Түйсік - таным негізі. Түйсіктердің адам тіршілік әрекетіндегі рөлі


СӨЖ 5.
Танымдық процестер жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Түйсік - таным негізі. Түйсіктердің адам тіршілік әрекетіндегі рөлі. Оқушылардың қабылдауының қалыптасуы мен дамуы.
Түйсiк - таным негiзi. Бiз ендi танымдық психикалық процестердi қарастыруды бастап, ең алдымен, олардың iшiндегi ең қарапайымдысы - түйсiктерге тоқталамыз. Түйсiк процесi сезiм мүшелерiне тiтiркендiргiштер деп аталатын әр түрлi материалдық факторлардың әсер етуi салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету процесi тiтiркену деп аталады. Тiтiркенудiң өзi басқа процестi - орталыққа бағытталған немесе афференттiк жүйкелер арқылы бас ми қыртысына өтiп, түйсiктi тудыратын қозу процесiн тудырады. Осылайша, түйсiк объективтiк ақиқатты сезiмдiк бейнелендiру болып табылады. Олар сананың сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етiп, объективтi дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн бейнелейдi.
Түйсiк - бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады.
Рецептор - бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әр түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т. б. - қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы.
Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар - иiс сезуге, фонорецепторлар дыбыстық тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.
Алайда кейбiр парадоксалды жағдайларда адекватты емес тiтiркендiргiш белгiлi бiр рецепторға әсер ете отырып, оған тән түйсiктердi тудыруы мүмкiн. Осылайша, мысалы, электр тоғы немесе күштi қысым көздiң жарығын тудыруы мүмкiн (мысалы, соққы кезiнде көзден ұшқын шығады) . Бұл өте сирек жағдайларда болады. Ал, жалпы алғанда, түйсiктер арнайы сезiм мүшелерi (анализаторлар) арқылы тек өзiне ғана тән тiтiркендiргiштердi түйсiнуге арналған, яғни көбiнесе объективтi болып келедi. Бұл жерде тағы бiр ескеретiн нәрсе, түйсiктер, сезiм мүшелерiнiң, рецепторлардың арнайы қызметiне немесе спецификалық энергиясына (И. Мюллер тұжырымдағандай) байланысты емес, ал негiзiнен сыртқы тiтiркендiргiштердiң қасиеттерiне тәуелдi болады. Түйсiктер бiздiң дүние жөнiндегi бiлiмдерiмiздiң ғана емес, сондай-ақ бiздiң сезiмдерiмiз бен эмоцияларымыздың да қайнар көзi болып табылады.
Эмоциялық күйзелiстiң ең қарапайым түрi - бұл түйсiктiң сезiмдiк, немесе эмоциялық тоны, яғни түйсiктермен байланысты болатын сезiм. Мысалы, кейбiр түстер, дыбыстар мен иiстердiң олардың мәнiне, олармен байланысты болатын естелiктер мен ойларға тәуелсiз, бiзде жағымды немесе жағымсыз сезiмдi тудыратыны бәрiмiзге жақсы белгiлi. Әдемi дауыстың дыбысы, шабдалының дәмi, раушан гүлiнiң иiсi - жақсы, жағымды эмоциялық тонды тудырады. Пышақтың шыныға үйкелгендегi сықыры - жағымсыз эмоциялық тонға ие болады. Сонымен, түйсiктер эмоциялардың пайда болуында да үлкен рөл атқарады.
Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-әрекетiндегi рөлi
Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-әрекетiндегi рөлi өте зор, себебi олар бiзге сыртқы дүние және өзiмiз жайлы бiлiмдердi бередi. Сыртқы ортаның сан-алуан әсерлерi, дыбыстар мен бояулар, иiстер мен температура, мөлшер және т. б. жөнiнде мәлiметтi бiз сезiм мүшелерiмiз арқылы алып, оларды жан-жақты танып-бiлемiз.
Сезiм мүшелерiнiң ақпаратты алу, сұрыптау, жинау және миға жiберу процестерi негiзiнде әсер еткен объектiнiң адекватты (шындыққа сәйкес) бейнесi қалыптасады. Осындай күрделi процесс В. П. Зинченконың пiкiрiнше, үздiксiз болып отырады. Ол секундына мыңнан астам өтетiн операциялардан тұрады.
Сезiм мүшелерi - сыртқы дүниенi адам санасына жеткiзетiн каналдар. Сезiм мүшелерi адамның сыртқы ортада және өз iшкi күйiнде бағдарлай алуына мүмкiндiк бередi.
Адамда қоршаған дүниеден ақпаратты алу тепе-теңдiкте немесе баланста болуы қажет. Ақпараттық балансқа қарсы ақпараттық салмақ түсу мен ақпараттық жетiспеушiлiк (сенсорлық изоляция) сияқты құбылыстар кездеседi. Бұл екi келеңсiз жағдайлар организмнiң күрделi функционалдық бұзылысына алып келедi.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын т б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Сөйтіп, қабылдау - бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.
И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Анализатор уш бөліктен құралады:
- рецептор сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырап отыратын жер;
- миға баратын жүйке талшықтары, олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады;
- мидағы түрлі жүйке орталықтары, олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.
Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды.
Түйсіктердің түрлерін үш топқа бөлуге болады
- Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстерорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады
- Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интерорецептор деп айтады.
- Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұнын рецепторы проприорецептор деп аталынады.
Түйсіктің негізгі қасиеттері мен түрлерінің адам өміріндегі мәні
Сезгіштік және табалдырық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz