Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі

Тілімізде Ұлы деген сөз бар, бұл сөз кез келген тіркеске қосақтала бермесе керек. Ұлы деген сөзді естісек, бірден Абай есімізге түседі. Ұлы сөзі тек осы Абайға үйлесетіндей. Елдің қаншама танымал тұлғалары болса да, Абайдай ұлылықтың үлгісі қазақ тарихында болмақ емес. Абай - қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушы екені белгілі, абайтану тарихының ұшар басында, ең тамырында алаш зиялыларының үлесі жатқаны белгілі. Алаш зиялыларының негізінде Абайдың есімі ерекше сипат алды. Тарихта ең алғаш кітап шығару, баспа ісі мәселелерінің ХХ ғасырдың басында өрбігені белгілі, осы ретте Абайдың алғаш өлеңдер жинағы 1909 жылы жарыққа шыққаны да анық. Алайда оның жарыққа шығуына ерен үлес қосқан бірден-бір күш - алаш зиялылары тарапынан жүргізілген игі істер деп білеміз. Бірақ осы шығармалар жинағының шығуына мұрындық болған Алаш көсемі, ақсақалы - Әлихан Бөкейханов еді. Зиялылардың атын атауға болмайтын сұрқия саясаттың салдарынан арыстарымыздың еңбегі былай тұрсын, мұрағат, тарихи деректердің өзі миф болып көрінді. Алайда тұлға, индивид, жалпы зиялылық елдің аяулы ұлдары тұрғанда жойылмақ емес. Жалпы Абай мен Әлиханның шығармашылық байланысы, олардың өзара сырласуы туралы деректік мәліметтер көп болғанмен, екі тұлға бір-бірін көрмеген, танымаған деректермен оқытылды. Зерттеулерге сүйенсек, олардың бірлесіп үлкен жұмыстар атқарып, шығармашылық байланыста болғанына көзіміз жетеді. Журналист-зерттеуші Б.Қойшыбаев еңбегінде: Әлихан Бөкейханов орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір Бөлімінің Семей бөлімшесін ашуға белсене қатысты. Семейде ұлы ақын Абай Құнанбаевпен қатар статистика комитетінің мүшесі де болды 1, 35 делінсе, ал С.Аққұлы еңбегінде Әлихан Бөкейханның абайтану саласындағы ерен еңбегін айта келіп, тарихи деректермен тұжырымдайды 2, 16-50. Жалпы, қазақ тарихында осы әлихантану еңбегіне ерен үлес қосып жүрген ғалымдардың бірі - Сұлтан хан Аққұлы. Ғалым әлихантануға қатысты барлық деректер мен ғылыми пайымды жоғары деңгейде талқылаған. Сондай-ақ, отаршылдық дәуірдің өзінде де олардың көркем бейнесі әдебиетімізде қылаң берді. Мәселен, Абайдың замандасы Көкбай ақынның Әлихан Бөкейхановқа арнауын негізге алатын болсақ, Абай мен Әлиханның да рухани таныстығының болғанын байқаймыз. М.Әуезов Абай жолы роман эпопеясында Әзімқан Жабайқанов образы арқылы ұлт зиялысының асыл бейнесін жасайды. Әуезов ашық хат жазып аман қалып, өзі алаш идеясынан қанша қол үздім десе де, ар мен адалдықтың аманатынан аса алмай, алаш зиялысының бейнесін романында жасап кетті. Ал енді келесі бір Әлихан мен Абайдың көңілі мен ішкі рухани әлемінің жақындығын, екеуінің ұлт үшін игі бастамаларды көтеріп, бір-біріне қолдау көрсетіп, ерекше зиялылықтың үлгісін танытатын сюжеттерге ие шығарманың бірі - Рамазан Тоқтаровтың Абайдың жұмбағы атты тарихи роман-хамсасы. Бұл романда да ел естімеген, біле бермейтін тарихи фактілерді жазушы көркемдік шешіммен ұқсата білген. Абайдың тек алаш арыстарымен емес, сондай-ақ еш жерде айтылмайтын Шоқанмен кездесіп, білісіп, жүздесуі туралы ерекше сюжеттік деректілікті келтіреді. Жалпы әдебиеттану ғылымында тарихи-деректілік баян, тарихи шығарманың рөлі ерекше деп ойлаймыз. Әбіштің Шандозын, Қажығалидің Тар кезеңі, Мұхтардың Желтоқсан эпопеясы секілді тарихи шығармаларда көркем образдардың айрықша сипатты бейнесі көрінсе, осы Абайдың жұмбағы еңбегінде де Абай, Әлихан, Шоқан бейнелерінің тың, ерекше сипаты орын алады. Алаш зиялысының уақыт пен кеңістік шеңберінде бойына күш, рухына ұран салған деп Абайды айта аламыз. Әлихан Бөкейхановтың қай мақаласын алып қарасақ та, идеясының Абай шығармаларымен үндес екенін байқаймыз. Әлихан үшін Абай рухани ұстаз болғанын көреміз, осылайша алаш көсемі 1903 жылы Абай шығармашылығы туралы Россия. Географическое описание нашего отечество деген журналда мақала жариялайды. Бұл мақала - абайтану саласындағы алғашқы қарлығаштар ғана емес, жалпыұлттық ояту мақаласы болды. Өйткені мұны А.Байтұрсыновтың Абай - қазақтың бас ақыны атты мақаласынан байқаймыз. Ол туралы сәл кейінірек тоқталамыз. Абай 1904 жылы қайтыс болғаннан кейін оның шығармаларын жинақтап, тұтас еңбек етіп шығару жоспарын айтып Әлихан Бөкейханның Абай ұрпақтарына хат жолдағаны да белгілі. Осылайша Семипалатинский листок газетіне 1905 жылы Абай Құнанбаев атты қазанама (некролог) мақаласын жарыққа шығарады. Бұл - абайтану саласындағы ең алғашқы тұшымды іргелі еңбектердің бастамасы еді. Абайдың жазба кітабы зиялылардың қолдарында болса да, шығу керек болған жинақ өз уақытында шықпай, 1909 жылы Петербор қаласында Абайдың балаларының және Әлиханның ықпалымен жарыққа шығады. Енді Әлихан Бөкейханның абайтанудағы тұңғыш еңбек саналатын мақаласына тоқталайық. Бұл мақала алдымен Абайдың туып-өсіп, өнген жерінен, отбасынан, ата тегінен, бала кезден алған ілім-білімінен, жалпы ақынның өмірлік принциптері мен ойларынан басталады. Тек өмірі туралы айтып қоймай, ұлы ойшылдың өлеңдерін де талдап кетеді. Абайдың балаларына деген әкелік сезімінің асқақтығын, балаларын оқытып, оларға өнер мен білімнің парқын түсіндіруін, Абайдың алтын үш бұлағын, соның ішіндегі орыс достары мен орыс әдебиетінің ықпалын ереше атап та көрсетеді. Ақынның Пушкин, Лермонтов, Крылов сынды ақындардың еңбектерін аударып, осылайша қазақ әдебиетінің жаңа бір белеске көтерілгеніне баға береді. Сонымен қатар, Абайдың Абай болып қалыптасуына ұлы ақын-ойшылдардың ерен назарын да былай атап өтеді: Абай может быть умер бы, не проявив своего выдающегося поэтического дарования, если бы в 80-х годах он не пережил переворот в своих взглядах на деятельность певца. В это время Абай познакомился с политическими ссылными гг.Гросом, собиравшим в степи материалы для брошюры Юридичиские обычаи киргиз, изданной под редакцией г.Маковецкаго, и Михаэлисом, оказавшим огромное влияние и просвещение Абая. Оба, как г.Гросс, так и г. Михаэлис гостили у Абая в степи, знакомили его с русскою литературою. Благодаря им Абай познакомился с Пушкиным, Лермонтовым, Некрасовым, Толстым, Тургеневым, Салтыковым, Достоевским, Белинским, Добролюбовым, Писаревым. Абай до последней минуты своей жизни с трогательной блогадарностью вспоминал г.Михаэлиса, приписывая ему все свое образование, и говоривал: Дүниеге көзімді ашқанға үлкен себепкер болған кісі - Михаэлис (Открыл мои глаза г.Михаэлис). Впоследствии Абай Абай прочел Опыты Спенсера, Похитивную философия Льюиса, Умственное развитие Европы Дрепера, статьи из старых книг Современника Н.Г.Чернышевского, знал об его судьбе. Особенно полюбил Абай сочинения Лермонтова, из (сочинения) которых любил делать переводы... 3, 90, - деп, Абайдың ұлылық феноменінің қалыптасуындағы орыс, батыс еуропа ойшылдарының, ақын-жазушы, сыншылардың еңбектерін баса назарға алады. Қазақ ойшылының айтары мен берері де осы ойшылдардан артық түспесе, кем түспейтінінен мағлұмат береді. Мақаланы орысша жазуының да ерекшелігі де осында, қазақ ақыны туралы ғұмырбаяндық алғашқы еңбекті осылайша барлық халыққа паш етуді мақсат тұтқан. Осы орыс әдебиетін негізге алынғанның арқасында Абайдың Абай екендігі жалпы ел арасына тез тарап, есімі мәшһүр болады, атағы алты алашқа жетіп, міне, абайтанудың жарық жұлдызы осылайша жанған болатын. Жанрлық тұрғыдан келер болсақ, некролог деп аталғанмен, мақала талдауға негізделген, біздің ойымызша, осы жанрмен жазу да, осылайша Абайды таныту да оңтайлы тәсіл болса керек. Сөзінің соңында Абай мұрасы жайлы, оның жинаушылары жайлы сөз қозғайды, яғни жалпы өлеңдері, аудармалары жиналу үрдісі ұлы Турағұлдың қолында екенін айта келе, өзінің басшылығымен Абайдың шығармалар жинағы жарыққа шығатынын да ескертеді. Ал Абайдың өмір жолы туралы деректі Кәкітай Ысқақұлы жеткізгенін де келтіреді. Кәкітайдың Абайдың өмірбаяндық деректері туралы толық мағлұмат 1909 жылы шыққан Абайдың шығармалар жинағының алғысөзінде орын алғанын да білеміз. Абай шығармашылығы - Алаш зиялыларына бағыт көрсетер белгі, ұстанатын ұранына жалау болды десек қателеспейміз.
Абай туралы келесі бір алаш зиялысының ерен еңбегі - Ахмет Байтұрсынұлының Абай - қазақтың бас ақыны атты мақаласы еді. Жалпы, Абайдың танытушы алғашқы еңбектер осы алаш зиялыларының арқасында қарыштап дамыды дейміз. Өйткені ХХ ғасыр басында Абай мұрасын жинап, бастырып, шығарудан бөлек, зерделеген, зерттеген еңбектердің рөлі ерекше. Әлі сауаттанып, оянып болмаған қазақ елі үшін сол кезде елді сілкіндіріп, тұр-тұрлап қайраттандыратын ұлдар, зиялылар шоғыры топтасты. Бұл да қазақтың маңдайына біткен, бірақ маңдайына сия алмай кеткен құбылыс болып еді. Бір кем дүние... Алайда саналы ғұмырында басын қауіп-қатерге тігіп, ұлттың ұлт болып қалыптасуына ерекше үлес қосып, өшкенді жандырып, өлгенді тірілтіп, соқырға таяқ ұстатқандай маржандай алдына барлық нәрсені тосты. Алаш зиялыларының тек шығармашылықпен қана емес, ағартушылық, педагогикалық, журналистік, ғылыми, саяси-әлеуметтік салалардың барлығын қатар ұстап, болашақта үлгере алмай қалатындай, соны алдын ала сезгендей, ерекше ыждағаттылықпен жасады. Осы ретте абайтану саласындағы келесі бір келелі еңбек дүниеге келіп, Абайдың есімі тағы жарқырай түсті. Ахметтің аталмыш мақаласы 1913 жылы Қазақ газетінің 3 бірдей нөміріне жарық көреді. Байқап отырсақ, мақала абайтану атты ғылымның басталып, сол мезетте нағыз өрлеу тұсында жазылған, өйткені оған дейін Ә.Бөкейханның, К.Ысқақұлының мақалалары, ақынның өз өлеңдер жинағы да жарыққа шыққан болатын. Себебі мақаланың басында Абайдың сол мезетте күллі қазақ жұртына танылып болғанын айта келе, оған дейін (өлеңдер жинағы басылғанға дейін - А.Б.) Торғай өңірінде бұл ақынның есімі естілмеуші еді деп бір қайырады. Абайдың өлеңдері ел арасына тарай бастауымен, халықтың ақындық, өнер, оқу-білім, ғылым секілді ұғымдармен толығып, ес біліп, етек жиып, ақын өлеңдерін талдайтындай деңгейге ұмтылу жолындағы алғашқы ізденістердің бастамасын көреміз. Қай жерде де ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмолдаларымыз сықылды біреу ғой деп жүрдім 4, 141, - деп, ақындыққа деген талғамының ерекшелігін бір көрсетеді. Бұл жерде Ахмет діни-ағартушылық бағыттағы ақындарды кемсітуден аулақ, тек Абай солар қатарлы дәстүрді бұлжытпай жалғастырушы, еш жаңалығы жоқ қораш дүниелер иесі деп көрсе керек. Мақаланың аңдатпасы да оқырманның жүрегіне бірден жылу түсіретіні хақ, өйткені, Ахмет көңілін қойып, ішкі ойын ерекше психологиялық ізденіспен жеткізіп тұр. Ахметтің қолына Абайдың қолжазбалары, яки жазба дәптері 1903 жылы түскені де айтылады. Бұл - біз жоғарыда Әлихан Бөкейхан туралы айтқан ойымыздың ішіндегі бір дерек еді. Әлихан мен Ахметтің Абай өдеңдеріне қанық екендігі, олар ойластырған ұттық идеяның, ұлттық мүдде мен мұраттың ұшар басында Абайдың да идеялары тұрғандығы бесенеден белгілі еді. Абай өлеңдері - жай оқыла салатын жадағай жыр, бойға сіңіре салатын қарапайым дүние, кез келгеннің жүрек төрінен орын ала бермейтін ойлар екенін Ахмет осы тұста керемет түсіндіріп кетеді: Олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін, ойланып, дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі 4, 141, - деген жолдары жоғырада айтылған Абайға дейінгі ақындардан оның ерекшелігін көрсетеді. Абайға дейін қазақ поэзиясы, қазақ философиясы болмады емес, әрине болды, бірақ сол бір формалық жағынан алсақ та, тақырыптық-мәндік жағынан алсақ та, жалпы өнер тұрғысынан қарасақ та кенжелеу дамығаны рас. Формалық ізденістерді былай қойғанда, өлең - арзанқол күнкөріс көзі, билік басындағыларды жақтайтын не даттайтын тентек өнер саласы, ұйқас пен буын қуып, кез келгеннің аузында жүретін дүние болды. Абайдың классикалық әдебиеттің негізін қалаушы дейтініміз де осыдан, ол өлең дегеннің құдіретті өнер, адамзат тудыратын асыл құбылыс екенін ұғындырғандығында. Басында Көкбайдың атынан жариялауы да содан, ақын деген ел арасында арзанқол мамандыққа, біреудің ойыншығына айналып бара жатқаны да анық еді.
Бұл мақаланың ерекшелігі - Абай шығармашылығын Ахметтің толық меңгеріп, тұлғалық тұрғыда зерделеуінде. Ахмет Абайдың өміріне тоқтала отырып, оның күйшілік, әншілік, шешендік, ел билеушілік, ойшылдық, ағартушылық қасиеттерін баса назарға алады. Абайдың қазақ өлеңіне әкелген сыншыл реализм, философиялық, аксеологиялық, гносеологиялық ой-тұжырымдарына айрықша тоқталады. Ислам тұрғысынан алғанда да, Абайдың діни-философиялық ойларының қаншалықты терең екендігі белгілі. Алайда Ахмет Абайдың ислами көзқарастарын тікелей айтпаса да, ақындағы жан мен тән, мен мен менікі ұғымын талдау арқылы аңдату жасайды. Сөз соңында Абай шығармаларын таратуды жан ұшыра насихаттайды алаш қайраткері.
Алаш зиялыларының қай-қайсысын алсақ та, Абай шығармашылығына өзіндік үлес қосқан. Абайдың қайтыс болғанына орай алаш қайраткерлері кештер ұйымдастырып тұрғаны мәлім. Абай қайтыс болғаннан кейін оның шығармаларын ұлықтау мақсатында көптеген игі бастамалар жасалды. Мәселен, Ахмет Байтұрсыновтың шәкірті, педагог-ғалым, жас та болса бас болып жүрген қазақтың батыр қыздарының бірі - Нәзипа Құлжанова еді. Н.Құлжанова Абайдың қайтыс болғанына он жыл, туғанына 70 жыл толуына орай әдеби-танымдық кештер ұйымдастырып тұрады. Алаштану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz