Ірі қара туралы түсінік


Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
II. 1. Ірі қараның туыстас түрлері, оларды шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі
II. 2. Ірі қараны күтіп - бағу және оны ұйымдастыру
II. 3. Физиологиялық кесте құру
II. 4. Ауа алмастыру жүйесін есептеу
а) Су буымен алмастыру жүйесін есептеу
б) Көмірқышқыл газының мөлшерін есептеу
II. 5. Жылу тепе - теңдігін есептеу
II. 6. «0» (нөлдік) балансты есептеу
II. 7. Қораның табиғи және жасанда жарықтандырылуын есптеу
II. 8. Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау.
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қораның жобасы
Кіріспе
Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасының маңызды орын алады. Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді.
Ірі қарадан ет, сүт, және одан жасалатын тағамдар (май, құрт, ірімшік, қышқыл сүт тағамдары) және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тыңайтқыш - көңмен қамтамасыз ете алады.
Ірі қара терісінен аяқ киім ұлтаны және жоғары сапалы былғары дайындалады. Ірі қара мүйізінен тарақ, түйме, әр түрлі әшекей жасалады. Қанынан қан ұнтағын, альбумин, қан шұжығын тағайындайды. Сүйегінен желім, сүйек ұнтағын, ал қылшық жүнінен щетка, қылқалам жасайды. Ірі қара ірі азықты (пішен, сабан, топан) тиімді пайдаланып, жұмсалған азықты сүтпен, қосымша салмақпен тиімді ақтай алады. Малдың бұл тұқымы жер таңдамайды, тез жерсінетіндігінен кез - келген жерде өсіріледі. Қазіргі таңда Республикамызда сапалы мал өнімінің өнімдерін даярлауда оған басты назар аударуда. Соған байланысты ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінуде. Құлдырау заманы өткеннен кейін 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығына шешімдер шықты. Асылдандыру жұмысына бетбұрыс жасауы жаңа технологиялар инабациялық технологияларды кіргізу және биотехнологияны ауыл шаруашылығына кіргізу. Жаңа лабораториялар ашуға жол ашылды. Мал шаруашылығының жоғары сатыға көтерілуі үшін жоғары білімді ізденіс жолындағы мамандар керек. Әр малдардың физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп (жасы, тұқымы, өнімі, жынысы, бағыты, т. б) тиісті жағдай туғызбаса, олардан тіпті тұқымдық көрсеткіштерінен де төмен өнім алып, малдардың табиғи төзімділігін, әсіресе жоғарғы өнімді малдар мен жас төлдердің, нашарлатып әртүрлі ауруларға ұшырап, өлім - жітімнің артуына апарып соғатындығын байқауымызға болады.
Халықты мал өнімімен қамтамасыз етуде ірі қара өнімі қазіргі кезде алдыңғы орынды алады. Демек, оқымыстылар мен мамардардың алдында тұрған мақсат - жас малды дұрыс өсіру және мал бордақылау, сүт өндіру технологиясын жақсарту, оны өндіріске енгізу, ірі қара тұқымын әлі де болса жақсарта түсу.
Ірі қараның туыстас түрлері, орларды шаруашылықта пайдалану мүмкіндігі
Шығу тегі мен шаруашылықтағы мәніне қарай, ірі қараның туыстас түрлеріне енеке, зебу, қодас, буйвол, бантенг, гаур және гаялды айтуға болады.
Зебу. Өзінің дене бітімі, шоқтығындағы өркеші, сүтінің сапасына байланысты зебу ірі қара туыстарының арасында ерекше орын алады.
Зебудің өркеші оның шоқтығының тұсындағы ромба және трапеция пішінді бұлшық еттердің ерекшк өсуіне байланысты пайда болған. өсу кезеңінде бұл бұлшыұ еттер майлы шандармен жақсы қапталады да, қайсібір кезде түгілімен майға айналып кетеді.
Еркек зебудің өркеші ұрғашылардың өркешіне қарағанда ерекше үлкен болады.
Зебудің басы ұзынша, ықшам, шотмаңдайлылау, салпаң құлақ, кеудесі кең, жоны түзу, сауыры қысқалау және түсіңкі келеді. Зебудің түсі әр түрлі - қара, қара сұр, сұр, қызыл немесе теңбіл болады. Зебу көбіне Индияда, Ауғанстанда, Туркияда, Иран, Қытай, Жапон, Африка елдерінде, Арабтарда, оңтүстік Америка жерлерінде көп тараған.
ТМД - да Азерюайжан мен Орта Азия республикаларында кездеседі. Соңғы жылдары зебудің кейбір биологиялық ерекше қасиеттерін пайдалану мақсатымен Украинада, Москва түбінде, Алтайда да өсіріп жүр. Соңғы жылдары зебудің таза қанды бұқалары мен гибридтері Қазақстанға да әкілінді. ТМД - да Азербайжан зебуі мен швиц және лебеда сиырлары будандарының қайсібірінен 3000 - 3500 кг дейін (майлылығы 4, 2 ٪ ) сүт шығады, салмағы 400 - 450 кг. Москва түбінде «Снегери» атты ғылыми тәжірибе шаруашылығында сүттілігі 4000 -4500 кг ( майлылығы 4, 4 ٪ ) болатын гибрид табаны шығарылды.
Зебудің биологиялық ерекшклігі - сүті майлы келеді. Мәселен майлылығы 56 процентке жетеді.
Сондай-ақ сиыр малында кездесетін көптеген жұқпалы аурулармен ауырмайды, кейбір зерттеулердің қорытындысына қарағанда ірі қара арасында кқп тарайтын аусыл, бруцеллез, туберкулез және қан ауруларымен зебу мүлде ауырмайды екен, ауырса да жеңіл ауыратыны көрінеді.
Зебудің осы қасиеттерін пайдалану үшін соңғы жылдары сиыр мен зебудің буданын шығару қолға алынып отыр. Мысалы үшін Африкада шығарылған етті бағыттағы санта- гертруда, брангус, бифмастер, брафорд, чарбрей сиырларында зебудің қаны бар. Куба жерінде өсіріліп, күніне 110 л шамасында сүт сауылатын ( майлылығы 3, 8 ٪ ) «Ақ желін» атты сиырда сондай.
Кодастар Алтай, Памир тауларында және Байкал маңында өседі. Олардың көп тараған жерлері Монғолия, Қытай иен Ауғанстан. Жабайы кодас Тибет тауларын да кездеседі. Терісіндегі қылшық жүн мен түбіт оны ызғырық суықтан қорғайды. Бауыр жүнінің ұзындығы 70 - 90 см. Осы бауыр жүні қалың әрі ұзын болғандықтан кодастар демалу үшін жер таңдамайды. Басы үлкен, мүйізі ұзын, әрі жұмыр, таза қанда кодастың шоқтығының биіктігі 110 см. Бұқасының салмағы 350 - 400 кг, ал ұрғашысы 300 кг тартады. Кодастың еті күрең қызыл, тарамыстау болып келетіндіктен, оны колбаса, консерві жасау өндірісінде пайдаланады. Сойыс шығымы орта есеппен 45 процент мөлшерінде. Терісі қалың болғанымен босаң, кқбенесе аяқкиімнің қлтаны жасалынады. Кодастың майлылығы 6 8, 5 процент аралығында 650 700 кг сүт сауылады. Суалар кезінде сүттің майлылығы 10 12 процентке жетеді кодастың сүтінде майдан басқа белок, сүт қанты және құрғақ заттар мөлшері де өте көп. Жалпы 180 - 220 күндей сауылады.
Кодас пен ірі қара будандаса алады. Алғашқы еркек будан тұқымсыз болады, ал ұрғашы будан бұзайлайды. Будандар кодастан ірі келеді. Сойыс шығымы 62 процент шамасында. Гибрид сиырлардың сүті 3000 - 3590 кг - ға жетеді.
Қырғыстандағы « Аламедин» атты асыл тұқымды мал совхозында кодас пен сиыр будандарынан сауын маусымында майлылығы 6, 4 процент 3100 кг сүт сауылыды.
Бантенг, гаур, гаял - айыр кеуделі, сом денелі, кеуде жағы биіктеу келген мал.
Бантенг. Үндіқытай жерлерінен, Кіші Азия аралдарынан оның жабайы түрін де, қолға үйренгендерін де кездестіругеде болады. Олар явалық, бирмалық және манипурлық деп үшке бөлінеді. Бір - бірінен тұлғасы мен түр - түсіне қарай ажыратуға болады.
Көбінесе ет малы немесе күш - көлік тұрғысынан пайдаланылады. Бантенг ірі қара мен будандаса алады.
Гаур - джунгли, қалың орман малы. Жабайы түрінің Индия тауларында болатындығы белгілі. Ірі мал ( шоқтығының биіктігі 150 - 160 см ) . Шаруашылық үшін пайдасы аз.
Гаял - Бирма жерінде ертеден ет малы, күш - кқлік ретінде, сондай - ақ майлылығы жоғары сүт сауу үшін өсіріледі. Ірі қарамен будандаса береді.
Енеке. Зоологиялық тұрғыдан Европалық және Азиялық болып екі топқа бөлінеді. Олар Үнді елінде, болгария, Румын жерлерінде өсіріледі. Азербайжанда, Кавказда қара теңіз жағалауында, закавказьеде өсіріліп жүр.
Енекенің әлемдегі жалпы саны 2 миллиондай болғанымен, ТМД елдерінде 500 мыңдайы ғана бар. Енекені сауады және күш кқлігі ретінде пайдаланылады. Қолда өсірілген енеке өте ірі жануар. Шоқтығынан биіктігі 120 - 135 см, сүйегі ңрң және түзу, кеуделі, салмағы 450 - 500 кг. Түсі әр түрлә қара, қарабурыл, қара сұр. Терісінің салмағы 26 - 32 кг. Жас енекенің сойыс шығымы 40 - 50 процент.
Енекеден сауым маусымында майлылығы 7 -8 ٪ 1500 - 2000 кг сүт сауылады.
Азербайжанның « Дашюаз» асыл тұқымды мал совхозында « Азербайжан енекесі» атты жаңа тұқымы шығарылған. Бұл совхозда енеке машинамен сауылады. Енекенің сауылу мацсымы 180 - 240 күнге созылады. Буаздығы 300 - 305 күн. Енеке төлшіл, қысыр қалуы өте сирек. Күтім талғамайды, әр түрлі ауруларға да төзімді.
Бизон ( зубрлар) . Америкалық ( бизон) және европалық (зубор) болып екіге бөлінеді.
ТМД - да европалық зубр мекендейді, Жабайы түрі Ресейдің батысында, Литва жерінде, Украйнада және Кавказда кездеседі.
Қазіргі кезде зубрлар қорықтарда ғана өсіріледі.
Зубр өте ірі, салмақты жануар. Басы үлкен, мойыны қысқа, жұмыр, сом денелі, кеудесе жүндес. Бұқалары 1000 кг, сиырлары 600 - 700 кг тартады.
ТМД - да қазіргі кезде 800 - ден астам зубр өсіріледі. Украйнада ( Аскания - Ново) зубр мен ірі қара буданы алынған. Зубрдың буаздық мерзімі260 - 280 күн. Сауылу маусымы 5 - 6 ай.
Зубрлар орман өсімдіктерімен қоректенуге бейімделген. Қарағай, қайың, үеңкі жапырақтарын жей береді. Олар суыққа, тіпті 30 градус С аязға да төзімді. Зубр тебіндеп жайылатын мал. Бұл қасиеті жағынан ол жылқыдан кем түспейді. Демалуға жер таңдамай, қарғада жата береді.
Ірі қараны күтіп - бағу және оны ұйымдастыру
Шаруашылықтардың құрлымы мен бағытына қарай ірі қараны бағып күту бір орында ұстап бағып - күту, байламай күту, байламай бокстарда ұстау болып бөлінеді. Бұл тісілдер қыстық және жаздық болып айырылады. Ірі қараны жазды күндері байлауда ұстап бағып - күту және жайылымда күту тәсілдері де қолданылады.
Жерінің барлығы дерлік жыртылып, жер қңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілетін шаруашылықтарда және кешендерде сиыр жыл бойы байлауда ұсталып, азықтандырылады.
Малды байлап ұстау. Бұл тәсіл сүтті бағыттағы шаруашылықтарда кеңінен пайдаланылады. Ірі қараны байлап ұстағанда әрбір сиырдың немесе құнажынның өз орны, азықтанатын астауы, автоматты суаты болады. Тұрған орнының үстінгі жағында әр малдың жеке нөмері, аты, өнім деңгейі және тәуліктік рационы көрсетілген тақтайша ілінеді.
Азықты тракторға ілінген механизммен тартады. Байлап ұстаудың артықшылығы малды сүтейте сауу үшін жекелеп азықтандыруға ыңғайлы. Малдың денесі, сауылған сүті таза болуы үшін олардың астына сабан, ағаш үгіндісі, торф төселеді.
Сиырды сауар алдында желінін жылы сумен жуып, таза орамалмен сүртеді. Сиырдың орнын күнделікті тазалап, 3 -4 сағат серуендетеді. Арнай жүру жолы белгіленіп, оның орта шегіне қойылған астау, а азық салынады. Соның арқасында мал серуендеуге тез дағдыланады.
Сиыр тұратын қора зоогигиеналық шарттарға, байлауда ұстауға, өндіріс процестерін жан - жақты механикаландыру ыңғайлы болуы тиіс. Осындай шаруашылықтарда немесе үлкен кешендерде сауыншылардың еңбегін 2 - 3 кезекпен ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Еңбекті екі кезекпен ұйымдастырғанда, ір кезекте тәулігіне 7 - 8 сағаттан келетіндіктен еібекті прогрессивтік тұрғыда ұйымдастыру болып саналады.
Әрбір фермада жұмысшылардың сиырды сауу, азықтандыру жилігіне және мал өнімін өндіру процесін механикаландыру деңгейіне, малды бағып - күту тәсіліне қарай жасылынған жұмыс кестесі болады. Мал өнімін қндіруді өндірістік жолға көшіру фермаларды техникамен толықтыруды және технологиялық процестерді қайта құруды талап етеді. Мысалы, еңбекті екі кезекпен ұйымдастыру жұмысшылардың еңбегін жеңілдетуге, техниканы дұрыс пайдаланумен бірге, еңбек қарқынын арттырып, уақтылы демалуына жағдай тудырады.
Малды байламай ұстау тәсіліне екіге бөлуге болады. Оның бірі - малдың барлығына төсеніш төсеп, байламай ұстау, екіншісі - мал демалатын бокстерді жасап, байламай ұстау.
Бірінші тәсіл, көбінесе етті бағыттағы мал шаруашылықтарында қолданылса, екіншісі - сүтті қндірістік жолмен қндіретін шаруашылықтарда
қолданып жүр. Малды байламай ұстау тәсілін қолдану үшін мына шарттарды орындау қажет: өнімнің деңгейіне сәйкес даралап азықтандыру қажет әр түрлі азықтың жеткілікті болуы, малды жете күтіп - бағу үшін, оларды жасына, физиологиялық жағдайына қнім деңгейәне сәйкес топтау, сиыр саууды дұрыс ұйымдастыру.
Оңтүстік Қазақстан облысы «Победа» колхозында 480 сиыр осындай байланбай, боксты қорада ұсталып, күтіп бағылады. Сауылып, сүт өндіреді. Бұл шаруашылық сиырды дұрыс күтіп, азықтандыру ісіне еңбекті прогрессивті ұйымдастырудың нәтижесінде әр сиырдан орта есееппен 3850 кг сүт саууда.
Алматы облысының Қазақстанның 40 жылдығы атындағы колхозында сиырды әрбәр сауыншы бойынша топтастырып ұстайды. Ал азық тракторға тіркелген таратқышпен таратылады. Малды байламай ұстаған да олар серуендеу алаңындағы азыққа (пішен, балауса) өз бетімен келеді. Бірақ оларға жем мен тамыртүйнектілер нормамен ғана салынады. Әр малдың азықтану алаңы кем дегенде 0, 5 м болуы керек.
Байлаусыз ұсталатын кешендерде сиырлар жылына 1 - 2 мәрте ауыстырылатын, қалың төсеніште жатады да, төсеніштің үстіне күнделікті жаңадан сабан төселеді. Ал балаусыз бокстер кешендерінде мал арнайы бокстерде тыныстайды. Бокстың ені - 1, 1 - 1, 2 м, ұзындығы - 2 - 2, 2 м. Боксті кешендердің едені қи жолынан 20 см биік орналасады да малдың денесі таза болады.
Балаусыз ұстайтын қораның аумағы әрбір малға 4 - 5 м2 келеді. Ал макл қораның ішінде азықтанса әр сиырға 5 - 7 м², әрбір жас малға 2, 5 м², ал әрбір сақа малға 3 м² есептелінеді. Мал серуендеп, азықтанатын алаң ір сиырға 16 м², жас малға 10 м² есебінен жасалынады. Төсеніш әрбір мал тәулігіне 3 - 4 кг есебінен дайындалады. Жазғы уақытта етті бағыттағы малды жайылымда ұстайды. Байламай ұстау сиырдың желінін, тұяғын, мүйізін уақтылы
қарап отыруды және сиырлардың желініндегі жасырын желінсауды дер кезінде байқап емдеуді талап етеді.
Сиырларды арнайы сауын орнында бір уақытта сауады. Жаңа бұзаулаған және алғаш бұзаулаған тұмса сиырларды үш мәрте сүтейте сауады.
Етті бағыттағы мал фермаларында сиырларды елу-елуден топтап, бұзауымен бірге ұстайды. Қыстағы күтім және азықтандыру товарлы сүт фермасындағы сиырларды азықтандырып күткендегідей.
Сиыр ұстайтын қора мезгіл-мезгіл тазаланып, дезинфекцияланып тұрады.
Сиыр бір-бірін сүзіп, жараламауы үшін жәнетабын жаңартуға алып қалған құнажындар мүйізінің ұшын кесіп тастайды.
Малды жыл бойы байлауда және байлап, лагерьде ұстау тәсілдері. Жазғы уақытта шаруашылық орналасқан аймақтың табиғи-экономикалық жағлайына қарай азықтандыру бағып-күтудің әр түрлі тәсілі қолданылады. Жерді иртенсивті пайдаланатын шаруашылықтарда жыл бойы сиырды байлауда ұстап бағып-күтеді.
Малды тоалық құнды рационмен азықтандыру және балаусамен қамтамассыз ету үшін егіс айналымында жасыл конвейер ескеріліп, оған бір жылдық және көп жылдық сиыржоңышқа мен сұлы қоспасы, дәнді дақыл мен бұршақ тектілер аралас егіледі.
Шауып алынған балауса оттыққа салып беріледі. Рационға жем қосуды да естен шығармау керек. Қала маңындағы шаруашылықтарда тамақ өнеркәсібінің қалдығы, сыра жаншымасы, спирт заводының қалдығы пайдаланылады.
Жыл бойы байлауда ұстағанда малдың өз ішінде өсу мүмкіншілігіне көп көңіл бөлү қажет. Себебі малды аз серуендетуоның жыныстық белгілерінің бәсеңсуіне әкеп соғады. Малшы абай болмаса, сиырдың қысыр қалуы мүмкін.
Табиғи немесе жасанды жайылымға бай шаруашылықтарда сиырды жайып бағу-байлап ұстау тәсілі қолданылады. Жайылымда ұстағанда балауса мен және жеммен қосымша азықтандырады.
Малдың жазғы лагерін жайылымға жақын, қыртау жерге ыңғайлау керек. Малға қалқа, ықтырма жасалынып, сауын орны даярланады. Сиырлар жылжымалы сауын қондырғысымен сауылады.
Физиологиялық кесте
Өнім бермейтін мал үшін
Q = в + а ( d - c), мұндағы
в - берілген салмаққа жуық мөлшердегі төменгі салмақпен алғандағы кестедегі көрсеткіші ;
а - әр килограмм салмаққа түзету коэффициенті
d - малдың берілген салмағы
с - кестедегі жуық салмақ
Бұқа
Qж = 914 + 0, 86 ( 625 - 600) = 935, 5
QСО2 = 136 + 0, 13 ( 625 - 600) = 139, 25
QН2О = 430 + 0, 43 ( 625 - 600) = 440, 75
Буаз сиыр
Qж = 739+ 0, 93 ( 426 - 400) = 763, 18
QСО2 = 110 + 0, 14 ( 426 - 400) = 173, 64
Qж = 350 + 0, 52 ( 426 - 400) = 363, 52
Сауын сиырлардың сүт мөлшеріне байланысты
Q = в + а (d - с) + а1 ( m - m1)
в - берілген салмаққа жуық мөлшердегі төменгі салмақпен алғандағы кестедегі көрсеткіші ;
а - әр килограмм салмаққа түзету коэффициенті
d - малдың берілген салмағы
с - кестедегі жуық салмақ
а1 - әр килограмм салмаққа түзету коэффициентінің 10 проценті
m - сауын сиырдың тәулік сүті
m1 - кесте бойынша сүт мөлшері
Qж = 841+ 2, 16 ( 415 - 400) + 21, 6 (12 - 10) = 916, 6
QСО2 = 126 + 0, 34 ( 415 - 400) + 3, 4 (12-10) = 137, 9
Qж = 404 + 1, 21 ( 415 - 400) + 12, 1(12-10) = 446, 35
II. 4. Ауа алмастыру жүйесін есептеу.
1. Су буымен есептеу
Қораға кіргізетін таза ауаның мөлшерін, сондай-ақ шығаратын ескі ауаның мөлшерін осы формуламен есептеп шығара аламыз:
L = В + 10% /e - е1; мұндағы:
В - қорадағы малдың әр сағатта бөлінетін су буы ( демі) .
10% - сиыр қораларындағы бөлшектердің бетінен буланатын су буы;
е - ауаның абсолютті ылғалдылығы. Қорадағы қалыпты температура мен салыстырмалы ылғалдылық кезіндегі салыстырмалы ылғалдылықты кестеден қараймыз ( кітап бойынша, 210 - бет, 42 - кесте) .
е1 - сыртқы ауаның абсолюттік ылғалдылығының әр ауданға арналған ауыспалы мерзімдегі көрсеткіші (кестеден) ;
32217, 74 - 100%
Х - 10%
Х = 3221, 774.
L = 32217, 74 + 3221, 774 / 6, 416 - 2, 5 = 35439, 5 / 3, 916 = 9049, 92
S ш. құбыр = L / V x 3600; мұндағы
V = құбыр ішіндегі ауа қозғалысының ылдамдығы;
V = ∆T = Т ішкі - Т сырт = 8º С - (- 7, 3º C) = 15, 3 → 1, 004 ( ауа шығ. құб h = 3 м) ;
S ш. құбыр = 9049, 92 / 1, 004 х 3600 = 9049, 92 / 3614, 4 = 2. 5 м²
N ш. құбыр = S ш. құбыр / 1S . ш. құбыр.
N ш. құбыр = 2, 5 / 0, 7 х 0, 7 = 2, 5 / 0, 49 = 5 дана.
S кір. Құбыр = 2, 5 - 100 %
Х - 70 %
Х = 1, 75 м²
S кір. Құбыр = 1, 75 м²
N к. құбыр = S к. құбыр / 1S . к. Құбыр
N к. құбыр = 1, 75 / 0, 2Х 0, 2 = 1, 75 / 0, 04 = 44 дана
А ( саны ) = L / K = 9049, 92 / 58, 2х9, 8х2, 7 = 6 рет
2. Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу.
Желдету жүйесін ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясымен есептегенде ең бірінші қорадағы орналасқан малдардың 1 сағатта бөлініп шығаратын көмірқышқыл газының шамасын анықтап, 1 сағатта алмастыратын ауа мөлшерін мына формуламен есептейді;
L = K / c - c 1; мұндағы
К - барлық малдардың демімен бөлініп шығатын көмірқышқыл газының 1 сағаттағы мөлшері, л /сағ;
с - көмірқышқыл газының мал қорасындағы рұқсат етілетін шекті мөлшері, л/м. куб ;
с1 - атмосфералық ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері, л/м. Куб;
L = 10015, 78 / 2, 5 - 0, 3 = 10015, 78 / 2, 2 = 4552, 62
S ш. құбыр = L / V x 3600; мұндағы
S ш. құбыр = 4552, 62 / 1, 004 х 3600 = 4552, 62 / 9638, 4 = 0, 47 м²
N ш. құбыр = S ш. құбыр / 1S . ш. құбыр.
N ш. құбыр = 0, 47 / 0, 7 х 0, 7 = 0, 47/ 0, 49 = 1 дана.
S кір. Құбыр = 0, 47 - 100 %
Х - 70 %
Х = 0, 33 м²
S кір. Құбыр = 0, 33 м²
N к. құбыр = S к. құбыр / 1S . к. Құбыр
N к. құбыр = 0, 33/ 0, 2Х 0, 2 = 0, 33 / 0, 04 = 8 дана
А ( саны ) = L / K = 4552, 65 / 58, 2х9, 8х2, 7 = 4552, 62 / 1539, 97= 3 рет
II. 5. Жылу тепе - теңдігін есептеу
Мал қорасының температурасы мен ылғалдылығының қалыпты режимін жыл мезгілінің әр уақытында да өте маңызды рөл атқаратын ондағы жылу тепе - теңдігін анықтау болып есептеледі;
Қалыңдығы
(м)
В = Q кіріс - ∆Тº( L х 0, 3 + KS) + СБ, мұндағы;
Q кіріс - малдардан қораға бөлінетін жылк мөлшері; ккал/ сағ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz