Ірі қара гигиеналары
Ірі қара гигиенасы
Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте зор. Сол себепті дұрыс күтіп-бағу жолдары мен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру - қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Сондықтан бұл тарауға ірі қараны ұстап-бағу жүйелері мен күту әдістері толық баяндалып, олардың жынысына, жасына және пайдалану мақсатына қарай азықтандыру, суару, сауу, өсіру және бордақылау ерекшеліктері қорытындалған.
1.1. Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі - ірі қара шаруашылығы. Халықты азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен (ет, сүт және т.б.) қамтамасыз ету осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту, селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл өсіру, малдың сан-салалы ауруларымен күрес, сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты міңдет болып табылады.
Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп мал шаруашылықтары орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын айтады. Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және қолда күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Сиырды байлап және байламай ұстау әдістері пайдаланылады. Соған орай, ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарынан бастап, малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқызатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Қолда-жайылымда ұстау сауын сиыр шаруашылығында анағұрлым кең тараған жүйе. Қолда бағу кезеңіңде мал қора-жайда, ал жайылым кезеңінде жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады. Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық жағдайына толық сай келеді. Ӛйткені, бұл жағдай сиырдың табиғи түрде қанын таратып, ұдайы өсу қызметін жақсартады. Себебі, мұндайда мал еркін жүріп, күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, витаминге, микроэлементке бай аса құнды шөпке жайылады. Жайылым кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі артады, қыстыкүні қолда бағылған кездегі кейбір ауру-сырқаудан өздігінен айығады.
Қолда-лагерьде бағу жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл жағалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ, сауын қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оң әсерін тигізеді және ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі фермада жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-санитариялық сақтық шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Қолда (қолда-серуендетіп) бағу жүйесінде мал жыл бойы ферма қорасы мен серуендету алаңында ұсталады. Бұл әдіс мал көп шоғырланатын сүт және ет өндіретін шаруашылықтарда қолданылады. Мұндай жүйе кезінде малды жайылымда ұстау тиімсіз деп табылады. Керісінше, бұл кезде мал қалқаларда серуендетіліп, шабылған көк балаусамен азықтандырған орынды және экономикалық жағынан тиімді деген тұжырым бар. Алайда, мұндай жүйе кезінде азықтандыру, күтіп-бағу технологиясы бұзылса және уақытылы серуендетілмесе мал түрлі ауруларға (көбіне жаппай) шалдыққыш келеді. Республикамыздың тұрақты аймақтарындағы шаруашылықтарда малды жыл бойы қолда серуендетіп, ал таулы аймақтарында қолда-жайылымда ұстау қалыптасқан.
Сиырды күтіп-бағу әдістері. Дүние жүзі тәжірибесінде барлық жерде сауын сиырларды күтіп-бағуды байлап және байламай бағу деген екі әдісі қолданылады.
Сиырларды байлап бағу (24-сурет) кезінде еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл технологиялық операциялар механикаландырылады, жартылай автоматты бас жіптер, сүт түтіктері қолданылады, сиыр сауын алаңында сауылады, азық үлестіру мен қи шығаруға механикаландырылған құралдар пайдаланылады.
Малды күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде шаруашылық мам андары мен мал күтушілерге
олардың денсау лығы мен өнім ділігін бақылау жеңіл. Тұрақты азықтандыру және суару, тыны ғу және сауу орнының болуы, жылы да құрғақ төсеніш құр ылғы, кең де жарық, жақсы жел-
24-сурет. Сиырды байлап ұстау. детілген қора-жай, жеке-жеке азықтандырып, сауу, тағы басқа
операциялар күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде сиырлардың өнімділігін тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Малды байлаусыз күтіп-бағудың әдісі еңбек шығынын аздап кемітеді, еңбекті көп қажет ететін процестерді өте жақсы механикаландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бұл әдіс өте көп қолданылады. Бірақ байлаусыз бағып-күтуге қыстыкүні микроклимат реттеуге келетін жақсы қора-жай, жеткілікті түрде төсеніш, қатты еденді серуендету қорасы, механикаландыру құралдары керек. Сонымен бірге малды топтарға бөлу қажет.
Қазіргі кезде малды байлаусыз бағып-күтудің екі түрі қолданылады. Олар - қалың төсеніш үстінде бағып-күту және бокстарда төсенішсіз бағып-күту.
Сиырларды қалың төсеніш үстінде байлаусыз бағып-күту шетелдерде өте кең тараған. Бірақ бізде ол онша қолдау таба қойған жоқ. Басты себебі - төсеніштің (сабан) жеткіліксіздігі, қора-жайға микроклимат қалыптастырып, жақсы санитариялық жағдайда ұстап тұрудың қиындығы.
Көбіне, бокстарда байлаусыз бағу әдісі қолданылады. Азық ленталы транспортермен таратылса, сауу қондырғыларымен сауылса, қи тор еденнен дельта-ысырғышпен шығарылса, негізінен сүт өндірудің өнеркәсіптік технологиясын қанағаттандырады.
11.2. Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын
санитариялық-гигиеналық талаптар
Ірі қара фермасы өндірістік бағыты, экономикалық және климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:
асыл тұқымды мал фермасы - негізгі мақсаты жаңа тұқым шығару және қолда бар ірі қара тұқымын жетілдіру, аса бағалы асыл тұқымды төл өсіру;
тауарлы ферма - сүт, сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет өндіреді;
одан әрі өсірілетін, яғни табын толықтыратын (тауарлы фермалар үшін) төл өсіреді;
ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.
Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп-бағу әдісі мен ферманың бағытына қарай 50, 100 және 200 сиырлық қоралар, жаңа туған бұзаулар үшін профилакторийлер мен бұзаулау бөлімдері болуы керек. Бұлардан басқа төлді одан әрі өсіретін және бордақылайтын қора-жайлар және қолдан ұрықтандыратын орын қарастырылады.
Сүт фермаларында, сондай-ақ сүт блоктары мен сауын залдары сиырды күтіп-бағу әдістеріне қарай орналастырылады.
Ірі қара шаруашылықтарын жобалау, салу және пайдалану ірі қара қора-жайларын технологиялық жобалау нормасына сай (НТП1-89) жүргізіледі.
Сиырларды байлап баққанда көп қатарлы мал орындары қолданылады. Ол үшін мал орындарының екі қатарлы жалпы азық жолымен немесе қи жолымен біріктіріледі. Әр үздіксіз қатарға 50 орыннан (секциядан) артық жасауға болмайды. Сиырлардың әрбір секциядан серуендету алаңына, серуендету-азықтандыру ауласына немесе өріске шығу ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сиыр қорасының ортаңғы немесе бүйір бөліктеріне сүт бөлімі орналастырылады. Сиыр қоралар бір қабатты етіп салынып, төбесі жылыландырылып, желдетілетін жабынмен немесе шатыр жабынымен жабылады.
Малды байлап бағылатын сиыр қоралардың еденіне өте жоғары талап қойылады. Ол мал тұратын орындарда не тұтас, не жартылай жабық торлы етіп салынады. Еден жылы болуға, жылу
2 -тан аспауы тиіс. Егер бұл көрсеткіштен сіңімділігі 12 ккалм °С асып кетсе, онда сиырлар өз денесінен еденді жылытуға көп шығын шығарады да организмнің тым сууына әкеп соқтырады. Соның салдарынан, мал өнімділігі төмендеп, азық шығыны артады. Мыса-
2 ағаш не бетон еденді жылытуға сағатына 100 лы, 12 сағатта 1 м
ккал жылу жұмсалса, жылудың жұтылуындағы айырмашылық ол калориясы бойынша 2 л сүтке сәйкес келеді.
Мал сабан төсенішсіз ұсталса, оның орнына резина төсеніштер пайдаланылады, сондай-ақ торлы едендер (пайдалану мерзімі шектеусіз) де кеңінен қолданылады.
Германия, Щвейцарияда (оңтүстік бөлігінде) көптеген мал қораларының едені ірі қара төлін ұстау үшін жарым-жартылай саңылаулы етіп салынады. Сонда малға әрі жылы, әрі ыңғайлы болады.
Еден құрылысы сиыр қорадан қи шығару әдісімен анықталады (скреперлі, штангалы, шнекті, гидравликалық және т.б.).
Сиырлар тынығу үшін арналған орынның өте үлкен мәні бар. Малды байлап баққан кезде сауын сиырларына, суалған сиырларға, тұмсаларға деген орын нормасы тауарлы фермаларда 1,7-2,3 м2-ге тең, асыл тұқымды фермаларда - 2,1-2,4 м2 (ұзындығы 1,8-2,0 м және ені 1,2 м).
Тәжірибенің көрсетуінше мал тұратын орын қысқа (110-140 см), торлы жағы ұзын (60-75 см) болса, ол орын суып, сиыр желініне зиян келтіріп, желінсауға шалдығады, тұяқтарына зақым келеді. Еденнің торлы жағының ұзындығы 40 см, саңылау аралықтары 3,5-4,5 см, сырықтарының ені 8-12 см аспауға тиіс.
Мал тұратын орын енінің еңістігі 2°С шамасында болу керек. Оның, яғни мал тұратын орынның тым қысқа болмағаны жөн. Ӛйткені, мал артқы аяқтарын бүгіп тұруға немесе орынның ең шетін басып тұруға мәжбүр болады. Содан тайғанақтай береді. Соның салдарынан тұяқтары ауруға шалдығады.
Мал тұратын орынның әрбір қатарының ішкі жағын қуалай оттықтар қойылды. Оның ұзындығы мал тұратын орынның еніне сай келуге тиіс. Олардың үстіңгі ені 0,6 м, түбіндегі ені 0,4 м тең; алдыңғы жақтауының биіктігі 0,3 м, мал мойнын салатын ойықтары 0,1 м, ал артқы жақтауының биіктігі 0,60-0,75 см-ге тең. Оттықтардың түбі мал тұратын орынның табанынан 5-7 см биік болуы керек.
"Бас жіп" конструкциясы сиырдың жатып-тұруына ыңғайлы болуға тиіс. Қазір Грабнердің қысқа жеке-жеке "бас жібі" мен Калмыковтың тіркемелі жүйесі кең тараған.
Сауын малына автоматты "бас жіп" сенімді әрі ыңғайлы да қауіпсіз. Бұл жабдықтар малды оттық алдында жеке-жеке автоматты түрде шешілуін, яғни босауын қамтамасыз етеді.
Сиыр қораның оңтүстік жағы - нан серуендету алаңы салын ады. Қатты төсенішті серуендету - ңында әр сиырға 8 м2, ал алақатты төсеніш болмаса 15 м2 бөлінеді (25-сурет). Серуендету алаңынан қи арнайы құралдар мен шығарылады.
Малды байлаусыз бағып -
25-сурет. Сиырды серуендету алаңы. күтілетін сиыр қоралар. Қалың төсенішті мұндай қоралардың
төрт түрі бар. Олар: жаппа түрінде, жартылай ашық, арнайы есіктен серуендету алаңына сиыр еркін шыға алатын жылытылмаған жай және мал мезгілімен ғана шығарылатын жылытылған жай.
Бұл сиыр қоралардың алғашқы екеуі Оңтүстік Қазақстанда, жылытылғандары ауаның сыртқы температурасы - 10С және одан да суық болатын аудандарда салынады.
Жылытылған қоралардың еденіне төсеніш төселеді.
Сиыр қоралар жасы мен тәуліктік сауылатын сүтіне қарай бөлінген әрқайсысы 50-60 сиырлық секцияларға бөлінеді. Әрбір мал тобының бір сиырға 4-5 м2 есебінен тынығатын орны болуы керек. Сиырлар көбінесе, серуендету алаңында тынықтандырылады. Серуендету алаңы әр сиырға 8-15 м2 келетіндей есеппен жасалады. Сол алаңға суды электрмен жылытатын (жағдай болса) топтық автосуат орналастырылады.
Қора-жайда өкпек жел соқпас үшін бір қабырға (бойлық) қақпақсыз салынады. Суық ауа тартпас үшін қора-жайға есік салынатын ойыққа ауа бүркенішін жасау тиімді.
Сиыр қоралар барынша табиғи жолмен желдетілуі тиіс.
Төсенішті әр малға 3-5 кг мөлшерінде тәулігіне бір рет қосымша төсеп отырады. Қи жылына 1-2 рет қана шығарылады. Барлық серуендету алаңы қатты төсенішті етіліп, канализация басқышына қарай 3-4 градус еңкіштікпен жасалады.
Германияда малы байлаусыз бағылатын сиыр қораларды 20-30 сиырға арнап салу ұсынылады. Мұндай шағын қора-жайлардың малы байлап бағылатын дәстүрлі қора-жайлардан әлдеқайда артық.
Бокстар мөлшері мал еркін сыятындай, ал қи ол орынды ластамайтындай болуға тиіс. Ол үшін бокстың ұзындығы 1,9-2,1 м, ені 1-1,2 м болуы, ал едені қи торынан кем дегенде 15-20 см биіктікке салынуы керек. Бөлгіш биіктігінің жоғарғы жағы 120 см аспауы, төменгі жағы 55-60 см болуы қажет. Бокстар қора-жайдың сыйымдылығына қарай қора-жайды қуалай немесе кесе-көлденең жасалады.
Бокс қатарларының аралығында, әдетте қора-жайдың ортасына, жем-шөп платформасы немесе оттық орналастырылады. Бокс секцияларындағы 10-12 сиыр 1 автосуаттан су ішеді. Бокстардың артқы жағында беті тормен жабылған қи жолы бар. Қора-жайдың микроклиматының негізгі көрсеткіштері мына төмендегідей болу керек.
1.2.1. Ірі қара қораларының қолайлы микроклимат көрсеткіштері
Қора - жайлар
Темпе- ратура
°С
Салыстырмалы ылғалдылық, пайыз
Аммиак құрамы
мгм3
Микроб дене - лерінің шамамен
алғандағы саны
,
Жоғарғы деңгейі
Төменгі деңгейі
Сиыр қоралар
10
75
40
20
70 - ке дейін
байлап ұстағаңда
Сиыр қоралар
байламай қалың
13
85
40
40
40 - қа дейін
төсеніште ұстағанда Бұзаулау қора- жайы
15
75
40
15
20 - ға дейін
Төл қора-жайлары
12
75
40
20
50
1.3. Бұқа гигиенасы
Тұқымды жақсартуда бұқалардың мәні өте зор. Бұқаларға мынадай негізгі талаптар қойылады: тұрақты салмақ, денесі зауыттық күйде, яғни орташа қоңдылықта (шайлану және арықтау шәует сапасын, жыныстық белсенділігін кемітеді), денсаулығы жақсы және жоғары потенциалды болуға тиіс. Бұқаларды шаруашылыққа пайдалану тез жетілетін сүтті тұқым үшін 18-20 айлығында, кеш жетілетіңдер үшін 20-22 айлығында олардың тірідей массалары осы тұқымның сақа бұқаларының тірілей массаларының кемінде 70-80 пайызға жеткен кезде басталады. Етті тұқымның бұқаларын ерте, 15 айлығынан бастап пайдалана береді.
Бұқаларды пайдалану тәртібі олардың әрқайсысының жасы мен жеке ерекшеліктеріне қарай белгіленеді. Олардың шәуеттері азықтаңдырып, суарған соң 2 сағаттан кейін алынады. Сақа бұқалардан үш күнде бір рет араға 5-7 мин салып дуплетті артылдыру жолымен алу керек. Шәует алар алдында бұқаны аздал кездіріп, содан соң лас тұстарын жылы 18-30°С сумен сабындап жуады. 18 айға дейінгі жас бұқаларға он күнде екі-ақ рет артылдыруға, яғни сүргізуге болады.
Ұрық сапасының, яғни оның қозғалғыштығының, тірі қалуының және ұрықтандыру қабілетінің маңызы зор.
Шәует алған соң, оның мөлшері мен сапасы (қоюлығы, белсенділігі) анықталады. Эякуляттың орташа мөлшері 4-5 мл.
Бұқаларды өте тиімді пайдалану едәуір дәрежеде дұрыс азықтандырып, күтіп-бағуға байланысты келеді.
Бұқаларды азықтандыру гигиенасы. Малды құнарлы азықпен азықтандыру керек, бірақ тым мол азықтандыруға болмайды. Шағылыстыру кезеңінде бұқаларға белокты азық белгіленеді. Олардың рациондарының 40-50 пайыз қоректілігі жөнінен дәнді азықтан жем қоспасы, қыстыкүні 35-40 пайыз ірі және 20-30 пайыз шырынды азықтан тұруы керек. Бұқалар бөлек рационмен қыстыкүні 2-3 рет, ал жазда 3-4 рет азықтандырылады. Бұл кезде оларға 100 кг массасына шаққанда тәулігіне 1-1,5 кг пішен, 1-1,5 кг тамыржемістер, 0,8-1 кг сүрлем, 2,0-5 кг дәнді азықтар беріледі.
Бұқаларды бағу гигиенасы. Бұқа бағудың екі жүйесі қолданылады. Олар-байлап және байламай (әжіреде) бағу. Осы екі жүйенің әрқайсысының нақты жағдайға байланысты жаздыкүні жайылымды пайдаланумен немесе жыл бойы қолда бағумен үйлестіре отырып қолданылуы мүмкін.
Бұқа тұратын орынның мөлшері - ұзындығы 2,5 м дейін, ені
1,8-2м болады. Әжіренің мөлшері мынандай: ені 3-3,5, ұзындығы - 3-3,5 м, алаңы - 10,5-12 м2. Серуендетуге арналған тиісті алаңы - 20-40 м2.
Асыл тұқымды еркек бұзаулар алғашқы күннен бастап-ақ терісін күнде тазартуға, аяқтарын, үйегін, ұмасын күтуге үйретіледі. Бұл тәсілдер едәуір дәрежеде малды жуасытуға, шаруашылыққа пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Мал тұяғы дер кезінде тазартылмаса қатты өсіп, сыртқы түрі өзгеріске түседі. Сондай-ақ, малдың қозғалуы қиындайды, тайып құлайды. Тұяқтары осындай күйге түскен бұқалар артқы аяғын тірей алмайды да, шағылысқа түспейді. Олардың тұяқтары жиі сынады, сөйтіп терең жарылады тіпті теріге дейін жетеді, соның салдарынан тұяқ қабынып, мал ақсайды.
Серуендетілмей, үнемі қолда ұсталған бұқаның жыныстық белсенділігі төмендейді, шәуетінің сапасы нашарлайды, онанизм белгісі байқалады, асау тартады, тұяқтары тым өсіп, аяқтары зақымданады.
Серуендетудің еркін және еріксіз серуендету секілді екі түрі бар. Жылдың жылы кезінде бұқалардың ұдайы өсу функциясының қалыпты жетілуіне мүмкіндік беретін ең жақсы тәсілі оларды жайылымда еркін серуендетіп ұстау. Кейбір шаруашылықтарда бұқалар күн сайын 2-3 сағаттан жеңіл жұмысқа (жем-шөп тасу т.б.) пайдаланылады.
Бұқалар көбінесе, күштеп серуендетіледі: арнайы тура немесе айналма жолдарға айдап шығарылады.
1.4. Сиыр гигиенасы
Сиыр организмінің өзіне тән биологиялық және шаруашылықтық ерекшелігі - физиологиялық процестердің - буаздықтың және қарқынды сүт өнімінің, сүт беру мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процестер организмнің алмасу процестеріне, күрделі физиологиялық қызметтеріне үлкен күш түсіреді. Осы кезде сиыр үшін жем-шөпті те, микроклимат та, күтім де, бір сөзбен айтқанда жан-жақты қолайлы әсер ететін технологиялық шаралардың маңызы зор.
Сиырдан сүттің мол шығуына септігін тигізетін азықтандыру деңгейі мен қамтамасыз ету жағына баса назар аударған дұрыс. Рацион құрамына ірі азық, балғын азық, жем, минералды азықтар мен микроэлементтер енуі тиіс. Сондай-ақ, рационның салмаққа, сауылатын сүті мен жыл маусымына да қатысты болғаны жөн және олардың малдың белоктарға, минералды заттарға, витаминдерге деген физиологиялық қажеттерін өтеуі де керек. Ӛйткені, әр минут сайын сүтпен бірге 0,66 г жуық май, 0,80 г лактоза және 0,60 г белок бөлінеді.
Сондықтан, жоғалтқан энергия мен пластикалық материалдардың орнын толтыру үшін, сиыр күніне 30 кг дейін азық қабылдауы керек. Себебі, 1 л сүт пайда болу үшін сиыр желініне 300-500 л қан жүру керек.
Сапасы жақсы пішен, сүрлем, бұршақ тұқымдастардың көк балаусасы немесе астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастардың шөп қоспасы, сондай-ақ, тамыржемістер рационындағы протеин, витамин, минералды заттар мелшері мен қант-протеин қатынасын арттырады.
Сиыр рационындағы ірі азық пен шырынды азықты қоректілігі жағынан жас шөптен салынған пішендемемен алмастыруға болады, жемнің өте көп мөлшері сүттің майлылығын кемітетіндіктен оны қалыпты мөлшерде ғана берген жөн.
Рационда протеин жетіспесе, жем қоспасының құрамына аминді жем қоспасы немесе мочевина қосылады. Сонда, малдың протеинге деген 20-25 пайыз қажетін алмастыруға мүмкіндік бар.
Сауын малын азықтандыру кезінде минералды заттардан рацион құрамында кальцийдың, фосфордың, хлорлы натрийдің, калийдің, магнийдің, йодтың, кобальттың, мыстың, темір, марганец, мырыштың болуын қадағалау қажет.
Сауын малының рационына енетін жем-шөпке сүттің құрамы, оның дәмдік сапасы мен технологиялық қасиеті қатысты келеді. Сүттің құрамы мен қасиеті, малды сапасыз жем-шөппен, шіріген немесе көгерген пішен, сүрлем және пішендеме сүттің құрамын бұзады.
Рационда азықтық шалқан, қызылша, тамыржемістер пәлегі көп болса сүт ашқылтым тартып, жем-шөп татып тұрады.
Айқыш гүлді өсімдіктер сүтке қыша иісін беріп, оның дәмін бұзады.
Азықтандырудың сиыр суалтудағы маңызы да зор. Суалту - сиырда азықтандыруды және саууды өзгерту жөніндегі сүттің бөлінуін тоқтатуға бағытталған тәсілдер жиынтығы. Сиыр дер кезінде суалтылса желінсау ауруының алдын алуға болады, денсаулығы жақсарады, тіршілікке бейім төл алуға мүмкіндік туады, сондай-ақ өнімділігі артады.
Сиыр бұзаулауына 2 ай қалғанда суалтылуға тиіс. Сондықтан да, сүт беру кезеңінің 7 айынан соң, саууды тоқтату керек. Сондайақ, желінді сылауды да тоқтатып, рационнан мол шығаруға қатысты азықтарды (жем, шырынды азық) алып тастау керек. Сөйтіп, жұмсақ пішен беріледі. Бірте-бірте сиыр сауу саны да қысқартылады. 3-4 литрге дейін ғана сүт шығаратындар бірден суалтылады. Әдетте, сиырды 7-10 күннің ішінде суалтуға болады. Сиыр неғұрлым сүтті болса, суалту мерзімі де соғұрлым ұзаққа созылады.
Суалған кезеңде сиыр мүлде сауылмайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы - 45-60 күн. Сиырларды қолайлы суалту кезеңінің олардың өнімділігін арттырып, денсаулығы мықты төл алу ісіндегі мәні жөнінде ғылыми бақылаулар бар.
Суалған кезінде малды жақсы азықпен қамтамасыз етіп, дұрыстап күтіп-бағу қажет. Қолда ұстау кезінде суалған, желіндеуге жақын сиырлардың рационына 25-35 пайыз пішен мен шөп ұны, 25-30 пайыз сүрлем мен сапасы жақсы пішендеме, 25-35 пайыз жем және 8-10 пайыз тамыржемістер енгізу ұсынылады.
Буаз сиырларды жаздыкүні мүмкіндігінше оты жақсы өрісте ұзақ ұстауға тырысып, әр қайсысына тәулігіне 60-70 кг шөп есебінен қосымша азықтандыру керек.
Буаз сиырларды үсіген немесе сапасыз азықпен азықтандырып, тым суық сумен суаруға болмайды.
Суалған сиырлардың бұзаулауына 7-10 күн қалғанда олардың рациондарынан шырынды азықтар алынып тасталынады. Олардың пішенмен және іш жүргізгіш жемнен дайындалған быламықпен азықтандырылғаны дұрыс. Бұзаулауына 2-3 күн қалғанда рациондарынан жем мүлде алынып тасталынады.
Буаз сиырлардың денсаулығын нығайтып, өнімділігін көтеру үшін О.О.Тағаев (1991) оларды суалған кезеңдерінде қалың тесеніш төселген жартылай ашық (жаппа) жайларда ұстау керектігін ұсынады.
Сиырды күтіп-бағу гигиенасы. Азықтандыру, жем-шөп пайдалану анағұрлым қолайлы болатындай микроклимат жағдайларын жасаумен, серуендетумен және басқа да сиыр күтіп-бағу жағдайларымен үндесіп жатуы керек. Бұл тұрғыда жетекші орын микроклиматқа тиеді. Қора-жай кең, құрғақ, жылы, таза, жақсы желдетілетін, өкпек жел соқпайтын болу тиіс. Сиырдан сауылатын сүтке ауаның алмасу көлемі температура және салыстырмалы ылғалдылық едәуір әсер етеді. Ауаның температурасы +3 градустан төмендесе, сауылатын сүт 4-25 пайыз азаяды. Температура 25 градустан асса да сүт өнімділігі кемиді. Салыстырмалы ылғалдылық 85 пайыздан артса, сиыр өнімділігі 1-1,5 кг төмендейді.
Сиырларды байлап бағу қора-жай микроклиматына айырықша әсер етеді. Ол сиырға жылы болуымен бірге, ылғалдылықты азайтып, ауадағы аммиак құрамын кемітеді. Сиырларды серуендетусіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz