Диплом алдындағы өндірістік практика бойынша есеп - Бухгалтерлік есеп және аудит



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Ұйымның есептеу . талдау қызметтерінің жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Қорларды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4 Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу ... 29
2.5 Міндеттемелерді есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.6 Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.7 Өзіндік капиталды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37
2.8 Инвестицияларды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
2.9 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
2.10 Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
2.11 Қаржылық есеп беруді ұсыну ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
6 САЛЫҚ САЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60
7 АУДИТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
ҚОСЫМША

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
ЕВРАЗИЯ НАРЫҚ ИНСТИТУТЫ

НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ кафедрасы

Диплом алдындағы өндірістік практика бойынша
Е С Е П

050508 Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті
Кумекбаева Айжан Нурмуратовна орындаған.

Практика орны АҚ Galanz Bottlers

Практика 2012 ж. 23 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін өтті.

Есепті өткізген күн 5 сәуір 2012ж.

Практика жетекшісі аға оқытушы Берлибаева Н.С.

Есеп __________________ 20____ж. қорғалған ______ (жетекшінің қолы)

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.2 Ұйымның есептеу - талдау қызметтерінің жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... .11
1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
0.1 Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
0.2 Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
0.3 Қорларды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
0.4 Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу ... 29
0.5 Міндеттемелерді есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
0.6 Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
0.7 Өзіндік капиталды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
0.8 Инвестицияларды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
0.9 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
0.10 Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
0.11 Қаржылық есеп беруді ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
6 САЛЫҚ САЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
7 АУДИТ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..68
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.
Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпкерлер үшiн жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды.
Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi деңгейдегi банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттiк даму институттары осындай ұсыныстарды жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-қатынаста ықтимал iске асыру мақсатында арнайы әдiстемелер негiзiнде оларға талдау жасайды.
Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.
Диплом алдындағы өндірістік практика Galanz Bottlers Акционерлік Қоғамда өтіліді.
Алкогольсіз сусындар өндіретін кәсіпорын Galanz Bottlers Қазақстан және Ортлық Азия нарығында жетекшісі болуда. Тиімді стратигияның, инновацияардың дер кезінде енгізілуі мен тиісті инвестициялардың көмегінің арқасында серіктестік 14 жылдың ішінде өндірістің жаңа түрлерін, суық шай және бір қатар салқындатылған сусындарын негіздеді.
Өндірістік тәжірибе өту барысында Galanz Bottlers Акционерлік Қоғамның бухгалтерлік есебінің қалай жүргізілетінін білуім қажет.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
11.1. Ұйымның жалпы сипаттамасы

Жинауға болмайтын жалғыз нәрсе ол - уақыт, оны сақтау және ұлғайту мүмкін емес. Оны тек қана ақшаға немесе өнер - білімге айырбастауға болады. Уақыт - бұл ең маңыздысы.
(Ямагучи Тадао)
Galanz Bottlers Акционерлік Қоғам өз тарихын 1998 жылдан бастайды, оның ең алғаш нарыққа босатқан өнімі бөтелкеге құйылған ауыз су болды. Қазіргі кезде серіктес Қазақстан және Орталық Азия нарығындағы алкогольсіз сусындар өндірумен айналысатын ең ірі кәсіпорындардың бірі. Жыл сайын өткізілетін маркетингтік зерттеулеріне сәйкес, серіктестік 2005 жылдан бастап пайдалы және танымал сусындар өндірушілердің арасында абсолютті жетекшісі болып табылған. Тиімді стратигияның, инновацияардың дер кезінде енгізілуі мен тиісті инвестициялардың көмегінің арқасында серіктестік 14 жылдың ішінде өндірістің жаңа түрлерін, суық шай және бір қатар салқындатылған сусындарын негіздеді.
Бүгіні таңда Galanz Bottlers Акционерлік Қоғам баршаға танымал бренд Махі чай, сонымен қатар Torpeda энергетикалық сусынының, Sevens ауыз суы мен Funky лимонадының өндірушісі болып табылады.
Серіктестік Қазақстан нарығына Dellos және Enerzen сияқты саудалық маркаларды ұсынады, сонымен қатар сусындар нарығының даму тенденцияларына жауап бере отырып, тұтынушылардың кез келген қалауын қанағаттандырады.
Тиімді менеджменттің арқасында Galanz Bottlers Акционерлік Қоғам бірнеше жыл бойы республикадағы алкогольсіз сусындар нарығының жетекшісі болуда және өндірістік саладағы динамикалық дамитын серіктестіктің мәртебесіне ие. Қазақстандық өндірушінің көптеген жоспарларының арасына кәсіпкерліктің ілгерлемелі және белсенді дамуы, өндіріс индустриясындағы жаңа жобаларын іске асыру, сонымен қатар ішкі және таяудағы шетел нарығында позицияларды ары қарай күшейту кіреді.
Кәсіпорын 2003 жылы Азықтық өнеркәсіптің және индустрияның Халықаралық аптасында Қазақстан нарығындағы ең жақсы өнім - деген медальға ие болды.
2004 жылы серіктестік Қазақстанда ең алғаш Махі чай брендімен аталған суық шай өндіретін жабдықты іске қосты. Суық шай өзінің пайдалы қасиеттері мен сирек кездесетін дәмінің арқасында тұтынушылардың көңілінен шықты.
2005 жылы МАХІ ЧАЙ саудалық марка суық шай санаттарының арасында талассыз жетекшісі болып табылды.
Үш жыл қартрынан (2005-2007жж) Махі чай сусыны үнемі Азықтық өнеркәсіптің және индустрияның Халықаралық аптасында Қазақстан нарығындағы ең жақсы өнім - деген мәртебелі сыйлыққа ие болып отырды.
Серіктестіктің басқармалары кәсіпкерлікті кеңейту туралы стратегиялық шешим қабылдады және 2007 жылы салқындатылған сусын шығаратын екінші зауытты іске қосты. Бұл зауыт тек Махі чай брендімен аталатын суық шай ғана өндірмей, сонымен қатар Sevens деп аталатын ауыз су өндіре бастады. . Осы жылы зауытта реконструкция жұмыстары жүргізіліп, қазіргі кездегі бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында жаңа құрал-жабдықтарды іске қосады
2009 жылы өндіріс технологтары Махі чай деп аталатын суық шайдың жаңа дәмдерін ойластыра бастады. Осы жылда серіктестік Қазақстан Республикасындағы ең ірі азық - түлік форумы Азықтық өнеркәсіптің Халықаралық аптасында (FoodWeek Kazakzstan) Белсенді қатысушы ретінде алтын медальға ие болды.
2010 жылы екі жаңа саудалық марка - Torpeda энергетикалық сусыны мен Funkу лимонадын іске қосты. Нарыққа перспективалық брендтер шығара отырып, Galanz Bottlers өз алдына озып келе жатқан бірін жаулап алуға кеудемсоқ жоспар құрды.
Серіктестіктің өнімі InterFood Novosibirsk Сібір жәрменкесінде сапасы үшін бірден үш медаль алды, Сібір жәрменкесіндегі ITE алтын медалі дәм тату жарысында Funky Дюшес алкогольсіз газды сусыны кішігірім алтын медаліне ие болды. Осы жәрменкеде Funky Лимонады және Funky Тархун алкогольсіз газды сусыны күміс медаль иеленді. Сібір жәрменкесіндегі ITE алтын медалі дәм тату жарысында алкогольсіз газдалмаған сусын жасыл Махі чай грейпфрут және лимон дәмімен, сонымен қатар қара Махі чай алма және бүлдірген дәмімен күміс медалімен марапатталды.
Бренд портфелінің тиімді құрастырылуы Galanz Bottlers Акционерлік Қоғам болашағына сенімді қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні өз ғасырына сәйкес технологияларды қолдана отырып, серіктестік келесі өнім түрлерін өндіріп отыр:
Махі чай суық шайы
Sevens ауыз суы
Torpeda энергетикалық сусыны
Funky лимонады
Сок Березы шырыны
Dellos сусынндары
Milk Up жеміс - сүтті сусыны

Серіктестік стратегиясы. Әрқашан ауыр жолы таңда, онда сіз бәсекелесшілерді кездестірмейсіз .
(Шарль Де Голь)
Galanz Bottlers - бұл ғұлама, дәйекті және қойылған тапсырмаларды творчествалық жолмен шеше білетін саналы мамандардың командасы. Серіктестік нарықта алдынғы қатарда орналасуға ұмтылады. Жұмыс жасап отырған мамандар шығарылған өнімнің сапасы мен сервистің деңгейі бойынша озығы болу үшін барыг салуда.
Серіктестік мақсаты. Ең маңыздысы - бұл тұтынушылармен өзара байланысты қалыптастырып, олардан түскен мәліметтерден үнемі сабақ алу.
(Билл Гейтс)
Өндірістің алға қойған мақсаты - пайдалы және сапалы өнімдермен қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және өнімін өткізу арқылы табыс табу. Пайда табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық - әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Серіктестік жетістігінің құпиясы. Сіздің жетістігіңіздің жалғыз ғана дұрыс өлшемі - бұл сіздің нақты потенциялыңызбен салыстырмалы істеген ісіңіз.
(Пол Дж Мейер)
Сырттай қарағанда жетістіктің құпиясы - деген оңай сөйлемнің өз астарында үлкен мағынасы бар және өз күшінің сенімділігін арттырады. Табысты кәсіпкерлікті жүргізудің құпияларын және оны шебер пайдалана білу - ол оңай және нарықта жетекші болудың бірден бір кілті. Galanz Bottlers-тың жетістігінің құпиясы - өз клиенттері (сауда желісі және бөлшек дүкендер) мен өз тұтынушыларының максималды қажеттілігін қанағаттандыру үшін өнім сапасының жоғары болуын өндірістің барлық кезеңдерінде қадағалап, өз портфелінің кеңейуіне қатал бақылау жүргізу.
Серіктестік құрамы. Бренд көбінесе қоғамға ықпалын тигізеді.
(Томас Гед)
Galanz Bottlers АҚ - ПЭТ ораушысындағы сусындарды өндірушісі.
Вера Ловаль ЖШС - дайын өнімді жүзеге асырумен айналысады.
Адал Су ЖШС - ауыз су өндіреді.
Напитки на Дом ЖШС - ауыз суды өндіру мен жеткізу ісін жүзеге асырады.
Chemolgan Food Stаstion ЖШС - логистика жұмысын атқарады. Мамандардың айтуынша Логистика кәсіпкерліктің философиясы және діні.

Galanz Bottlers акционерлік қоғамы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық кодекс, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Қоғамының жеке фирмалық атауы көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді.
Компания Алматы қаласы, Сүйімбай көшесі №239 б орналасқан. Қызметінің жарғысы бойынша негізгі бағыттары:
алкогольсіз сусындар өндіру және шығару
сауда және сауда делдалдық қызметсатыа алу қамтамасыз ету қызметтері
халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
адвокаттық қызметпен байланысты емес және өзге де кеңес беру қызметтері
Біртұтас және бөлшектеп сату бөлімдері мен кәсіпорын ұйымдастыру
Кәсіпорынның өндірістік базасы қызметінің табысты жұмыс жасауға қажетті алаңдары мен құрал-жабдықтары бар. Дайын өнімді өндіруге және олардың шикізаттарын сақтауға арналған цехтар мен қоймаларға ие. Өндіріске пайдаланатын шикізаттары сертификатталынған және үнемі қадағаланып, бақыланып отырылады. Компания сапалы сусын өнімдерін тұрақты жеткізу бойынша келісімдер жасасқан.

ДИРЕКТОР

Басқарма төрағасы
Қаржылық бөлім

Алматы қаласы бойынша сату
бөлімі
Техникалық бөлім
Бас инжинер
Бухгалтерия

Өндірістік цехы
ТПА цехы
Көлік бөлімі
Тазалау бөлімі
Логистика бөлімі
Коммерциялық депортамент
Юрист
Маркетинг бөлімі


Аймақтық сату бөлімі

Жабдықтау бөлімі
Лаборотория
Қойма Сүйінбай

Кадрлар бөлімі

IT бөлімі

Қауіпсіздік және қорғау бөлімі

Кәсіпорынның басқару құрылымы.

Зауыттың еңбек ұжымы тәжірибелі және осы салада көп жыл еңбек істеген өндірісті өз дәрежесінде білетін қызметкерлерден құрылған. Негізгі өндірісті ұйымдастыру жалпы қағидаларды ұстанады. Ол ұйымдастырудың ағымдық әдісі, яғни жұмыс процесі үзіліссіз қозғалыста және жиілікті қарастырады.
Galanz Bottlers акционерлік қоғамының өнімдері тұтынушыларға салыстырмалы түрде төмен бағамен жеткізіледі. Зауыт ұжымы үнемі жаңа өнім түрлерін шығаруды алға қойып отырады.

11.2. Ұйымның есептеу - талдау қызметтерінің жұмысы

Galanz Bottlers акционерлік қоғамда құрылтайшы бекiтiлген есеп саясат қабылданған.
Қоғамның ұйымдық құрылымы мен жалпы мәліметі осы есеп саясаттының мақсаты болып табылады.
Осы есеп саясатының басты міндеті бухгалтерлік есеп әдістері мен қағидаларын орнату болып табылады. Саясатты қолдану серiктестiктiң қызметiн теңбе-тең бейнелеуге барынша мүмкiндiк бередi. Бұл қызметтi тиiмдi реттеуiнiң мақсаттары үшiн ол туралы толық, нақты және сенiмдi мәлiметтi серiктестiктердiң пайдасына құрастыру. Ол есептiк процесстiң әдiстемелiк, техникалық және ұйымдастыру тараптарын қамтиды.
Есеп сясаты 8 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (01.01.2005), Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талаптарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін реттейтін нормативтік - құқықтық құжаттармен ұйымдастырылған.
Есеп саясаттың құрастырылуының негізі халықаралық қаржылық есеп стандарттары болып табылады.
Есеп саясатының әдiстемелiк бөлiгі бiрнеше ұсынылатын ХҚЕС № 2 бухгалтерлiк есептің жүргiзуiнiң нақтылы әдiстерiнiң таңдауы жолымен қалыптасады және шаруашылық операцияларды, активтерді, меншікті капиталды, кіріс пен шығысты ашып көрсету үшiн, орындықолданылуын анықтайды.
Есеп саясатының құрастыру негiзіне келесi есеп принциптер салынған: есептеп шығару, үздіксіз қызмет, түсініктілік, маңыздылық, салғастырымдылық тiзбек, аяқталғандық, алды-артын байқау, ақиқаттық, шын және алаламайтын ұсыныс.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарымен объекттер есепке алуды жүргiзудiң әдiстерi орнатылмайтын жағдайларда, бухгалтерлiк есеп бойынша заң талаптары және нормативтiк актiлерге сүйене отырып, серiктестiк тиiстi процедуралар өз өндейдi.
Есеп саясат бағалы және инвестициялық саясатты өңдеу үшiн негiзгi қызмет көрсетедi.
Серiктестiктiң қызмет процессінде есеп саясатына экономикалық қисынды өзгерiстер енгізе алады.
Келесі жағдайларда есеп саясатына өзгерулер енуі мүмкін:
* Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енсе;
* Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есептi нормативтiк реттейтін жүйесiнде өзгерістер болса;
* Меншiк иелерiнің ауысуы.
Есеп саясаты және оған қатысты өзгерістер жалғыз құрылтайшымен ғана берітіледі.

2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, кез келген ұйым, қаржалақ есебін дәл және уақытында жасау үшін, есеп сапасын арттыру мен ішкі бақылау принциптерін басшылыққа алуға тиіс.
Кез келген ұйым меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, меншігіндегі мүліктерді, алған міндеттемелері және шаруашылық операциялары туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.
Кәсіпкерлік субъектілеріне бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында, ҚР қаржы Министірлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап күшіне кірген, бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін (әрі қарай Ереже) 22 маусым 2007 жылғы №221 бұйрығымен бекітті.
Мемлекеттік мекемелер, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржылық есебінің жүйесі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы құқықтық нормативтік актілер бойынша реттеліп, бекітіледі.
Қазақстан Республикасының салық туралы заңына сәйкес, бір реттік талон мен потент негізінде қызмет жасап, арнаулы салықтық режимді қолданып, сонымен қатар, қысөартылған декларацияның негізінде қызмет көрсетіп, жұмыскерлерді жалдамайтын жеке кәсіпкерлер.
Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады.
Біріншіден, статистика, ақпаратты жинап және өңдеудің ерекше тәсілдерін пайдаланады(топтастыру, динамикалық қатар, индекстер және басқалары).
Екіншіден, оперативтік немесе басқару есебі, сыртқа шығарылмай, ұйымның өз ішінде қолданылады. Оның қажеттілігі, оперативті басқару кезінде, кейбір жеке жұмыстар мен операцияларды жүргізу барысында, тікелей бақылауды қамтамасыз етуден туындайды.
Есептің негізгі түрі, меншік иелерін, акционерлерді, әкімшілікті, басқа да ұйымның және құрылымдық бөлімдерінің қаржылық - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы ақпараттарды пайдаланушыларды өамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп болып табылады, сонымен қатар, ол басқару шешімдерін қабылдаудың ақпараттық негізін құрайды.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің басты мақсаттары: инвесторлардың, құрылтайшылардың, берушілердің, сатып алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттңк органдардың, банктердің және де өзге де мүдделі тұлғалардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, сондай - ақ пайдалану үшін қажетті; дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпараттарды қалыптастыру; шаруашылық операцияларды жүзеге асыру және олар мақсатқа сай болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылау үшін қаржы есептілігін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен қамтамасыз есту; шаруашылық қызметтің теріс нәтижесін болдырмау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау; материалдық, нңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалана отырып, мүліктің болуы мен қозғалысына бақылау жасау болып табылады.
(Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі ҚР ҚМ 22 маусым 2007 жылғы №221 бұйрығымен бекітілген).
ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңына сәйкес жариялы мекемелер қатарына қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын қолданушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай - ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Бухгалтерлік есепте мәліметтерді жинау, тіркеу және өңдеу үшін келесі тәсілдерді қолданады: бастапқы құжаттарды деректі түрде жасау және көрсету, инвентаризациялау, ақшалай бағалау, калькуляция жасау, топтастыру, екі жақты есеп жүргізу принципін сақтау, баланс жасау.
Әдетте бухгалтерлік есеп негізін үйрену үшін, ертеден қалыптасқан әдістерді пайдаланады. Олар: баланстық топтастыру, бухгалтерлік шоттар және екі жақты есеп жүргізу.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есеп саясатын құрудан басталады.
Есеп саясаты, ұйымда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті жасау үшін қолданылатын нақты приниптерден, негіздерден, ережелерден, қағидалар мен тәжірбелерден тұрады (Бухгалтертік есеп пен қаржылық есептілік туралы ҚРЗ).
Бухгалтерлік есеп жүйесі барлық қаржылық - шаруашылық операцияларын міндетті түрде құжаттаудан тұрады. Бухгалтерлік құжатты жасаған кезде жазылған кез келген жазу, немесе, оларды бухгалтерлік есеп регистірлер деп атайды, операцияның жүргізілгенін растайтын құжаттың болуын талап етеді. Оларға тауар құжаттары, төлемдік тапсырыстар, шоттар, актілер және басқалары жатады, бастапқы құжаттар деп аталады. Бұл құжаттар атқарылған операцияла мен оқиғалардың болғандығын растайды және онда құжаттың жасалған уақыты, ұйымның аты, операцияның атауы, құжатты жасаған жауапты тұлғалардың лауазымдары көрсетіліп, қолдары қойылады және т.т. Олардың бәрі құжат деректері (реквизиттер) деп аталады.
ХҚЕС пен ҚЕҰС құжаттың экономикалық мазмұны заңдылық формасынан гөрі басыңқы болу принциптерін басшылыққа алатынын атап өткен жөн. Олай болса, бұл талап, кейбір жекелеген жағдайларда, құжаттың бар жоғына қарамастан, экономикалық деректің есеп жүйесінде міндетті түрде көрсетілуге тиісті екенін көрсетеді. Алайда, соңынан есептегі жазбалар құжат түрінде қуатталуға тиіс. Мысалы, айталық, мекемеге тауар ертерек келіп, бірге жүретін құжаттар кешігіп қалды делік. Есепте тауардың ұйымға келіп түскендігі жайлы экономикалық дерегі сол күнгі уақытпен көрсетілуге тиіс.
Бастапқы құжаттардың барлығы, тәтіп бойынша, операция орындалған кезде жасалады. Қаржалақ құжаттар жайлы айрықша атап айту керек. Ондай құжаттарда қаржы қозғалысы көрсетіледі. Оларға, әдетте, кассалық және банктік құжаттар жатады. Олар міндетті түрде арнаулы журналдарда тіркелуге тиісті. Кассалық және банктік құжаттарға өзгерулер енгізуге тиым салынға.
Ұйым басшысы құжаттарға қол қоюға құқысы бар тұлғаларды анықтап, бұйрығымен бекітеді.
Құжаттардың қозғалысы, оларды жасау немесе сырт мекемелерден алу, есепке кіргізу, өңдеу, мұрағатқа жіберу, құжатайналысы деп аталады.
Берешектер борышы дегеніміз ұйымның алашағы, осыған сәйкес ұйымның берешегі алашақ қарызы деп аталады.
Ұйым есебінің нақты болуын қамтамасыз ету үшін, мүліктер мен қаржылық қоға тугендеу жасалады. Тугендеу - дегеніміз бухгалтерлік есептің бір тәсілі және арнаулы бір уақыттағы бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, нақты бар мүліктермен салыстыру болып табылады.
Ұйымның есеп саясатын дайындаған кезде, бас бухгалтер мен бухгалтерия кызметкерлерінің лауазымдық нұсқамасы қоса дайындалады, онда олардың орнындайтын жұмыстары, міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері көрсетіледі.
Әрбір іс жүзінде атқарылған экономикалық факт шаруашылық операция деп аталады.
Өлшем бірліктерін пайдалану бухгалтерлік есепті жүргізудуің шаруашылық негізгі шарттарының бірі болып табылады. Өлшем бірліктерін қолдану арқала ұйымның қаржалақ - шаруашылық қызметтерінің өрісіне байланысты сандық, сомалық және басқа да көрсеткіштер анықталады. Өлшем бірілктері натуралдық, еңбек өлшемі және ақшалай өлшем бірліктері болып бөлінеді.
Натуралдық өлшемдер (кг, м, дана, м2 , м3 және басқалар) негізгі құралдар мен құндылықтарды, дайын өнімдерді және т.б. өлшеуі үшін қажет. Меншік түрлеріне қарамастан, натуралдық өлшемдердің көмегімен, олардың сақталуы бақылауға алынады, өнім дайындау барысында өндіру және сату көлемін анықтауға қолданылады. Өндірістік тапсырмалар мен есепптік көрсеткіштер салыстырылып және сараптаулар жүргізіледі.
Еңбек өлшемдер (сағат, күн, ай және т.б.) еңбек етуге кеткен уақытты аныөтауға мүмкіндік береді. Солардың негізінде нормалар белгіленіп, еңбек ақы есептеліп, еңбек өнімділігін анықтау үрдісінде пайдаланылады.
Ақшалай өлшем - ортақ көрсеткіш. Бұрын натуралды және еңбек өлшемдері түрінде есптелген шығындары, ұйымның мүліктік құқығының көлемі, ұлттық валюта арқалы (болмаса стандарт бойвыша көрсетілген, қолданыстағы басқа валюта) анықталып, сметалар, өндірістік тапсырыстар, есептер және баланстар жасаланады.
Шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін объектілер құрамына төмендегілер кіреді:
Негізгі құралдар - ғимараттар, машиналар, құралдар, көлік құралдары, инвентарь және басқалар, олар шаруашылық қызметінде, сыртқы түрін өзгертпестен, ұзақ уақыт пайдаланылады (12 айдан артық). Бұл құрадлар бірте - бірте тозатындықтан, олардың бағасын өнімнің және қызметтің өзіндік құнына, пайдалы қолдану кезеңінің нормативтік мерзіміне сәйкес, арнаулы есептеп шығарылған амортизациялық нормалар бойынша біртіндеп қосуға болады.
Материалдық емес активтер - ұзақ мерзімде пайдаланылатын (1жылдан астам), бағалық құны бар және қолмен ұстауға жатпайтын объектілер (жер телімдерін, суды, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқысы, патенттер, авторлық құқық, және басқа да мүліктік құқықтар, оның ішіне өнеркәсіптік және интелектуалдық меншіктер де кіреді). Материалды емес активтер де, негізгі құралдар сиақты,өндірілген жаңа өнімдер үшін жұмсалған шығындар құрамына өзінің бастапқы құнын, ұйым бекіткен норма бойынша амортизация түрінде біртіндеп беріп отырады.
Құндылқтар - шикізат, материалдар, құрамдас заттар, ыдыс, жанар май және басқалары өндірістік үрдіске бір ақ рет қатысады, сондықтан олардың құны толығымен жаңадан өндірілген өнімнің өзіндік құнына қосылады. Осы ерекшелігіне байланысты ұйым құндылықтарды тұрақты түрде сатып алып, толықтырып отыруға тиіс. Бұл топқа сонымен қатар, ұйымның құрылымдылығы аяқталмаған өндірістің қалдығы, дайын өнім мен тауарлардың құны кіреді.
Ақшалай қаражаттар - отандық және шетелдік валюта түрінде, есептегі, арнаулы есеп шоттағы, валюталық шоттағы, кассадағы ақшалар, сонымен қатар аккредивтер, чектер, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, векселдер) және басқада ақшалай қаражаттар.
Түсуге тиісті қаржылар - жөнделтілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көсетілген қызметтер, алған вексельдер үшін заңды және жеке тұлғалардың осы мерзімге дейін төлемеген жабдықтаушылардың берешек борыштары.
Жоғарыда атап өтілген шаруашылық қаржылардың барлығы, ұйым балансының активін құрайды. Енді шаруашылық қаржыларының қандай көздерден құралып, алынатынын талдап көрейік.
Жарғылық капитал - құрылтайшылардың (меншік иелерінің), акционерлердің, ұйымды құрған кезде жарғыда көрсетілген экономикалық үрдіске пайдалану үшін, үлес қосу мақсатында, құрылтай құжаттарына сәйкес салған қаражат көздері (негізгі құралдар құны, материалды емес активтер, құндылықтар мен ақшалай қаражаттар).
Пайда - есепті кезең басталып, аяқталғанға дейін ұйымның өнімді сатудан, орындаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінен, құндылықтар мен басқа да активтерінен түскен табыс мөлшерінің шығынынан асқан бөлігі.
Пайда (залал) ұйымның есепті кезеңдегі барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп негізінде анықталған, қорытынды қаржылық есебінің нәтижесі болып табылады.
Резервтік капитал немесе резервтер ұйымның пайдасы есебінен жасалып, күмәнді шығындар мен шегетін шегетін зиандарды жабуға пайдаланылады, немесе ұйым облигацияларын өтеуге және акционерлік қоғамның өз акцияларын сатып алуға, дивиденттер жұмсалады. Меншікті қаржы көзі есебінде, негізгі құралдарды және ұйымның басқа да активтерін, бекітілген тәртіп бойынша қайта бағалаудың есебінен құралады.
Эмиссиялық табыс - орналастырылған немесе сатылған акциялардың номиналдық бағасынан тыс алынған сомалар.
Бөлінбеген пайда - өткен жылдардан алынған пайда, меншік иелері ұйымды дамыту үшін қалдырады, дивиденттер мен ұйымның қаржылық инвестиция және қаржылық қорының көзі болып табылады.
Меншікті капитал сонымен қатар, төленбеген капиталдың сомасы, өзге де резервтер және меншік иелерінен жинақталған қаражат көзделінен құрылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде қолданылатын әр түрлі тәсілдер мен амалдардың жиынтығы бухгалтерлік есеп әдісі деп аталады. Бұл әдіс біонеше элементтерден құралады, оның ішінде ең негізгілері құжаттандыру, инвентаризация, счеттар, екі жақты жазу принципі, баланс, есеп беру, бағалау және калькуляция жасау.
Құжаттандыру - атқарыдған операцияларды жазбаша түрде куәландыру. Бастапқы құжаттар ұйымның орындаған шаруашылық қызметін толық жіне үздіксіз түрде көрсетіп отырады.
Есепті құжаттарға қойылатын басты талаптар - ақпараттарды дер кезінде жасау, толық және дәлме - дәл көрсете отырып, ұйымның қаржылық - шаруашылық қызметіне алдын ала, ағымдағы бақылау жасауды қамтамасыз ету.
Құжаттарды рәсімдеу барысында жіберілген қателерді түзету тәртібі. Әсіресе бастапқы құжаттар мен есеп регистірлерінде жіберілген қателерді түзетуге баса назар аудару қажет. Мысалы, бастапқы құжаттар мен есеп регистірлерінің мәтіні мен сандық көрсеткіштерін өшіруге және ескертілмеген түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Түгендеу. Ұйымның ішкі бақылау тәсілі ретінде, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қорғау принциптеріне негізделген, оның ішінде екі жақты жазу, баланстық топтастыру, бақылау, аналитикалық талдау және басқа функциялар кіреді. Сонымен қатар, инвентарларды, негізгі құралдарды, ақшалай қаржыны, өндірістік қорларды, ақшалай қаржыны, өндірістік құнжылықтар түріндегі материалды активтерді іс жүзінде тексеру немесе түгендеу принциптері кеңінен қолданылады.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 22 маусым 2007жылғы №221 Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін бекіту туралы бұйрығына сәйкес, бухгалтерлік есеп деректерінің дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында, мүліктер мен ақшалай қаржылардыжылына кем дегенде бір рет түгендеп отыру қарастырылған. Іс жүзінде кей кәсіпкерлер, мекеме басшылары және ұйымның меншік иелері бұл қағиданы естерінен шығарып, түгендеу жұмыстарын тек қана қажетті шара деп санайды. Ал шындап келгенде түгендеу тек қана ішкі шаруашылықтық бақылаудың құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен бірге өндірістік резервтерді табуға, ұйым мүлкінің талан - таражға түсуінің алдын алып, қажетсіз шығындарға жол бермеудің амалдарын қолдануға мүмкіндік береді.
Түгендеу жолдары төмендегі жағдайларға байланысты, міндетті түрде жүргізіледі:
Материалды жауапты тұлғалардың ауысуы кезкезінде;
Құндылықтардың бүлініп және ұрлану фактілері орын алған кезде;
Төтенше жағдайларға байланысты (өрт, апат, табиғи апаттар);
Мекеме таратылып немесе қайта құрылғанда.

Счеттар мен екіжақты жазу. Бухгалтерлік счеттар дебет және кредит деп аталатын екі бөліктен тұрады. Актив счеттарындағы операция дебет бойынша көрсетілсе, онда ол оның көбейгенін, ал кредит бойынша көрсетілсе кемігенін білдіреді. Ал пассив счетында ол керісінше болады. Счеттың дебеті көрсеткіштің азайғанын, ал кредиті көбейгенін көрсетеді. Мысалы: әлі жіберілмеген тауарлар үшін, алдын ала ақшасы келіп түсті делік. Ондай жағдайда ақшалай қаржыла счетының дебеті ұлғаяды, яғни, басқа мекеменің ұйымынан алшақ қарызы көбейеді. Сонымен қатар ол ақшалай қаржы көздерін көбейтеді. Тауар жіберілгеннен кейін, оның ақшалай көлемі азаяды, ол актив счетының кредитінде көрсетіледі, сонымен қатар, ұйым міндеттері счетының дебеті осы сомаға ұлғаяды және ол алашақ қарыздардың немесе міндеттердің өтілгенін көрсетеді.
Счеттың дебеті мен кредитінің тең болуы, ол счетта қалдықтың жоқтығын білдіреді. Егер счеттың бір жағы екіншісінен көп болса, онда сол счет бойынша қалдық (сальдо) пайда болады. Мысалы, қаржы есебі счетының дебеті бойынша 200 000 теңге болды делік, одан кейін ол 50 000 теңгеге азайды, яғни ақшалай есеп бойынша счеттың қалдығы 150 000 теңгені құрайды. Актив счеттарының қалдығы тек қана дебет түрінде болады, сол сияқты пассив счеттарындағы міндеттер мен меншікті капитал тек қана кредит түрінде болады. Олай болса, актив счетында, мысалы қалдықтар бойынша счетта кредиттік қалдық көрсетілсе, ол бухгалтердің қателігі немесе құндылықтар есебінің дұрыс жүргізілмегендігін көрсетеді. Артық заттар пайда болды деп топшылауға да болады. Соған орай, құндылықтардың қозғалысы мұқият зерделеніп, есептің дұрыстығын тексеру қажет.
Бухгалтерлік есептің счеттары арасындағы байланыс, операциялар әр түрлі счеттарда көрсетілген кезде, оны корреспанденциялау деп атайды, ал ол счеттарда сомалық көрсеткіштер жазылған кезде, оны бухгалтерлік проводка деп атайды.
Баланстың активі мен пассиві бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар экономикалық тұрғыдан біртектес қаржылардан құралады. Баланстың жалпы жиынтығы валюталық баланс деп аталады және актив сомаларының жиынтығы міндетті түрде пассив сомаларына тең болады.

3.1 Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылыкез келген операцияны жүргізуге боладыжәне міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен, дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1010 - 1060 счеттарының тобы пайдаланылады.
Ақша қаражатының есебін жүргізетін счеттар, актив есебін жүргізетін счеттарға жатады, сондықтан счеттың дебетіндегі сальдо, счеттың қалалдығындағы сомаға тең болады. Дебет бойынша өсуі немесе соманың айналымы, ұйымға қаржының түскенін, немесе ақшаның көбейгенін көреседі. Соған сәйкес, кредит бойынша айналуы, ақшаның азайғанын көрсетеді. Ақша қаражаты сатылған өнімнің құнынан, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметке төленген ақының есебінен көбейеді. Кемуі - ақша қаражатының құндылықтарды, шикізатты, негізгі қорларды сатып алып, басқа да операциялыө немесе инвестициялық мақсаттарға жұмсалғанын көрсетеді.
Есептесу счетындағы келіп түскен және шығарылған сомалардың айналымы, немесе жиынтығы, есеп регистрлеріндегі, болмаса журнал - ордеріндегі сомалармен сәйкес келуге тиіс. Оған қоса, есептесу регистіріндегі ай соңындағы қалдық, банкілік құжаттағы ай соңында көрсетілген сомамен кең болуы тиіс. Банкілік құжаттығы қалдық сомасы оның төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі, әрбір банкілік операция құжат түрінде расталып отырады, құжат болмаған жағдайда, оны ұйым шығындарының ішінен алып тастап, оған қосымша салық салынуы мүмкін.
Заң бойынша, басқа да қолма - қол ақшасыз есептесудің түрлері бар. Оларға чектер, вексельдер немесе оларды шетелдік индоссаментке төлем карточкаларымен, инкассалық жарлықпен беру түрлері жатады. Ақшалай төлем жасап және оны аударудың ережелері мен қолдану тәртіптерінің ерекшеліктері, ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік актілері бойынша бекітіледі.
Ерекше жағдайларда банк ұйымның есептесу счетынан басқа ұйымдардың құжаттары бойынша, қаражатты мәжбүрлеп аудара алады. Мысалы, салық органдарының жарлығына сәйкес, ұйвмның дер кезінде төленбеген салықтары мен төлемдерін аударады. Банк, одан басқа да келісім шартқа сәйкес, ұйымның бұйрығынсыз, оның есеп счетынан ақша аудара алады. Мысалы, ссуданы пайдаланғаны үшін төленетін үстеме пайыз, уақытында қайтарылмаған ссуданың сомасы, банк қызметі үшін төленетін ақы және тағы басқалары.
Төлем құжаттырының түрлері:
төлем тапсырысы;
чек;
вексель;
талап тапсырмасының төлемі;
инкассалық жарлық, салық қызметі мен кеден органдарының инкассалық жарлығы;
ұлттық банктің құқықтық актілерімен бекітілген басқа да төлем құжаттары.
Есептесу счетына өолма - қол ақша салынған кезде, қолма - қол ақша салу хабарламасы жазылады. Банк ақша саушыға ақшаны алғанын растайтын түбіртер береді.
Чек ұйымның банкке онда көрсетілген соманы қолма - қол ақша түрінде есептесу счетынан алып беру туралы бұйрығы болып саналады.
ҚР Төлемдер мен ақша аудару туралы заңында, Қазақстан Республикасының аймағында, қолма - қол ақшасыз есептесудің тәртібі мен формасы, төлемқұжаттарын пайдаланудың Ережелері бекітілген. Қолма - қол ақшасыз есеп айырысқан кезде, төлем тапсырыстары, аккредитивтер, чектер, инкассалық тапсырмалар сияқты құжаттар пайдаланылады.
Төлем тапсырысы - банктегі счет иесінің тиісті соманы өз счетынан, алушының счетына аудару жөніндегі жарлығы болып табылады. Төлем тапсырысының түрі барлық аударымдар үшін бірдей болады.

Төмендегі шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп бойынша көрсету үшін шоттар корреспонденциясын құрдым.

Рет №№
Шаруашылық операциялардың мазмұны
Сомма (теңге)
дебет
кредит
1
Өзге ұйымдарға берілген зайымдардың қайтарылуы есебінен кассаға ақша түсті
250 00
1010
1110
2
Кассадағы валюталық қаржы қалдығын қайта бағалау кезінде бағамдық айырманың есебінен алнған пайда анықталды
4500
1010
6250
3
Кассадан қызметкерге жалақы есебінен аванс берілді
50 000
3350
1010
4
Сатып алушыдан сатылған өнім үшін ағымдағы банктік шотқа ақша қаражаты келіп түсті
1 240 000
1210
1030
5
Сатудан (тауарларды, өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді және т.б.) түскен түсімнің есебінен банктегі шотты толықтыруға кассадан ақша келіп түсті
1 000 000
1 000 000
1020
1030
1010
1020
6
Кассадағы валюталық қаржы қалдығын қайта бағалау кезінде бағамдық айырманың есебінен алынған залал анықталды
2 700
7430
1010
7
Операциялық жалдау бойынша банктегі ағымдағы шоттан жалдау ақысы төленді
450 000
7450
1030
8
Кассадан қызметкерлерге подотчетқа ақша берілді
160 000
1250
1010
9
Подотчеттық соманың пайдаланылмаған қалдығы кассаға қайтарылды
2 750
1010
1250
10
Кассаға құрылтайшылан жарғылық капиталдың салымы есебінен ұлттық валюта түрінде ақша келіп түсті
500 000
1010
1280
11
Кассадан қызметкерлерге қысқа мерзімді зайым пайызсыз берілді
1 500 000
1250
1010

(кестедегі мәліметтер өндірістік тәжірибе өтілген АҚ - нан алынған)

Қазақстан Республикасының орналасқан ұйымдар валюталық қаржыларын, валюталық счеттарда сақтайды. Осыған байланысты, шетелдік валютамен операциялар үшін, валюталық счеттар ашу керек. Ұйымдар ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясы бар кез келген банкке, сонымен қатар шетелдерде валюталық счет аша алады. Шет елдердегі банктерде ашылған счеттар бойынша операция жасау үшін, ҚР Үкіметінің және Ұлттық банкісінің нормативтік - құқықтық актілерімен анықталған талаптарды сақтауға міндетті.
Валюталық операцияларды атқаратын ұйымдардың іс - әрекеттері, ҚР Валюталық реттеу туралы Заңымен, ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкісінің Қаулыларымен реттеледі.
Ұйымдардың шетелдік валютамен жасаған операцияларын жүргізу тәсілі, ҚЕҰС 2 Шетелдік валютамен операция жасау 30 бөлімінде және ХҚЕС (IAS) 21 Валюталық курс өзгерісінің әсері деп аталатын бөлімдерде қаралады.
Валюталық операацияларды атқару кезінде, аталған стандарттарды және төмеде көрсетілген түсініктерді пайдаланады:
Қолданыстағы валюта - қаржылық есеп берілетін валюта;
Шетелдік валюта - кәсіпорын есеп беретін функционалдық валютадан басқа валюта;
Валюталық курс - қаржы нарығында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталған, бір валютаны екіншісіне аудару үшін қолданылатын оларның ара қатынасы;
Курс айырмасы - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп барысында, шетелдік валютаның курсы өзгерген кезде пайда болатын айырмашылық;
Соңғы курс немесе жабылу кезіндегі курс - белгілі есепті кезеңдегі қолданыстағы валютаның, шетелдік валютаға шаққандағы курсы.
Мысалы, келіп түскен тауар үшін, валюталық счеттан алдын ала 5 000 АҚШ доллары төленген. Ақшаның банкілік счетка келіп түскен күнгі доллар бағамы 147,77 теңге.
Дт - 1610,2910 738 850 теңге (5 000*147,77).
Кт - 1030
Мекеменің банкідегі валюталық счетына қаржының келіп түскен немесе счеттан аударылған күні, валюталық счет бойынша банкілік операцияның атқарылған мерзімі болып есептеледі.
Шетелдік бөлімшелердегі инвестицияларды қайта бағалау кезіндегі курстық айырмашылық, инвестицияларды еншілес, бағынышты немесе біріккен түрде бақыланатын мекемелерге салудың нәтижесінде пайда болады. Валюталық операцияларды жүргізу кезімен есептесу кезінде пайда болып, тиісінше табысқа немесе шығанға қосылатын курстық айырмадан, шетелдік бөлімшелерге салынатын инвестициялардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, мекеме өзінің шет елдегі бөлімшесіне шетелдік валютамен ұзақ мерзімдік несие бере алады, сол уақытта пайда болған курстық айырмашылық, мекеменің қаржылық инвестициясы болып табылады және оның капиталын ұлғайту үшін қолданылады.
Шетелдік қызметтің мысалы:
Galanz Bottlers мекемесі Омега кәсіпорнын құрды. 1 қаңтардағы еншілес мекеменің таза активтерінің бағасы 5 000 000 АҚШ долларын құрады. Еншілес кәсіпорынның акционерлік капиталы 3 000 000 АҚШ доллары, бөлінге ішкі топтық несие 1 000 000 АҚШ доллары.тнесие еншілес мекемеге бөлінген таза инвестицияның бір бөлігі болып саналады. Оған қатысты курстық айырмашылық, капиталдың өзгерісі ретінде қарастырылады. Еншілес кәсіпорынды құрған кездегі валюта бағамы 145 теңге, есеп беру кезінде 147,77 теңге. Зайым сомасы төмендегідей өзгеріске ұшырады.
(147,77теңге - 145теңге)*1 000 000=2 770 000 теңге
Бағам өзгерісінен пайда болған курс айырмашылығы 2 770 000 теңге, Galanz Bottlers мекемесінің капиталына қасылады.

9.2 Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар
Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. дқшалардың қозғалысын бақылаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Зерттеу пәні - кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Еңбекақының төлемін тексеру аудиты
Дебиторлық берешектің есебі мен аудиті
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
Пәндер