Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны

Орындаған:

Жетекші:

Нұр-Сұлтан 2022 ж.

Мазмұны:

Кіріспе . . .
4
Кіріспе . . .: 1 Теориялық бөлім . . .
4: 6
Кіріспе . . .: 1. 1 Көрнекі құралдардың түрлері . . .
4: 6
Кіріспе . . .: 1. 2 Көрнекі құралдарды сабақта тиімді қолданудың әдістері . . .
4: 8
Кіріспе . . .: ІІ Эксперименттік бөлім . . .
4: 11
Кіріспе . . .: 2. 1 Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер . . .
4: 11
Кіріспе . . .: 2. 2 Ағылшын тілі сабақтарында көрнекіліктерді қолданудың ерекшеліктерін зерттеудің эксперименттік жұмысы . . .
4: 22
Кіріспе . . .: Қортынды . . .
4: 27
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
4: 28
Кіріспе . . .: Қосымшалар . . .
4: 30

Кіріспе

Алғаш рет педагогикадағы оқытудың көрнекілік принципінің теориялық негіздемесін XVII ғасырда ұлы чех педагогы - Я. А. Коменский өз еңбектерінде түсіндерген [2] . Ұстаз халықтық педагогиканың жетістіктерін қолдана отырып, кітап материалын балаға оқытуды, меңгертуді жеңілдететін құрал ойлап тапқан. Ол қазіргі тілмен айтқанда - көрнекі құралдар еді. Ян Амос Коменскийдің ұстанған «алтын ережесі»: ұстап сезу, көріп қабылдау, иіскеп білу, дәмін татып көру және түйсік жолымен қабылдау арқылы барлығын елестетуге болады. Оқушыларға осы жағдайларды жасау арқылы олардың санасына жаңа білімді терең бекітуге болады. Сондай-ақ, көрнекі құралдарды теориялық және практикалық қолдануды швейцариялық педагог, гуманист, ғалым И. Г. Песталлоцци өз еңбектерінде нақты дәлелдермен көрсеткен [4] . Дидактикалық технологияларға қатысты тақырыптардың мазмұнын түзуде белгілі ғалымдар Я. А. Понамарев, Б. Д. Богояволенская, М. В. Кларин, В. П. Беспалько, А. С. Белкин және өзге де ғалымдармен бірге отандық ғалымдар А. А. Бейсенбаева, Ж. А. Қараев, Г. К. Нургалиева, М. А. Абсатова, З. Ж. Жаңабаев, К. Көбдикова, А. К. МЫнбаева, З. М. Садвакасова т. б. еңбектері негізге алынып практикалық маңыздылығы тұрғысынан, қарастырып қолданыс тапқан [5] .

Соңғы жылдары мектеп оқушыларының бірсарынды кітап тілінен жалығуын болдырмау мақсатында дидактикалық иллюстративті көрнекті құралдардың сан түрі қолданысқа шықты. Тіпті, осы көрнекілік құралдары білім сапасының артуына да өз ықпалын тигізді [23] .

Мектеп оқушылары көрнекі-бейнелі ойлау қабілеттеріне ие болатыны белгілі, сондықтан ұстаз берген білім оқушыларға сөз, формулалар, әңгіме, диалог түрінде ғана емес, көрнекі бейнелер, бейнероликтер, кестелер, суреттер түрінде де жеткізілуі тиіс [1] . Бұл тұрғыда ағылшын тілі - ерекше пән. Оқушылар шет тілін меңгерудің, жаңа сөздерді үйренудің, сөздікпен жұмыс істеудің, грамматикалық құрылымдарды талдаудың ұзақ жолынан өтеді. Осы ретте жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, яғни ағылшын тіліндегі мәтіндерді оңай түсіне алатын әрі шет тілінде еркін сөйлей алатын оқушылар тәрбиелеу барысында көрнекі құралдарды қолданудың маңызы зор. Сонымен, көрнекі құралдар дегеніміз - бұл оқу құралдарының ерекше түрі: карталар; кестелер; мәтін, сурет және сандар бейнеленген карталар жиынтығы және т. б., соның ішінде ақпараттық технологиялар негізінде жасалған оқушылардың сыныпта өз бетінше жұмыстануына немесе мұғалімнің барлық сынып оқушыларының алдында демонстрациялауына арналған материалдар [3] .

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру ұйымдарының басты өзекті мәселесі - білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін үйренудің өзектілігі қазіргі әлемнің қажеттіліктеріне байланысты. Шет тілі бүгінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін құралға айналуда. Экономикалық қатынастардың дамуына байланысты шет тілінің рөлі артып келеді. Шет тілін үйрену және біздің азаматтарымыздың шет тіліндегі сауатты сөйлей алатын қазақтың лайықты бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді, бұл сонымен қатар, тұлға бойындағы өз-өзіне деген сенімсіздік кедергісін жоюға мүмкіндік береді, өз мәдениетін өзгелер арасында таратуға және өзге халықтардың мәдениетін игеруге мүмкіндік береді. Көрнекі материалдарды ағылшын тілі сабақтарында тақырыпты қортындылау барысында және білімді игеруді бақылау құралы ретінде, сонымен қатар сабақта қосымша материал ретінде қолданса да болады. «Bingo», «Magic bag», «Dominoes» және т. б. форматтағы үлестірмелі карточкалары, түрлі викториналық ойындар, ребустар оқушылардың шет тілін тереңдетіп оқуға деген ынтасын арттырады [6] .

Әр мұғалім үшін өзекті сұрақ: «қалай оқыту керек?». Ол педагогиканың маңызды категорияларының бірі - оқыту құралдарының санатын меңзейді. Оқытудың көрнекі құралдарынсыз мақсатқа жету, жоспарланған мазмұнды жүзеге асыру, оқытуды танымдық іс-әрекеттермен толтыру мүмкін емес. Қазіргі педагогикалық тәжірибеде білім беру процесі әр түрлі педагогикалық формалардың, әдістердің, тәсілдердің, құралдардың, режимдердің және оқыту алгоритмдерінің ақылға қонымды үйлесімі арқылы мұғалімнің дидактиканың барлық бай арсеналын кең, бірақ негізделген орнымен қолдануымен жоғары тиімділікке жетеді.

Бұл зерттеудің проблемасы - кейбір ұстаздар дидактикалық көрнекі оқыту құралдарының рөлін бағаламайды, бұл оқушының техникалық, технологиялық жабдықталуының жеткіліксіздігіне әкеледі. Басқалары, керісінше, олардың рөлін негізсіз асыра бағалайды, бұл білім алушының ақпарат көлемінің көптігінен есте сақтай алмауына әкеледі. Дегенмен, әр түрлі оқу құралдарының ақылға қонымды, сол пән үшін тиімді, пропорционалды үйлесімі болғаны дұрыс.

Зерттеудің өзектілігі. Кез-келген оқу орнының білім беру процесін көрнекі құралдарды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес. Білім беру процесінің сапасы осы көрнекі құралдармен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Көрнекілік оқушылардың назарын аударады, қызығушылығын арттырады, зерттелетін материалды терең түсінуге, мұқият игеруге және жадында ұзақ әрі жақсы сақтауға ықпал етеді.

Зерттеудің мақсаты Оқушылардың білім сапасын арттыруда түрлі дидактикалық көрнекілік құралдарды тиімді пайдаланудың жолдарын эксперимент жұмысының негізінде айқындау.

  • Зерттеудің міндеттеріКөрнекі құралдардың түрлерін ажыратып қарастыру және оларға қойылатын талаптар;
  • Сабақта көрнекі құралдарды қолдану принциптерін зерттеу;
  • Әр түрлі көрнекі құралдардың білім сапасын арттырудағы рөлін
  • Көрнекі құралдардың ең тиімді түрлерін сабақ түсіндіру барысында қолдану.

Зерттеу нысаны ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер.

Зерттеу пәні ағылшын тілі пәні бойынша әр түрлі көрнекі құралдарды қолдану үрдісі.

Зерттеу гипотезасы егер орта білім беретін мектептерде ағыылыш тілі сабақтарыында, сабақ мақсатына сай көрнекіліктің түрлері тиімді қолданылса, онда ағылышын тілінен білім сапсы артады

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны туралы ғылыми теориялық мәліметтермен танысу.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны мәселесін эксперименталды-тәжірибелік зерттеу

Зерттеудің әдістері. Теориялық және эмпирикалық.

Зерттеудің базасы. «Ақмола облысы білім басқармасының №1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс теориялық және эксперименттік бөлімнен тұрады. Қорытынды, пайдаланған әдебиеттер, қосымша берілген.

1 Теориялық бөлім

1. 1 Көрнекі құралдардың түрлері

Көрнекі құралдардың түрлері қазіргі таңда өте көп. Дегенмен, әр мұғалім өзінің сабағына қажетті көрнекіліктердің тиімдісін таңдап пайдалануы маңызды. Оқытудың тиімділігі - оқушының барлық сезім мүшелерін қабылдауға тарту дәрежесіне байланысты екені белгілі. Оқу материалын сезімдік қабылдау неғұрлым әр түрлі болса, соғұрлым ол сіңіріледі. Бұл үлгі дидактикалық қағидасында көру арқылы көрінісін тапты. Көрнекі құралдар көмегімен ұсынылған теория жақсы есте қалады. Ол осы кезге дейінгі мыңдаған жылдар іс тәжірибесінде дәлелденген. Көрнекілік - білімді есте сақтауда оң нәтижені қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі. Бірақ көрнекілік тек белгілі бір тақырыпты қарапайым көрсету ретінде қарастырылмауы керек. «Көру» ұғымы «ойлау» ұғымынан бөлінбейді, екеуі де өзара байланысты. Оқытудың көрнекілігі, тілдерді оқыту процесінде көрнекілік құралдарына сүйене отырып, оқу процесін құрудың дидактикалық принципі ретінде жаңа материалды ұсынуда, оқу материалын игеруді тексеруде және оқу құралдарын, кітаптарды, карталарды, схемаларды, кестелерді және т. б. жобалауда қолдануға болады. Көрнекіліктің әртүрлі құралдарын қолдана отырып: пәндер, макеттер, суреттер, ым-ишаралар, қозғалыстар, кинофильмдер және т. б., мұғалім оқу мақсатында білім беру коммуникациясын жүзеге асыру процесінде оқушыларға түрлі формалармен байланыстырып түсіндіреді.

Көрнекілік арқылы оқыту - оқу құралдарының ерекше түрі, көбінесе көрнекі: карталар, кестелер, мәтіні, сандары немесе суреттері бар карточкалар жиынтығы, реактивтер, өсімдіктер, жануарлар [9] және т. б., оның ішінде ақпараттық технологиялар негізінде жасалған, оқушыларға сыныпта және үйде өз бетінше жұмыс істеу үшін таратылатын немесе мұғалім бүкіл сынып (топ) алдында көрсететін көрнекілік материалды қолдану білім алушылардың білім беру қызметін жандандыруға, оқу уақытын үнемдеуге ықпал етеді. Бұл оқыту әрекеттерінің барлығы бердік көрнекілік принципі негізінде жүзеге асырылады. Оның негізігінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркенгіштерді әр түрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс каналдарының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады [8] . Дегенмен көрнекі материалдардың кез келген барлық сабаққа бірдей қолдана беруге болмайды. Оларды қолданудың да өз мақсаттары бар: әр сабақтың тақырыбы мен ерекшелігіне сай алынады. Оның ішіне төмендегі бірнеше мақсаттарды кіргізуге болады:

  • оқушылардың материалды өз бетінше игеруі және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру;
  • жаңа материалды өз бетінше түсіну және игеру дағдыларын қалыптастыру;
  • көрнекілік материалдағы шартты алмастырғыштар, схемалар мен сызбалар шығармашылық қиялдың дамуына ықпал етеді;
  • кері байланысты және нәтижелерді бағалауды бақылау;
  • өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзету;
  • оқу материалын игеру процесінде жаттығу;
  • оқуға қызығушылығын күшейту;
  • ойлаудың белгілі бір түрін дамыту (көрнекі-бейнелі, теориялық, логикалық) ;
  • оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыру;
  • зерттеу (шығармашылық) оқу міндеттерін бірлесіп шешуде зияткерлік және эмоционалды функциялардың өзара әрекеттесуін белсендіру.

Қазіргі таңда орта мектеп жағдайында қолданылатын көрнекі құралдардың түрлері өте көп. Бұл білім беру саласында жиі орын алып отыратын жаңашыл реформалардың бір жемісі десе де болады. Ал осы көрнекі құралдардың келесідей түрлері бар:

  1. оқушыларды әртүрлі ақпарат көздерімен (оқулықтармен, карталармен, анықтамалықтармен, сөздіктермен, электрондық ресурстармен және т. б. ) жұмыс істеуге арналған дидактикалық мәтіндер;
  2. оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған көрнекіліктер: ғылыми фактілерді зерттеуге, эксперимент дайындау және жасауға, ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге арналған иллюстративті материалдар; түрлі өлшеу әрекеттерін және функционалдық тәуелділік графигін талдауды жүзеге асыруға арналған құралдар мен кестелер;
  3. жадынамалар (ойлаудың логикалық операцияларын қалыптастыру нұсқаулығы: салыстыру, жалпылау, жіктеу, талдау, синтез) ;
  4. әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар бар шағын карталар: репродуктивті, трансформациялық, шығармашылық;
  5. проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар қамтылған шағын карталар;
  6. қиял мен шығармашылықты дамытуға арналған тапсырмалар;
  7. эксперименттік тапсырмалар;
  8. жаңа материалды зерделеудің логикалық сызбалар және оқу жұмысының қажетті әдістерін көрсететін нұсқаулық іспетті шағын карталар;
  9. кеңес карталары, түсіндірме суреттері бар дидактикалық материалдар, тапсырмалар жоспары, тапсырмалар түрі көрсетілген және т. б. ;
  10. тапсырманы орындау алгоритмі бар сызбалар;
  11. өзін-өзі бақылау мүмкіндігі бар тесттер [7] .

1. 2 Көрнекі құралдарды сабақта тиімді қолданудың әдістері

Көрнекі құралдардың түрі көп екендігін жоғарыда айтып өттік. Дидактикалық құралдардың рөлі дидактикалық принциптерді іске асыруды күшейту болып табылады. Оқытудың көрнекі құралдарын әдістемелік негізделген кезде ғана қолдану керек екенін ескеру қажет. Оқытудың дидактикалық құралдарын дұрыс пайдалану үшін оқытудың бір құралынан екіншісіне логикалық ауысу мүмкіндігін табу керек, сабақ барысына сол күнгі тақырыптың оқу мақсаттары мен міндеттеріне барынша сәйкес келетін құралдарды енгізу қажет.

Көрнекі оқу құралдарын қолдану тиімділігін төмендететін жиі кездесетін педагогикалық қателіктер:

- педагогтың әдістемелік дайындығының жеткіліксіздігі;

- сабақтардағы аудиовизуалды оқу құралдарының дидактикалық рөлі мен орнын дұрыс анықтамау, аудиовизуалды құралдардың экспрессивті мүмкіндіктерінің олардың дидактикалық маңыздылығына сәйкес келмеуі;

- жоспарсыздық, құралдарды қолданудың кездейсоқтығы;

-сабақтың демонстрациялық құралдармен шамадан тыс жүктелуі, сабақты көрнекі-дыбыстық, әдеби-музыкалық композицияға айналдыру.

Оқытудың дидактикалық құралдарын қолдану орталық жүйке жүйесіне, әсіресе көру және есту анализаторларына үлкен жүктеме тудырады. Оларды өзара жиі ауыстырып қолдану ұстаздың ізденімпаздығын аңғартқанымен, білім алушылар үшін әр түрлі көрнекі құралдарындағы білімді, ақпараттарды қабылдау әрі есте сақтау өте қиын, ал бір дидактикалық құралды ұзақ уақыт қолдану - оқушылардың сабақтан жалығып кетуіне де себеп болады. Осыған байланысты дидактикалық көрнекі құралдарды қолдану психофизиологиялық зерттеулер негізінде құрылған арнайы гигиеналық нормаларға бағынуы керек:

  • көрнекі құралдарды жұмыс басталғаннан кейін 5-10 минуттан кейін қолданған жөн;
  • оқытудың дидактикалық құралдарын қолданған кезде сабақтың монотонды құрылымы тез шаршауға әкеледі, өйткені бүкіл сабақ барысында бірдей әрекеттерді орындау қиын. Сондықтан дидактикалық құралдарды теріс пайдаланбау, жұмыстың әртүрлі әдістері мен құралдарын өзара алмастырып отыру қажет;
  • бір апта ішінде білім алушылар үшін дидактикалық құралдарды қолданатын сабақтар саны 3-5-тен аспауы тиіс;
  • дыбыстық оқу құралдарын пайдалану кезінде дыбыстық жазбаны қолдану ұзақтығы 25-30 минут ішінде рұқсат етіледі. Дыбыс жазбасын беру үшін құлаққаптарды пайдаланған кезде оларды дыбыс сигналдарының ыңғайлы дыбыс деңгейін орнатуға мүмкіндік беретін жеке дыбыс деңгейін реттегіштермен жабдықтау қажет;
  • бір сабақта фильмнің ұзақтығы 30-40 минуттан, фрагменттердің ұзақтығы 4-6 минуттан, бір сабақта көрсетілетін фидео-фрагменттердің жалпы саны 7-ден аспауы керек;
  • арнайы гигиеналық зерттеулер көрсеткендей, оқушылардың шаршау дәрежесі қолданылатын көрнекі құралдардың түріне, көлеміне, түсінің қанықтылығына, ондағы ақпараттың күрделілігіне, сабақ тақырыбының күрделілігі мен эмоционалдылығына байланысты. Әр пән үшін шаршау факторларының оңтайлы қатынасы бар.

Сабақтарда дидактикалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып педагог:

  • көрсетілетін негізгі нысандар мен құбылыстарды анықтайды, олардың мәнін түсіндіру арқылы сабақтың тақырыбын ашады;
  • дидактикалық құралдар арқылы алынған ақпараттың мазмұнына білім алушылардың назарын аударады;
  • білім алушылардың назарын зерттелетін объектінің қандай да бір жағына немесе бөлшегіне аударады;
  • білім алушылардың ойлау қызметін белсендіреді, ынталандырады;
  • белсенді танымдық ізденісте оқушыны қоса алғанда, проблемалық жағдай туғызады;
  • дидактикалық оқу құралдарының мазмұны мен сабақ тақырыбы арасында байланыс орнатады;
  • білім алушыларды күрделі ішкі байланыстар мен заңдылықтарды анықтауға жетелейді.

Сабақта экрандық құралдарды қолдану сабақтың ерекше құрылымын білдіреді:

1. Қарауға дайындық.

Ең тиімді нысаны - әңгіме, онда мұғалім арнайы әзірленген сұрақтармен оқушыларға осы тақырып бойынша білгендерінің бәрін есте сақтауға көмектеседі. Ұстаздың кіріспе сөзі ұзақтығы бойынша бірнеше минуттан аспауы тиіс.

Егер жеткілікті ұзақ фильм пайдаланылса, оқушылармен бірлесе отырып оның жоспарын қарастыру арқылы деректіфильмнің мазмұнына назар аудартуға болады. Жоспардың тармақтарын оқушылар фильмді көру процесінде басшылыққа алып, негізгі нысанды қосымшасынан ажыратуға, маңыздысын бөліктерін аса белсенділікпен тамашалауға көмектеседі.

2. Демонстрациядан кейін мұғалім сабақты әңгіме форматында жалғастырады, оның барысында:

- түсініксіз болған материалды қалай меңгергенін анықтайды;

- жаңа экран материалын бұрын зерттелген материалмен байланыстырады;

- алынған түсініктерді нақтылайды және толықтырады, оларды жүйеге келтіреді, қорытынды жасайды, жалпылайды.

Танымдық материалды түсіну тереңдігі мен есте сақтау беріктігі туралы оқушылардың сабақты қортындылау әңгімелерінің сапасы бойынша бағаланады, олар келесі талаптарға сәйкес келуі керек:

- видеоматериалдың негізгі қажетті сәттерін дұрыс және логикалық ретпен қою;

- деректі фильмдердегі заттар мен құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды дұрыс анықтау.

Оқушылардың жауаптарының осы параметрлерге сәйкестігі бойынша мұғалім бұл жағдайда дидактикалық құралдарды қолданудың тиімділігін бағалай алады.

Қарастырылған дидактикалық құралдардың ерекшеліктері олардың оқу-тәрбие процесіндегі орнын анықтайды. Көрнекі құралдарды сабақта қолдануға болады:

  • жаңа оқу ақпаратының көзі ретінде;
  • оқу материалын иллюстрациялау құралы ретінде;
  • білімді жүйелеу және жалпылау мақсатында;
  • дидактикалық құралдардың бейнелілігі, көрнекілігі, мәнерлілігі оларды білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін көру және есту тірегі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

2 Эксперименттік бөлім

2. 1 Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер

Ағылшын тіліндегі дидактикалық материал - бұл оқу сабақтарына арналған оқу құралдарының ерекше түрі, оны қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқуға және үй жұмысын орындауға жұмсайтын уақытын үнемдеуге көмектеседі. Яғни, бұл ағылшын тілін үйренуге арналған қосымша оқу материалы, ол оқуды қызықты, жан-жақты, танымдық процеске айналдырады [15] . Ағылшын тілі пәні сабақтарында қолданылатын дидиактикалық материалдардың бірнеше түрлері бар. Біріншіден, бұл әр оқу курсына арнайы жасалған, оқушылардың жаңа тақырыпты, материалды игеруін бақылау үшін өте пайдалы болатын - тест тапсырмалары. Әдетте, бұл тесттер әр оқу жылында мұғалімнің әдістемелік құралы сияқты жеке нұсқаулықпен бірге жүреді. Тесттер өз кезегінде дұрыс жауаптармен жабдықталады. Яғни, мұғалім білімді тексеру үшін дайын тесттерді қолдана отырып, уақытты үнемдей алады, содан кейін оқушылардың жауап парағын берілген тест жауаптарымен салыстыра алады.

Ағылшын тіліндегі дидактикалық материалдарға сондай-ақ, ағылшын тілін оқытуға арналған түрлі ойындар да кіреді - лото, домино, логикалық ойындар. Мұндай ойындарды кітап дүкендерінен сатып алуға немесе ғаламтордан табуға болады, жүктеп алып, содан кейін басып шығарып, сабақ беру барысында кеңінен қолдануға болады. Ойындар оқушының ағылшынша жұтаң сөздік қорын өте жақсы белсендендіреді, яғни молайтады, сонымен қатар, ойын барысындағы бәсекелестік рухы мен жеңіске деген ұмтылыс оқушылардың ойлау қабілеттерін жеделдетеді, зейіні мен тапқырлығын одан әрі дамытуға септігін тигізеді [25] . Оқу ойындары түрінде ұйымдастырылған оқу сабақтарының бір түрі болып табылатын дидактикалық ойындарды да атап өткен жөн, олар пән мұғаліміне белсенді оқыту іс-әрекетінің бірқатар принциптерін жүзеге асыруға көмектеседі. Ағылшын тілі сабағындағы ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, оқушыға қиял мен қанат бітіретін ғажайып әдіс, оқыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Дегенмен сабақ үстіндегі ойынды ұзаққа созуға болмайды [16] .

Ағылшын тіліндегі дидактикалық материалдардың ішінде тілдік құралдар , мысалы, тілдік жаңылтпаштар, жұмбақтар, сондай-ақ басқатырғыштар мен сөзжұмбақтар сияқты жұмбақ-материалдарды атап өткен жөн [17] . Біріншісі оқушылардың айтылым дағдысын пысықтауға көмектеседі, екіншісі дерексіз логикалық ойлау қабілетін дамытады, ал соңғылары аталмыш пән бойынша білімін толықтыруға бағытталған жаттығулар болып табылады.

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын дидактикалық құралдарға сондай-ақ жан-жақты демонстрациялық материалдар да (пазлдар, плакаттар, карточкалар) жатады. Мұндай баспа өнімдерінің барлығы дерлік зерттелетін материалды, түсіндірілетін жаңа тақырыпты оқушылардың көз алдына елестетуіне (визуализациялауға) және оны тез есте сақтауына ықпал етеді.

Ағылшын тіліндегі дидактикалық материалдар кез-келген сабақ форматтарында қолдануға жеңіл болуы керек, мейлі ол онлайн болсын, мейлі ол дәстүрлі форматтағы сабақ болсын, дидактикалық құралдар оқушылар үшін әрқашан қолжетімді болғаны жөн. Өйткені, олар қолданылатын құралдар оқушылардың ағылшын тіліндегі барлық тілдік және айтылым дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Себебі бір ғана ауызша түсіндіру және оқулықтан мәтін оқыту арқылы өзге тілді оқушыларға үйрету әлдеқайда қиын. Ал осы тұста ұстазға дидиактикалық құралдардың сан алуан түрі көп көмектеседі, жұмысының нәтижелі болуына ықпал етеді, мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтерін пайдалану
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Сабақ процесінде сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану
Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдісін пайдалану
Шетел тілін оқытуда музыканың ролі және оны қолдану әдістері
Оқытуда көрнекі әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz