті - бұл сендіру және иландыру қабілеті. Олар педагогтың беделімен, еріктік қасиеттерімен байланысты;
- ғылыми-танымдық (академиялық) - ғылымның белгілі бір саласы бойынша ақпаратты, білімді меңгеру қабілеті.
- эмоциональдық тұрақтылық және болжамдық қабілеттер.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс-әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез-келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді.
Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Міне, сондықтан, педагогикалық шеберлік үш өзара байланысқан бөлікпен белгіленеді: педагогикалық теория, педагогикалық техника және сабақта жұмыстану әдісі және оны ұйымдастыру, өткізу.
Теорияны оқып білуге болатын болса, педагогикалық техника мен әдісті меңгеру қажет. Ал меңгеру үрдісі белгілі бір пратикалық дағдыларды қажет етеді. Бұған қол жеткізу үшін өте ұзақ және жүйелі жаттығу жүргізу керек.
Бүгінгі күні мұғалім болу өте оңай нәрсе деп ойлайтын адамдар баршылық. Бұл үшін арнайы педагогикалық оқу орнында оқу да қажет емес деп санайтындар да бар. Әдетте былай ойлайды: мұғалім болу оңай, әсіресе, тарих, география, әдебиет пәндерінің мұғалімдері болу . . . Оқулық бойынша материалдың белгілі бір көлемін жаттап алып, сыныпқа балаларға бар да әңгімелеп бер. Бұндай адасушылықты өз уақытында К. Д. Ушинский сынға алған[10] .
Шынымен де, кімде-кімнің еске сақтау қабілеті жоғары болса, оқулықтың бірнеше бетін жаттап ала алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып бере алар. Әрбір педагог оқушыларға ғылымның заңдылықтарын қол жетерлік деңгейде түсіндіре алады ма? Дамыта оқытуды жүзеге асыра алады ма? Оқу-тәрбие үрдісін ғылымилық ұстанымы негізінде ұйымдастыра алады ма? Тек арнайы білімге ие педагог қана бұл міндеттерді шешуі мүмкін.
Педагогикалық шеберлікке қол жеткізудің алғашқы шарты ғылым мен білімнің әдіснамасын білу және соның негізінде арнайы және психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру болып табылады. Болашақ педагог жоғары оқу орнында оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ кәсіби бағытталуды қалыптастыру үшін жұмыстанып, өзін оқыту-тәрбиелеу үрдісімен айналысуға жан-жақты әзірлеу керек.
Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Шебер-педагог - бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік шақта қол жеткізу мүмкін емес. Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты, бейімділікті, білімділікті, іскерлікті білдіретін процесс.
Педагогикалық шеберлік өлшемі.
- Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.
- Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.
- Әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік.
- Іс әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Жоғарыда көрсетілген әрбір шеберлік жүйелерінің өз дамуының белгілі өлшемі, даму деңгейі болады. Жоғарғы оқу орындарының міндеті студенттерге алғашқы мамандық деңгейін меңгерту қажет. Яғни кәсіптік мамандық беруде: кәсіптік бағыттылықты, кәсіптік білімді, бейімділікті, іскерлік техниканы жетілдіру керек. Одан кейін ол тәжірибеде шыңдалып өзінің жоғарғы деңгейіне бірте-бірте жетуге тиіс. Өз заманында А. С. Макаренко педагогикалық кәсіптік шеберлік деңгейі қазірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген болатын[11] . Әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері -педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің ең түйінді мәселесі, өйткені педагогикалық міндеттер, педагогикалық ситуацияны ойлау, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу. Мысалы, сабақ басталды, оқушылар сабаққа отырды. Одан кейін бір оқушы кешігіп келді, - ол ситуация; мұғалім үйге берген тапсырманы тексеріп еді, екі оқушы тапсырманы орындамаған - ол ситуация; Сабақ үстінде оқушылар жазған қағазын лақтырып отырды - ол ситуация. Бұл ситуацияны бағдарлаған мұғалім өз алдына міндеттер қояды. Ол балаларды саналы әрекетке тарту, сөйтіп қатынасты педагогикалық мақсатқа жақындастыру. Сөйтіп мұғалімнің шеберлігі, проблеманы түсіну, ситуацияны анализдеу, оны дұрыс шешуден басталады. Мұғалімге мына қасиеттер өте қажет:
А) Жоғары деңгей мәнділік, сенім, түсінушілік, төзімділік, қайырымдылық, тілектілік, адамгершілік, шыншылдық.
Б) Мінезінің табандылығы және батылдығы өзіне сенушілігі, жігерлігі қайсарлығы.
В) Эмоциялық өмірінің алуан түрлі болуы (жақсы эмоциялық, оптимистік көңіл-күй )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz