Негізгі дәрілік қалыптар


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы
Реферат
Тақырыбы : Негізгі дәрілік қалыптар.
Орындаған: Тұрсынбай Б. А.
Тобы: В-ФҚ-05-18
Қабылдаған: Қасымбекова А. Н.
2020ж
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Дәрілік формалардың классификациясы
2. 2 Рецепт және олардың жазылу ережелері
2. 3. Дәрілік қалыптарды жазудағы септіктердің рөлі
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
Дәрілік зат -бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік заттар адам баласына ертеден белгілі. Дәрілік заттар жайлы еңбек жазған - Гиппократ, Галеннің және Ибн Синаның еңбектері дәрілік өсімдіктерді зерттеуге, дәрілік заттарды жасап дайындауға үлесін тигізген. 19 ғ-дын ортасында Фармокология ғылымы дамыды. Осыған байланысты аспирин, фенацитин, кокаин, ұйықтататын, сезімсіздендіретін дәрілік препараттар т. б. шыға бастады.
Қолдануына байланысты дәрілік заттар бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, антибиотиктер, антисептикалық дәрі-дәрмектер, қызу басатын дәрі-дәрмектер, наркоз дәрілер және т. б. Бұл жіктелуді фармакологиялық жіктелуі деп атайды.
Бұдан басқа дәрілік заттар қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа, тамырға құйылатын, бұлшық етке салынатын т. б. ), шығару қалыпына байланысты (ұнтақ, таблетка, пилюля, микстура, тұнба, тұндырма, ерітінді, паста, крем, май тәрізді т. б. ),
Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.
Қатты түрдегі дәрілік формаларға :таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі.
Сұйық түрдегі дәрілік формаларға: ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады.
Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға: майлар, паста мен ем балауыздар жатады.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Дәрілік формалардың классификациясы
Қазіргі кезде дәрілік формалардың классификациясының төрт түрін қолданады: агрегаттық күйі бойынша, қолдану тәсіліне немесе дозалау әдісіне байланысты, ағзаға енгізу тәсіліне байланысты, дисперсологиялық.
Ағзаға енгізу әдісіне байланысты келесі дәрілік формаларды ажыратады:
1) пероральді - ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, тұнбалар, қайнатпалар, ұнтақтар, дәрілер, желе, гранулалар, капсулалар, микрокапсулалар.
2) инъекционды - еріту және имплантация үшін арналған ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, ұнтақтар, дәрілер.
3) ингаляционды - аэрозольдар, инхалерлар.
4) сублингвальды - драже, дәрілер, капсулалар.
5) перкутанды - мазьдар, кремдер, линиментер, пасталар, көбікті және көбік
түзгіш аэрозолдар, жабыстырғыштар.
6) ректальды - суппозиториялар, капсулалар, мазьдар, азрозолдар, микроклизмалар.
7) вагиналық - суппозиториялар, дәрілер, түйіршіктер, эмульсиялар, суспензиялар.
8) көздік - ерітінділер, мазьдар, қабықшалар, қарындаштар.
Агрегаттық күйі бойынша дәрілік қалыптар:
- Қатты
- Сұйық
- Жұмсақ
- Газ тәрізді
Қатты дәрілік қалыптардың классификациясы:
- Таблетка - Тabuletta
Таблеткалар - мөлшерленген дәрілік нысан, пресстеліп алынатын дәрілік заттар мен қосымша қосылыстардан тұратын; ішкі, сыртқы немесе инъекционды (еріткіште еріген кезде) қолданылуға арналған.
- Гранула - Granulum
Гранула - қатты дәрілік форма, капсуланың ішінде болатын майда бөлшектер.
- Ұнтақ - Pulvis
Ұнтақ - бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын, ішке немесе сыртқа қолдануға арналған қатты дәрілік түр.
- Драже - Dragée
Драже - ішкі қолдануға арналады, дәрілік заттарды бірін үсті бірін қатпарланып гранулалар жасалынады. Бір драженың құрамында 10-ға дейін дәрілік препараттар болады.
- Капсула - Capsula
Капсула - қатты немесе жұмсақ желатинді қабықтан тұратын мөлшерленген дәрілік түр.
- Пилюля - Pilula
Пилюля - бұл салмағы 0, 1-ден 0, 5 г-ға дейінгі тығыз шариктер түрінде ішке қабылдауға арналған мөлшерленген қатты дәрілік түрі. Массасы 0, 5 г жоғары болса - болюса деп атайды, ал 0, 1 . болған жағдайда - гранула.
- Дәрілік қарындаштар
Дәрілік (медициналық) қарындаштар - қалыңдығы 4 -8 мм, ұзындығы 10 см жететін дөңгелектенген цилиндрлік таяқшалар.
- Дәрілік пленкалар
Дәрілік пленкалар - полимерлі, қабыршақты дәрілік формалар.
Жұмсақ дәрілік қалыптардың классификациясы:
- Жақпа май - Unguentum
Жақпа май - теріге, жараларға және шырышты қабықтарға жағуға арналған, сыртқы қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түрі.
- Паста - Pasta
Паста - жақпа майдың құрамында 20-25% ұнтақ тәрізді заттардың болуы.
- Суппозиторий - Suppositorium
Суппозиторий - бөлме температурасында қатты, дене температурасында еритін немесе ыдырайтын, дене қуысына енгізу үшін қолданылатын мөлшерленген дәрілік түрлер.
- Пластырь - Emplastrum
Пластырь - теріге жабысу қабілеті бар, сыртқа қолдануға арналған дәрілік түр.
Сұйық дәрілік қалыптардың классификациясы:
- Суспензия - Suspensio
Суспензия - сұйық дәрілік түр- суда, глицеринде, сұйық майда және т. б. суспендирленген, бір немесе бірнеше қатты дәрілік заттар бар дисперсиялық жүйе болып табылады.
- Ерітінді - Solutio
Ерітінді-тиісті еріткіште сұйық, қатты немесе газ тәрізді заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түрі. Ерітінділер ішке және сыртқа қолдануға, сондай-ақ инъекция үшін қолданылады.
- Эмульсия - Emulsum
Эмульсия-екі немесе бірнеше өзара еритін біреуі екіншісінде эмульгирленген дисперсиялық жүйе болып табылатын, дозаланбаған сұйық дәрілік түрі. Эмульсиялар ішке және сыртқа қолдануға, сондай-ақ инъекция үшін қолданылады.
- Тұндырма - Tinctura
Тұндырма-дәрілік өсімдік шикізатынан спирттік, Сулы-спирттік немесе спирттік-эфирлік бөлінулер болып табылатын, экстрагентті қыздырусыз және алып тастамай алынған, дозаланбаған сұйық дәрілік түрі.
- Сироп - Sirūpus
Сироп-құрамында дәрілік заттар, бояғыштар, дәмдік және хош иістендіргіш қоспалар бар концентрацияланған сахароза сулы ерітіндісі болып табылатын дәрілік түрі.
Газ тәрізді дәрілік қалыптардың классификациясы:
- Аэрозоль - Аërosolum
Аэрозоль-клапанды-тозаңдату жүйесімен жабдықталған герметикалық қаптамадағы дәрілік заттардың ерітінділері, эмульсиялары, суспензиялары болып табылатын дәрілік нысан.
Ең көп қолданылатын рецептуралық формалар
2. 2 Рецепт және олардың жазылу ережелері
Рецепт- дәрігердің дәрі жасап беру туралы дәріханаға немесе фармацевке жазбаша түрдегі өтініші. Рецепт - қандай заттарды қанша мөлшерде алу қажеттігін, дәріні қандай формада дайындау керек екенін, дәрі кімге арналғандығын және оны қалай қабылдау керек екенін көрсетіп, дәрігердің немесе фельдшердің аптекаға жазған қолжазбасы.
1. Әрбір ресми документ сияқты рецепті анық және таза етіліп, ешқандай жөндеусіз, бір рет қағаздың 1/16 бөлегіне тең 8 х 16 см-лік көлемі бар бланкіге сыямен жазылады. Кейбір айрықша жағдайда рецепті сыялы карандашпен де жазуға болады.
2. Әрбір дәрілік зат латын әріпімен, Жана жолдан басталып ілік септігінде жазылады. Керекті заттың аты бір жолға сыймаса, оның жалғасы келесі жолдың оң жағынан сәл аттап түсіп барып жазылады.
3. Дәрілік заттын салмағы граммен көрсетіліп, ондық бөлшек түрінде жазылады. Бүтін сандар үтір арқылы нолмен аяқталады, ал бөлшек сандар бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Мысалы: 0, 5; 2, 5; 5, 0; 20, 0. Заттың дозасы араб цифрларымен жолдың оң жағына жазылады. Егер заттың дозасы туралы нұсқау бір жолға сыймаса, оны келесі жолдың оң жағына үстіңгі жолдағы зат дозасының астына дәл келетіндей жазу керек. Кейде керекті заттың мөлшері қарасөзбен жазылады.
Жекеленген жағдайларда дәрілік заттардың мөошері миллилитрмен (мл), литрмен (л), килограммен (кг) немесе әсерлік бірлігі (Ә. Б. ) түрінде беріледі.
4. Бірнеше затты тең мөлшерде жазуы жиі-жиі кездесіп тұрады, бұл жағдайда соңғы заттың жанына āā яғни ana -тепе-тең (бірдей мөлшерде) деген сөз жазылады, егер ертінді құйылса, онда ad ( мөлшерге дейін) деген сөз жазылады.
5. Сонымен, рецепт recipe деген сөзден signetur дейін латын тілінде жазылады. Содан кейін дәрінің қолдану тәсілі (signatura) мен оның кімге тағайындалғандығы (nomen aegroti) орыс тілінде немесе жергілікті халық тілінде жазылады.
6. Рецепт кейде бланкінің бір жағына сыймайды, мұндай жағдайда бланкінің төменгі жағына verte - аударып қара деген сөз жазылады да, рецептіні екінші бетінен жалғастырып жаза береді.
7. Дәріні тез алу керек болған жағдайда бланкінің оң жақ бұрышының жоғарға жағына cito (тез) немесе statim (дереу), немесе citissime (мүмкінділігінше тезірек) деген сөздер жазып, олардың асты сызылып, леп белгісі қойылады (Cito !) . Кейде дәріханаға бір рецепт бойынша дәріні екі-үш рет босату туралы нұсқау беруге тура келеді, ондай жағдайда бланкінің бос жеріне repetatur (қайталаңыз) немесе bis repetatur (екі рет қайталаңыз) деген сөз жазып, леп белгісін қойып, күнін көрсетіп, қол қойылады, ал улы немесе күшті әсер ететін зат жазылса, мөр басылады, егер уға қарсы рецепт жазылса, онда (Antidotum!) деген сөз жазылады. Кейде рецепте дәрінің тәуліктік немесе бір мезгілдік дозасын фармакопеяда қаралған белгілі мөлшер түріне немесе оның жасына сәйкес дозадан артық көрсетуге тура келеді, ондай жағдайда заттың мөлшерін қарасөзбен немесе санмен жазады, соңына леп белгісін қойып, астын сызады. Егер мұндай нұсқау көрсетілмесе, дәріхана фармакопеяда қаралған дозаның жартысын жібереді.
8. Кейбір заттар жарық, ылғал, ауа тағы басқалардың ықпалымен өзгереді, ондай жағдайда аптекаға дәріні қандай затқа орап жіберу туралы рецептіде нұсқау көрсеткен жөн. Егер дәріні күңгірт шөлмекке салып жіберу керек болса, detur деген сөзден кейін in vitro nigro, немесе парфиндалған қағазға in charta paraffinata, яғни ad chartam paraffinatam т. с. сыяқты сөздер жазылады.
9. Бір рецепт бланкесіне бірнеше рецепт жазу жиі кездесіп тұрады, ондай жағдайда олардың арасына айыру белгісі қойылады #.
10. Бір рецептік бланкіде бір ғана улы дәрілік зат немесе 2-3 жай әсер ететін дәрілік заттар жазылады. Әрбір рецепт жаңа жолдан Rp: деген сөзден басталып сигнатурамен аяқталады.
11. Жоғарыдағы аталған ережелерге сай емес, немесе құрамында керегер әсер етуші заттары бар рецептер жарамсыз деп табылады.
Рецептіні дұрыс жазу үшін оның құрамымен қатар зат есімімен сың есімінің латын тіліндегі ілік септеу жалғауларын білу керек.
2. 3. Дәрілік қалыптарды жазудағы септіктердің рөлі
1. Құрамы комбинирленген дәрілік препарат, тырнақшаға орналастырылған сауда атауы және көбінесе қысқартылған атау беріледі: мысалы, «Codterpinum» таблеткалары «Кодтерпин»; «Neo-anusolum» суппозиторийі «Нео-анусол» суппозиторийлері. Дәрілік препараттардың сауда атауы жекеше түпде атау септіігінде тұрадыұ Әдетте, доза көрсетілмейді, өйткені ол стандартты.
2. Егер таблеткалар бір белсенді дәрілік субстанциядан тұрса, онда дәрілік заттың формасы көрсетілгеннен кейін оның атауы ілік септігінде тұрады, одан кейін дозаны белгілейды; мысалы Tabulettae Cordigiti 0. 0008 таблетка кордигит 0. 0008.
3. Егер суппозиторий бір белсенді дәрілік субстанциядан тұрса, онда оның атауы алдын-ала қолдана отырып дәрілік форманың атауына қосылады және cum предлогы дозамен бірге қосылып жазылады; мысалы: Cordigito cum 0. 0012 шамымен 0, 0012 шамымен суппозитория.
4. Таблеткалар мен суппозиторийлерді рецепт бойынша қысқартылған түрде тағайындаған кезде дәрілік форманың атауы табыс септігінде көпше түрге салынады. (tabulettas, tabulettas obductas, suppositoria, supositoria rektalia), өйткені ол дозадан гөрі грамматикалық тұрғыдан Recipe тәуелді. Сол сияқты табыс септігінде де б. офтальмикалық қабықшалар тағайындалады (lamellae ophthalmicae) : дәрілік заттың атауы абляцияға енгізілген cum предлогты қолдана отырып енгізіледі, мысалы:
Рецепт: Lamellas ophthaimicas cunm Florenalo numego 30 300
5. Қысқартылған әдіспен таблеткалар мен суппозиторийлер бір құраммен болған жағдайда, дәрілік заттың атауы Acc. sing. (tabulettam, supositorium) Бұл жағдайда рецепт Da (Dentur) tales doses numero . . . стандартты жазылумен аяқталады
Мысалы:
Recipe: Tabulettam Digoxini 0. 0001
Da tales doses numero 12
Recipe: Supositorium cum Ichthyolo 0, 2
Da tales doses numero 10
6. Сонымен қатар дәрілік субстанцияның атауы және оның бір реттік дозасы көрсетілген таблеткалардың рецепті, таблетка санының стандартты тұжырымындағы Da (Dentur) tales doses numero . . . in tabulettis-та жазылуымен аяқталады. - Мұндай мөлшерді таблеткалар түрінде беріңіз, мысалы:
Recipe: Digoxini 0, 0001
Da tales doses numero 12
ІІІ Қорытынды
Invia est in medicina via sine lingua Latina. - Латын тілінсіз медицинаны елестету мүмкін емес. Дәрілердің аттары олардың формалары бәріде латын тілімен тығыз байланысты болғандықтан, біз латын тілінде орфографиялық және орфоэпиялық ережелерді сақтай отырып, дұрыс жазып, дұрсы дәрілік препарттардың атын атай білуіміз қажет.
Фармацевттердің мамандығы дәрігерлер сияқты адамдардың денсаулығын сақтаушы, дәрілерді ұсынушы болғаннан кейін, өз мамандығымызға байыпты қарауымыз қажет. Рецеттерді дұрыс оқи білуіміз қажет. Рецепт арқылы фармацевтпен дәрігер қарым-қатынас жасайды. Рецепттің дұрыстығынан біз маманның кәсібилігі жайлы сөз қозғай аламыз.
Сонымен, жалпы рецептура - фармакологияның бөлімі болып саналады. Рецепттерді дұрыс жазылып, тиімді қолдануын тексеріп, бақылайды. Қандай да болсын рецептті жазу үшін міндетті түрде барлық белгілі дәрілік формулады ажырата алу қажет және олардың әрқайсысын қандай жағдайда қолдану тиімді екенін білу өте маңызды. Сондай-ақ, әрбір дәрігер, әсіресе фармацевт өз елінің фармакопеясында жазылған заңдылықтарды қатаң ұстануы тиіс.
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
1. М. Н. Чернявский Латинский язык и основы фармацевтической
терминологии. М. : ГЭОТАР-Медиа, 2015
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz