БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени -ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат.
Қазақстан Республикасың президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», [1] - деп көрсетті.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін - өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Білім және ғылым минстрлігі « Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы » жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынылды [2] .
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде, Н. Ә. Назарбаев «Шешімін күткен мәселелердің қордаланып қалғаны да осы жер…орта және жоғары білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек » [3] деп атап көрсеткен еді.
Білім беру жүйесіне енгізілетін түбегейлі жаңалық - ол 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшумен бірге, орта білім берудің III сатысында, яғни 11-12 сыныптарда бейіндік оқыту мен техникалық және кәсіптік білім беру.
Осы екі бағыттың қайсысында оқығанымен, оқушыларға 12 жылдық оқу бағдарламасы деңгейінде білім беріледі және жобада көрсетілгендей « орта білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен - Бірыңғай ұлттық тестілеумен аяқталады.
Орта білім алу міндеттілігі, яғни 12 жылдық білім беру бағдарламасына сәйкес білім алу міндеттілігі еліміздің Конституциясының 30- бабына сәйкес
келеді. [4]
Бүгінгі таңда Қазақстанға дамыған шет елдердің орта білім беру жүйесінің моделі неғұрлым тиімді болады деп ойлаймыз. Қазақстанда міндетті орта білім екі сатымен (бастауыш және орта - 10 сынып) шектелуі тиіс, ал 11 және 12 сыныптар жоғары оқу орындарында іргелі білім алуға негіз болатын арнайы пәндерден дәріс беретін жоғары орта білім сатысына айналғаны жөн деп есептейміз.
Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.
2004 жылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға негізделген 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты жарық көрді [5] . 12 жылдық білім берудің ең негізі бастауыш буыннан басталады. 12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтың және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылуы тиіс.
Зерттеу мақсаты - б астауыш мектепте тілді оқыту барысында оқушылардың сөйдеу тілін дамытуда, сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету;
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту, сөзік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырудағы теориялық білімдер мен педагогикалық еңбектерге тоқталып, шолу жасау.
2. 2-сыныптың ана тілі сабағында оқушылардың сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың, сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдарын құру.
3. Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөйлеу тілін дамытудағы маңызын ашып, ұсынылған бағыттарды практикалық қолдана білу.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқыту үрдісі.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: диплом жұмысын орындау барысында жинақталған теориялық материалдар, оқушылардың сөйлеу әрекетін терең түсіну мақсатында білім беру жүйесінде қолдануға ықпал етеді.
Зерттеу әдістері: теориялық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету. Теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер - бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №77 А. Асқаров атындағы мектеп-лицей
Зерттеу жұмысының құрылымы : кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Сөйлеу әрекеті, оның түрлері
Сөйлеу дегеніміз - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері - көпшілікке ортақ объектвті категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т. б. ) сай түрліше құрылады. Сөйлеудің осы жақтары - кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А. С. Макаренко бұл жөнінде «балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек» [6] деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық ететрі т. б. ) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.
Сөйлеу - пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мағыналығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: «Ақылды көркі - тіл, тілдің көркі - сөз» деп тауып айтқан. [7]
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның. Әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс) болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.
Сөйлеу әрекеті - ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.
Психологияның жеке пәндерді оқушыларға нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше, мәселен, психология арқылы грамматикалық ережелерді меңгеруде оқушылардың жан-күйі, сана сезіміне қарай күнделікті тәжірибеде жүзеге асырылуы қадағаланып, ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді.
Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің көңіл-күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады. Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына тілді оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Казіргі уақыттағы педагог-психологтардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.
ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.
б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1. сөздікпен жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
Сөйлеу дегеніміз - тіл арқылы ойдың басқа біреуге жеткізілуі, ал сөйлем - ең басты тілдік единициалардың бірі, толық коммуникативтік қызметі бар синтаксистік единица деп жазады тілші-ғалым К. Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты кітабында.
М. Жұмабаев: Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа шығара аламыз деп жазады [8] . Сөйлеу қалай пайда болады? - деген сауалға тоқталатын болсақ, жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп өзара ұғысады. Сөйлеу дегеніміз -тілдік материалдар арқылы жүзеге асу, тілдік заң ережелеріне, тілдік нормаға бағыну. Сөйлеу - әрекет, сөйлеу - тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөлеу - тілдің жаны, тіршілігі. Шебер сөйлеу де өнер. Сөйлеу білмегендер: күлдірем деп күйдіреді; білдірем деп бүлдіреді; жұбатам деп жылатаду; қуантам деп қуартады.
Сөйлеу тілінің дамуы - өте күрделі процесс. Ол оқушының психикалық дамуына, әсіресе ақы-ой дамуына тікелей байланысты.
Сөйлеу дегеніміз - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенед. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері - көпшілікке ортақ объектвті категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т. б. ) сай түрліше құрылады. Сөйлеудің осы жақтары - кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А. С. Макаренко бұл жөнінде «балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек» деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық ететрі т. б. ) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.
Сөйлеу - пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мағыналығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: «Ақылды көркі - тіл, тілдің көркі - сөз» деп тауып айтқан.
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның. Әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс) болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.
Сөйлеу әрекеті - ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.
Сөйлеу қабілетті - мидың анатомиялық функциясы байланысты болып келетіндігін мына мысалдан-ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құблысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады.
Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі. Оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бір түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісуі т. б. - афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады. Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам псикасының дамуында түрлі кезеңдерде көрінеді. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.
Психологияның жеке пәндерді оқушыларға нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше, мәселен, психология арқылы грамматикалық ережелерді меңгеруде оқушылардың жан-күйі, сана сезіміне қарай күнделікті практикада жүзеге асырылуы қадағаланып, ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді.
Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады. Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Оқу тәрбие ісінде ең қажетті мәселелер мұғалымның психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерін меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті ескеріледі. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өзінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі тиіс. Бала психологиясын сезіне білу жалпы педагогикалық бірліктілікке жатады. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктеріді ажырата білу мүмкін емес. Баланың жасына, жеке басының ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай білу дегеніміз оның жүрек сезіміне жол табу, оқуына, тәрбиесіне ықпал жасай алатын жұмыстың әдістері мен амалдарын белгілеу деген сөз.
Я. А. Коменский бала психикасын үшкен бөледі:
1. Зерек бала
2. Ынжық бала
3. Тік мінез бала
Енді осыны алты кырынан көрсетеді
1. білімге бейім, зерек бала.
2. Ынталы, бірақ шабан, момын балалар.
Оларды қамшыламаса, үнемі бақыламаса, өздігінен тыңдауы төмен.
3. Алғыр, тік мінез, өжет бала. Олар не көп пайда немесе зиян келтіреді.
4. Тапсырмалы орындағаш, білгісі келетін, білуге тырысатын, бірақ өте жай балалар. Оларды үнемі мадақтап, қолдау керек.
5. Қабілеті төмен, ешнәрсе қызықтырмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz