Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері


«Бастауыш сынып оқушыларының жеке белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарының ойын іс-әрекетінде дамуы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫC
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Таным және танымдық кызығушылық жайлы түсінік . . . 6
1. 2тБастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері . . . 13
2 ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫНЫҢ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДАМУЫ
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдіс - тәсілдері . . . 21
2. 2 Дүниетануды оқыту барысында танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттырудың жолдары . . . 44 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 70
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін алдын - ала болжап, оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі - 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан - жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді. Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық - психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани - адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
Соңғы жылдары оқу - тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның танымдық қызығушылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс - әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Танымдық қызығушылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс - әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында[1], Қазақстан Республикасының жалпыға білім берудің мемлекеттік міндетті стандартында[2], Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында[3], «Білім» мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі - шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс - әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал танымдық іс - әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қанатанымдық қызығушылықтан бастау алады.
Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның танымдық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады.
Педагогика ғылымында оқушылардың танымдық қызығушылығының туғызу проблемасы бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бұл проблеманы көптеген ғалымдар Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, өз еңбектерінде танымдық қызығушылық проблемасына жан - жақты талдау берілген.
Қызығушылық, қызығушылықты қалыптастыру проблемасы Қазақстандық ғалымдардың бір қатар зерттеулерінде, мәселен, Т. Сабыров, Б. Т. Нәбиеваның (сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге танымдық қызығушылығын қалыптастыру) [4], С. Жолдасбекованың (бастауыш сынып оқушыларының сәндік - қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру) [5], М. А. Оразалива, Г. Ибраеваның еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының халық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыру қарастырылады[6] .
Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау авторлардың өздерінің зерттеу обьектісіне қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, зерттеу нәтижелерінің практикада қолданылып жүргенін, сондай - ақ қарастырылып отырған бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемасының бұл еңбектерінде қарастырылмағанын дәлелдейді.
Бастауыш мектептің оқу бағдарламалары мен оқулықтарын зерттеу және оқу - тәрбие процесіне жасаған талдау барысында бұл проблемаға аса назар аударылмай отырғанын дәлелдейді.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен бұл мәселенің мектептегі қазіргі жағдайымен қоғамдық сұраныс арасында бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабағында танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттігі мен бұл салада арнайы жасалған ғылыми - әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қайшылықтар бар екені байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты « Бастауыш сынып оқушыларының жеке белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарының ойын іс-әрекетінде дамуы » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін негіздеу және технологияларын жетілдіру жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныпта оқыту процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- «таным», «танымдық қызығушылық» ұғымына берілген анықтамалар мен ой - пікірлерге талдаулар жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау;
- дүниетану сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемелік жолдарын көрсету.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу проблемасы бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен танысу, талдау, бақылау;
- озат тәжірибені жинақтау, талдау.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: диплом жұмысының материалдарын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша дайындалатын жоғары оқу орнының оқыту процесінде және жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптар мұғалімдері өз тәжірибесінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Таным және танымдық кызығушылық жайлы түсінік
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру туралы мәселе, тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады. Ал Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық қызығушылығы айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы пікір ұлы чех педагогы Я. А. Коменский, К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде, балалардың қызығушылықпен ойлануын жандандыратын оқыту әдістемесі айтарлықтай [7] .
Қазіргі педагогикада оқыту адамның танымдық іс-әрекеті түрінде сипатталады. Оқушы әрбір сабақта, кез-келген сыныпта адамзаттың қоғамдық тәжірибесін зерттейді, қоршаған әлемді таниды. Оқушылар берік және ықпалды білімді ұжымдық қоғамдық пайдалы іс - әрекетте өз қабілеттерін қалыптастыру мен қатар алады. Сонымен таным шындықты танудың мүмкіндігі, мақсаттары, жолдары және құралдары жөніндегі философиялық ілім. Таным теориясы таным деген не оның негізгі түрлері қандай, білмеуден білуге, үстірт білімнен терең білімге көшудің заңдылықтары қандай, мұның белгілері не, бұған қандай жолдармен және әдістер мен қол жетеді және тағы басқа сұрақтарға жауап береді.
Философия тұрғысынан танымға мынандай анықтама берілген: «Таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі процесі.
Оқушылардың танымдық әрекетінің жүйелі түрде қалыптасуының психологиялық негіздеріне сәйкес оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың жолдары айқындалады.
Оқыту қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны қоғам өмірінің дамуына байланысты өзгеріп отырады. Оқыту тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жастарға біліммен қатар, белгілі бағытта тәрбие де беріледі. Білім беру ісін өмірімен, еңбекпен ойдағыдай байланыстыруды керек етеді. Оқыту - таным процесі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай ұмтылады.
Мотивтер деп - белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады. Оқушының мотивтері оның қажеттері мен қызығуларына байланысты болады. Бала жақсы оқу үшін - білімнің өмірде керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет. Мотивтер баланың оқуға деген жағымды сезімдері мен эмоцияларын тудырады. Мысалы, оқушының жақсы оқуы мұғалімді жақсы көруіне немесе сабақты қызғылықты жүргізуіне байланысты болуы мүмкін. Осыған орай, оқыту процесінде оқушылардың білімге деген қызығуларын қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады[8] .
Г. Ибраеваның өз еңбектерінде [9] педагогика ғылымының докторы, профессор оқушылардың білімге деген қызығуларын үш топқа бөліп қарастырады. Олар:
- Қызығудың анық емес түрі;
- Кең тарапты қызығу;
- Негізгі тұрақты қызығу.
Сонымен оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен балада білімге деген қызығушылықты туғызуға байланысты. Оның өзі оқуға талаптанбаса, күшпен зорлап оқытуға болмайды. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін қойып және анықтап беру қажет.
Қызығуды туғызатын амалдар көп. Атап айтсақ:
- Оқу материалының мазмұны оның практика үшін пайдасы;
- Оқуды ұйымдастыру процесінің ерекшеліктері. Мысалы, оқытудың проблемалық сипаты, оқудың шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауы;
- Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым - қатынастар. Оқушылардың мектепке бейімделу танымдық қызығушылуғына байланысты екенін көрсетеді. Танымдық іс - әрекетін қалыптастыра отырып, бейімделуін қадағалау сол жаңа ортаға ыңғайланып, икемделуі - баланың жаңа міндетін түсінуі оның жаңа жағдайларға әлеуметтік психологиялық бейімделу кезеңін құрайды. Танымдық іс-әрекет төменгі сынып оқушыларының мектепке бейімделу механизмдерін көрсетеді. Мектепке бейімделу екі бағытта байқалады.
Объективті және субъективті. Объективтілігі субъективтінің іс-әрекетінің және мінез - құлқындағы ағаттықты көрсетпейді.
Субъективтілігі жеке адамның құрылымынан: өзін-өзі бағалау, мотивация өзіне және басқаға деген қарым - қатынас және танымдық іс - әрекетінің қалыптасуы. Адам танымы байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін ол заңдарды теория практикада қолдануға қарай жүріп отырады.
Оқыту деп - оқушының ойлау әрекетін басқару деп анықтама берген. Сонымен оқушының танымдық әрекеттері ішінде ойлау мен ғана шектелмейді. Оқыту баладан ойлау әрекетімен қатар, басқа да психикалық процестерді: сезімдері мен эмоцияларын, мотивтері мен қызығуларын, жігері мен қабілеттерін тағы басқа жеке басты қасиеттерін керек етеді. Л. В. Занков: «оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуді қажет», - деп айтады[10] . Мысалы, үздік оқитын бала мен үлгермейтін баланы оқу әрекетінде елеулі психологиялық айырмашылық бар. Үздік оқитын балалар оқу міндеттерін шешуге белсене кірісіп, қалайда мақсатқа жетуді көздейді.
Оқуға үлгермейтіндердің бәріне тән ортақ қасиеттер де бар. Олар өздігінен оқу әрекетін және жалпы психикалық процестерін (зейін, есте қалдыру, ойлау т. б) дұрыс ұйымдастыра және басқара алмайды.
Л. С. Выготскийдің мынадай сөздерінде: «Жақсы оқыту деп - ол бала дамуын ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Мектеп кезеңдері ішіндегі ең негізгі кезең болып саналатын бастауыш кезеңі оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына ең тиімді де, қолайлы кезең бола отырып, осы кезеңде олардың танымдық іс - әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасатын және елестету, армандау мен ойлау амалдары талдау сияқты көзқарастары жоғары дәрежеде дамуына жағдай жасалуы қажет. Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі - өзіндік жұмыс және өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр», - дейді [11] .
Оқушылардың мектепке бейімделуінің нәтижелік деңгейінің ерекшеліктерінен, жүйелі білімін оның танымдық іс-әрекетінің психологиялық құрылымы анықталады. Осының негізінде, төменгі сынып оқушыларының оқу барысында танымдық іс-әрекетінің қалыптасуы арқылы субъектіленуін көрсетеміз.
Мектепке бейімделу процесінің даму барысында танымдық іс-әрекет құрылымы оның қалыптасу деңгейіне байланысты өзінің ұйытқылық немесе кедергілік қызметін көрсетеді. Оқушылардың дербестігін және белсенділігінің өсуін анықтап, танымдық іс-әрекет жүйесін қалыптастырушы бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің психологиялық құрылымының анықтауы мен мектепке бейімделуінің көріну деңгейінің тығыз байланысы бар.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі бағдарлама мен оқулықтар мұғалімдергі оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстары кеңінен ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді. Мұғалімдердің әр сабақта балаларға өздігінен жұмыс істетіп, олардың интеллектуалдық белсенділігін, еңбексүйгіштігін және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтіндей жұмыс жүргізуіне мүмкіндігі бар. Оқушылардың танымдық әрекеттерін қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде актуалды проблемалардың бірі болып отыр. Оқушылардың негізгі әрекеттерінің түрі оқу болғандықтан бұл заңды мектеп алдында тұрған жасөспірім ұрпақты өмірдің сан - саласында еңбек етуге әзірлеу, ғылыми - техникалық прогреске белсене қатысу сияқты негізгі міндеттер осы процесс барында шешілмек. Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті жан -жақты болуды талап етеді. Бұл білім беру процесін жетілдірмейтін, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын жеке адамды тәрбиелеу мүмкін емес.
Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды. Танымдық іс-әрекетте коллективтік және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Коллективтік сыныптан тыс танымдық іс - әрекетте балалар коллективі мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады.
Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады. Бастауыш сынып жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығу шашыраңқы болады. Мысалы 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы және құбылыстар мен алғашқы танысуға байланысты болса 8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға деген қызығуды шашыраңқы болады. Мысалы 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса 8-10 жастағылардан сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға деген қызығуды көруге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың сапасында шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан үлкендерге иек артады. Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В. С. Сухомлинский айтқан сөздерінен: «әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әр-қайсысы өзінше ақылды да дарынды» деген екен[12] .
С. Д. Смирнов танымдық іс-әрекетті қарастыра келе: «Танымның қандай болмасын нақты актілері танымдық іс-әркекет барысында басталады, мысалы дүние туралы негізгі көзқарас, оны бейнелеуден кейін, тиянақтау, толықтыру, түзетуден тұрады», дейді[13] .
Ал бастауыш мектептегі ойлау іс-әрекеті оқыту процесіндегі бірнеше зерттеу мақсатын қояды. Оны мынандай негізгі түрге бөліп қарастырамыз:
- Танымдық іс-әрекет мінездемесі бойынша - естіп қабылдау, есте сақтау және ойлау іс-әрекетін саластыру, талдап қорыту;
- Ішкі және сыртқы деңгейлік бойынша меңгеру;
- Ақыл-ой және практикалық қарым-қатынасқа байланысты;
- Функцияналдық ерекшеліктеріне байланысты жоспарлануы, орындылуы, бақылауы және бағалауы.
Мақсатқа байланысты - алға қойылған мәселе оны шешу жолдарын іздестіреді. Мектептегі баланың интеллектуалды құрылымында негізгі орынды оқыту алады, олай дейтініміз оқытуды қабылдау, ойлау және есте сақтау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы деңгейлері құрылады. Мектептегі оқыту процесінің дамытушы тиімділігі оның мазмұнымен, қолданған әдістерімен тығыз байланысты. Халқымыздың ұлы ақыны Абайдың қара сөздеріндегі даналық ойлары әрқашан еске оралады. Әсіресе, оның «адамның баласы өмірге келгеннен кейін ішсем, жесем, көрсем, білсем, үйренсем екен деп армандайды деген қағидасына жас жеткіншектерге жете түсіндіру абзал.
Осы мақсатта, алдымен баланың танымын дамытып, тәрбиелей білуіміз шарт. Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде түсінуді құптаймын. Сабақта берілетін білім мазмұнымен жан - жақты ашу үшін оқуға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдарын іздестіруі қажет.
Ол оқушының сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз етеді. Сонымен, оқу деп - мектеп жасындағы балалардың негізгі шешім әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі - шәкірттердің таным қабілетін дамыту. Дамытып оқыту бұл оқушылардың таным іс - әрекеттерінің барынша дамыту, яғни олардың ой - өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Таным қабілетінің дамуы бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс - әрекеті.
Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтардың рөлі.
Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білім дарлығы оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.
Оқу оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары танымдық іс - әрекетінің кезеңдері кіреді:
- таным міндеттерін жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу; оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Енді оқыту процесінің звеноларына тоқтала кетсек. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке - жеке дайындалады.
Абайдың қара сөзінің де қызығушылықты қалыптастырудағы ғибраты зор. Ол: «ғылым - білімді әуел бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлық, яки алдау мен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша» деген екен. Ғұлама ойшыл адамның адамдығы (тәрбиелілігі), ақылы мен ғылымы (алған білімі) туа біткен денсаулығына, психологиялық жан дүниесінің дұрыстығына тәуелді дегенді айтады және оқуға баулудың педагогикалық жолын ұсынады.
Абайдың «зорлық» пен «алдау» деген сөздерін тікелей түсінудің қажеті жоқ, олар балаларды оқу - білімге ынталандырудың, қызықтырудың тәсілдерін меңзейді. Ақын « . . . бала ғылым - білімді махабатпен көксейтін болса, сонда ғана аты адам болады», - деген ой тұжырымдайды[14] .
Ы. Алтынсариннің айтуы бойынша: «Балалардың өнер - білімге деген талабы мен қызығушылығын оятып, тәрбиелеген жағдайда ғана олар жеміс бере алады» деген пікірді ұстағанұлы ағартушы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz