Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінің түсінігі
Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінің түсінігі. Мемлекет пен қоғамдағы тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінің институты конституциялық құқықпен реттелетін ең басты институт болып табылады. Құқық пен бостандықтың қазіргі уақыттағы концепциясы - бұл құқықтар мен бостандықтардың жалпыға танылған үлгісі әзірлену процесіндегі ұзақ тарихи даму нәтижесі. Өмір сүру құқығы, еркін жүріп-тұру бостандығы, азаматтыққа құқығы, ар-ождан бостандығы, барлығының заң алдында теңдігі - бұл барлығына жалпы құқықтар, оларды қоғамдық құрылысына, саяси режиміне, мемлекеттік құрылыс нысаны мен басқару нысанына қарамастан барлығы бірдей пайдаланады. әр адам қайда жүрсе де, қай жерде тұрса да, ол кез келген жерде негізгі табиғи құқықтар мен бостандықтарға ие болады. Мемлекет тек осы табиғи құқықтар мен бостандықтарды өзінің ішкі заңдылықтарында рәсімдейді.
Конституциялық құқықтың осы институтын зерттеу кезінде адам мен азаматтың "құқығы" түсінігі мен "бостандығы" түсінігінің айырмашылығын, тұлғаның құқықтық мәртебесінің "екі жақтылық" (дуалистік) сипатының қалай анықталатындығын білу қажет.
Адам құқығы - мемлекетпен бекітілген және кепілдендірілген қоғамдық, саяси немесе шаруашылық құрылымдардың қызметіне қатысу құқығы. Адам құқығында индивидтің қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет өзіне заңда белгіленген аяда құқыққа сәйкес әрекеттермен қамтамасыз ету және оны қорғау міндеттілігін алады.
Адам бостандығы - адамның қызмет аясы, оған мемлекет араласа алмайды. "Бостандық" түсінігі адамның өз әрекетін таңдау мүмкіндігі, ол өзінің ішкі дүниесіне ешкімнің араласуына жол бермейді және өзін қорғайды. Мемлекет тек құқықтық нормалардың көмегімен оның шегін нақтылайды, осы негізде адам өз қалауынша әрекет жасай алады.
Тұлғаның құқықтық мәртебесенің "екі жақтылық" сипаты, адамның құқықтық мәртебесі мен азаматтың құқықтық мәртебесі бір-бірінен шектеледі. Егер адам құқығы оған тумысынан берілсе, ал азаматтың құқықтары алынған болып табылады. Тұлға экономикалық аяда адам ретінде, ал саяси аяда азамат ретінде танылады. Азаматтың құқықтық мәртебесіне адамның құқықтары, сонымен қатар мемлекет пен азаматтың арасындағы ерекше өзара қатынасын анықтайтын саяси құқықтар мен міндеттердің кешені (комплекс) жатады. Яғни, осы мемлекеттің азаматы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қарағанда көлемі жағынан кең құқықтар мен бостандықтарға ие болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-ші бабының 1-ші тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Оның мағынасы мемлекет пен тұлға арасындағы өзарақатынас адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы негізінде құрылуы қажеттігін білдіреді. Мемлекеттің қызметі біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздегі адам және азаматтың жан-жақты даму жағдайын жасауға бағытталуы қажет. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы қолданыстағы өзге де заңдылықтарды қалыптастыруға негіз болып табылуы қажет. Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-ші бабының 2-ші тармағын қарастыруға да болады, онда адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі, олардан ешкімнің айыра алмайтындығы және олар әркімге тумысынан тиістілігі, яғни осы конституциялық қағида индивидтің құқықтары мен бостандықтарына табиғи сипат береді.
Конституция адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық қағидасын жариялады. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
6.2. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын саралау. Қазақстан Республикасының Конституциясының "Адам және азамат" деп аталатын 2-ші бөлімінде адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары бекітілген (10-39 баптар). Олар Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесінің ядросын құрайды. Оларды келесі топтарға бөлуге болады: жеке құқықтар мен бостандықтар, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтар мен бостандықтар.
Жеке құқықтар мен бостандықтарға Қазақстан аумағында тұрақты және уақытша тұратын барлық тұлғалар ие болады. Олар абсолютті, ешкім айыра алмайтын және әркімге тумысынан тиісті болады. Конституцияның 15-ші бабына сәйкес әркім өмір сүру құқығына ие болады. Конституцияда өмір сүру құқығы әр түрлі қол сұғушылықтан қорғалу мақсатында бекітілген. Өмір сүру құқығы көптеген конституциялық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ бекітеді. Конституцияның 31-ші бабында адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды тұлғалардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы бекітіледі. Өмір сүру құқығы тек қана Конституциямен ғана емес, өзге де салалық заңдылықтармен қорғалады. Қолданыстағы заңдылықтар осы құқықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жүйесін анықтайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі кісі өлтіру, аффект салдарынан кісі өлтіру, абайсыздықта кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіруге дейін апару, ауруға дәрігерлік көмек көрсетпеу сияқты (96-101, 102, 118-ші баптар) және т.с.с. ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты бекіткен. Сонымен қатар Конституция мен қылмыстық заңдылық әр адамның қажетті қорғану құқығын таниды (Конституцияның 13-ші бабы, ҚРҚК-нің 32-ші бабы).
Бірақ Қазақстан Республикасының Конституциясы ең ауыр жаза ретінде өлім жазасын қарастырады. Қазіргі уақытта өлім жазасына мораторий енгізілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесте адам өмірін қорғау мақсатында еңбек және денсаулық саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылады.
Жеке құқықтар мен бостандықтар категориясына Консттуцияның 16-шы бабында қарастырылған әркімнің жеке басының бостандығына құқығы бекітілген. Кез келген конституциялық мемлекет сияқты Қазақстан Республикасында тұтқындау мен қамау заңда көзделген реттерде ғана соттың немесе прокурордың санкциясымен іске асырылады. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспатын мерзімде ұстауға болмайды. Сонымен қатар әр ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалану құқығына ие болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-ші бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның қадір-қасиеті тұлғаның сыртқы және ішкі мазмұнын өзіне толығымен енгізеді. Қазіргі қоғамда қадір-қасиет түсінігін тұлғаның жағымды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы ретінде қарастырады, әрі ол мемлекетпен жоғары қазына ретінде қорғалады. Сонымен қатар "қадір-қасиет" түсінігі заң ғылымында құқықміндеттеу институты арқылы талқылайды, онда 1) бір индивидтің қадір-қасиеті екіншісінің міндеті болып табылады; 2) қадір-қасиет әркімнің және әрқайсының міндеттілік объектісі; 3) "қадір-қасиет" өзінің қадір-қасиеті құқығы мен өзгенің қадір-қасиетін сыйлау міндетінің үйлесімділігімен анықталады.
Конституцияда әшкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы туралы кепілдік орын алған. Конституцияның 18-ші бабына сәйкес әркім өзінің қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар. Салалық заңдылықтарда адамның қадір-қасиетін қорлағаны үшін жауапкершілік шаралары қарастырылған. Сонымен қатар жеке құқықтарға әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқала сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығының сақталуына құқығы бар. Бұл норма Конституцияның 18-ші бабында бекітілген. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Қылмыстық және азаматтық сот өндірісі жеке өмірдің құпиялаларын сақтау бойынша шараларды қарастырады. Жеке және жанұялық құпияны сақтау мүддесінде соттық қарау жабық түрде өткізілуге тиіс. Мысалы, ҚР ҚІЖК-нің 13-ші бабына сәйкес жеке өмірі және жеке сипаттағы мағлұматтар туралы мәліметтерді жинау, пайдалану және таратуға жол берілмейді, егер іс жүргізу қызметі мақсатында көзделмесе және тұлға оны құпияда сақтау керек деп тапса. ҚР АІЖК-нің 144-ші бабында телефон арқылы сөйлесу, құпиялы жолмен хат алысу және т.с.с. қорғалатындығы орын алған. Банк қызметі туралы заңдылықта жеке салымдар мен жинаған қаражатының сақталу құқығы қарастырылады.
Сонымен қатар Конституцияның 19-шы бабында бекітілген жеке құқыққа әркімнің өзінің қай ұлтқа, партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқығы жатады. Ешкім азаматтты өзінің қай ұлтқа, қай партия мен дінге жататынын көрсетуге мәжбүрлей алмайды. Бұл жағдай ешқандай да құқықтық салдарға әкеліп соқпайды және жалпыға танылған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір басымдылықтың болуының немесе нұқсан келтірудің негізі болып табылмайды. Ал Конституцияның 19-шы бабының 2-ші тармағына сәйкес әркімнің ана тілі мен төл әдебиетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алу құқығына ие болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-шы бабында сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Бұл ұғым адамдардың қызметінің рухани аясына негізделген. Бостандықтың бұл түрі тұлғаның идеялары, пікірлері, сенімдері мен оларды айта білу бостандығының кепілдігіне жатады. Сөз бостандығын конституциялық деңгейде бекіту адамзаттың ең үлкен жетістігі болып есептеледі, себебі тарих адамдардың өз көзқарастары үшін қаншама қиналғанаын мысалға келтіре алады.
Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Сонымен қатар сөз бостандығын асыра пайдаланушылық өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын және тұлғаның қадір-қасиеті мен ар-ожданына, жеке өміріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және жанұялық құпиясын бұзуға әкеліп соқпауға тиіс. Сондықтан сөз бостандығы өзгелердің сөз бостандығын шектемеуге тиіс әрі ерекше міндеттілік пен жауаптылыққа әкеледі.
Республиканвң конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қеуіпсіздігігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.
Алғаш рет конституциялық деңгейде әркімнің Қазақстан Республикасы аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бекітілген. Әр адам Республикадан тыс жерлерге кетуіне, ал Қазақстан Республикасының азаматтарынң Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конституциясының 21-ші бабында бекітіліп, адам құқықтарының халықаралық қауымдастықпен жалпыға танылған разрядына жатады. Сондай-ақ ол бұрынғы одақтас республикалардың және КСРО аумағынан кедергісіз кете алмаған әрі одан тыс жерлерден тұрақты мекенді ьаңдай алмаған азаматтар үшін өзекті мәселе болған. Қазақстан Республикасында ар-ождан бостандығы консттуциялық негізде кепілдендіріледі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz