Тривиалды атаулар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Тривиалды атаулар
2.2 Дәрілік заттардың тривиалды атауларының жасалу тәсілдері.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе
Дәрілік зат -бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат.
Дәрілік зат немесе фармацевтикалық субстанция (лат. substantia pharmaceutica) - синтез нәтижесінде алынған химиялық қосылыс, немесе биологиялық белсенді заттан арнайы өңдеу арқылы жеке түрде бөлінген өсімдіктен, минералдан, жануарлардан алынатын шикізаттан, сондай-ақ бактериялар мен саңырауқұлақтардың өмірлік маңызды өнімдерінен алынады. ХХ ғасырдағы ең үлкен жетістігі, синтетикалық жолмен дәрілік заттарды өндіре бастауы болды.
Дәрілік зат зертханалық синтезіннен бастап нарыққа фармацевтиклық тауар ретінде тұтыныста болуы, ұзақ әрі қиын процесстердің бірі.
Осы жолдың негізгі кезеңдерінде химиялық зертхана - фармацевтикалық нарық, әдетте, дәрілік затқа екі атау беріледі: біреуі - ғылыми химиялық немесе жүйелі, екіншісі - тривиалды (шартты).

Дәрілік заттың химиялық атауы.

Молекуланың құрамы мен құрылымын анықтағаннан кейін органикалық зат сәйкес химиялық формулалармен сипатталады - рациональды немесе құрылымдық. Осы негізде органикалық затқа ғылыми химиялық немесе жүйелік атау беріледі (лат. nomen chemicum, англ. chemical name).
Заттың бір ғана ғылыми атауы болуы керек. Ол органикалық химияның халықаралық номенклатурасының (IUPAC) ережелеріне сәйкес тұжырымдалады.

ІІ Негізгі бөлім
Тривиалды атаулар

Мұндай ұзақ және күрделі химиялық атауларды дәрілік заттардың атына қолдану іс жүзінде мүмкін емес екені айқын. Олар дәрілерді тұтынушылар үшін ғана емес, дәрігерлер мен фармацевттер үшін де байланыс құралы, ақпарат құралы бола алмайды. Сондықтан дәрілік заттардың атаулары ғылыми емес, жүйелі химиялық атаулар емес, тривиальды (латынша triviālis - қарапайым) атауларды қолданған жөн. Тривиальды атаулардың ешқандай ғылыми классификация жоқ, бірақ олар дәрілер айналымымен айналысатын барлық субъектілер үшін ыңғайлы.

Дәрілік заттардың тривиалды атауларының жасалу тәсілдері.
Дәрілік заттардың тривиалды атауларының жасалу жолдары алуан түрлі. Сөз құраушы негізі құрылыс материалы - сөз, сөз құраушы элементтер, түбір және грек, латын сөздік бөліктері болып табылады. Мысалы: apisarthronum (грек. Apis+ arthron ара уы) буын суықтағанда пайдаланылады.

Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары
Көптеген дәрі-дәрмектердің атаулары химиялық қосылыстар болып есептелінеді. Мысалы, мыс оксиді, фоли қышқылы. Бірақ, олар дәрі-дәрмектердің номенклатурасында ғылыми жүйелі атаулар емес, тривиальді (латын trivialis - дағдылы, әдеттегі) атаулар сияқты қолданылады.
Ғылыми, яғни жүйелі атаулар дәрі- дәрмектердің химиялық құрамын қамтып көрсетеді.
N
Жүйелі ғылыми атауы
Тривиальды атау

1-Фенил - 2,3- диметил -4 метиламино-пиразолон - 5 - метансульфонат натрия
1. Анальгин

Транс - 9,13 - Диметил - 7 - 11,15 - три метилциклогексен - 5 мл - 6 нона-тетраен - 7,9,11,13 ол
2. Ретинол
(Витамин А)

Дәрі-дәрмектердің ғылыми (жүйелі) атаулары күрделі болғандықтан күнделікті қолдануға ыңғайсыз. Соған орай, қысқа, және түсінікті болу үшін тривиальды атаулар қолданылады. Тривиальды атаулар - бір немесе бірнеше белгілерінен негізделген жасанды жаңа сөздер. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атауларында мынандай белгілер болуы мүмкін: заттың неден жасалғаны, химиялық құрамы, синтез жолының түрі, терапевтік әсері, фармацевтикалык тобына қатыстылық анатомиялық немесе физиологиялық жағынан сипаты , кездейсоқ ассоциациялар.

Тривиальды атаулардың жасалу моделі

Жұрнақталу
Menth + ol + um
түбір + жұрнақ+ жалғау
Atrop + in + um
түбір + жұрнақ+ жалғау
Ментол
Атропин
Қосымша арқылы
Аn + alg + in + um
приставка +түбір+жұрнақ + жалғау
Анальгин
Түбірлердің бірігуі арқылы
Арі + lас + um
түбір + түбір + жалғау
ара + сүт + жалғау
Апилак
Аббревиатура (қысқарған) сөз)
А. Т. Ф.
Аденазинтрифосфор кышқылы

Синтетикалық дәрілік заттардың тривиальды атаулары
Қазіргі дәрілік заттардың басым массасы - бұл химиялық синтездің әртүрлі әдістерімен, соның ішінде биотехнологияны және гендік инженерияны қолданумен құрылған заттар. Нәтижесінде синтетикалық, биосинтетикалық және жартылай синтетикалық заттар алынады, мысалы кейбір гормондар, антибиотиктер, витаминдер, ферменттер және т.б.
Аббревиатура (латынша abbrevio-қысқартылған), өздігінен құрастырылған- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Дәрі-дәрмектер тривиальдық атауларының жасалыну әдістері және атауларды берудегі тәжірбие
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі атаулары
Дәрілік заттардың тривиальды атаулары
Фармацевтикалық терминология
Тривиалдық атаулар
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы
Ферменттер. Гидролазалар: жіктелуі, негізгі тобы
Тудырушы негіз
Гетероциклды қосылыстардың құрылымы
Пәндер