Экологиялық қолайсыз аймақтардың режимін құқықтық реттеудің кейбір мəселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Экологиялық қолайсыз аймақтардың режимін құқықтық реттеудің кейбір мəселелері
Табиғи апаттар, орасан зор өндірістік апаттар, күрделі индустрияның дамуы көп жағдайда жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайының нашарлауына əкеп соқтырады. Олар табиғи объектілердің, тұтастай экожүйенің жағдайының айтарлықтай бұзылуынан көрініс табады, бұл өз кезегінде адамдардың денсаулығының, рухани жəне материалдық жағдайының нашарлауымен, тіпті олардың өліміне дейін алып келуімен сипатталады. Табиғи ортаның жағдайының мұндай бұзылулары көп жағдайда бүтіндей бір экожүйені қамтиды жəне тұрақты сипатқа ие болады, яғни оларды түзету, сауықтыру мүлдем мүмкін емес жағдай орын алады немесе ол салдарларды жою үшін үлкен мерзім мен орасан зор материалдық шығын қажет болады. Олар көбінесе адамдар мен басқа да тіршілік иелерінің жаппай қырылуына əкеп соғады, не болмаса, адамдардың денсаулығына, материалдық жəне рухани құндылықтарына барынша теріс əсерін тигізеді. Сипатына қарай бұл аймақтық экологиялық апаттар болып табылады.
Экологиялық əсердің объектісі ретіндегі адамзаттың жағдайы ұзақ уақыт бойы заңды талдаудан тыс болып келді. Соған қарамастан, тұрғындардың 20%-дан астамы экологиялық апат аймақтарында өмір сүруде. Мұндай аймақтардың бірі - Арал теңізінің бассейні. 1,4 млн адам өмір сүріп отырған Қызылорда облысының территориясын толығымен, Ақтөбе, Жезқазған, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бір бөлігін алып жатқан Арал апат аймағын əлемдік қауымдастық жаһандық экологиялық апат деп танып отыр [1].

Əрине, əрбір аймақтық экологиялық апат орын алған сайын жергілікті жəне орталық билік органдары, мемлекет жəне барлық қоғам қандай да бір əрекет жасауы тиіс: апаттың өзінің жəне олардың экологиялық қауіпті салдарларының алдын алу мен жоюдың, адамдар мен жануарларды құтқарудың, азаматтардың жеке жəне мүліктік құқықтарының қорғалуының, халық шаруашылығының объектілерін, табиғи жəне мəдени құндылықтарды қорғаудың жəне соңында зиян шеккен территорияларда жақсы жағдайға қол жеткізудің шұғыл жəне ұзақ мерзімді шараларын қолдану қажет.
Мұндай жағдайда арнайы шараларды қолданудың, қаржыландыру, құқықтық, əлеуметтік жəне материалдық-техникалық қамтамасыз етудің күрделі мəселелерін шешу қажеттілігі экологиялық мəселелердің ішінен экологиялық апат аймақтарының мəселесін ерекше бөліп көрсетеді.
БҰҰ-ның Конвенциясының қоршаған ортаны қорғау мен дамыту туралы құжаттары мен материалдарында (1992 жылғы 3-14 шілде, Рио-де-Жанейро қаласы) əлемнің əртүрлі аймақтарындағы төтенше экологиялық жағдайлардың қауіптілігінің өскенін ерекше атап көрсетті. Əсіресе өнеркəсіптік апаттардың орын алу мүмкіндігін азайту немесе болдырмау үшін өндірістің барлық салаларында жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу айрықша атап өтілді.
Шет мемлекеттердің құқығында осы саладағы экологиялық заңнаманың дамуы экологиялық апаттардың қауіптілігі мен салдарларын жою мен алдын алу шараларын ұйымдастырудың барынша тиімді үлгісін орнатуға бағытталған.
Мұндай міндет біздің мемлекеттің де күнтізбесінде орын тепкен. Арал дағдарысының салдары, ластанған, өмір сүруге қауіпті аймақтар тиісті шараларды қолдануды талап етеді. Табиғи объектілерді қорғау мен пайдалануды реттеу үшін басқарудың көптеген арнайы əдістерін қолдану қажет. Бұл жағдайда туындап отырған заңи мəселелер экологиялық апат аймақтары туралы кешенді құқықтық актілер қабылдау қажеттілігін көрсетіп отыр. Алдын алушы жəне түзетуші шараларды реттеу туралы, оның шекарасын бекіту жəне табиғат пайдаланудың арнайы режимін енгізу туралы, зиян шеккен территорияның құқықтық режимі, шаруашылық жəне басқа да əрекеттерді басқару туралы заңнамалық жəне туынды құқықтық нормалар қажет.
Территориясының 60% шөл жəне шөлейтті аймақ болып табылатын Қазақстан үшін су ресурстары аймақтық дамудың маңызды факторы болып табылады. Территорияның үлкен су қорына орналасқанына қарай, республика территориясын бірнеше эколого-экономикалық аймақтарды бөліп көрсетуге болады. Олар: Каспий бойы, Арал-Балқаш аймағы, Ертіс аймағы, Теңіз-Сарысу аймағы, Есіл-Тобыл аймағы жəне Торғай-Ырғыз аймағы. Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы жəне Талдықорған облыстары мен Ақтөбе облысының Шалқар ауданын, Жезқазған жəне Семей облыстарының бірнеше аудандарын қамтитын Арал-Балқаш аймағы ерекше күрделі əлеуметтік жəне эколого-экономикалық мəселелермен ерекшеленеді. Олардың орын алуының негізгі себебі аймақтық дамудың экологиялық факторларын ескермеу, экологиялық саясаттың болмауы,қарқынды шаруашылық жəне табиғат қорғау заңнамасын орындауды төмен дəрежеде бақылау болып табылады. Су ресурстарының жетіспеушілігі шөлді жəне шөлейтті аймақтардағы əлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды шектеушісі болып табылады. Су ресурстарының жетіспеушілігінің санды өлшемдері шөл жəне шөлейт аймақтардағы көп жылғы өзендердің ағысының, жерасты сулары қорының өзгеруі жəне сушаруашылық балансының жетіспеушілігімен сипатталады.
Cу мəселесінің жағдайы бойынша Арал-Сырдария территориясын үш учаскеге бөліп көрсетуге болады:
1. Су мəселесі дағдарысты жағдайда болып отырған Қызылорда облысының Арал, Қазалы аудандары жəне Ақтөбе облысының Шалқар ауданы.
2. Су дағдарысының сəл-ақ алдында тұрған Қызылорда облысының қалған территориясы.
3. Су мəселесінің қолайсыз жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы [2, 17-бет].
Қазақстан Республикасының 1997 ж. 15 шілдедегі Қоршаған ортаны қорғау туралы бұрынғы Заңының 68-бабына сəйкес, төтенше экологиялық ахуал дегеніміз - адам қызметiнiң немесе табиғаттың дүлей күштерiнiң салдарынан белгiлi бiр аумақта пайда болған, қоршаған ортаның, адамдардың өмiрi мен денсаулығы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау үшiн қауiптi, терең жəне тұрақты терiс өзгерiстерiмен сипатталатын қолайсыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу
Азық-түлік қауіпсіздігі түсінігі, мәні және қауіпсіздікке жету жолдары
Ертефеодалдық дәуіріндегі жер қатынастарының сипаты мен жерге орналастыру
Жер құқық қатынастары
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Алматы қаласының Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығы: жағдайы мен даму болашағын анықтау
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
«Экологиялық қолайсыз аймақтардың құқықтық режимі»
Муниципалдық басқарудың аймақтық негізі
Пәндер