Психикалық аурулар сараптамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тарих,экономика және құқық факультеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүрізу

Орындаған:

Қабылдаған:

Орал

,

2021 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1

-

БӨЛІМ.

ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ.

1.1. Азаматтық құқықтағы ерекше іс жүргізу бойынша істер түсінігі және түрлері.

1.2. Психиатрия. Азаматтарды психиатриялық стационарларға жатқызудың даму тарихы.

2

-

БӨЛІМ.

АЗАМАТТАРДЫ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРҒА МӘЖБҮРЛЕП ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ҚОЗҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.

2.1. Азаматт

ард

ы психиатриялық

стационарға мәжбүрлеп жатқызу жағдайлары бойынша сот ісін жүргізу түрлері

және осы жағдайлар бойынша іс қозғау

.

2.2

. Психикалық аурулар сараптамасы. Сот сараптамасы түсінігі.

ҚОРЫТЫНДЫ



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.

ҚР Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын таниды және оларға кепілдік береді.

Жеке бостандық, қол сұғылмаушылық, қозғалу еркіндігі құқығы сияқты ажырамас құқықтарды шектеу психикалық ауруға шалдыққан адамды оның еркіне қарсы психиатриялық стационарға орналастырған кезде пайда болады. Қазақстан Республикасында еріксіз ауруханаға жатқызу процедурасы сот сипатына ие, яғни ол бақылауда және сот шешімімен жүзеге асырылады.

2015 жылы қабылданған ҚР Азаматтық процестік кодексі соттарға адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істерді қараған кезде, сондай-ақ

психиатриялық стационарлардың лауазымды адамдарының мәжбүрлеп емдеуге жатқызу кезінде қабылдаған шешімдері мен әрекеттеріне бақылауды жүзеге асыруға толыққанды мүмкіндік береді.

Негізінен ҚР Азаматтық процестік кодексінің 38-39 тарауларында бекітілген баптар адамды заңмен белгіленген негіздерсіз психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызудың алдын алу үшін сот бақылауын

бағыттауға

мүмкіндік береді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Жалпы психикалық аурулармен ауыратын адамдарды

психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу мәселесі әр кезде өзекті, маңызды әрі үлкен практикалық және ғылыми маңызы бар тақырыптардың бірі.

Курстық жұмыстың негізінде жатқан зерттеу тақырыбы - азаматтарды психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға байланысты істер санатындағы сот істерін реттейтін ҚР заңнамасының негізгі ережелерін талдау және оны соттардың қолдану практикасы.

Зерттеудің мақсаты

- қазақстандық процессуалдық институттың негізгі ережелерін және азаматтарды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы сот істерін жүргізуді теориялық талдау.

Жұмысты зерттеудің мақсаты келесі

міндеттерді

айқындайды:

1. Азаматтық құқықтағы ерекше іс жүргізу

бойынша жүргізілетін істер;

2. Азаматтарды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп

жатқызу туралы

заңнама

лардың даму тарихына шолу жасау

;

3. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық сақтауды еріксіз тәртіпте көрсетуді құқықтық реттеудің негізгі ережелерін зерттеу;

4

. Психиа

триялық стационарға азаматтарды мәжбүрлеп жатқызу туралы істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктерін зерттеу;

5.

Азаматтарды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс қозғаудың негізгі элементтерін және оларды соттард

ың қолдану практикасын зерделеу;

6. Психикалық аурулар сараптамасы мен сот сараптамасы түсініктерін қарастыру.

Курстық жұмысты жазу барысында салыстырмалы құқықтық және статистикалық зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық негізі

Қ

азақстан

Р

еспубликасының

азаматтарды психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу жағдайларын құқықтық реттеу саласындағы заңдары, заң ғылымының әр түрлі салаларындағы заң ғалымдарының ғылыми еңбектері, сонымен қатар пси

хиатрия саласындағы ғалыми еңбектер болды.

Ғылыми және практикалық маңызы.

Жұмыс психиатриялық стационарда азаматтарды мәжбүрлі түрде госпитализациялау мәселелерін, осы санаттағы істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктерін зерттеу тақырыптарына тоқталады. Сондықтан зерттеу нәтижелерін ғылыми жұмыста, азаматтық іс жүргізу курсын оқытуда қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы.

Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың мазмұны кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша бөлімнен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, өзектілігі, зерттеу мақсаты мен міндеттері, негізі мен маңызы, сондай-ақ құрылымы туралы мәліметтер көрсетілді.

Бірінші бөлім

де азаматтық құқықтағы ерекше іс жүргізу бойынша істер түсінігі және түрлеріне, сонымен қатар психиатрия және де азаматтарды психиатриялық стационарларға жатқызудың түрлі мемлекеттерде ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі даму тарихына шолу жасалды.

Екінші бөлім

азаматтарды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша

іс қозғаудың негізгі элементтерін, атап айтқанда,

а

заматтарды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу жағдайлары бой

ынша сот ісін жүргізу түрлерін,

психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу жағдайлары бойынша

іс қозғау мен психикалық аурулар сараптамасын, оның ішінде

сот сараптамасы түсініктерін қамтиды.

1-БӨЛІМ. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ.

1.1. Азаматтық құқықтағы ерекше іс жүргізу бойынша істер түсінігі және түрлері.

А

заматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы.

[

3

]

Азаматтық-процессуалдық құқықтық қатынастар - бұл нақты іс бойынша соттар, сот приставы-орындаушы мен азаматтық процессуалдық заң нормаларымен реттелінетін қатынастар.

[

4

]

Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың

іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттері процес барысында жүзеге асырылады.

Азаматтық сот ісін жүргізу негізгі төрт түрге бөлінеді:

- бұйрық бойынша іс жүргізу;

- талап қою бойынша іс жүргізу;



- ерекше талап қоюмен іс жүргізу;

-

ерекше

іс жүргізу.

[

3

]

Азаматтық сот ісін жүргізудің төртінші түріне, яғни ерекше іс жүргізуге

тоқталып өтсек. Ерекше іс жүргізу - азаматтық

сот ісін жүргізудің бір түрі.

Субъективтік құқықтар мен мүдделерді қорғау қажеттілігі тек қана осы мүдделер мен құқықтар бұзылған немесе дауланған жағдайда ғана туындамайды. Кейде субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін негіз болып табыла

тын мән-жайларды анықтау қажетт

ілігі туындайды. Белгілі бір құқыққа ие тұлға оны жүзеге асыра алмайды, себебі осы құқықтарды нақтылайтын фактілер жоқ болғандықтан, оны тиісті дәлелдемелермен тексеруді, нақтылауды талап етеді. Сондықтан да азаматтық іс жүргізуде мүдделі тұлғаға соттық тәртіпте оның субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға негіз болып табылатын заңды фактілерді анықтауға мүмкіндік беретін сот өндірісінің түрі - ерекше іс жүргізу бар.

Оның басқа да азаматтық іс жүргізу түрлерінен өзіндік айырмашылықтары бар. Бұл айырмашылық сот ісін жүргізудің осы түрінің құқықтық тегіне және оның жалпы процессуалдық ерекшеліктерінің сипатына, сондай-ақ ерекше іс жүргізуге әр санаттағы істердің жеке ерекшеліктеріне байланысты.

Ерекше өндірістің мақсаты - арыз берушіде белгілі бір құқықтардың немесе міндеттердің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен құқық нормалары байланыстыратын мән-жайларды анықтау.

Азаматтық сот өндірісінің барлық түрлері Азаматтық процестік кодекстің ережелері бойынша қарастырылады, өйткені онда белгілі бір азаматтық істі қарастыру бойынша сот өндірісінің барлық түріне ортақ құқық нормалары бекітілген.

[

7

]

Ерекше іс жүргізу

- бұл арнайы соттың азаматтық санаттағы істеріне жатқызылған, құқық туралы дауы жоқ және қорғаудың арнайы құралдар мен тәсілдерді қолданумен сипатталатын азаматтық іс жүргізудің дербес түрі болып саналады. Сот олардың заң фактілерін (әрекеттерін, оқиғаларын, жағдайларын) айқындау арқылы азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.

ҚР АПК-не сәйкес

заң фактілерін анықтаудың екі тәртібі бар:

әкімшілік және соттық.

Ақиқат фактілер, яғни тиісті органның лауазымды адамының алдында жасалып жатқан немесе ресми құжаттармен растауға болатын фактілер әкімшілік тәртіпте куәландырылады.

Ақиқат емес фактілер, яғни не ресми тіркелуге жатпайтын

,

не олардың жоғалуына

байланысты ресми құжаттармен расталуға келмейтін фактілер сот тәртібінде куәландырылады, өйткені олар тиісті бір фактіні растайтын дәлелдемелерді зерттеуді талап етеді. Ал егер талап қою бойынша іс жүргізу кезінде бұзылған немесе даулы құқықты қорғау үшін тиісті заң фактісін белгілеу керек болса, онда ерекше іс жүргізуде арыз берушінің мүддесі фактіні айқындаумен шектеледі. Фактіден туындайтын субъективті құқықтар туралы мәселе ерекше іс жүргізу тәртібінен тыс шешіледі.

Айқындалған заң фактісіне негізделген субъективтік құқықтарға басқа адамдардың дауласуы болмауы ерекше іс жүргізуде құқық туралы даудың жоқ екендігін білдіреді.

Ерекше іс жүргізуде заңдылық, диспозитивтік, тең құқықылық, тікелейлік және т.б. жалпы принциптер қолданылады. Сондай-ақ, ерекше іс жүргізуде істер азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларынан өтеді.

Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.

Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.

[

3

]

Ерекше жүргізілетін істерді АПК-тің

31

-

49-тарауларында

белгіленген ерекшеліктерімен қоса талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша соттар қарайды. Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:

1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;

2) бала асырап алу туралы арыздар бойынша;

3) азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;

4) азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы;

5) кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;

6) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы;

7) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы;

8) азаматты туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы;

9) қаржы ұйымдарын, және банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы;

10) астық қабылдау кәсіпорнын немесе мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу, мерзімінен бұрын аяқтау және оның мерзімін ұзарту туралы;

11) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту, олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы;

12) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;

13) азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы;

14) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға берілген шағымдар бойынша;

15) бағалы қағаздарды көрсетуші тұлғаның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы;

16) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, оның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы;

17) интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы;

18) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істер жатады.

Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.

Осы курстық жұмыс тақырыбына сәйкес ерекше іс жүргізудің

тиісті түріне, оның элементтері мен ерекшеліктеріне нақты тоқталып өтсек.

1.2. Психиатрия. Азаматтарды психиатриялық стационарларға жатқызудың даму тарихы.

Психиатрия -- клиникалық медицинаның бір бѳлігі, оның міндеттері: психикалық аурулардың пайда болуын, клиникалық кѳріністерін зерттеу, емдеу мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-психиатриялық, әскери сараптама, психикалық бұзылыстары мен науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау және т.б. жѳнінде сараптамалар жүргізу кіреді.

[

10

]

Психиатрия тарихында психикалық науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру және ғылыми көзқарастардың қалыптасуының келесі кезеңдері бөлінеді:

- ғылымға дейінгі кезең;

- б.з.б VII-VI ғасырлардағы ежелгі грек-рим медицинасы дәуірі;

- орта ғасыр;

- XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басын қамтитын кезең - психиатрияның медицина саласы ретінде қалыптасу кезеңі;

- Е.Крепелиннің нозологиялық психиатрия дәуірі психикалық бұзылулардың нозологиялық классификациясын жасау дәуірі болды;

- психиатрия дамуының қазіргі кезеңі.

[

12

]

Жалпы психиатрия ғылымы қазіргі таңда көптеген салалармен сабақтас байланыста. Осы салалардың бірі сот психиатриясы болып табылады.

Соттық психиатрия

адамдардың өздерінің азаматтық құқығы мен міндеттерін

орындау мүмкіндігіне, сонымен бірге, заңмен қудаланатын істерге жауап беру

мүмкіндігіне баға беру мақсатында психикалық аурулардың ерекшеліктерін

және психиканың қысқа мерзімдік бұзылыстарын зерттейді.

Соттық психиатрияның міндеттері мен

мазмұнына көзқарас үлкен эволю

циядан өтті. Сондықтан, соттық психиатрияның дамуы философиялық идеяның,

әлеуметтік-экономикалық өмір өзгерістерінің, психикалық аурулар жайлы білім

деңгейінің ықпалында болды, психиатрия саласындағы жалпы жетістіктер

байланысты болды.

Негізінен сот психиатриясы қазіргі таңда қылмыстық және азаматтық іс жүргізуге байланысты қолданылады. Салыстырмалы түрде екі бағыттың да даму ерекшеліктерін қарастырып өтсек.

Соттық психиатрияның даму тарихында өзінің теориялық

бағыты, практикалық ұстанымдары бар мек

тептер болды. XIX ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында сот-медициналық қызметтің процессуалдық негіздері
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Сараптама өндірісі ұғымы мен жалпы шарттары
Сот-медицина сараптама бюросы
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу
Сот-медицина сараптамасының іс жүргізу және ұйымдық негіздері
Клиникалық психологияның теориялық және практикалық міндеттері
Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама
Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау. Бағалау деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Пәндер