Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктік капиталының есебі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Субъектінің шаруашылық қызметімен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ІІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктік
капиталының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі ... ... ... ... .10
2.3 Тауарлы.материалдық қорлардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4 Ақша қаражаттарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.5 Дебиторлық борыштардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.6 Міндеттемелердің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.7 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.8 Шығыс пен табыстың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ІII. АУДИТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

капиталының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2.3 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.4 Ақша қаражаттарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.5 Дебиторлық борыштардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.6 Міндеттемелердің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.7 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.8 Шығыс пен табыстың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ІII. АУДИТ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Мен, Купейшина Аягоз, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Экономика факультетінің 050508-Есеп және аудит мамандығының IV-курс студенті 2011 жылдың 10 қаңтары мен 23 сәуір аралығында Bonatti S.R.A. ЖШС-нің өндірістік дипломалды тәжірибеден өттім.
Өндірістік тәжірибе бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жоғары дәрежелі мамандарды дайындаудың шешуші сатысы болып табылады.
Өндірістік тәжірибе міндеттері:
Ұйымның жұмыс тәжірибесін зерттеу негізінде теориялық білімдерді жалпылау, жүйелендіру, нақтылау және бекіту;
Алға қойған міндеттерді шешудегі өзіндік жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында әртүрлі ұйымның экономикалық қызметтерінің ұйымдастырушылық және құқықтық жұмысының тәжірибесін қабылдау;
Есеп және аудит мамандығы жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешу үшін құқықтың міндеттерін дамыту;
Таңдаған мамандықтың озық тәжірибесін зерттеу;
Университет қабырғасында алған теориялық білімдерінің негізінде басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру әдістерін меңгеру;
Тәжірибе есебімде Bonatti S.R.A. ЖШС-нің жарғысымен таныса отырып, кәсіпорынның құрылуының ұйымдық-құқықтық негіздеріне тоқталдым.
Сонымен қатар өндірістік дипломалды қызметтің негізгі бөлімі жағдайымен, бухгалтерлік есеп жүйесімен, 1С программасымен және де осы қызмет көрсету нысаны жөнінде көптеген мағлұматтар алдым.
Яғни, іс жүзінде оқып білгенімді тәжірибе жүзінде анықтап, жетілдіруге тырыстым.
І ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Субъектінің шаруашылық қызметімен танысу
Экономиканың қайсысы болмасын өнідірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды. Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұміс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың байлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болатыны анық. Оның негізгі белгілері:
* Ұйымдық бірлік: кәсіпорын-бұл белгілі түрде ішкі құрылым және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
* Белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
* Мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі-бір мақсатқа жеке пайдаланады;
* Мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
* Кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілік формасына негізделеді;
* Шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
* Оперативті-шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілерлерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылатынына көз жеткіздім.
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады.Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады.
Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз - өндірістік - техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады. Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономиканың дербес шаруашылық субъектісі.
Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады.Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет.Осы ретте ескеретін жағдай межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу қажет.
1.2 Субъектінің қаржы - шаруашылық қызметін зерттеу
Талдаудаудың рөлі келесі жағдайларда қарастырылады:
1) кәсіпорын дамуының негізгі заңдылықтарын бекіту, ішкі және сыртқы факторларды анықтау, ауытқулардың кездейсоқ және тұрақты сипатын анықтау;
2) ресурстарды пайдаланудың дұрыс мүмкіндігін анықтай отырып, өнімді өткізудің жаңа жолдарын, тиімділігін арттырудың резервтерін анықтау;
3) басқарудың жеке объектілері арасында өзара байланысты дамыту.
Қаржылық талдау - қаржылық ресурстарын, қаржылық операцияларын, қаржылық нәтижелерін зерттеумен айналысады.
Қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесіне есеп беру:
А) Төтенше жағдайларда шығын және зиян ретінде келесілер қарастырылады:
* Қайтарылған нәрсенің құнын шегергендегі, табиғи апаттардан туындаған, орны толмаған зияндар;
* Негізгі құралдар мен уақытша тоқтаған өндірісті қамтуға кеткен шығындар;
* Егер де күмәнді қарыздар бойынша резервтер құрылып, пайдалану уақыты өтіп кеткен дебиторлық борыштарды есептен шығаруға байланысты зияндар;
* Себепті құжаттар болған жағдайлардағы, қарыздарды есептен шығарғаннан шеккен зияндар;
* Ұрланған және жеткіліксіздікке байланысты қарыздардан шеккен зияндар.
Б) Мәнді қате болып, өткен жылдағы негізгі қызметтен түскен табыстың 5 % көлеміндегі сома табылады. Ол таза табысты немесе есепті кезеңдегі зияндарды анықтау тәсілімен түзетіледі.
ІІ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктік капиталының есебі
Жалпы кәсіпорынның меншікті қаражат көздері болып табылатындар:
1) жарғылық қор - кәсіпорындарды құрған кезде оның қызметін қамтамасыз ету үшін құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде құрылтайшылар (меншік иелері) мүлік түрінде (негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің құны, ақша - қаражаттары) енгізген салымдарының ақшалай түрдегі жиынтығы;
2) пайда - өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді, материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды және тағы басқа сатудан кәсіпорын алған табыстың шығыстардан асу сомасы;
3) резервтік қор - мақсаттық бағыты бойынша жұмсалмаған резервтердің сомалары және басқалар.
Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады:
1) жарғылық капиталдың көлемі құқықтық - нормативтік акті талаптарына сай болуы;
2) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
3) бухгалтерлік сепете жарғы капиталдың шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, олардың ішінде төмендегі өткізбелер қолданылады:
- Д-т 5110 Төленбеген капитал шотына және К-т 5030 Салымдар мен пайдалар шотына, 2410 Негізгі құралдар, 1330 Тауарлар, 1010 Кассадағы қолда бар ақшалар бөлімшелердің шоттарына жазу түседі.
Bonatti S.R.A. ЖШС нің меншікті капиталы - 90000 теңге болып табылады.
2.2 Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі
Жүйеде негізгі құрал - жабдықтар және материалдық емес активтердің бухгалтерлік және салықтық есебін бір уақытта жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Осы мақсатта негізгі құрал - жабдықтар және материалдық емес активтер, бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша жекелей кез - келген жұмсалым дәрежесіндегі топтарға бөлінеді. Ең жоғарға деңгейдегі негізгі құрал - жабдықтар және ммтериалдық емес активтер топтары үшін кіріске алу шоты, тозуды есептеу шоты және қайта бағалау шоты, өтелімді есептеу әдісі және қажет болған жағдайда төленімнің айлық мөлшерін ақшалай есептеу беріледі. Ең төменгі топқа негізгі құрал - жабдықтар немесе материалдық емес активтерді түгендеу карточкалары байланыстырады.
Негізгі құрал - жабдықтар және материалдық емес активтердің түгендеу карточкаларында келесі белгілер көрсетіледі:
1. Өндіріске қатысты - өндірістік және өндірістік емес ғимараттар, технологиялық жабдықтар;
2. Меншікке қатысты - ұзақ мерзімдік жалға алынған, ұзақ мерзімдік жалға берілген, жалға берілген және жалға алынған меншіктер;
3. Жағдайына қатысты - қолданымдағы, қолданымдағы емес, жөндеуге берілген.
Түгендеу карточкаларын сақтауға арналған барлық аталған белгілер бойынша, топтар бойынша, сонымен құатар бөлімшелер мен материалдық жауапты тұлғалар бойынша деректер іріктемесін жасауға мүмкіндік беретін арнайы картотекалар пайдаланылады. өтелім (амортизация) негізгі құрал мен материалдық емес активтердің барлық топтары үшін автоматты түрде есептелінеді.қайта бағалау негізгі құрал - жабдықтар мен материалдық емес активтердің таңдалған тобы бойынша автоматты түрде есептелінеді.сонымен қатар, негізгі құрал - жабдықтар мен материалдық емес активтердің келесі қозғалысы жүзеге асырылған: кіріске алу, бірдей негізгі құрал - жабдықтар бойынша тізбекке алу, жаңарту, жөңдеуге беру, жөндеуден қайтару, ұзақ мерзімдік жалға беру, ұзақ мерзімдік жалға беруден қайтару, толығымен тозған объектіні есептен шығару, тозуды есептеуді бір негізгі құрал - жабдыққа немесе материалдық емес активке жатқызу және қайта бағалау, есептен шығару, негізгі құрал - жабдықты немесе материалдық емес активтерді шоттан шотқа немесе бір бөлімшеден басқасына аудару, салықтық есеп бойынша мерзімінен бұрын есептен шығару, салықтық топтың баланстық бағасының өзгеруі, барлық салықтық топтар бойынша жылды жабу.
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі бойынша есеп берудің келесі нысандары бар: қолдану орны бойынша негізгі құрал - жабдықтар немесе материалдық емес активтердің түгендеме тізімі; негізгі құрал - жабдықтар немесе материалдық емес активтер топтары бойынша деректер; негізгі құрал - жабдықтар немесе материалдық емес активтерді кіріске алу шоттары бойынша деректер; негізгі құрал - жабдықтар немесе материалдық емес активтердің тозуын есептеу шоттары бойынша деректер.
Негізгі құралдардың есебі жаңа типтік шоттар жоспары бойынша активтік 2410 - шотта жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен (негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудан кейін) ескеріледі.
Негізгі құралдардың есептелген тозу сомаларын есепке алуға жаңа типтік шоттар жоспары бойынша пассивтік 2420 - шот арналған.
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі жаңа типтік шоттар жоспары бойынша 2700 активтік шотта жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс - жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен (есептен) шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.
Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау - тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі. Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығы мен материалдық емес активтердің (МЕА) құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:
А) жарғы капиталына санаткерлік (интеллектуалдық) меншік салынған жағдайда тараптардың (құрылтайшы) келісімдері бойынша;
Ә) бұл объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;
Б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.
Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:
1) негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;
2) негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
3) мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
4) негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлдігі;
5) негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі.
2.3 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Материалдық құндылықтарды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болу керек.
Материалдар номенклатурасы - бұл атауы мен тиісті деректемелер көрсетілген материалдың әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса номенклатурада материалдардың ағымдағы есепте ескерілетін бағасы қойылады.
Тауарлы - материалдық құндылықтар есебі топтамасында тауарлы - материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебімен қатар қойма және материалдық жауапты тұлға бойынша сандық есепте жүргізіледі. Кәсіпорындағы барлық тауарлы - материалдық құндылықтардың атаулары мен өлшем бірліктері сақталатын тауарлар мен материалдар үшін арнайы анықтамалықтар жасалған. Бұл анықтамаларда тауарлар мен материалдар қолайлы болуы үшін топтарға кез - келген дәрежедегі жұмсалыммен бөлінуі мүмкін. Анықтамалық тауарлы - материалдық құндылықтардың жаңа түрі түскеннен кейін толықтырылады. Тауарлы - материалдық құндылықтар есебі келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:
* Кіріс ордері;
* Тауарлы - көліктік жүкқұжат;
* Кірістік жөнелтпе құжат;
* Ішкі ауыстыруға жөнелтпе құжат;
* Тауарлы - материалды босатуға жөнелтпе құжат;
* Сенімхат;
* Материалдық құндылықтардың бүлінуі туралы акт;
* Материалдық құндылықтардың жеткіліксіздігі туралы акт;
* Материалдық құндылықтардың ысырабы туралы акт;
* Тауарлы - материалдық құндылықтарды қабылдау туралы акт.
Кәсіпорында түгендеу жүргізуді автоматтандыру үшін келесі тізімдер әзірленген: тауарлы - материалдық құндылықтардың түгендеу тізімдемесі, түгендеу нәтижелерінің біріктіру тізімдемесі.
Тауарлы - материалдық құндылықтар есебінің екі түрі қарастырылған: толық өзіндік құн бойынша (бір шотта немесе қосалқы шотта, көлік дайындау шығындарын қоса есептегенде, тауардың толық өзіндік құны сақталған жағдайда); көлік дайындау шығындарын бөлумен (тауарлар тобының көлік дайындау) шығындары үшін жеке немесе қосалқы шот бөлінген жағдайда.
Тауарлы - материалдық құндылықтардың есептік бағасы бойынша есеп айырысудың екі әдісі қарастырылған: нақты (тұтастай сәйкестендіру) және орташа.
Кәсіпорынның есеп саясатына байланысты тауарлы - материалдық құндылықтар есебінің сәйкес нұсқасына және есептік бағамен есеп айырысу әдісіне дәлдеу жүргізіледі. Тауарлы - материалдық құндылықтардың әрбір атаулары үшін, осы тауарлар мен материалдың барлық топтамасы туралы мәліметтерді кіргізетін қойма есебінің карточкасын қолданады. Тауарлы - материалдық құндылықтардың топтары бойынша қайта бағалану мүмкіндігі қарастырылған.
Тауарлы - материалдық құндылықтардың есебі бойынша келесі есептеме формалары бар: қойма немесе материалдық жауапты тұлға бойынша есеп беру; тауарлы - материалдар қозғалысы бойынша есеп беру; жинақтамалы айналымдық тізімдеме; журнал - ордерлер және сәйкес щоттар жиынтығы бойынша тізімдемелер.
2.4 Ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беру - бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп түсуі мен шығысталуы.
Есептің журнал - ордерлік нысаны бухгалтерлік ақпаратты өндеуді қолмен немесе ішінара автоматтандыру арқылы жүзеге асыратын көптеген кәсіпорындарда қолданылады. Бухгалтерлік есептің журнал - ордерлік нысанының негізінде бухгалтерлік есептің барлық бөлімдері бойынша қор көздері мен шаруашылық операцияларының жинақтамалы және тіркелімдерге бастапқы құжат деректерін жинақтау және жүйелеу принципінде жатыр.
Жинақтаушы тіркелімдерге жазулар кәсіпорынның қаржы шаруашылық және коммерциялық қызметіне басшылық етуге айлық, тоқсандық және жылдық есеп берулерді жасауға қажетті көрсеткіштер бөлімінде жүргізіледі. Ол үшін бухгалтерлік тіркелімдердің екі түрі - журнал - ордерлер мен көмекші ведомостер қолданылады. Журнал - ордер есептің бұл нысанының негізгі тіркелімі болып табылады. Көмекші ведомостер негізінен қажетті талдамалы көрсеткіштерді тікелей журнал - ордерлерден алу қиын болған жағдайларда қолданылады.
Бас кітап бір жылға ашылады және журнал - ордерлердегі деректерді жинақтауға жекелеген шоттар бойынша жүргізілген жазулардың дұрыстығын өзара тексеруге және бухгалтерлік балансты жасауға қызмет етеді. Бас кітапта барлық енгізілген жазулар бойынша толық ақпарат болады. Бас кітаппен жұмыс істегенде келесі мүмкіндіктер жасалады: жаңа құжаттар енгізу және осы құжаттар бойынша шаруашылық операцияларын қалыптастыру, бар құжаттар бойынша жазуларды түзету, шаруашылық операциялар журналын қарап шығу.
Кассалық операциялар есебі келесі қаржылық құжаттар негізінде іске асырылады: кіріс кассалық ордері, шығыс кассалық ордері, аванстық есеп беру.
Кассаны жапқаннан кейін кассалық құжаттардан соманы жоюға немесе соманы өзгертуге мүмкіндігі болмайды. Егер кәсіпорында бірнеше кассир жұмыс істесе, онда өткізілген және қабылданған ақша, есеп кітапшасы бойынша жүргізіледі.
Кассир кез - келген кезең үшін өткізілген және қабылданған ақша туралы ақпаратты қолда бар ақша есебі бойынша арнайы карточкаларды толтыру арқылы жүргізеді. Кассирлердің әр түрлі валюталармен жұмыс істеу мүмкіндігі ескерілген.
Кассалық операциялар есебі бойынша есеп берудің мынадай формалары бар: айналымдық жинақтама тізімдемесі, сәйкес шоттар жиынтығы бойынша журнал - ордерлер мен тізімдемелер; кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналдары; аванстық тізімдеме.
Банк шоттарына қызмет көрсету топтамасы келесі қаржылық құжаттар: банктен көшірме, төлем тапсырмасы, төлем талап - тапсырмасы, аккредитив ашу жөніндегі өтініш, инкассалық тапсырма, аударымға өтініш, чек, және тағы басқалары жасалынады. Бұл құжаттарды қалыптастырған кезде міндеттемелер тіркелімінен қажетті ақпарат алынады және құжаттарды жабуға керектілері таңдалуы мүмкін.
Міндеттемелер тіркелімінде сәйкес қаржылық құжаттар арқылы кәсіорынның несиегерлер алдындағы міндеттемелері бейнеленеді. Жоғарыда атап өтілген құжаттар бойынша банктен сәйкес көшірмелер алынған соң бухгалтерлік жазулар және шаруашылық операциялары құрылуы мүмкін. Банк операциялары есебі бойынша есеп берудің келесі нысандары бар: айналымдық жинақтамалық тізімдеме; сәйкес шоттар жиынтығ бойынша журнал - ордерлер және тізімдемелер; есеп айырысу шоты бойынша талдамалық тізімдемелер.
Bonatti S.R.A. ЖШС-нің ақша қаражаттар есебін талдау барысында біз 2009 және 2010 жылдар арасындағы ақша қаражаттар қозғалысын қарастырдық. Сонымен 2009 жылы 995037 теңге, ал 2010 жылы 266481 теңге болды. Яғни ауытқу сомасы 460106 тенге және 26,7 % құрайды.
2.5 Дебиторлық борыштардың есебі
Дебиторлар мен несиегерлер есебі топтамасында контрагенттердің барлық қажетті деректемелері жазылатын дебиторлар мен несиегерлердің барлық картотекасы жүргізіледі.әрбір контрагент үшін оның ақша қаражатының қозғалысы туралы немесе нақты келісім бойынша келген кезең үшін мәліметтер алу мүмкіндігі қарастырылған. Кез - келген сәтте кәсіпорын кімге қанша және кім оған қанша қарыз екендігін анықтау мүмкіндігі бар.
Дебиторлар мен несиегерлер есебі бойынша есеп берудің келесі нысандары бар: айналымдық жинақтамалық тізімдеме, сәйкес шоттар жиынтығы бойынша журнал - ордерлер және тізімдемелер.
Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық аудиті уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет.
Дебиторлық және кредиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс пайдаланулар жасалады. Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін жедел өндіріп алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма - қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асыруын талап етеді.
Дебиторлық берешектің функционалды аудитінің негізгі процедураларына:
1) келісім - шарттың міндеттемелерін орындау мен дебиторлық берешектің шынайылығын тексеру;
2) дебиторлық берешек есебі, жабдықтауды және оларға төлеуді бақылау функцияларын орындауды талдау;
3) мәліметтерді жинау мен дебиторлық берешек түрлері, көлем және мерзімдер бойынша жіктеу;
4) дебиторлық берешектің жағдайын дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу, өткізу жолымен тексеру;
5) дебиторлық берешектің жаратылысы мен көлемін талдау және төлемеу себептерін анықтау;
6) күмәнді талаптар бойынша резервті жасаудың негізділігі мен оларды пайдаланудың дұрыстығын тексеру;
7) дебиторлық берешекті уақтылы өтеудің заңдылығы мен шынайылығын талдау;
8) сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, есеп айырысуды атқарудың, вексельмен төлегендегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру;
9) дебиторларға тілек - талапты рәсімдеу мен ұсынудың уақтылығы мен дұрыстығын тексеру.
2.6 Міндеттемелердің есебі
Міндеттеме - бұл белгілі бір тұлғаның, басқа бір тұлғаға міндеті, ғни мүлкін беру, қызмет көрсету, ақша төлеу және тағы басқалары, ал егер де бұл іс - әрекеттерден бас тартқан жағдайларда кредитор борышкерден оның міндеттерін орындауын талап етуге құқы бар.
Міндеттеме бұрынғы келісімдер мен бұрынғы істердің нәтижесі болып табылады және ұзақ мерзімді, ағымдағы болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге ұзақ мерзімді банк несиелері мен ұзақ мерзімді зайымдар жатады. Олар жаңа техника енгізу шығындары үшін, өндіріс көлемін ұлғайтуға, қымбат құрылғыларды алу үшін 1 жылдан астам уақытқа беріледі. Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді зайымдары және кәсіпорындардың кредиторлық борышы жатады.
Қысқа мерзімді банк несиелері 12 айдан артық емес мерзімге беріледі. Кейбір жағдайларда белгілі бір себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.
Ағымдағы міндеттемелерді тексеру кезінде, аудитор ең бірінші, Бас кітап, баланста көрсетілген жыл басы және жыл аяғы қалдықтарының сәйкестігін тексеру қажет.
Аудитор басты көңілді несиелердің мерзімінде өтелуі мен толықтығына бөлу керек. Ол үшін аудитор банк көшірмесін тексеруі қажет. Егер де мерзімінде өтелмеген несиелер болса, онда оның себептерін анықтайды.
Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған қарыздарды тексеру кезінде, аудитор аяқталмаған қарыз - қаражаттар қалдықтарының жоқтығын тексереді. Ал бұл қарыз берушінің мәліметтерін салыстыру нәтижелерімен бекітілген болуы керек. Аудитор бір уақытта басқа кәсіпорындардан алынған қарыздардың негізділігін және заңдылығын тексеруі қажет, және де мерзімінде өтелу толықтығын тексереді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөледі.
Төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы. Бұл, яғни қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық, себебі ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz