Зат есімнің жалғауларын оқыту


Бастауышта қазақ тілін дамыта оқыту
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Дамыта оқыту технологиясы . . . 5
1. 2 Білім беруді жаңартудың методологиялық негіздері . . . 16
1. 3 Саралап оқыту технологиясы . . . 22
1. 4 Деңгейлеп оқыту технологиясы . . . 25
2 БАСТАУЫШТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ
2. 1 Дамыта, деңгейлеп оқытуды қолданудың тәрбиелік мәні . . . 31
2. 2 Дамыта оқыту, модельдеу арқылы қазақ тілін оқыту . . . 33
2. 3 Дамыта, жеделдете қазақ тілін оқыту . . . 43
2. 4 Қазақ тілін сатылай кешенді талдай оқыту . . . 47
2. 5 Қазақ тілі сабақтарында жаттығуларды қолдану технологиясы . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63
Ф 7. 02-14
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . ХХІ ғасыр - жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.
Мұғалімнің шеберлігінің негізі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру, игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметіне пайдалана білу, мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен сабақпен байланысты.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда, білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттілерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде, ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде,
баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде, мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Осы тұрғыдан тақырып өзекті. Бұл тақырып жөнінде бүгінгі таңға дейін ғылыми зерттеу жұмыстары орындалмаған. Сондықтан аталған диплом жұмысы алғашқы жұмыстардың бірі.
Зерттеудің мақсаты. Бүгінгі күні мемелекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдеріне аса зор көңіл бөлінуде екені бәрімізге белгілі. Оның үстіне келешек маман ретінде ұстаздық жұмысты бастамас бұрын өз мамандығымды жете білу мақсатында жаңа технологиялық әдістерді зерттеп білу қажет деген талап «Бастауышта қазақ тілін дамыта оқыту» деген тақырыпты таңдауыма себеп болды.
Зерттеудің міндеттері. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда, білім алушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялар пайда болуда. Диплом жұмысының міндеті жаңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, бастауышта қазақ тілін меңгертуде жаңа технологиялық әдістерді көрсету болып табылады.
- Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар туралы білім беру.
-Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды.
Бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолданудың міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Бастауышта қазақ тілін дамыта оқытуды ұйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды
Зерттеу нысаны. Бастауыш мектептің оқу -тәрбие үрдісіндегі қазақ тілі пәні.
Зерттеудің әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы бастауыш мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.
Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Дамыта оқыту технологиясы
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі- қазақ мектебі түлегінің білім сапасының дейгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару- еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т. б. [1] .
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні Л. С. Выготскийдің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген универ-ситеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады [2] .
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ оны жалпы білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыту оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма (құралы ма) деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген ғалымдар оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыму, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерін өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет [3] .
Бұдан шығар түйін: білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтыр, білімділік және жеке тәжірибе, т. б. ) позитивті өзгерістер енеді[4] .
Даму дегеніміз материалдық және идеялық объективтілердің қайтымысыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады(З. Қараев) .
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін-өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан-жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар (өнімдер) туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр түрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу-танымдық әрекет- ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептеуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде «Дамыта оқыту» халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті - академик В. П. Зинченко.
«Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі» бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі- дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Даниил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.
Академик В. П. Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты-теориялық ойластыру деп санайды және бұл құрғақ дәмсіз білімдер болмау керек, керісінше, ол қоршаған әлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін танып білінуі қажет.
Профессор Б. Д. Элькониннің пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі-дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру»[5] .
В. С. Лазарев ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю. В. Громыко қолайлы деп санайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А. Б. Воронцовтың пікірі бойынша дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санкт-Петербург, Харьков т. б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс әлі айтарлықтай қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттері шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен иетеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әр біреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттернің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген «еркін тәрбие» мектептеріндегі білім беру үрдісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық еске сақтау қызметі дағдылар мен ебдейліктер игерілмейді. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту элементтері мен балама оқыту әдістемеліктердің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе-қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы[5] .
Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру - қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарына негізделген, сыныпты-сабақты ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан:
1. Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.
3. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының «жеңістік жағдаятын» алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.
Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
1. «Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер тізбектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталастар және т. б. жеткізеді.
2. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында жетуі керек. (5 кесте)
1. Кесте №1
Дәстүрлі және дамытушы оқытуды салыстыру кестесі
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқалау, жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім-сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше, дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді[1] .
Мысалы, бастауышта қазақ тілі сабағында мұғалім зат есім тудыратын нама, дама, бей деген жұрнақтардың қалай шыққаны жөнінде де айтса, артық болмайды. Мұғалім зат есімді оқыту тұсында заттық атауларды көбірек үйреткені жөн.
Диктант немесе сөздік жұмысын үйретуде, сондай-ақ балаларды ауызша сөйлеп үйрену дағдысына бейімдеу үшін мұғалім мынадай дидактикалық материалдарды пайдалануына болады.
Оқушылар зат есім туралы басты мәліметтерді бастауыш мектепте өтеді. Сондықтан алғашқы рет зат есімді оқытқанда, алдымен оқушылардың бұл туралы бұрынғы білетіндерін еске түсіріп, сол білімін әрі қарай тереңдетеді.
Бірінші сабақта зат есімдердің мағыналары, жалпы есім және жалқы есім туралы қайталанады. Осы қайталау үстінде оқушылардың зат есім туралы өткендері еске түсіріліп толықтырылады. Қайталау грамматикалық талдау түрінде жүргізіледі. Ол үшін мұғалім алдын ала бірнеше сөйлем дайындап келеді. Бұл сөйлемдерде әр түрлі мағынада жалпы есімдер және бірнеше жалқы есім сөздер болады. Мұғалім осы сөйлемдерін тақтаға жазып, оқушыларды біртіндеп тақтаға шығарып немесе тұрған орнында сөйлем ішіндегі зат есімдерді, жалпы есім, жалқы есімдерді тапқызып, олардың мағыналарын айтқызады.
Мысалдарды талдап болған соң, оқулықтан зат есімнің анықтамасын оқып, мазмұнын оқушылар өз сөздерімен айтып береді. Бастауыш мектепті бітірген оқушылар дерексіз зат есімдерді (ақыл, ерлік, ой, қорқақтық) анық айыра алмайды. Сондықтан оқушылардың зат есім туралы білімін кеңейту үшін, лайықты мысалдар алып, соның ішінен деректі (бор, сия, адам), дерексіз (ой, батырлық, ашу т. б. ) зат есімдерді айыртып, олардың арасындағы мағыналық өзгешелікті үйретеді. Бекіту үшін тапсырмалар беріледі. Сонымен бірге басқа сөз таптатарымен сыртқы дыбыстық жағы ұқсас болып келетін омоним сөздерді айырту үшін де, жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, терең арық - Қой арық. Ұста ат тағалайды. - Атты ұста. Жаз жылы болады. - Хат жаз.
Оқушылардың жалпы есім, оның ішінде деректі зат есім, дерексіз зат есім, жалқы есім және омоним туралы алған білімдерін бекіту үшін, мүғалім әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Мысалы, партаның ыңғайымен, бір қатардағыларға өзен аттарын білдіретін, екінші қатардағыларға қала атын білдіретін жалқы есімдер тапқызу т. б.
Дерексіз зат есімдер тауып, соған сөйлем құрау, немесе омоним туралы түсінігін бекіту үшін, қымыз іш, аяғыңды бас, қолыңды суға мал сияқты сөйлемдер алып, сондағы етістіктердің зат есім болатын омонимдерін ойлап тапқызып, сөйлем құратады. Оқушылардың әрқайсысы екі сөйлемнен жазады. Онда жалқы есімдер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып келуі шарт, Мысалы, Мен биыл Сарыағаш, Жетісай, Түркістан қалаларын араладым. Аулаға Гүлжан, Әсел, Маржан доп ойнауға шықты.
Мұнда жалқы есімдер жайында, бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісі және кітап аттарының тырнақшаға алынатындығы туралы түсінік алады[6, 71] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz