Заманауи техникалық және кәсіби білім берудің өзекті мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Заманауи техникалық және кәсіби білім берудің өзекті мәселелері.
21 ғасыр - білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет, - деп атап көрсетті. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе: білім беру, ғылымды дамыту. [1]
Ешнәрседен хабары жоқ мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің білім алып, тәрбие бағыты қаланып, таудай азамат болуы тұңғыш білім нәрін игеретін мектеп табалдырығынан басталады. Ғылыми жобамды жаза отырып, мектеп қабырғасындағы балғын балалық шағым есіме түсті. Мектеп қабырғасында білім алып жүргенімде Болашақта кім боласың? деген сауал көп қойылатын. Шіркін, бала арманында шек бар ма десеңізші? Қиялға батқан күйде, қамнен қаперсіз, өзімді ерекше маман иесі ретінде елестетіп, мәз болатынмын. Сондағы мамандықты таңдаған түрім мынау: балерина, ғарышкер, актриса, теңіз саяхатшысы тағысын тағы. Маған бәрі оңай көрінетін. Сөйтсем, мен елемеген маңызды мәселелер көп екен. Есейе келе, кәсіби мамандық таңдаудың өзі бір төбе, оның бағытымен жүру, қыр-сырын түсіну бір төбе екендігін ұқтым. Ал, қазіргі таңда жас буыннан болашақта кім боларын сұрасаңыз, мұғалім, дәрігер, қоғам қызметкері секілді қоғамға пайда келтіретін, тіпті заманауи мамандық иелерін атайды. Біз бұндай мамандық иелерін жоғары сыныптан өткеннен кейін ғана таңдайтынбыз. Меніңше, бұл қазіргі мектеп қабырғасындағы білім беру жүйесін дамытудағы бағыттарының бәрі жеке тұлғаға бағдарланып, білім жеке тұлғаның өзінің өсіп келе жатқан рухани, әлеуметтік мәдени, білімдік сұраныстарын қанағаттандырып, заманауи техникалық және кәсіби білім берудің оң нәтижесінде. Осылайша қазіргі дамыған, заман талабына сай, кәсіби білім беруге бағытталған білім беру жүйесі мен бұрынғы біз оқыған дәстүрлі оқудың арасы жер менен көктей екендігіне тағы бір рет көз жеткіздім.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда.Бұл білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай ғылыми-зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер қарастырылуда. Бұл ерекшеліктердің негізгі бағыттары қандай болу керек дегенге келсек: жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың оңтайлы кезеңі, білім берудің жаңа мазмұны мен технологиясына көшу, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасайтын білім дайындығының базалық компонентін анықтау; орта мектептің қалыптасқан жағдайға тезірек бейімделу үшін оның құрылымын өзгерту, жалпы орта білім алудың қорытынды кезеңінде бейімдік даярлыққа жол ашу; мектептің өзгермелі жағдайларына сай және дер кезінде бейімделуіне мүмкіндік туғызуы; өз бетінше даму механизмін қалыптастыру, тағы басқасы болып табылады. Болашақ барлық маман өз бастауын мектептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мыңдаған жеткіншектерді өз икеміне қарай дұрыс кәсіпке бағыттаса, болашақта сапалы маман мен әр кәсіби саланы қамтамасыз етуге мүмкіндіктер туындайды. Ал кәсіби бағдарлауға мән бермесе, кәсіби маман иесіне қалыптасуы тиіс сапаларды оқуға түсіп қойғаннан кейін қалыптастыру мүмкіндігі аз болады. Қазіргі мектеп қабырғасындағы білім беру жүйесіне сай оқу тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелерін шешуді осы мектептен бастау өте орынды. Себебі, қазіргі оқушылар келешекте ел тізгінін ұстайтын болашақтың барыстары. Қоғамда болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер орта мектеп жағдайында білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағыттағы қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытып, осы бағыттағы оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістерін, нысандарын іздестіруді талап етеді. Бүгінгі күні алдымызда түрған ауқымды міндеттердің бірі - сапалы білім беру арқылы үздіксіз білім берудің ұлттық моделін жасап, жаңаша ойлайтын жас буынды қалыптастыру. Осы орайда Әбу Насыр әл Фарабидің: Білім мен тәрбие жас ұрпақтың кос канаты, - деген өнегелі сөз ойымызға оралады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаңа қоғам сұранысына сай келетін жаңа 12 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларға қосымша білім берудің даму тетіктері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Мейіргер қызметкерлерімен өзара әрекеттесетін халықаралық ұйымдар
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы
Білім беру процесін басқару сапасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Пәндер