Сыни ойлау қабілеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныптарда математиканы рефлексия негізінде оқыту

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫН РЕФЛЕКСИЯ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1. «Рефлексия» ұғымын ғылыми еңбектерде психологиялық-педагогикалық санат ретінде қарастыру . . . 6

1. 2 Бастауыш сынып оқушысының рефлексиясын дамытудың ерекшеліктері . . . 15

1. 3 Жаңа инновациялық технологияларды қолданып оқушылардың рефлексиясын дамытудың құрылымы мен мазмұны . . . 24

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУҒА РЕФЛЕКСИЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ . . . 36

2. 1 Оқушының сыни тұрғыдан ойлауымен рефлексияны дамыту . . . 36

2. 2 Оқушыларды қалыптастырушы бағалау кезінде кері байланыс қолдану . . . 47

2. 3. Оқушылармен топтық жұмыста рефлексияны дамыту жолдары . . . 53

2. 4. Бастауыш сынып математика сабағында рефлексия орнатуға пайдаланатын әдіс-тәсілдер . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында білім беру реформаларының жалпы мақсаты осы жүйені жаңа әлеуметтік - экономикалық ортаға бейімдеу. Сондықтан білім беру «Қазақстан - 2030» Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды.

Қазақстанның бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойды. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады [1] .

Жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру - адами капиталға бөлінетін инвестициялар қажеттігі. Болашақта табысты экономиканың орын алуы халықтың дағдылары мен қабілетіне, біліміне салынған инвестициялардың көрсеткіші болмақ. Сондықтан білім саласының әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындарды, халықты қамтамасыз ететін экономикаға берілген инвестициялар ретінде түсіну қажет.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарық» болады дегендей, бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие беру өзекті және заманымыздың басты талабы.

Бұл өз кезегінде жаңа технологияларды саралай отырып пайдалану негізінде, бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған білім бағдарламалары талаптарына сәйкес, алғашқы басқыш оқушыларының рефлексиясын дамытуға даярлау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Бастауыш мектеп сабақтарында жүргізілетін рефлексия не үшін қажет? Ойланып ұйымдастырылған бұл жұмыстар оқушының тақырыпты терең түсінуіне, мазмұны жайлы тұшымды пікір айтуына, өзі жасаған іс-әрекетіне баға беруіне, нәтижесінен қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Демек, болашақ бастауыш сыныптар мұғалімі, осындай күрделі мәселені шешуі үшін өзін мақсатты дайындап, білімі мен іс-тәжрибесіне де рефлексия жасауы қажет.

Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың рефлексиясын дамытуға жеке және жас ерекшеліктерін есепке алуы арқылы, олардың өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі сынай алуы, өзін-өзі бағалауы сияқты іс-әрекеттерін қалыптастырып, олармен нәтижелі қарым-қатынас орнататындай іскерлігі қажет. Қашанда білім беру ісі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, жеке және жалпы дамуын көздейтін мәселелерді шешу талабын қояды.

ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың, білімнің дәуірлеу ғасыры. Бірақ осы жаһандық жаңалықтардан жаңылыспай нағыз білім көздерін іріктеп таба алу, оны өз білімін нақтылау мен тереңдетуге қолдана білу жас ұрпақтың алдында тұрған үлкен сын.

Қазір мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеру маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі. Міне сондықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын рефлексиямен қамтамасыз ететін құндылық. Бұдан біз таңдаған «Бастауыш сыныптарда математиканы рефлексия негізінде оқыту» тақырыбының өзектілігі шығады.

Бастауыш сынып оқушысының рефлексиясы оның оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге аса отырып, баланың интеллектуалдық, эмоционалдық, жеке тұлғалық сапаларын жетілдіреді. Бұл жастағы рефлексия оқу мақсаттарын шешу барысындағы өзінің ойлау әрекеттерін бақылау, талдау, жоспарлау түрінде көрініс береді және мінез-құлығындағы жаңа құрылым ретінде қалыптасады

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлығының құрылымы, оның жалпы кәсіби дайындығының құрамдас бөлігі. Оның ғылыми-педагогикалық әрекетінің жоғары деңгейі, «рефлексия» және «жаңа технология» негіздері туралы білімдерін сабақта пайдаланатын рефлексия түрлерін білуі менқолдана алуы сияқты бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден тұратын мұғалім тұлғасының кешенді сапасы.

Зерттеу мақсаты - бастауыш мектепте математиканы рефлексия негізінде оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру, ізденушілік қасиеттерін тәрбиелеу арқылы теориялық білімдерін тереңдету, логикалық ойлауын қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес зерттеудің міндеттері төмендегіше анықталады.

1. Бастауыш мектепте өткізілген математика пәнін рефлексия негізінде оқытуда жұмыс жасаудың түрлерін анықтау және оны оқытуда пайдалану;

2. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің әдіс-тәсілдері мен іс-тәжірибелерін үйреніп, олардың түрлерін жинақтап қорыту.

Зерттеудің нысаны - бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні - оқушыларды рефлексия негізінде оқыту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру жолдары.

Зерттеу әдістері : Тақырыпқа сәйкес ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді оқып - үйрену және қолдану. Бастауыш сыныптар мұғалімдерінің үздік педагогикалық жұмыс тәжірибелеріне сүйену. Бастауыш мектеп математика курсындағы өзіндік жұмыс пен оқу машықтарын қалыптастырудың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін пайдалану.

Диплом жұмысының практикалық маңызы - «Математикадан оқушыны қалыптастырушы бағалауда рефлексияны қолдану» тақырыбында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Байтанаев оқулары: - 8 «АБАЙ МҰРАСЫ -ХАЛЫҚ МҰРАСЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік жұмысының ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫ II БӨЛІМІНДЕ 335 бетте, 2020ж. басылған. Мақаланы мұғалімдер өз тәжірибесінде пайдалана алады. Бастауыш сынып математика сабағында рефлексияны қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық ой-өрісі, есептеу дағдысы, олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өз бетінше жұмыс жасаудың түрлері мен оқыту әдістерін тиімді қолдана алады.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі, оны зерттеудің мақсаты, міндеті, зерттеудің нысаны, пәні мен зерттеу әдістері және практикалық құндылығы негізделген.

« Бастауыш сынып математикасын рефлексия негізінде оқытудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде «Рефлексия» ұғымын ғылыми еңбектерде психологиялық-педагогикалық санат ретінде қарастыру, бастауыш сынып оқушысының рефлексиясын дамытудың ерекшеліктері, жаңа инновациялық технологияларды қолданып оқушылардың рефлексиясын дамытудың құрылымы мен мазмұны қарастырылады. Оларға негізі болатын ғылыми - теориялық еңбектерге талдаулар жасалған.

«Бастауыш сыныптар математикасын оқытуға рефлексия технологиясын пайдалану» атты екінші бөлімде оқушының сыни тұрғыдан ойлауымен рефлексияны дамыту, оқушыларды қалыптастырушы бағалау кезінде кері байланыс қолдану, оқушылармен топтық жұмыста рефлексияны дамыту жолдары, бастауыш сынып математика сабағында рефлексияға пайдаланатын әдіс-тәсілдер қарастырылып, зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мен олардың қорытындылары келтіріледі.

Қорытындыда диплом жұмысында жасалған тұжырымдар түйінделген.

I. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫН РЕФЛЕКСИЯ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1«Рефлексия» ұғымын ғылыми еңбектерде психологиялық-педагогикалық санат ретінде қарастыру

«Рефлексия» ұғымы философия саласының басты және күрделі түсінігі, сонымен бірге, даулы және әртүрлі түсінілетін термині болып табылады. Бұл терминге қатысты түрлі пікірлер бар.

Рефлесия адамға ғана тән қасиет, ол оның басқа тірі ағзалардан артықшылығы болып табылады. Рефлексияның тарихына үңілетін болсақ, оны көптеген психолог, педагог және философтар зерттеген. «Рефлексия» термині латынның «reflection» сөзінен шыққан, ол ойлау, артқа қайту деген мағынаны білдіреді. Шындығында бұл ұғымның көптеген анықтамалары бар және олардың әрқайсы бірегей. Қысқаша айта кетсек, рефлексия - өз санасының ішіне үңіліп, өз іс-әрекетін және көңіл-күйін бағалау.

«Рефлексия әлеуметтік психологияда әрекеттегі субъектіні басқа индивидтер мен қауымдастық қалай қабылдайтынын, бағалайтынын ұғынудың түрі іспеттес. Рефлексия адамның өзі туралы білім және түсінік қана емес, өзгелердің өзіне деген көзқарастарының қандай екенін де анықтау. Бірлескен қызметтің мазмұны туралы түсініктер үйлесіп жатса, онда рефлексияның ерекше түрі-заттық рефлексиялық қатынастары қалыптасады»[2] .

Әлеуметтік психологиядағы рефлексия дегеніміз - тұлғаның ішкі психикалық жағдайлардың таным процесі, басқа адамдардың осы жағдайларды қалай қабылдайтынын түсіну. Бұл өз-өзін тану ғана емес,

айналадағы адамдардың өзінің тұлға ретіндегі ерекшеліктерін түсініп, білу.

Қарым-қатынас кезінде адам өзін қарсы тараптың орнына қойып, соның көзқарасымен баға беріп, өз әрекетін түзейді. Осындай қарым-қатынасты жүргізу арқылы ол басқа адамды түсініп қана қоймай, ол да сізді түсінуге тырысады.

Рефлексия шиеленіскен процес ретінде, кем дегенде, субъектілердің өзара көрсетілуін сипаттайтын алты позиция берілген:

1) субъектінің шынайы бейнесі;

2) ол өзін қалай көреді;

3) ол қарсы тарап жағынан қалай көрінеді және қарсы тарапқа да қатысты осы үш позиция қосылады.

Осы алты позицияға тағы екі позицияны қосуға болады: қарсы тарап санасындағы өзінің қалай көрінетіндігі және қарама-қарсы тарапқа да осы позиция.

Рефлексияның бірнеше түрі бар. Қарапайым кері байланыс адамның өз білімі мен іс-әрекеттерін қадағалауы мен талдауынан тұрады. Рефлексияның бұл түрі барлық адамға тән: әр адам өзінің сәтсіздіктері мен қателіктерінің себептерін ойланады, ол қателіктерді жібермеу үшін қоршаған адамдар туралы өз түсініктерін өзгерту, қателерді түзету және болашақта оларды болдырмау.

Ал ғылыми кері байланыс ғылыми білімді, ғылыми нәтижелерді алудың әдістері мен тәсілдерін сыни зерттеуге, ғылыми теориялар мен заңдарды негіздеу процедураларына бағытталған. Ғылыми кері байланыс арнайы пәндерде: логикада, ғылыми таным методологиясында, ғылыми шығармашылық психологиясында және т. б. ғылымдарда көрініс табады.

Рефлексия ерекше мәселе ретінде ежелгі грек философиясында талқылаудың тақырыбы болды. Сократ философиясында рефлексия проблемасының гносеологиялық, психологиялық және этикалық аспектілеріне назар аударылады. Сократқа сәйкес, білім пәні тек қана игерілген болуы мүмкін, өйткені адамға оның өз жанының іс-әрекеті ең жақын, өзін-өзі тану адамның ең маңызды міндеті болып табылады. Өзін - өзі тану пәні-оның танымдық функциясындағы рухани белсенділік [3] .

Сократтың тәрбиеге қатысты мақсаты оқушының жеке ішкі дүниесін саналы бағыттау. Адамның түсініктері мен адасушылықтарын ашатын және жоятын рефлексия арқасында адамзаттың рухани прогрессиясы мүмкін болады.

Егер рефлексия ұғымының этимологиясына жүгінсек, онда латынша reflexio-бұл негізге кері жүгіну, көрініс; префикс re - қайталануын немесе іс-әрекеттің қайтымдылығын білдіреді, және flexio-бүгілу, қисаю, өзгеге көшу кезінде немесе басқаларға қатысты өзгерту. Гректерде екі сөз болды - mneme және anamnesis - белгілеу үшін, бір жағынан, ақыр соңында пассивті туған естеліктер, сондықтан оның басында пайда болуы-pathos сияқты сипаттауға болады; екінші жағынан-еске алу, еске алу деп аталатын іздеу объектісі ретінде еске алу. Ол тағы да іздейді, осылайша семантика мен прагматиканың қиылысу нүктесінде болады. Еске алу-еске алу немесе еске түсіру. Бұл мағынада «қалай?» anamnesis қойылған, «Не?», ол mneme қояды. Бұл жаңа білімді қабылдау, сақтау, өңдеу процестеріне көңіл бөлінсе, екінші жағынан білімнің шынайлылығы мен толықтығы.

Ежелгі грек философтары Платон және Аристотель ойлау мен рефлексия бастапқыда Құдайдың ойына тән атрибуттар ретінде түсіндіріледі. Платонның ақыл интуитивті және оның өзінің мәні бар. Платон идея туралы ілім призмасы арқылы философияның барлық құрамдас бөліктерін қарастырады. Идеялар-дүниенің себептері мен заттың себептері, бірақ олар әлемде жоқ. Олар адамның жаны. Бұл жан идея туралы білімді қамтиды, өйткені ол денеге қоныстанғанға дейін идеялар әлемінде өмір сүрген. Сондықтан идеялар сезім арқылы емес, ақыл-ойдың «еске алу» арқылы танылады. Материалдық әлем ұғынылады, идеялар әлемі - «еске алынады». Осы арқылы жанның құрылымы анықталады: жоғары деңгей - ақылға қонымды, оның биіктігінен адам идеялардың мәңгілік әлемін жетілдіреді және игілікке ұмтылады, ал төменгі - сезімтал, оның көмегімен заттар әлемін таниды. Оның таза теориялық іс-әрекетінде ақыл өзін пән ретінде пайымдайды және сол арқылы білім мен білімнің, ой мен ойлардың, олардың ұқсастығын анықтайды.

Ю. М. Романенко: «Платон натурфилософтар мен софистік-Сократтық дискурстың космологиялық интуитивизмін біріктіре отырып, рефлексия туралы ілімді байыта алды, нәтижесінде оның диалектиканың позитивті тұжырымдамасы қалыптасты, онда рефлексия маңызды жүйе құраушы рөл атқарады»[3] .

Плотин өзін-өзі тануды - метафизиканы құрастыру әдісі ретінде қабылдаған: «ақыл өзі мен ойдың ұқсастығын ойлай алады, өйткені бұл жерде ой туралы ой мен ой ортақ, өйткені ой-сана тірі және ой белсенділігі бар, яғни белсенді ойдың өзі». [4] .

Өзін-өзі тану - ақыл-естің жалғыз қызметі; рефлексия практикаға қарама-қарсы қойылады.

Плотин:« . . . Объектіні субъектінің ішіне апарып, оны біртұтас нәрсе ретінде ойластыру керек, ойлау процесі өзін-өзі таныту процессіне ұқсас болуы керек»[5] .

Өйткені алма хош иісі алмадан бөлек жоқ, және ешқандай күш өз бастауынан бөлек емес. Демек, біз болмыс пен ақиқат көзінен ажырамадық және оның өзімізде бастауын аламыз. Демек, бастау іздеуді әрдайым өзіңнен бастау керек, әр сәтте, мұнда және қазір іздеуді қажет етеді.

Плотиннің ойлауынша, шындықты түпкілікті түсіну Құдайдың Аянының арқасында ғана мүмкін. Бірақ ол кез-келген жан ойланып, сұлулыққа ұмтылу арқылы осы жалғыз дұрыс жолды тауып, өзін оның ақиқатына сендіргеннен кейін ғана мүмкін болады. Сол кезде Плотон былай деп жазады: «ойлауға қабілетті жанға бұл әлем өзінің барлық байлығында ашылады» [5] . Тек қана өз рухының жер қойнауына тиіп, адам ойлау объектісімен де, «Құдайдың тыныштық тұсында» бірге тұра алады [5] .

Р. Декарт рефлексия индивидтің өз ойының мазмұнына назар аудару қабілеті бар, барлық сыртқы денеден абстракцияланған деп түсіндірді.

Дж. Локк сезімді және рефлексияны бөліп алды, соңғысын білімнің ерекше көзі ретінде (ішкі тәжірибе, сезім мүшелерінің куәліктеріне негізделген ішкі тәжірибе) санады. Бұл рефлексия интроспективті психологияның басты аксиомасы болды. Бұл ұғымдарда адамның өзі сынайтын сананың фактілері туралы есепке, өзіндік психологиялық жай-күйлердің өзіндік талдау қабілетіне деген шынайы қабілеті жеткіліксіз болды.

Батыс әлеуметтік психологиясындағы рефлексияны зерттеушілерге Д. Холмс, Т. Ньюком және Ч. Кули жұмыстары жатады және жасанды зертханалық жағдайларда өзара іс - қимыл процесіне енгізілген субъектілердің диад-жұптарын эксперименталды зерттеумен байланысты. Ресейлік зерттеушілердің пікірінше (Г. М. Андреева және т. б. ) рефлексияны терең түсіну үшін оны диадта емес, маңызды бірлескен қызметпен біріктірілген күрделі ұйымдастырылған нақты әлеуметтік топтарда қарастыру қажет деп санады[6] .

Лейбниц, Локктың бөлгенін сынай отырып, « . . . біз үшін барлық ойларымыздан үнемі және айқын түрде рефлексия жасау мүмкін емес, әйтпесе біздің ақылымыз әр рефлексиядан шексіздікке дейін, кейбір жаңа ойға ауыса алмайтын еді. Өзін-өзі тану мен рефлексияда ол тұлғаның моральдық ұқсастығын көрді, оның өз дамуының келесі сатысына ауысуы әрқашан рефлексиямен бірге жүреді» [7] .

«Біз түсінетін түс пен жарықты қабылдау біз түсінбейтін шағын қабылдаулардан тұрады, ал қабылдау біз бар, бірақ назар аудармайтын шу аз ғана қосудың немесе ұлғаюдың арқасында санаға қол жетімді болады» [7] . Бұл мағынада Лейбницте апперцепция назар туралы қазіргі заманғы ұғымға жақын, бірақ онымен сәйкес келмейді. Лейбництің бұл тұжырымдамасында рефлексия толық дербестік алады. Рефлексия - ақылдың ерекше сипаттамасы. Лейбництік «айналы монадасының» қасиеті негізгі рухани ақылға қонымды сапаның - апперцепцияның анықтауында бастау алады.

В. Лейбниц «апперцепция» терминін енгізді, олардың сана-сезімін немесе рефлективті актілерін (олар бізге «Мен» деп аталады деген ой береді), танымайтын қабылдауларға (перцепцияларға) қарағанда. Ол өзін-өзі сезінуді апперцепциямен байланыстырды: апперцепцияның арқасында қандай да бір мазмұнның ғана емес, оның менің санамда екенінің айқын көрінісі болады. «Осылайша, монаданың ішкі жағдайы бар қабылдау-перцепция мен апперцепция-сана немесе осы ішкі жағдайды рефлективті тану арасындағы айырмашылықты жасау керек . . . » [7] .

Бұл айырмашылық оларға картезиандықтармен бірге полемикада жүргізілді, олардың пікірі бойынша «ешнәрсе» деп саналды және осының негізінде тіпті «нығайды . . . жан өлімі туралы пікірде» Бұл мағынада Лейбницеде апперцепция назар туралы қазіргі заманғы ұғымға жақын, бірақ онымен сәйкес келмейді.

Кант кері байланысты логикалық және трансцендентальды түрлерін ажыратқан. Логикалық рефлексияда бейнелер бір-бірімен салыстырыады. Трансцендентальды рефлексияда салыстырылатын бейнелер басқа танымдық қабілетпен байланыстырылады. Бұл танымдық қабілеттер ретінде сезімталдық пен ақыл-есті қарастырады. Зат туралы білім болмай, феоменологиялық тұғыр олардың ойлау үдерістерін бейнелеуін ғана көрсетеді және осы үдерістер рефлексия кезінде тексеріледі. Бақыланып жатқан затқа қатысты сананың кері байланыс нәтижесінде бұл затты танылуы еселенеді. Біз үшін екі қабылдау (затты білу және өзін-өзі тану: зат туралы білімді тану) тең болады. Себебі «ойлайтын адаммын» және кейде уақытша өзгере отырып, шеңбер бойынша қалай қозғаламын, сондай-ақ рефлексия немесе сананың «зат» және «зат туралы ойлаймын ойының» ойлау қабілетіне және заттың өзінен-өзін ажыратуға және заттың өзінің екіге бөлінуіне әкеп соқтыратынын түсінеді.

И. Канттың философиясында трансцендентальдық кері байланыс деп танымның деректелген формалары аталады, олар кез келген тәжірибенің мүмкіндігін негіздейді және анықтайды және біздің танымымызды ұйымдастырады. Сезімділіктің трансцендентальды нысандары кеңістік пен уақыт, сананың трансцендентальды нысандары (субстанция, себептілік және т. б), санаттың трансцендентальды нысандары - таза ақылдың реттеушілік идеялар (Құдай, жан, тұтас әлем идеялары) болып табылады.

И. Кант: «Бұл таным мүмкін болғандықтан, біздің танымның түрлері сияқты пәндермен ғана емес, трансцендентальды таным деп атаймын. Бұл трансценденттік рефлексияда, бір-бірін объективті салыстыру мүмкіндігіне негіз бар» [8] .

Кант рефлексияны «кері байланыстың пайымдау қабілетінің» ажырамас бөлігі ретінде қарастырды. Егер пайымдаудың анықтаушы қабілеті жеке болса, онда рефлексиялық қабілет тек жеке ғана берілген жағдайда қажет, ал ортақты әлі табу керек [9] .

Кант рефлексия ақыл үшін қажет деп таниды. Канттың санасы мен рефлексия арасындағы, априорлы және трансцендентальды таным арасындағы байланыс айқын көрінеді. Уақыт пен өнімді қиял бұл жерде байланыстырушы функцияны орындайды; уақыт трансцендентальды таным пәні (сезімталдықтың априорлы нысаны және трансцендентальды сызба), ретінде және сананы жинақтаудың бейнелеу құралы болып табылады.

Ойлаудың субъективті түсінігіне қарсы Гегель ақиқаттың объективтілік идеясын ұсынады. Спекулятивтік білім - әлемді рухани және тәжірибелік түсінудің бір түрі. Философиялық-теориялық жинақтау рефлексия мен түсінік көмегімен жүргізіледі. Гегель философиясында спекулятивтік идеясы теориялық пен тәжірибелікті біртұтас қабылдап, тәжірибелік білімге көбірек мән береді. Бұл жерде рух абсолюттік субъект ретінде қарастырылып, оның өзіндік санасының логикалық нысандары оның тіршілік нысандары болып табылады. Ал басымдық позициясы - ойлау мен тіршіліктің, субъект пен объектінің теңдік позициясы болып табылады. Гегельдің рефлексия туралы түсінігі: «болмыстың көзқарасы - рефлексияның көзқарасы болады»[10] . Сонымен Гегель болмысты өзіндегі кері байланыс ретінде анықтайды.

Гуссерль ерекше рефлексияны қолдануды қарастырған. Бұл жерде өз өміріне деген саналы түсінігін феноменологилық әдіс көмегімен жүргізді. Редукция әдісіне жақындай келе рефлексия бұл жерде «суреттеу әдісі» болып табылады. Бір жағынан қандай да сана акті ретінде рефлексия ой елегінен өткізіледі, екінші жағынан кері байланыс сипатын басқалардан ерешелеп отырады; өйткені рефлексияда жасалып қойған редуктивтік актімен ісіміз болады. [11] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімі
Сыни тұрғыдан ойлау - әлеуметтік ойлау
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫ
Сыни ойлау психологиясы
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану жолдары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz