Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру



Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп мөлшерде пайдаланылады. Олардың сақталуындағы негізгі рөлді материалдық қорлар қозғалысының барлық кезеңдеріндегі есебі мен бақылауы атқарады (сатып алу, келіп түсу, сақтау, өндіріске жіберу, өндірісте пайдалану, т.б). Материалдық қорлар есебі жабдықтаудың уақыттылығын, қоймадағы қорлар мөлшерін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс, есепке алынбай қалған материалдарды анықтау, материалдық ресурстарды пайдаланудың дұрыстығын қадағалау, басқару мақсаттары үшін қажетті ақпараттарды дер кезінде ұсынуы тиіс.
Есептің ерекше ролі материалдық қорларды үнемдеудің бар өндірістік резервтерін дұрыс және жедел анықтаудан тұрады. Бұл резервтерді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендету мен пайданы өсіруді қамтамасыз етеді. Есеп материалдық қорлардың пайдалануын жоспарлауды жақсартуға ықпал етуі тиіс, пайдаланылған қорлардың құнын өн

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 657.6:630*674(574.5) Қолжазба құқығында

ҚАЛЫМБЕТОВА АЙГҮЛ РАХМАНҚЫЗЫ

Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру
08.00.12. – Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика

Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының
докторы, профессор Мырзалиев Б.С.

Ресми оппоненттері экономика ғылымдарының
докторы, профессор Жақыпбеков С.Ж.

экономика ғылымдарының
кандидаты, доцент Қожабеков С.С.

Жетекші ұйым Т.Рысқұлов атындағы Қазақ
экономикалық университеті

Қорғау 2010 жылы 30 қарашада сағат 11-00 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңес мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, университет қалашығы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы 22 қазанда таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым-хатшысы, э.ғ.д: Қ.Мусабеков

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп мөлшерде пайдаланылады. Олардың сақталуындағы негізгі рөлді материалдық қорлар қозғалысының барлық кезеңдеріндегі есебі мен бақылауы атқарады (сатып алу, келіп түсу, сақтау, өндіріске жіберу, өндірісте пайдалану, т.б). Материалдық қорлар есебі жабдықтаудың уақыттылығын, қоймадағы қорлар мөлшерін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс, есепке алынбай қалған материалдарды анықтау, материалдық ресурстарды пайдаланудың дұрыстығын қадағалау, басқару мақсаттары үшін қажетті ақпараттарды дер кезінде ұсынуы тиіс.
Есептің ерекше ролі материалдық қорларды үнемдеудің бар өндірістік резервтерін дұрыс және жедел анықтаудан тұрады. Бұл резервтерді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендету мен пайданы өсіруді қамтамасыз етеді. Есеп материалдық қорлардың пайдалануын жоспарлауды жақсартуға ықпал етуі тиіс, пайдаланылған қорлардың құнын өндірістік шығындарға дұрыс жатқызу мен дұрыс есептен шығаруды қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты материалдық қорлардың есебін жетілдіру және оның жеделдігін жоғарылату өзекті қажеттілік болып табылады.
Жалпы, шаруашылық қызметтің барлық процестері материалдық қорлар қозғалысының арқасында жүзеге асырылады. Айналымның кез келген кезеңіндегі, олардың жетіспеушілігі өндірістің үздіксіздігі мен ырғақтығының бұзылуына апарады. Сонымен қатар материалдық қорлардың артықшылығы да өндірістің тиімділігін төмендетіп, жабдықтауда шиеленіс тудырады. Өзіндік құны бойынша есепке алынатын қорлар кәсіпорынның өмірлік күші, келешек табыс пен ықтималды пайданың көзі болып табылады.
Олардың мақсаты – ақша қаражаттары мен есеп айырысудағы қаражаттарға айналу, пайда алып келу, сонымен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету.
Материалдық қорларды басқарудың тиімділігімен (көлемін, құрылымын, айналым жылдамдығын, т.б) кәсіпорындардың тағдыры, олардың қаржылық жағдайы тікелей байланысты. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен бақылау материалдық қорлардың барлық түрлерінің сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз етудегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен қатар, қорлардың саны, жағдайы, бағамдық көрсеткіштері жайлы шынайы ақпараттың болмауы ұйымның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Себебі, біріншіден, экономикалық субъект әкімшілігінің оның қызметін жоспарлауға нақты мүмкіншілігі болмайды; екіншіден, ұйымның қаржылық жағдайы көрсеткіштері өзгеріп, есептілікті сыртқы пайдаланушылар шаруашылықтың рентабелділігі мен төлем қабілеттілігі жайлы шынайы ақпарат ала алмайды; үшіншіден, салықтар сомасы өзгереді, ол айыппұл салынуына, ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін.
Осының барлығы материалдық қорлардың есебі мен бақылауы және ауыл шаруашылығы ұйымдарымен оларды пайдалану проблемаларын әрі қарай зерттеу қажеттілігін негіздейді және тақырыпқа жоғары өзектілік береді.
Ғылыми зерттелу дәрежесі. Материалдық қорлардың есебі мен бақылауы және оларды жетілдіру мәселелері қазақстандық зерттеушілер - Радостовец В.К, Радостовец В.В, Дюсембаев К.Ш, Ержанов М.С., Сатмұрзаев А.А., Кеулімжаев Қ.К., Әбдіманапов Ә.Ә., Абленов Д.О., Әжібаева З.Н., Назарова В.Л., Баймұханова А., Мырзалиев Б.С., Мархаева Б.А., Шмидт О.Н., Дюсембаева З.К., Егембердиева С.К., Ержанова.А.М., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А., Тулегенов Э.Т., Тасмағанбатов Т.А., Әлібекова Б.А., Рабатов О., Байболтаева Н.Э., Толпаков Ж.С., ресейлік ғалымдар - Белов Н.Г,.Штейнман М.Я, Пизенгольц М.З, Данилевский Ю.А, Кутер М.И, Мизиновский Е.А, Овсийчук М.Ф, Белобжецкий А.И, Белуха Н.Г, Бутынец Ф.Ф, Алборов Р.А, Волков Н.Г, Пошерстник Е.П, Луговой В.А, Козлова Е.П, Булавина Л.Н және басқа да авторлардың жұмыстарында ашылып қарастырылған. Бірақ Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реформалау кезеңінде экономикалық әдебиеттерде материалдық қорлардың есебі мен бақылаудың барлық мәселелері кеңінен зерттелмеген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаттары Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық ұйымдарындағы материалдық қорлардың бухгалтерлік есебі мен бақылаудың теориялық және тәжірибелік проблемаларын оқып зерттеу; материалдық қорлардың есебі мен бақылауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен нақты ұсыныстарын жасау және негіздеу.
Қойылған мақсаттарға сәйкес диссертациялық жұмыста келесідей міндеттер анықталған :
- ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылаудың теориялық негіздерін зерттеу және талдау;
- материалдық қорлар есебінің отандық және шетелдік тәжірибесін талдау;
- қорларды бағалауды анықтау және бағалау әдісінің өнімнің өзіндік құнына әсерін белгілеу;
- қалыптасқан есеп теориясы мен тәжірибесін талдау негізінде; ауыл шаруашылық ұйымдарындағы қорлар есебінің қазіргі жағдайын бағалау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
- материалдық қорлардың сақталуы мен пайдалануын ішкі бақылау жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеудің пәні болып материалдық қорлардың бухгалтерлік есебі мен бақылау жүйесі және оларды ауыл шаруашылық ұйымдарының пайдалануы табылады.
Зерттеудің нысаны. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы ұйымдары табылды, базалық ұйымдар - Тұран шаруа қожалығы, Яссы транзит ӨК, т.б.
Ғылыми зерттеудің теориялық - әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық - әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, жалпы есепті ұйымдастыру мен нақты материалдық қорлар есебін реттейтін ҚР нормативтік және құқықтық актілері табылды. Зерттеу нәтижелерінің, қорытындылар мен ұсыныстардың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында, материалдық қорлар есебі мен бақылауды зерттеудің жүйелі кешенді әдісі пайдаланылған.
Жұмыста зерттеудің келесідей жалпы ғылыми әдістері пайдаланылған : аналитикалық, монографиялық, экономико-статистикалық, салыстырмалы талдау әдісі және бухгалтерлік есеп әдістері: құжаттау, шоттар, екі жақты жазу, бағалау, түгендеу.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика жөніндегі басқармасының материалдары, Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық департаментінің арнайы материалдары мен мәліметтері, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептерінің мәліметтері, ауылшаруашылық ұйымдарының алғашқы есеп құжаттары, синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері, бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері, сонымен бірге автордың өзіндік зерттеулері пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы келесіден тұрады :
- ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың бухгалтерлік есебі мен, бақылауы мәселелеріне және теориялық концепцияларының дамуы мәселелеріне кешенді зерттеулер жүргізілді;
- материалдық қорлар есебі бойынша халықаралық стандарттар қағидаларын зерттеу негізінде, қазақстандық есепті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен үйлестіру жағдайларымен материалдық қорлардың есебі анықталған;
- материалдық қорлардың есебі мен бақылаудың мақсаттарын жалпы топтастыру ұсынылған; материалдық қорлар есебі мен бақылаудың қағидалары негізделіп, материалдық қорлар есебі мен бақылаудың мақсаттары мен қағидалары арасындағы байланыс анықталған;
- қорлар есебі мен бақылауды құру және жүргізуді ұйымдастыру тарапынан есеп саясатын құру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген;
- ауылшаруашылық ұйымдарына материалдық қорларды орташа құн әдісі бойынша бағалау ұсынылған;
- материалдық қорлар есебі мен бақылаудың жеделдігін арттыратын бастапқы құжаттардың қосымша нысандары ұсынылған.
Қорғауға шығарылатын диссертацияның ғылыми тұстары:
- ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы материалдық өндірістік қорлардың нақтыланған жіктемесі;
- айналым құралдарының экономикалық мағынасы, оның бір құрамдас бөлігі өндірістік қорларға анықтама берілді және олардың құрамы нақтыланды;
- кәсіпорынды басқарудағы бақылаудың дербес мағынасы, оның негізігі үш қыры: пәні мен әдісінің ерекшелігі және объектіге алдын-ала әсер ету мүмкіндігі;
- Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық кәсіпорындарында айналым құралдарын тиімді пайдаланудың әдістемелік негіздері;
- ауыл шаруашылығы ұйымдарында материалдық қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру мақсатында жетілдірілген әдістемелік қағидалары;
Диссертациялық жұмыстың зерттеу жоспарымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес Б-ҒТ-02-02-09 Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін қаржылық есептің халықаралық стандартына өтуді қамтамасыз ету бағытында орындалған.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық зерттеудің нәтижелерін жүзеге асыру келесіге мүмкіндік береді :
- жедел басқару мен өндірістік қызметті ағымдағы жоспарлау мақсатында ауыл шаруашылық ұйымдарында материалдық қорлардың бухгалтерлік есебі мен бақылаудың тиімді жүйесін құруға;
- ауыл шаруашылық ұйымдарының өндірістік процесін басқару мақсаттарын шешуді қамтамасыз ету мақсатында, өндірістік шығындарды дұрыс жасақтау және өнімнің өзіндік құнын шынайы есептеуге;
- материалдық қорлардың бухгалтерлік есебі мен оларды бақылаудың тиімді жүйесін пайдаланудың негізінде нормативтік-құқықтық ережелер мен ұйым ішіндегі ережелердің бұзылуын қысқартуға;
- материалдық қорларды пайдалануды тиімді ұйымдастыру жолымен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің ішкі резервтерін анықтау, соның есебінен ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруге;
- материалдық қорлардың бухгалтерлік есебі бойынша әдістемелік және нұсқаулық материалдарға өзгерістер енгізуге және оларды тәжірибелік қызмет пен оқу процесінде пайдалануға.
Диссертациялық жұмыстың нәтижелері жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеулері мен оқу процесінде Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп, Басқару есебі, Аудит курстарын оқу барысында пайдалана алады.
Ғылыми - зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері мынадай халықаралық және республикалық ғылыми – практикалық конференцияларда жарық көрді: Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншілктері мен интеграциялық болашағы (Түркістан қ., 2007ж.); Жас ғалым (Тараз қ., 2009ж.); Әуезов оқулары-7 (Шымкент қ., 2008ж.); Аймақтық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері (Шымкент қ., 2009ж.); Қазақстан экономикасының индустриалды инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері (Түркістан қ., 2010ж), Новое пространство Европы 2010.
Жарияланған мақалалар. Диссертацияның негізгі материалдары жалпы көлемі 8,58 баспа табақтан тұратын 12 ғылыми еңбектерде жарияланды. Оның ішінде 4 мақала ҚР БҒМ бақылау комитетімен ұсынылған басылымдарда, 7 – халықаралық конференция еңбектерінде, 1- басқа басылымдарда.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация компьютерлік мәтіні 133 бетте баяндалды, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және 124 пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Жұмыста 23 кесте мен 14 сурет келтірілген.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың есебі мен бақылауының теориялық негіздері. Әрбір ұйым, өздеріне тән ішкі және сыртқы байланыстары бар көптеген құрамдас бөліктерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оларды зерттеу, басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық байланыстардың барлық жиынтығын қамтитын жүйелі көзқарасты талап етеді.
Басқарудың өзі шаруашылық есептің берілгендері негіз болатын бастапқы және ағымдағы ақпаратсыз мүмкін емес. Ол өндірісті басқару қажеттілігінен туындаған: шаруашылық процестерін басшылыққа алу барысында шаруашылық өмірдің нақты фактілерін біліп, оларды есепке алу қажет. Шаруашылық есеп басқару мақсатындағы қоғамдық қайта өндіріс процестерінің сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттамасы болып табылады. Бұндай анықтама көптеген авторлармен беріледі (Радостовец В.К, Дюсембаев К.Ш, Баймұханова C.Б, Данилан А.А, Бабаев Ю.А, Любушин Н.П, т.б). Олар шаруашылық есеп – басқарудың ажырамас қызметі деп есептейді. Өндірісті басқарудың маңызды қызметтерінің бірі болып табылатын есеп, экономикалық объектінің өмір сүру формасы ретіндегі шаруашылық қызметі туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу, беру, сақтау жүйесі болып табылады. Шаруашылық есеп процесінде бақылау мен шаруашылық қызметтің фактілерін тіркеудің көмегімен ақпараттық массив құрылады. Ол өңдеу, беру және сақтау барысында, шаруашылық қызметті басқарудың басқа қызметтері үшін ақпараттық негіз ретінде пайдаланылады.
Сонымен, басқару мақсаттарын шешудің негізгі базасы болып есеп ақпараты табылады және ол бақылауды жүзеге асыруда жетекші рөл атқарады. Бірақ, есеп ақпараты тек қана сандық көрсеткіштерден тұрады, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткіліксіз және оны басқару қызметінде бақылау үшін тікелей пайдалану мүмкін емес. Бақылау ақпаратының ерекшелігі, ол тек сандық емес, сонымен қатар маңызды сапалық көрсеткіштерден де тұрады. Қолданылатын бақылаудың түрлеріне байланысты, ақпараттық қамтамасыз етудің түрлі көздерін пайдаланады. Сыртқы бақылау үшін қажетті ақпараттың ерекшелігі, ол кезең сайын пайдаланылады және талғаммен тексеру тәртібімен тексеріледі. Сондықтан ақпараттың жартысы бақылаудан сырт қалады.
Ауыл шаруашылық ұйымдарындағы ішкішаруашылық бақылау – бұл барлық қызметті тұлғалармен, кәсіпорынның қоғамдық ұйымдарымен, олардың құзыреттілігінің шегінде, өндіріс тиімділігін көтеру резервтерін анықтау мақсатында, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, өндірістік ресурстардың пайдалануын, меншіктің сақталуын және заңдылықтардың сақталуын үнемі тексеру болып табылады. Бөлімшелер және қызметтермен, басшылармен кәсіпорын мамандарымен өз құзыреттерінің шегінде үнемі жүзеге асырылатын ол, жоспарды орындау барысындағы ауытқуларды анықтауға, өндіріс технологиясының бұзылуын, зұлымдық фактілерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай бақылау, әдетте, арнайы бақылау – ревизиялық аппаратсыз жүзеге асырылады және көп шығын талап етпейді, сондықтан тиімді болып табылады. Ішкішаруашылық бақылау тікелей шаруашылық қызмет процесінде және жедел басқарудың барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Бұл оның барлық шаруашылық бақылаудың негізі екенін білдіреді. Сондықтан, ішкішаруашылық бақылауды өндірістік процесті басқарудың бір қызметін орындайтын жеке өзіндік бақылау жүйесі деп қарастыруға мүмкіндік бар деп есептейміз. Жеке өзіндік жүйе ретінде ішкі шаруашылық бақылаудың өзіне тән элементтері бар: объект, субъект, бақылаудың технологиялық процесі және нәтижелі кезең.
Құрылымдық бөлімшелердегі ішкі бақылауды ұйымдастырудың қағидаларына келесілерді жатқызу ұсынылады: нақтылау (қызметтік нұсқаулардағы бақылау қызметтерін нақты бөліп көрсету); мамандандыру (белгілі мақсат үшін бақылауды жүзеге асыру); координация мен байланыстылық (бөлімшелердің бақылау мәселелері бойынша қарым қатынас жасауы және бөлімдер арасында бақылау қызметтерін үйлестіру); дербестік (жаңа бақылау процедураларын жасау).
Субъектілерінен тәуелді ішкішаруашылық бақылау процесінің технологиялық бөлігі – бұл тікелей бақылау процесі. Осы тәуелділікті ерекше атап көрсету қажет себебі, алынған бақылау процедуралары нәтижелерінің тиімділігі бақылау субъектілерінің қызметімен, олардың осы процестің маңыздылығын түсінуі мен көзқарасына, ішкі бақылаудың жаңа әдістемелерін жасай білуімен, байланысты.
Нәтижелі кезеңді де екі құрамдас бөліктен тұрады деп қарастыруға болады: 1) тексеру барысында анықталған нормативті актілердің бұзылуын, өнім өндірісі барысында қорларды пайдаланудағы нормалардан ауытқуларды, қорлар есебі процесіндегі қателіктерді қосып көрсеткен бақылау нәтижесі; 2) бақылау нәтижелері бойынша, басқару жүйесін, нақты бұл жерде материалдық қорлардың бары, сақталуы, пайдаланылуын өндірістік қажеттілік бойынша берілген жағдайға жеткізу мақсатымен қабылданған басқару шешімдері.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарында өнеркәсіп ұйымдарымен салыстырғанда, айналым қорларының үлес салмағы көп. Бұл өндірістің, әртүрлі материалдық ресурстарды дайындау мен тұтынудың мезгілдігімен байланысты. Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты: мамандануына, шоғырлануына, орналасуына, көлікпен қамтамасыз етілуіне және т.б. Қажеттілігіне байланысты олардың тиімді мөлшері мен өндіріске дер кезінде келіп түсуін қамтамасыз ету маңызды.
Материалдық қорлар біржолғы тұтыну қорларының сипатында (негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдыс - өнімнің құрамдас бөлігі болғанда) және бірте-бірте тұтыну сипатында болуы мүмкін. Олардың құрамына негізінен еңбек заттары кіреді, бір бөлігін ғана еңбек құралдары құрайды деп тұжырымдауға болады (1 сурет)

Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған
1 сурет - Қорларды пайдалану бағыттары

Материалды болып табылмайтын, бірақ әлі дайын өнім болып рәсімделмеген қорлар есепте ерекше орын алады. Бұл өндірістің барлық фазасынан өтпеген өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар мен аяқталмаған өндіріс. Бұдан басқа материалдардың басқа да жіктелулері қолданыла алады. Атап айтқанда келесідей тұрғылардан :
- қорларды қаржыландыру тұрғысынан – мөлшерлі, мөлшерден тыс, толықтырылмаған;
- пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан – қажетті, артықшылықты, қажетсіз;
- жабдықтау процесін жедел басқару тұрғысынан – минималды, орташа, максималды;
- қорлар сапасын бақылау тұрғысынан – сапалы, бүлінген, бұзылған.
Бухгалтерияда, материалдарды олардың нақты бар орындары бойынша жіктеу ұсынылады: жолдағы материалдар, қоймадағы материалдар, пайдаланудағы және өңдеудегі материалдар деп.
Материалдық қорлардың жіктелуі әртүрлі нормативті құжаттарда түрлі дәрежеде келтірілген: Шоттардың жұмыс жоспарында, бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібі бойынша, қорлар есебіне арналған арнайы стандарттарда (ХҚЕС 2, ҚЕҰС 1 -9 тарау), жіктелу шамамен көрсетілген: материалдық өндірістік қорларға шикізат пен материалдар, дайын өнім, тауарлар жатады.
Осы проблеманы кешенді түрде қарастырып, айтылған ескертулерді есепке ала отырып, біз материалдар есебі мен бақылаудың төрт негізгі мақсаттарын жеке атап көрсетуді ұсынамыз: құқықтық, экономикалық, бақылау және басқару.
Құқықтық мақсаты, әрбір ұйым басқа экономикалық субъектілерден толық тәуелсіз болмайды және олармен белгілі шаруашылық қарым-қатынаста болады дегенге негізделген.
Басты экономикалық мақсат – басқару шешімдерін қабылдау үшін ішкі пайдаланушыларға (басшылар, құрылтайшылар, мүлік иелері) және сыртқы пайдаланушыларға (кредиторлар, инвесторлар және т.б) қажет ұйым активтерінің, соның ішінде қорлардың, бары мен пайдаланылуы туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру.
Бақылау мақсаты - материалдық қорлардың бары мен қозғалысы жөніндегі шаруашылық операцияларды жүзеге асырудың заңдылығын,тиімділігін және олардың белгіленген нормалар мен сметаларға сәйкес пайдаланылуын анықтайтын, бақылау процедураларынан тұрады.
Басқару мақсаты – ең алдымен, бірқалыпты қызмет ету жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен, ішкі мақсаттар тізімі ашық болып қалады, немесе әрбір экономикалық субъект қорлар есебі мен бақылаудың мақсаттарына қарай, төрт негізгі мақсаттың біреуінің мағынасын күшейтумен өзі жеке ішкі мақсаттарын өзгерте алады.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауының қазіргі жағдайы. Нарық экономикасы жағдайында экономикалық субъектінің қызмет ету мақсаты пайда табу болып табылады. Сондықтан, басшылардың басқару қызметі, бір жағынан ұйымның тұрақты жағдайын қалыптастыру мен ұстап тұруға, екінші жағынан, өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, бағытталған. Осы екі бағыт та ұйымның материалдық өндірістік қорларымен тікелей байланысты.
Көптеген шаруашылықтарда бәсекелестікке, сату нарығын жоғалтуға, шаруашылық субъектілерінің және тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендігіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығына, ауыл шаруашылық өнімінің дайын болу мерзімділігіне, өнімді тиеудің ырғақсыздығына байланысты айналым активтеріндегі үлкен үлестік салмаққа дайын өнім ие. Кәсіпорын қоймасында дайын өнім қалдықтарының көбеюі айналым капиталының ұзақ уақыт тоқтап қалуына, нақты ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне, несиеге деген қажеттілікке, олар бойынша пайыздар төлеуге, жабдықтаушылармен есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, шаруашылық жұмысшыларымен еңбек ақы бойынша есеп айырысу бойынша кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта бұл өндірістің төмендеуінің, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендігінің және олардың банкроттығының негізгі себептерінің бірі.
Осы проблеманы зерттеу Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсірумен, мал шаруашылығымен маманданатын, ауыл шаруашылық ұйымдарының мысалында жүргізілген. Берілген шаруашылықтардың өндірістік ресурстарының көлемі мен 2007-2009 жылдар аралығындағы қызметі процесінде алынған нәтижелерін сипаттайтын кейбір орташа көрсеткіштерді келтірейік (1-2 кестелері)
1 кесте - Ауыл шаруашылығы ұйымдарының өндірістік ресурстары
Көрсеткіштер
2007 жыл
2008 жыл
2009 жыл
2009 ж 2007 жылға пайызбен %
Аш –ғы жерлерінің ауданы, га
758282
648634
641264
84,57
Жұмысшылардың орташа жылдық саны, мың адам
20,0
20,1
18,6
93
Өсім мен бордақыдағы мал басы, бас
607767
642270
676373
111,3
Барлығы, ұйымның активтері, мың.тенге
3548383
4855411
5111087
144,04
Соның ішінде айналым активтері, мың. тенге
415162
748219
1001262
241,17
Ескерту -статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы жерлердің ауданы 15,43 %-ға, жұмысшылардың орташа жылдық саны 7 %-ға төмендеген, ал ұйымдардың активтері 44,04 %-ға, соның ішінде айналым активтері 141,17 %-ға ұлғайып отыр.
2 кесте-Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметі нәтижелері
Көрсеткіштер
2007 жыл
2008 жыл
2009 жыл
2009 ж 2007 жылға пайызбен %
Алынған жалпы өнім, мың тенге
-1 жұмысшыға шаққанда
-аш –ғы жерлерінің 1 га-на
-айналым құралдарының 100 тенгесіне

4,76
0,13
22,94

5,02
0,14
13,48

6,38
0,18
11,85

134,03
138,46
51,67
Өсім мен бордақыдағы малдардың бір басының өсімі, ц
1,31
1,36
1,51
115,14
Өсім мен бордақыдағы малдарға кеткен шығындар, мың.тенге
2130
2788
4063
190,80
Олардың ішінде жемге кеткен шығындар үлесі, %
59,7
66,40
64,40
107,87
Пайдалышығынды шаруашылықтар саны
621294
659332
740195
-
Рентабелділік деңгейі
9,8
8,6
17,0
-
Ескерту - ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде автор құрастырған

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерден жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өндірістік көрсеткіштердің жер, еңбек ресурстарының 2009 жылға азюы, ал материалдық ресурстардың көбеюі туралы қорытынды жасауға болады. Оң көрсеткіш ретінде еңбек өнімділігінің өсуі мен өсім және бордақыдағы малдардың өнімділігін атауға болады.
Бірақ шаруашылықтардың көпшілігі шаруашылық қызметі барысында зиян шегеді. Бұл жерде өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің бағасындағы айрмашылық үлкен әсерін тигізеді, себебі өндірілген өнімге жұмсалған шығындар құрамында материалдық шығындар үлкен үлестік салмақты алады. Мысалы, зерттелген кезеңде бағалардың келесідей өсімін атауға болады: байытылған жемге (комбикормға - материалдық-өндірістік қорлардың бір түрі) – 5,1 есеге, сүтке – 2,3 есеге, ірі қара малдың етіне – 2,2 есеге.
Ауыл шаруашылығының әрбір өндірістік саласында өндірілген өнімнің құнында материалдық шығындар, үлкен үлестік салмаққа ие. Сонымен қатар, айналым құралдары қайта өндірістің барлық кезеңінде болады: дайындау, тұтыну, сату (3 сурет).
Ауыл шаруашылығы ұйымдары қаржыларының негізгі қызметтерінің бірі болып, ақшалай нысаннан тауарлы нысанға, тауарлыдан - өндірістікке, одан қайтадан тауарлы және ақшалай нысанға ауысып үздіксіз айналым жасайтын, айналым құралдарының қозғалысын реттеу табылады.

Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған
2 сурет - Қазіргі кезеңдегі айналым құралдарының қозғалысы

Суретте ұдайы өндіріс процесінің кезеңдері әріптермен белгіленген : А - сатып алу (жабдықтау), Б - өндіріс, В – сату процесі.
Төменде, зерттелген шаруашылықтардың құрамдас элементтерінің жалпы сомадағы үлестік салмағын сипаттайтын айналым құралдарының құрылымы келтірілген (3кесте)
3 кесте - Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы ұйымдарының айналым құралдарының құрылымы
Атаулары
2007 ж
2008 ж
2009 ж
Баланс қорытындысындағы айналым құралдарының пайызы
11,71
15,41
19,59
Айналым активтері, барлығы
100,00
100,00
100,00
Қорлар
75,83
74,80
78,00
Соның ішінде : шикізаттар
24,14
23,51
24,04
өсім және бордақыдағы малдар
11,10
11,3
15,2
аяқталмаған өндіріс
7,83
7,39
8,21
дайын өнім
32,76
32,6
30,55
Қосылған құн салығы
5,49
5,57
6,08
Дебиторлық қарыздар
9,44
11,23
8,66
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
7,14
6,62
5,13
Ақша қаражаттары
2,10
1,78
2,13
Ескерту –ауыл шаруашылығы ұйымдарының қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде автор құрастырған

Айналым құралдарының бұндай құрылымы бірінші кезекте экономикалық субъектілердің мамандануымен байланысты. Қорлардың жоғары пайызы көптеген өндірістік бірлестіктерге, соның ішінде, өндірістік кезеңі біршама ұзақ, көпшілігінде, өндірістік қорлардың көп түрлерін салуды, ал айналым кезеңін өндірілетін өнімнің ерекшелігіне байланысты барынша қысқартуды талап ететін, ауыл шаруашылық ұйымдарына тән.
Біз қарастырып отырған шаруашылықтар мақта өсірумен айналысатын шаруашылықтар, сондықтан айналым құралдарының көп бөлігін дайын өнім алады. Қорлардың құрамында дайын өнім 2007ж.- 32,76%, 2008ж.-32,60%, 2009ж.-30,55% құрады. Дайын өнімнің бұндай көрсеткіші шаруашылықтардың өз өнімдерін дер кезінде, әрі пайдалы бағамен өткізе алмауының себебінен.
Бухгалтериядан алынған жабдықтаушылардан келіп түскен және кіріске алынған қорлар ведомосының негізінде, жабдықтау бөлімінде материалдық қорларды жабдықтаудың уақыттылығы мен сапасы туралы қорытынды жасай алады. Сонымен, материалдық өндірістік қорларды жабдықтау процесі барысында, кәсіпорынның жеке қызметтерінің байланысы жүзеге асырылады және осы процестің ағымдағы есебі мен бақылаудың ішкі құжаттарын құрудың көмегімен осы кезеңдегі есептің құқықтық мақсаты орындалады.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың бухгалтерлік есебі мен бақылауын жетілдіру. Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаудың басты мақсаты - нақты экономикалық ортада бухгалтерлік есеп жүйесінің өзіне тиісті қызметтерін кезекпен, пайдалы, тиімді және ұтымды орындау үшін қолайлы жағдай жасаудан тұрады. Ол үшін қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесінің әлемде жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп жүргізу көзқарастарына қарама қайшы болмауын қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реформалау мақсаттары келесіден тұрады :
- пайдаланушыларды пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ететін есеп пен есептіліктің стандарттар жүйесін құру;
- Қазақсатандағы бухгалтерлік есепті халықаралық деңгейдегі стандарттар үйлесімінің негізгі тенденцияларымен байланысын қамтамасыз ету;
- Бухгалтерлік есептің реформаланған моделін енгізуде ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету.
Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есеп жүйесінің ХҚЕС және ҚЕҰС қолдануы жағдайында, ауыл шаруашылығы ұйымдары шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпорындар ретінде есептіліктерін ҚЕҰС №1 –не сәйкес ұйымдастыруға құқылы. ҚЕҰС №1 сәйкес қорлар келесідей жіктеледі:
қайта сату үшін сатып алынған және сақталудағы тауарлар;
қайта сатуға арналған мүліктер (жер, ғимарат, көлік құралдары);
өндірілген және сатуға арналған дайын өнім;
өнім өндіруге және өндірісті қамтамасыз ету үшін арналған шикізат пен материалдар;
аяқталмаған өндіріс;
өзге де көмекші қорлар.
Біздің ойымызша бұл анықтама – ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін ескермеген. Бұл нормативті құжатқа сәйкес, ұйым ішінде өндірілетін қорлардың көп бөлігі (жем-шөп және өз өндірісіндегі тұқымдық материалдар, табиғи тыңайтқыштар) материалдық өндірістік қорлар қорлар құрамына кірмей қалады, себебі бұл нормативті құжатта дайын өнімді пайдаланудың бір ғана бағыты көрсетілген – ол өнімді сату.
Сонымен қатар материалдық өндірістік қорлар құрамында қорлардың элементтері – дайын өнім мен тауарлар жеке аталып, оларға анықтама берілген. Ал ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі элемент – меншікті қорлар ескерусіз қалған. Біздің ойымызша, экономикалық ақпаратты пайдаланушыларда материалдық өндірістік қорлардың осы бөлігіне бірегей көзқарасты қалыптастыру үшін өндірістік қорларға келесідей анықтама беруге болады: өндірістік қорлар (материалдар) дегеніміз – ұйым балансының активінде көрініс табатын, экономикалық субъектінің меншігі болып табылатын, сатып алынған, өндірілген, басқа да көздерден алынған, ұйымның басқару және басқа да қажеттіліктері үшін бір өндірістік кезең барысында пайдаланылатын (жарғы құжаттарымен бекітілген қызметті жүзеге асыру үшін); өзінің табиғи және сапалық көрсеткіштерін өзгертетін немесе өзгертпейтін материалдық құралдар мен еңбек заттары. Бұл анықтамада, біз қорлардың экономикалық және бухгалтерлік мағынасын біріктіруге тырыстық. Қорлардың экономикалық мағынасы – құрамына еңбек заттарымен қатар еңбек құралдары да кіретіндігінде (нормативті құжаттармен пайдалану мерзімі анықталып көрсетілген 12 ай немесе бір өндірістік кезең). Еңбек құралдары бұл жерде өз құнын дайын өнімге бірте-бірте аудару қасиетін жоғалтады. Ал қорлардың бухгалтерлік мағынасы мүліктік иелікке басымдылық берумен кеңітілген сияқты.
Қорлардың орташа өзіндік құнын анықтау үшін нақты есепті кезең бір ай деп белгілеу қорлар есебінің басқару қызметін шектейді. Мысалы ірі өндірістік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалатын және басқа да қажеттіліктерге пайдаланылатын қорлардың орташа өзіндік құнын анықтау қажеттілігі бір айдан қысқа мерзімде (декада- онкүндік) туындауы мүмкін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері ай сайын баланс құруға міндетті емес, яғни оларға материалдардың орташа өзіндік құнын тоқсанына бір рет есептеуге болады. Осыдан, орташа өзіндік құнды нақты айына бір рет есептеу кезеңділігінің орнына қажетті есепті кезеңді пайдаланған дұрыс.
Есепті жетілдіру бағыттарының бірі болып оны компьютерлік жүйелерді пайдаланудың көмегімен тиімді жүргізу. Басқару тиімділігін көтеру үшін материалдық ресурстарды басқаруды жетілдіру қажет. Тәжірибе көрсеткендей шамадан тыс қорларды ең төменгі қысқартудың өзі біршама қаржылық ресурстарды босатуға және тұрақты пайда алуға мүмкіндік береді. Бірақ өнім шығарудың үлкен номенклатурасымен, көп мөлшерде әртүрлі шикізаттарды пайдалану қажет болған жағдайда, қорлар деңгейін тиімді мөлшерде жасауға қатысты мақсаттарды шешу қиындайды. Бұл жерде материалдық ресурстар қозғалысының нақты және жедел есебін жолға қоюға мүмкінідік беретін компьютерлік жүйелер көп көмек береді.Қазіргі кезде материалдық қорлар бойынша есеп, басқару және бақылау жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік беретін көптеген компьютерлік бағдарламалар жасалған. Мысалы өндірістегі материалдар есебін ұйымдастыру бойынша олар лимитті-жинақтама карталарын, қорлар қозғалысы бойынша құжаттарды, есептен шығару актілерін, өндірістік есептерді құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйелерде өндіріске қорларды жіберуде сандық және құндық мөлшерлерді бақылау жүзеге асырылған. Мөлшерлеме өндіріске материалдарды жіберуге негіз болып табылатын құжат лимитті-жинақтама картаны рәсімдеу кезінде енгізіледі. Мөлшерден тыс жіберетін жағдайда өндіріске жіберу жүкқұжатында тиісті рұқсаттың деркетемелері келтіріледі. Мөлшерлерді бақылау белгілі көрсеткіштермен реттеледі. Пайдаланушы өндіріске мөлшерден тыс қорларды жіберу бойынша ведомостарды және мөлшерлеменің қалдықтары (артық жұмсалуы) бойынша есептерді қалыптастыруы мүмкін. Сонымен қатар бір материалдардың жетіспеушілігі жағдайында, оларды басқа бір түрімен алмастыру мүмкіндіктері ұсынылады. Дайын өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттардың нормативті және нақты шығындары туралы есептілікте материалдарды есептен шығарудың әртүрлі нұсқалары есепке алынады. Материалдық шығындар есебі дайын өнім түрлері бойынша жүргізіледі. Бұндай жүйе түрлері саладағы кәсіпорындарда пайдалануы және олардың ерекшеліктеріне қарай жасақталуы мүмкін.
Қазіргі таңда 1С фирмасымен Бухгалтерлік есеп. Ауыл шаруашылық кәсіпорын бағдарламасы жасалған. Бұл жерде жем, отын, тыңайтқыштар есебі үшін арнайы анықтама пайдаланылады. Натуралды көрсеткіштерді есепке алу үшін үш өлшем бірлігі қарастырылған. Сонымен қатар бағдарламада арнайы ауыл шаруашылық есептіліктері бар - Жемдер шығысы, Малдар қозғалысы және басқалар. Қазіргі уақытта материалдық қорлар есебін жеңілдетудің бір мысалы, жемдер сапасының есебі сияқты арнайы мақсаттарды орындайтын қажетті кез келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Краснознаменский -2 ЖШС кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
Есепке алу әдістемесі
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Зерттеу нәтижелерінің аппробациясы мен өндіріске ендірілуі
Коммерциялық ұйымдардың қызметінің есебі мен аудиті
Жалпы өндірістік шығындар
Қорлар есебінің талдауы
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
Пәндер