Аурулардың жіктелу негіздері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Ауру алды туралы түсінік
Ауру алды дамуына келтіретін жағдайлар
Жүктемелі сынамалар арқылы ауру алдыны анықтау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Нозология (гректің nosos - ауру, дерт, logos - ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бұл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.
Ауру -- деп тұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып - бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдайын айтады.
Ауру түсінігі:
* дерттік серпіліс (патологиялық реакция),
* дерттік үрдіс(патологиялық процесс),
* дерттік жағдай(патологиялық жағдай) деген түсініктерге жақын тұрады.
Негізгі бөлім
Дерттік серпіліс - организмнің немесе оның кейбір жүйелерінің әдеттегі немесе ауру туындататын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауап қайтаруы. Мәселен, көпшілік адамдар елей бермейтін, назар аудармайтын шаң, өсімдік тозаңдарына т.б. заттарға кейбір адамдар түшкіріп, көзінен жас ағып жауап қайтарады. Кейбір адамдарда дәрілердің әсерінен анафилаксиялық сілейме (шок) дамиды.
Дерттік үрдіс - деп ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне, заңды түрде пайда болатын, тіндер мен ағзалардағы әрі зақымдану, әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің жиынтығын айтады. Мәселен, тез дами- тын кейбір тіңдердің қабынуы. Бұл кезде кейбір ағзалар мен тіндердің құрылымы мен қызметінің бұзылыстары жалпы организмнің ауруына әкелмейді.
Дерттік жағдай - деп организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқуды айтады. Ол өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс немесе оның салдары. Мәселен, тері мен шелмай өзектерінің қабынуы дерттік үрдіс болады. Осы қабынудың нәтижесінде организмде көпте- ген жыл сақталатын тыртық жиі дамиды. Тыртық тінінде басқа тіндердегідей зат алмасуы өтеді. Тыртық сылбыр өтетін патологиялық үрдіс, басқаша айтқанда дерттік жағдай және ол мида, жүректе, бауырда т.б. ішкі ағзаларда қалыптасуы мүмкін.
Аурудың 3 түрлі нышандары:
+ тұлғалық әйгіленімдері (субъективтік симптомдары) немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі;
+ дерттің айғақты әйгіленімдері (объективтік симптомдары);
+ қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі.
Аурулардың жіктелу негіздері:
+ Пайда болу себептеріне қарай
+ Даму жолдарына қарай
+ Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай
+ Дерттің арнайы өзгерістерінің денедегі деңгейіне қарай
+ Науқас адамдардың жасына қарай
+ Жынысына қарай
Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі кесепаттардан дамитын болады. Жүре пайда болған аурулар: жұқпалы (инфекциялық) және жұқпалы емес (бейинфекциялық) болуы ықтимал.
Даму жолдарына қарай оларды: тектік, аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, өспелік, жүйкелік-реттелулік, жүйкелік-дистрофиялық т.б. аурулар деп ажыратады.
Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай:
+ қауырт,
+ жіті,
+ жітілеу,
+ созылмалы (сүлде) ауруларға ажыратады.
Қауырт ауру 4 тәулік ішінде, жіті ауру 5-14 тәулік аралығында, жітілеу ауру 15-40 тәулік аралығында, созылмалы ауру бірнеше ай - жылдар бойы өтеді.
Дерттің арнайы өзгерістерінің денедегі деңгейіне қарай: молекулалық, хромосомалық, ағзалық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz