Оқушылардың тыныс алу жүйесінің анатомиясы, физиологиясы


СОӨЖ№9
Әдістемелік нұсқаулар
1. Осы тақырыпқа қатысты материалдармен танысу.
2. Берілген сұрақнама және тапсырмаға қатысты материалдармен танысу.
3. Осы сұраққа қатысты мәліметтерді топтастыру, бір топқа біріктіру, анализдеу.
4. Резюме дайындау (мәтінге түсініктеме) .
5. Негізгі жағдайды қысқышы анализдеу.
Тақырыбы: Оқушылардың тыныс алу жүйесінің анатомиясы, физиологиясы. Оқу бөлмесіне қойылатын гигиеналық талаптар.
Тапсырма№1. Тыныс алу мүшелері құрылысының жас ерекшелігі.
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар: қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары (лат. альвеолус - ойма қуыс, науа) . Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі - өкпе. Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерімен сақтау үшін жылытылады.
Тапсырма№2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
Өкпенің тіршілік немесе өмірлік сыйымдылығы - ішке дем толық тартқаннан кейін тыныс жолдарынан толығымен шығатын ауа көлемін сипаттайтын сыртқы дем алу көрсеткіші. Яғни адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғанда ауаның көп мөлшерін айтады. Әйел адамдарда шамамен 3000-3500 мл құраса, ер адамдарда 3500-4800 мл құрайды.
Өкпенің жеделдетілген өмірлік сыйымдылығы - максимальдық жылдам дем алу кезінде анықталатын өкпенің өмірлік сыйымдылығының қалыпты жағдайда 90-92% құрайды. Өкпенің тиісті өмірлік сыйымдылығы - арнайы формулалар көмегімен зерттелетін адамның жасы мен бойы туралы мәліметтер бойынша анықтайтын өкпенің іс жүзіндеғі өмірлік сыйымдылығын бағалауға арналған есептік көрсеткіш. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдер өкпесінің тіршілік сыйымдылығын орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000-7500 мл-ге дейін жетеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір тыныс алғанда жөне әрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.
Адам қалыпты тыныс алып, артынша терең тыныс алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.
Адам қалыпты тыныс шығарып, артынша терең тыныс шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тынысшығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы -> тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) . ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл!
Қаншама терең тыныс шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылыгы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.
Тапсырма№3. Спирометрия.
Спирометрия - бұл уақыттың функциясы ретінде қабылданатын ауа көлемін өлшейтін және көлемді дем шығаратын өлшеу функциясы. Тұтастай алғанда, бұл сіздің өкпеңіз арқылы қаншалықты ауа ағымымен жүретінін, сондай-ақ бұл қаншалықты жылдам болатындығын көрсетеді.
Егер офисте шыңдалған ағын болса, бұл сынақ ұқсас, бірақ дәлірек. Сіздің сынақтарыңыздың сандары мен мағынасын түсіну қиын сияқты, бірақ спирометрия туралы білу үшін сәтке барыңыз. Сіз бұл сандарды түсінгеннен кейін сіз кез келген өкпелік жағдайды басқаруға болатын ең жақсы жағдайда орналасасыз. Бұл сынақтың неге екенін, қандай жағдайларды ажыратуға болатынын және содан кейін қандай құндылықтардың қалыпты екенін түсіндіріп көрейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz