Зат есімнің кейбір реңк мәнді жұрнақтарының функциясы жайында

Ж.К.Отарбекова –
ҚазМемҚызПУ доценті
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде дербес сала ретінде танылып, зерттеле
бастағанына біраз жыл өтсе де, өзінің зерттеуін күтіп тұрған мәселелер жоқ
емес. Солардың бірі –зат есімнің рең мәнді жұрнақтары мен олардың
семантикасы. Аталған тақырыпқа қатысты арнайы зерттеу болғанымен, мәселе
өз шешімін толық тапты дей алмаймыз. Себебі, осы күнге дейін морфологияның
аясында, зат есімнің сөз түрлендіруші жұрнағы ретінде қарастырылып келген
қосымшалар қалай сөзжасамның зерттеу нысаны болады, ол арқылы жаңа мағыналы
сөздер жасала ма, әлде сөз формасы туа ма? Қосымшаның сөз тудыру мен форма
тудыруының ара жігін қалай ажыратқан жөн деген мәселелер шұғыл түрде шешуді
қажет етеді. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен, қосымшалардың қолданысын,
олардың сөз табына немесе сөзжасамға қатысын, білдіретін мағынасын тарихи-
тілдік тұрғыдан жан-жақты қарастыру қажеттігі туындайды.
Жоғарыда атап өткендей, ғылыми грамматикаларда сөз түрлендіруші
жұрнақтар сөз таптарының ыңғайында, сөз тудыратын жұрнақтардан бөлек
қарастырылып келді. Мәселен, зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар
А. Ысқақов еңбегінде зат есім тудыратын жұрнақтардан бөлек қарастырылған,
онда автор реңк мәнді жұрнақтардың 13 түрін берген [1]. Ал 1967 жылғы
Қазақ тілінің грамматикасында сол қосымшалар Зат есімнің морфологиялық
тәсіл арқылы жасалуы деген тақырып аясында сөз тудырушы жұрнақтармен
қатар қарастырылған [2.46-47]. Н. Оралбайдың Қазақ тілінің сөзжасамы
оқулығы [3.123-124] мен Қазақ грамматикасында зат есімнің реңк мәнін
беретін 24 жұрнақ зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіріп, оған
түрлі реңк мәнін қосатын жұрнақтар, яғни түрленген туынды мағына беретін
сөзжасамдық жұрнақтар деп көрсетілген [4.321]. Бұл жерде қазақ тілі
біліміндегі сөзжасамдық мағына мәселесі мен оның түрлері қандай болуы
мүмкін деген мәселенің басын ашып алған жөн сияқты.
Сөзжасамға байланысты зерттеулерде сөзжасамдық мағынаға түрлі-түрлі
анықтамалар беріліп жүр. Н. Оралбай аталған еңбегінде: Туынды сөздің
жасалуына байланысты пайда болған мағына сөзжасамдық мағына деп аталады
дейді оның төрт түрін көрсетеді:
1.Өзгерген туынды мағына (бөл-бөлме, жас-жасар).
2.Түрленген туынды мағына ( көл-көлшік).
3.Көшірілген туынды мағына (қатар (з.е.) - қатар (үст.).
4.Теңбе-тең туынды мағына (АлМУ – Алматы мемлекеттік университеті) [3.41-
42].
Демек, зат есімнің реңк мәнді жұрнақтары түрленген туынды мағына
жасайды деп көрсетіледі. Бұл, автордың өзі көрсеткендей, орыс тіл
біліміндегі модификационное значение мәнінде алынған [3.123]. Орыс тіл
біліміндегі жұрнақ мәселесі мен қазақ тіліндегі жұрнақтардың бірдей,
біркелкі еместігі айтылып, көрсетіліп жүргені белгілі [5.148; 6.222].
Қазақ тіл білімінде реңк мәнді жұрнақтар модификациялық жұрнақтар, яғни
форма тудырушы қосымшалар қатарына жатқызылады. Модификациялық жұрнақтардың
басты ерекшелігі – жаңа мағыналы сөз тудырмайды, түбірдің лексикалық
мағынасын бүтіндей өзгертіп жібермейді, түбірге қосымша грамматикалық
мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк
қосады. Осы белгілеріне байланысты С.М. Исаев былай деген: Модификациялық
жұрнақтардың кейбірінің түбірге жалғану шеңбері шектеліп қалған. Олар
грамматикалық сипаты жағынан категориялық түрлену жүйесінің көрсеткіші болу
қасиетінен айрылып, сөзжасам қосымшаларына ауыса бастағанымен, сөздің
лексикалық мағынасын бүтіндей өзгертіп жібермейді. Сондықтан ондай
жұрнақтарды сөз тудырушы қосымшалар қатарында қарамай, тілдің даму
барысындағы жұрнақтар мен сөзжасам қосымшалары арасындағы тұлғалар деп
қараған жөн. Оларға қазіргі қазақ тіліндегі зат есімнің реңдік мәнді
жұрнақтарын, сын есімнің шырай категориясына ендіріліп жүрген –ғылт,
-ғылтым, -шылтым, -ша, -ше жұрнақтарын жатқызуға болады. [6.227-228].
Аталған қосымшалардың сөз тудыру немесе форма тудыру сипатын анықтау үшін
олардың әрқайсысының тілдегі қолданыстарына, сөздіктің реестрлік қатарын
құрай алу-алмауына, тарихи шығу тегіне назар аударған жөн.
Мәселен, зат есімнің реңк мәнді жұрнақтарының саны 13-тен 42-ге дейін
жеткізіліп, олардың барлығы бірдей сөзжасам қосымшаларына жатқызуда. Атап
айтқанда: 1) -еке, -қа, ке; 2) –а,-е; 3)-ң; 4)-кеш; 5)-й; 6) –аш,-ыш,-іш;
7) –ш; 8) -аға; 9) –леки; 10)-й; 11)-тай; 12)-жан; 13)-қан, -ақан; 14)
–қай, -кей; 15)-шақ,-шек; 16)-пан; 17) -ек; 18) -шекеш; 19) -шығаш,
-шігеш; 20) -жын,-жін; 21) -ақай; 22) –бай; 23) -шық,-шік; 24) -ша,-ше; 25)
-сымақ; 26) -шік; 27) -шек; 28) -ес; 29) -уыт; 30) -тақ, -дақ, -дек;
31) -ыр; 32) -қат; 33) -ай,-ей; 34)-кет; 35)-аң, -ең; 36)-қа; 37) –ат;
38)-қал; 39)-анақ; 40) –анақ; 41) –қалаң; 42) -паң. [7.81-82]. Зерттеушінің
өзі көрсететіп отырғандай, аталған қосымшалардың негізгі мағыналары:
сыйлау, құрметтеу, еркелету, жақсы көру, адамзатқа тән эмоциялық мәнді
білдіру мен кішірейту, кемсіну, қомсыну, келеке мәнді жұрнақтар. Демек,
аталған жұрнақтардың мағыналық сипаты біркелкі емес. Бұлардың ішінен
кісі есімдеріне жалғанатын –қа,-ке,-еке, -а, -е, -ң,-ш жұрнақтарын
қарастырайық. Тіл байлығының жиынтығы, тілдегі бар лексемалардың тізбесін
құрайтын 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің 2-томында аталған
жұрнақтармен келетін 2 сөз ғана кездесті: бай+еке, бақсы+еке. Ал 8-томнан
аталған жұрнақтармен келетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz