Мәлік батыр



Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері Мәлік Ғабдуллин аса жауапты, майдан тағдырын шешетін операцияларға басшылық жасады. Сондай бір ауыр тапсырма 1941 жылы Руза өзенінен немістерді Москваға өткізбеу еді. Сол жолы взвод автоматшылары көрші ротамен бірге жаудың шабуылын тойтару барысында қаптаған фашист қолының қоршауында қалады. Мәліктің алғыр ақылы, жауынгерлердің ынтымақ-бірлігі арқасында олар бұл тығырықтан шыға білді. Орман ішінде адасып қалған солдат топтарымен бірігіп, фашистердің мол қару жарағын, яғни 12 станокты пулемет, 20 қол пулеметін қолға түсіреді. Әрі 27 фашист тұтқыны бар, 16 жаралы жауынгерін кезектесе көтере жүріп әупіріммен дивизиясына қосылады. Мәліктің жаужүрек батырлығы жөнінде очерк жазған Борис Полевой темір өзек жауынгерлерін көзімен көріп, таңғажайып ерліктеріне елжіреген дивизия командирі, генерал-майор И.В.Панфиловтың толғанысын былайша суреттейді. “…Өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жасты Панфилов ұзақ айналдырып қарады. Шынын айтқанда, Мәліктің денесіне соғыстың әскери киімі әлі қона да қоймаған кезі еді. “– Мә, саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмассың” – деді ол Мәлікке жарықшақты дауысымен. Сөйтті де, Мәлікті өзіне қарай тартып алып, кәдуілгі орыс халқының әдетінше, бетінен үш рет сүйді. Бұлардың қасында жақын тұрған адамдар, көп езу тартпайтын, салқын жүзді атақты генералдың сыр бермейтін жүзінде әкелік қуаныштың лап бергенін байқасып қалысты”, – дейді ол. Етігімен су кештіріп, қанды көбік жалатқан қатыгез күндер өз батырын осылай тудырды. Батыр Мәлік “өзіне қанша қатал болса, қарауындағы адамдарды да сонша жинақы, әрі әмірді бұлжытпай орындайтын халде ұстады”.
Енді бірде Ширяево селосының тұсында Мәліктің 13 адамнан тұратын атқыштар взводы фашистердің мұздай қаруланған бір батальонға жуық әскерін тоқтатуға жарлық алды. 5 танкісін беттеріне ұстаған жаудың қалың әскері лап қояды. Екі танкісі жанып, қыруар әскерін шығындап, “темір бекіністен” беттері қайтып, оқ нөсерін аямай төккен жендеттер кері шегінеді. Олар Кеңес автоматшыларын түгел жойдық деп ойлайды. Рота олардан хабар-ошарын үзеді. Топырақтың астында қалып, бірер адамынан айырылған атқыштар взводы айлалы да батыр саяси жетекшісінің бастауымен фашистердің тылын қапысын тауып айналып өтеді. Өзінің мүддесін ойламайтын, ақыл-парасат, сабырлық, әділдік, шыдамдылық, қайсарлық бойына берік ұялаған Мәлік соғыста жауды қырудың, онан айласын асырудың әдісін аз уақытта шебер меңгеріп, жауынгерлерін де фашистермен шайқасқа жолбарыстай тайсалмай ұмтылуға баулуды өзінің басты парызы санаған. Бұл жолы да взводтың бірлігі мен қатал тәртібі арқасында фашистердің темір шеңгелінен қылшығы құламай қатары көбейіп, тіпті алып денелі Коваленко досы тауып алған 4 жасар “взвод баласы” – Вованы ертіп ротасымен тағы да қауышудың сәті түскенде мұндағылардың тілі байланып

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МӘЛІК БАТЫР
Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері Мәлік Ғабдуллин аса жауапты, майдан
тағдырын шешетін операцияларға басшылық жасады. Сондай бір ауыр тапсырма
1941 жылы Руза өзенінен немістерді Москваға өткізбеу еді. Сол жолы взвод
автоматшылары көрші ротамен бірге жаудың шабуылын тойтару барысында
қаптаған фашист қолының қоршауында қалады. Мәліктің алғыр ақылы,
жауынгерлердің ынтымақ-бірлігі арқасында олар бұл тығырықтан шыға білді.
Орман ішінде адасып қалған солдат топтарымен бірігіп, фашистердің мол қару
жарағын, яғни 12 станокты пулемет, 20 қол пулеметін қолға түсіреді. Әрі 27
фашист тұтқыны бар, 16 жаралы жауынгерін кезектесе көтере жүріп әупіріммен
дивизиясына қосылады. Мәліктің жаужүрек батырлығы жөнінде очерк жазған
Борис Полевой темір өзек жауынгерлерін көзімен көріп, таңғажайып
ерліктеріне елжіреген дивизия командирі, генерал-майор И.В.Панфиловтың
толғанысын былайша суреттейді. “...Өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы,
талдырмаш жасты Панфилов ұзақ айналдырып қарады. Шынын айтқанда, Мәліктің
денесіне соғыстың әскери киімі әлі қона да қоймаған кезі еді. “– Мә, саған
ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмассың” – деді ол Мәлікке жарықшақты
дауысымен. Сөйтті де, Мәлікті өзіне қарай тартып алып, кәдуілгі орыс
халқының әдетінше, бетінен үш рет сүйді. Бұлардың қасында жақын тұрған
адамдар, көп езу тартпайтын, салқын жүзді атақты генералдың сыр бермейтін
жүзінде әкелік қуаныштың лап бергенін байқасып қалысты”, – дейді ол.
Етігімен су кештіріп, қанды көбік жалатқан қатыгез күндер өз батырын осылай
тудырды. Батыр Мәлік “өзіне қанша қатал болса, қарауындағы адамдарды да
сонша жинақы, әрі әмірді бұлжытпай орындайтын халде ұстады”.
Енді бірде Ширяево селосының тұсында Мәліктің 13 адамнан тұратын атқыштар
взводы фашистердің мұздай қаруланған бір батальонға жуық әскерін тоқтатуға
жарлық алды. 5 танкісін беттеріне ұстаған жаудың қалың әскері лап қояды.
Екі танкісі жанып, қыруар әскерін шығындап, “темір бекіністен” беттері
қайтып, оқ нөсерін аямай төккен жендеттер кері шегінеді. Олар Кеңес
автоматшыларын түгел жойдық деп ойлайды. Рота олардан хабар-ошарын үзеді.
Топырақтың астында қалып, бірер адамынан айырылған атқыштар взводы айлалы
да батыр саяси жетекшісінің бастауымен фашистердің тылын қапысын тауып
айналып өтеді. Өзінің мүддесін ойламайтын, ақыл-парасат, сабырлық, әділдік,
шыдамдылық, қайсарлық бойына берік ұялаған Мәлік соғыста жауды қырудың,
онан айласын асырудың әдісін аз уақытта шебер меңгеріп, жауынгерлерін де
фашистермен шайқасқа жолбарыстай тайсалмай ұмтылуға баулуды өзінің басты
парызы санаған. Бұл жолы да взводтың бірлігі мен қатал тәртібі арқасында
фашистердің темір шеңгелінен қылшығы құламай қатары көбейіп, тіпті алып
денелі Коваленко досы тауып алған 4 жасар “взвод баласы” – Вованы ертіп
ротасымен тағы да қауышудың сәті түскенде мұндағылардың тілі байланып қала
жаздайды. Өйткені, 13 автоматшысынан ұшты-күйлі айырылған рота командирі,
кіші лейтенант Аникин, саяси жетекші Жетпісбаев полк командирі Капров пен
саяси жетекші Мұхамеьдяровтың атына: “Сіздерге бүгін 16 қараша күні (1941
жыл) таңертеңнен бері Ширяево селосы маңында немістер біздің қорғаныс
шебімізге бір батальон жаяу әскері мен оларға қосылған бес танкі бар күшпен
шабуылға шыққанын хабарлаймыз. Кескілескен ұрыста біздің жауынгерлер
темірдей беріктік, шын мәніндегі батырлық үлгісін көрсетті. Әсіресе, саяси
жетекші Ғабдуллиннің автоматшылары ерекше көзге түсті. Немістің 2 танкісін
қиратып, 150 жау солдатын құртқан автоматшылар қоршауға түсті де, түгелдей
қаза тапты”, – деп жедел хат жолдапты. Міне, “Алла сүймек, ар сүймек, адам
сүймек” (Шәкәрім) ниеттері ажалдан қаққан арыстан бітімді автоматшылар
достарының көзін “атыздай қылып” “о дүниеден” оралады... Мәлік, 1943 жылдың
қаңтарында Жоғарғы әскери басшылықтың шешімімен 1075-полктың комиссарлығына
тағайындалғанша Рыбушкин, Ширяво, Старая Руссо жерінде, Бородино
деревнялары, Холм қаласы маңында, Новосвинухово селосы үшін болған жан
алып, жан беріскен алапат соғыстардың жуан ортасында айқасып,
автоматшыларымен бірге қайталанбас ерлік шежіресін жазады.
Ерлік жолы атаусыз қалмады. Мәлік Ғабдуллин “Қызыл Жұлдыз”, “Қызыл Ту”
ордендерімен марапатталады. 1943 жылғы 30 қаңтардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі
төрағасының жарлығымен оған “Кеңестер Одағының Батыры” атағы берілді.
Майданның әр қас-қағымы сергектікті, жинақылықты, сақтықты, өлімнен
қорықпауды, жанқиярлықты қажетсінетін қатал талабын генерал-майор Панфилов,
Момышұлы ағасы, командир Шуть, полковник Капров, Манап Мусин, капитан
Гундилович, батальон саяси жетекшісі Клочковтардан үйрене жүріп Мәлік өзі
де “ерлік мектебін” қалыптастырды.
Мәлік Кеңес Одағының Батыры атағын алған соң жауынгер жолдастары, гвардия
полковнигі Б.Жетпісбаев, А.Мұхамедияров, гвардия подполковнигі Б.Момышұлы,
гвардия капитаны М.Байсаров, гвардияның аға лейтенанты Қ.Сағындықовтар оның
ата-анасы мен жарын құттықтап, төмендегідей хат жолдайды: “Мәлік әрі батыр,
әрі жалынды сөз иесі, ұйымдастырушы, тәрбиеші. Ол жаудан беті қайтпаған,
жанып тұрған от, Алтайдың ақиығы Төлеген Тоқтаров сияқты халық батырын
тәрбиеледі. Ел сенімін ақтау деген осы да! Ер еңбегі еш кетпейді, ел ерін
бағалады. Мәлікке Советтер Союзының Геройы деген ардақты атақ беріліп отыр.
Бұған Сіздермен бірге біз де қуанамыз, шын жүректен құтты болсын айтамыз.
Мәлік сынды халық батырын тәрбиелеп өсірген ата-анаға мың рахмет!”
(“Социалистік Қазақстан”, 28.03.1943).
Мәлікке имандылық, кісіге қиянат жасамау, біреудің обалына қалмау, артық
сөйлеп, сіңірген еңбегін артық бағаламау тәрізді ізгі мінездер тән. Ол
естелігінде: “Мен майданда немістермен қолма-қол соғысқан адаммын. Көптеген
немісті атып өлтірдім. Біразын қан төбелесте бауыздап салдым. Жаудың
оншақты танкісін гранаталармен қираттым”, – деп жазады. Әрине, бір Кеңестер
Одағының Батыры жауға осынша шығын әкелсе, Гитлердің “жеңіліс көрмеген”
армиясын бірер жылда-ақ тас талқанын шығарып, тізе бүктірер едік. Ол өз
алдына ресми бөлек талдаудың тақырыбы, ал Мәліктің фашистерге тартқан
сыбағасы, бізше, сүбелілеу. Айталық, ол бастаған 13 автоматшы Ширяево
селосының маңында жаудың 5 танкісі мен 150 жендетін жоқ еткені тарихтан
мәлім. Жауды жерге қаратып, мысын құртқан дауылды жорықтар үш жылдың ішінде
неше рет қайталанғанын еске түсірсеңіз, “өрттің өзінен шыққан, ажалды
көзімен көрген, жаны да, тәні де жаралы” (М.Әлімбаев) Мәліктің қанына арық
сөйлеп, семіз шығу дарыған, қарапайым адам болғанын мойындайсың.
Оның иманжүзділігі, сөзіне ісі сайлығы Бауыржан Момышұлын да иіткен. Анау-
мынауға елпектей қоймайтын, діні қатты халық батырын оның бойына еш
жасандылық пен жамандық жуытпаған асыл текті тазалығы қызықтырады, өрімдей
жігіттің Кеңес Одағының Батыры атағын алғанына мерейі үстем боп:
Ел күйзелген кезінде,
Ерлік еткен бауырым.
Жау жағадан алғанда,
Батырлық еткен бауырым.
Ел намысын құрметтеп,
Ер намысын ардақтап.
Құтты болсын айтамын,
Шын жүректен Мәлігім, – деп еміреніпті.
Көңілі ақ, жүрегі пәк, жаны таза Мәлік Ғабдуллин ғылым адамы болғандықтан
да шығар, атқыштар взводының саяси жетекшісі болып жүріп, Кеңес әскерінің
сонау Белорусия, Украина, Кавказ, Россияның батыс облыстарында фашистерге
табан тіреп қарсылық көрсете алмай, Гитлерді желіктіріп, Кеңес үкіметінің
астанасы Москваға олардың кеудесін тәкаппар ұстап, жетіп қалғаны қатты
ойландырады. Сөйтсе, бұл Отанын сүйетін, өз ерлік тарихынан хабары бар
жанды азаптап жүрген жебір сұрақ екенін Мәлік 316 атқыштар дивизиясы екінші
батальонының саяси жетекшісі Василий Клочковпен сұхбаттасу үстінде
сезінеді. “Ротама, – дейді ол Мәлікке, – тағы да бір үлкен жауапты жұмыс
жүктеліп отыр. Мына Дубосеково разъезін қорғау, осы арадан жауды өткізбеу
міндетін алдық”. Бекзат болмыс, кісілік қасиет, батырлық мінез біткен
намысты ер, мол пішілген кең кісі Василий өз әріптесінен алдыға қойған
міндетін жасырмай, көкірегінде қордаланған, бірақ жауабын таппай,
шиеленісіп келе жатқан, ыза-кекке суарылған сауалға миы шағылып жүргенін
ыммен жеткізеді. Қызба мінезді жас политруг: “Вася, бұл сұрауды жалғыз сен
емес, бәріміз де қоямыз. Тегінде, бізде табан тіресе соғысудан гөрі, үрей
басым ғой деймін. Табан тіресе, жауды соққыға жыға соғыссақ, бұл күйге
түспеген де болар едік”, – дейді жастыққа тән ашықтықпен. Ал, өз кезегінде
Вася: “Дұрыс айтасың. Біз табан тіресе соғыса алмай жүрміз. Осы арада
жаумен табан тіресе соғысудың үлгісін көрсетсем деймін. Бұл ойымды
жігіттеріме де айттым. Бұдан әрі шегінер жайым жоқ, не өлемін, не жеңемін!
Сертім осы!” деп орнынан ұшып тұрады. (М.Ғабдуллин. Менің майдандас
достарым. “Жазушы”, 1985).
Мәлік В.Клочковтың тұла бойынан қайсарлық пен тектіліктің лебі есетін
мінезді танығанда риза болғаны сондай: “Иә, антым да, сертім де осы! Мен
де, сен де, басқалар да осылай соғыссақ, ашына арпалыссақ, бізді ала қоятын
жау жоқ. Жауды жеңудің бастамасы осы ара болсын!”. Сөйтіп, екі саяси
жетекші де не өлуді, не жеңуді ғана алдына мақсат етіп қойып, сөздерінде
тұрды. Василий Клочков өз батальонымен берілмей, табандап соғысты, жаудың
өз бойына үрей ұялатты. “Жеңілмейтін армия” жайлы аңыз адыра қалды. Есіл
ердің 28 жауынгері арыстандай арпалысып жеңілсе де, жеңіске бергісіз
қарсылық көрсетті. Бәрі де “Кеңес Одағының Батыры” атанды. Өртке шалынған
өмірбаян олардың атақ-даңқын мәңгілікпен жалғастырып кетті. М.Ғабдуллиннің
“Менің майдандас достарым” кітабын оқығанда адамға адамның қысастығы,
қиянаты төбе құйқаңды шымырлатады. Фашистердің жетегінде жүрген қарапайым
немістің де, туған жерін фашизмнің табаны былғағанына жаны күйген орыстың
да, ар мен намысты темірқазығы еткен қазақтың, әсіресе, генерал-майор
И.В.Панфилов, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлының образдары жасалынып,
ұлы Жамбыл бейнесі де жан-жақты көрінеді.
Ұлы Отан соғысы шындығын солақай пайымдайтын кей көркемдеулердің аяулы
тұлғалар жайлы дүдәмал, қайшылықты, ұшқары пікірлеріне толымды, объективті
жауапты да “Менің майдандас достарымды” байыптап, алғаусыз көңілмен,
саралай сұхбаттасқандар табары анық.
Ол сөзімен де, ісімен де жауынгерлерге үлгі болатын саяси басшы ретінде
көрінгендіктен, жоғары жақ оны 1943 жылдан бастап Калинин майданы
басқармасына қызметке көтереді, көп кешікпей Қызыл Армияның саяси Бас
басқармасының үгіт бөліміне ауыстырады. Өзі – Кеңес Одағының Батыры. Егер
қаласа, әскери салада қызметте жоғарылай түсуге еш кедергі жоқ еді. Оның
атақ, даңқы Одаққа мәшһүр. Қай жерде, қай салада болмасын ізгілік, әділдік,
адамгершілік мәселесі төңірегіндегі ұсыныс, пікірлерін тыңдатып, орындатуға
сөзі өтеді. 1946 жылы Мәлік әскери қызметінен босап, елге оралады. Елі оны
төбесіне көтеріп, көп кешікпей КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына
ұсынады. Мәлік бұл ұсынысты ерін бауырына ала, тулап қарсы алады. “Менен де
батырлығы үлкен Бауыржан Момышұлы неге тізімде жоқ. Мен жолымды сол кісіге
беремін. Менен гөрі халық қалаулысы болуға Бауыржан лайық”, – деп ағасының
жолын кесуді оң көрмейді...
Мәлік ерте есейді. Бәлкім, “күлдір-күлдір кісінетіп күреңді мінер” жиырма
бесі жігіттік өнері сыналар әскери қызметпен өтіп, серкелік міндетін мінсіз
атқаруға мәжбүрлеген де болар.
Ол да Бауыржан ағасындай темір өзек жауынгер болғандықтан, шовинизмнің
қайраулы қылышы мойнынан төніп тұрса да ұлтжандылығынан шегінбей, ел
тізгінін ұстаған азаматтардың шен-шекпен жолында халқына осқыра қарайтын
мінезін ұнатпаған. “Хас жақсының белгісі – әрі мырза, әрі құл”. Бауыржан
ағасы тәрізді қазақ болғанын бақыт санап жүрген Мәліктердің артынан сөз
ерсе, ұлтжандығы, ұлтын сүйіп сол үшін отқа түсіп, шовинизмнің аязына үсіп,
шоғына қарылса да бас имейтін тектілігі, халқына мінсіз қызмет етіп, құлы
болуына құлдық ұруында. Дұшпандары оның ұлтшылдығын басты міні санап,
өсектің қыңсылаған үнін емен есіктерден бұралқы күшіктей енгізіп жіберді ме
екен, кім білсін, ҚК(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай
Шаяхметке жетсе керек. Осыны естіген Мәлік дөкейдің өзіне көкейіндегісін
күлбілтелемей: “Мен қазақпын деуімде өз ұлтымды басқа ұлттардан асыра
мақтау емес, мен өз ұлтымның перзенті екендігімді түсіндіру, тамшы қаным
қалғанша өз халқымның мүддесі үшін күресуге әзірмін. Мен – халық ұлымын.
Халықтың киесі бар. Жалған дүниеде ең ізгі, ең асқақ, ең таза нәрсе – өз
халқының қызметшісі болу”, – деп не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену процесі
Мәлік Ғабдуллин
С. Негимов фольклортанушы
Зеренді өңірінің мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштері
Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстандықтардың ерлігі көрсету
Орыс хан заманы. (Урус хан, Урус-хан узбеки, Ұрыс хан, Арыс хан, Өріс хан)
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі
9 мамыр
Пәндер