Мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқуға және жазуға үйрету


Бастауыш сынып оқушыларын оқуға, жазуға үйретудің әдістері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3 I. ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ. 6
1. 1 Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық, педагогикалық негіздері . . . 6
1. 2 Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық ерекшеліктер . . . 14
1. 3 Бастауыш сыныпта оқытудың маңыздылығы. . 22
II. ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРЫН ЖАЗУҒА, ОҚУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ЖАЛПЫ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ . . . 28
2. 1 Жазуға үйретудің әдістері . . . 28
2. 2 Оқуға үйретудің әдістері. 39
2. 3 Жалпы эксперимент42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР64
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заманғы оқыту технологиялары бойынша оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық құрылым ерекшеліктігіне байланысты сабақтарды үш кезеңге ұйымдастыруға болады: оларды айтатын болсақ, мотивациялық-бағдарлау, жазу пәні тек баланы жазуға уйретумен ғана шектеліп қана қоймайды, жалпы педагогикалық - саяси тәжрибелік маңызы, мағынасы бар пән болып табылады. Айтып өтетін болсақ, К. Д. Ушинский Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектептің кәзіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашқаны барімізге белгілі. Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркем және қатесіз шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың коллиграфиясына тоқталып өтсек, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады. Бастауыш мектепте оқушыларды оқуды, жазуды үйретудің әдістемесі басқа да ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келе жатыр. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден бері адамдар арасында пікір-таласқа түсіп келеді. Американдық психолог Ф. Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайлы десе, ал басқада ғалымдар өз пікірлерін білдіріп кетті. Олардың ішінде 20-жылдары Ю. К. Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжрибе жүзінде көрсетіп өті. Тағыда айтатын болсақ оқу, жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол деуге болады. Мәселен, Германияда торкөз арқылы оқыту. [1] . ХХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейе тусті. Алайда, гигиеналық талап пен жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынған. Сол сияты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады. Сонымен қатар оқушыларға жазу кезінде қойылатын гигиеналық талаптарды орындауы оның мектепте оқыған барлық кезеңінде де сақталынып оған барлық жағдайда мұқиятпен қарауы қажет. Адамзат баласының өз ұрпағын, оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғасуда. Халқымыздың атақты даналарының бірі Міржақып Дулатұлы: өз пікірлерінің бірінде, «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Тендікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақта бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман», - деп ғылым, білім, оқудың маңызын халыққа көрсетіп өткен.
Зерттеу мақсаты : Бастауыш сынып оқушыларын оқуға, жазуға уйретү арқылы, олардың сауаттылығын арттыру және рухани жақтан кемел ұрпақ етіп өсіру.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларын оқуға, жазуға уйрету әдістерін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу пәні: Мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқуға және жазуға үйрету.
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларын оқуға үйрету әдістемесін қалыптастыру.
- Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесін қалыптастыру.
- Бастауыш сынып оқушыларына оқуға және жазуға үйретіп, оны эксперимент- тәжірибе жүзінде тексеру.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен.
Зерттеу базасы: Тәжірибелі эксперимент жұмыстар Шымкент қаласындағы «А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп- гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемеде өткізілді. Білікті мұғалімдер нагізінен оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін жан - жақты қолдану үшін түрлі педагогикалық әдіс - тәсілдерді жақсы үйреніп оларды зерттеуі қажет. Білім беру стратегиялары мектептегі барлық сыныппен, топқа бөлініп жүргізілетін жұмыстар және де жеке жұмыс және оқушылар арасында кері байланыстар жүргізіліп отырады. Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қойған жалғыз мақсаты болады. Бұл өзіне жетерлідей жоғары дәрежедегі білікті маман болу. Өз маманын жақсы меңгерген адам ғана жетістікке жетеді. Сол себепті мұғалім де өзімен жұмыс жасап жүргені дұрыс. Мұғалім алдымен сабырлы болып оқушылар мен әнгіме жүргізгені дұрыс. Себебі баланың мінезін зерттеу үшін ең алдымен сол оқушымен жеке сұхбат болуы қажет. Сыныпта қанша оқушылар болса, сонша түрлі мінез, еркелік кездеседі. Ал мұғалім сол еркеліктерді көтере білуі жөн. Мұғалімдердің мен мұғаліммін деп айтулары оңай шығар, бірақ сол мұғалімнің қызметін атқару, ол оңай тірлік емес. Себебі мұғалім жеке тұлғаны жан - жақты дамыту, оны жоғары дәрежеге жеткізу ол оңай тірлік емес екені айдан анық. Сондықтан, мұғалімдер де оқушылар мен қатар өздеріні жан - жақты дамытып, түрлі психологиялық кітаптар оқып, өзінің білімін одан ары жоғарылатып жүруі қажет. Сонда ғана мұғалім, өзінің мұғалім деген атына сай бола алады. Жеке тұлғаны дамытып оны тұлға етіп жан - жақты дамытып отыру керек болады. Сол себепті әрқашан да тек ізденісте болу керек. Оқушыларға тек сабақ беру мен шектеліп қоймай, олардың психологиясымен де жұмыс жасап отыру қажет. Қазіргі таңда сабақты жүргізудің түрлі әдістері бар, солар арқылы оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып сабаққа қатысуын жақсартуға болады. Бұл әрине тек білікті мұғалімнің қолынан келеді. Мен мұғаліммін деп барлық адам айта алады. Бірақ барлық адамда білікті мұғалім бола алмайды. Яғни мұғалімдер оқушыларға өз ой - пікірлерін еркін айта алуға, бір - бірлерін тыңдай алуға, ұжымен жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа, білімді тереңінен қабылдай алуға көмектесуі жөн. Сабақ барысында түрлі ойындар жүргізіп сабақты өткен жақсы. Психолог А. С. Выготскийдің өз пікірінде ойын жайлы былай айтып кеткен, «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екенін ұмытып қояды және де оның іс - әрекеттері де, ойлау дурежесіде ересек адамдар сияқты болады» деп өз пікірін білдіріп өткен.
Қорытынды бөлімінде диплом жұмыс бойынша жасалған тұжырымдар түйінделген.
I. ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМУНЫ
1. 1Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық, педагогикалық негіздері.
Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің жолдауында Қазақстан халқына: "Ұлттық бәсекелестікке қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп өз пікірін білдіріп. Әлемдік білім кеңестілігіне кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз", - деп айтып өткені бізге белгілі. [2] . Осы талаптарды айттық, дегенмен жүзеге асыру ең алдымен мұғалімдерге тікелей байланысты, сол себепті мүғалімдерді-мектептің алтын арқауы депте атасақ болады. Ой өрісі жоғары, зерделе, жан - жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәткеде естен шығармаған жөн. Халқымыздың дана сөздерінің бірі бүгінгі бала - ертенгі азамат деген ұғымдар босқа айтылмаған. Сондықтан жас балаларды балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеп, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру - білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады. Мұғалім негізінен жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой - өрісі кең, жан - дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болып қалыптасуы қажет болады. Ол үшін мұғалім алдымен өзімен жұмыс жасауы қажет. Негізінен педагогикалық психология терминін орыс педагогтарының бірі П. Ф. Каптерев оны (1849-1922) жылдары енгізіп кеткен. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылардың арасында түрлі мінезді оқушылар келеді, солардың арасында әрине тым ерке оқушыларда болады. Мұндай оқушылар мен жұмыс жүргізген біраз қиындық тұғызатыны белгілі, дегенмен мұғалім түрлі жағдайларға дайын болуы қажет. Шыдамы таусылған мұғалім, бәрін тастап кете алмайды, ол мұғалімдерге тән тірлік емес. Сол себепті мұғалім аса төзімді болады. Оқушылардың психологиясымен жеке жұмыс жүргізіп, олармен жеке сұхбаттар жүргізіп тұрғаны жөн. Сонда ғана оқушылардың мінездерін біле алады мұғалімдер. Сонымен қатар оларға бейімделе бастайды. Бастауыш сыныпқа келген баланы жеке тұлға ретінде дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру сынды бірқатар міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға бұл - ұстаз. Сол себепті ұстаз ең алдымен оқушылармен қалай жұмыс жасау керек екенін, оларға сабақтың тиымды жақтарын түсіндіру қажет. Баланың психологиясымен бастапқы кезден бастап жұмыс жасауы, балаға қалай сабақты үйрету керек оның сабақты қабылдау деңгейі қаншалықты жоғары, бала неге көбрек қызығады осылардың барлығын мұғалім біліп отыруы қажет.
Мұғалім ең алдымен баланың психологиясына кері әсер тигізетін еш бір жаман әрекет жасамаған жөн. Себебі бастауыш сынып оқушылары өте нәзік және де сенгіш болып келеді. Сол себепті балаға бастапқы кезден өтірік айтуға үйретпеген дұрыс. Барынша балаға сабақ үйретіп жатқанда өтірік арластырмай, сабақты дұрыс үйретіп, оқушыларды ұрыспай мұғалім оқушылар қасында үлгі тұтарлы тұлға қалпында болуы керек. Мұғалім бастауыш сыныпқа сабақ беріп жатқанда өте сабырлы және де жас балалармен қалай жұмыс жасау керек екенін білуі қажет. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар тез шаршап қалады. Сол себепті олардың мыйларын демалдыру мақсатында, сабақ барысында көптеген сергіту сәттерін жүргізіп тұрған жөн.
Әрине бастауыш сыныпта түрлі мінезді оқушылар да кездеседі, сол оқушылармен мүғалім жеке жұмыс жүргізіп, оқушының өзіне жеке тапсырмалар беріп отыруы қажет. Кейбір оқушылар сабақты тез қабылдап алады, ал кейбір оқушылар керісінше қабылдау деңгейі өте төмен келеді. Сол себепті мұғалім ең алдымен оқушылармен жұмыс жүргізу барысында олардың сабақты қабылдау деңгейлерінде анықтап, бақылап отыруы және де оны есепке алғаны дұрыс. Тағыда айтатын жайыт, тек мықты мұғалім ғана осындай жүкті алып жүре алады. Сол себепті халқымыз әрқашанда мұғалім мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған және бұдан былайда бағалайды. Ұлы Абай атамыздың дана сөздерінің бірі «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», осындай сөздерді босқа айтып өтпеген. Осындай дана сөздердің бірін чех педагогі Я. А. Коменский: «Мұғалім мәнгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» - деп мұғалімдер қауымын жоғары дәрежеде көрсетіп жоғары бедел иесі ретінде көрсетіп өткен. Мұғалімге ең алдымен өзіне сенімділік қажет және де мұғалімнің білім деңгейі өте жоғары болуы қажет. Себебі адам басқа адамды тәрбиелеуден алдын өзіні жөнге келтіруі жөн. Мұғалім баламен сойлесу барысында, сабақ түсіндіріп жатқанда қалай сөйлеу керек екенін білуі керек, баланы сабақ барысында білмей жатқаны үшін ұрысуға болмайды, керісінше балаға басқаша әдістермен сабаққа деген қызығушылығын арттырып отыруы қажет. Бастауыш сыныпқа келген оқушылар барлық нәрсеге қызығатын және де түрлі сұрақтар қоя беретін болып келеді. Осындай жағдайларда мұғалім өзін ұстай білгені дұрыс. Сол себепті мұғалім сабақты барынша жаңа әдістермен әрі қызықты өтуі керек. Бұл әрине мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты болады. [3] .
Мұғалімнің тағы бір білетіні бұл, баланың психологиясына кері әсер тигізетін еш бір жаман әрекеттер жасамай баланы анасы көзінше оған шағым айтуға болмайды. Бастауыш сыныпта оқитын оқушыларды, яғни жас балаларды аса көңілшең деуге де болады. Балаға ұнамайтын сөз айтатын болсан, бала сол жердің өзінде жылай салады. Ал бұл мұғалімнің сабақты жүргізуіне кері әсеріні тигізуі сөссіз анық. Сол себепті бастауыш сынып оқушылары мен сөйлескенде немесе сабақты түсіндіріп жатқанда, мұғалім барлық жағдайға ерекше назар аударып отыруы қажет. Дәл осындай жағымсыз жағдайға тап болған бала, мұғалімге деген көзқарасы сенімсіз болады. Керісінше бастауыш сыныпта оқитын оқушыларды аналыры көзінше мадақтап, мақтап отырғаны дұрыс. Сондағана бала менің қолымнан келді, мен біледі екенмін деп өзіне сенімді болып, сабаққа қызығушылығы артады. Білім негізі бастауышта баланың кіші жасынан, тіпті бірінші сыныпта қаланады депте айтуға болады, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жанашарлығы, отанға деген махаббаты, еңбекке деген сүйіспеншілігі, адамдарға адалдығы, мейрімділігі мен шыншылдығы, ненің дұрыс ненің бұрыс екенін білу, осы сияқты түрлі қасиеттері нақ осы кезеңнен бастап баланың бойында қалыптаса бастайды. Әрине бұл тікелей мұғалімге байланысты, балаға қалай жол сілтейді бала сол жолмен кетеді. Бастауыштан оқушылардың оқу тәртібі, сабақта өзінің ұстауын жалпы әдептілігін, мәдениеттілігін қалыптастыру, сүйіспеншіліктің терең мағынасын, оқу процесіндегі ережелерді талаптарға сай, жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарламамен, сабақ кестесі, уақыт кестесімен, оқыту үдерісінде оқудың, іс-әрекеттің уақыттың пайдалы әсер коэффициенттін жоғарлатып, сапалы білім берумен бірге, әрқашанда жас ұрпаққа жан жылуын беру ерекше маңызға ие болып келеді. Білім бастауы бастауышта деп босқа айтылмаған, сол себепті, сабақ үлгерімін алғашқы күннен ақ күн тәртібінде бірқалыпты алып бару қажет. Бастауыш сынып оқушыларына әр сабақ сайын түрлі өзгерістердің де қажеті жоқ. Себебі ол бастауыш сынып оқушысының психологиясына кері әсеріні тигізеді. «Бастауыш мектеп жасындағы оқушы» деген термин тың ұғым болғандығы себебі біз осының орнына «кіші оқушы» деген ұғымды алсақ барлығымызға түсінікті болатын сияқты. Осыған орай біз-кіші оқушылардың психикалық тұрғыдан өзіндік сипатына тоқталып түсіндіріп өтсек. Бұрын балалар оқымаған кезінде «Бастауыш мектеп жасы «Кіші жас» деген жас кезеңдер кездеспейтін болатын. Ондай сөздерді біз күнделікті өмірде қолданбайтын едік. Кіші оқушы деп аталатын баланың жастық аралығы \7-11 жасты\ айтуға болады. Бұл кезеңде жас балалар өте сенгіш болып келеді, сол себепті бастапқы фундамент қалай болса сонғы фундамент солай қаланады деп босқа айтылмаған. Осындай жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігінде ұқсас психикалық жағдайларды тұғызады. Себебі бастауыш сыныптағы балалардың жасында ойлау деңгейлеріде бір -бірлеріне ұқсас келеді. Сол себепті біз бастауыш сынып кезеңдерін түрлі кезеңдерге бөліп көрсетеміз.
Үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1-ші сыныптың бас кезінен бастап еске алғанымыз жөн. Ал алдағы \2-3\ сыныптарға келсек, бұл сыныптарға кездесетін оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай сабақты оқығанына байланысты болады. Әдетте, баланың қызығушылығын сабаққа деген ынтасын оның бастапқы кезден сабаққа қызықтырудан басталады. Қызығу деп бір затты тағыда басқа да жағдайларды бір көргеннен сырттай ұнайтынын айтады. Сабақ барысында мұғалім мынаны жаз, мынаны оқы деп сабақты жүргізетін болса оқушылардың бойында сабақтан жалығу басталады. Сол себепті сабақты мұғалім барынша қызықты әрі түсінікті жүргізу керек. Қызығу аз уақыт аралығында кездесуі мұмкін, кейін шамалы уақыттан соң сөніп кетуі де әбден мүмкін. Ал ықыласқа келсек, ол балада іштей ұмытылып іске берілүінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бір нарсеге қызығып құмартудан басталуы мүмкін. Дегенмен мұндай жағдайлар сирек кездеседі десекте болады. Сондықтан, осындай мәселелерге 1-ші сыныптан бастап мән берген дұрыс. Жалпы алғанда 2-3ші сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Әрине оның себебі, ең алдымен, бастауыш сыныпта оқитын оқушының ниеті таза, жамандық ойламайды ішіндегісі тілінің ұшында болып тұратындығында. Жас балдар сыр сақтауды білмейді, олар не ойлады сол нәрсені айта салатын болады. Сондықтанда бастауыш сынып оқушылары жамандықты ойламай тұрады. Олардың жаман қылық істегендері, оны балалық деп есептеугеде болады. Екіншіден бастауыш сыныпта оқитын оқушылар үшін сабақты түсіндіретін мұғалім деген ұғым үлкен абырой және де бедел болып есептеледі. Сондықтан мүғалімнің сөзін екі етпей дегенді орындайтын болып қалыптасады, оқушыларға солай үйретіледі. Мұғалімнің іс - әрекеті адам дамуының жас кезеңдерін тереңінен ұғынуға негізделген жағдайда ғана ол оқушыларды тәрбиелеу, балаға білім беру және оқыту міндеттерін нәтижелі орындай алады десек болады. Осы орайда ұлы педагогтың оқытудағы жас кезеңдеріне мән беріп өткендігіні айтатын болсақ, Я. А. Коменский өз пікірінде «мұғалімдер өздері қалыптастыратын қасиеттері мен сапаларын жақсы меңгеріп кәсіп иесі деңгейінде білуі керек» деп айтып өткен. Ал К. Д. Ушинский, баланы оқытпастан бұрын оны жан - жақты зерттеп білу қажет деген.
Баланың дамуының жас кезеңдерін білетін мұғалім, баланың қатынастарын, күйзелісін, қорқынышын, сезімін яғни оқушылардың жан - дүниесін көре біледі, әсресе бастауышта оқитын оқушылардың тәрбиесінде оларды оқытуда жақсы нәтижеге жетеді. Жас кезеңдік дамудың шарттары дене құрылымдары күйінің анатомиялық, педагогикалық, физиологиялық, психологиялық күш - қуаттық түрлі көрсеткіштері болады.
Бастауыш сынып оқушыларының анатомия-физиологиялық дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz