Ефлак һарекатының сөзі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Байтұрсынова атынды Қостанай өңірлік университет

Реферат

Хорезмидің Мұхаббат-наме дастаны

Орындаған: Сакенова С.Ж

2021ж
Хорезмидің Мұхаббат-наме дастаны
Қарахандар дəуірі түркі əдеби мұраларында тұңғыш тəжірибе, ілкі ізденіс деңгейінде көрінетін түркі ақындарының көркемдік кемелдікке жеткен араб-парсы тілді поэзиямен бəсекелесуі Алтын Орда дəуірінде айрықша қарқын алып, түркі əдебиеті шығыстық көркемдік-эстетикалық əлемінің аясына енді, жаңаша бір арнаға бет түзеді. Аталмыш дəуірдегі осы жаңаша арнаның жарқын сипаттамасын профессор А.Қыраубайқызы былайша атап көрсетеді: Араб халифатының қол астына кірген елдердің мəдениеті мен əдебиетінің бірыңғай əдеби дəстүрмен дамығандығы, ол əдеби дəстүрдің Шығыста, оның ішінде түркі халықтары əдебиетінде орнықты болғандығы сондай, халифат ыдырап, оларды монғолдар жаулап алған кезде де, сол халифаттар құрамындағы ру, ұлыстар жеке- жеке хандықтарға, мемлекеттерге бөлініп кеткеннен кейін де ұзақ уақыттар сақталды деуге болады. Сондықтан шығыс алыптары Фирдоуси, Низами, Сағди қалдырған жолдар түркі тілдес халықтар əдебиетіне етене жақын еді. Олардан қалған үлгі араб, парсы, түркі тілдерін бірдей білетін түркі ақындарына шеберлік мектебіндей болған [1; 77 - 78].
Бұл шеберлік мектебінен шыққан, қай қырынан болса да шығыс үлгісіндегі түркі классикалық өлеңінің шынайы келбетін танытар тың тума шығарма -- Хорезмидің Мұхаббат-нама поэмасы.

Мұхаббат-наманың əдебиетіміз бен тіліміздің көне үлгісі ретіндегі құндылығын ашып берген аса бағалы зерттеулер баршылық. Солардың ішінде А.Қыраубайқызының кеңестік дəуірдегі ғылыми методологияның көне мұраға деген кертартпа əдістерінің шектеуінен шығып, шеңберді бұзып, поэманың көркемдік табиғатын талдап, тың тұжырымдар жасауы, сөз жоқ, ерекше ескеруге тұрарлық еңбек.
Ғалым Хорезмидің Мұхаббат-намасын мазмұны жағынан мынадай бөлімдерге бөліп қарастырады.
1. Кіріспе бөлім. Тəңірді мадақтау. Мұхаммед Хожабектің сипаты.
2. Жігіттің сүйгеніне сезім, сырын білдіретін ғашықтық арнау өлеңдері.
3. Дастанды аяқтау [2].
Поэманың бұлайша түзілуінің дəстүрлік негіздері де жоқ емес.
Мұхаббат-нама -- сол кезеңдегі шығыс өлең дəстүрінің барша көркемдік дəрежесін бойына сіңірген үздік поэма. Сол себепті де шығарманың көркемдік табиғатын тереңірек танып-білу үшін теориялық талдау талпыныстарын шығыстық поэтикалық заңдылықтарға негіздеген абзал. Поэма авторы Хорезми сөзін алланың атын дəріптеп, аллаға сыйынудан бастайды. Бұл ежелгі əдебиетке тəн дəстүр. Əйгілі Құтты білік, Диуани-лұғат-ит түркі, Хибат-үл Хақайық т.б. шығармалардың тура осылай алла, тəңірі атымен ашылуы көне дəуір мұраларындағы берік поэтикалық заңдылықты мегзейді [3].
Жалпы классикалық түркі өлең дəстүрінде бұл мазмұн ерекше орынға ие болып, жеке өлең жанры деңгейіне де жеткен. Түркі поэзиясында алланың бірлігін, ұлылығын арқау еткен өлеңдерді тəуһид, Алладан медет тілеп, жалбарыну мазмұнды өлеңдерді мінажат деп атайды [4; 25]. Көбіне мəснауи өлең түрінде келетін тəуһид пен мінажаттың өзге өлең түрлерімен жазылған үлгілері де жеткілікті. Тəуһид пен мінажат қасиетті тақырып болғандықтан, көбіне ақын диуандарының (өлең жинақтарының) жəне көлемді шығармалардың басында орын алады. Хорезми де сөз басында дəстүр салған сара жолдан ауытқып кетпейді. Тəңірдің бар ұлылығын сипаттап, құдірет күшіне табынып, тəуһидін айтады. Алайда мінажатты поэманың басында емес, соңына таман береді. Алланың ұлылығына арналған тəуһид сөзінен кейін, ақын шығарманың жазылу себебін түсіндіріп, ғазал айтып, мадақ өлеңге көшеді. Мадақ өлең Мұхаммед Хожабек атты Алтын Орда бектерінің біріне арналған.
Ө.Күмісбаев, Ə.Дербісалин, Ө.Жармұхамедовтер Мұхаббат-намадағы мадақ өлеңді бүкіл Шығыс əдебиетінде атам заманнан өмір сүріп келе жатқан дəстүрлі поэзиялық түр деп өте орынды атап көрсеткен. Ол шын мəнінде белгілі бір мемлекет билеушісі, хан падишасы, уəзір жəне дінбасыларды мадақтап, дəріптеуге арналған мəдхия өлең шығыс поэзиясында көлемді туындылардың ажырамас бөлігіне айналған [1; 278].
Əйгілі араб-парсы ақындарының көлемді туындыларын өз кезеңіндегі ел билеушілерге тарту етіп, оларға мадақ өлең арнағанын былай қойғанда, түркі классикалық поэзиясының Мұхаббат- намаға дейінгі үлгілері Құтты біліктің, Сатұқ Бұғраханға, Ақиқаттар сыйының Ыспахсалар деген бекке тарту етілуі мадақ өлеңнің дəстүрлілігін дəлелдей түседі.
Сондықтан да Хорезмидің Мұхаббат-намасының алланың атымен басталып, Мұхамед Хожабек билеушіге арналған мадақ өлеңмен жалғасуын түркі классикалық өлең дəстүріне тəн басты композициялық шарттылықтардың бірі деп ұққан абзал. Мұхаббат-нама -- жанрлық түрі жағынан мəснəуи поэма. Мəснауи (мəсневи -- араб сөзі, қосарланған деген мағынада) араб-парсы, түркі тілді əдебиеттердегі қос тармақты шумақ қолданылатын өлең түрі [5; 138]. Əйгілі Фирдоусидің Шахнамасы, Низамидің Хамсасы, түркі əдебиетінде Құтты білік те мəснəуи түрінде жазылған. Құтыптың Хұсрау-Шырыны, Əлішер Науаидің Хамсасы, Физулидің бірнеше поэмасы мəснəуи түрінде жазылған. Мəснауи өзара ұйқасып келетін қос тармақты өлең деген мағынада да, осы үлгідегі жазылған өлеңнің жанрлық түрі деген мағынада да қолданылады [5; 138]. Жанрлық түр ретінде мəснəуи поэмалардың өзіне тəн композициялық құрылымы бар. Мəснауи поэмаларда автор бірден негізгі тақырыпты толғамайды. Түрік ғалымы Жем Дилчиннің Түркі өлеңінің табиғаты атты еңбегінде мəснауидің мынандай негізгі бөлімдері көрсетіледі:
1. Тəуһид (Алланың ұлылығын сипаттап, бірілігін дəріптеу).
2. Мінажат (Алладан медет тілеп, жалбарыну).
3. На`т (Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына арнау өлең).
4. Мəдһия (шығарма тарту етілген кісіге арналған мадақ сөз).
5. Себеб-и Телиф, немесе Себеб-и Китаб (шығарманың жазылу себебін түсіндіру).
6. Ағаз-ы Дастан (бұл бөлімде автор поэманың негізгі тақырыбына енеді).
7. Хатиме (Қорытынды сөз. Бұл бөлімде шығарманың жазылып біткен кезеңі көрсетіліп, автордың аты жəне қорытынды сөз айтылады) [4; 168 - 174].
Біз қарастырып отырған Мұхаббат-нама поэмасының композициялық түзілімінің мəснауи жанрына тəн осы жүйеге сəйкестігін аңғару қиын емес. Поэма Тəуһид (1 - 19 бəйіттер), Мінажат (425 бəйіттен 432 бəйітке дейін), Мəдһия (64 бəйіттен -- 89 бəйітке дейін). Себеб-и Телиф (33 бəйіттен 40 бəйітке дейін), Ағаз-ы Дастан (96 бəйіттен 102 бəйіт кедейін) бөлімдерінің тақырыптық жүгін көтерер бірнеше бөлімдерге жіктелген. Мұхаббат-намада мінажат поэманың басында емес, соңына қарай орын алған. Сондай-ақ ақын шығарманың жазылу себебін түсіндіргенде бұл бөлімді
Себеб-и Телиф деп атамай, сөзді Байани вақый`ин айтур деп бастайды. Негізгі тақырыпқа енетін

7 бəйіттік бөлім (96 бəйіттен 102 бəйітке дейін) де Васфи-л-хал айтур деген атаумен берілген.
Бұл бөлімдер атаулары басқаша болғанымен негізгі тақырыптық жəне мазмұндық сипатынан ажырамайды. Ақын Байаны вақый`ин айтур атты бөлімде өзінің мұншалықты көлемді дастанды жазуына билеуші Мұхаммед Хожабектің өтініші түрткі болғандығын айтады.
Тəбəссум қылды айды: ей фəлани Кетиргүн бизга лайық армағаны
Аудармасы:
Жымиып күлді де айтты: ей, пəленшеке Келтіргін сыйыңды бізге лайық, --
деген бəйіт жолдарымен түсіндірсе, Васфи-л-хал айтур бөлімінде

Мұхаммед Хожа-бек мəдһин түгəттим Мұхаббат-намəни бүнйад еттим
Аудармасы:
Мұхамед Хожа-бекті мақтап біттім, Мұхаббат-наманы жазуға кірістім, --
деп бұдан кейін негізгі тақырыпқа көшіп, алғашқы намасын айтады. Поэмада Пайғамбарлар мен сахабаларды мадақтауға арналған арнайы На`т бөлімі болмаса да ақын бірінші бөлімнің (Тəуһид бөлімінде) соңғы бəйіттерінде (13 - 18 бəйіттер) алланың ұлылығын сипаттай отырып, Сүлеймен, Мұса, Иүсуф, Əйиуб, Ыбрахим, Иса, Мұхаммед пайғамбарларға алла тағала дарытқан ғажайып қасиеттерді дəріптейді. Ал енді автор поэманың Хатимату-л китаб, немесе Хатимə, бөлімінде мəснауи жанрының талабына сай мынандай жолдар арқылы шығарманың дүниеге келген жерін, жазылған жылын көрсетіп, өз атын атап қорытынды сөз айтады.
Мухаббəт-намə сөзин мунда биттим.
Қамуғын Сыр йəкасында битидим
(Мұхаббат-нама, 437-бəйіт)
Аудармасы:

Мұхаббат-нама сөзін мұнда біттім,
Баршасын Сыр жағасында жаздым.
Ақын поэма бөлімдерін қалай атаса да, бұл бөлімдердің ішкі мазмұны мен шығармада орналасу тəртібі жоғарыда көрсетілген мəснауи жанрына тəн композициялық түзіліміне сəйкеседі.
Мəснауидың жанр ретіндегі сипаты ең алдымен оның сыртқы құрылымдық ерекшеліктері арқылы айқындалады. Əр бəйіттің қос тармағының өзара ұйқасып келуі (аа-əə-бб түрінде), аруз өлшемінің қысқа қалыптарымен жазылуы жəне өзіне тəн басқа жанрларда қайталанбас композициялық құрылымы -- мəснауидің жанрлық табиғатын танытатын басты белгілері. Шығыста дəстүрді сақтаудың маңыздылығы өз алдына жалпы ерте дəуір əдебиетінде өлеңнің өлшемі, тармақ түзілімі, қандай да бір сөз саптау конструкциясы мен құрылымдық принциптерге арқа сүйеу жанрды жасайтын негізгі белгілер болған [6]. Сондықтан дəстүрлі жанрлардың өзіндік қатаң құрылымы бар. Араларында құрылымдық айырмашылықтары айқын əр жанрдың дəстүрден туындаған белгілі бір нормалары мен қағидалары шығарма авторының еркін өзіне тəуелді етіп алады. Белгілі ғалым М.М.Бахтиннің сөзімен айтсақ, бұл жанрлық канон, яғни қалыпты тұрақты жанрлық белгілердің өзіндік жүйесі [7; 452].
Ендеше, орта ғасырлық мұсылман шығыс əдебиеттерінде кеңінен тараған мəснауи жанрының өзгермес композициялық түзілімі əдебиеттегі дəстүр жалғастығының көрінісі ғана емес, сонымен қатар тұрақты тəртіп, қалыпты қағидаға негізделген жанрлық канон. Сөзіміздің айғағы ретінде Алтын Орда дəуірінде Құтып ақынның қаламынан туған тағы бір тамаша туынды Хұсрау-Шырын мəснауи поэмасының композициялық түзілімін Мұхаббат-намамен салыстырып көрейік.
Хұсрау-Шырын поэмасының басында Құтып ақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелуі
Түркі халықатырының түп тамыры
Қазақстан мен Түркияның қазіргі кезеңдегі экономикалық және мәдени байланыстары
Қазақ және түрік тілдерінде қолданылатын ортақ кірме сөздердің мән-мағынасы, атқаратын қызметі және түп-төркіні
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Етістік-бастауыш
Батыр сөзінің шығу тарихы
Төл сөздің тыныс белгілері
Батырлар жырындағы көнерген сөздер
ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығы
Пәндер