«Фудмастер» компаниясы



Жоспар

Кіріспе

Ι.ТАРАУ. «ФудМастер» компаниясы
1.1 «ФудМастер» компаниясы туралы жалпы түсінік.
1.2 Алғашқы зауыты . Есікте.
1.3 Тоқтап қалған кәсіпорынды қатарға қосу .
1.4 Шымкент пен Қордайда ірімшік өндіру дәстүрі сақталған.
1.5 Сапа, сапа және сапа.
1.6 Компьютерлендірілген «ФудМастер» компаниясы сауын сиыр фермасы.
1.7 Алматы облысындағы сүт өнімдерін фермерлік шаруашылықтар өнімдерінің сапасы.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

Маркетингілік зерттеу-фирма алдындағы маркетингілік жағдайға байланысты қажетті деректер тобын жүйелі түрде анықтап, оларды жинау, талдау және алынған нәтижелер туралы есеп беру.
Фирма маркетингілік зерттеу туралы тапсырысты бірнеше түрде беруіне болады. Майда фирма осындай зерттеуді жоспарлумен жүргізуді жергілікті коледждің мұғалімдері студенттеріне тапсыруы мүмкін немесе арнайы мекемені жалдауы мүмкін. Көптеген ірі компаниялардың 73% астам маркетингілік зерттеу бөлімдері бар. Мұндай бөлімде бірден бастап бірнеше ондаған қызметкерлержұмыс істеуі мүмкін. Маркетингілік зерттеу қызметін басқарушысы, әдетте, маркетингілік вице президентке бағынып, зерттеуді басқарып, әкімдік консультант және фирманың мүддесін көздейтін қорғаушы функцияларын атқарады. Бөлім қызметкерлері зерттеу жоспарын дайындаушылардан, статистиктерден, социологтардан, психологтардан, модалирлеу мамандарына құралады. Маркетингілік зерттеушілер өз әрекеттерінің өрісін үздіксіз кеңейтуде (№1- кесте ). Олардың зерттеу жүргізген он түрлі мәселелеріне мыналар жатады нарық сипаттамаларын зерттеу, нарықтық потенсиялдық мүмкіншіліктрін өлшеу, фирмалардың нарықтағы үлестері, өткізуді талдау,кәсіпкерліктің активті тенденциясын зерттеу, қысқаша уақытқа болжам жасау, баға саясатын зерттеу.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Маркетинг. Филипп Котлер
2. Маркетинг. С.Р.Есімжанова. оқу құралы Алматы 2003.
3. Газет. «Жас алаш».
4. Интернет.www/FudMaster/kz/
5. Академия рынка: маркетинг/пер. с фр. (Дайан А., Букерель Ф., Ланкар Р.
др.); науч.ред. Худакормов А.Г. - М.: Экономика, 1993. - 572 бет.
6. Багиев Г.Л., Тарасевич В.М. Маркетинг. СПб: СПБУЭФ, 1996. - 74 б.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Ι-ТАРАУ. ФудМастер компаниясы
1.1 ФудМастер компаниясы туралы жалпы түсінік.
1.2 Алғашқы зауыты – Есікте.
1.3 Тоқтап қалған кәсіпорынды қатарға қосу .
1.4 Шымкент пен Қордайда ірімшік өндіру дәстүрі сақталған.
1.5 Сапа, сапа және сапа.
1.6 Компьютерлендірілген ФудМастер компаниясы сауын сиыр фермасы.
1.7 Алматы облысындағы сүт өнімдерін фермерлік шаруашылықтар өнімдерінің
сапасы.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Маркетингілік зерттеу-фирма алдындағы маркетингілік жағдайға
байланысты қажетті деректер тобын жүйелі түрде анықтап, оларды жинау,
талдау және алынған нәтижелер туралы есеп беру.
Фирма маркетингілік зерттеу туралы тапсырысты бірнеше түрде
беруіне болады. Майда фирма осындай зерттеуді жоспарлумен жүргізуді
жергілікті коледждің мұғалімдері студенттеріне тапсыруы мүмкін немесе
арнайы мекемені жалдауы мүмкін. Көптеген ірі компаниялардың 73% астам
маркетингілік зерттеу бөлімдері бар. Мұндай бөлімде бірден бастап бірнеше
ондаған қызметкерлержұмыс істеуі мүмкін. Маркетингілік зерттеу қызметін
басқарушысы, әдетте, маркетингілік вице президентке бағынып, зерттеуді
басқарып, әкімдік консультант және фирманың мүддесін көздейтін қорғаушы
функцияларын атқарады. Бөлім қызметкерлері зерттеу жоспарын
дайындаушылардан, статистиктерден, социологтардан, психологтардан,
модалирлеу мамандарына құралады. Маркетингілік зерттеушілер өз
әрекеттерінің өрісін үздіксіз кеңейтуде (№1- кесте ). Олардың зерттеу
жүргізген он түрлі мәселелеріне мыналар жатады нарық сипаттамаларын
зерттеу, нарықтық потенсиялдық мүмкіншіліктрін өлшеу, фирмалардың нарықтағы
үлестері, өткізуді талдау,кәсіпкерліктің активті тенденциясын зерттеу,
қысқаша уақытқа болжам жасау, баға саясатын зерттеу.

Ι-ТАРАУ. ФудМастер компаниясы
1.1 ФудМастер компаниясы туралы жалпы түсінік.

ФудМастер- сүт өнімдерін, балмұздақ, шырын өндіретін фирма.
Қазақстанда оның құрамында алты зауыт пен тауарлы сүт фермасы, Украинада
екі зауыты және Малдовада екі зауыты бар. ФудМастер жоғары сапалы сүт
өнімдері мен шырынның жүзден астамын әлемдік стандартқа сай етіп шығарады.
Компания өнімдері халықаралық және республикалық тамақ өнімдері
көрмелерінде бірнеше рет жоғары наградалармен атап өтілді. 2002 жылы
ФудМастер компаниясы Қазақстандағы тағамдық фирмалардың арасында бірінші
болып ISO 9001халықаралық сапа стандарты бойынша тиісті сертификаты алды.
Компанияның 2002 жылғы жылдық қаражат айналымы 24 млн АҚШ доллары
болды. Ол өнімнің жүзден астам түрін шығарады.6 зауыты, бір тауарлы-сүт
фермасы бар. Онда 1300ден астам адам жұмыс істейді. Компания 1995 жылы
құрылған және сүт өнімдерін өндіруге маманданған. Оның қазіргі кезде
Қазақстанның әр түрлі облыстарында орналасқан бірнеше өндірісі бар.
Ең алғашқы зауыт- ФудМастер-Алматы Алматы облысының Есік
қаласында орналасқан. Жеті жыл ішінде жабдықтар кезең-кезеңімен жаңартылды.
Қазіргі кезде зауыт жоғары технологиялы жаңа
желілермен жарақтанып, өнімнің әрдайым сапалы болуына кепілдік береді.
Зауыт күн сайын 100 тоннадай сүт өңдейді, кефир, ряженка, қаймақ
ірімшік, пастерленген сүт, Пеппи иогурт сусынын, простокваша сияқты
өнімдерді, емдік сауықтыру өнімдері тобын: BFB және БИО-С, А+Д
витаминделген сүт, БИО-кефир, Страдивари балмұздағы және стакандағы
вафлилі балмұздақты шығарады. 2003 жылы ФудМастер компаниясы ораудың жаңа
түрін- Тетратопты ұсынды. Мұндай ораудың ерекшелігі-технологиялық процесс
өнімнің стерилділігі мен гигиенасын мүлтіксіз қамтамасыз етеді. Компания
отандық өндірісті әлемдік стандарттың жоғары өлшеміне жуықтауға үнемі
ұмтылып келеді.
1997 жылы компания Астана қаласындағы ФудМастер-ЖА (Жаңа астана)
компаниясына зауыт сатып алды. Алғашында зауыт жұмыс істемеді, өндірістік
цехтар мен жабдықтардың бір бөлігі бүлінді. Ғимараттағы және сырттағы ауа
температурасы бірдей -32˚c болды. ФудМастер компаниясы үш айдың ішінде
зауытты қалпына келтіріп қана қоймай, алғашқы өнімін де берді. Қазіргі
кезде зауыт 50-60 тоннадай сүт өңдейді әрі жоғары сапалы сүт өнімдерінің
алуан түрін шығарады. Бұл өнімдер Астаналықтардың жаппай сұранысында.
1998 жылы компания сыр шығаратын екі зауыт сатып алды: Шымкент
қаласында ФудМастер-Шымкент және Қордай кентінде-
ФудМастер Қордай ФудМастер –Шымкент қазіргі еуропалық технология
бойынша әзірленген сырдың жаңа түрлерін көптеп ұсынуда. Қазақстандық
тұтынушыларға тұздалған және балқытылған жұмсақ Ленгер сыры және Чудо-
завтрак,Чудо-сырок ірімшік өнімдерінің дәмі ерекше ұнайды. Компания
қатты сырдың бірегей рецептурасын сақтап қалды. Қордай маркасындағы
мәйек сыры біздің республикадағы ең танымал өнімдердің бірі.
1999 жылы шілдеде компания табиғи шырын және ұзақ уақыт сақталатын
сүтті өндіретін ФудМастар-Асептик жаңа зауыты ашты. Зауыт түгелдей
салынды. Тетра Пак халықаралық концернінің қазіргі заманға сай өндірістік
жабдықтары табиғи сапалы PIKO шырынын (12түрі) Заилийское, БИО
сүттерін, хош иістендірілген Му сүтін шығаруды қамтамасыз етеді.
Компания жеті жылдан бері өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету
мәселесін дербес шешуде. Компания Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде сүт
қабылдайтын 72 орын ашты. Алайда бұл жоба шикізат тапшылығы мен
қабылданатын сүт сапасы проблемасын түбегейлі шешпейді. 1999 жылы
ФудМастер Алматы облысының Іле ауданындағы Междуречинск ауылының тауарлы-
сүт фермасын өз меншігіне сатып алды.
ФудМастер-Агро 500 сауын сиырдан күн сайын 8 тоннадан астам
жоғары сапалы сүт алады. Сиырды құнарлы азықтандыру үшін
компания Данияда шығарылған шағын құрама жем цехын сатып алды. Ферма
компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген, мұнің өзі компьютер арқылы
табындағы әрбір сиырдың қажетті деректерін, оның шежіресін, ауруы туралы
мәліметтерді, қоректену рационын, бұзаулайтын уақытын және басқа да
көрсеткіштерін тіркеп отыруға мүмкіндік береді.
2002 жылы компания Алматы қаласында ФудМастер АйсКрим
балмұздағын өндіретін зауытын ашты. Бұл зауыт орталық Азия өңіріндегі ең
ірісі әрі осы заманға сай. Тетра Пак халықаралық консернінің ең жаңа
жабдықтары әлемге белгілі балмұздақтың кез келген түрін шығара алады. Зауыт
күн сайын 25-30 тонна балмұздақ өндіреді. Кремари сауда маркасымен әр
түрлі толықтырғышы бар және алуан түрде жылтыратылған балмұздақтар
шығарады. Компания балмұздақтарды тек Қазақстанда ғана емес, көрші елдерге
де (Қырғыз, Ресей) сатуды жоспарлап отыр.
ФудМастер компаниясының сапа стандарттары шикізат ретінде де,
сондай-ақ дайын өнім ретінде де Қазақстан Республикасында қабылданған
Мемлекеттік стандартқа сай келеді. Өнімдер тұтынушыларға жеткізілгенге
дейін өндірістің барлық кезеңінде 7 дүркін тексеруден өтеді. 2002 жылы
ФудМасиер2 компаниясы ISO 9001халықаралық сапа стандартына сәйкес беделді
сарапшылар (TUV Rheinland inter cert kft) мақұлдаған сертификат алды.
Компанияның атақ-абыройы қазіргі заманға сай технологиялары мен сауатты
менеджментті ғана емес, ондағы жоғары білікті қызметкерлері болып саналады.
Соның негізгі ұйымдастырушысы-осы компанияның бас директоры Сәкен
Орынбекұлы Сейфуллин. ФудМастер компаниясында ол еңбек жолын Есік
қаласындағы компанияның алғашқы зауытының қаржы директорлығынан бастады.
Сәкен Орынбекұлының кәсіби, ұйымдастырушылық және жетекшілік қасиеті қызмет
бабында бас директорлыққа дейін жоғарылап қана қоймай, компанияның тез
арада өркендеуіне тікелей ықпал етті. Компания бизнесін жандандыруға Дәрен
Бахтаев, Асылбек Малғонысов, Евгений Митрохин, Марат Жүнісов, Владимир Пак,
Найля Тұрсымбаева секілді білікті мамандарда өз үлесін қосуда. Осындай
сенімді әрі берік тұғырнамада ФудМастер компаниясы Қазақстанның сүт
рыногында жетекші орын алып отыр.
Осы күні бір зауыт, бір өндіріс орны ашылып жатса, қуанатын
болдық. Бұл дегеніңіз біріншіден, қосымша жұмыс орны, екіншіден, отандық
өнім тұтынып, жергілікті кәсіпорындарға, тіпті зкономикамызға зор демеу
жасаймыз. Үшіншіден сырттан ағылып келіп жатқан шетелдік тауарларға шектеу
қойылады. Сәйтіп, адамдардың отансүйгіштік қасиетін осылай да шыңдауға
болатын шығар. Мысалы, маған базар толы қытайдың түкке тұрғысыз, сапасыз
киімдерін саудалағаннан гөрі, үлкендер сағынышпен еске алатын
шымкенттік ертеректегі Восход, алматылық Жетісудың деңгейіндегі
тауарлар қазір өндірілсе, қиналмай алатын едім. Өкінішке қарай, сол
жылдардағы тауарлар сапасына деңгейлес өнім шығара алмай жатқан жағдай бар.
Осыдан екі-үш жыл бұрын Белорусь жеріне жолым түсіп ондағы өнімдердің
барлығы өздері шығаратындарына көзім жеткенде бір жағынан қызығып, бір
жағынан қызғанғаным бар еді. Өйтпегенде ше? Әлі күнге дейін кеңестік дәуір
кезінде салынған зауыт-фабрикалардың барлығы тоқтаусыз жқмыс жасап тұр. Ал,
біздегі жағдай тым бөлек. Қолда барын қираттық, қирағаннан қалғанын саттық.
Қазір мемлекет бюджеттен қомақты қаржы бөліп, ірі зауыт-кәсіпорындар салып
жатқан жоқ. Жеңіл өнеркәсіп салаларының ауыр проблемалары қаз-қалпында тұр.
Үкімет, индустрия және сауда, Экономика және бюджетті жоспарлау
министрліктері осы жеңілөнеркәсіп салаларын дамытуға бағытталған арнайы
бағдарлама жасаса, еліміздің экономикасында кәдімгідей қозғалыс пайда болар
еді. Әзірше еліміздегі зауыттарды өз мүмкіншіліктерімен әскерлік
қабілеттіліктерін жетілдіру, табыс көзін табу мақсатында жекелеген
компаниялар ашып жатыр. Бұған да шүкіршілік, олардың арқасында елімізге
озық технология келіп, қосымша жұмыс орындары ашылуда. Экономикамыздың
жетіліп, белгілі бір деңгейде өсуіне ықпал етілуде. Жақында осындай бір
қуаныштың куәсі болған едік. Отандық сүт өнімдері нарқындағы көшбасшы
ФудМастер компаниясы балмұздақ
және басқа да өнімдерді шығаратын ФудМастер-АйсКрим зауытын ашты.
Мұндай өндірістің арзан емес екенін әркім біледі. Жоба
Казкоммерцбанктің несиелік желілері арқылы жүзеге асты. Компания
басшылығының айтуы бойынша , екі-үш жылдың ішінде зауыт өзін-өзі ақтайды
деп күтілуде. Және бұл зауыт –Алматы қаласындағы балмұздақ өндіретін
алғашқы зауыт болып тарихта қалатын болды. Аталмыш компанияның бұған дейін
зауыттары Алматыдан тысқары жерде еді, енді міне, Алматы төрінің қақ
ортасынан ойып тұрып орын алған жайы бар. Өндіріс орнының жалпы қуаттылығы-
150 тонна. Сөткесіне 25 тона балмұздақ өндіруге қауқары жетеді. Зауыттың
қуаттылығы біртіндеп, араға уақыт салып қосылып отырады. Әзірше, мұнда
балмұздақтың рн түрі шығарылып жатыр.
Болашақта оның қатары 20-ға дейін көтеріледі деп күтілуде. Халықаралық
стандартқа сай, кез келген жерге ұялмай шығаруға болатын Африка, батон
тектес Баути, Эскимо және т.б. тәтті балмұздақ түрлерін тұтынушылар
ризашылықпен алуда. Өйткені, оның құрамында адам ағзасына қажетті, пайдалы
заттар көп. Жергілікті мамандар мұндай озық технологиялы зауыттың ТМД
аймағының шығыс бөлігінде жоқ екендігін айтуда. ФудМастер осыншама
қымбат өндірісті қатарға қосуға неге мүдделі болды екен? Бұл сауалымызға
компанияның вице-президенті Сәкен Сейфуллин былай деп жауап
берді: Отандық нарықты қараңыз, біздің бұған дейін шығарған Страдивари
және вафельді стакандағы балмұздағымыз болмаса, дені сырттан келген
өнімдер. Көбі Ресей мен Қырғыз елінікі. Қырғыз ағайындардікі енді сапасыз.
Сапасыз болған соң құны да арзан. Оған арзан шикізат пен қуат көзін
қосыңыз. Контрабанда жолымен келетіндері қаншама. Ұзақ жолда балмұздақ
әбден ериді жеткізілетін жеріне келгеннен кейін оны қатырады. Еріп- қатыру
нәтижесінде оның құрамы бұзылады. Сонау Ресейдің қалаларынан Алматы
қаласына жеткенше балмұздақ бастапқы қалпынан міндетті түрде бұзылады.
Тұтынушы сапалы өнім тұтынса, ол бір жағынан мәдениет, бір жағынан олар,а
көрсетілген құрмет. Айналып келгенде біз халықты сапасы жақсы, балауыз
балмұздақпен неге қамтамасыз етпеске деген ой келді де, жаңа жоба бойынша
іске кірісіп кеттік. Қараңыз, біздің зауыттың қазіргі шығарып жатқан
өнімдері Ресейдікінен де, еуропа елдерінікінен де кем емес. Бағалары
ортанқол, 30-40-50 теңге көлемінде. Және бір ескеретіні, біз
балмұздақтарымызды түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері тұтына алатын
деңгейде өндіріп отырмыз. Тұтынушыларды алалауға болмайды, бәріне ортақ,
бұқараның қалтасы көтеретін деңгейде шығарып жатырмыз.
Шынында да балмұздақ тым кірпиязөнім. Дегенмен, оны жақсы
көрмейтін бала жоқ шығар.
Дәрігерлер соңғы кезде мынадай бір қызық көзқарасты айта бастады. Тамағы
ауырған балаға балмұздақ беру керек. Сонда Суықты суық қайтарады Алғақы
өнім шығарыла бастағаннан компания мектеп оқушыларына арнайы экскурсиялар
ұйымдастыруда. Мұнда күніне 3-4 мектептен оқушылар келіп, балмұздақтың
қалай шығатынын көріп, білуде. Мұндай акция не ұшін керек? Өндіріс
меңгерушісі Сыздықова Орынғайшаның айтуы бойынша, тұтыну мәдениетіне адам
бала жасынан бейімделген дұрыс. Және өздері сүйіп жейтін тағамдарының қалай
дайындалатынын көріп білудің де еш сөкеттігі жоқ Оның үстіне олар өз елінің
өндіріп отырған тауарларының сапасы өзгелердікінен кем түспейтіндігіне
көздерін жеткізеді және сол өнімдерді тұтынуға тырысады. Бұл-шындық сөз.
Мұндағы жағдайдың барлығы тұтынушының жақсы, сапалы өніммен қамтамасыз ету
үшін жасалынған. Балмұздақтың құрамына қосылатын әрбір қоспа (сүт, сары май
т.б.) микробиологиялық лабороториялық зерттеулер жүргізіп тұрады. Мұндай
жұмыстар үшін зауыт арнайы лаборотория ашқан. Өндіріс процестерінің
барысында өнімге адамның саусағы да тимейді екен. Осы ұғымның өзі-ақ көп
нәрсенің басын ашып береді. Талап
күшті. Бал-шикізатты өңдейтін және дайын өнім алатын 7 желі құрайды.
Жұмысшылар қазір екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр.Жаз айларында балмұздаққа
сұраныс артатын кезде олар үш ауыссымен де жұмыс істеді екен. Бүгңндері 124
адам нәпақасын осы жерден тауып,
жеп отыр. Автоматтандырылған технологиямен жұмыс істеудің өзі бір ғанибет.
Шоршау-шалдығу дегенді білмейміз. дейді Көркем есімді қыз. Осыған қарап
мен баяғы Қол еңбегі деген түсініктің қалғанын сезгендей болдым.
Ертеректе тігін фабрикасы болған, Өндірісі тоқтап қалғаннан
кейін ашық шашық, қирап қалған ғимаратты сатып алып, аса қымбат
технологияны елімізге әкеліп, сапалы өнім шыңарып отырған мұндай
компаниялардың қызметіне қуана отырып, ақжолтай тілек айтасың.
Бәріміздің есімізде Үкімет осыдан бірер жыл бұрын импортты
алмастыру бағдарламасын қабылдаған болатын. Бағдарламаның басты мақсаты-
сырттан келетін өнімге, тауарға, Тіпті шикізатқа шектеу қойып, отандық
өнімнің өрісін кеңейту еді. ФудМастер АйсКрим Зауыты осы бір жобаның
жарқын бір көрінісі.
Жақында осы компанияның Есіктегі сүт зауыты халықаралық ISO
9001 сапасына сәйкес келетін сертификатын алғаны жөнінде біз газет
оқырмандарына хабарлағанбыз. Екінші кезекте енді осы балмұздақ зауыты тұр.
Бұл зауыт халыұаралыұ сертификатты қиналмай алатын шығар, өйткені, мқндағы
талаптың барлығы халықаралық деңгңейге сай екендігі анық нәрсе. Импортты
алмастыру демекші,
Статистика жөніндегі агенттіктің мәләметіне қарағанда, Еліміздегі біз
тұтынып отырған азық-түліктің 60 пайызы алыс жақын шетелдіктерден келеді
екен. Осы дерекке қарап осынау бағдарламаның қаншалықты
жүзеге сып жатқандығын байқауға болады. Бірлі- жарымды кәсіпорындар болмаса
бұл жобаға келгенде көптеген шетелдік компаниялар самарқау кейіп танытуда.
Демек, осы мәселеге келгенде Үкімет шетелдік компанияларға қатаң талап және
бақылау қою керек. Сонда ғана нәтиже болмақ. Әйтпесе осы күнге дейін бұл
бағдарламаныжүзеге асыруға келгенде инвесторлар
Еліміздегі сүт өнімдері әу баста көш басшысы атанған ФудМастер
компаниясы күні бүгінге дейін лидерлікті ешкімге бермей келеді. Осыдан 7
жыл бұрын Алматы маңайындағы Есік қаласының сүт зауытына құйылған 60 мың
АҚШ доллар көлеміндегі шетелдік несиеден басталған шағын бизнес бұл күндері
ірі өндіріске айналды десек артық айтпағандақ шығар. Сол жылы компания
отандық нарыққа алғашқы иогурттарын шығарып, несиелік міндеттерін алдын ала
орындап, зауыттың мойнында тұрған 43 миллион көлеміндегі қарызды өтеп
берген. Қосымша 25 миллион теңгені өндіріске инвестиция ретінде салған.
Мұның бәрі енді артта қалған азғантай тарих. Осы жылдар ішінде компания
халықаралық сапа стандарттарына сай сүт өнімдерінің біздің нарыққа
бейтаныстау түрін шығарып, тұтынушыларын риза етіп келеді.Жақында газет
тілшісі аталмыш компанияның Бас директоры Сәкен Сейфулинмен кездесіп,
сұхбаттасыпты.
Сәкен, осы күні сүт өнімдері нарқының басты ойыншысы болып
отырсыздар. Сіздермен терезесі тең түсетін бәсекелестеріңіз бар ма?
- Иә, әу баста біз бұл нарықта жалғыз едік. Осынау саладағы өндіріс
кеңестер ұоғам ыдырағаннан кейін мүлде тоқтап қалды. Екі қолды
жайып отыра беруге іскер жігіттер шыдамады. Сырттан білім алып,
ондағы бизнестен хабары бар өз қандастарымыз сүт-өндіріс саласын
жетілдіруді көздеп, мақсат етті. Осыдан жеті жыл бұрын сырттан
инвестиция тарту өте қиын шаруа еді, бақытымызға қарай оған да қол
жетіп, істі бастап, бұл күндері осы саланың жетекші компаниясына
айналып отырмыз. Уақыт өте келе нарықта сүт өнімдері бизнесімен
айналыса бастаған басқа да компаниялар пайда болды. Бұл- заңдылық.
Сонда ғана бәсеке туады. Ал бәсеке дегенің, егер ол таза, шынайы
бәсеке болса, шыңдайды. Алға ұмтылғың келіп тұрады, қанатыңды
кеңге жайғың келеді. Сондықтан бар ниетіңді өзің айналысып отырған
шаруаңа жұмсайсың. Әрине, біздің компанияны осыдан жеті жыл
бұрынғы кеиіпімізбен салыстыруға болмайды. Өсіп-өніп отырған
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фуд Мастер компаниясы
Танысу тәжірибесі барысындағы міндеттерім
Алматы қаласының ақ «АБДИ компаниясының» кеңсе тауарлар әлемі
“ФудМастер” ЖШС
Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі
«Фудмастер» өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау
Сүт өнімдерінің сапасын бақылау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау әдістемесі
Пәндер