Акробатика - әмбебап, әдемі әрі өте пайдалы, бастысы қол жетімді спорт түрі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Акробатика - әмбебап, әдемі әрі өте пайдалы, бастысы қол жетімді спорт түрі.

Акробатика қайдан шыққан?
Бұл сөз сонау ерте заманда пайда болған, сол себепті ол туралы дұрыс түсінік адамдар арасында ескіріп қалған. Көбісі оны жеңіл атлетика немесе гимнастикамен шатастырып жатады.
Акробатика - көне дисциплинаның бірі. Ол біздің заманымызға дейін 2300 жыл бұрын Египетте, Көне Грекияда, Римде белгілі болған. Акробатика гимнастиканың бір тармағы, ол әдемі көріністерге құралғандықтан, көпшілікті өзіне баурап әкете алады. Бұл спорт түрі ептілікті, тепе-теңдікті, әсемділікті талап етеді.
Расында гимнастика мен акробатикаға ортақ нәрселер көп-ақ. Әрбір комбинацияны орындау үшін баланс ұстап, биікке секіре алуы маңызды рөл ойнайды. Айтпақшы, акробатикаға баратын ұлыңыз не қызыңыз ара-тұра жаттығуларды өткізіп алатын болса, оның таланты өше бастайды. Бұл спорт үздіксіз жаттығуды талап етеді. Мәселен, бір суда жүзіп үйренген бала, қайта бассейнге бармай қойса да, жүзу тәсілдерін есінен шығармайды. Акробатикада мұндай есте сақтаушылық болғанының өзінде оның күрделі комбинацияларына үздіксіз дағдыланбаса, бәрі бекер деп біліңіз.
Акробатика грек тілінен аударғанда жоғарыға өрмелеу мағынасын білдіреді. Бұрын акробат сөзі тек жоғары күмбездерде өнер көрсететін цирк әртістеріне ғана қолданылатын болған.
Бүгінде акробатиканың үш түрін бөліп қарастырады:
Спорттық - секіру, жұптық және топтық. Мұнда спортшы ұзындығы 30 метрге жететін кілемді жолақта акробатикалық секірістер жасайды. Жұптасқан және топтасқан акробаттар қиын да күрделі трюктарды орындайды.
Циркті акробатика - аты айтып тұрғандай цирк аренасында жасалатын трюктер.
Арнайы акробатика - оның элементтерін түрлі би бағыттарында қолданады.
Акробат болудың пайдасы бар ма?
Акробатика - баланың артық энергиясын жұмсауға таптырмас тәсіл. Бұл - басқа спорт түрлерімен салыстырғанда көп күш талап етеді. Қиын трюктерді орындау үшін біршама энергияны сыртқа шығаруға тура келмек. Бір сөзбен айтқанда, баланың басқа нәрсеге басын бұрып қарауға шамасы да болмайды. Сұрақ - бұл жақсы ма, әлде...?
Бір ай жаттығуға қатысқан балада мықты бұлшықет белбеуі мен әдемі мүсін пайда болады. Бұл әсіресе көп уақытын артық қимылсыз мектеп партасында өткізетін болашақ оқушыларға пайдалы.
Кішкентай акробаттың өмірде де іс-қимылы әдемі болады. Ол жаттығудан тыс ойнап жүріп, абайсызда құлап жатса, жарақат алмайтындай жермен жанаса біледі.
Акробатика басқа спорт түрлерімен салыстырғанда координацияны дамытып, ептілік пен шыдамдылыққа үйретеді.
Тіпті ебедейсіз баланың өзі бірнеше жаттығудан соң, дұрыс, тік жүретін болады. Сол сияқты бұл спорт вестублярлы аппаратты жаттықтыруға көп көмегін тигізеді.

Акробатика денсаулыққа зақым келтіре ме?
Ілгеріде акробатиканың қаншалықты денсаулыққа пайдалы екенін айта кеттік. Ол буындардың бекуіне, жүрек бұлшық етінің мықты болуына жәрдемдесіп, баланың иммун жүйесіне оң әсер етеді. Алайда, көптеген ата-аналар үшін бұл пайдалы тұстардан гөрі, оның жарақат алу қаупі жоғары болғаны қорқыныш ұялатады. Неліктен?
Мамандардың айтуынша, бала көп өтпей ауыр жарақат алатын болса, ол әрі қарай осы спорт түрімен айналысуға жүрексініп қалады. Осындай оқиғаларға тап болған ата-аналар баласының қорқынышынан кейін акробатика үйрімесінің есігін ашуға үзілді-кесілді қарсы болады. Сескеніп қалған жас спортшы одан кейін де жарақаттардан көз ашпайды деп ойлау қателік. Бұл орайда, ондай балғын акробаттармен арнайы психолог мамандары жұмыс жасағаны абзал.
Шынында, ата-аналар ойлайтындай акробатика аса қауіпті ме?
Ата-аналардың акробатика үйірмесі қауіптірек деп, үй жағдайында тәжірибеден өткізуі қаншалықты дұрыс? Мамандар, бұл әдістің соңы жақсылықпен аяқталмайтынына кепілдік береді. Одан да баланы бірнеше спортшылардың буынын жаттықтырған білікті жаттықтырушылардың қолына тапсырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм мен демалыс
Акробатикалық жаттығуларды үйрету
Акробатикадан жаттығуларының спорт саласы болып бөлінуі
Ғарыштық туризм
Тау шаңғысы мен сноуборд
Денені физикалық қалпына келтіру әдістері
Жалпы дене шынықтыру
Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары
Дене тәрбиесі жүйесінде гимнастиканың алатын орны және маңызы
ИКЕМДІЛІК ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер