Абай жолы романындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер
М. Әуезовтің Абай жолы романындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер.
Кіріспе
Халқымыздың көне дәуірден бастау алатын бай тарихы, сан түрлі мәдениеті, өзіндік әдет- ғұрпы,салт-дәстүрі бар, пейілі кең байтақ даласындай қонақжайлылығы рухани мәдениетімізде суреттелгенімен қатар басқа елдер мойындағаны белгілі. Ұлтымыздың болмыс бітімі турасында небір ойшыл ғалымдар айтып өткендей, тыныштықта тәубешіл, жаугершілік сәтте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да мейірімді, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, әділдікті жақтай білген халық.
Қазақ халқы салт-дәстүрді берік ұстанған. Оны әрқашанда орындап, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде қалдырып отырған. Қазақ қазақ деген атын осы күнге дейін өзінің қазақи салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, тыныс-тіршілігімен талай елді таң қалдырып келеді. Ата салтың-асыл қазынаң демекші осы тәуелсіз еліміздегі ата-бабаларымыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, әспеттеп, жоғалғанды жаңғыртып, көнергенді жаңартып келер өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыру ата-бабаларымыздың міндеті болса, оны қастерлеу, орындау - біздің борышымыз.Салт-дәстүрлер қандайда бір халықтың мәдени даму дәрежесін, өзіндік ерекшеліктерін көрсететін,оны басқа халықтан айырып танытатын белгі десек те болар. Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа деген мақал осыған дәдлел. Сонымен бірге салт-дәстүрден адамдар өзінің өзгеден айырмашылығын, жеке басын танып білдіреді.
Жазушы Мұхтар Әуезовтің бар ғұмыры ғасырлар қойнауынан жеткен қара сөз бен өлең сөздің құпия қатпарларын зерттеп, ерекше ықыласпен қабылдап, оның өз ұлтының этносына сұлу да сырлы, терең көрінетін жұмбақ қасиетіне нұр қосып, құнарлы тілдің тұқымын егіп, жемісін сан ұрпаққа мәдени мұра етіп қалдырумен өтті. Қаламгердің көркемсөзді сүюін сол сөздерді өз туындыларында дөп басып пайдалану шеберлігінен байқауға болады.Ұлы суреткер алғашқы туындыларының өзімен-ақ бүкіл тіршілігі сөз бағып, сөз өсірумен келе жатқан дала тұрғындарының дара менталитетін, салт-дәстүрін дәл аңдап, айтар ойына алтын айдар тағуды машық қылды (Сыздық Р., 1997, 23 б.). Дәстүр - мәдениеттілік белгісі. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Сонымен қатар бұл уақыт сынына төзген, өркениетке бет бұрған халықтың барынша жүйеленіп қалыптасқан өзіне тән өмір сүру формасы (Ата жолы тарихи танымдық сайты:http:www.atazholy.kz.).
Салт-дәстүр уақыт талабына сай кешегінің негізінде дамып, жаңарып отырады. Әр халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы сол халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі іспеттес болатыны белгілі. Қазақтың тұлғалы ғалымы Қаныш Сәтбаев Абай жолы - қазақ өмірінің жарты ғасырлық энциклопедиясы деп дәл анықтама берген. Әуезов Абай өмірін шығармаға өзек ете отырып, сол тұстағы халықтың өмірін, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын, салт-санасын, әдет-ғұрпын, дәстүрін терең қамтып зор шыншылдықпен көз алдымызға әкелді. Үш жыл оқып елге келе жатқан 12 - 13 жастағы баланың 60 жасқа жуықтағанға дейінгі өмірін оқып отырып, Абаймен бірге ғұмыр кешкендей әсерде боласыз. Мұхтар Әуезовтей қазақ халқының салт-дәстүрін жетік әрі терең білетін автор болмаса керек деп ойлаймын. Адамның туғаннан бастап ана өмірге кеткенге дейінгі өмірінде кездесетін торқалы той мен топырақты өлімде көрінетін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың барлығын кездестіруге болады. Ол жазушының Еңлік-Кебек, Қараш-қараш оқиғасы, Қаралы сұлу, Қыр суреттері сынды шағармаларында біршама көрініс тапса, Абай жолында жан-жақты қамтылады. Абайдың Ділдәмен үйленуі, Әйгеріммен үйленуі, Айдар мен Ажардың тағдыры бейнеленетін сюжеттердің барлығы біздің ұлтқа ғана тән салт-дәстүрлердің әдемі жиынтығы іспеттес. Құда түсу, қыз көру, қыз ұзату, ұрын бару кезінде жасалатын кәделер, құйрық-бауыр жеу, неке қияр барлығы да Абай жолында кең қамтылған әдет-ғұрыптар. Өлім жөнелтуге байланысты қазаны естірту, жоқтау, дауыс салу, қаралы ту тігу, қаралы атты күзеу, көшкенде қаралы аттың ер тоқымына қайтыс болған кісінің киімін жауып қойып оны бос жетекке алу, ас беруде қаралы атпен көрісу, қаралы туды жығу, көші-қонға қатысты салттар ерулік, қарулық, жұрт майлау, қымызмұрындық сынды ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптардың жиынтығы біртұтас суреттелген бір туынды болса, осы Абай жолы деп айтуға болады. Салт-дәстүрден өзге аңшылық, саятшылыққа қатысты қанжыға майлау, олжаны біреудің қанжығасына байлау, олжа салу сынды кәделер Абай жолында қанық бояумен боялғандай көрінеді. Абай жолы роман-эпопеясында Мұхтар Әуезов ұлы ақын Абай Құнанбаевтың жеке өмірін, күресін ғана суреттеп қоймайды, сонымен бірге ақын өмір сүрген сол дәуірдің шындығын мейлінше мол әрі терең бейнелейді. Абай жолы роман-эпопеясында, суретшінің дәуір шындығы, феодалдық-рулық тартыстар, көшпелі қоғамдағы топтың жіктелуі, қарапайым еңбек адамының аянышты, азапты өмірі ғана емес, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының таным-түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары, көшпелі тұрмысы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының өмірі, жан-жақты эпикалық планда, энциклопедиялық тұрғыдан терең суреттеліп жазылған. Сондықтан да халқымыздың біртуар ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев: Егер сен ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің Абай жолын оқы. Ол - шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма, - деп бағалаған. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, өмір сүруін жан-жақты бейнелейтін энциклопедиялық Абай жолы роман-эпопеясында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, халықтың әдет-ғұрпы терең суреттелген тұсын ғана алайық. Біз қазір белгілі бір жағдайда орындалатын халқымыздың салт-дәстүрін біле бермейміз. Романда халқымыздың салт-дәстүрі сол кездегі өмір шындығымен астасып, романның көркемдік қуатын күшейтіп, романдағы кейіпкерлер әлемімен тұтаса келе көз алдымызға көркем шежірелі ғажайып өнер туындысын ұсынады. Жазушының әрбір туындысы үлкен еңбекті, ізденісті қажет етеді. Ал Абай жолы роман-эпопеясын жазуға Мұхтар Әуезов үлкен дайындықпен келіп, оған дейін аса мол ізденіс сатыларын бастан өткерген еді. Осындай жазушының талмай еткен еңбегінің арқасында, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш, шоқтығы биік роман-эпопея дүниеге келді. Абай жолы роман-эпопеясында жазушы М.Әуезов ұлы ақын Абай Құнанбаевтың жеке өмірін суреттей отыра, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамындағы шындық, ондағы талас-тартыс, тап арасындағы қарама-қайшылықтарды, жеке бір адам өміріндегі өзгерістермен байланыстыра отырып өте шебер бейнелейді. М. Әуезовтың халық өмірін терең білуі, оның энциклопедиялық білімі мен жазушылық дарын шеберлігінің ұштасып келуі Абай жолы романының реалистік көркемдік деңгейін ғарышқа көтеріп кеткендей.
Мұхтар Әуезовтің қай шығармасының тілін алсақ та қазақ халқының мәдениетіне тән, этномәдени шеңбері ауқымды, ұлттық нақышқа бай. Сондықтан бүгінгі таңда туған жекелеген байсалды еңбектерге қарамастан, оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің объектісі болып отыр.
Негізгі бөлім
2.1. Абай жолы романындағы үйленуге қатысты салт-дәстүрлер. М.Әуезов қазақ қанымен біте қайнасып кеткен ең ұлы дәстүрлеріміздің бірі той жасау салтын өз шығармаларынан қалыс қалдырмаған-ды. Той дегенде домалайды қу бастар деген сөз нағыз қазақ жұртына айтылғандай. Әрине ,қазақтың тойы ешкашан да бітпесін. Бұл тойда халқымыз бар жиған тергенін өзінің жақындыры, ұл- қыздары, бауырлары, туыстары үшін аямай шашып, есесіне жарты ғұмырларына жетерліктей қуаныш шаттыққа бөленіп, бір марқайып қалары һақ. Ауыз толтыра айта берсек шашымыздың түгі жетпестей болар еді. М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясында Абайдың Ділдәмен отау құруы да бірнеше салт-дәстүр арқылы көрініс табады.
Осыдан он жыл бұрын Алшынбай ауылына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырған уақытта, бас құда Құнанбайға кит деп, Алшынбай ауылы күміс таратқан .(М.Әуезов.Абай жолы.Роман-эпопея.1.2 - кітап.179 б.)
Құдалық (дәстүр) - күйеу жігіттің әкесі баласы мен, өзінің жақындары мен құда түсуге келеді. Құда түсу - аса қызықты өтеді. Құдалардың келуі құда түсер деп айтылады. Алдын ала ескерту бойынша қыз әкесі өз туыстары мен жақындарына, сыйлас адамдарына хабарлайды. Құдаларды аса құрметпен, салтанатпен қарсы алады. Екі жақтың құдалары бірібіріне құрметтеп сыйлықтар тапсырып қуанышқа бөленеді. Құда аттанар, құда тарту, атбайлар, құйрық-бауыр т.б. Жігіт жағынан келген адам - бас құда, күйеудің және қыздың әкесі - бауыздау құда - ең жақын адамдар. Бас құда жаңа жерге келген қыз үшін (келін) әр уақытты қымбат сыйлы адам болады. Жаңа түскен келін оны ағеке деп атайды, өйткені ол әр уақытта келінге назарын аударып жүреді. Келін оны әрқашан құрметтеп жүреді. Құда түсу - өте мағыналы, аса жоғарғы дәрежеде қазақтың ұлттық болмысын көрсетеді (Кенжеахметұлы С., 2007, 31 б.).
Қыз айттыру (дәстүр) - әр түрлі болған. Егер ұл мен қыз әлі жас, мүмкін әлі дүниеге келмеген күнінде адамдар бірін-бірі жақсы білетін, дос, жолдас, дәрежелерінде тең адамдар, бірінікі ұл, не қыз болса құда болуға келіседі. Бұл атастыру деп аталады. Тумаған балаларымен құдаласу - бел құда, бесіктегі балалары барлар құдаласса - бесік құда деп аталады (Кенжеахметұлы С., 2007, 24 б.).
-Әлі тұра тұр ,басыңда үкі жоқ деп қиғылық салады!
Басқа үкі тағу- бар күйеудің әдеті.Ол ғана емес қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп,елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын.
-Ата- баба жолы осы !Барған елің сені кінәламайды. Әкесі - күйеу,шешесі - қалыңдық болмаған ба? деп бізді мінейді.Ки ! - деп,дәл аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу киімнің бәрін кигізеді.(М.Әуезов.Абай жолы.Роман-эпопея.1.2 - кітап.180 б.)
Күйеу киімі - қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрі. Қалыңдығын алуға баратын жас күйеу міндетті түрде күйеу киімін киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз-келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Ұрын бару. Қыз ауылына бару үшін ер жігіт күйеу киімін кию керек екен. Ол қызыл шапан, қызыл шұғамен тысталған үкілі бөрік . Абай осы киімді киюге қарсы болады. Жол-жөнекей бірнеше ауылды басып өтемін. Сонда мен өзім жұртқа күйеу болып барамын деп көрсетемін бе?сол ауылға жақындағанда бірақ киемін деп көнбеді.Әжесі: балам салттан аттап кете алмайсың, ол бізге сын- деп ескертеді.
Осы салтқа байланыстыАбай мен Ербол арасындағы әңгімеге назар аударайық.
Абай: Ербол осы мен салт-дәстүрге таң қаламын. Анам маған Ділда саған ұнайма?-деген сауал қойған жоқ. Ділдаға да ондай сауал қойылмағанын сеземін. Бірақ екі елдің үлкендерінің өз қызықтары өзінде, тарту-таралғыларын бір-біріне сыйлап, құрмет көрсетіп шабылып жатыр.
Ербол: Рас айтасың. Жаңбырша жауған тілектер. Алай да сый-құрметті аямай беріп жатыр. Үлкендердің қуанышы шексіз. Бірақ Ділданы ебін тауып мен көріп қайттым. Ақ сары, орта бойлы сүйкімді қыз. Тал бойында олқылық жоқ.
-Ал, шешелер,көрімдік !
-Көрімдік кәні!
-Болмаса,балаларыңды көрсетпейміз,беті ұялады! - деп алғашқы келген келіншектер күлген бойларында, шымылдықтың шетін ұстады.
-Алыңдар,көрімдік сендердікі! Бірақ бізге баламыздың жүзін көрсетіңдер,алыңдар! - үлкен бәйбіше қолына шашуын алады.
-Өмір - жасың ұзақ болсын! Алдыңнан жарылғасын, қарағым! - деп шашу шашады (М.Әуезов.Абай жолы.Роман-эпопея.1.2 - кітап.182 б.)
Көрімдік - қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі. Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі.
Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпиттен, күміс теңгеден шашылады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді Осы берілген үзінділерден халқымыздың сан алуан салт-дәстүрлерін көреміз.
Шымылдықтың тұтылуы, көрімдік сұрау, шашу шашу - үйленуге байланысты жасалатын ғұрыптар. М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясынан алынған бір ғана үзіндіде қазақ халқының этностық ерекшелігін танытатын ұлттық белгілер тұнып тұр. Жазушы шығармаларында қолданылған шеберлігі, барлығы да ұлттық болмыс пен ұлттық ерекшелікті көрсетуге қызмет еткен.
Мына шешелерің, жеңгелерің сыбаға әкеп, енді тарағалы отыр, қарағым (Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1,2-кітап. 47 б.).
Сыбаға (дәстүр) - құрметті, сыйлы адамға оның сыбағасын (қазанға) салады. Ақсақал мен құдаларға бас, жая, жамбас, белдеме, омыртқа - бәрі де дәмді ет. Құдағи, қыздарға, күйеулерге, балаларға тиісті мүшелері болады. Дәстүр бойынша кез келген жолаушыға, қонаға келген адамға тамақ асып (сыбаға) салған (Кенжеахметұлы С., 2007, 43 б.). Қазақ әдебиетін былай қойып, әлем әдебиеті қазынасына ерекше қымбат көркемдікэстетикалық игілік болып қосылған "Абай жолы" эпопеясы өз заманындағы көшпелі қазақ мәдениетін, тұрмыстық-этнографиялық өмірін қаз қалпында, қаймағын бұзбай көрсете білді.
-Тоқта,жабысып қалыпсын ғой! Бері кел! Шаш сипа! - деді. Жақын отырған қыздар күліп жіберді. Жеңге Абайдың қолын көтеріп апарып, Ділдәнің арқасындағы қос бұрымына тигізеді. Қолының астында жаңағы жібек жүр. Сол жібекпен Абай бір-екі рет сипап өтті.
Қол ұстасу, шаш сипату деген атақты ырымдар осы .(М.Әуезов.Абай жолы.Роман-эпопея.1.2 - кітап.185 б.) Қол ұстатар (салт) - күйеу баланың киіз үйінің сыртында,қызлың үйінің ішінде тұрып, киізз үйдің жабығынан бір-біріне қолдарын ұстау салты
Шаш сипар (салт) - алғаш рет есік көре келген күйеуге қатысты рәсім [3, 170].
Ұйқыашар болсын, деп ойнап ем ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! - деді (Әуезов М.. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 10 б.).
Ұйқыашар (дәстүр) - ұйқыашар дайындап өздеріне құрмет көрсетіп, қызмет етіп жүрген жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш ретінде сый-сияпат ұсынады. Ол жігіттің "жаман" ойын сезген сезімтал қыздар, әрине, "селк" ете қалады. Сондықтан да бұл сый "селт еткізер" деп аталады (Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. 13 б.).
Жаушы (дәстүр) - халық қызды кім айттырмайды десе де, қызын сұраған адамды жаудан бетер жек кереді. Жаушы деген сөз осыдан келіп шықан. 4 - 5 адамды бастап келген жаушы дастархан үстінде әдемі сөз бастап, келге шаруасын айтып, өздері текті, іргелі, белгілі ел (ру) екенін, ондағы жақсы адамдарды айтып өтеді. Туыс-туғанымен, ақсақалдармен
кеңескен әкесі келісім бергенде келген жаушылар баталасып, қарғы бауын өткізіп кідірмей аттанады. Қыз жағы жаушыға шеге шапан атты кәдесі жасайды. (яғни шапан кигізеді) Кейбір жерде, еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында құда болғысы келіп қыз сұрағанда жаушылар негізін шаруасын айтпай-ақ отырған жерінде немесе текемет кілемге біз шашып кетеді. Оны біз шаншар дейді. Бұл құда болайық деген сөз. Уәде бекінгеннен кейін күйеу жағы үкі тағады. Енді бұл қызды жұрт айттырылған, қалындық немесе үкі тағылған қыз дейді.
Келтірілген мысалдардан М. Әуезовтің сол кездегі көне қазақ мәдениетін, салтын, этносын, халық тіл байлығын, әсіресе ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, билер астындағы және дәстүрлі сөз қолданыстарды, әр алуан этнографиялық, бұйымдық-рухани мәдениетке байланысты лексикалық қабаттарды қай-қайсысына да қажетінше қамтығанын көреміз.
Эпопеядағы салттың бірі- әмеңгерлік салты. Жесір дауы- ірі даудың бірі болған. Жесірін жатқа жібермеген. Жесірге қамқоршы оның жақындары. Оспан 40 жасында өмірден өтті. Оның үш әйелі жесір қалады. Інісі - өлсе, ағасы мұра, ағасы өлсе, інісі мұра деген заң осы жерде көрініс береді. Оспанның үлкен әйелі - Еркежан, екіншісі Зейнеп, үшіншісі- Торымбала. Оспанның асы өткеннен кейін, осы әйелдердің алдынан кісі жіберіп сұрайды. Еркежан қарсылық көрсетеді. Кенже өлгенмен менің бауырымда балам бар деп егіледі. Ақылбайдың ұлы мен қызы өсіп келе жатқан. (Перизат, Әубәкір) Сондықтан тұрмысқа шықпаймын дейді. Тәкежан- Зейнепке, Ысқақ Торымбалаға әмеңгер болады.
Абайдан сұраған кезде, мен ешкімге де әмеңгер болмаймын деп бас тартады. Эпопеяда осылай айтылғанымен, бірақ Абай Еркежанға әмеңгер болады.
2.2. Абай жолы романадағы балаларға қатысты орындалатын салт-дәстүрлер.
М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерде кеңінен көрініс табады.
Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен соң, құрбылары жиылып, бастаңғы істеп жатыр (Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 210 б.).
Бастаңғы (салт) - қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды (Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, 21 б.).
Оспан мен Еркежан, Әубәкір мен Пәкизатты жөргегінен алып бауырларына салып өсірген. Ақылбайды Ұлжан өз бауырына салып, өз баласы қылып алды (Әуезов М. Абай жолы. Роман- эпопея. 1, 2-кітап. 216 б.).
Бауырына салу (ғұрып) - баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы яғни бауырына салуы. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы жаңа туған баланы асыраушы анасы шаранасынан етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде ата, әже өзінің бірінші немересін бауырына салып алады. Бірақ ол асырап алғанға жатпайды (Ата жолы тарихи танымдық сайты: http:www.atazholy.kz).
Базарға ертіп бар да, шешелеріне, інілеріне алатын базарлығы болса, өзің таңдап алып бер! - деген (Әуезов М. Абай жолы. Роман- эпопея. 1, 2-кітап. 114 б.).
Базарлық (дәстүр) - алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны "базарлық" деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады (Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, 26 б.).
...Құнанбайдың жаңағы бетіме Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап
-Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенін естіп пе едіңдер? - деп аз күліп алады.
Қаратай күле отырып:
- Сүндетке отырғызғанда ауырсынып жылап жатқан: Құдай-ай, бұл қорлықты көргенше, қыз қып неге жаратпадың!... депті. Сонда шешесі: Ақылсыз балам-ау, қыз болсаң бала таппас па едің, содан қиын боп па? десе, мынау Ойбай, онысы тағы бар ма еді? деп,жылауын тия қойып,шыдай беріпті ,- деді. Үлкендер ақырын мырс-мырс күліп қояды [2, 13].
Сүндет той - қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес-жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Алдымен "бір, екі. үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес!" деп тақпақ үйретеді, "сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың" деп күнделікті құлағына құя ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz