Дене шынықтырудың басты бөлігі спорт
Оқушыларды шынықтырудың физиологиясы мен гигиенасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР
1.1 Денсаулықтың анықтамалары және оның көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ..6
1.2Мектеп жасындағы оқушылар денсаулығы және оған әсер ететін жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН ГИГИЕНАСЫ
2.1Оқушыларды шынықтыру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2Дене шынықтыру жаттығуларын қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаев Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының табысты өмір сүруі атты жолдауында халқымыздың салауатты, дұрыс өмір сүруі олардың таза табиғи қоршаған ортада қалыптастыру қажеттілігі айтылған.
Салауатты өмір негізі - бұл адамның денсаулықты сақтап және оны нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекеті болып табылады. Салауатты өмір сүруді салауаттану ғылымы зерттейді. Жалпы, адамның өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды, ол белгілі бір салауатты өмір сүру дағдыларын ұстанғанда жүзеге асып отырады.Қазіргі таңда деректерге сүйенсек адам ағзасы 53-55 пайыз салауатты өмір сүруге мұқтаж болады екен. Осыдан-ақ салауатты өмір сүрудің маңызыдылығын байқауға болады. Салауатты өмір сүру - бұл ешқандай ауруға душар болмай, денсаулықтың алдын алу жолы болып табылады. [1]
Білім беру үдерісінде ойын негізгі оқыту құралы ретінде де қолданылады. Сол арқылы мұғалім оқушылардың жалпы мінез құлқын, қызығушылығын, шығармашылығын танып біліп, соған орай жұмыстар ұйымдастырады.Сонымен бірге оқушыларға білім, тәрбие берумен қатар оларға ойын ойнатып, жаттықтыру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыра аламыз.Ұдайы айтылған шараларды, жаттығуларды жасатып, білім беру үдерісіне қосып отырсақ, оқушылардың денсаулығы дұрыс жақсы қалыптасады.Денсаулықты нығайтуда дене шынықтыру сабағы ерекше орын алады. Негізгі жаттығуларға жүгіру, секіру, таңғы жаттығулар, серіппе лақтыру, күресу, еңбектеу тағы басқаларын жатқызуға болады. Күнделікті таңғы жаттығуларды орындатып, сабақты бастау оқушылардың күні бойы сергек болып жүруіне, оқу жүктемесін нәтижелі жақсы орындауына септігін тигізеді.М.И.Калинин айтуы бойынша дене шынықтыру пәні тіл ғылымдары мен математикадан кейінгі негізгі пәндердің бірі болып табылады. Жалпы дене тәрбиесі жұмысы оқушының ұйымшылдығын, шығарымпаздығын, өздігінен атқаруын және алдыңғы қатарда болуын қажет етеді. Сондықтан оқушылардың бойында ұйымдастырушылық дағдысының дамуына, екпінді және тапқыр болуына әсер тигізеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Қазақстан-2030 жолдауына сәйкес біздің елде әрбір азаматтың денсаулығы маңызды екенін және де салауатты өмір сүруге жағдай жасалғанын жариялады. Елбасымыздың осы игілікті ісінің айғағы - мектептердегі барлық оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықты нығайту мақсатында салауаттылыққа арналған жұмыстарының басталуы.[2]
Жалпы оқу тәрбие процесінде оқушылар мен студент жастардың денсаулықт сақтауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері (Ж. Ембергенова, Б.Қ.Мұхаммеджанов, Қ.М.Рахымғали, Ю.В.Салов, Г.Ж.Нұрышиева, Б.Қ.Игенбаева және т.б)
Валеология ғылымының теориялық және әдіснамалық мәселелері ( А.С.Иманғалиев, А.Ақанов, Ж.Ж.Нұржанова және т.б)
Білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу.(Х.К.Сатпаева, А.С.Әділханов, Л.З.Тель, Е.Д.Дәленов, А.А.Ақанов, Қ.Ә.Жаңабердиева, З.Г.Брусенко, С.Р.Рахметова және т.б)
Қарастырылған іс-шаралар қазіргі таңда оқушыларды өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мәселелерінің зерттелгенін айқындайды. Төменгі сынып оқушыларының денсаулықтарын ұдайы анықтап, әрбір оқушының денсаулығын жақсартуға, денсаулығын сақтауға үйретудің қажеттілігін және теориялық тұрғыда зерттелуін ғылыми тұрғыда әдістемелік жағынан жоғарғы деңгейде қамтамассыз етілмегендігі арасында түсініспеушіліктер орын алуы байқалады.Айтылған мәселелер зерттеуіміздің өзектілігін айқындап, Оқушыларды шынықтырудың физиологиясы мен гигиенасы тақырыбын алуға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушылар ағзасын шынықтыру мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарымен танысу.
Зерттеудің міндеттері:Салауатты өмір салты, Физикалық денсаулық, Гигиена, Валеология ұғымдарының мәнін нақтылау;
-Оқушылардың денсаулығын сақтау дағдыларын дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
- Оқушылар ағзасын шынықтыру мен нығайтудың жолдарын анықтау;
- Салауатты өмір сүру әдіс тәсілдрінің қағидалары.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныпта дене шынықтыруды оқыту процесі.
Зepттey пәні - пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларды спортпен шұғылдандыру, денсаулықтарын сақтау, оқушылардың білім деңгейін арттыру үшін салауатты өмір салтының негіздерін қолдану. Зерттеу әдістері: дидактикалық және шығармашылық материалдар, ғылыми теориялық әдістемелік әдебиеттерді қолдану, педагогикалық - психологиялық тәжірибелерді жинау,салыстырып анилиздеу және синтездеу. Зерттеудің практикалық құндылығы: бастауыш сынып оқушыларына білім берумен тәрбиелеу процесінде, студенттердің оқу іс тәжірибесінде, практика және зерттханалық дәрістерінде қолдануға болады. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын сақтай отырып, шынықтыру арқылы білімге деген құштарлықты арттыру. Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.Кіpіcпeдe зepттey жұмыcының өзeктілігі, зepттeyдің мaқcaты, зepттeyдің міндeті, зepттeyдің ныcaны, пәні, зepттey әдіcтepі жәнe зepттeyдің пpaктикaлық құндылығы жөніндe жaзылғaн.Қopытынды бөліміндe диплoмдық жұмыc бoйыншa жacaлғaн тұжыpымдap түйіндeлгeн.
1 АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР
Денсаулықтың анықтамалары және оның көрсеткіштері.
Адам денсаулығы ең алдымен өмірдің сара жолына тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлттық дәстүрлер мен тұлғаның бейімділіктері бойынша анықталады.Денсаулыққа берілген анықтамалар өте көп. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене кемтарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толыққанды күй.Денсаулықты сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған. Бағдарлама жоспарлары жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын іс жүзінде жүзеге асыруда мектептің атқаратын рөлі өте үлкен. Сол себепті 1994 жылы Денсаулықты нығайту мектептерінің негізін салып, жобасын жасады. Бұл мектептің жұмысы санитарлық-ағарту бағдарламалары және орта мектептің тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек. Алғаш рет жасалған жоба Венгрия, Чехия, Словакия және Польшада сынақтан өтті. Одан соң Еуропалық комиссия, Еуропалық аймақтық бюросының халықаралық келісімі бойынша аталған жобаны дамыту бекітілді және Денсаулықты нығайту мектептерінің еуропалық торабына мүше болуға жол ашылды. Денсаулықты нығайту мектебі бағдарламасы жобасын 1999-2000 оқу жылынан бастап сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіле бастады. Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты - денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру. Шешетін мәселелер:біріншіден, денсаулық бағдарламасы мәселелерін шешуге кірісу; екіншіден,мектептегі сынып бөлмелерін дұрыс бөлу, таза ұстау, оқушының бос уақытын өткізуге арналған алаңдарды жөндеу, қауіпсіздік шараларын қамтамассыз ету және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру арқылы оқыту кезеңінде қоршаған орта саулығын сақтау; үшіншіден, салауатты өмір салтын сүруге оқушылар мен қызметкерлеріне нақтылы жағдай және мүмкіндіктер жасау; төртіншіден, оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің және оқушылардың өз арасында, сондай-ақ олардың үйімен, қоғамдастықтарымен арақатынасын нығайту; Осы секілді іс-өрекеттер оқушылардың денсаулықтарын арттырып, еңбек белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен күнге нашарлап, сырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық - тұқым қуалаушы аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне көңіл бөлмейтіндіктері себеп. Міне, осындай түсінбеушілікті жою сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайда өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге валеология денсаулықты қалай сақтауға болады бағдарламасы енгізілді. Ал бұл жұмыстың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның арқасында оқушылардың денсаулық топтары анықталады, оқу үрдісінде әр балаға көңіл бөлу керектігі ескертілді және де жас жеткеншек қыз балаларда микроэлементтер, әсіресе Р.Р витаминінің жетіспеушілігі анықталады. Бүгінгі оқушы - ертеңгі болашағамыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шындап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын. Әдетте адам денсаулығы жөнінде сөз қозғағанда, ол адам организмінің жай-күйін бақылап, оның саулығын сақтауды және оны нығайтуына жағдай жасайтын, ауруды сауықтыратын, ауру түрлерінің алдын алуды өз міндеті ретінде дәрігерлердің зерттеу нысаны деген түсінік туады. Бірақ валеология ғылымы салауаттануды адам денсаулығы және салауатты өмір жөніндегі ғылым деп көрсете отырып, бұл медициналық емес, педагогикалық ғылым деп тұжырымдады. Ғалымдар өз зерттеулерінде салауаттануды салауатты өмір сүру салтына деген профилактикалық сананы қалыптастыруға, әрбір тұлғаның денсаулығын және оның құндылықты көзқарасын дамытатын, тұрақты мінез құлқын қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институт - отбасының беделін қалпына келтіруге жетелейтін педагигикалық гуманистік білімнің маңызды бөлшектерінің бірі тұрғысынан қарастырады. В.п.Петленко салауаттануды адамның денсаулығын нығайтудағы өзіндік күш жігері мен жеке даралығының дамуына мүмкіндік жасайтын ғылым деп есептеді. Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін синтездеп, денсаулыққа тіке жол салуы керек деген тұжырым айтады. Салауаттану ғылымы қазіргі уақытта қарқынды дамуда, оның айғағы адамдардың дұрыс өмір сүру салтына көшіп спортпен шұғылдануы дәлел. Сол арқылы адамдар денсаулықтарын түзеп, ұзақ әрі мықты өмір сүруге бейімделуде. Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардың барынша өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды. Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда, денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта жағдайлары мен ішкі факторларға бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулық - ауруларға қарама-қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталады: біріншісі - бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі - сол мақсатқа организмнің табиғи қорғаныс күштерін жұмылдыру арқылы жету. Қазақстан - 2050 атты еліміздің даму бағытын көрсеткен бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мәселесін мемлекеттік маңызы бар мәселелермен тең дәрежде екендігі айқын көрсетілген .Өмір сүру салтымен денсаулық сақтау арасындағы байланыс салауатты өмір салты деген ұғымды қалыптастырады. Оқушылар ағзасын шынықтыру - адамды қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан, ауа райының жайсыз әсерлерінен қорғайды, организмнің қорғаныс қабілетін едәуір жақсартады. Ол үшін ұдайы ұтымды жүйелі жаттығулар жасаумен қатар, организмді төзімділікке шынықтыру қажет. Шынықтыруды көпшілік тек, аурудың алдын алудың амалы деп түсінеді. Ал, негізінде ол организмнің қорғаныс қасиетін жақсартатын және сан алуан климаттық барлық жағдайларда жұмысқа деген қабілетіне нұқсан келтірмейтін шамалар. Шынығудың негізгі ережелері: біртіндеулік (единство), жүйелілік (системность), адамның шынығу үрдісіндегі жекелей ерекшеліктерінің есебі. Шынығу үшін біз күн сәулесін, ауаны, суды пайдаланымыз. Адам организміне негізінен күн сәулесі ерекше әсер ететіні жақсы мәлім. Дене шынықтыру - адамның жан-жақты дамуына зор үлес қосады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның (ДДҰ-ның) мәліметі бойынша, ғылыми-техникалық прогресс интеллектуалды еңбектің үлес салмағын зор өсіріп жіберді. Сондықтан дене еңбегінен қол үзген мамандық иелері арасында жүйке аурулары 24 есе, жүрек ауруларынан болатын өлім ер адамдар ортасында 30 пайызға артқан. Сол себептен бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі - көпшілік арасында салауатты өмір салтын ұстану үшін дене шынықтыру және спортқа шақыру сияқты істерді тарату, халықтың денсаулығын жақсарту. Осы мәселелерді алға мақсат етіп қойған мемлекеттерде бұл іс ерекше мәнге ие және көпшіліктің сұранысына ие. Ол үшін спорт кешендері, түрлі спорттық стадиондар, саяхаттаушылар базалары, денсаулықты нығайтатын түрлі спорт кешендері салынуда. Дене шынықтыру бұлшықетті нығайтады, буындардың созылғыштығы мен сіңірлердің мықтылығын сақтайды. Дене шынықтырумен айналысқан адамның бойында қан айналымы жақсарып, жүректің еттері жақсарып, өкпенің тыныс алу көлемі артады, жүйке жүйесі тыныштанып, ас қорыту дұрысталып, организмдегі зат алмасу процесі реттеледі. Дене шынықтыру мен, спортпен айналысқан адамның ауруларға қарсыласу күші артып, тұмау және де тағы басқа салқын тиюден болатын аурулармен сирек ауырады. Спорт адамды семіруден сақтап, жалпы тұлғаны да сымбаттай түсіп, сергек болуға жағдай жасайды. Әрдайым таза жерде жүріп, дене қимылымен, спортпен ұдайы айналысу ғұмырымызды да ұзарта түсіп, 100 емес, 150 жас өмір сүруге мүмкіншілік береді. Дене шынықтырудың денсаулыққа пайдалы екенін француздың атақты ғалым-бактериологы Луи Пастердің өмірінен байқауға болады. Оның 46 жасында миына қан құйылып, аяқ-қолы тартылып сал болып қалады. Төсек тартып жатып қалған соң, ол бұл аурудың не себептен пайда болғанын іздестіре бастайды. Ақырында ол: бұл дерт маған дене шынықтырумен айналыспағандықтан, тек қана ой еңбегімен айналысқандықтан жабысқан екен деген қорытындыға келеді. Содан кейін ол күн сайын үнемі дене шынықтырумен, спортпен айналысып, тағы да 30 жыл өмір сүрген екен. Сол өмірімнің соңғы 30 жылы ішінде ол ғылымда көптеген жаңалықтар ашып, есімі тарихта қалған екен. [1] Ал атақты физиолог И.П.Павлов: Дене еңбегімен шұғылданғанда алатын рақатты, үнемі атқарған қызметім сол болса да, ой еңбегімен салыстыра алмаймын деп ағынан жарыла жазыпты.Дене шынықтыру пәні мектепке дейінгі ұйымдардан бастап мектептермен жоғарғы оқу орындарына да оқу бағдарламасы енгізілген. Жалқаулыққа бой бермей, ерінуге салынбай өз бетімен таңертеңгі гимнастика жасап, жүгіріп, денелерін шынықтырып жүрген ересектер мен егде тартқан азаматтарды көргенде жаның жадырай түседі. Өмірдің маңызын, қадірін білгендер деп оларды үлкен құрметпен атауға болады. Гимнастикалық жаттығулардың адам организмге аса қажет екеніне бұл күнде ешкім де күмән келтірмейді. Олар, ең алдымен, жүйке жүйесіне пайдалы әсерін тигізеді. Ол жүйенің басқа органдардың қызметіне бағыт беруіне көмектеседі. Гимнастикалық жаттығулардан адамның көңіл-күйі көтеріліп, жақсарып денесі ширығады. Гимнастикалық жаттығулар бұлшық еттердің қызметін жақсартып, ағзамызға қоректік заттардың келуін жақсартады. Денешынықтырумен айналысатын адамдардың шындалып, бұлшық еттері өсетіні осыдан. Дене шынықтыру жаттығулары адам организмінде зат алмасу процесін жақсартады, қан тамырларының нығаюына көмектеседі, өкпенің сыйымдылығын арттырады, сөйтіп ауа алмасуын жақсартып, қанның оттегімен мол қанығуын қамтамассыз етеді.Гимнастикалық жаттығулар аяқ-қолдың және буындардың қызметін реттеп, сіңірлерді созылғыш етеді әрі жұмсартып қызметін жақсартады. Олар ішек-қарынға, жалпы ас қорыту жүйесіне пайдалы әсерін тигізеді, басқа да түрлі ауруларға қарсы тұру күшін көбейтіп, бүкіл организмді шынықтарды.Таңертеңгілік дене жаттығуларды көктем, жаз айларында сыртта, далада (аулада немесе саябақ ішінде), ал салқын кезде (күз, қыс айларында) терезенің желдеткіші ашық бөлме ішінде жасау керек. Таңертеңгілік жаттығулардың көптеген тәсілдері, комплекстері бар. Мына төмендегі гигиеналық гимнастикааны әркім-ақ өз бетімен жасай алады: 1.Қолдарыңызды жоғары көтеріп, екі жаққа созыңыз. 2.Кеудеңізді екі жаққа кезек бұрыңыз. 3.Қолыңызды алға созып, бірнеше рет отырып тұрыңыз. 4.Еңкейіп қайта тұрыңыз. 5.Қолыңызбен екі бүйіріңізді тіреп, секіріңіз. Осы көрсетілген жаттығуларды бірнеше рет (кем дегенде 5-7 рет) қайталау керек. Мезгіл-мезгіл (апта сайын) таңертең жасалатын гимнастикалық жаттығулардың түрін өзгертіп тұрған жөн. Кез келген адам өзінің денсаулығына, жасына, жынысына, мүмкіндігіне қарай жаттығулардың түрін таңдап алғаны дұрыс. Ол үшін алдын ала дәрігермен ақылдасып алғаны жөн. Алғашқыда гимнастикалық жаттығулардың қарапайым түрлерінен бастаған жөн, содан кейін оларды бірте-бірте күрделендіріп отыру қажет. Гимнастикадан кейін салқындау (28-30 градустық судан бастап, бірте-бірте температураны төмендете беру керек) суға жуынып, дымқыл сүлгімен сүртінген дұрыс. Мүмкіндік болса су бассейніне түсіп, біраз малып жүзіп алған да артық етпейді. Ауамен шынығу да аса пайдалы әдіс. Шынығуды 18-20 градустық температурада бастап, оны күн сайын жайлап төмендеткен жөн. Міне, сөйтіп мұның бәрі организмді шынықтырып, жүйке жүйесін қалыпқа түсіреді, тұмау секілді салқын тиюдің әсерінен болатын ауруларды азайтады. Жастардың тек қана таңертеңгілік гимнастикамен айналысуымен шектелмей, уақыт тауып, барлық спорттың бір түрімен шұғылданғаны артық болмайды. Шынықсаң - шымыр боларсың деп бекер айтылмаса керек. Спорт жастардың мінез-құлқын орнықтырып,оларды ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді. Бұл адамның денсаулығын нығайтып, өмірін ұзартады деген сөз. Шынын айтсақ, адам денсаулығының шекарасы шексіз. Дене жаттығуларының басты екі бағыты бар: Бірінші және ең маңыздысы: жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің резервтерін арттыру. Екінші: бұлшық еттер мен буындар қызметтерін (функцияларын) белгілі бір деңгейде ұстау. Дене шынықтыру жаттығулары көпшілік үшін тым қиын болмағаны дұрыс. Оның ұзақтығы мен ауырлық деңгейі жасқа қарап, бұрынғы ауруларына, жағдайына байланысты таңдалынып алынады. Бұрын жүрек ауруымен ауырғандарға ауыртпалықтың шамадан артық болмағаны дұрыс. Дене шынықтыру барлық ағзалар мен жүйелерге әсер ететіні белгілі. Жатығудың мақсатына қарай оның тәсілдері де өзгеріп отырады. Кейбір ауру адамдарға (жасалынған операция мен ауруына байланысты) дәрігермен кеңесе отырып, реабилитация (қалпына келтіру) мақсатында, арнайы жаттығу комплекстері жасалады. Реабилитация деп күрделі аурулардан кейін денсаулықты қайта қалпына келтіруді айтамыз. Ауыр операциядан немесе қатты аурулардан (инсульт, миокард инфаркті, ауыр жарақаттар) аман қалған адамның денесі босаңсып, көңіл-күйі нашарлап, жұмысқа жарамай қалған кезде реабилитациялық жаттығулардың пайдасы ерекше. Ол күш-қуатты арттырып, дене қимылдары мен көңіл-күйін түзетіп, жұмысқа қабілеттілікті қайта қалпына келтіреді, олардың өз бойындағы қорғаныш күштерін арттыра түсіп, жігерлендіреді. Реабилитациялық кезең мықты дәрігерлердің қадағалауымен өткені жөн. Сонда ғана ол өз нәтижесін жақсы береді. Қандай гимнастика мен дене шынықтыру болмасын, негізгі салмақ алдымен жүрекке түседі. Жүрек қағысы қалыпты кезде 60-80 болса, дене қимылдарын жасап, салмақ салған уақытта оның қағысы жиілей түседі. Сол себепті дене жаттығуын жеңіл қимылдан бастап, организмге күш түсіруді бірте-бірте арттырып отырған орынды. Денсаулықты нығайтатын жаттығулар үшін есте ұстайтын жай, олардың қиындығы бірдей болғаны жөн. Жаттығуға бірте-бірте қарқын беріп, олар бір үлгідегі қайталанатын қимылдардан болғаны дұрыс. Мысалы, жүгіру мен жүруден бастаған жөн. Жүру. Табиғи дене шынықтыру қатарына жататын қимыл - ол жүру. Жүрек инфарктпен тыныс жолдары ауруымен ауырған, қартайып жасы егде тарта бастаған адамдар үшін жүру, таза ауада серуендеуден артық ем жоқ. Бірте-бірте олар жүрудің жылдамдығын арттырып, ұзағырақ жүргені пайдалы. Адам тәулігіне ең кем дегенде 10 мың қадам немесе 10 шақырым жаяу жүріп отырғаны абзал. Жаяу жүру адам өмірін ұзартатыны сөзсіз. Ұзақ өмір сүрген орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой күніне ондаған километр жерді жаяу жүріп отырған екен. Жетпіс жасында ол коньки тебуден жарысқа түсіп, жастардың көбінен озған. Жүгіру. Көпшілік Жүгіру - жаттығу патшасы деп өте орынды айтқан. Жүгіру кезінде көптеген бұлшықеттер қозғалысқа түсіп, тыныс алу кеңейеді, жүрек соғуы жиілеп, буындар қимылы жақсарады. Жүгіруді жай бүлкілдеуден бастап келе-келе жылдамдатқаны жөн. Егде тартқан қарияларға жүгіру кезінде жылдамдықтың аса қажеті жоқ, олар үшін бүлкілдеп жүгірудің өзі жетіп жатыр.Жүгірген кезде тынысты мұрынмен алған дұрыс. Бұлай тыныс алу диафрагманы шынықтырып, тыныс алу орталығын артық көміртегін ұстауға дағдыландырады. Ал, қыста суық ауаның кеңірдек пен бронхыға тікелей бармауына кедергі болып, оны түрлі аурулардан қорғайды.Орта есеппен жүгіру жылдамдығы сағатына 9-10 шақырым болғаны пайдалы. Жүгіргенде аяқ-киім ыңғайлы да жеңіл болғаны дұрыс. Жүгірген кезде қолдан келгенше жеңіл киінген жөн, сонда аяз қысып тезірек жүгіресіз.Аптасына ең кемінде 3-5 күн жүгірген мақұл. Жүгіру бүкіл денедегі бұлшықеттерді іске қосып, денені шынықтырып, қан мен лимфа айналымын жақсартып, жүректің жұмысын реттейді. Жүгіру кезінде тамыр соғуын қадағалау керек. Оның соғу жиілігі минутына 120-дан аспағаны дұрыс. Шыныққан, төзімді адамдардың тамыр соғуы минутына 90-нан аспайды.[2] Қазір таңертең қалалардағы скверлер мен парктерде, аллеяларда жүгірумен айналысып, дене шынықтырып жүргендер аз болса да кездеседі. Бұл өте құптарлық жай. Бірақ олардың кейбіреулері қыс түсе жүгіруді тоқтатады. Өйткені суықтан, аяздан жасқанады. Іс жүзінде жүгіруді қыста да тоқтатпау керек. Ең бастысы - жүгіріп келе жатып еш жерге кідірмеу және жүгіруді үйден шыға бастап, қайтқанда үйге кіре бере аяқтаған дұрыс. Қыстың аязды күндері жүгірушілердің киімдері жылы да ықшам болғаны жөн. Қыста жүгіру - адамның жалпы денсаулығын нығайтумен қатар, организмнің тұмау, бронхит, пневмония тәрізді суық тиюден пайда болатын сырқаттарға қарсылық күшін арттырады. Кейбір азаматтар жүгіруді қанша ұнатқанымен және оның пайдасын жете түсінгенімен спорттық костюм киіп көшеде жүгіріп жүруді өздеріне ерсі санайтындар бар. Бірақ, денсаулығын ойлаған әр адам мұндай ұялшақтықты жеңе білгені жөн. Бірнеше күн қатарынан жүгіргеннен кейін одан алған ләззат пен қанағат сезімі, көңіліңіздің, жалпы денсаулығыңыздың жақсара түсуі - сіздің барлық күдігіңізбен өкінішіңізді, оларға қоса алғашқы кездегі ұялшақтығыңызды мүлде жойып жібереді. Сондықтан таңертеңгі жаяу жүру мен жүгіруге ерекше мән беріп, денсаулыққа сергектікпен қараған абзал. Жүзу. Егер сумен шынығу жайлы айтар болсақ, оның көптеген амалдары бар: сүртіну, шомылу, суға түсу және жүзу, қысқы жүзу, душ, монша және т.б. Суға жүзу - дене шынықтырудың ең таптырмас тиімді жолы. Жүзу кезінде адам бойындағы барлық дене мүшелері қимыл қозғалысқа еніп, бұлшықеттердің, буындардың жүрек пен тыныс алу мүшелерінің және қан тамырларының қызметі жақсарады. Жүзу денені шынықтарумен қатар, жүйкені демалтып, көңілді сергітіп, жаныңызды жадыратады. Бірақ, қарт кісілер тым салқын судан денесі салқындап, тұмау секілді ауруларға душар болып қалудан сақтанғаны жөн. Сумен шынықтыруды, күн сәулесін қабылдаумен кезектестіріп отырған пайдалы. Жазда суға түсіп шыққан кейін, жағада күнге қыздырынып, күйдірінукге болады.Күнге күйер алдында көлеңкеде біраз отырып, бойды 5-10 минуттай айналадағы орта жағдайына үйреткен мақұл. Ауамен шынығу. Ауамен шынығу - шынығудың ең тиімді амалы. Оның адам организміне келтірер пайдасы жайлы айтып жату артық болар. Ауа температурасы, ылғалдылығы, қимылдау жылдамдығы (жел, жауыннан пайда болған аэрозолдар және т.б) адамға әсер етеді. Негізінен адамға әсер ететіні ауаның температурасы. Таза ауада біраз уақыт гимнастикалық жаттығулармен, жүру мен жүгірумен айналысу денсаулықты жақсартып, адамның ықылас және есте ұстау деңгейін өсіріп, қабілеттілігін арттыра түседі. Жалаң аяқ жүру. Адамзаттың өркениетке қол жеткізуі, өмірдің жақсаруы адамды жалаң аяқ жүруді ұмытқызды. Жалаң аяқ жүру қаншалықты адам денсаулығына пайдалы екенін де естен шығара бастадық. Жалаң аяқ жүру адам организмін сауықтыруға пайдалы екені ертеден белгілі. Мысалы, Ежелгі Грецияда балаларға 18 жасқа дейін аяқ киім кигізбей денсаулығын шынықтырып, оларды төзімділікке, шыдамдылыққа үйреткен. Жас кезінде жалаң аяқ көп жүрген баланың аяғы түйе табан немесе жалпақ табандылық болмайтыны белгілі. Жалаң аяқ жүру жүйке -нерв ұштары мен нүктелерге әсер ету арқылы адам органдары мен мүшелерінің қызметтерін жақсартады. Мысалы, бас ауруы мен бас айналуды аяқтың кішкентай башпайын және табан күмбезі ортасын массаж жасау арқылы азайтатыны белгілі. Табанда домалақ затты домалату, үгу щеткасымен тітіркендіру, тікенекті төсенішпен жүру жүйкені тыныштандырып, қызметке деген қабілетті арттыра түседі. Егер әрдайым аяқ киіммен жүрсек табандағы рецепторлық тітіркендіргіштер өз қызметін нашарлатып, тамырлар мен жүйке тамырлары жіңішкеріп, тарылып, қан айналымы мен жылуды қалпына келтіру процестері бұзылады. Жалаң аяқ көп жүруді өміріне серік еткен жандар көптеген аурулардан арылып, олардың денсаулығы сергек болады.[1] Жақсы өмір сүру қағидалары: 1. Ағзаны үнемі шынықтырып отыру;
2. Дұрыс тиімді 5 мезгіл тамақтану; 3. Тәулігіне 6-7 сағаттан кем ұйықтамау;
4. Еңбек етуден қашпаңыз;
5. Жеке бас тазалығын сақтау;
6. Өмірде өзіңізге мақсат қойыңыз, оны іске асыру үшін күресіңіз. Жас балада үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдар қалыптасады. Соның негізінде ойлап қозғалу қимылдары пайда болады. Қозғалыстың дамуы тірек-қимыл және нерв жүйелерінің дұрыс дамып, жетілуіне байланысты Жүру, жүгіру, секіру секілді күрделі қимылдар адамның 3-5 жасында қалыптасады. Сөйте тұра, мектеп жасына дейінгі балаларда еркін қозғалу механизімі онша жетіле қоймайды. Тұрақты жаттығу арқылы мектепке дейінгі балаларда бағыты қозғалыс (сурет салу, жазу, сызу) дамиды. Баланың денесінің өсіп, дамуына, ақыл-ойының қалыптасуына қозғалыс әсер етеді. Жас баланың қимыл-қозғалысына бөгет жасасақ оның өсуі, дамуы кешігеді және едәуір нашарлайды. Адамның күнделікті жасайтын қозғалысының қосындысын қозғалыс белсенділігі деп атайды. Ол ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде спортпен айналысу уақытында дене шынықтыру мен дене жаттығулары кезінде атқарылатын қозғалыстар, түрлі ойындар үстінде өзін-өзі күтуге арналған қимылдар ұйымдастырылмаған қимылдар болып табылады. Енді дамып келе жатқан жас жеткіншек үшін ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігі организмі үшін ерекше. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде балалардың қозғалыс іс-әрекетінің белсенділігін арттыру мақсатында арнайы жоспарлы жұмыс жасап, іске асыру мақсатында оқушылардың іс-әрекет қимлы қозғалысын дамытып, түрлі пайдалы элементтерді балалардың бойына қалыптастыруға ерекше назар аударып, организмнің бейімделу қабілеттерін арттыруға мән берген жөн. Мектеп жасына дейін тәрбие беретін мекемелер мен мектептерде қызмет істейтін ұстаздар балалардың қозғалыс белсенділігіне көңіл аударып, оларды дұрыс гигиеналық талапқа сай ылайықтап ұйымдастырғаны орынды. Балалар бір орнында ұзақ мезгіл отыра да тұра да алмайды. Олар 5-6 минуттан кейін-ақ мазасызданып, тыпыршып, бір орында отырмай, шаршай бастайды. Сондықтан олармен жүргізілетін сабақтардың ұзақтығы 30 минуттан аспай, ол балаларды жалықтырмайтындай ойын сабақ ретінде өткен жөн. Балалардың денесінің дұрыс дамуы мен өсуіне, сүйектерінің қисаймай жөнді қалыптасуына гигеналық талаптардың сақталуы көп әсер етеді. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, кітап оқығанда, сурет салғанда отыратын столы баланың бойына сәйкес болғаны дұрыс. Жас баланы жасынан дұрыс столда, партада дұрыс отыруға дағдыландыру қажет. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала стол мен партада тік, денесінің төрт нүктесі орындыққа тіреліп, отырғаны дұрыс. Осылай отыруға дағдыланған баланың омыртқа жотасы түзу өседі, бұлшық еттері жақсы дамиды. Ал, егер аталған талаптар дұрыс сақталмаса жас баланың омыртқа жотасы қисайып сколиоз (омыртқа жотасының бір жанынан S әрпі секілді қисаюы) секілді омыртқа жотасының патологиялық түрлері дамиды. Денешынықтырумен спортпен айналысқан адамның тірек-қимыл жүйесі дұрыс дамып, тұлғасы сымбатты болып қалыптасады. Мектептегі парталардың биіктігі оқушы баланың бойына сәйкес болуы қажет. Оқушылар оқитын сынып ішіндегі табиғи жарық мөлшерінің мол болғанына, күнделікті күн тәртібінің дұрыс сақталуына әрдайым көңіл бөлініп отырылуы қажет. Бұл балалардың көру қабілетін сақтаумен қатар, олардың денесінің сұлу, сымбатты болып өсуіне де септігін тигізеді.[3] Шынықтырудың ережелері. Шынықтыруды баланың денсаулығын, сондай-ақ күш - қайратымен психологиялық дамуын ескере отырып жүргізген жөн. Балаларды денсаулығына қарай 3 топқа бөледі. Бірінші топқа - негізінен денсаулығы жақсы балалар жатады, олармен шынықтыру процедураларын толық комплексін өткізуге болады. Екінші топқа - жуырда ғана ауырып тұрған немесе жоғары тыныс жолдары қатарға (кілегей қабығының қабынуы), баспа және басқа да тұмау ауруларына жиі ұшырайтын балалар жатады, бұлармен шынықтыру процедураларын шектеп жүргізеді. Үшінші топқа - жедел және созылмалы асқынған процесстерден зардап шегетін балалар, жүрегінде ақауы бар балалар, ас қорыту жолдарында сырқаты бар балалар жатады. Мұндай жағдайы бар балалар мен дене шынықтыруға арналған шараларды жүргізуге болмайды . Олармен шынықтыру жұмыстыры жеке-жеке жүргізіледі. Шынығу дегеніміз - бұл денедегі жылу реттеуші механизмдерді жаттықтыру және жетілдіру, яғни ағзаның температураны ауытқуы мен басқа да өзгеріп отыратын климаттық факторларға тез бейімделу қабілетін арттыру, мұның өзі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға төзімділікті қалыптастырады. Сонымен қатар дене тәрбиесінің құрамды бір бөлшегі және балалардың салқын тиіп, ауруларын асқындырылуы кең таралған сауықтырудың шарасы болып негізделеді. Дене шынықтыру барлық мүшелердің жұмысын жақсартады, балалардың дене мүшелерінің дамуына, жасап организимнің жұқпалы ауруларынан сақтандыратын кең таралған сауықтыру шарасы болып табылады. Шынығу бұл барлық мүшелер жүйесінің жақсартады, балалардың өсіп-жетілуіне, жас ағзаның жұқпалы және салқын тию ауруларына қарсы төтеп беру қабілеттілігіне қолайлы әсер етеді. Шыныққан балалар әдетте жарқын жүзді, тәбеті жақсы болып, жұмысқа деген сабаққа деген ынталана кіріседі. [4]
Денің сау болсын десең ... . 1.Сыныпқа, үйге таза ауа молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа. 2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста. Жұмасына бір рет жылы суға шомыл. 3.Таза ауада (сыртта)көбірек қимылда (серуенде, ойна, жүгір). 4.Дұрыс тамақтан. Тамақты мөлшерден артық жеме. Бұзылған астан, сіңімсіз тамақтан, әсіресе тәттіден бойыңды аулақ сал. Тамаққа отырар алдында қолыңды жу. 5.Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын. 6.Үстелге отырғанда табаныңды жерге - еденге тегіс тигізіп отыр.Аяғың еденге жетпесе табаныңның астына тақтай қойып басып отыр. 7.Орындықтың үстіне тік отыр. Арқаңды орындықтың арқалығына таяп, сүйеніп отыр. Басыңды төмен еңкейтпе.
8.Оқығанда көзің кітабыңның бетінен ең кем дегенде 32 сантиметрдей (2 сүйемдей) қашықта болсын.
1.2 Мектеп жасындағы оқушылар денсаулығы және оған әсер ететін жағдайлар
Білім беру мекемелерінің басты мақсаты оқушы денсаулығын сақтап, білім беру және оны жақсартуға жағдай жасау. Ол әрине дене шынықтыру пәні арқылы қалыптастырылады. Дене шынықтыру тәрбиесі ережесін дене мәдениетінің шынығу заңдылықтарын оқытатын ғылым деп есептейді. Дене тәрбиесінінің негізгі бағыты адамның денесін тәрбиелеу немесе дене арқылы адамды тәрбиелеу болып табылады. Дене тәрбиесінің негізгі екі бөлімі бар, алғашқысы спорт, спорт - бұл жеке адамның белгілі бір жаттығу түрімен тұрақты түрде айналысып, және оны кәсіпкой спортшы ретінде кәсіп түріне айналдыру. Дене тәрбиесінің екінші бөлімі - дене шынықтыру деп аталады. Дене шынықтыру - жеке адамның өз денсаулығына қатысты дамыту үшін жаттығулармен айналысуы. Негізінен дене тәрбиесі дене шынықтыру түсінігінен туындайтыны анық, негізгі бөлімдердің бірі болып саналады. Дене шынықтырудың мәдениеті дегеніміз жекеден жалпыңа қарай жалғасатын мәдениетке жатады. Басқаша айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бөлшегі болып табылады. Дене шынықтырудың басты бөлігі спорт. Спорт ұғымының тағы бір жағы ол адамдардың материалдық және рухани байлықтарын дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан игілігі деп есептеген дұрыс.[3] Соған орай жарыс арқылы жақсы нәтижеге жету үшін шапшандықпен психологиялық даярлық қажет. Дене тәрбиесінің негізгі мақсаты әрбір адамның дене шынықтырудың өзіне қажетті түрін игеруін қамтамассыз етеді. Дене тәрбиесі арқылы адам дене шынықтырудың жетістігін өз жетістігіне айналдырады, денсаулығын жақсартады, дене дамуын арттырады тағы да басқалары. Дене тәрбиесінің әсерінен жалпы адам тұлғасының өзгеруіне дене шынықтыру процесінің маңызы зор. Дене тәрбиесі қағидаларын дене шынықтыру мұғалімі жоғарғы деңгейде білуі міндетті. Қандай шараны іске асырмасын басшылыққа алуы керек. Жалпы дене шынықтыру процесінде спорттық және қимыл қозғалыс ойындарының қолданылуы ойын әдісі деп аталады. Қимыл-қозғалыс барысында жаттығулардың қимыл әрекетін жасауға ойынға қатысушы өзі таңдайды. Іс-әрекеттердің әртүрлі болуы, ойын барысында түрлі жаттығулардың кенеттен пайда болуында. Ойын барысында қатысушылардың іс-әрекеттері әртүрлі болады. Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін күшейтуге болады. Ойын барысында төзімділікті, шапшандықты, ептілікті дамытуға және оқушылардың өздерінің қасиеттерін тәрбиелеуге өз бетімен шешім қабылдауға, батылдылыққа, тапқырлыққа тағыда басқа көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды түрлі ойын методикасымен жүргізу оқушыларды қызықтырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Дене тәрбиесіндегі оқушылардың негізгі міндеттері мыналар: 1.Жалпы адам ағзасын нығайту, физикалық дамуға әсер етуі және оқушылардың дене шынықтыруы дене тәрбиесімен спортқа байланысты басты міндеті болып табылады. М.И.Калинин айтқандай, тіл ғылымдары мен математикадан кейінгі дене шынықтыру маңызды пән болып табылады. 2.Дене тәрбиесімен спортта оқушыларға білім беру және гигиеналық біліммен дағдының қалыптасуы мынада: әрбір бала қоғам және жанұя және мектептің көмегімен денсаулығын нығайтуға арналған гигиеналық талаптарды біліп және оны орындауы тиіс, онымен қоса жаттығулардың пайдасымен танысу болып саналады. Дене тәрбиесі, оқу тәрбиесі ісінің бір бөлшегі болғандықтан оқушыларды өмірге даярлау мен қоса қоғамдық пайдалы жұмысқа да даярлайды. Мектептердегі дене тәрбиесінің жұмысы оқушылардың ұйымшылдығын, өздігінен қызмет атқаруын және алдынғы орында болуын қажет етеді. 3. Оқушылардың іс-қимыл қозғалыс дағдыларын жетілдіру және қалыптастыру жаңа іс-қимыл қозғалыс дағдыларын үйрету. Бұл міндеттер арқылы әрбір оқушы жан-жақты дамып еңбекке жүйелі дайындығымен қамтамассыз етіледі. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылар жүйелі түрде жаттығуларды жасауын қадағалау керек. Егер бала спортқа байланысты барлық жаңалықтарды біліп, рекордтың сандық мәндерін, рекордсмендердің аттарын біліп, бірақ өзі спортпен шұғылданбаса мұндай қызығушылықтың пайдасы шамалы және мұны зиянға теңестіру қажет. Халқымыздың денсаулығы ол ел дамуының үлкен жетістігі, жас ұрпақтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде ұлттық ойындар арқылы ұлттық тәрбие берудің маңызы ерекше екендігі мәлім. Дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы оқушы ағзасын түрлі ауруларға қарсы тұруға және оларды жеңуге денсаулығын нығайтуға, жеке бас тазалығын сақтауға тәрбиелейді. Жалпы дамыту жаттығулары: мойын, иық, қол, дене, аяқ бұлшық еттерін жетілдіретін жаттығуларға бөлінеді. Бағдарлама үйретудің неғұрлым белсенді, ізденісті әдісетрін ескере отырып, топқа және жеке тұлғаға түсетін дене жүктемесін нормалауды, сонымен бірге сабақтардың жеке бөліктерін шебер қолдануды талап етуі қажет. Мұндай талапты жүзеге асыру үшін мұғалім сабақ берудің әдеттен тыс тәсілдерін немесе қалыптан тыс түрлерін еркін меңгеруі керек. Бұл жағдайда арнайы дене қозғалысының мүмкіндіктеріне жоғары талап қоятын жаттығулар сабақ, сабақтан тыс уақыттарда түрлі жарыс,ойын түрінде қолдану арқылы өз жоспарын көрсетеді. Сонымен бірге оқушылардың сабақта жеке мүддесін дамытуға және саналы белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтардыңда орны ерекше. Сабақтан тыс кезіндегі дене жаттығулары негізгі мақсаттарды жүзеге асыру кезінде мына мәселелерді қамтиды, оқушының дене қозғалысының дамуына жоспарлы ықпал ету, жүгірумен, секірумен және әртүрлі дене жаттығулар түрлерімен қатыстыра отырып шыдамдылық деңгейін жақсарту .4. Жасқа байланысты негізгі іс-әрекеттің санасын дамыту. Жалпы іс-әрекерттерге қозғалыс, жылдамдық, күш, төзімділік, серпінділік жатқызылады. Негізінен бұл іс-әрекеттердің адам үшін маңызы өте зор. 5. Оқушыларды мәдениеттілік ұжымдық және достық іс-әрекеттеріне тәрбиелеу. Осы іс-әрекеттер негізінде оқушылар сабақта бір-біріне қол ұшын созу адамшгершілік қасиеттерін дамыту қалыптастырылады. 6. Дене тәрбиесі ішінде ойын ерекше орын алады. Оның келтіретін пайдасы да өте зор. Дұрыс басшылықпен жүргізілген ойындар арқылы баланы жан-жақты дамытуда ғажайып жетістіктерге жетеді. Ойын балалар үшін қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін тамаша тәсіл. Ойын арқылы жалқау баладан іскер, олақ баладан шебер, өзімшіл баладан ұжымшыл, белсенді бала тәрбиелеуге болады. Дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі шұғылдану ағзаның барлық мүшелері мен жүйелеріне жан-жақты әсер етеді. Олар тірек-қимыл аппаратын нығайтып, дамытуға көмектеседі.Педагогикалық үрдісте ойын оқу тәрбие құралы ретінде де пайдаланылады. Мұғалім ойын кезінде әрбір баланың мінез құлқын, шығармашылық, ұйымдастырғыш және тағы басқа қабілеттерін айқындайды, оқушылар тіршілігін қалыптастырады. Қазіргі таңда үлкен мәселенің бірі - адамдардың қимыл қозғалысының азаюы болып отыр. Сонымен қатар адам ағзасының қимыл қозғалысқа мұқтаж екенңн анықтап отыр. Демек, бұдан дене шынықтырудың адам ағзасына қаншалықты керек екенін аңғарамыз. Жалпы қимыл іс-әрекеттеріне: жүру, жүгіру, еңбектеу, лақтыру, күресу жаттығуларын жатқызамыз. Ойындар бала өмірінде басқа әрекет түрлерімен қатар жүргізіліп отырады. Оны мұғалім өзіне таптырмайтын көмекші ретінде қолданады. Сондықтан оқытушы өзі білетін, керекті ойындардың қорын күнделікті толтырып отыру керек. Ойын таңдағанда мына жағдайларды ескерген жөн.
1.Жас ерекшеліктері 2.Өткізетін орны 3.Ойнаушылардың саны 4.Қолданылатын құралдар. Ойынды түсіндіргенде мұғалім барлық оқушылар көретіндей жерде тұрып, әуелі жұмбақ, тақпақ айтады. Ал ережелеріне келгенде, кей жерлерінде балаларды қатыстырады. Атақты педагог А. Макаренко айтқандай: Үлкендердің қайраткерлігі, еңбекқорлығы жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойынында сондай маңызды болмақ. Ойында бала қандай болса, өскен кеезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайреткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады, - дейді. Н.К.Крупская да ойынның өсіп келе жатқан организм үшін қажет екенін айта отырып, ойын баланың қызығарлық, тапқырлық, сезімталдық, ұстамдылық, бағдарлағыштық, аңғарымпаздық қасиеттерін дамытады деп көрсетеді. Адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл-қозғалыстар жасау арқылы өсіп, жетіледі. Қимыл-қозғалыс арқылы айналасын көріп, естіп, сезіп біледі. Ақылы молығып, білімі артады.7-10 жас аралығындағы балалар ұйқыдан басқа уақытта үнемі қозғалыста болады. Ал тәулік ішіндегі белгілі бір уақытта олар аса белсенді қимыл әрекеттер жасайды. Ол мына уақыттар:
1) таңертеңгі сағат 7 мен 8-дің арасы;
2) түскі сағат 12 мен 14-тің арасы;
3) түстен кейінгі сағат 15 пен 16-ның арасы; Осы көрсетілген уақыттарда баланың табиғи қимыл-қозғалыс жасау мүмкіндігі мол болады. Сондықтан әр оқушы осы ерекше жағдайды жақсы біліп, күнделікті сабаққа дайындалу, ойнау спортпен айналысу уақыттарын дұрыс жоспарлауы керек. Сонда оның ақыл-ой мен қимыл-қозғалыс жасау қабілеттері бірдей деңгейде дамып жетіледі. Мектептегі оқу кезінде қимыл-қозғалыстың аз болуы денсаулыққа зиянын тигізбейді. Бұл уақытта оның есту, көру қабілеттері артатын болады. 7-10 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар жасайтын қимыл-қозғалыстардың саны да сапасы да өзгеше болады. Мысалы, ұлдар өз беттерімен көп қимылдап ұйымдасқан түрде жаттығу жасауға барғысы келмейді. Ал қыздар керісінше өз беттерімен қимыл әрекеттермен айналысқанға қарағанда дене тәрбиесімен келіскен түрде ойнағанды жөн көреді. Сол себепті кіші сынып кезінде топтық жаттығулармен көп айналысқан қыздар қауымы жоғарғы сыныпқа келгенде күрделі спортпен айналысуы жеңіл болады және ол әдетке айналады. Бұл оқушының күш-қайраты мол, ақылды азамат болып шығуына зор пайдасын тигізеді..[5] Жалпы, Қазақстан-2050 бағдарламасында қарастырылғандай салауатты өмір салтының адам өмірі үшін маңызды жоғары дәрежеде екендігі анық айтылған. Өмір сүрумен қоршаған орта арасындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz