Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты - бала


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 2

1юБАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың белсенділігін дамытудың педагогикалық психологиялық ерекшеліктері . . . 6
  2. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеудің мәні . . . 18

2БПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2. 1 . Сыныптан тыс уақытта ұлттық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру . . . 32

2. 2 Бастауыш сынып пәндерін оқуда ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық шарттары, әдіс - тәсілдері . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 68

Кіріспе

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” бағдарламасында “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген [1] .

Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып береді. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, Қ. Р- ның «Білім туралы» заңында 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңестігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұнымен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа модельдік құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген [2] . Қазақстан республикасының білім беру жүйесі саясатының мақсатының бірі -жан -жақты, білімді шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуына үлес қоса алады.

Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенімен, оқу -тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі - ойын.

Зерттеу көкейкестілігі: Халқымыздың тарихи- мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай -қайсы да адамға соның игілігіне қызмет етуге бағытталған, Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі- ұлттық ойындар.

Ойын да педагогиканың құрамды бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі жайдан- жай емес. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік -эканомикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді.

Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. Дегенмен халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағаналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Еңселі ел болып ана тілін, ата салтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде. Мәселен, білім заңында «Жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негізін қалыптастыру: Жеке адамның белсенділік қабілетін және эстетикалық тәрби беруді дамыту:» Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау: Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардын денсаулығын сақтау, рухани бай, адамзаттың ары таза, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтарды тәрбиелеу.

Белгілі психолог Е. А. Аркиннің [3] пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден- бір жалпы ұғым. «Балқан өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі және бұл үрдіс қатаң түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай».

Қазақтың ұлттық ойындары халық тәрбесіне әсері өте зор. Ұлттық ойындардың тарихын, олардың бала тәрбиесідегі алатын орнын, қолдану жолдарын тек біз ғана бүгінгі күні қозғап отырмыз деуден аулақпыз. Осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар педагогтар, тарихшылар ұлттық тәрбие, ұлттық ойындарды дамыту, қолдану жайлы сан қырлы ғылыми жұмыстар, монографиялар, мақалалар, диссертациялар жазған. Олардың ішінде әсіресе, Ә. Диваев, Қ. Б Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Р. К. Төлеубекова, М. Т. Тәнекеев, Б. Төтенаев, Ә. Бүркітбаев т. б. халықтық тәрбиенің бала тәрбиесіндегі орнын әр қырынан ашып көрсетті. Ұлттық ойындар елдің өмірімен тығыз байланысты оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары әрі құнды.

К. Д. Ушинский В. А. Сухомлинскийлер де оқушы балалық үшін оларды тәрбиелейтіндей орта туғызу, жағдай жасау керектігін атап көрсеткен болатын [4, 5] . Біздің қазіргі мектепте балалар үшін осындай орта бар ма? Әй, қайдам? Оқушылармен жургізген көптеген социологиялық зерттеулер мұндай орта, жағдайлардың жоқтығын дәлелдейді.

Елдің болашағы тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да тәрбие ісіне келесі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан -жақты бойында ұлттық сана ұлттық психология қалыптасқан ертенгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының және мектептің міндеті. Бұл талаптардың жүзеге асуы -алдымен, тәрбие ісіне, оның дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты болса, екінші жағынан, жүргізілетін тәләм-тәрбие ісінің мазмұнына және оны баланың қабылдап меңгеруі мүмкіндігі мен қажетін өтеудегі үйлесімділігімен шарттас.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы арнайы еңбек жазған Базарбек Төтенаев «Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті түсінігіндегі тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды» деген пайымдау жасады [5] .

Қазақ халқының көне заманнан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ұлттық ойындары қоғамдық, жанұялық әлеуметтік тұрмыс - тіршілігіне байланысты дамыған.

Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолдану керек. Сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойындарымыз.

Қазақ халықы өзінің тарихи даму жолында ұрпақ тәрбиесі мен салт-сананы, ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда орасан зор халықтық педагогика жасады. Сонымен қатар ұлттық өнер де әсіресе әншілік күйшілік, ақындық өнер мен қол өнері, ұлттық ойындар, саяткерлік, құсбегілік аңшылық өнер де халық арасында кеңінен дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келеді.

Халық арасына кең тараған өнердің бір саласы -ұлттық ойындар. Әрбір ойынның қатаң сақталатын шарты, ережесі, ойынға қатысушылардың саны, ойынға қажетті құралдар болады. Ұлттық ойындарда оларға қатысушылардан әбжалдық, тапқырлық, ептілік, ойын шарттары мен ережесін өте жақсы білуі талап етіледі. Ойында ұту, я ұтылу ойыға қатысушылардың бойында осындай қасиеттердің бар-жоғына байланысты.

Жамбы ату, аударыспақ, көкпар сияқты ойындар -шабандоздыққа, мергендікке үйретуде ерекше рөл атқарады. Бұл ойындардан қазақ арасында ат спортының кеңінен тарағандығын көрсетеді. Бұл ойындарда күштілік, шыдамдылық, төзімділік, әбжалдық, белсенділік сиақты қасиеттер ерекше сынға түеді.

Халық өршіл ой-арманға меңзейтін шытырман оқиғалы, ғажайып-қиялы әңгімелер, тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш; жұмбақ; мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, балалар ертегілері, баланың ойынын, ойын -сауық жоралғыларын туғызады.

Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнерге беріп, қатты әсер етеді. Сөйтіп дүниені танып-білуге арналған бейнелі, жүйелі оймен астасып, қабысып жатады.

Ұсынылып отырған ұлттық ойындар бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге, пәнге деген қызығушылығын, танымын, белсенділігін арттыруда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді деген үміттемін.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының бойында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау.

Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептегі оқу -тәрбие үрдісі.

Зерттеу міндеті:

а) Бастауыш сынып оқушыларын оқу тәрбие барысында ұлттық ойын элементтерді пайдалану жолдарын түсіндіру.

ә) Осы проблема жөнінде жазылған зерттеу басылымдардағы тақырыпқа байланысты педагогикалық озық тәжірибелерді енгізу.

Б) Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие үдерісінде қазақтың халық ойындарын пайдалану.

Зерттеудің әдістері: теориялық негізде жазылған еңбектердің, оқулық және әдеби көркемдік шығармалардың мазмұнын ашу, озық педагогтардың еңбектеріне талдау жасау.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тараудан және қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың белсенділігін дамытудың педагогикалық психологиялық ерекшеліктері

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталды. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпин болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материялдар жинаған [6] .

Халықтық педагогиканың, яғни ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ұлттық тәлім- тәрбенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруде алатын орны айрықша бөлек. Сондықтан ана тілін ұлттық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз болады.

Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда ұлттық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік берді. Себебі, ұлттық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұнын өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүнесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.

Демек, сабақта ұлттық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол шамыз. Ал ойындар кезінде оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

Бұл ана тілін ұлттық ойындар арқылы меңгертудің басты педагогикалық талаптары ғана. Ал оны жүзеге асыру үшін мұғалім әдістемелік жағынан шебер, ана тілінің тілдік құрлысын жете меңгерген, өз ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болмағы ләзім.

«Білім инемен құдық қазғандай» демекші ұстаздық еңбектің қиындығы да, қызығы да мол. Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделігі әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілікті қасиетін сезіндіру. Бүгінгі ұстаздың шәкірті дүние жүзілік мәдениетті танитын, төл- мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы керек.

Сондықтан ұлттық ойындар арқылы оқушыларды ерлікке, өжеттілікке, батылдыққа, тапқырлыққа, байсалды да шапшаң болуға үйретеді.

Я. А. Коменский: «Ойын-айналадағы дүниені танудың тәсілі», -деп атап көрсеткен болатын. Осы сөзден балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның маңызының зор екенін байқауға болады.

Ойынның нәтижесінде баланың бойында ойлану, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, тапқырлық, белсенділік қасиеттері артып, дамиды. Сондықтан әр сабақта ұлттық ойын элементтерін тиімді пайдаланған жөн.

Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Ойынды орындау барысын да әр оқушының қабілеті шыңдалады.

Ұлттық ойындар арқылы оқытудың әр деңгейлігіне және оқу үрдісінің негізгі міндеті жаңа материялды оқып үйренудің негізгі міндеті жаңа материялды оқып үйренудің барынша тиімді нәтижесіне қол жеткізуге болады. Мен оқушылардың жаңа нәтижелерге жетуіне қуанамын себебі олардың жетістіктерінде менің де зор үлесім болары анық. Бұл маған күш- қуат береді, жаңа қызықты әдіс-тәсілдерді іздестіруге, кәсіби шыңдалу жолына, өз еңбегімнің жемісін көруге ұмтылдырады.

Оқыту үрдісін де сапалы білім, саналы тәрбие беруді жетілдіруді қазақтың халық ойындарын пайдалануды қамтамасыз ететін негізгі шартта:

- Білімдерді игеру ұстанымын өзгертіп отыру;

- Оқу материалының мазмұнын оқушылардың білімдерін дамытушы жүйе ретінде қою;

- Оқу үдерісіне проблемалық тапсырмалар жүйесін ендіру;

- Оқуды ұйымдастыру үшін ұлттық ойындарды оқу үдерісіне енгізу қолдану;

- Жоғары көңіл-күйді құру болып табылады.

Дей тұрсақ та Қазақстанда жарық көрген философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми басылымдардың ішінде халықтық педагогиканың қоғамның рухани дүнесінде, соның ішінде білім беру саласында алатын өзіндік орны мен рөлін, ұлттық тәлім - тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелерін зерттеуге арналған бәрде - бір қомақты монаграфиялық еңбек жоқ. Жарық көрген басылымдардың барлығы дерлік негізінен жалпы білім беретін орта мектептің оқу- тәжірибе ісінің белгілі бір саласының немесе бегілі бір пәннің көлемінде ғана халықтық салт -дәстүрлер мен әдет- ғұрыптардың қайсы бір жекелеген түрлерінің тәлімдік озық үлгілерін пайдалану әдістемелерін көрсетумен шектелген.

Сондықтан да болар, халықтық педагогиканың тәлімдік мәні бар озық үлгілерін оқу тәжірибе ісінде қолдану мәселелеріне арналған еңбектерінде қарастырылып отырған мәселедегі басты ұғым. «Халықтық педагогика» терминінінің мәнін анықтауға, ерекше белгілерін және қызметін талдап, түсіндіруге талап жасалмаған.

Халықтық педагогиканың нысаналы - міндеті өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан ұлттық өзіндік адамшыл қадір -қасиеттерді, салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың терең тәлімдік мәні бар озық үлгі- өнегелерін сіңдіру: жалпы адамзатқа тән білім негіздерін оқытып үйрету; дағды іскерліктер мен біліктілікке баулу, еңбекке т. б. бейімдеу. Бір сөзбен айтқанда, өсіп келе жатқан жас ұрпақты өз ұлтының мәртебесін тасытатындай лайықты өмір сүруге даярлау.

Олай болса «халықтық педагогика дегеніміз халық бұқарасының тәлімді тәрбиесіне тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің нәтижесі ретінде ұрпақтан ұрпаққа негізінен ауызша түрде жеткізіліп келген эмпирикалық білімдерінің, мағлұматтарының, бейімділіктері мен дағдыларының жинақталған және практикада тексерілген жиынтығы. Халықтық педагогика мұралары ескіден келе жатқан ертегілерде, аңыздарда, ұлттық ойындарда, эпостық жырларда, мақал -мәтелдерде, шешендік сөздерде, өнерде сақталып, ұлттық өзіндік салт- дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарынан көрінеді, өсіп келе жатқан жас ұрпақты бұқара халықтың ең озық мұраттары рухында оқыту мен тәрбиелеуге қызмет етеді».

Халықтық педагогика әлеуметтік тарихи феномен. Оның пайда болуы мен дамуынан бөліп алып қарастыруға болмайды. Халық қаншалықты жасаса, халықтық педагогика да соншалықты өмір сүріп келеді. Айталық, қазақ халқы қазақ екенін түсініп, ес біліп етек жеңін жинаған тайпалық қауымдыққа бірігіп, бір тұтас ел болған бағзы заманнан -ақ ошағындағы жаққан отын сөндірмей ұрпақтан ұрпаққа өткізер бұтағының тәлімді тәрбиесіне талапты болған. Артында қалатын ұрпағына амандық пен бірлік, тергеніне ие болар тұяғына ата дәстүрі мен салтының, әдет- ғұрыпы мен ырым- жоралғысының озық үлгілерін сіңіре білген. Ата кәсібіне баулып, шаруашылық жүргізудің өз ұлтына тән қыр- сырына үйреткен. Еңбекке, өнерге, түрлі зергерлік бұйымдар жасауға, өрмек тоқуға, іс тігуге т. б. жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе ұлттық ойын түрлеріне: жамбы ату, аударыспақ, найза лақтыру, көкпар тарату т. б. машықтандыру ұлттық тәлім- тәрбиенің өзекті арқауы болған. Бірде -бір той -томалақ үйлену тойы, құда түсу, жаушы жіберу, қыз таңдау, қарғы бау, үкі тағар ұрын бару, есік төр көрсету т. б. өнер сайысынсыз өтпеген. Сайысқа түскендерді ел болып көтермелеп, мадақтаған. Бұл дәстүрдің қандай терең тәлімдік - тәрбиелік мәні бар десеңші! Өйткені, мақтау сөз таланттыға қуат беріп, өнер шыңына жетелеген. Қатарының алды болсам басқалардан озсам деген сезім тудырған. Талантты бұлақтың қайнарын ашып, бағын асыруда, бұдан артық тәлім бар ма екен, шіркін.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық ойындарға, дәстүрге, әдет- ғұрыптарды құрметтеуге, үлкенге ізет кішіге құрмет көрсетуге, кішіпейіл де қарапайым, ибалы да ізетті болуға баулу халық педагогикасының жанды тақырыбы. Адамгершілік пен инабаттылық, ізгілік пен имандылық, тәрбиелік пен мәдениеттілік, тазалық пен сыйласымдылық, кішіпейілділік пен сыпайлық, ата- ананы құрметтеу, үлкенге орын беру т. б. миллиондаған адамшыл жұғымды сапалық қасиеттер де өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына сіңдіру ежелден- ақ қазақтың дәстүріне айналған.

Халықтық педагогиканың мазмұны бай, құрлымдық элементтері әр түрлі халықтық педагогиканың құрамына тәлімдік мәні бар белгілі бір ұлттқа тән барлық құбылыстар кіреді. Олар мыналар: ұлттық болмыс, діл қадір -қасиет ұлттық сана сезім, өзіндік дүниетанымы, ұлттық психологиялық ерекшеліктері, (мінез құлқы, түйсік-түсінігі, көңіл- күйі ұлттық сезімі, эмоциялық шымырқануы, ұлттық мақтанышы, ұлттық талғамы), ұлттық материялдық және рухани құндылықтары, ұлттық мүлделері, салт- дәстүрлері, әдет- ғұрыптары, наным- сенімдері, рухани дүниесі, ұлттық өнері, ұлттық ойындары ән- күйі, халық билері, сөз өнері (ауыз әдебиеті мен фольклоры, ертегілері, мақал- мәтелдері, жұмбақтары, жаңылтпаштары, хиссалары, эпостық жырлары, қазіргі ұлттық көркем әдебиетті туындылары т. с. с. ) . Отан қорғау, жаугершілік, аң аулаушылық тәсілдері, ұлттық тәлім- тәрбие білім беру, дағды- іскерліктерге және біліктілікке үйрету. Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім- тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата- ананың да, мектеп ұйымының да басты борышы.

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблеммаларына көптеген ғалымдар педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.

Әр халық өзінің жас ұрпағын қайрымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ер жүрек, ізгі ниетте, ар ожданы мол болысып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесін сыннан өткен салт- дәстүрлерді, педагогикалық әдіс- тәсілдерді пайдаланып келеді.

Халыұқтық педагогика дәуірдің небір қатал сыннан өтіп, жаңағырып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт- дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасасыпнеле жатқан қазына.

Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы, жазушы Ы. Алтынсарин [7] өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік ойындардың бала психикасына кері әсері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту
Жабайы алма повесть
Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы
Үмбетбай Уайдин – публицист, сатирик
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz