Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Жаратылыстану институты

Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы

ӘОЖ378. 1(574) :004. 031. 4:378. 245. 2

Құмаш Әсел Қайратқызы

Магистрлік диссертация

Тақырыбы: Білім берудегі онлайн платформалардың қазақстандық моделін құру ерекшеліктерін талдау

7М01514 - «Информатика» білім беру бағдарламасы

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент Досжанов Б. А.

Қызылорда, 2022 ж.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 3

АНЫҚТАМАЛАР 4

ҚЫСҚАРТУЛАР 5

КІРІСПЕ 6

1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 10

1. 1 Білім берудегі онлайн платформалар туралы түсінік 10

1. 2 Білім беру жүйесіндегі онлайн платформалардың түрлері 29

1. 3 Онлайн платформалардың білім берудегі дидактикалық мүмкіндіктері мен тиімділігі 41

1. 4 Онлайн оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері 50

2 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ 61

2. 1 Информатика сабағын онлайн өткізудің әдістемесі 61

2. 2 Білім беру жүйесіндегі онлайн платформаның қазақстандық моделі 70

ҚОРЫТЫНДЫ 83

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 85

ҚОСЫМША 89

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:

1. ҚР 27. 07. 2007ж. «Білім туралы» Заңы, 09. 04. 2016 ж. №501-V өзгертулер және толықтыруларымен;

2. ҚР Үкіметінің 23. 08. 2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген, 13. 05. 2016ж. №292 өзгертулер және толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары»;

3. Қашықтықтан оқыту үдерісі ҚР БҒМ 20. 03. 2015 ж. №137 бұйрығымен бекітілген, 12. 06. 2015 ж. № 10768 өзгертулер және толықтырулар енгізілген «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін бекіту туралы»;

4. ҚР СТ 34. 017-2005. Ақпараттық технологиялар. Электронды басылым. Электрондық оқу құрал.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылады:

Ақпараттық қызмет (сервис) - бұл өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелерінде де, басқа автоматтандырылған жүйелердің қосымшаларында да қолдануға болатын автоматтандырылған процестердің ыңғайлы логикасын жүзеге асыратын қосымшаларды әзірлеу кезінде қолдануға жарамды автоматтандырылған жүйенің атомдық ыңғайлы функциясы.

Ақпарат технологиясы - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Асинхронды қашықтықтан оқыту әдісі білім алушы мен оқытушының арасындағы байланыс мүмкін болмаған кезде қолданылады offline (мысалы: пошта, түрлі форумдар) .

Білім беру платформасы - бұл шын мәнінде оқу материалдарын орналастыратын және мұғалім мен оқушылар арасында байланыс болатын сайт.

Вебинар - интернет арқылы семинарлар мен тренингтер өткізу.

Инклюзия - жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру.

Кейс-стади - кейс технология негізінде жүзеге асатын инновациялық технология.

Қашықтықтан оқу - жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.

Онлайн оқу - ұйымшылдық пен ерік-жігерді талап ететін білім алудың қол жетімді тәсілі.

Онлайн білім беру платформасы - бұл интернетте орналастырылған білім беру платформасы.

Синхрондық оқыту - мұғалім бейнеконференция ұйымдастырады және оқушылармен тікелей сабақтар жүргізеді.

Цифрлық білім беру платформасы - қашықтан білім алуға мүмкіндік беретін, әдістемелік материалдар мен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ оқушылардың білім деңгейін бақылау үшін тестілеуге мүмкіндік беретін оқу үдерісіне қатысушыларды біріктіретін ақпараттық кеңістік.

Электрондық оқыту - кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады.

Электрондық басылым - бұл графикалық, мәтіндік, сандық, музыкалық, бейне, фото және басқа да ақпараттың, сондай-ақ пайдаланушының баспа құжаттамасының жиынтығы.

«Z» буын - ұрпақтар теориясына сәйкес ақпараттық технологияны жетік меңгеретін ұрпақ.

ҚЫСҚАРТУЛАР

АКТ
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
АКТ: ЭОЖ
-: -
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Электронды оқыту жүйесі
АКТ: Э-оқыту
-: -
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Электронды оқыту
АКТ: ЭЕМ
-: -
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Электронды есептеуіш машина
АКТ: AR
-: -
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:
  1. Толықтырылған шындық
АКТ: VR
-: -
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:
  1. Виртуалды шындық

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі: Жалпыға міндетті стандарттар ҚР-ның азаматтарының әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сәйкес толыққанды орта білім алу конситуциялық құқығына кепілдік беру үшін енгізіледі. Қазақстандағы білім беруді реформалаудың негізгі тәсілдерінің бірі «Білім туралы» заңға сәйкес, білім беруді басқару болып табылады. Қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында білім беру жүйесін басқару ашықтықтың және оның субъектілерінің өз бетінділігінің дамуына бағытталуы тиіс. Т. Садықов және т. б. жұмыстарында орта білім беруді басқару талданған және ол жүйелік тәсілге негізделуі тиіс деп К. Халықова мен Г. Абдулкәрімованың педагогикалық информатикаға арналған зерттеу еңбегінде көрсетілген [1] . Жүйелік тәсіл барлық жүйе оған кіретін ішкі жүйелермен тұтастай өзара әрекеттесуде болатын жағдай қарастырылады. Ол:

  • оқушылардың оқу үлгерімінің деңгейін, оқытушылардың педагогикалық іс-әрекеттің деңгейін бақылау;
  • қаржыландыруды қамтамасыз етуді басқару;
  • ғылыми педагогикалық кадрлардың және оқушылардың кәсіптік дайындығының деңгейін арттыру;
  • материалдық техникалық қамтамасыз етуді басқару;
  • оқу әдістемелік қамтамасыз етуді басқару;
  • ғылыми зерттелген педагогикалық жұмыстарды енгізу мен эксперимент жүргізу процесін басқаруды қамтуы тиіс.

Қоғамды ауқымды ақпараттандыру бұл күндері тек объективті шынайылық қана емес, сонымен бірге ХХІ ғасырдағы өркениет дамуының басым тенденцяларының бірі. Информатика құралдарының, теле-коммуникациялық жүйелердің және ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуының арқасында біздің планетамызда ондаған, жүз миллион адамдар өмір сүретін жаңа ақпараттық орта пайда болып, постиндустриалдық ақпараттық қоғам белсенді түрде қалыптасып келеді. Бұл қоғамда адам үшін тек жаңа мүмкіндіктер ашылып қана қоймай, бұрыннан белгісіз жаңа мәселелер қалыптасады. Білімді деп әртүрлі фактілер мен құбылыстарды қарастыру жалпы тәсілді анықтайтын жалпы идеяларды, принциптер мен әдістерді меңгерген, жоғары деңгейде дамыған қабілеті бар, меңгерген іскерлігін көптеген дербес жағдайларға қолдана алатын, кімнің білімі көп, сонымен қатар, мәселені жылдам әрі нақты ажырата білетін, түсінігі мен асыл сезімі асқақтаған адамды айтуға болады. Н. Г. Чернышевский атап көрсеткеніндей, адамды толық мағынасында білімді деп айту үшін сапаның - терең білім, ойлай білу дағдысы мен асқақтаған сезімі болуы қажет. Демек, білім беру түсінігінде тек оқытудың нәтижесі болып табылатын білім, іскерлік пен дағды ғана емес, сындарлы ойлай білу іскерлігі, шығармашылығы, айналадағы өтіп жатқанның бәріне үздіксіз процесс ретінде қарап, оны адамның іс-әрекетіндегі және адамдармен қарым-қатынасындағы адамгершілік көзқарас тұрғысынан бағалай білу жатады.

Бұған адамды маңызды іс-әрекет түріне, оның ішінде, ақпараттық іс-әрекет түріне жұмылдыру арқылы жетуге болады. Сөйтіп, белгілі дидакт пен педагогтардың көзқарасы тұрғысынан пайымдасақ, тәжірибені меңгеру, тәрбие сапасын жақсарту, физикалық және ақыл-ойын дамыту тәрізді мәселелермен сипатталатын білім беру белгілі бір үш ұғымды біріктіретін процесс. Дегенмен, білім беру адамның әлеуметтік функциясы туралы белгілі болжамдармен түсіндіріледі, ал оның мазмұны жеке тұлғаны дамыту және оның базалық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады. Білім беру мазмұнын қалыптастыру мен іріктеуге әсер ететін факторлар ретінде:

  • білімді адамдардың қоғамға қажеттілігі;
  • өзінің тарихи дамуының әйтеуір бір кезеңінде қажет болатын жалпы білім беретін мектептің алдына қоғамның қоятын мақсаттары;
  • оқыту процесінің шынайы мүмкіндіктері;
  • оқушылардың орта және қалыпты мүмкіндіктері;
  • жеке тұлғаның білімді қажет етуі.

Білім берудің талаптарын тек қоғам ғана ұсынбайды, уақыттың өтуіне қарай өндірістің, ғылым мен техниканың даму талаптарына сәйкес қоғам мен оқыту процесіндегі индивидтің қызығушылығына сай өзгеріп отырады.

Сонда ақпараттық технологиялар, білім беру платформалары да ғылым мен техниканың даму талаптарына сай келетінін анық көреміз. Зерттеу жобасының өзектілігі білім беру платформаларының білімді ақпараттандыру жағдайында тиімділін дәлелдеу .

Зерттеу жұмысының мақсаты: Білім берудегі онлайн платформалардың қазақстандық моделін құру ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеудің нысаны: Білім берудегі онлайн платформалар.

Зерттеу пәні: Білім берудегі онлайн моделі.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- онлайн, платформа ұғымдарын талдау;

- онлайн платформалардың дидактикалық мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау;

- онлайн оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерін зерделеу;

- еліміздегі онлайн платформалардың қолданылу тәжірибесін қарастыру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Білім беру саласында үлкен жаңалық пен өзгеріс әкелген онлайн оқу кезінде қандай платформалар қолданылатыны, оқушылардың зейінін аудару мақсатында геймификация ұйымдастыру кезінде қолданылатын қолданбалар да онлайнда жиі қолданылады. Аталған платформалар берілген тапсырманы қызықты ететін болса, қазақстандық онлайн білім беру платформалары сабақ уақытында онлайн байланысқа шығумен ерекшеленеді. Сондай-ақ, зерттеу еңбекте қашықтан оқу да онлайн оқудың бір түрі ретінде қарастырылып, сараланды. Онлайн оқуға дейін ақпараттық технологиялар жайы қарастырылып, техника жетілген сайын басқа да салалалар дамитыны анықталды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

-онлайн, платформа ұғымдарын талданды;

- онлайн платформалардың дидактикалық мүмкіндіктері мен тиімділігін анықталды;

- онлайн оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерін зерделеленді;

- елімізде онлайн платформалардың қолданылу тәжірибесі қарастырылды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Зерттеу жұмысында көтерілген мәселелерге орай педагог зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды. Орыс және шетел ғалымдарының іргелі еңбектері пайдаланылып, қажетті пікірлерге сілтеме жасалды. Білім беру саласындағы озық үлгілер әрі жаңалықтар ретінде қолданыс тапқан платформалар келтіріліп, қарастырылды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Зерттеуде төмендегі нәтижелер практикалық құндылық ретінде ұсынылады:

- ақпараттық технологиялар уақыт өте келе озық үлгідегі технологияға айналғанымен қоймай, білім беру саласында онлайн оқытуға мүмкіндік бергені, түрлі платформалардың қалыптасуының бірнеше мақсаттары бар екені;

- онлайн және қашықтан білім берудің ауыл мен қала арасындағы білім айырмасын азайтатыны, ерекше балаларға да тиімді екені;

- информатика пәнін оқыту кезінде платформаларды қолдану тиімді екені, оқушылардың ақпаратты саралап, талдайтыны, аналитикалық қабілеттері дамитыны анықталды;

- онлайн оқудың білім алу кезіндегі ашық қоғамды қамтамасыз ететіндігі айқындалды.

Зерттеу көздері: Зерттеу жұмысында Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектері басты назарға алынды.

Зерттеу әдісі: Зерттеу еңбекте бұған дейін зерттеліп, ғылыми айналымға түсірілген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері, әр түрлі басылым беттеріне шыққан мақалалар, диссертациялар мен олардың авторефераттары біріншіден, анализдеу әдісімен жүзеге асты. Екіншіден, орыс және шетел ғалымдарының еңбектеріндегі ой-пікірлер салыстырмалы әдіс негізінде жүзеге асты.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • білім беру саласында қолданылатын білім беру платформаларының екі түрлі мәселені қамтитыны, білім теңдігі мен ерекше балаларды оқыту мәселелерін шешіп, білімнің үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
  • ақпараттық технологиялардың дамуының нәтижесінде қалыптасқан онлайн жүйедегі платформалардың тиімділігі мен артықшылықтары саралана келе, білім беру саласының озық үлгідегі білім алуына мүмкіндік береді;
  • информатика пәнін оқыту кезінде қолданылатын платформаларды қалай қолдану қажеттілігі мен сан түрлілігіне шолу жасалып, онлайн оқудағы әдістемесі қарастырылды;
  • жаңа ақпараттық технологиялардың білім беру саласында енгізіліп, белсенді қолданылуы дидактикалық процестің барысын өзгертіп, оқушылардың ақпарат алуы, өңдеуі, пайдалану процестері өзгеретінін көрсетеді;
  • ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы мен ақпараттың саралаудағы информатика пәнінің үлесінің зор екендігі;
  • білім беру платформасының мұғалім мен оқушының білім саласында байланыстырып, жетістікке бірлесе жетуге әсер ететін, зерттеушілік қабілетті дамытуға әсер беретін тапсырмалар, бағалау жүйесі орналасқан сайтта жұмыс жасайды.

Зерттеу нәтижелерін енгізу: Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері мақала, тезистер түрінде конфренция мен ғылыми журнал жарияланды, кафедра мәжілісінде талқыланып, алдын-ала қорғаудан өтті.

Диссертация құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Білім берудегі онлайн платформалар туралы түсінік

ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат өзінің дамуында жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл кезеңде индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға көшу басталды. Қордаланған ақпарат көлемі мен жеке тұлғаның оның сақтау, өңдеуінің арасындағы қарама-қайшылықтың өсуі ақпараттық дағдарысты сипаттайтын «ақпараттық қопарылыс» терминінің пайда болуына әкелді. Қоғам айналасындағы ақпараттың мөлшері шамамен 8-12 жылда екі еселеніп отыр. «Ақпараттық қопарылыс» деп аталатын бұл құбылыс ақпарат ғасырының басын уағыздайтын белгілердің ішінен көрінеді және ол:

  • Қордаланған ғылыми білімнің көлемінің көбею уақытының жылдам қысқаруын;
  • Ақпаратты сақтау, өңдеу және таратуға шығатын материалдық шығынның, сондай-ақ, энергетикалық шығынның артуын көрсетеді.

Индустриалдық қоғамнан кейінгі қоғамның тұжырымдамасын батыстың зерттеушілері: Д. Белл, Дж. Гелбрейт, Дж. Мартин, И. Масуда, Ф. Полак, О. Тоффлер, Ж. Фурастье және т. б. ғалымдар зерттеді. Ж. Фурастье индустриалдық қоғамнан кейінгі қоғамды «қоғамға қызмет» ретінде анықтады. Бұл бағыттың дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдардың ішінен В. М. Глушков, Н. Н. Моисеев, А. И. Ракитов, А. В. Соколов, А. Д. Урсул және т. б. ғалымдарды ерекше атап өтуге болады. Қазіргі уақытта бұл бағытта Артамонов Г. Т., Колин К. К. және т. б. зерттеушілер белсенді еңбек етуде. Мамандар ақпараттық қоғамның негізгі белгілерін ерекшелейді:

  • ақпараттық қоғамда жұмыс істейтіндердің көпшілігі ақпараттық салада, яғни ақпарат пен ақпараттық қызмет саласында жұмыс істейді;
  • қоғамның кез келген мүшесі өзіне қолайлы уақытта кез келген аймақтағы ақпаратқа кірудің техникалық, технологиялық және құқықтық мүмкіндігімен қамтамасыз етілген;
  • ақпарат қоғамның маңызды стратегиялық ресурсы болып, экономика, білім беру және мәдениет салаларынан негізгі орын алады.

Осы көшуді қамтамасыз ететін процесс ақпараттандыру деген атауға ие болды. «Ақпараттандыру» терминінің өзі қалай анықталуы мүмкін? Бұл сұраққа берілетін жауап ақпараттық қоғамның шынайы жағдайы мен даму болашағаын талдаудың тәсілдерін анықтауға тәуелді болады. Ақпарат-тандыруға деген толық көзқарас «ақпараттық қоғам құру мақсатында информатика құралдарының көмегімен басқару мен даму ресурсы тәрізді ақпаратты меңгерудің жүйелі-әрекеттік процесі негізінде анықталады және өркендеу прогресінің ары қарай жалғасуы осы негізде жүзеге асады». Бірқатар авторлардың пікірі бойынша ақпараттандыру процесі өзара байланысқан үш процесті қамтиды:

  • Медиатизация - ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату құралдарын жетілдіру процесі;
  • Компьютерлендіру - ақапаратты іздеу және өңдеу құралдарын жетілдіру процесі;
  • Әлеуметтік интеллектуалдандыру - ақпараттың қабылдануы мен дүниеге келу қабілетін дамыту процесі, яғни жасанды интеллект құралдарын пайдалануды қоса есептегендегі, қоғамның интеллектуалдық потенциалын арттыру.

Мамандар қоғамды ақпараттандыруды когнитивті әлеуметтік құрылымдар мен процестерді қазіргі ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен сапалы түрді жетілдіру, дамыту, оны түбегейлі күшейту ретінде сиапаттау қажет деп көрсетеді. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғына қарай ақпараттандырудың алғашқы тұжырымдамасын талқылауда ғалымдар мен мамандар басты мәселені: негізгі мәселе - ақпараттандыру тұжырымдамасында емес, қоғамды, оның құрылымдарын дамыту тұжырымдамасында, ақпараттандыру - демократияландырудың серігі және онсыз мүмкін емес, - екендігін ерекшеледі. Ғалымдар ақпараттық қоғамның екі негізгі теориялық-методологиялық тәсілін атап көрсетті:

  • Технократтық - ақпараттық технологиялар еңбек өнімділігін арттыру құралы болып есептеледі, оның пайдаланылуы, негізінен, өндірістік сала және басқарумен шектеледі;
  • Гуманитарлық - ақпараттық технологиялар тек өндірісте ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік сала үшін мәні бар, адам өмірінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

Технократтық тәсілдің кеңінен таратылуының себептері, «ақпараттандыру» және «компьютерлендіру» ұғымдарының теңестірілуі объективті әрі субъективті сипатқа ие болуында. Жаңа техниканың, дәлірек айтқанда, есептеу техникаларының объективті дамуы қарқынмен өсуінде. Субъективті түрде проблемамен таныс емес адамдардың саны айтарлықтай қаржылық және саяси дивиленттердің пайда болуына әкеледі. Ақпараттандырудың экологиялық қауіпсіз және қоғамның тұрғылықты дамуымен байланысы бар. Ақпараттық экономиканың негізі - білім немесе интеллектуалдық-ақпараттық ресурс. Білімнің материалдық ресурстарымен - қоғамның алдыңғы даму кезеңдерінің іргесімен - салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар. Материалдық ресустар қатаң түрде сақталу заңына бағынады. Егер сіз табиғаттан бірнәрсе алатын болсаңыз, экологиялық мәселені қиындатасыз, егер сіз көршіңізден алатын болсаңыз қарама-қайшылық пен соғыс пайда болады. Бұл шынымен осылай. Отын жанады, қаржы жұмсалады т. с. с, ал ақпараттық ресурс «таусылмайды», оны бірнеше рет пайдалануға болады. Ақпараттық экономикаға негізделетін қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзінің болмысынан көптеген әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерден алшақтайды да, өзінің негізгі параметрлері бойынша қуатына қарай қоғамның экспоненциалдық дамуына ұласады. Сөйтіп, ақпараттандыру - бұл қоғамдағы еңбектің сапасы мен өмірдің шарттарын түбегейлі жақсартуға қажетті және жеткілікті болатын барлық қоғам мүшелерінің хабардарлылық деңгейге жетуін және оны сүйемелдеу деңгейін қамтамасыз ететін жалпыға бірдей ақпараттық құралдар мен технологияларды құру, дамыту және қолдану. Бұдан ақпарат қоғамның маңызды стратегиялық ресурсы болып, экономика, білім беру және мәдениет салаларынан маңызды орын алады. Бұл бағыттағы жұмыстарға жасалынған талдау аталған түсінікті ақпараттандыруды құрайтын әртүрлі процестер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді:

  • Ақпараттық ғылымдардың абыройын арттыратын, практикалық іс-әрекеттегі ақпараттық әдістерді тарататын әлеуметтік процесс ретінде;
  • Шынайылықты бейнелейтін танымдық процестерді қоса есептегендегі, барлық әлеуметтік мәнді ақпараттарды электрондық техникалық құралдармен сақтауға, өңдеуге және таратуға мүмкін болатындай ұсынылатын ақпараттық процесс ретінде;
  • Жердің биосаласы мен инфосаланың біртұтас интеллект тәрізді материалдық-техникалық негізі - инфосаласының құрылуын сипаттайтын материалдық процесс ретінде;
  • Техникалық дәуірден (не істеу керек?) технологиялық (қалай орындау керек?) және идеологиялықтан мәнділікке (не үшін орындау керек?) көшу барысындағы әрбір жұмыс орнындағы ақпараттық есептеуіш қуатқа бара-бар, жоғары автоматтандырылған материалдық және энергетикалық өндіріс саласындағы адам еңбегінің үлесін қысқарту және адам қызметінің басқа салалардағы еңбегінің өнімділігі мен тиімділігін түбегейлі арттыруға әкелетін өндіргіш күштерді дамыту процесі ретінде;
  • Қоғамға- өзінің дамуында барлық деңгейдегі белсенділікті оятуды динамикалық түрде реттеуді - дербес іс-әрекеттен жалпы адамзаттық институттарға дейін - жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлемнің тұтастай ақпараттық моделін қалыптастыру мен сүйемелдейтін танымдық процесс ретінде.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Ақпараттық коммуникациялық технологияның бастауыш сыныпта маңызы
Бастауыш сыныпта АКТ қолдану
Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту
Оқытудың жаңа технологиялары және Визуал Бейсиктің қолданылуы
Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz