Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi
ЖОСПАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттің салық қызмет органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Мемлекеттің салық қызметі органдарымен көрсетілетін мемлекеттік
қызметтер, оларды шағымданудың мүмкіндігі мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ..16
1.4 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша әлеуметтік зерттеулер нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Мемлекеттің салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы.20
2.2 Мемлекеттің салық қызметі органдарының құқықтары ... ... ... ... ... ... 26
3.1 Қазақстан Республикасы салық қызметінің даму стратегиясы ... ... ... .29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

ЖОСПАР
ЖОСПАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 2
КІРІСПЕ

... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

... ... ... ... ..5
1. Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Мемлекеттің салық қызмет органдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

қызметтер, оларды шағымданудың мүмкіндігі мен тәртібі
... ... ... ... ... ... ..16
1.4 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша әлеуметтік зерттеулер
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.2 Мемлекеттің салық қызметі органдарының құқықтары
... ... ... ... ... ... 26
3.1 Қазақстан Республикасы салық қызметінің даму стратегиясы
... ... ... .29
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ...34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі міндеттері тақырыбы бойынша
курстық жұмыстың мақсаты бұл - мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі
міндеттері мен мақсатын және құқықтық негіздерінің жұмыс істеу процесін
және сонымен байланысты мәселелерді оқу және қарастыру. Тақырып өзектілігі:
салықтық қызметтің дұрыс жұмыс істеу барысында мемлекеттік бюджетті
қалыптастыру, ұлғайту.
Объектісі: мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі міндеттері және оның
негізгі бағыттары. Зерттеу пәні:Қазақстан Республикасының Мемлекеттің
салықтық қызметінің мәні мен мағынасы болып табылады.
Осы алға қойып отырған мақсатымызға жету үшін алдымызда бірқатар
міндеттер орындалады: Қазақстан Республикасындағы салықтық қызметтің
орындалу ерекшеліктерін зерделеу,және салықтық қызметтің даму стратегиясын
ұсыну.
Мемлекеттің салықтық қызметі ҚР ның салық жүйесі аумағындағы салық салу
процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мән жайларды
(салықтар мен басқа міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салықтық
төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне
қатысты заңни фактілер негізінеде салықтық міндетемелер жүктелген заңды
және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу
механизміндегі фискалдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін,
сондай-ақ олардың балансты болуын)қамтамассыз етуге бағытталған, салықтық
заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық қызметі
болып табылады.
Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері
болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп өркендеуінің материалдық
негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатынын басты
бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің
қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін
ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл ретте мемлекеттік салықтық қызмет аясы қоғамның әлеуметтік-
экономикалық инфракұрылымын құруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды.
Мемлекеттің салықтық қызметі:
Мемлекет аумағындағы республикалық және жергілікті бюджеттерге салынатын
салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу
және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық
кұрылымдарды қалыптастыру және олардың тиісінше жұмыс істеулерін қамтамасыз
ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу
жөніндегі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе өзі айрықша уәкілеттілік
берген мемлекеттік органдарының қызметі ретінде;
барлық салық төлеушілердің өздеріне тиесілі салықтық міндеттемелерін дұрыс
орындауларына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыққанды жүргізу, оның
ішінде салықтық тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына баса назар аудару,
сондай-ақ заңда көзделген келеңсіз сәттердің орын алуына байланысты
салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-
қимылдары мағынасында сипатталады.
Салықтық кызмет өзара тығыз байланысқан құкықтық және экономикалық
қатынастардың жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай, мемлекет тиісті заңдар
мен басқа нормативтік-құқыктық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен
міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы,
белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді.
Демек, салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы
мемлекеттің салықтық қызметіне байланысты болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Жалпы салық қызметтiң түсiнiгi
Жалпы салықтық кызмет салық жүйесіндегі салық салу процесін
ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мән жайларды қамтамассыз
етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің
объективті экономикалық қызметі болып табылады. Мемлекеттік кірістің ең мол
түсім көздері салық болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп
өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық
қызмет мақсатынын басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді
тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің
функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Салықтардың белгіленуі мен алынуы мемлекеттің салықтық қызметіне
байланысты болады.
Мемлекеттің салықтық қызметінің мақсаттары:
1) салық төлеушілердің экономикалық-қаржылық мүдделерін қорғау
мақсатында мемлекеттің салықтық юрисдикциясының шегін ұтымды белгілеу;
2) салықтардың көмегімен республикалық бюджет кірісіне ақша
қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік-саяси және
мәдени дамудың мемлекеттік бағдарламаларын ақша қаражаттары мен қамтамасыз
ету;
3) мемлекеттің салық жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
4) өндіріс аясын және өндірістік қатынастарды тиісінше салықтық-
құқықтық реттеуді қамтамасыз ету;
5) шаруашылық субъектілерінің халық тұтынатын тауарларды шығаруға және
өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған белсенді экономикалық кызметтерін
салықтық ынталандыру;
6) салық органдары қызметтерінің рентабельділігін арттыру, құқықтық
негіздерін, әлеуметтік жағдайлары мен материалдық базасын жетілдіру түрінде
көрініс табады.
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздеріне салықтық кызметтің
жалпы бастамаларын, принциптерін, міндеттері мен мақсатын, салықтар мен
салық жүйесінің кұрылымын, салықсалу процесіндегі фискалдық және реттеуші
функциялардың балансты жұмыс істеуін, сондай-ақ салық төлеушілер мен салық
органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормалар жатады.
Мемлекеттің салықтық қызметі:
1) салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді белгілеу;
мемлекеттің салық жүйесінің қазіргі кезең талаптарына сай құрылуына, оның
экономикалық және құқықтық негіздерінің тиімді болуына ат салысу;
салық төлеушілердің өз салықтық, міндеттемелерін біржақты - ерікті
орындауларына жағдай жасау және осыған орай салықтық бақылауды жүзеге
асыру;
салық салу саласындағы мемлекеттік органдар мен арнайы салық органдарының
жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыреттерін белгілеу;
салық органдарының қызметін тиімді ұйымдастыру және салықтық құқықтарын
ұтымды белгілеп, жетілдіру;
салықтық міндеттемелердің айтарлықтай көлемде орындалмағанына орай олардың
мәжбүрлі негізде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
салықтық заңнаманы бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу және осы
жауапкершілік шараларына кінәлі тұлғаларды тарту;
салық салу саласындағы салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтық
және салықтық мәдениеттерін қажетті деңгейде қалыптастыру арқылы олардың
материалдық мүдделерінің мүмкіндігінше балансты болуына ат салысу;
отандық және шетелдік инвестициялардың мол және тиімді ағымының арнасын
кеңейту мақсатында инвесторларға салық салу климатын жақсарту, тартымды
жеңілдіктер беру және оларға қатысты салық әкімшілігін екі жақтын
(тараптың) мүдделерін есепке ала отырып жүргізу сияқты негізгі
бағдарбағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Салықтық қызметті жүзеге асыру барысында салықтардың экономикалық мән-
жайын білдіретін фискалдық қайта бөлу, бақылау және реттеуші функциялары да
өз рөлдерін атқарады. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі.
Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни
салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты -
өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық
реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің
тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар
ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші
кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу
тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық
тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық
ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми
негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын
төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің
азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы
және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны
байқауға болады:
-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен
асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында
болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері
аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл
қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып,
салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да
шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі
субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің
іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы
арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан
Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен
көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда
жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың
бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін
(функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық
механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты
негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын
функциаларда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші
және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы –
осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен
бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін
арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра
отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғайған кезінде туындайды. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын
бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Бұл орайда,
салықтың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерін алу, жеңілдіктер мен
төмендету әдістерін өзгерту қолданылады. Бұл реттегіштер қоғамдық өндіріс
құрылысы мен пропорцияларына, жинақтау көлемдеріне әсер етеді.
Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес
ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу
әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл
реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну
ауқыбына ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі
мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы
өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары
Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын
алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз
болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2
пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз).
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай
салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің
декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Салықтык қызметтің негізгі құқықтық әдістеріне:
салық зандарын шығару;
салық заңдарына тәуелді және сол зандарды атқару мақсатында нормативтік
кұқықтық актілер шығару;
жекелей салықтық құқықтық, актілерді шығару;
келісімді негізде екі жақты салықтық құқықтық акті қабылдау;
мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының, салықтық заңнамада
белгіленген өкілеттіктерін өздері қатысатын нақты салықтық құқықтық
қатынаста біржақты түрде жүзеге асыруы жатады.
Салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын жолдар мен
тәсілдер:
салықтарды белгілеу;
салықтарды алу;
салықтардың толығымен және уақтылы төленуіне салықтық бақылау жүргізу;
салық төлеушілердің есебін жүргізу;
табысты төлеу көзінде салықтарды ұстап қалуды ұйымдастыру;
б) мемлекеттің салық органдарының жүйесі мен қызметін ұйымдастыру;
салықтық заңнаманы бұзған кінәлі тұлғаларға белгіленген заңи жауапкершілік
шараларын қолдану;
салық салу жүйесін және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды салықтық-
құқықтық реттеуге ат салысу;
салықтық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қадағалау және қамтамасыз
ету сипатында көрініс табады.
Мемлекет аумағындағы салықтарды белгілеу мынадай нысандағы нормативтік
құқықтық актілер:
а) Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының заңы;
ә) Президент шығарған Қазақстан Республикасының заңы;
б) Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы арқылы
жүзеге асырылады.
Салықтарды белгілеу элементтеріне белгілеу субъектісі, белгілеу нысаны
және белгілеу тәртібі жатады. Салықтарды белгілеудің конституциялық
қағидаттары: салықтарды белгілеу және жою кезіндегі мемлекет билігінің заң
шығару тармағының үстемдігі; салықтарды белгілеу кезінде заңдыкты сақтау;
салықтық заңнаманың конституцияға сәйкес болуы; салықтарды төлеу
міндеттілігі; мемлекеттін салықтық қызметінің бұқаралығы және жариялылығы
болып табылады.
1.2 Мемлекеттің салық қызмет органдары
Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің толық түсуі жөніндегі, міндетті зейнетақы жарналарының
толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық
төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру
жөніндегі міндеттер жүктеледі.
Салық органдарына:
Облыстар бойынша салық комитеттері
Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері
Ауданаралық салық комитеттері
Қалалар бойынша салық комитеттері
Қаладағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Салық органдары жоғары дәрежелі салық қызметі органына төменнен жоғары
қарай тікелей бағынады. Салық органдарының жұмысына жалпы басшылықты
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Қала бойынша салық комитетінің құрылымын қарастырайық:
1. Басшылық
2. Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс жүргізу бөлімі.
3. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі.
4. Ірі салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі.
5. Орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілермен
жұмыс жүргізу бөлімі.
6. Ірі салық төлеушілерді тексеру бөлімі.
7. Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру бөлімі.
8. Мобильдік топтардың салықтық бақылау жұмысын ұйымдастыру бөлімі.
9. Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі.
10. Өндіріп алу бөлімі.
11. Өндірістік емес төлемдерге әкімшілік ету бөлімі.
12. Акциздік салыққа әкімшілік ету бөлімі.
13. Жеке тұлғалар тарапынан төленетін салыққа әкімшілік ету бөлімі.
14. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі.
15. Әкімшілік-шаруашылықпен қамтамасыз ету бөлімі. Салық комитетінің
құрылымы салық төлеушілердің санына байланысты, сондықтан жекелеген
әкімшілік-аумақтың бір-ліктерде бөлімдер саны, бөлімдердің атауы мен
қызметінің бағыты келтірілген құрылымнан өзгеше болуы мүмкін, бөлімдер аз
болуы мүмкін, бірақ мынадай бөлімдер міндетті түрде болуы тиіс:
Салық төлеушілермен жүмыс жүргізу бөлімі.
Тексеру бөлімі.
Өңдіріп алу бөлімі.
Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі.
Салық комитетінің келтірілген құрылымындағы бөлімдер жұмысының негізгі
мазмұнын қарастырайық.
Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі салық комитетінің
жұмысына жалпы бақылауды жүзеге асырады, салық комитетінің-құрылымдық
бөлімшелерінің қыз-метін талдайды, салық комитетінің жұмысын жетілдіру
мақсатындағы ұсыныстарды зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, салық
комитетінің қызметкерлері жіберген салық салу талаптарын бұзушылық
фактілері бойынша белгіленген тәртіпте қызметтік тексеру жүргізеді және
салық комитетінің жұмыскерлерінің жеке іс қағаздарын жүргізеді және
толықтырады, салық органдарында жұмыс істеуге үміткер кандидаттардың арнайы
тексеруге қажетті құжаттарының дайындығына жауап береді, сондай-ақ салық
комитетінің кадрларымен басқа да жұмыстар жүргізеді.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі - құқықтық мәселелер қаралғанда
белгіленген тәртіп бойынша сотта, құқық қорғау органдарында және басқа
органдарда комитеттің мүддесін білдіреді.
Бұйрық нұсқаулық, қаулы, өкім және басқа құқықтық сипаттағы құжаттар
жобасының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, талап қою жұмысын
ұйымдастырады және жүргізеді. Сонымен қатар, комитетте құқықтық оқуларды
ұйымдастыру бойынша іс-шараларды белгілейді және оның жүзеге асуына
қатысады, құқықтық қызмет туралы ақпаратты талдайды, оперативті кеңес
отырысында қарастырылуға тиісті мәселелерді енгізеді, айқындалған
кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылдайды және құқықтық қызметті
жетілдіреді.
Салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі - салық төлеушілердің
декларациясын (мағлұмдамасын), есеп айырысуын, есебін, тіркеу бөлімінен
түсетін ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады.
Салық есептілігінің негізінде салық төлеушілердің жеке шоттарындағы
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын
есептейді;
Әрбір салық төлеушіге қатысты құқықтық іс жүргізеді;
Салық төлеушімен хат жазысуды жүргізеді;
Ұсынылған салық есептілігі бойынша камералдың және тақырыптық тексеру
жүргізеді;
Салық төлеушілердің табысын айқындау мақсатында хронометраж жүргізеді;
Салық төлеушілерге әкімшілік шараларын қолдану үшін материалдар
дайындайды;
2-Н нысандағы есепті жасайды;
Салың төлеушілер арасында мониторинг пен рейтингтік баға беруді жөне
басқа жұмыстарды жүргізеді.
Тексеру бөлімі - салық заңдарының сақталуы мен орындалуына бақылау
жүргізеді. Салықтарды төлеу мен есептеуге байланысты мәселелерді тікелей
ұйымдар мен кәсіпорындарда зерттеп, жарлық бойынша тексереді.
Құжаттардың жиынтық тексеруін, тақырыптық тексеруді, қарама-қарсы
тексеруді жүргізеді, тексеру қорытындысын құқық қорғау органдарына
жібереді, уақтылы ақпарат, бақылау тапсырмаларын жасайды және жинақтайды, 2-
Н нысандағы есепті дайындайды, тексеру актісі бойынша белгіленген берешек
сомасы туралы материалдарды 10 жұмыс күні өткеннен кейін өндіріп алу
бөліміне тапсырады.
Бөлім қызметіне комитеттің негізгі сұрақтар жоспарындағы іс-шараларының
орындалуын, жарлық бойынша тексеру, аумақтық салық комитетінің сұрау салуы
бойынша тексеру жүргізу, салықтардан жалтаруды әшкерелеу және тыю,
декларацияны ұсынудан бас тартатын салық төлеушілерді тексеру барысында
әшкерелеу жұмысын жүргізу және оларға сәйкес шаралар қолдану жатады.
Мобильдік топтардың салықтық бақылау жұмысын ұйымдастыру бөлімі (МТСБ) -
жер салығы мен мүлік салығын толық және уақтылы төлеу мәселелері бойынша
тексеру жүргізеді, салық комитетіне жеткізілген бағдарламалық деректердің
орындалуы бойынша жұмыстар жүргізеді, салық заңдарын бұзу фактілерін
айқындаған кезде әкімшілік тәртіпті бұзғандық туралы хаттама толтырады,
салықтардың қосымша есептелген сомасының уақтылы түсуіне және дұрыс
есептелуіне бақылау жасау жұмысын ұйымдастырады, әкімшілік төлемақы мен
салықтар сомасын өндіріп алуға бақылау жасауды жүзеге асырады.
Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі — салық заңдарын
сақтауға бақылау жасайды, белгіленген тәртіпте іс жүргізуді қамтамасыз
етеді, түсім сомасына жедел - бухгалтерлік есеп жүргізеді, 10% -ының
жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуын қадағалайды, несиелік мекемелерден
банктік құжаттар алады, жеке тұлғалар бойынша банктік құжаттарды өңдейді,
жеке түлғалардың көлік салығы бойынша банктік құжаттарын таратады,
жергілікті салық бойынша түсімдердің таратылуын жүргізеді, патент, куәлік
және қарапайымдалған декларация бойынша түсетін соманың есебін жүргізеді,
бірақ рет қолданылатын талондар мен қатаң есептіліктегі бланктердің есебін
және оларды табыс ету мен қабылдауды жүргізеді және бюджетке түсетін
төлемдердің сомасына талдау жасайды.
Өндіріп алу бөлімі - алым-салық (берешек) қалдықтарының өсуі мен
төмендеу себептеріне талдау жасайды, барлық салық төлеушілерге хабар
жібереді, банктік есепшоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата түру
туралы өкімді жариялайды, мүлік тізімін жасайды, салық берешегін мәжбүрлі
өндіріп алуға қабылданатын шараларды жүзеге асырады, құжаттарды дайындап,
құқықтық қызмет органдарына тапсырады.
Өндірістік емес төлемдерге әкімшілік ету бөлімі - өндірістік емес
төлемдерді толық өндіру және уақытылы аудару мәселесі бойынша аумақтық
уәкілетті органдардың тексеруін жүргізеді. Өндірістік емес төлемдерді
төлеушілерді тексеру, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекет меншігіне өткен
мүліктер жұмысына жауап беру, мұрагерлік мүліктің тізімін жасау, тендер
жүргізу, өнеркәсіп қоймаларына тәркіленген (конфискацияланған) тауарларды
комиссиялық қабылдап алуды жүргізу, тәркіленген мүлікті жоюды
жүргізу,мүлікті есептеу ,сақтау, бағалау,және өткізу тәртібінің сақталуына
бақылау жасау, тәркіленген мүлік бойынша аукцион ұйымдастыру жұмыстарын
атқарады.
Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі-СТН иеленуді жүргізу, заңды және
жеке тұлғаларды есепке ,тіркеуге және қайта тіркеуге қою, есепке тұрмаған
салық төлеушілерді айқындау, қазыналық жадысы бар кассалық- бақылау
машиналарын есепке қою және есептен шығару, чек кітапшаларын тіркеу,
КБМ(кассалық-бақылау машиналары) техникалық қызмет көрсету Орталығының
жұмысына бақылау жасау,КБМ фиксализациялау,азаматтарды жеке кәсіпкерлер
ретінде тіркеу, патент негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке
тұлғалардан түсетін алымдар мен салықтарға бақылау жасау , кәсіпкерлердің
табысы туралы анықтама беру міндеттерін атқарады.Салық төлеушілердің
декларациясын,есеп айырысуын,есебін қабылдайды,тиісті журналдарды
тіркегеннен кейін қатаң есептіліктегі бланктерді таратады.
1.3 Салық қызметі органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер,
оларды шағымданудың мүмкіндігі мен тәртібі
Салықтық қызмет көрсету мемлекеттік қызметтердің жалпы стандарттарынан
құралады. Мемлекеттік қызметтер, сонымен бірге салық қызметі органдарымен
көрсетілетін қызметтерді стандартаудың мақсаты болып, Қазақстан
Республикасының территориясында тұратын және қызметтерін жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін
қорғайтын мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарды
ретке келтіру арқылы оңтайлы деңгейге жеткізу саналады.
Бүгінгі күнде салық қызметі органдарымен көрсетілетін мемлекеттік
қызметтің 16 түрі бар. Сонымен қоса бар 16 мемлекеттік қызметтерге тағы да
8 түрін бекіту жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ
тұлғалар, сонымен бірге ұйымдар, көптеген салық қызметін тұтынушылар болып
табылып, салық қызметінің таныс көптеген түрлерімен кездесті бірақ
бірқатарынан мүлде бейхабар болуы да мүмкін.
Жиі қолданылатын, сонымен қоса салық төлеушілердің көпшілігі кездесетін
салық қызметі болып – Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу,
жеке кәсіпкерлерді тіркеу, салық берешегінің жоқтығы (барлығы) туралы
анықтама беру, салық есептілігін қабылдау саналады.
Салықтық қызмет көрсету салық төлеушілерге қызмет көрсететін, барлық
салық органдарының ғимараттарында орналасқан Ақпаратты қабылдау және өңдеу
орталықтарында (әрі қарай – Орталық) жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық салық басқармаларының ғимараттарында
орналасқан Орталықтардың ұйымдастырылуы салық төлеушілерге сапалы қызмет
көрсетуге тиімді жағдайлар жасауға оңтайландырылған, жұмыс тәртібі түскі
үзіліссіз 9.00-ден 17.00 сағатқа дейін жылжымалы жұмыс кестемен жүзеге
асады.
Орталықтың жұмысшылары салық төлеушілермен тікелей қарым-қатынасқа
түскенде де және телефон байланысы құралдарымен жұмыс жасағанда Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 20
шілдедегі № 276 бұйрығымен бекітілген Салық органдары Ақпаратты қабылдау
және өңдеу орталықтарының жұмыс жасау ережелерімен анықталған қызмет
көрсету мінез-құлықтың ережелері мен стандарттарын басшылыққа алады.
Ортылықтардың жұмыс жасау Ережелерінің талаптарына сәйкес облыстың
әрбір салық органының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында
Шағымдар мен ұсыныстар Салық төлеушінің келу карточкасы жәшіктері,
Шағымдар мен ұсыныстар кітаптары бар, олардың көмектерімен әрбір салық
төлеуші өзінің пікірін, ескертуін, шағымын айтады немесе салық органы
жұмысына ұсыныстарын білдіре алады. Әрбір салық төлеушіге келу
карточкасындағы сұрақтарға жауап беру ұсынылады және оларды Салық
төлеушінің келу карточкасы жәшігіне салу қажет.
Сонымен бірге, облыстың салық органдарында Салық төлеушінің
терминалында қолданылатын компьютерлерге Ақпаратты қабылдау және өңдеу
орталықтарынан алынған салық қызметі бойынша салық төлеушілерінің
қанағаттануын бағалауға арналған терминалдар орналасқан.
Салық төлеушілер салық қызметі стандарттары, салық қызметтерін көрсету
тәртібі туралы ақпаратты салық органының әрбір Орталықтарында, сонымен
бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
www.salyk.kz сайтының бас бетінің жол нұсқаушысы арқылы алуға болады.
Сонымен қатар, осы сайта салық органдары басшыларының байланыс
мәліметтері мен азаматтарды жеке қабылдау кестесі, Ақпаратты қабылдау және
өңдеу орталықтары басшыларының байланыс мәліметтері мен электронды мекен-
жайлары көрсетіледі.
Шығыс Қазақстан облысы салық органдарының басшылары және олардың
орынбасарларының жеке қабылдауы жұмыс күндері күн сайын сағат 09-00 ден 13-
00 - ге және 14-30 дан 18-30 - ға дейін белгіленген.
Жоғарыда аталған мүмкіндіктерден басқа, салық қызметін көрсетуі
кезіндегі салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының әрекетін
(әрекетсіздігін) салық төлеуші немесе оның заңды өкілі заңмен белгіленген
тәртіпте жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағымдай алады.
Салық төлеушілердің Шығыс Қазақстан облысының аумақтық салық
басқармаларының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген
салық қызметін көрсету кезіндегі шағымдары Өскемен қаласы, Пермитин көшесі,
27 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Шығыс Казақстан облысы бойынша салық
департаментіне жолдануы қажет.
Салық төлеушілерден түскен шағымдарды қарау және шешім шығару ШҚО
бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру және апелляция
басқармасымен жүзеге асырылады (тел. 26-13-68, 24-47-91).
Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінде салықтық қызмет
көрсетулер сапасын бақылау басқармасы құрылды, оның басты міндеттері -
салық органының салықтық қызмет көрсету кезіндегі қызметіне бақылау жасау,
салықтық қызметтердің сапасын жақсарту және қолжетімді етуге бағытталған
шараларды жасау саналады (тел. 24-44-03, 24-46-10).
Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті Шығыс Қазақстан
облысындағы салық органдарымен көрсетілетін салықтық қызметтердің сапасы
мен қолжетімдігі туралы, жеке және заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер ретінде
барлық салықтық қызметті тұтынушыларга өз пікірлерін айтып, сонымен бірге
салықтық қызметтерді тікелей алушылар ретінде ұсыныстарын беруді сұрайды,
олар бізге салық қызметін тұтынушылармен жұмысымызды жақсартуымызға әсер
етер еді.
Облыстың салық қызметі органдарының жұмысына наразылық, келіспеушілік
пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz