Гендерлік әлеуметтану



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасаның Білім және Ғылым Министрлігі
Ғұмарбек Даукеев атындағы "Алматы Энергетика және байланыс университеті"

Реферат
Тақырыбы: " Гендерлік әлеуметтану "

Аты-жөні: Басшыбаев Аян Қуандықұлы
Топ: СИБк-21-13
Тексерген: Абуханов Шаяхмет Абалакович

Талдықорған қ.2022 ж.
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Гендерлік әлеуметтану
2. Гендер
3. Гендердің әлеуметтік құрылысы
4. Гендердің негізгі әлеуметтану теориясы
III. Қорытынды.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Гендер түсінігін дүниеге әкелген әлеуметтік ақиқат және шындық.
Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әр түрлі смпаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлауын, нормалары мен өмірлік мақсаттарын және т.б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымын білдіреді.
Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады. Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады.
Мұсылман діні келгенге дейін Араб түбегіндегі жұрттар әйел баласын аса қадірлей қоймаған.Қараңғылық, зұлымдық пен қатігездік билеген қоғамда әйел атаулы қорланып, базарларда бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан - ашық жасалатын.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады.
Гендерлік әлеуметтану - бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы ер және әйел ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.Бүгінгі таңда гендер ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, гендер тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі - ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн.

Негізгі бөлім
1. Гендерлік әлеуметтану
Гендер термині жыныс - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды.
Жыныс - гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде - жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіпктік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады. Гендерлік теңдіктің дамыған жері бұл Скандинавия мемлекеті болып табылады. Атап айтқанда Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 1905-1920 жылдарынан бастап әйелдерге сайлауларға қатысып және өздері де таңдаулы болуына мүмкіндік жасалды. Барлық скандинавилық мемлекеттерде әйелдер мен еркектер өздерінің құқықтары, саясатқа араласу, кез-келген жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан тең құқылы болды. Ұлттық әркелкілікке қарамастан гендерлік теңдік бұл елдерде бірдейболды. Бұл елдер басқа елдерден айырмашылығы олардың өкімет басқарушыларына үй шаруашылығы және отбасы жайындағы проблемаларды шешуге жол берілген.
Гендерлік теңдіктің дамыған жері бұл Скандинавия мемлекеті болып табылады. Атап айтқанда Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 1905-1920 жылдарынан бастап әйелдерге сайлауларға қатысып және өздері де таңдаулы болуына мүмкіндік жасалды. Барлық скандинавилық мемлекеттерде әйелдер мен еркектер өздерінің құқықтары, саясатқа араласу, кез-келген жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан тең құқылы болды. Ұлттық әркелкілікке қарамастан гендерлік теңдік бұл елдерде бірдейболды. Бұл елдер басқа елдерден айырмашылығы олардың өкімет басқарушыларына үй шаруашылығы және отбасы жайындағы проблемаларды шешуге жол берілген. Швецияда 1960 жылдары әйелдердің саясат жағында мемлекетке қызмет етуі 29% жеткен ал 1998 жылдары бұл жағдай 48% -ке өсті. Гендерлік теңсіздігіне қарамастан қыз балада, ұл балада орта оқуды бірдей тең дәрежеде білім алуға тиіс, өйткені ол білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алады. 1992 жылғы Швецияда қабылданған заң қызмет бабындағы теңдікті одан әрі күшейте түсті. Мемлекет осылайша одан әрі дами түсті. Ал енді Ботсвенде, Чилиде. Лесотода, Намбибияда және Свазиленде әйелдер мен еркектер арасында айтарлықтай теңсіздіктер жүріп жатты. Мысалыға алып қарасақ әйелдер өздерінің күйеуінің қол астында, қарамғында болған. Яғни әйелдердің өздерінің құқықтары жүрмеген. Бірнеше африкалық елдерде тұрмыс құрған әйелдердің жер иелену құқығы болмаған.
Тағы аталып кететін нәрсе Африкадан Оңтүстік Сахараға дейінгі жерлердегі мекендерде еркектер өз әйелдерінің істеген жұмыстарына шарттар қойа алатын болса ал әйелдердің мұндай құқықтары болмады. Ал енді Египетте және Иорданияда әйелдерге шет мемлекеттерге шығуы үшін ең алдымен күйеулерінің рұқсаты керек болды. Ал кейбір арабиялық елдерде әйелдер паспорт алуы үшін күйеулерінің рұқсаты керек болды. әйел мен еркектің гендерлік теңсіздігіне осындай мысалдаркелтірсекболады. 1965 жылдан 1990 жылдар аралығында 23 Шығыс Азия мемлекеттері басқа мемлекеттерге қарағанда тез қарқынмен дамыған. Экономикалық жағынан ең қарқынды дамыған. Экономикалық жағынан ең қарқынды дамыған мемлекет бұл - Япония тағы да атап айтатын болсақ Гонконг, Корея, Сингапур және Тайвань, сонымен қатар Қытай, Индонезия, Малайзия және Тайланд мемлекеттері болды. 1990 жылдары бұл мемлекеттердің экономикалық даму сатысы ьасқа Шығыс Азия мемлекеттеріне қарағанда екі есе, Оңтүстік Америка және Оңтүстік Азия елдеріне қарағанда үш есе және Африка мемлекетімен салыстырғанда бес есе көп қарқынды дамыды. Бұл мемлекеттер мұндай дәрежеге товарларын рынокқа еркін шығара білуінде болды. 1970 жылдары Японияда жұмыс бабындағы әйелдер саны 39% - ті құраса, Сингапурде Индонезияда, малайзияда 26-31% - ді құрады. 1995 жылға дейін бұл мемлекеттерде әйелдердің жұмыс бабындағы мөлшері 1965 жылы 65% болса, 1992 жылы 81% - ке өсті. 1997 жылы мен 1998 жылы аралығын салыстыра қарағанда еркектердің қызмет бабындағы өсу дәрежесі шамалақ болса, ал әйелдердің өсу деңгейі айтарлықтай дамыған. Тағы да басқа зерттеулерге сүйенсек аптасына 45-сағат жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 1994 жылы 20% - ке жетсе 1998 жылы бұл жағдай 24,9% жетті, ал бұл кезде ерлердің көсеткіші өте төмен болды. Бұл елдерде 1997-1998 жылдары аралығында еркектер арасында жұмыссыздық көбейіп кетті. Әр әлемнің бөлшегіндегі болған мәліметтерге қарағанда 1960 жылы 55-64 жас аралығындағы еркектердің жұмысқа қатысу дәрежесі қатты төмендеді. Ал Европа мен Солтүстік Америкада 55-64 жас аралығындағы еркектердің жұмыссыздық жағдайы айқын көрініп тұрды. Бұл жағдай Шығыс Азия мемлекеттерінде және Америкада болған еді. Ал енді гендерлердің саяси және заңдық құқықтарына келетін болсақ 1985-1990 жыл аралықтарында гендедің саяси және заңдық құқықтары Европада және Орталық Азияда біршама өзгерілсе, ал Оңтүстік Азияда сол күйінше тең дәрежедеқалды. Сонымен қатар гендердің әлеуметтік және экономикалық құқықтарына келсек Европадан Орталық Азиядан, Шығыс Азия және Тынық мұхиты жағалауларындағы аймақтардан бөлек, әйелдер әлеуметтік және экономикалық құқықтары жағынан еркектерден төмен болады.
Оңтүстік Азия және Африкадан Оңтүстік Сахараға дейінгі жерлердегі мекендерде гендерлік теңсіздіктер 1985-1990 жылдары шамалы ғана айырмашылықта болды. Бізде Қазақстан Республикасына келіп тоқтайтын болсақ Қазақстан Республикасына келіп тоқтайтын болсақ. Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады. Қазақстан өте жас тәуелсіз мемлекетімізге қарамастан экономикалық, саяси, мәдени жағынан жан-жақты дамып келе жатқан елміз. Біздің елімізде ең бастасы әйел мен еркек заң алдында тең құқылы. Бізде саяси жағында ерлер үлесі басым, сонда да қазіргі таңда саяси қызмет жағында әйелдердің де үлес салмағы қосылып келе жатыр. Бұл гендерлік теңсіздік мемлекетімізге еш кедергі жасамайды яғни проблемалар туғызбайды деп ойлаймын. Қорыта келгенде гендердің әркелкілігі адамдардың тағдырына көптеген кедергісін тигізуде. Гендерлік проблемаларды шешу жолында көптеген ұлттық конституциялар өмір сүріп жатқан азаматтардың тең құқылы болуын және еркін болуын, олардың гендерлік құрылысы мен жас мөлшеріне қарамастан қадағалап отырады. Гендерлік теңдік еліміздің өркендеуі тікелей ықпал жасауда. Ерлер мен әйелдердің бірігіп жұмыс атқарып, қоғамға қандай да бір көмегін тигізуі қажет. Бұл жағдайларға мемлекет көптеген жағдайлар жасауды. Ерлер мен әйелдердің арасындағы тепе-теңдікті болдыру үшін заңға бір-екі өзгертулер енгізу қажет деп ойлаймын, әсіресе от басы заңына, зорлық - зомбылықтың болдырмау жолдарын, саясатқа байланысты өз ойын ортаға салу жөнінде болғаны дұрыс. Осы жағдайларды қолға қадағалап отырсақ гендерлік проблемалар шешілуі мүмкін.
2. Гендер
Қазіргі таңда ғылым мен қоғамда ғана емес, сонымен қатар антропологиялық ғылымдардың барлығында гендер мәселесіне үлкен мән берілуде. Соған қарамастан пәндік ерекшеліктері де сақталуда: әйел мен еркектің жеке дара қасиеттері мен ерекшеліктері талқыға салынуда; әлеметтанушылар гендерлік ереже қоғамның гендерлік стратификациясы, еңбектің гендерлік бөлінуі және басқа да қызметтері туралы жиі сөз қозғауда; педагогикада гендерлік тәрбие, гендерлік әлеуметтану және т.с.с мәселелер қарастырылуда.
Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді, - деп гендер ұғымын әлеуметтік тұрғыдан қарастырады.
Гендер - ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшелік сияқты әлеуметтік мазмұнға ие. Бұл ерлер мен әйелдердің бір-біріне деген әлеуметтік қарым-қатынасын білдіреді. Гендерлік әлеуметтану - бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы ер және әйел ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.
Бүгінгі таңда гендер ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, гендер тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі - ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн.
Соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеудің жетілген тұсында жарық көрген педагогикалық және психологиялық сөздікте гендер ерлер мен әйелдер арасындағы өзгешелікті негіздейтін әлеуметтік жыныс мағынасын білдіреді.
Әйелдер мәселесі - қоғамдағы әйелдердің жағдайына ден қою, қоғам өмірінің барлық саласында әйел мен еркектің тең құқылығына қол жеткізу, ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу, саяси, әлеуметтік қайшылықтар мен кикілжіңдерді жеңу. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы ойшылдар әйелдер қозғалысын ер адамдармен бірдей азаматтық және саяси құқыққа тең дәрежеде қол жеткізу мәселелерін шешу ретінде қарастырды.
Баланың мінез-құлқы тәрбие арқылы қалыптасады. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өскен болса, бұған ең алдымен оның ата-анасы кінәлі. Отбасы үшін бала - зор қуаныш. Баласыз бақыт жоқ, бірақ баланың тууы ата-анаға зор міндет пен жауапкершілік те жүктейді. Отбасы тәрбиесі - бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудың қайнар көзі. Сондықтан оны балғын шағынан оқытып, жақсы тәлім-тәрбие беру керек. Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі демекші, баланы тәрбиелеу - әкенің де парызы. Келешекте ақылды әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін ата-анасы баласын үнемі назарда ұстауы тиіс. Балаларды қолөнерге баулу, ғылым-білімге деген құштарлығын ояту - ата-ананың қасиетті парызы (Балаңыз өмірде өксімес үшін оған білім мен кәсіп бер). Үлгілі тәртіптің негізі - білім, әдет-дағдыларға машықтану. Сондықтан баланы кішкентайынан тіл алуға, үлкендерді сыйлауға, ағайын-туысты, ата-ананы қадірлеуге үйрету керек. Жүсіп Баласағұн жас жеткіншектерді үнемі ақыл-ойын дамытып отыруға, табиғаттың құпия сырларын танып білуге шақырады: Егер жақсы адам болғың келсе, онда білімді мол игеретін бол. Білімсіз адам - бұл надан адам.
Әлеуметтік психология тұрғысынан қарастырсақ, гендер - еркек пен әйел міндеттері және әлуеметтік ақпаратта әйел мен еркек арасындағы айырмашылықтар өте көп деп сендіретін орныққан мәдени ерекшеліктердің зор ықпалында. Осыған байланысты жастардың гендерлік тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. Гендерлік тәрбие жоғары оқу орындарының студенттеріне маңызды өмірлік мәні бар, өйткені осы мәселе бойынша ақпараттың жеткіліксіздігі ортадағы таптаурындардың, дұрыс емес гендерлік көзқарастың, кейде гендерлік рөлдік кикілжіңдер күйзелістердің пайда боуына соқтырады. Көптеген танымал басылымдардың авторлары еркек және әйел психологиясының ерекшелік мәселесі туралы өзіндік көзқарастарын ұсынады, бірақ бұл оқулықтардың басым көпшілігі автордың жеке тәжірбиесіне сүйенеді. Өткен ғасырдың 80-жылдары американдық тарихшы Джон Скоттың еңбегіндегі гендер термині қазіргі таңдағы көпшілік қауымға белгісіз болды. Соңғы уақытта гендерлік зерттеулер педагогика ғылымының ажырамас бір бөлігіне айналуда, ал гендерлік мәселе педагогика ғылымының барлық бағыттарында пайда болуда. Әрбір педагогикалық құбылыс өзіндік тәжірибелі даму жолы мен соған сәйкес теориялық негіздемеге ие. Бұл студент жастардың гендерлік тәрбиесіне қатысты. Гендер термині 1975 жылы пайда болды. Осы ретте кейбір идеялар мен әзірлемелерді зерттей отырып, бұл ұғымның педагогикаға да қатысы бар екенін айта аламыз. Студент жастардың гендерлік тәрбие мәселесін заманауи әлеуметтік қыбылыс ретінде зерттеу үшін қысқаша оның антикалық кезеңнен бастап даму ерекшеліктеріне талдау жасау керек.
Көбінесе антикалық кезеңдегі гендерлік зерттеулер туралы айтатын болсақ, оларды Аристотель және Платонның есімдерімен байланыстырамыз. Афиналық Платон жалпыға бірдей оқыту позициясын ұстанды. Ол балалардың қоғамдық тәрбиесі ұлға да қызға да бірдей болуы керек екендігін алға тартады. Әйел адамның табиғаты еркекке қарағанда ерекше болса да, ол түрлі міндеттерді атқаруына кедергі тигізбейді деп тұжырымдаған. Әйелдер өз қабілеттеріне қарай философ та, жауынгер де бола алатындығын айтқан. Платон да теңдік идеясын қолдады. Бірақ оның көзқарастарында қарама-қайшылықтарды да кездестіруге болады. Ол әйелді төменгі сатыға жатқызып, оған деген махаббаты ұрпақты жалғастыруға негізделген жануарлық сезім деп есептеген. Аристотель қыздар мен ұлдарды бөліп оқыту идеясын ұстанған. Ол еркек пен әйел табиғаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гендерлік теңдік еліміздің өркендеуі тікелей ықпал жасауда
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық
Балалық топтардағы гендірлі сегрегация
Гендерлік социология
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Қоғамдағы әйелдерге қатысты гендерлік мәселелер
Қоғамның түрлеріне типтеріне салыстырмалы талдау
Гендерлік проблемалар және оның шешу жолдары
«Гендер» ұғымы
Пәндер