ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ (ТПҮ) МƏНІ ЖƏНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ (ТПҮ) МƏНІ ЖƏНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мақсаты - Біртұтас педагогикалық процестің мәні мен мақсатын, оның заңдылықтары мен принциптерінің мәнін ашып көрсету.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Педагогикалық процестің мәні және құрылымдық компоненттері.
  2. Біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштері.
  3. Педагогикалық өзара әрекеттесу және оның түрлері.

1. Педагогикалық мамандықтың қалыптасу тарихына үңілу барысында, сол замандарда тәрбие мен оқытуды бөлек, бір-бірінен дербес процестер ретінде, тіпті кейде бір-біріне қарама-қайшы процестер ретінде қарастырғандығын көре аламыз. Бірақ, ХІХ ғасырдың ортасында, прогрессивті педагогтардың еңбектерінде тәрбие мен оқыту процестерінің тұтастығы туралы мәліметтер кездесе бастады. Бұл мәселе, әсіресе, И. Ф. Гербарттың педагогикалық көзқарастарында айрықша орын алды. И. Ф. Гербарт өз еңбектерінде тәрбие мен оқытудың өзара байланысын былай деп көрсетеді: « . . . тәрбиесіз оқыту - мақсаты жоқ құрал, ал оқытусыз тәрбие -құралдары жоқ мақсат», яғни басты мақсат - тәрбие, ал осы мақсатқа жетудің басты құралы - оқыту болып табылады. Осылай И. Ф. Гербарт тәрбие мен оқытудың біртұтастығын дәлелдей отырып педагогика ғылымына «тәрбиелей отырып оқыту» терминін енгізеді.

Педагогикалық процестің біртұтастығы мәселесі К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде де өз көрінісін тапты. Ол оны мектеп әрекетінің әкімшілік, оқытушылық және тәрбиелеушілік элементтерінің тұтастығы деп қарастырды. Яғни мектеп әрекетінің тиімді нәтижесі мектепті басқару, оқыту және тәрбие процестерінінің үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты екендігіне көз жеткізді. К. Д. Ушинскийдің прогрессивті идеялары Н. Ф. Бунаковтың, П. Ф. Лесгафтың, В. П. Вахтеровтың және оның тағы басқа ізбасарларының еңбектерінде өз жалғасын тапты.

Педагогикалық процестің біртұтастығы мәселесінің дамуына өз үлестерін Н. К. Крупская, А. П. Пинкевич, С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, М. М. Рубинштейн, А. С. Макаренко қосты.

Біртұтас педагогикалық процесстің мәніне көзқарастар:

С. Г. Шацкий, Н. К. Крупская,

В. А. Сухомлинский: БПП-

оқушылардың өзара

әрекеттерінің сапасы.

Б. Т. Лихачев: БПП -

білімділік, тәрбиелік және

дамытушылық қызметтің

бірлігі

А. Ф. Каптерев,

М. А. Данилов: БПП -

тәрбие мен оқытудың

бірлігі

А. С. Макаренко: БПП-Сабақтан

тыс уақыттағы тәрбие

процесіне қатысушылардың

өзара әрекеті

Алайда, 1930 жылдардан бастап, педагогтардың еңбектері, тәрбие мен оқытуды дербес процестер ретінде терең зерттеуге бағытталды.

Мектеп тәжірибесінің қажетілігінен туындаған педагогикалық процестің тұтастығы мәселесіне ғылыми қызығушылық 70-ші жылдары қайта жаңғырды. Біртұтас педагогикалық процестің мәніне жаңа көзқарастар пайда болды. Олар келесі:

Тәрбие мен оқытудың тұтастығы ретінде.
Білім беру мазмұнының тәрбиелік мүмкіншіліктері ретінде.

З. И. Васильев, а

В. С. Ильин, И. Я. Лернер

М. Н. Скаткин және т. б.

Тәрбиелеуші ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру ретінде.
М. Д. Виноградова, И. Б. Первин және т. б.
Оқыту процесіне тәрбие жұмысының формаларын енгізу.
В. М. коротов және т. б.
Тәрбие мен оқытудың тұтастығы ретінде.: Тәрбие мен оқытудың тұтастығы ғана емес, сонымен бірге «жеке» тәрбиелік әсер етулердің тұтастығы ретінде.
Білім беру мазмұнының тәрбиелік мүмкіншіліктері ретінде.: Көптеген кішігірім тәрбиелік жүйелердің орнына, жалғыз ғана тұтас тәрбиелік жүйені құру.
З. И. Васильев, аВ. С. Ильин, И. Я. ЛернерМ. Н. Скаткин және т. б.: Б. Т. Лихачев, В. М. Коротов, Ю. П. Сокольник және т. б.
Тәрбие мен оқытудың тұтастығы ретінде.: Педагогтар мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты ретінде.
Білім беру мазмұнының тәрбиелік мүмкіншіліктері ретінде.: Екі түрлі қарым-қатынастың тұтастығы: мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өзара қатынасы.
З. И. Васильев, аВ. С. Ильин, И. Я. ЛернерМ. Н. Скаткин және т. б.: Н. Д. Хмель және т. б.
Тәрбие мен оқытудың тұтастығы ретінде.: «Басқару алгоритмдерінің» және «қызмет ету алгоритмдерінің» тұтастығы.
Білім беру мазмұнының тәрбиелік мүмкіншіліктері ретінде.: В. П. Беспалько және т. б.
Тәрбие мен оқытудың тұтастығы ретінде.: Педагог әрекеті ретінде.
Білім беру мазмұнының тәрбиелік мүмкіншіліктері ретінде.: Педагогикалық процестің нәтижесін диагностикалаудың, жоспарлаудың, ұйымдастырудың, реттеудің, бақылаудың және бағалаудың тұтастығы ретінде.
З. И. Васильев, аВ. С. Ильин, И. Я. ЛернерМ. Н. Скаткин және т. б.: Л. Ф. Спирин, М. Л. Фрумкин және т. б.

Педагогикалық процестің біртұтастығы мәселесіне көптеген көзқарастардың болуы педагогикалық процестің күрделілігінен туындап отыр. Сонымен, кейінгі кезеңдерде айқындалған педагогикалық процестің мәні мен оның біртұтастығы мәселесіне тоқталар болсақ.

Педагогикалық процесс - оқушы тұлғасының жағдайын өзгертуге бағытталған, мазмұны жағынан толықтырылған және арнайы ұйымдастырылған тәрбиешілердің жүргізуші және бағыттаушы әрекетінің және баланың белсенді әрекетінің негізіндегі өзара әрекеттесу процесі. (Б. Т. Лихачев)

Педагогикалық процесс - белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға өзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын өзара әрекеттесу процесі (И. П. Подласый) .

Біртұтас педагогикалық процесс - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі (Н. Д. Хмель - Қазақстанда біртұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым) .

Сонымен, біртұтас педагогикалық процесс - ол мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады.

Біртұтастық - ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Біртұтас педагогикалық процеске оны құраушы компоненттердің ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән.

Біртұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері - мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық - БПП әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжамданады. Екіжақтылық - процестің нәтижесінің тиімділігі мұғалім мен оқушының әрекеттерінің өзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты. Тұтастық - процестің нәтижелілігі оның шеңберінде іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.

Біртұтас педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, мұғалім әрекеті, оқушы әрекеті. Оны келесі сызба арқылы көрсетуге болады.

мазмұн

мақсат

Мұғалім

әрекеті

Оқушы

әрекеті

Нәтиже

Әдіс-тәсілдер, формалар

Мақсат біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті болып табылады, өйткені мақсатқа байланысты процестің мазмұны және оны іске асырудың формалары мен әдіс-тәсілдері таңдалады.

3. Біртұтас педагогикалық процестің дамуы, алға жылжуы объективті және субективті қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты, яғни біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар .

Қарама-қайшылықтар

Субъективті

қарама-қайшылықтар

Объективті

қарама-қайшылықтар

Объективті қарама-қайшылықтарға жатады:

  • тәрбиеленушілердің реалды мүмкіндіктерінің қоғам талаптарына сай болмауы (бірақ егер талаптар тым жоғары немесе тым төмен болса, олар оқушының дамуын қамтамасыз етпейді) ;
  • баланың белсенді-әрекетік табиғаты мен оның өмір сүруінің әлеуметтік-педагогикалық жағдаймен сай болмауы (яғни баланың дамуына сай жағдайдың ұйымдастырылмауы) ;
  • қоғамдық өмірдің күрделілігі мен баланың оларды түсінуге тәжірибесінің аздығы арасындағы қайшылық;
  • ақпараттың қарқынды ағылуы мен педагогикалық процестің мүмкіншіліктері арасындағы қайшылық;
  • қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның қажеттіліктері арасындағы қайшылық және т. б.

Субъективті қарама-қайшылықтарға жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құндылық жүйе
Педагогика ғылымының қызметтері
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
Педагогиканың дәрістері
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Жұмыстың практикалық бағыты
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz