Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары



Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.
Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.
Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды.
Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы айтқанда, оның өлеңдері мен поэмаларын, ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне талдау жасалады.
Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасау мектеп мұғалімдеріне зор міндет жүктейді. Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармалары бүгінгі күні жоғары және орта оқу орындарында оқытыла бастады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары
(1858-1931 ж.ж)

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай
мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол
мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл
тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.
Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және
әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік
идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді
ілгері жалғастырушылардың бірі болды.
Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып,
оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық
ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп
зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану,
мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі
туындайды.
Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы айтқанда, оның
өлеңдері мен поэмаларын, ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-тәрбие
мәселелеріне талдау жасалады.
Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем
шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып,
егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі
Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын
ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасау
мектеп мұғалімдеріне зор міндет жүктейді. Жас ұрпақты адамгершілік биік
мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін
Шәкәрім шығармалары бүгінгі күні жоғары және орта оқу орындарында оқытыла
бастады.
Шәкәрімнің Кісіге адамшылық неге керек? өлеңінде адамдық пен
айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық қасиеттің орны белгіленеді.
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық өзге айуаннан артық демек.

Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әлі келгенді жұлып жеген жемек, - деп оқырманға ой тастайды,
пікір сұрайды.
Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп,
Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,
Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек, - деп өзі өлеңінде адамды адам
ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін амалды, түрлі жолдарды
іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне, ар тазалығы мен жан тазалығына
ақылдың ұнемі көшбастаушысы болып отыруын қалайды.
Білімділер сөз жазып зарлағанда,
Ой кзіп, жердің жүщін шарлағанда,
Алдаусыз адам өмірін түзетерлік,
Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, - деп толғанып, өз заманының,
қоғамын сынап, адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарға жиіркене қарайды,
басқаларды да жиіркендіреді.
Ұлы ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят
өзін-өзі бағалау, қамқорлық, қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты
адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.
Шәкәрім Құдайбердиевтің азаматтық рухты жоғары көтеретін, эстетикалық
сезімге баулитын өлеңдерінің бірі – Насихат. Бұл өлеңнің идеясы тұнып
тұрған өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер, ғылымға жету жолардарын
көрсетіп, оқуға шақырды.
Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ,
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, - деген жолдарында ғылым мен
білім, адамдық пен азаматтыққа жеткізетін бірден-бір құрал екенін айтып,
шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге,
өнерге, еңбекке, биік гуманизм, адамгершілік идеясына көзқарасы үнемі
Абаймен үндес келіп отырады.
Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жәй,
Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер,- деп ғылым мен білімнің
көпке ортақ байлық екенін түсіндірді.
Піскен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім шығармаларын оқу – тәрбие жұмысында пайдалану
Ана тілін оқыту әдіістемесі
Мұхтар Әуезов пен Джек Лондонның шығармашылық лабораториясын зерттеу
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ(1858-1931) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРЫ
Қазақ педагогтары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны (1858- 1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Ш. ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН ДАСТАНЫ – НӘЗИРА ҮЛГІСІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ТӨЛ ШЫҒАРМАСЫ
ХХ ғасыр басындағы аударма
Пәндер